Қазақстанда іс жүргізу және құжаттану: тарихы мен зерттеу әдістері (ХІХ ғ. - ХХІ ғ. басы)


Пән: Іс жүргізу
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 50 бет
Таңдаулыға:   

ӘОЖ 930. 2 (574) Қолжазба құқында

ЫСҚАҚ АҚМАРАЛ СЫДЫҒАЛЫҚЫЗЫ

Қазақстанда іс жүргізу және құжаттану:

тарихы мен зерттеу әдістері (ХІХ ғ. - ХХІ ғ. басы)

07. 00. 02 - Отан тарихы (Қазақстан Республикасы тарихы),

07. 00. 09 - тарихнама, деректану және тарихи зерттеу әдістері

Тарих ғылымдарының докторы ғылыми дәрежесін

алу үшін дайындалған диссертацияның

авторефераты

Қазақстан Республикасы

Алматы, 2010

Жұмыс әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті тарих факультетінің деректану және тарихнама кафедрасында орындалды.

Ғылыми кеңесші: тарих ғылымдарының докторы,

профессор Т. Ә. Төлебаев

Ресми оппоненттер: тарих ғылымдарының докторы,

профессор К. Л. Есмағамбетов

тарих ғылымдарының докторы

профессор Ә. Н. Құдайбергенов

тарих ғылымдарының докторы

Г. Е. Өтепова

Жетекші ұйым: Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты

Диссертация 2010 жылы 23 желтоқсанда сағат 14. 00-де Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің (050092, Алматы қаласы, Жамбыл к-сі, 25) тарих ғылымдарының докторы ғылыми дәрежесін беру жөніндегі

Д 14. 15. 09 Диссертациялық кеңестің мәжілісінде қорғалады.

Диссертациямен Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің ғылыми кітапханасында танысуға болады.

Автореферат 2010 жылы 22 қарашада таратылды.

Диссертациялық кеңестің

ғалым хатшысы, тарих

ғылымдарының докторы, профессор Г. С. Сұлтанғалиева

КІРІСПЕ

Жұмыстың жалпы сипатамасы. Қазақстандағы іс жүргізу мен құжаттанудың ХІХ ғ. - ХХІ ғ. басындағы қалыптасуы мен дамуы және зерттеу әдістері арнайы зерттеу нысаны бола отырып, бүгінгі таңдағы жаңа ғылыми талаптар негізінде оларды дамытуға және жетілдіруге мүмкіндік беретін алғашқы кешенді ғылыми жұмыс болып табылады.

Диссертация жұмысының өзектілігі. Қазақстандағы ХІХ ғ. - ХХІ ғ. басындағы іс жүргізу мен құжаттану мемлекеттік аппараттың даму кезеңдеріне сәйкес келіп отырды. Мұның өзі іс жүргізу мен құжаттанудың қалыптасуы мен дамуының мемлекеттік мекемелер тарихымен тығыз байланысын көрсетеді. Осы тұрғыда мемлекеттік басқару жүйесінің қалыптасуы барысында тарихи дәстүрлердің орны мен рөлін айқындауды, іс жүргізу мен құжаттану тәжірибесінің мемлекеттік басқару жүйесіне ықпал етуін зерттеуді өзекті деп санаймыз.

Басқару жүйесінің әр түрлі сатысындағы қарым-қатынастар және басқару шешімдерінің нәтижелері іс жүргізу құжаттарында көрініс табады. Сол себепті тек іс жүргізу мен құжаттану тарихын зерттеу ғана биліктің технологиясын жан-жақты ашып көрсетіп бере алады. Бұл тұрғыда империялық басқару мен кеңестік басқару жүйелерінің, соңғының қазіргі басқару жүйесімен тарихи сабақтастығын зерттеу де өзекті. Іс жүргізу мен құжаттанудың әр тарихи кезеңдегі дамуын кеңінен зерттеу жергілікті билік пен басқару органдарының тарихын зерттеуге де үлкен мүмкіндік тудырады.

