Қылмыстардың жиынтығы бойынша айқындау туралы соттардың қылмыстық заңды қолдануының сот практикасын қорыту



1 Облыстық соттардың жасаған қорытуларын зерделеудің нәтижесі
2 Адам ұрлауменжәне т.б. әрекеттерiмен ұштасқан адам өлтіргені үшін кінәлінің әрекеттерін саралау мәселелері бойынша түсіндірме
Заңшығарушы қылмыстардың жиынтығының түсінігін Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің (бұдан әрі - ҚК) 12-бабында көрсеткен. Аталған бпта қылмыстардың жиынтығының түрлері бойынша бөлінетіні жөнінде арнайы сілтеме жоқ. Соған қарамастан, заңшығарушы оны деректі (1-бөлігі) және идеалды (2-бөлігі) жиынтықтар деп жіктейді.
Осы орайдағы, ҚК-нің 12-бабының тиісті қағидалары мыналарды қамтиды:
а) қылмыстардың деректі және идеалды жиынтығында олардың әрқайсысы өз бетінше айқындалуы қажет екеніндігіне бағыт береді;
ә) 2000 жылы осы бапқа енгізілген толықтырулар қылмыстардың күрделі құрамдарын айқындау, яғни бір әрекеттің сипаттары ҚК бабы нормасының қатаңырақ жазаны қамтыған жағдайына қатысты.
Осыған байланысты "егер бір қылмыстың белгiлерi ҚК-нің бабының бiреуінде немесе бабының бiр бөлiгiнiң неғұрлым қатаң жазаны қолдануды көздейтiн нормасымен қамтылмаған болса" делінген ҚК-нің 12-бабының ережесін дұрыс қолдану үшін, біріншіден, жиынтықты құрайтын, сосын әрбір нақты қылмыстың құрамын құрайтын белгілерін анықтау керек, атап айтқанда:
- құқыққа қарсы әрекетті кімнің және қандай түрде жасағанын, яғни қылмыстың субъектісі кім болып табылатындығын;
- қылмыстың объективтік жағын құрайтын құқыққа қарсы әрекет қандай әрекеттермен белгіленетінін;
- осы әрекеттің бағытталған заңмен қорғалатын объектісін анықтау;
- қылмыс субъектісінің жасаған әрекетіне деген субъективтік көзқарасын, яғни тікелей немесе жанама ниетпен немесе абайсызда жасағанын сипаттап, қылмыстың субъективтік жағын құрайтын, оның кінәсін анықтау керек.
Одан бөлек, әрбір нақты жағдайда неғұрылым ауырырақ жаза үшін жауапкершілік көздейтін нормадан, басқа неғұрылым жеңілірек қылмыстың белгілерін іздеп, табу керек.
Қоғамға қауіпті әрекет жасағаны үшін қатаңырақ жазаны көздейтін ҚК баптарының диспозициясынан неғұрылым жеңілірек қылмыстың белгілерін іздеу қажет.
Істерді, процессуалдық құжаттарды және өзге де материалдарды, сондай-ақ облыстық және оларға теңестірілген соттардың анықтамаларын зерделеу, негізінен соттардың қылмыстардың жиынтығы туралы заңның қағидаларын дұрыс түсініп, кінәлі адамның жасаған әрекеттеріне дұрыс құқықтық баға беретіні және заңға сәйкес жаза тағайындай алатындығын көрсетті.
Нақты санаттағы істер бойынша Жоғарғы Соттың нормативтік қаулыларында берілген түсіндірмелер осыған недәуір ықпал еткен.
Осы кезде әрекеттерді саралау туралы түсіндірмелер жасайтын, оның ішінде жасалған әрекетті - бір бап бойынша немесе қылмыстардың жиынтығы бойынша қалай саралау керек екенін түсіндіретін, түрлі санаттағы істер бойынша 20-дан астам Жоғарғы Соттың нормативтік қаулысы қолданылады.

Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   
Қылмыстардың жиынтығы бойынша айқындау туралы соттардың қылмыстық заңды
қолдануының
сот практикасын
ҚОРЫТУ
Заңшығарушы қылмыстардың жиынтығының түсінігін Қазақстан
Республикасы Қылмыстық кодексінің (бұдан әрі - ҚК) 12-бабында көрсеткен.
Аталған бпта қылмыстардың жиынтығының түрлері бойынша бөлінетіні жөнінде
арнайы сілтеме жоқ. Соған қарамастан, заңшығарушы оны деректі (1-бөлігі)
және идеалды (2-бөлігі) жиынтықтар деп жіктейді.
Осы орайдағы, ҚК-нің 12-бабының тиісті қағидалары мыналарды қамтиды:
а) қылмыстардың деректі және идеалды жиынтығында олардың әрқайсысы өз
бетінше айқындалуы қажет екеніндігіне бағыт береді;
ә) 2000 жылы осы бапқа енгізілген толықтырулар қылмыстардың күрделі
құрамдарын айқындау, яғни бір әрекеттің сипаттары ҚК бабы нормасының
қатаңырақ жазаны қамтыған жағдайына қатысты.
Осыған байланысты "егер бір қылмыстың белгiлерi ҚК-нің бабының бiреуінде
немесе бабының бiр бөлiгiнiң неғұрлым қатаң жазаны қолдануды көздейтiн
нормасымен қамтылмаған болса" делінген ҚК-нің 12-бабының ережесін дұрыс
қолдану үшін, біріншіден, жиынтықты құрайтын, сосын әрбір нақты қылмыстың
құрамын құрайтын белгілерін анықтау керек, атап айтқанда:
- құқыққа қарсы әрекетті кімнің және қандай түрде жасағанын, яғни
қылмыстың субъектісі кім болып табылатындығын;
- қылмыстың объективтік жағын құрайтын құқыққа қарсы әрекет қандай
әрекеттермен белгіленетінін;
- осы әрекеттің бағытталған заңмен қорғалатын объектісін анықтау;
- қылмыс субъектісінің жасаған әрекетіне деген субъективтік көзқарасын,
яғни тікелей немесе жанама ниетпен немесе абайсызда жасағанын сипаттап,
қылмыстың субъективтік жағын құрайтын, оның кінәсін анықтау керек.
Одан бөлек, әрбір нақты жағдайда неғұрылым ауырырақ жаза үшін
жауапкершілік көздейтін нормадан, басқа неғұрылым жеңілірек қылмыстың
белгілерін іздеп, табу керек.
Қоғамға қауіпті әрекет жасағаны үшін қатаңырақ жазаны көздейтін ҚК
баптарының диспозициясынан неғұрылым жеңілірек қылмыстың белгілерін іздеу
қажет.
Істерді, процессуалдық құжаттарды және өзге де материалдарды, сондай-ақ
облыстық және оларға теңестірілген соттардың анықтамаларын зерделеу,
негізінен соттардың қылмыстардың жиынтығы туралы заңның қағидаларын дұрыс
түсініп, кінәлі адамның жасаған әрекеттеріне дұрыс құқықтық баға беретіні
және заңға сәйкес жаза тағайындай алатындығын көрсетті.
Нақты санаттағы істер бойынша Жоғарғы Соттың нормативтік қаулыларында
берілген түсіндірмелер осыған недәуір ықпал еткен.
Осы кезде әрекеттерді саралау туралы түсіндірмелер жасайтын, оның ішінде
жасалған әрекетті - бір бап бойынша немесе қылмыстардың жиынтығы бойынша
қалай саралау керек екенін түсіндіретін, түрлі санаттағы істер бойынша 20-
дан астам Жоғарғы Соттың нормативтік қаулысы қолданылады.
Демек, күрделі, көп құрамды қылмыстар бар кезінде заң шығарушымен түрлі
қылмыстар соның ішіндегі біреуі барлық қылмыстың жасалуына кезең, әдіс,
тәсіл қызметін атқарады.
Одан басқа, ҚК-нің бір қатар баптарында қылмыстардың бірнеше мәрте
жасалуы неғұрылым қатаңырақ жаза тағайындауға әкеп соғатын айқындаушы белгі
ретінде көрсетілген.
Қылмыстық заңның жекелеген нормаларында қылмыстың айқындаушы белгісі
ретінде сол қылмысты басқа қылмыстырдың жиынтығында жасалғаны туралы да
көрсетілген.
Неғұрылым қатаңырақ жазаны тағайындауға әкеп соғатын, қылмыстың
айқындаушы белгілерінің бірқатары осы қылмысты жасаудың себептерімен және
мақсаттарымен байланысты.
Соттар үкімдерінде әрекеттердің саралауын дәлелдемей, Қылмыстық кодекстің
жалпы бөліміне сілтеме жасайды және өздерінің қорытындыларын Жоғарғы Соттың
қолданыстағы нормативтік қаулыларына сирек негіздейді.
Қылмыстардың жиынтығы бойынша әрекеттерді саралау туралы қылмыстық заңды
қолданудың мәселелері бойынша республика соттарының пікірін анықтап білу
үшін оларға сұрақтар тізбесі жіберілген.
Облыстық соттардың жасаған қорытуларын зерделеудің нәтижесі соттардың
қылмыстардың жиынтығы және деректі мен идеалды қылмыстардың жиынтықтарын
жіктеу жөніндегізаң қағидаларын дұрыс түсінетінін көрсетті.
Мысалы, сот А-ның әрекеттерін үкімде мынадай жалпылама сөз тіркесімен
негіздеген: "заң талаптарына сәйкес, сотталушының әрекеттері саралануы
тиіс...". Осы орайда, қылмысты саралау кезінде соттың қандай заңды
қолданғаны және оның мазмұны көрсетілмеген.
Бірқатар жекелеген үкімдер бойынша ғана соттардың неғұрылым қатаңырақ
жазаны көздейтін бір бап бойынша әрекеттерді айқындауға қадам жасағанын
байқауға болады. Осындай жағдайларда соттар өздерінің шешімдерін Жоғарғы
Соттың нормативтік қаулысындағы тиісті түсіндірмеге жиі негіздеп, ҚК-нің 12-
бабына сілтеме жасамайтындығын байқатты.
Мысалы, 21 рет бөтен мүлікті ұрлаған Ж-ның әрекеттерін тергеу органдары
әр эпизод бойынша 21 рет ҚК-нің 175-бабы 3-бөлігінің в)-тармағымен жеке-
жеке саралаған. Сотқа беру кезінде саралау өзгеріссіз қалдырылған. Сот
барлық қылмыстық әрекеттерді бір рет ҚК-нің 175-бабы 3-бөлігінің в)-
тармағымен саралап, сол бойынша жаза тағайындаған. Осындай жағдайларда
қылмыстарды айқындау туралы түсіндірме берілген Қазақстан Республикасы
Жоғарғы Соты Пленумының "Қылмыстық жаза тағайындаған кезде соттардың
заңдылықты сақтауы туралы" 1999 жылғы 30 сәуірдегі № 1 қаулысына сот өз
үкімінде сілтеме жасаған.
ҚК-тің 177-бабы 3-бөлігінің в тармағымен әрекеттері 5 рет сараланған М-
ның ісі бойынша да сот осындай сілтеме жасаған. Айыптаудың барлық
эпизодтары бойынша М-ның әрекеттерін аталған баптың 3-бөлігінің в
тармағымен 1 рет саралаған соттың ұстанымы дұрыс болып табылады.
Д-ға қатысты үкімде сот "ҚК-тің 178-бабы 2-бөлігінің "а,б"-тармақтары
және 181-баптың 2-бөлігінің "а,б"-тармақтары бойынша айқындауды дұрыс деп
санайтыны" көрсетілген. Осы орайда сот бөтеннің мүлкін иеленуге бағытталған
екі қылмысты неге екі бап бойынша сараланғандығын көрсетпеген. Сонымен
қатар, Д. екі рет тонау мен екі рет қорқытып алушылық жасағаны, тергеу
органдары әр эпизодты жеке-жеке, 4 рет саралаған. Сот тонау мен қорқытып
алушылық эпизодтарын біріктіріп, 4 эпизод бойынша әрекеттерді екі бап
бойынша саралап, оған дәлелдер келтірмеген.
Әрбір жасалған әрекетті жеке-жеке саралау турасында: сотталған С-ның, А-
ның және К-ның істерін келтіруге болады. Аталған тұлғалар алдын-ала сөз
байласып, адам ұрлап, Ертіс өзенінің жағасына алып барып, одан ұрлаған
заттар мен құжаттарды қайтаруды және ұрлық жасағанын мойындауды талап
еткен. Өздерінің ниетін іске асыру барысында, олар жәбірленушіні ұрып-
соғып, оның денсаулығына қауіпті күш қолданып, З. суға батырып, оған
нәпсіқұмарлық сипатындағы күш қолданып - еркекпен еркектің жыныстық
қатынасын жасаған.
Сот жасалған әрекеттерді қылмыстардың жиынтығы бойынша, ҚК-нің 125, 327,
121-баптарына сәйкес саралаған.
Соттардың бір бап бойынша айыптауды растайтын дәлелдерді таппай, үкімде
осы бапты айыптаудан алып тастайтын жағдайлары анықталды. Заңға сәйкес,
айыптау расталған жағдайда соттар айыптау үкімін, ал расталмаған жағдайда -
ақтау үкімін шығаруы тиіс.
ҚК-тің 96-бабы 2-бөлігнің "д, з"-тармақтары бойынша С. кінәлі деп танылып
сотталған, ал ҚК-тің 179-бабы 2-бөлігінің "б, г, д"-тармақтары бойынша оның
әрекеттерінде қылмыс құрамының болмауына байланысты ақталған.
Сотталушының қарақшылық емес, жол ақысын төлемегені үшін, К-ны қасақана
өлтіргені сот үкімінің негізіне алған.
Соттар қылмыстың белгілері қылмыстық әрекеттің негізін сипаттайтынын, ал
айқындаушы белгілері нақты жағдайда қылмыстың жасалу мән-жайларын
сипаттайтынын дұрыс көрсеткен.
Неғұрылым жеңілірек жазаны көздейтін қылмыстың белгілері басқа қылмыстар
үшін қатаңырақ жазаны көздейтін ҚК-тің баптарының диспозицияларында болуы,
осы жағдайларда ҚК-тің 12-бабының 2-бөлігіне сәйкес әрекет екі қылмыстың
белгілерін қамтыса ол бір бап бойынша саралануы тиіс деген облыстық
соттардың пікірлері бір-біріне ұқсас келеді. Егер ҚК-тің 96, 103, 104-
баптарымен көзделген қылмыс жасау барысында, басында денсаулыққа жеңіл
зиян келтіріліп, кейіннен кінәлінің ниеттенген нәтижесіне әкеп соқса,
әрекет түпкілікті нәтиже бойынша адам өлтіру, денсаулыққа ауыр зиян келтіру
және осыған сай негіздерде саралануы тиіс.
Көп жағдайларда ауырлығы жеңілірек қылмыстың белгілері нақты заң
нормаларының айқындаушы белгілері болып табылатынын соттар дұрыс анықтап,
осыған байланысты артық айыптау деп айыптаудан алып тастауы негізді.
С-ға қатысты қылмыстық іс бойынша, ол жәбірленушінің еркінен тыс пәтеріне
кіріп, оны ұрып, темірдің кесіндісімен қорқытып, оның мүлкін алып кеткен,
сот үкімінде айыптаудан ҚК-тің 257-бабының 1-бөлігін, 145-баптың 2-бөлігін
алып тастап, оның барлық әрекеттері ҚК-тің 179-бабы 3-бөлігінің г)-
тармағымен ұрлық үшiн бұрын екi немесе одан да көп рет сотталған адамның
тұрғын үйге заңсыз кіруі арқылы жасалған қарақшылықпен қамтылған деп
көрсеткен. Соттың осы, ҚК-тің 145-бабын алып тастау туралы дәлелдемесімен
келісуге болады, себебі қарақшылық үшін жауапкершілікті көздейтін ҚК-тің
179-бабының диспозициясында айқындаушы белгі ретінде тұрғын үйге заңсыз
кіру көрсетілген, яғни, ҚК-тің 145-бабымен көзделген неғұрылым жеңілірек
жазаның белгілері, қатаңырақ жазаны көздейтін ҚК-тің 179-бабының
нормаларымен қамтылады.
Соттың осы негіздер бойынша ҚК-тің 257-бабын алып тастау туралы
аргументтерімен келісуге болмайды, себебі, бұзақылық деп аталатын, ҚК-тің
257-бабымен көзделген қылмыстың белгілері ҚК-тің 179-бабының нормасымен
қамтылмайды.
Соттың А-ның ісі бойынша үкімінде бірқатар судьялардың әрекетті саралау
туралы мәселені өзгеше шешетіні көрсетілген. А. мас күйінде дүңгіршектің
жанына келіп, өзіне спирттік iшiмдiк сатуды сұраған. Сатушы спирттік
ішімдік сатпайтыны туралы айтқанында, А. балағаттап, дүңгіршектің шынысын
сындырып, азық-түлік өнімдерін және ақшаны ашық ұрлаған. Сотталғанның осы
әрекеттерін алдын-ала тергеу органдары тонау және бұзақылық деп айқындаған.
Сот, осы қылмыстарды сотталушының жасағанын көрсетіп, осындай айқындаумен
келіскен. Алайда, дүкеннің шынысы қоғамдық тәртіпті бұзу мақсатында
сындырылмай, осы сынық арқылы дүңгіршектегі азық-түлікті иемденудің тәсілі
болған.
Я. және басқалардың ісі бойынша үкімде ҚК-тің 126-бабын алып тастап,
жәбірленуші В-ны автомашинаның ішінде ұстап отыру, оған қарақшылық шабуыл
жасау кезінде күш қолданудың тәсілі болып табылады және қарақшылықтың
құрамымен қамтылады деп көрсеткен.
Басқа қылмысты жасау (мысалы: алдау әдісін пайдалану, денсаулыққа зиян
келтіру, құжаттарды жою немесе қолдан жасау) кезінде мақсатқа жетудің
тәсілі болған, ҚК-тің нақты баптары бойынша өз бетімен қылмыстық
жауапкершілікті көздейтін әрекеттерді адамның жасауын айқындаудың
мәселелері бойынша республика соттарының пікірлері ұқсас. Осындай
жағдайларда соттар жасалған әрекетті негізгі қылмыс үшін ҚК-нің қатаңырақ
жазаны көздейтін бабы бойынша айқындап, ал субъектінің қылмысты жасау
тәсілі болған басқа әрекеттерін жеке саралау қажет деп санайды.
Осындай түсіндірмелер Жоғарғы Соттың "Бөтеннің мүлкін заңсыз иемдену
жөніндегі істер бойынша сот тәжірибесі туралы" 2003 жылғы 11 шілдедегі № 8
нормативтік қаулысында (2003 жылғы 19 желтоқсанда № 14 нормативтік қаулымен
енгізілген өзгерістермен бірге) берілген.
Мысал ретінде Ш-ға қарақшылық шабуыл жасағандары үшін айыпталған Н. және
Б-ны айыптау жөніндегі істі келтіруге болады, осы іс бойынша қылмыстық ізге
түсу органдары айыпталушылардың кінәсіна ҚК-тің 179-бабының 2-бөлігі
"а,в,г" тармақтарымен қоса, қосымша тұрғын үйге қолсұғылмаушылықты бұзғаны,
яғни тұрғын үйге онда тұратын адамдардың еркiнен тыс басып кiргені үшін ҚК-
тің 145-бабының 2-бөлігі бойынша айып тағылған. Осы жағдайда
сотталушылардың әрекеттерін қосымша айқындаудың қажеті жоқ еді. Соттың үкім
шығару барысында Н. мен Б-ның айыптауынан ҚК-тің 145-бабының 2-бөлігін
артық тағылған деп алып тастағаны дұрыс, себебі сотталушылар тұрғын үйге
мүлікті ұрлау мақсатымен кірген, ал бұл әрекеттер қарақшылықпен байланысты
қылмыстың құрамымен қамтылады.
М. соттың үкімімен ҚК-тің 178-бабы 2-бөлігінің "г" тармағымен сотталған,
ол ұйқтап жатқан жәбірленушінің үйіне кіріп, 5700 теңге сомасындағы ақшаны
құпия ұрлағысы келген, алайда жәбірленуші оянып кеткендіктен М. оның
бетінен жұдырықпен ұрып, аталған соманы ашық ұрлап, қашып кеткен. Соттың, М-
ның әрекеттері ҚК-тің 178-бабы 2-бөлігінің "г" тармағымен толық қамтылады,
себебі үйге кіру ұрлық жасаудың тәсілі болған деп айыптаудан ҚК-тің 145-
бабының 2-бөлігін алып тастағаны негізді.
Субьектісі біреуі аяқталған, екіншісі аяқталмаған болып табылатын
қылмыстар жиынтығын жасауы сот практикасында жиі кездеседі. Қолданыстағы
заңдар осындай жағдайларда жасалған әрекетті саралау мәселесін реттей
бермейді.
ҚК-тің баптарының әртүрлі бөліктерімен немесе бір баппен жауапкершілік
көзделген аяқталған және аяқталмаған әрекеттер жеке айқындалуы тиіс деген
соттардың пікірлері ұқсас екені қорытуларды зерделеу барысында анықталды.
Қорыта келе, барлық жағдайларда, ұқсас, біртекетес немесе тектестігі
әртүрлі қылмыстар практикада бірнеше бап бойынша қылмыстардың жиынтығы
ретінде айқындалады.
Е-ге қатысты қылмыстық іс бойынша, ол бұзақылық ниетпен, көптеген
адамдардың өміріне қауіпті тәсілмен екі адамды өлтіру мақсатымен бір
адамды бір рет атып өлтіріп, екіншісінің денсаулығына ауыр зиян келтіргені
үшін, ҚК-тің 96-бабы 2-бөлігінің "а, е, и" тармақтарымен, 251-баптың 1-
бөлігімен, 257-баптың 3-бөлігімен сотқа берілген. Сот істі қарап,
сотталғанның екінші жәбірленушіге қатысты әрекеттерін адам өлтіруге оқталу
деп бағалап, оның әрекеттерін айқындауды өзгерткен, атап айтқанда, ҚК-тің
24-бабының 3-бөлігі бойынша, 96-бабы 2-бөлігінің "а, е, и" тармақтары
бойынша, 257-баптың 3-бөлігі бойынша, 251-баптың 1-бөлігі бойынша.
Жоғары Сот алқасы сотталғанның әрекеттерін қайта айқындау бөлігінде
соттың шешімін дұрыс деп танып, соттың үкімін өзгеріссіз қалдырған. Себебі,
жасалған әрекеттердің біреуі аяғына дейін жеткізілмегендіктен сот
қылмыстардың жиынтығымен әрекетті екі бап бойынша - аяқталған және
аяқталмаған құрамдар ретінде жеке-жеке айқындайды.
Аяқталған және аяқталмаған қылмысты айқындау мәселесін және оларды
неғұрылым қатаңырақ жазаны көздейтін бір бап бойынша айқындау мүмкіндігін
талдап, кейбір соттар (Атырау, Батыс Қазақстан, Павлодар және Семей
облыстарының соттары) ҚК-тің 58-бабының тәртібі бойынша аяқталған және
аяқталмаған қылмыстардың жиынтығымен әрекеттерді дербес айқындау кезінде
сотталғанның жағдайы нашарлайтынын көрсеткен. Себебі аяқталған
қылмыстардың бірнешеуін жасаған сотталғанның жағдайы оған қарағанда
жақсырақ болады. өйткені бірнеше рет жасалу белгісі болған жағдайда жаза
қылмыстардың бiрнеше рет жасалуы үшін жауапкершілікті көздейтін баптың бір
бөлігі бойынша ғана тағайындалады.
Осыны ескеріп, Атырау облыстық соты "мұндай жағдайларда қылмыс жасауға
оқталу жөніндегі кінәлі адамның әрекеттерін аяқталған құраммен қамтыған
жөн" деп ұсыныс енгізді.
Батыс Қазақстан облыстық соты келесі ұсынысты жасады: сотталушының
әрекеттерінің біреуін аяқталған қылмыстан аяқталмағанға қайта айқындаған
кезде оның жағдайы нашарлайтыны, себебі, бірнеше мәрте жасалған аяқталған
қылмыс үшін бір жаза тағайындалады, ал бір эпизодты қайта айқындау кезінде
екі жаза тағайындалатыны жөніндегі даулар негізсіз, себебі, практикада орын
алатын, ҚК-тің 58-бабының 3-бөлігі қатаңдығы жеңiлдеу жазаны неғұрлым қатаң
жазаға сiңiруді көздейді.
Осы мәселе бойынша Солтүстік Қазақстан облыстық сотының пікірі
төмендегідей: "мұндай жағдайларда жасалған әрекетті бірнеше рет жасалған,
аяқталған қылмыс үшін жауапкершілікті көздейтін әрекет деп, жасалған
әрекеттердің барлық белгілерінің ерекшеліктерін көрсетіп, баптың тиісті
бөлігі бойынша ғана айқындау мүмкін деп ойлаймыз. Осы қылмыстың аяқталмаған
құрамы үшін жауапкершілікті көздейтін баптың бөлігіне тиісті тармақ
енгізілуі мүмкін."
Сотталушы әрекеттерді жасау кезінде орындаушы, ал басқаларында қатысу
нысаны айдап салушы, көмектесуші, ұйымдастырушы ретінде болса, ҚК-тің
қатаңырақ жазаны көздейтін бабының (баптарының) бір бөлігі бойынша
қылмыстар жиынтығымен айқындау мүмкіндігі туралы мәселені зерделеу кезінде
барлық соттардың пікрлері бірдей болып шығуы мүмкін емес.
Соттар өздерінің қорытуларында ұйымдастырушы, айдап салушы, орындаушы мен
көмектесушінің түсініктері ҚК-тің 28-бабының ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан Республикасының қылмыстық құқығындағы қылмыстық ұрып соғу
Қатысып қылмыс жасау түсінігі, нысаны, түрлері және тарихи даму аспектілері
ҚЫЛМЫСТЫҚ ЗАҢНЫҢ КЕРІ КҮШІ ТҮСІНІГІ
Қылмыстық зардаптар
Қазақстан Республикасы жоғарғы соты қадағалау алқасының 2006 жылдың бірінші жартыжылдығында қылмыстық істерді қарауы бойынша қорыту
Халықаралық шарттар нормаларын қолданудың халықаралық құқықтық негіздері
Ұлттық құқықтық жүйенің негізі - конституциялық құқық
Құқықтық саясат тұжырымдамасы
ҚЫЛМЫСТЫҚ ҚҰҚЫҚТАҒЫ ЖАЗА ЖӘНЕ ЖАЗА ТАҒАЙЫНДАУ
Қылмысқа қатысушылардың түрлері
Пәндер