Бала жанының бағбаны
1 Ұлағатты ұстазым еді
2 РУХҚА ТАҒЗЫМ!
3 ЖАС ТА БОЛСА, БАС БОЛҒАНДАЙ
2 РУХҚА ТАҒЗЫМ!
3 ЖАС ТА БОЛСА, БАС БОЛҒАНДАЙ
Түрікменстанда әскери қызметте жүрген шағымда, Қазақстан Жазушылар одағына, Сәбит Мұқанов атына көлемді әңгіме жіберейін. Оны поштаға тапсырысымен-ақ (тиісті қолға тиеді, оқиды да, таңдай қағады, таңданады, «керемет әңгіме келіп түсті» деп, тиісті адамдар бірімен-бірі хабарласып, таласа-тармаса оқиды, содан кейін оны баспасөзде жариялап, қазақ аспанында тосын туған тағы бір жұлдызды жалпақ жұртқа таныстырады деген ойға малданып) Түрікменстанның бір қаласына сыймай, төрт-бес ай жүрейін. Ақыры көптен күткен хатым да келді. Толып жатқан сөздің тобықтай түйіні, әңгіме баспаға ұсынуға жарамапты. Аяғына «Сейітжан Омаров» деп қол қойылған. Ол кісінің аты-жөнімен тұңғыш рет осылай кездестім. 1953 жылы өзімен кездесудің сәті түсті. Германиядан демалысқа келерде «Комендант» атты романымның қолжазбасын көтере келейін. Алдымнан Секеңнің өзі шықты. Ағалығы өңінен де байқалатын жылы жүзді адам екен. Қолжазбамды тапсырып, Алматыда біраз жүрдім. Кетерімде соққанымда, Секең жылы лебізін білдіріп, «Германияда қазақ кітаптары жоқ шығар» деді. «Енді болады» дедім мен, – бір шабадан кітап апара жатырмын». «М.Әуезовтің «Абайы» бар ма?» «Бар. Сәбеңнің «Сырдария» романы да бар» дедім. «Сен солардан әдеби образдардың жасалуын үйрен» деді. Германияға барысымен, алдымен Секең атаған романдарды оқыдым да, образдар жасау жайлы ойлана бастадым. Абайдың әкесі Құнанбайдың бір көзі жоқ екен. «Сырдариядағы» Раушан деген әйелдің бір аяғы жоқ екен. Ал менің романымда мұндай ақауы бар кейіпкерлер жоқ қой.
Бала жанының бағбаны
Бала жанының бағбаны
Сейітжан ОМАРОВ есімі балалар әдебиетінде құрметпен аталынып, көрнекті
орынды иемденеді. Соғыс жылдарында қаламы мен қаруын қатар жұмсаған
майдангер-журналист, кейінгі қаламдастарының үлкен қамқоршысы ретінде де
белгілі. Әдебиетке 30-жылдары келген буынның өкілі болып саналатын ол
әдебиет тарихында қазақ балалар және жасөспірімдер әдебиетінің негізін
жасаушы және дамытушы, қызықты әңгімеші, шынайы суреткер ретінде қалды.
Бүгін Алматыдағы Ғ.Мүсірепов атындағы балалар мен жасөспірімдер театрында
балалар әдебиетінің көрнекті көшбасшыларының бірі болған жазушының 100
жылдығына арналған салтанатты шара өтеді. Осы мерейтой қарсаңында біз
жазушының қос шәкіртінің ыстық лебізін жазып алған едік.
Қалмұқан ИСАБАЕВ, майдангер-жазушы:
Ұлағатты ұстазым еді
– Түрікменстанда әскери қызметте жүрген шағымда, Қазақстан Жазушылар
одағына, Сәбит Мұқанов атына көлемді әңгіме жіберейін. Оны поштаға
тапсырысымен-ақ (тиісті қолға тиеді, оқиды да, таңдай қағады, таңданады,
керемет әңгіме келіп түсті деп, тиісті адамдар бірімен-бірі хабарласып,
таласа-тармаса оқиды, содан кейін оны баспасөзде жариялап, қазақ аспанында
тосын туған тағы бір жұлдызды жалпақ жұртқа таныстырады деген ойға малданып)
Түрікменстанның бір қаласына сыймай, төрт-бес ай жүрейін. Ақыры көптен
күткен хатым да келді. Толып жатқан сөздің тобықтай түйіні, әңгіме баспаға
ұсынуға жарамапты. Аяғына Сейітжан Омаров деп қол қойылған. Ол кісінің
аты-жөнімен тұңғыш рет осылай кездестім. 1953 жылы өзімен кездесудің сәті
түсті. Германиядан демалысқа келерде Комендант атты романымның қолжазбасын
көтере келейін. Алдымнан Секеңнің өзі шықты. Ағалығы өңінен де байқалатын
жылы жүзді адам екен. Қолжазбамды тапсырып, Алматыда біраз жүрдім. Кетерімде
соққанымда, Секең жылы лебізін білдіріп, Германияда қазақ кітаптары жоқ
шығар деді. Енді болады дедім мен, – бір шабадан кітап апара жатырмын.
М.Әуезовтің Абайы бар ма? Бар. Сәбеңнің Сырдария романы да бар
дедім. Сен солардан әдеби образдардың жасалуын үйрен деді. Германияға
барысымен, алдымен Секең атаған романдарды оқыдым да, образдар жасау жайлы
ойлана бастадым. Абайдың әкесі Құнанбайдың бір көзі жоқ екен. Сырдариядағы
Раушан деген әйелдің бір аяғы жоқ екен. Ал менің романымда мұндай ақауы бар
кейіпкерлер жоқ қой. Тегі Секең осыны айтты-ау. Ендеше, осындай кемдігі бар
кейіпкерлер жасау керек дегенге келдім. Жасадым. Енді бас кейіпкерімнің бір
көзі жоқ, қызы бір аяқсыз болып шықты. Келесі жылы демалысқа келгенде
романымды Секеңнің алдына тағы қойдым. Қайтар шағымда Секең күліп қарсы
алды. Образ деген олай жасалмайды деп, тағы да жарты сағаттай ақыл айтып,
аттандырып салды мені. Секеңмен осы кездесуім еске түссе, өзім де күлемін.
Адам алғашқы ойын қағазға түсіре бастағанда, ақыл айтар адамы сәтті
кездессе, жолы болып, арманына жетеді екен. Мені жазушылық жолына жетектеп
әкеп түсірген Сейітжан Омаровты өзімнің сондай ұстазым деп танимын.
Құлбек ЕРГӨБЕК, әдебиет сыншысы:
РУХҚА ТАҒЗЫМ!
Сейітжан Омаров! Ол кісі туралы ойлағанда, менің есіме тұтас қазақ балалар
әдебиетінің мәселесі түседі. Сейітжан аға қазақ балалар әдебиетінің
бастау-арнасынан бастап, қалыптасу кезеңінің бәріне куәгер болған, өзінің
қалам қайратымен атсалысқан жазушы. Ол кісі тек атсалысып қойған жоқ, қазақ
балалар әдебиетінің іргелі ұйымдастырушысына айналып өтті. Қазақ балалар
әдебиетінің пайда болып, оның арнаға түсіп, жанр-жанрға сараланып, үлкен
әдебиетке айналуына аянбай атсалысты. Сейітжан аға сонау елуінші, тіпті
қырқыншы жылдардың өзінде қазақ балалар әдебиеті назардан тыс қалып бара
жатыр деп дабыл қаққан қайраткер. Ол кісінің жазған ертегілері – ауыз
әдебиеті мен балалардың маманданған әдебиетінің арасын жалғап жатқан алтын
көпір. Ертегілерінің сюжеттік желісі ғана тартымды емес, өріміне құйылған
философиялық нәр де мейлінше өміршең болды ғой деп ойлаймын. Жаңа уақыттың
философиясымен тыныстағандықтан, ауыз әдебиетін қайта жырлау, қайта баяндап
беру деңгейінен әлдеқайда биік, сол себепті мейлінше тың туындыға айналған
ертегілері дүниежүзінің бірсыпыра тілдеріне аударылып, көрнекті жазушылар
тарапынан жоғары бағасын алды.
Ол кісі, негізінен, повесть жанрында көбірек еңбек етті. Повесть жанры –
қиын жанр. Шағын жанрға шалқар ой сыйғызуың керек. Сюжеттік желілерді
шым-шытырық таратып жіберіп, соңында жинақтай қою Сейітжан ағаның
қаламгерлік машығына тән дүние болатын. Сюжет өру мәселесіне өте шебер еді.
Сонымен бірге Сейітжан аға ақын да еді. Бірақ кейін прозаға ойысқан кезде,
поэзиямен қоштасқандай болған. Әлі есімде, