Қазіргі қоғам және мұғалім


Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   

Жоспар

Кіріспе

1. Қазіргі қоғам және мұғалім

2. Мұғалімнің қызметі және оған сипаттама

3. Мұғалімдердің оқушыға деген тәрбиесі

Қорытынды

Әдебиеттер тізімі

Кіріспе

Елдің әлеуметтік-экономикалық дамуын жетілдіру жағдайында, адам факторын жандандыру және ізгілікті демократиялық жан-жақты дамыған жеке адамын қалыптастыруда мұғалімнің алатын рөлін көрсету. Педагогикалық еңбектің ерекшелігіне сипаттама беру, мұғалімнің жеке басына қойылатын талаптарды түсіндіру. Мұғалімнің мәртебесі шәкірттер үшін өте жоғары. Өйткені оқушыны алғаш мектебін ашқанда қабылдайтын да, алғашқы әріп пен есепті үйрететін де, соңғы мектеппен қоштасарда да шығарып салатын да осы қарастырайын деп отырған тақырыптағы мұғалім болып табылады.

Жалпы білім беру ісін қайта құру сонымен бірге оқу тәрбие жүйесін жаңа сатыға көтеру міндеттерін мұғалімсіз жүзеге асыру мүмкін емес. Еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуын жетілдірудің программалық міндетін шешу жас мамандардың кәсіби біліктілігіне, мәдениетіне, рухани кемелдігіне тікелей байланысты. «Халық мұғалімі - жасөспірімнің рухани дүниесінің мүсіншісі, қоғам өзінің ең қымбаттысы, ең құндысы - баларды, өзінің үмітін, өзінің болашағын сеніп тапсыратын сенімді өкілі. Осы аса ізгі және аса қиын кәсіп, бұған өз өмірін арнаған адамнан тұрақты шығармашылықты, ойдың тынымсыз жұмысын, орасан зор жан жомарттығын, балаларға сүйіспеншілікті, іске шексіз адамдықты талап етеді» Мұғалім - адамды қалыптастыратын, адамды адам етіп тәрбиелейтін мамандық иесі. Тәрбие деген атаулы ұғымның пайда болғанынан бері бұл қызметтің ең беделді, әрі ең білгір адамдарға тапсырылатыны сондықтан. Осыға орай мұғалім - тәрбиешілердің еңбегіне қоғамда зор мән берілген. Сонымен, қоғамның әлеуметтік-экономикалық дамуының жаңа кезеңінде адам тәрбиесі, бір жағынан, қоғамның өзіне қажетті негізгі міндеті болуымен қатар, екінші жағынан, қоғамның одан әрі алға дамуына мүмкіндік жасайтын жағдай болып табылады. Сондықтан, бұл күндері тәрбие барған сайын қоғамдық өмірдің барлық саласына еніп, жалпылық сипатқа айналуда.

Қазіргі қоғам және мұғалім

Ұстаздың шеберлігі - талантты қажет ететін ерекше бір өнер емес, бірақ, ол басқа да мамандарды шеберлікке үйретуде қажет болатын мамандық. Жас ұрпақ тәрбиесіне бүкіл ғұмыры мен қажыр-қайратын және бойындағы асыл сезімдерін бағыттаған мұғалімдерді айтуға болады.

Ұлы ғұлама Әл- Фараби: "Ұстаз . . . жаратылысынан өзіне айтылғанның бәрін жете түсінген, көрген, естіген және аңғарған нәрселердің барлығын жадында жақсы сақтайтын, бұлардың ешнәрсесін ұмытпайтын . . . алғыр да аңғарымпаз ақыл иесі . . . , меніңше шешен, өнер-білімге құштар қанағатшыл жаны асқақ және ар-намысын ардақтайтын, жақындарына да, жат адамдарына да әділ . . . , жұрттың бәріне . . . жақсылық пен ізеттілік көрсетіп . . . қорқыныш пен жасқану дегенді білмейтін батыл, ержүрек болуы керек" дейді.

Еліміздің болашағы бүгінгі мектеп қабырғасындағы ұрпақ екені даусыз. Ертең ел тізгініне ие болар жеткіншектеріміздің ғаламдық өркениеттен қалып қоймай, білімді, тәрбиелі, жан- жақты болып қалыптасуының қамтамасыз етілуі - мемлекеттік маңызы бар іс. Бүгінгі таңда білім саласында түбегейлі өзгерістер жүріп жатыр. Осы өзгерістерді жүзеге асыру, әсіресе, ұстаздарымыздың біліміне, кәсіби шеберлігіне көп байланысты. Парасаттылықты, адалдықты шәкірттерінің бойларына жас кезінен ұялататын ұстаздар десек, қателеспес едік. Сондықтан да ұстаз еңбегіне еш баға жетпек емес.

"Ұстаз дегеннің өзі - биік атауға тең. "Болмасаң да ұқсап бақ, бір ғалымды көрсеңіз!"- деп ұлы данышпан Абай айтып кеткендей, және де ұстаздың өзі- адам құндылықтарды терең сіңірген, рухани жаны таза адам болуы, қазір жаңалықтар легімен енген соны технология, технологиялық дәуір. осыған орай қазіргі кезеңнің талабына сай өскелең ұрпақты білімді, мәдениетті, ұшқыр ойлы, халқының салт-дәстүрін дәстүрлей білетін, туған Отанын, жан- тәнімен сүйетін азамат дәрежесіне тәрбиелеу және осыған жетелеудің өзі педагогикалық шеберлік демекпін.

Абай атамыздың: «Ақырын жүріп анық бас, Еңбегін кетпес далаға. Ұстаздық еткен жалықпас, Үйретуден балаға» - деп айтқанындай, мұғалім үшін кәсіби шеберлікке жету, өз мамандығының данышпаны болу бір күнде пайда болатын дүние еместігін біз жақсы түсінеміз және өмір бойы ізденішулікті, зерттеушілікті талап ететін мамандық екенін анық аңғарғанда ғана толық нәтижеге жетуге болады. Мұғалімнің әрбір сөзі мен ісі, қимылы, киімі, аяқ алысы, жүрісі, көзқарасы психологиялық және ізгілік тұрғысынан шәкірт жүрегінен үлкен орын алады. Әрбір ұстаз үшін оқу - тәрбие процесін ұйымдастыруда мол білімділікті, ақылдылықты, дұрыс іскерліктер мен дағдыларды қолдануды қажет етеді. Осы ретте кейбір мәселелерді жаңаша көзқараспен қарастыруды жөн деп есептей отырып, мынадай эталондарды атап өтуге жөн көрдік:

- сабаққа педагогикалық - психологиялық талдау жасау;

- дамыта оқыту жүйесінің мәні мен міндеттері;

- сабақты ұйымдастырудың педагогикалық - психологиялық негіздері;

- мұғалім жұмысының шығармашылық сипаты.

Мұғалімнің қызметі және оған сипаттама

Мұғалімнің кәсіби шеберлігі, зерттеушілік қызметі мұғалімдік жұмысқа дайындық барысында, іс - тәжірибеде және қайта даярлау кезінде қалыптасып тәрбиеленеді.

Ұлы ұстаз Ахмет Байтұрсынов «Білім - біліктілікке жеткізер баспалдақ, ал біліктілік - сол білімді іске асыра білу дағдысы» - деп бекер айтпаған.

«Біліктілік» деп қандайда бір еңбектің түріне дайындалудың, дайындық дәрежесінің деңгейін айтады. Кез-келген қызметкер біліктілігін ұдайы жетілдіріп отыруы қажет.

Білім сапасының арттырудың кілті педагог қолында десек, оның білімін жетілдіру басты роль атқармақ. Егер педагог мамандардың біліктілігін жүйелі арттырса, онда үлкен жетістікке қол жеткізуге болары анық. Мұғалімдердің біліктілігін жетілдіру екі бағытта жүргізілуі тиіс:

1. Мұғалімнің кәсіптік жұмысының мәнін үйлесімді өзгерту, яғни басты қызметтік нұсқауды орындау емес, күтетін нәтижеге жету үшін оқу үрдісін шығармашылықпен үйлестіру.

2. Білім беру асында мұғалімнің зерттеушілік бағыттағы қызметін күшейтуге байланысты мұғалімнен кәсіптілікті кеңейтуді талап ету.

Біліктілікті арттырудың негізгі аспектілерінің ішінен мыналарды бөліп алуға болады:

1. Қызметтік (Мақсаты, міндеті, жұмыс мазмұны, формасы, әдістер және нәтижесі) .

2. Мазмұндық (Әдістемелік, ғылыми-теориялық білімді практикада қолдана білуге жағдай туғызу) .

3. Басқарушылық (Талдау, жоспарлау, ұйымдастыру, бақылау, танып-білу. )

Осы 3 аспект бойынша біліктілігін жетілдірген маман өз қызметіне талап деңгейінде қарайтыны белгілі.

Ұстаздар үздіксіз ізденіп, өз білімін үнемі жетілдіріп жаңа педагогикалық әдіс-тәсілдерді қолданып отырса ғана өзінің кәсіби шеберлігін арттырады.

«Мұғалім-өзі де оқуы керек . . . » - деп П. Ф. Каптеров айтқан еді.

Мұғалімнің өздігінен білім алуына нақты көмек көрсету үшін, тұлғаның кәсіптік қызмет саласындағы қажеттіліктерін, сұраныстарын, мүдделерін білуі қажет. Арнайы ұйымдастырылған әдістемелік жұмыс мұғалімнің жеке қажеттіліктерін ескеріп құрылуы тиіс. Мұндай жағдайда мұғалім біліктілікті арттырудың ұжымдық нормаларына қатыса отырып, өзін қызықтыратын мәселелерге жауап табатын болады.

Педагогикалық шеберліктің негізгі белгілері: кәсіптік білім, біліктілік, дағды, кәсіптік қабілет, педагогтік әдептілік, педагогикалық техника жатады.

Мұғалімдердің оқушыға деген тәрбиесі

Оқушылардың оқуға деген саналы көзқарасын тереңдету және ақыл - ойға деген белсенді сезімін ояту, таным міндеттерін алға қоюға проблемалық жағдайлар жасауға және оқушылардың белсенділігін қолдайтын басқа да бірсыпыра әдістер мен методтарды қолдануға ықпал жасайды.

Меңгеруге деген саналылық есте сақтаудың ең маңызды шарты болып табылады. Мысалы, жарқын да жадында қалған түсінікті бейне жасаған өлең жолдары зердеден оп-оңай-ақ орын алады, ұмытылмайды және оның керісінше, түсініксіз де жанды тебірентпейтін санаға жетпейтін өлең жолдарын ойда сақтау аса қиын.

Тек саналы меңгеру ғана жаңа білімді бұрынғы біліммен түсініктер қорына қосуға, олырды топтап, реттеуге, пәндер ішіндегі және пән аралық тұүтастай байланыстарды бақылап отыруға мүмкіншілік береді.

Саналық көз қарас тек білімді меңгеруге ғана емес, сондай-ақ іскерлік пен дағдыны қалыптастыруда да сондай көз-қарас болуға тиіс. Оқушылар бірдеңені қалай болса солай жасап, қалай бітіру қажет екенін де біледі және түсінеді.

Шындығын айтсақ, кейбір сәттерде, іскерлік пен дағдыны қалыптастыру жөніндегі жұмысқа саналы көзқарас пен көп шұғылданып кету теориялық білімнің ролін асыра бағалауға апарып соғады. Мысалы, мұнан бірнеше жыл бұрын, орыс жәіне шетел тілдерін оқыту үстінде тіл және грамматикалық білімді меңгеру туралы ережені түсіндіруге аса көп күш жұмсалды. Оқушы мұнда мына әріптің олай емес, былай айтылатынын, сөзде қанша әріп, қанша дыбыс бар екенін, мақұлдау сөйлемінен кері сөйлемге аударып қайта жасау үшін не істеу керек екендігін және т. б. түсіндіруге тиісті болады. Ал осылардың салдарынан, сөз сөйлеу практикасына және практикада сөз құрап сөйлеу білуге, дағдылануға уақыт өте аз қалатын болады.

Ережелерді саналы түрде меңгеру мен оларды саналылықпен пайдалану практикасын сәйкестендірудің сәтті формасы Липецк мұғалімдерінің кенңінен қолданып отырған жаттығулар түсініктемелері болып табылады. Оларды орындай отырып, оқушылар өздерінің әрекет - қимылдарын, сырттай есіттіріп, талқылағандай етіп, тез де ықшамды түсінідіреді.

Саналылыққа сүйенбейінше білімді бақылау кезеңдерінің оларды іс жүзінде пайдалануының дұрыстығын қадағалаудың еш бір мәні жоқ. Өздігінен оқу және белсенділігін дамыту үшін, жалпы алғанда оқуға деген саналы көзқарас болмайынша, соншалық үлкен маңызы бар - өзін-өзі бақылау болуы мүмкін емес.

Білімді меңгеруге өте жиі бақылау жасау мұғалімге оқушылардың білімін тексеріп, оларға баға қою үшін ғана қажетті шара ретінде түсіндіріледі. Мұнымен бірге, бұл бақылаудың еңі алдымен оқушының өзіне керек екені мүлде естен шығарылып қалып жүр. Бақылау мен өзін-өзі бақылаудың тиімділігіне кейбір ұғымдардың теңестірілген, қорытынды жасаудың дәл дұрыстығы тәуелді болып шығады.

Жүйелілік мұғалімнің жалпы ұйымдастырушылық жұмыс әдістерінен де орын алды: Оның оқушыларға талап қою жүйесінде (мысалы, жауап беруге күнделігі мен дәптерін алып шығу талабы), мұнан оның өзі де шегінбеуге тиіс, сабақ жүргізу жүйесінде сабақтың жоспарын хабарлау, жұмыстың жаңа түріне көшу туралы құлақтандыр және т. б.

Мұғалім жұмысыныдағы жүйелілік деген бір ізден таймау, не аумастан бір қалыптан шықпау деген сөз емес. Сабақты үнемі түрлендіріп, жаңартып, әр түрлі әдіс тәсілдерді қолданып отыруға болады. Бірақ мұнда жалпы талап жүйесі материалдың әр бір жаңа бөлімдері мен жұмыста орнатылған тәртіппен бір ізділік бұзылмайды. Бұүған білімнің әрбір жаңа қадамын: жаңаны баяндау және қабылдау оны бекіту, үлгерімін тексеру, белгілі бір ізгілікті талап ететін оқу процесінің құрылымының өзі ықпал жасайды.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бастауыш мектеп мұғалімі
Педагогикалық кəсіп жəне оның қазіргі қоғамдағы рөлі
Жаңа тұрпатты бастауыш сынып мұғалімдерін даярлаудағы құзырлық қатынасты қалыптастырудың әдістемелік негіздері
Мұғалім және оның қазіргі қоғамдағы орны
Мұғалім психологиясы оның педагогтық қызметі
Тарихшы мұғалім әрекетінің құрылымы мен мазмұны
Педагогикалық мамандықтың пайда болуы және қалыптасуы
Қазіргі қоғамдағы педагогикалық өзгерістер
Болашақ тарих пәні мұғалімінің кәсіби маңызды сапаларын қалыптастырудың көкейкесті мәселелері
Мұғaлім мәртебесі бaспa беттерінде
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz