Қазақстан Республикасының банк жүйесінің даму жолдары



Кіріспе ... ... ... ... ... ... .3
I. Бөлім Қазақстан Республикасының банк жүйесі Қазақстандағы банктік жүйенің даму тарихы
Екі деңгейлі банк жүйесін құру ... ... ..10
Банк жүйесінің ерекшеліктері ... ... ... .13
II .Бөлім Қазақстан Республикасындағы банк ісін ұйымдастыру және реттеу
2.1. Банктерді ашу және олардың қызметін ұйымдастыру ... ... ... ... ... ..17
2.2. Банктік қызметті бақылау мен қадағалау ... 20
2.3. Банктердің жалпы операциялары ... .22
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... .25
Қолданылған әдебиеттер ... ... ...26
Қосымшалар
Экономиканы басқару органы ретіндегі банктің рөлі оның өзінің қызметтерін орындау үрдісінде және банк ісін ұйымдастыруда жалпы принциптерді сақтауда көрініс табады. Экономиканы басқару процесінде банктер негізінен басқарудың экономикалық қатынастарын көрсетеді, әр қоғамның экономикалық қатынастары ең алдымен мүдде өндірістің мақсаты, яғни оны қозғаушы фактор болып табылатын әдістемелерді пайдаланады.
Банктер басқарудың экономикалық әдістері мәселен, несиелеу арқылы, экономикалық әртүрлі буындарының қарыз қаражаттарындағы қажеттіліктерін әртүрлі несиелермен немесе қолма-қолсыз есеп айырысу арқылы экономиканың үздіксіз қызмет етуіндегі қажеттілігін қанағаттандырады, қоғамдық өнімнің тоқтауынсыз қозғалысын қамтамасыз етеді.
Нарық экономикасына өту жағдайында және экономикалық дағдарысты жоюда, макроэкономикалық тұрақтылыққа қол жеткізуге Қазақстан Республикасының банк жүйесі маңызды рөл атқарады.
Банктік жүйе – нарықтық экономиканың ең маңызды және біртұтас құрылымдарының бірі.
1. «Ақша, несие, банктер»
М.С. Саниев
2. «Экономикалық теория негіздері»
Я. Әубәкіров, К. Нәрібаев, М. Есқалиев, Е. Жатқанбаев, Е. Байжұмаев, С. Досқалиев, Ж. Жәйжібеков
3. «Макроэкономика»
4. «Ақша, несие, банктер және валюта қатынастары»
Б.Ә. Көшенова
5. «Казахстанская правда» газеті
6. «Ақша, несие, банктер»
Сейтқасымов
7. «Жалпы экономикалық теория»
Шеденов
8. «Ақша айналысы және несие»
С.Б. Мақыш
9. Банктер журналы
10. «Мировая экономика»
Ломаки
11. «Халықаралық экономикалық қатынастар»
Мамыров
12. «Толық экономикалық орысша-қазақша сөздік»
(1-2 бөлім)

Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 28 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны

Кіріспе
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... .3
I. Бөлім Қазақстан Республикасының банк жүйесі
1. Қазақстандағы банктік жүйенің даму тарихы
... ... ... ... ... ... ... ... ... ...4
2. Екі деңгейлі банк жүйесін құру
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 10
3. Банк жүйесінің ерекшеліктері
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...13
II .Бөлім Қазақстан Республикасындағы банк ісін ұйымдастыру және
реттеу
2.1. Банктерді ашу және олардың қызметін ұйымдастыру
... ... ... ... ... ..17
2. Банктік қызметті бақылау мен қадағалау
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 20
3. Банктердің жалпы операциялары
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .22
Қорытынды
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... 25
Қолданылған әдебиеттер
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ..26
Қосымшалар

Кіріспе

Курстық жұмыстың тақырыбы Қазақстан Республикасының банк жүйесінің
даму жолдары.
Бұл тақырыпты таңдаған мақсатым – қазіргі біздің банктік жүйенің
мақсаты мен міндеттері негізінен экономиканы жалпы басқарудың мақсаттары
кішігірім жүйелері ретінде экономиканы басқарудың жалпы мақсатына жетуді
қамтамасыз ететін, өзіне тән міндеттерін орындайды.
Экономиканы басқару органы ретіндегі банктің рөлі оның өзінің
қызметтерін орындау үрдісінде және банк ісін ұйымдастыруда жалпы
принциптерді сақтауда көрініс табады. Экономиканы басқару процесінде
банктер негізінен басқарудың экономикалық қатынастарын көрсетеді, әр
қоғамның экономикалық қатынастары ең алдымен мүдде өндірістің мақсаты, яғни
оны қозғаушы фактор болып табылатын әдістемелерді пайдаланады.
Банктер басқарудың экономикалық әдістері мәселен, несиелеу арқылы,
экономикалық әртүрлі буындарының қарыз қаражаттарындағы қажеттіліктерін
әртүрлі несиелермен немесе қолма-қолсыз есеп айырысу арқылы экономиканың
үздіксіз қызмет етуіндегі қажеттілігін қанағаттандырады, қоғамдық өнімнің
тоқтауынсыз қозғалысын қамтамасыз етеді.
Нарық экономикасына өту жағдайында және экономикалық дағдарысты жоюда,
макроэкономикалық тұрақтылыққа қол жеткізуге Қазақстан Республикасының банк
жүйесі маңызды рөл атқарады.
Банктік жүйе – нарықтық экономиканың ең маңызды және біртұтас
құрылымдарының бірі.

I. Қазақстан Республикасының банк жүйесі.
1. Қазақстандағы банктік жүйенің даму тарихы.
Кеңес үкіметі кезінде Қазақстанның өзінің банктік жүйесі болған жоқ,
себебі Республика аумағында КСРО-ның орталықтандырылған несие жүйесінің
филиалдары мен бөлімдері қызмет етті. Осыған байланысты банктік жүйенің
тарихы КСРО мен революцияға дейінгі Ресей тарихымен тығыз байланысты.
Патшалық Ресейдің банктік жүйесіне: мемлекеттік банк, акционерлік банктер,
қалалық банктер, ипотекалық несие банктері мен басқа несиелік мекемелер
кірді.
Ресейдің мемлекеттік банкі (өз қызметін 1860 жылы бастады) барлық
несие жүйесінің Орталық банкі болып табылады. Ол айналымға қарыз ақша
шығарудың монополиялық құқығына ие болды. Сөйтіп, 1914 жылы Ресейдін
Мемлекеттік банкі бұл іске барлық акционерлік, коммерциялық банктердің
салымдары мен ағымдары шоттардың жартысынан көбін және есептік-қарыздың
операциялардың ⅓ бөлігіне жуығын жұмылдырды. Басқа елдердің орталық
эмиссиондық банктеріне қарағанда, Ресейдің Мемлекеттік банкі тек банктерді
ғана емес, сонымен бірге, өнеркәсіпті, сауданы, қор жинаушыларды да
несиелендірді. 1914 жылдың қарсаңында ол 10 кеңсе, 124 бөлім мен
мемлекеттік қазынашылықтың 791 тіркелген кассасына иелік етті.
Акционерлік коммерциалық банктер (47 банк, 743 филиалымен) қарыз
капитал нарығында басымдық жағдайға ие болып, 1914 жылы шоғырланудың жоғары
дәрежесіне жетті.
Орта және ұзақ буржуазиялық қызмет көрсету үшін мынадай ұзақ несиелік
мекемелер қызмет атқарды: өзара беру қоғамы (11081), қалалық қоғамдық
банктер (343).
Ипотекалық несие жүйесі – мемлекеттік дворяндарды жер банкімен
мемлекеттік жер банкі, 10 акционерлік жер банктері, 36 қалалық несиелік
банктер мен ипотекалық несиенің басқа да банктерінен құрылды.
Несиелік мекемелердің ішінен, әсіресе деревнялардағы дәулетті
адамдарға қызмет көрсететін несиелік кооперация кеңінен танылды. Ол қарыз –
жинақ кассаларымен несиелік серіктестіктерден тұрды.
1917 жылғы Қазан революциясынан кейін банк ісін ұйымдастыруда
мемлекеттік монополия қағидасы іске асырылды. Елде мемлекеттік банк
құрылды, кеіннен жеке коммерциалық және басқа да банктерді ұлтшылдандыру
нәтижесінде, бәрі бір мемлекетке жататын, салалық және аумақтық банктер
құрылды. Банктік жүйенің бір құрамдас бөлігі мемлекеттік еңбек жинақ
кассалары болды.
Кеңес үкіметінің алғашқы жылдарында мемлекеттік банктермен бірге:
кооперативтік және жеке, мемлекеттік-капиталистік, соның ішінде шетел
капиталының қатысуымен де мемлекеттік емес несиелік мекемелер құрылды. 1922
жылы деревиалар мен майдангерлік өнеркәсіпті жандандыру мақсатын көздеген
несиелік және қарыздық – жинақ серіктестіктері мен олардың ондағы
ұйымдастырыла бастады. 1924 жылы ауылшаруашылық кооперацияларына салым
қабылдау, қарыз берумен есеп айырысудағы делдалдық нысанында несиелік
операцияларды жүргізуге рұқсат етілді. 1926 жылдың 1 сәуір қарсаңында КСРО-
да 16185 серіктестіктер құрылған еді, бұлардың ішінде 2426 – несиелік және
қарыздық жинақ, сондай-ақ 12424 – ауылшаруашылық серіктестіктері болды.
1922 жылдан бері сауданы, өнеркәсіпті несиелендіру үшін өзара
несиелендіру қоғамы, сонымен бірге, Оңтүстік Шығыс мемлекеттік-капиталистік
акционерлік банк және шетел капиталының қатысуымен Ресейлік коммерциалық
банк құрылды.
Экономикалық социалистік секторының дамуына қарай кооперативтік және
жеке несиелік органдар өз маңызын жоғалтты және қызметін тоқтатты.
Ауылшаруашылығын ұжымдастыру несиелік кооперацияны қажет етпей, оны 1931
жылы таратты. Жеке секторды сауда және өнеркәсіп саласынан ығыстыру өзара
несиелендіру қоғамы қызметінің оралуына әкеп соқты. Басқа несиелік органдар
қызметтері мемлекеттік салалық банктерге: Промбанк, Цеканбанк, Всекомбанк,
Орталық ауылшаруашылық банк және 1922-1925 ж.ж. құрылған басқа да банктерге
көшеді.
КСРО-да 1930-1932 ж.ж. жүргізілген несиелік реформаның нәтижесінде
жаңа қағидаларда салалық банктер ұйымдастырылды. Капитал жұмсалымдарды
қаржыландыру және несиелендіруге байланысты 4 арнайы банктер құрды.
Өнеркәсіп және электр шаруашылығының несиелендіру банкі - өнеркәсіп
және электр шаруашылығының күрделі құрылысын қаржыландыру банкі (Промбанк)
болып қайта құрылды. Ол 1959 ж. Таратылған КСРО Құрылыс банкі болып қайта
ұйымдастырылды.
Социалистік жер бөлінісін қаржыландыру банкі (КСРО Ауылшаруашылық
банкі) көптеген несиелік серіктестіктер мен Республикалық ауылшаруашылық
банктердің орнына (1959 ж. оның қызметтері КСРО Мемлекеттік банкі мен
Құрылыс банк арасында үлестірілді) ұйымдастырылған.
Кооперация құрылысын күрделі қаржыландыру банкі (Всекомбанк) жалпы
Ресейлік кооперативтік банк негізінде (1939 ж. Всекомбанк өз жұмысын
тоқтатты, ал оның активтері мен пассивтері 1959 ж. Тартылған КСРО Сауда
банкіне берілді) құрылған.
Коммуналдық және тұрғын үй құрылысын қаржыландыру банкі (Всекомбанк)
1959 ж. тартылды да оның қызметтері КСРО Құрылыс банк пен Мемлекеттік банк
арасында үлестірілді.
Барлық салалық банктер саланы қаржыландыру және ұзақ мерзімді
несиелендірумен айналысты. Ал КСРО Мемлекеттік банкінде халық
шаруашылығының барлық салаларын қысқа мерзімді несиелендіру
шоғырландырылды. КСРО Мемлекеттік банкінің барлық несие жүйесінің орталық
және жетекші бөлімі ретінде рөлі одан әрі арта түсті. Барлық кәсіпорындар
мен ұйымдардың есеп айырысу мен ағымдық шоттары КСРО Мемлекеттік банкінде
шоғырландырылды.
Одақтас Республиканың барлығында, соның ішінде, Қазақстанда барлық
банктердің Республикалық мекемелері ұйымдастырылды. Бұның өзінде банк
ісінің ұйымдастырылған принципі банктердің жоғары билік органдарына
бағынуы, қандай да бір жергілікті ережелердің бекітілуіне жол бермеу
сақталды.
Сонымен қатар, тәжірибеде берілген банктерде ақша айналымын
шоғырландыру қағидасы жүзеге асырылды, соның ішінде, әрбір кәсіпорын ұйым
немесе мекеме тек бір банкте ғана есеп айырысу немесе ағымды шот ұстай
алды. Осы банкте олар өз ақшалай қаражаттарын сақтады, несие және қолма-қол
ақшалар алды, ол арқылы барлық қолма-қол емес есеп айырысу операцияларын
жүргізді.
КСРО-да банктік реформа 1987-1988 ж.ж. жүргізілді. Нәтижесінде, КСРО
Мемлекеттік банкі мен КСРО Құрылыс банкін (Стройбанк) құру негізінде:
Өнеркәсіп құрылыс банкі (Промстройбанк), Агроөнеркәсіп банкі және тұрғын үй
әлеуметтік (Жилсоцбанк); КСРО Мемлекеттік банкінің құрамына кіретін жинақ
кассалары жүйесінің негізінде: Жинақ банкі, ал Сыртқы сауда (Внешторгбанк)
негізінде: Сыртқы экономбанк (Внешэкономбанк) құрылды. КСРО Мемлекеттік
банкі кәсіпорындармен ұйымдарға кассалық және несиелік – есеп айырысу
қызмет көрсетуін тоқтатты. Ол елдін Орталық банкі деп жарияланды.
Мамандандырылған банктердің құрылымы әкімшілік-аумақтық принцип
бойынша құрылды. Одақтас Республикаларда Республикалық банктер және
облыстарда банктерді басқару ұйымдастырылды. Банктердің аудандар немесе
қала деңгейінде өз мекемелері болды. Олар алғашында мына принцип бойынша
құрылды: ауданда клиенттері басымырақ болса, онда мамандандырылған
банктердің, осы ауданда бір мекемесі құрылды. Тек КСРО Жинақ банкі ғана
ерекшеленеді, себебі оның мекемелері әр ауданда, колхозда және совхозда
болды. Мамандандырылған банктердің, төменгі буыны өзінің мамандануына
қарамастан, ауданның барлық клиенттеріне қызмет көрсетті. Негізінен
банктердің мамандануы тек басқару деңгейіне ғана көрінді, ал төменгі
мекемелері әмбебап несиелік мекемелерге айналды. Олардың ауданының, яғни
барлық саланың кәсіпорындарына қызмет көрсетілеріне тура келді.
Олар банктердің саны бойынша 4 несиелік жоспарға ие болды. Көрсетілген
банктердің салаларға жатуы, олардың клиенттерінің әмбебаптығымен қарсы
келді, бұл өз алдында ең алдымен несиелік ресурстарды құрумен байланысты
бірқатар мәселелерді тудырды. Бұл қаражаттардың өзара аймақаралық есеп
айырысу жүйесі арқылы банктен бақылаусыз банкке тасқындай құйылуымен
күрделене түсті. Әрбір банк өз ресурстары шеңберінде жұмыс істеу үшін КСРО
Мемлекеттік банкінде ашылатын корреспонденттік шоттар бойынша банк аралық
есеп айырысуға көшу қажет болды.
КСРО Мемлекеттік банкінен бөлінген коммерциялық банктер негізінен
мамандандырылғандар ретінде қызмет етті, әр банк белгілі бір салада
(өнеркәсіп, құрылыс, ауылшаруашылық, сыртқы сауда) монополияға ие болды.
Олар өз кәсіпорындарын қаржыландырып, несиелендіріп отырды, көбіне осы
кәсіпорындардың өміршеңділігін, падалылығын, негізделгенін ескермей төмен
пайыздармен қаржыландырды. Осы банктердің активтерінде залалды мемлекеттік
кәсіпорындардың уақыты өткен саласыз қарыздардың мөлшері басымырақ болады.
Жалпы алғанда банктердің мамандандыруы банк жүйесінің жұмысын
матастырып жіберді, оны монополиядан босатқан жоқ, несиелік механизмге
түбегейлі өзгеріс енгізген жоқ, керісінше, аумақтырақ және көп бөлімді,
шығынды сипатқа ие болды, алғашқы бөлімнің әлсіреу кезінде бюрократтық
аппараттық жоғары деңгейлерінің өсуі көрініс тапты. КСРО Мемлекеттік
банкінің ролі әлде қайда әлсіреп кетті, ол мамандандарылған банктердін
жұмысына ықпал ете алмады.
Осы жағдайдан шығудын бір жолы банктік реформаны жүргізу, яғни банк
жүйесін батыстағы үлгідегідей екі деңгейлі жүйеге көшуін жүзеге асыру болып
табылады.
Тұрмысты социалистік тұрғыдан сараптау барысында ғасырлар бойы
қалыптасқан қаржы нарығының институттары мен құралдары мақсатты түрде
жойылып отырды. Утопиялық идеологиялық концепция негізінде үлкен көріксіз
КСРО Мемлекеттік банкі түріндегі бір деңгейлі банктік пирамида құрды, ол өз
астына несиелік жүйені түгелдей басып алды және бәсекелестіктің
элементтерін, жарыс пен тәуекелділікті толығымен жойды.
Өз тәуелсіздігін алғаннан кейін 1990 жылдың желтоқсаныңда Қазақстан
бірден нарықтық экономика талаптарына жауап беретін меншікті банктік
жүйесін құруға кірісті. 1991 жылдың қаңтарында, елдегі банктік реформаның
бастамасы болып табылатын, Қазақ КСР-дағы банктер және банктік қызмет
туралы Заң қабылданды. Республикалық Мемлекеттік банк облыстық
басқармалары мен бөлімшелері бар ҚР Ұлттық банкіне айналды. Республикалық
Өнеркәсіп құрылыс банкі акционерлік-коммерциялық Тұран банкіне,
Агроөнеркәсіп банк – Қазақстан Республикасы акционерлік-коммерциялық
Агробанкіне, Республикалық Жинақ банкі – ҚР акционерлік-коммерциялық Жинақ
банкіне ауысты. 1993 жылы бұл банктер акционерлік болып қайта өзгерді, ал
Жинақ банкі Қазақстан Республикасы Халықтық банк деген атқа ие болды.
1989 жылдың басынан бастап, алғашқы коммерциялық, аралас,
кооперативтик, жеке банктер пайда бола бастады. Осы жылы Интеринвестбанк
КРАМДСбанк сияқты және т.б. коммерциялық банктер құрды.

2. Екі деңгейлі банк жүйесін құру.

Қазақстан Республикасының қазіргі банк жүйесінің құрылуы 1990 ж.
желтоқсанда ҚазКСР-ның Жоғары Кеңесі қабылдаған Банктер және банк қызметі
туралы Заңынан бастау алады. Заңға сәйкес республикада екі деңгейлі банк -
ҚазКСР-ның Мемлекеттік банкі және төменгі (екінші) деңгейдегі банк –
коммерциялық банктер жүйесі.
Банк - өзінің жарғысы бар, толық шаруашылық есеп және өзін-өзі
қаржыландыру негізінде қызмет жасайтын заңды тұлға. Ол ақша қаражатын
тарту, орналастыру және басқа банктік операциялар жүргізетін мекеме. Қазақ
Кеңес Социалистік Республикасының территориясында жинақталған несие
ресурстары осы заң шыққан күннен бастап Республика меншігі болып саналады.
Мемлекеттік банк республиканың меншігі және оның Орталық банкі болып
саналады. Қазақстан территориясында біртектес ақшаны пайдалану және
біртектес ақша саясатын жүргізу мәселелері Одақтық шартта көрсетілген. Оның
айналымға монополиялы құқық пен ақша белгілірін эмиссиялауға, ақша несие
қатынастарын реттеуге, мемлекеттік бюджеттін кассалық жұмысын жүргізуге,
республика территориясында коммерциялық банктер рұқсат беретін құқығы бар.

Мемлекеттік банк осы Заң бойынша қызмет атқарып, ҚазКСР-ның жоғары
кеңесіне есеп береді, жер-жерлерде өз мекемелерін ашуға құқығы бар.
Мемлекеттік банктің басқару органы – оның басқармасы. Басқармалық
төрағасынын республиканың жоғары кеңесі алты жыл мерзімге бекітеді. Банктің
құрылымы мен міндеттері оның жарғысында белгіленеді.
Кәсіпорындардың, ұйымдардың, кооперативтер мен азаматтардың несие –
есеп жұмыстарын жүргізу үшін Республикасының территориясында коммерциялық
банктер мен басқа несие мекемелері ұйымдастырылды. Коммерциялық банктер өз
жұмысында осы Заңды және Қазақстан Қазақстан Мемлекеттік банкісінің
нұсқаулары мен ережелерін басшылыққа алады. Клиенттерімен шарттасып қызмет
көрсетеді. Коммерциялық банктер мен басқа несие мекемелері мемлекеттік,
ұжымдық, жеке және аралас (шетел капиталы қосылған) меншікте болуы мүмкін.
Қазақстан заңдарына сай Мемлекеттік банк деп (Орталық – Ұлттық банктен
басқа) капиталы толығынан үкімет иелігінде, немесе акционерлік капиталдың
басым бөлігі мемлекеттік құрылтайшылардың акциясы болғанда есептеледі.
Коммерциялық банктер өздерінің акционерлер жиналысында қабылданған
Жарғысы бойынша қызмет істейді. Сонымен бірге республика территориясында
шетел мекемелерімен бірігіп құрылған коммерциялық банктер қызмет істеуі
мүмкін. Егер банктің жарғылық капиталы қалыптастырғанда өзіміздің
мемлекеттік емес құрылым, немесе шетел мемлекеттік, я болмаса мемлекеттік
емес құрылымдары қатынасса, онда аралас банктің түрлері деп есептеледі.
Аралс банктер мынадай варианттарда құрылуы мүмкін: мемлекеттік –
кооперативтік жеке кооперативтік. Қосылып құрылған банктермен олардың
филиалдарының қызметі Қазақстан заңдарымен реттеледі.
Сөйтіп тәуелсіз Қазақстан Республикасының банк жүйесінің қалыптасуы
мен даму жолдарын 1-кестеде өрнектелгендей шартты түрде бірнеше кезеңге
бөлуге болады.
Бірнеше кезең, 1917 ж. мен 1930 ж. аралығы патшалық Ресейден қалған
банк жүйесін жаңадан қалыптастыру, бұл кезде әр түрлі меншіктегі банктермен
несие мекемелері қатар қызмет істеді.
Екінші кезең, 1930 ж. мен 1987 ж. аралығы - (патшалық Ресейден қалған)
елде КСРО Мемлекеттік банкі әмбебап қызмет атқарды, яғни ол мемлекеттің
орталық банкі ретінде эмиссиялау және беру қызметімен қоса клиенттерге де
қызмет көрсетті.
Үшінші кезең, 1988 ж. мен 1991 ж.ж. аралығы – елде мемлекеттік
маманданған банктердің құрылуы, яғни КСРО Мемлекеттік банкі Банктердің
банк ісі ретінде эмиссиялық, ереже, нұсқау және т.б. нормативтік актілер
шығарушылық, бақылау және басқа қызметтермен шұғылданып, ал маманданған
банктер экономиканың әр түрлі салаларына қызмет көрсетті. Сонымен бірге
1990 ж. басында кооперативтік және коммерциялық банктерде құрыла бастады.
Төртінші кезең, 1991 жылдан қазіргі уақытқа дейін – нарықтық банк
жүйесінің қалыптасу кезеңі, яғни тәуелсіз республиканың нарықтық
қатынастарға өту жағдайында екі деңгейлі банк жүйесінің пайда болуы және
дамуы.
Қазіргі уақытта экономикасы нарықтық типтен дамыған мемлекеттердің
барлығында дерлік екі деңгейлі банк жүйесі құрылып, белсенді түрде одан әрі
өрістеуде. Оның бірінші деңгейінде эмиссиялық, қадағалау, нұсқау, ереже
шығару, рұқсат ету және сол сияқты басқа қызметтермен шұғылданатын, ал
екінші деңгейінде клиенттерге қызмет көрсететін коммерциялық банктер
орналасқан. Бұл елдердің тәжірибесінде дәлелденгеніндей олардың банк жүйесі
ақша айналымын ұйымдастыратын орталық банк пен, ал кәсіпорындарды,
ұйымдардың және халықты несиелейтін коммерциялық банктерден құрылған.
Банктерді эмиссиялық және іскерлік (коммерциялық) деп бөлу Қазақстан
Мемлекетінің жаңа экономикалық механизмін құруға септігін тигізуде.

3. Банк жүйесінің ерекшеліктері.

Меншіктің нысанына қарай банктер мемлекеттік, акционерлік,
кооперативтік, жеке меншіктік және бірлескен банк болып бөлінеді.
Қазақстандық банктерге тән ерекшелік, олардың бәрі мемлекеттік банктен
басқалары, ашық не жабық түрдегі акционерлік қоғам болып қалыптасқан.
Әр түрлі белгілермен банктер: аймақтық, аймақаралық, ұлттық,
халықаралық, көп бөлімшелі, бөлімшесіз, ірі, орта және шағым болып та
бөлінеді.
Әр түрлі банктің жиынтығы осы елге тән өзара байланыстылығымен банк
жүйесін құрады. Банк жүйесі мынадай ерекшеліктермен сипаттандырылады:
1. Банк жүйесіне кейбір банк операцияларына қатынасы бар, бірақ Банк
деген мәртебесі жоқ элементтері де кіреді. Мысалы кейбір банк
операцияларын жүргізуге рұқсат алған арнаулы қаржы институттары,
басқа да банктің инфроқұрылымын құратын, және оның жұмыс істеуіне
әсер ететін мекемелер.
2. Банк жүйесінің өзінше ерекшеліктері бар. Бұл жүйе тек өзіне тән
қасиеттерді көрсетеді. Оның ерекшелігі өзін құрайтын элементтермен
және олардың арасында қалыптасқан қарым-қатынастармен анықталады,
әрине банк жүйесін зерттегенде алдымен осы жүйенің басты элементі
банктер көзге түседі. Өйткені, олар банк жүйесінде банктік мәнер
береді.
Дегенмен, банк жүйесінің мазмұны оның элементтерінің мазмұндарының
қосындысы деп түсінбеу керек. Банк жүйесінің мазмұны, тек әр түрлі
элементтерінің мазмұны ғана емес, олардың өзара байланыстарын
қамтитын, жаңа кеңірек мазмұнға енуі. Сөйтіп, банк жүйесінің
мазмұны, тек оның жеке элементтерінің мазмұнына ғана емес, оны
құрастыратын элементтердің өзара байланыстарына да көңіл аударады.
3. Банк жүйесін біртұтас жүйе деп ұғыну керек. Өйткені, жеке
бөліктердің өзара байланыстары керек болған күнде бірін-бірі
ауыстыруға бейімделген. Басқаша айтқанда, егер бір банк жұмысын
тоқтатса, оның клиенттері басқа банктерден бұрынғы қызметтерін
бұрынғы көлемде ала алады (пайдалана алады).
4. Банк жүйесі әр ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Коммерциялық банк және оның қызметтерін талдау және жетілдіру жолдары
Қазақстан Республикасының банк жүйесінің дамуын талдау және жетілдіру жолдары
Ұлттық Банктің банк жүйесіндегі алатын орны
Қазақстанның банктік жүйесі
ҚАЗАҚСТАННЫҢ БАНК ЖҮЙЕСІНІҢ ҚАЛЫПТАСУ ТАРИХЫ
Банк жүйесі туралы
Қаржы секторы
Қазақстаннның банк жйесінің дамуына және ондағы мәселелер мен оларды шешу жолдары
Коммерциялық банктердің экономикадағы қызметі және операциялары
КОММЕРЦИЯЛЫҚ БАНКТЕРДІҢ ДЕПОЗИТТІК ОПЕРАЦИЯЛАРЫН ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ
Пәндер