Қазіргі қоғамның нарықтық қатынастарға толық көшуі және ақпараттандыруға бет алуы, құжаттардың басым бөлігіне жеке меншіктің орнауы, Кеңес Одағы тұсында құжаттарға мемлекет ықпалының бүгінде толығымен тоқтатылуы іс жүргізу мен құжаттанудың дамуын зерттеуге деген қоғамдық қажеттілікті арттыра түсті. Бұл қажеттілік ең алдымен жаңа ұйымдық нысандарда құжаттық жүйелер мен ақпаратты өңдеудің дәстүрлі және жаңа әдістерін басқару арасындағы сабақтастық пен өзара әрекеттесудің сақталып отырғанына байланысты. Сол себепті іс жүргізу мен құжаттануды жетілдіру олардың зерттеу әдістерін айқындау арқылы ғылыми негіздеуді қажет етеді.

Қандай да жұмысты тиімді басқару үшін оның орындалуын бақылаудың ұтымды әдістері жасалады. Олар жаңа білім алуға немесе объективтілік туралы ілімді ары қарай нақтылауға, сонымен бірге басқару тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді. Бұл әдістер жұмыстың маңыздылығын, оның өзге жұмыс түрлеріне ықпалын, қорытынды нәтижесін және аралық нәтижелерді саралау, жұмыс ұзақтығын белгілеу үшін қажет.

Іс жүргізу мен құжаттануды тарихи ретроспективада талдау олардың дамуы барысында әр түрлі әдістердің қолданылғанын әрі олардың үнемі жетілдіріліп, түрленіп отырғанын көрсетеді. Империя тұсында іс жүргізуде статистикалық құжаттарды жетілдіру әдісіне көп көңіл бөлінсе, кеңестік дәуірде статистикалық құжаттар жүйесі жетілдірілді. ХХ ғ. 60-70-ші жж. статистикалық мәліметтер кең қолданылған тарихи зерттеулер санының артуы олардың зерттеу әдістерін де жетілдіре түсті. Іс жүргізу мен құжаттануда

қолданылып келген зерттеу әдістерінің арнайы қарастырылмауы да тақырып өзектілігін айқындай түседі. Таңдап алынған тақырыпты теориялық тұрғыда зерттеу оның бірнеше ғылыми пәндерге ортақ мәселе екенін айқындап берді. Бүгінде басқарудың негізгі механизмдерін қамтамасыз ететін іс жүргізу таза техникалық деңгейден ақпараттық менеджмент деңгейіне дейін көтерілді. Зерттеудің тәжірибелік маңызы іс жүргізуде құжаттармен жұмыс тиімділігін арттыру, басқару мәдениетін жұмыс сапасы мен тиімділігіне кепілдік беретін деңгейге көтеру қажеттігімен тікелей байланысты. Қазіргі кезеңде құжаттармен жұмыстың дәстүрлі әдістерін ақпараттық технологияларға бейімдеу де құжаттарды зерттеудің тиімді әдістері көмегімен іске асады.

Сонымен қатар Қазақстанда іс жүргізу мен құжаттану тарихын, зерттеу әдістерін арнайы зерттеудің маңызын төмендегі мәселелер де айқындай түседі. Біріншіден, қалыптасқан бірнеше ғасырлық дәстүрі бар іс жүргізудің және құжаттанудың отандық тарих ғылымындағы орны мен рөлін олардың өзіндік даму заңдылықтары арқылы айқындау қажет. Екіншіден, Қазақстанда іс жүргізу мен құжаттанудың әлемдік ақпараттық кеңістік талабы бойынша ілгері дамуына негіз болатын зерттеулерді жүргізу өзекті әрі қажет. Бұл қажеттілік іс жүзінде бірқатар, әсіресе қазіргі ақпараттық қоғамға аяқ басқан шақта электрондық құжат пен оның құжат айналымы және электрондық мұрағат мәселелерінің шешімін табуына ықпал етіп, жаңа ғылыми ізденістерге жол ашады. Үшіншіден, еліміз тәуелсіздік алғанға дейін басқару шешімдерін қабылдау және іске асыруды қамтамасыз ететін ұйымдық-өкімдік құжаттарға ғана басымдық берілді. Нарықтық қатынастардың орнауымен пайда болған жаңа - банк, кедендік, тіпті кәсіпкерлік қызметтегі құжаттар жүйелерін жасау және оларды пайдалану мәселелерін зерттеу де өзекті. Төртіншіден, егеменді ел болып, етегімізді жиып, жаһандану үдерісіне тартылдық. 2005 жылдан бері Қазақстан Республикасының «электронды үкіметін» қалыптастыру және дамыту бағдарламасы табысты іске асып келеді. Мұндай жобаны іске асырумен Ресей, Беларусь, Украинада іс жүргізу мен құжаттану мәселелерін зерттейтін арнайы құрылған ғылыми орталықтар айналысады. Қазақстандағы Құжаттану және мұрағат ісі бойынша ғылыми-техникалық ақпарат орталығы ғылыми зерттеулермен айналыспайды. Бұл орталықтың әлеуетін арттыру үшін ғылыми кадрларды тарту қажет. Бесіншіден, әлемдік тәжірибеде іс жүргізу мен құжаттану саласында арнайы маманданған білікті құжаттанушы, мұрағаттанушылар еңбек етеді. Елімізде уақыт талабына сай мамандарды даярлаудың жаңа моделін әзірлеу және оны қазіргі кредиттік білім беру жүйесіне бейімдеу жауапты міндеті тұр. Мамандарды даярлаудың жаңа моделі халықаралық ынтымақтасу шеңберінде тәжірибе алмасуды да қамтуы тиіс. Мұның өзі тақырыптың географиялық ауқымы кеңдігін және халықаралық маңызға ие екенін көрсетеді.

Егемен елімізде іс жүргізу мен құжаттанудың зерттелмеуі, соның салдарынан теориялық негіздерінің толық қалыптаспауы, тәжірибесінің қорытындаланбауы, ғылыми-методологиялық тұжырымдарының жасалмауы осы тақырыпты таңдауға алып келді.

Тақырыптың зерттелу деңгейі. Қазақстанда іс жүргізу мен құжаттану-

нудың тарихы және зерттеу әдістері тақырыбын жүйелі зерттеу отандық тарих ғылымында тұңғыш рет қолға алынып отыр. Отандық тарихта іс жүргізу мен құжаттану бүкіл қоғамдық қызмет түрлерімен тығыз байланысты. Бұл олардың бір нәрсені куәландыруды, растауды, дәлелдеуді қажет ететіндігімен және тұтастай алғанда мемлекеттік басқарудың ажырамас бөлігі екендігімен түсінікті. Тақырыптың зерттелу деңгейін ашып көрсету үшін пайдаланылған әдебиеттер отандық, ресейлік, шетелдік топтарға бөліп қарастырылды.

Осыған орай тақырыптың жүйелі зерттелуі барысында алдымен орыс зерттеушілерінің еңбектеріне талдау жасалды. Ресейде іс жүргізу мен құжаттану бойынша қалыптасқан тарихи дәстүрдің бары анық. Бұл дәстүр орыс отаршылдығы мен қызыл режим тұсында Қазақстанға да ортақ болғаны белгілі. Бірақ Ресей орталық, еліміз шет аймақтағы «бодан елі» болғандықтан бұл мәселелер жаңа көзқарас тұрғысынан зерттелуі қажет. Ол еліміздің тәуелсіздігін баянды ету жолында еңселі қимылдар жасап, осы күнге дейін елімізде іс жүргізу қалай дамыды, қол жеткізген жетістіктеріміздің бағасы қандай және құжаттарды зерттеу әдістерін қолдануды қалай тиімді ету мәселелерін кешенді зерттеумен байланысты.

Отандық тарихнамада патшалық Ресейдің Қазақстандағы мемлекеттік басқару мекемелерінің тарихына арналған С. М. Мәшімбаевтің [1] еңбегі империялық мекемелердің қазақ жерін отарлау саясатын жүзеге асыруда іс жүргізудің маңызды құралға айналғанын анықтауға мүмкіндік берді. Қ. М. Атабаевтың [2], Г. А. Сексенбаеваның [3], Г. Е. Өтепованың [4] диссертацияларында құжаттардың тарихи дерек ретінде зерттелуі іс жүргізу мен құжаттанудың мұрағаттанумен, деректанумен тығыз байланыстарын ашып көрсетуде үлкен септігін тигізді.

Іс жүргізу тарихы мен ұйымдастырылуының тікелей мемлекеттік мекемелер тарихымен тығыз байланысы бары және өткенге жаңа көзқарас тұрғысынан баға беруге болатыны Н. П. Ерошкиннің [5], Т. П. Коржихинаның [6] еңбектерін сыни талдау барысында анықталды. К. Г. Митяевтің [7] еңбегі іс жүргізудің әр тарихи кезеңдегі рөлін, құжаттармен жұмыс жасаудың жаңа тәртібінің ерекшеліктерін дұрыс түсінуге ықпал етті.

Тақырыптың арнайы зерттелу деңгейі диссертация жұмысының бірінші тарауында беріледі.

Зерттеу объектісі ХІХ ғ. - ХХІ ғ. басындағы Қазақстандағы іс жүргізу және құжаттану болып табылады.

Зерттеу пәніне іс жүргізу және құжаттанудың тарихы мен зерттеу әдістері алынды.

Зерттеу жұмысының мақсаты мен міндеттері. Диссертация жұмысының мақсаты - ХІХ ғ. - ХХІ ғ. басындағы Қазақстандағы іс жүргізу мен құжаттанудың дамуын кешенді түрде саралап, тарихын жүйелеп, зерттеу әдістерін көрсету.

Зерттеу барысында шешілетін міндеттер:

- іс жүргізу мен құжаттанудың теориялық-методологиялық мәселелерін жүйелік тұрғыдан жан-жақты зерделей отырып, негіздерін қалыптастыру;

- іс жүргізу мен құжаттану бойынша әдебиеттер мен деректерді жаңа көз-

қарас тұрғысынан талдау, сондай-ақ жаңа деректерді ғылыми айналымға ендіру;

- Қазақстанда іс жүргізудің әр тарихи кезеңде дамуын жүйелі зерттеу және оның даму ерекшеліктеріне баға беру;

- Қазақстан Республикасында іс жүргізудің нормативтік құқықтық және әдістемелік негізін талдау және оны жетілдіру жөнінде нақты ұсыныстар беру;

- мемлекеттік тілде іс жүргізуді ұйымдастыру шараларын саралап талдау және оны ұтымды жетілдіру жөнінде ұсыныстар беру;

- құжаттанудың ғылым ретінде қалыптасуы мен дамуын зерттеу және оның жаңа ғылыми бағыттарын айқындау;

- құжаттаманы басқаруды автоматтандырудың отандық және шетелдік тәжірибесін салыстырмалы талдау;

- Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарында ендірілген бірыңғай электрондық құжат айналымын зерттеу және баға беру;

- іс жүргізу мен құжаттанудың зерттеу әдістеpін кешенді түрде қарастыру және оларды тиімді пайдалану бағыттарын ашып көрсету;

- мемлекеттік басқару мен іс жүргізу мүдделерінің өзара бағыныштылығына, оның ішінде құжаттама жүйесінің эволюциясымен өзара байланыстылығына қатысты түпкілікті қағидаларды түйіндеу.

Зерттеу жұмысының деректік негізі. Диссертация жұмысы басым бөлігі ғылыми айналымға жаңадан тартылған түпнұсқалық мәні бар құнды деректерге, сондай-ақ зерттеушілерге бұрын белгілі мұрағат құжаттарына негізделе отырып, жаңа көзқарас тұрғысынан жазылды. Іс жүргізу мен құжаттану деректерінің түрі сан алуан. Пайдаланған деректерді сипаты мен маңызы бойынша мына топтарға бөлуге болады.

Деректердің алғашқы тобын мұрағат деректері құрайды. Олар тарихи мұрағат қорлары мен ағымдық мекемелер қорларындағы құжаттарды қамтиды. Өз ішінде бұл дерек түрлері бірнеше топқа жіктеледі. Іс жүргізу тарихы бойынша ақпараттық деңгейі аса жоғары деректерге нормативтік-құқықтық актілер - заңдар, қаулылар, бағдарламалар, ережелер, бұйрықтар жатады. Бұл деректердің түрлері іс жүргізудің даму ерекшеліктеріне түрлі мұрағат қорларында сақтаулы. Орыс отаршылдығы кезеңдегі іс жүргізу тарихына қатысты осы сипаттағы деректердің басым бөлігі Қазақстан Республикасы Орталық мемлекеттік мұрағатының № 4 - «Ішкі істер министрлігінің Орынбор қырғыздарының облыстық басқармасы - Областное правление Оренбургскими киргизами МВД (1799-1859) », № 44 - «Әскери министрліктің Жетісу облыстық басқармасы - Семиреченское областное правление Военного Министерства» қорларында шоғырланған.

Кеңестік дәуірдегі іс жүргізу тарихының деректері Қазақстан Республикасы Орталық мемлекеттік мұрағатының № 5 - «Қазақ Орталық Атқару Комитеті», № 544 - «ҚазКСР Министрлер Кеңесі жанындағы Мұрағат басқармасы - Архивное управление при Совете Министров КССР», № 744 - «ҚОАК жанындағы қырғыз тілін ендіру жөніндегі Орталық комиссиясы - Центральная комиссия по введению киргизского языка при КЦИК», № 1392 - «ҚазКСР білім министрлігі» және Қазақстан Республикасы Президентінің мұрағатындағы № 719 - «Жұмысшы шаруа инспекциясы және Қазақ Өлкелік бақылау комиссиясы» қорларында кездеседі.

Іс жүргізудің ХІХ-ХХ ғғ. тарихына қатысты құнды деректер «Мәдени мұра» жобасы аясында шетел мұрағаттарынан, олардың ішінде Ресей мемлекеттік әскери тарихы мұрағатынан, Ресей мемлекеттік тарих мұрағатынан, Ресей мемлекеттік көне актілер мұрағатынан алынған құжаттарды қамтиды.

Тәуелсіз Қазақтанның іс жүргізу мен құжаттану деректерін Қазақстан Республикасы Ұлттық мұрағатының № 41 - «Мұрағаттар және құжаттаманы басқару жөніндегі комитеті», № 48 - «Мұрағаттар және құжаттаманы басқару жөніндегі комитеті» қорларының құжаттары құрайды. Сондай-ақ осы кезеңдегі іс жүргізу мен құжаттанудың дамуы мәселелеріне қатысты орталық мекемелердің, атап айтқанда, ҚР мәдениет және ақпарат министрлігі Ақпарат және мұрағат комитетінің, Ұлттық ақпараттық технологиялар» акционерлік қоғамының ағымдық мұрағаты мен іс жүргізуіндегі құжаттары, атап айтқанда ережелер, мемлекеттік стандарттар, жіктеуіштер, анықтамалықтар, әдістемелік ұсынымдар, шолулар, тізбелер, нұсқаулықтар, анықтамалар пайдаланылды.

Мемлекеттік тілде іс жүргізу мәселелері бойынша ҚР мәдениет және ақпарат министрлігі Тіл комитетінің, Алматы қаласының Тілдерді дамыту басқармасының ағымдық мұрағаты мен іс жүргізуіндегі анықтамалары, мониторинг жүргізген құжаттары пайдаланылды.

Іс жүргізу мен құжаттанудың түрлі аспектілері деректердің келесі үлкен бөлігі, ақпаратты-анықтамалық құжаттарда көрініс тапқан. Олар империялық мекемелердің өзара алмасқан хаттары, түрлі мекемелердің мәжіліс хаттамалары (хаттамадан үзінділер), іс жүргізу комиссияларының баяндамалары, есептер (айлық, тоқсандық, жарты жылдық және жылдық), құжат қозғалысы туралы ведомостер, баяндау хаттары, қызметтік хат түрлері және т. б.

Деректердің екінші тобын заңдар, нормативтік құқықтық актілер мен нормативтік-әдістемелік құжаттар, құжаттар жинақтарында топтастырылған дерек түрлері құрайды. ХІХ ғ. - ХХ ғ. басындағы іс жүргізу тәртібін реттейтін заңдар «Ресей империясы заңдарының толық жинағында» («Полное собрание законов Российской империи»), кеңестік дәуірдегі нормативтік құжаттар «Архивное строительство в Казахской ССР (1918-1980 гг. ) », «Сборник руководящих материалов по архивному делу (1917 - июнь 1941 гг. ) », тәуелсіздік кезеңдегі іс жүргізу бойынша нормативтік құқықтық актілер мен нормативтік-әдістемелік құжаттар «Сборник нормативных правовых актов, научно-методических документов в области архивного дела дела (1998-2000), (2001-2007) » т. б. жинақтарда топтастырылды. Іс жүргізу мен құжаттану әдістері бойынша деректерге үкіметтік деңгейде қабылданған бағдарламалар, тұжырымдамалар, оларды іске асыру жөніндегі уәкілетті органдардың есептері, баяндаулары, шолулары жатады. Бұл деректің түрлері жоғарыдағы мұрағат қорларынан өзге осы құжаттар жинақтарында да кездеседі.

Деректердің үшінші тобы жеке тектік құжаттардан тұрады. Мұрағат қорларында сақталған жеке тектік құжаттардың, жеке адамдардың өтініштері мен баяндау хаттарының да іс жүргізу мен құжаттанудың кейбір мәселелерін, атап айтқанда, құжатты жасау (құжаттау), құжаттарда көрініс тапқан қоғамдық мәні бар әлеуметтік мәселелерд жіті қарастыруға мүмкіндік берді. Жеке тектік құжаттар «Красный террор: Политическая история Казахстана» құжаттық материалдар жинақтарынан да алынды.

Деректердің төртінші тобын мерзімді басылымдарда жарық көрген деректер қамтиды. «Официальные распоряжения Правления Ташкентской железной дороги», «Советские архивы», «Отечественные архивы», «Вестник архивиста», «Қазақстан мұрағаттары» арнайы бюллетені, «Қазақстан мұрағаттары» журналы, «Делопроизводство», «Қазақстанда іс қағаздарын жүргізу», «Тіл» мерзімді басылымдарында жарық көрген деректер де пайдаланылды.

Деректердің бесінші тобын іс жүргізудің мемлекеттік стандарттары құрайды. Құжаттармен жұмыс тәртібін, нормалары мен ережелерін, сонымен бірге бірізделген терминдер жүйесін заңдастырған бірқатар одақтық және республикалық стандарттар пайдаланылды. Олар іс жүргізу мәселелерінің құқықтық бекітілуін реттей отырып, құжаттанудың ілгері дамуына үлкен үлес қосты.

Алтынша топтағы деректердің құрамына кеңестік дәуірде және тәуелсіздік жылдары қабылданған түрлі нормативтік әдістемелік құжаттар, әдістемелік ұсынымдар, нұсқаулықтар, қағидалар, тұрпатты тізбелер мен істер номенклатуралары кіреді.

Деректердің жетінші тобын іс жүргізу және құжаттану терминдерінің сөздіктері қамтиды. Терминологиялық мәселелерді, әсіресе, терминдер жүйесін қалыптастыруға, дұрыс түсінуге, осылайша ғылыми-теориялық мәселелердің шешімін табуда үлкен мәні бар терминологиялық және түсіндірме сөздіктері пайдаланылды.

Диссертация жұмысында пайдаланылған деректердің сипаттамасы мен талдауы бірінші тарауда айтылады.

Диссертацияның методологиялық негізі. Іс жүргізу мен құжаттанудың тарихы мен зерттеу әдістері мәселесін тарихи ретроспективада саралап, зерттеу барысында қазіргі кезеңдегі әлем және отан тарихындағы, өзге әлеуметтік ғылымдардағы жаңа методологиялық, теориялық тұжырымдар мен концепциялар басшылыққа алынды.

Жалпыадамзаттық өркениетпен, дүниетанымдық көзқарас жүйелерінің дамуымен жалпы гуманитарлық және тарихи ілімдердің методологиялық негіздері де өзгерді. Тарихта методологиялық ұстанымдардың жалпылығы ғылыми зерттеулерде бір жақты көзқарас тұрғысынан қарастырудың орнығуына әкеліп, бұл үдеріс кеңестік кезеңде ұзаққа созылды. Алайда азаматтық қоғамның одан ары дамуы жалпы қоғамдық ойдың өз заңдылықтарына сүйенуін қажет етті. Осы тұрғыдан алғанда зерттеу жұмысымызда плюралистік қағиданы басшылыққа алдық.

Кеңестік кезеңдегі ғылыми зерттеулердің, білімнің негізіне маркстік-диалектикалық және тарихи материализм тұрғысынан жазылған кеңестік еңбектер алынды. Оларды тақырыпты зерттеудің жетістіктері мен бір жақтылығын айқындауда артықшылықтары мен кемшіліктерін көрсету үшін пайдаландық. ХХ ғ. 90-шы жж. тарихты түсіну, оны оқыту тәжірибесінің жалғыз теориялық негізі деп танылған маркстік парадигмадан бас тартылды. Диссертация жұмысының методологиялық ұстанымдары өркениеттік метатеориясына негізделді.

Зерттеу мәселесіне қатысты тарихи материализм тұрғысынан жазылған еңбектерді, отандық және шетелдік тарихнаманы жаңа тұрғыдан қайта қарау қажеттігі жаңа ізденістерге жол ашты. Тұтастай алғанда бүтін тарих мәселесін шешуді ұсынған алғашқы Н. Я. Данилевскийдің, кейінгі О. Шпенглердің, А. Тойнбидің т. б. өркениеттер теориясы, К. Ясперстің прогресс идеясы қолданылды. Зерттеу мәселесін жүйелі тұрғыдан және тарихи объективтілік принципі негізінде жазуға басымдық берілгенімен, оның ғылымның белгілі бір құндылықтар жүйесімен, идеологиямен тығыз байланысты екендігі назардан тыс қалдырылған жоқ. Себебі идеологияланған кеңестік қоғамда іс жүргізу мәселесі бір жақты зерттеліп, объективті емес тұжырымдар жасалды. Диссертация жұмысын жазуда нәтижелі оң көрсеткіштерге қол жеткізу үшін идеологиялық плюрализм принциптері басшылыққа алынды.

Қазақстандағы ХІХ ғ. - ХХІ ғ. басындағы іс жүргізуді нақты қызмет түрі, мемлекеттік басқару жүйесінің ажырамас бөлігі және қоғамдық қатынастарды реттеуші құрал деген тиянақты тұжырымдарын жасауда феноменологиялық тұжырымдар негіз етіп алынды. Кез келген құжаттың мемлекеттің, қоғамның, адамның коммуникациялық мүмкіндіктерін арттырудың негізгі көзі екенін дәлелдеуде этнометодология тұжырымдары басшылыққа алынды.

Сонымен қатар зерттеу методологиясында проблемалық, тарихилық, объективтілік сияқты ғылыми таным принциптері мен жүйелеу, сыни-талдау әдістерін қолдану мәселені зерттеуде объективтілікке қол жеткізудің басты шарттары ретінде алынды. Аталған ғылыми-теориялық әдістер, концепциялар мен талдау проблеманы жан-жақты, терең қарастыруға, объективті тарихи қорытынды жасауға көмектесті.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Терминологияның зерттелуінің бастауы
Іс қағаздарын жүргізумен таныстыру
Қосалқы тарихи пәндер пәнінен оқу-әдістемелік нұсқау
Тарихи қосалқы пәндер дәрістер
Деректануда құжат - арнайы ақпарат жеткізуге арналған объект
ХХ ғ. 20-30 жж. қазақ зиялыларының әліпби айтысы
Мемлекеттік стандарттар мен құжаттар
Қазақ филологиясы және әлем тілдері факультеті
Қазақстан Республикасының мұрағат ісінің даму тарихын талдау
Мекеменін жеке адамдарға арналған құжаттары, мінездемелері оларды ресімдеуге қойылатын талаптар
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz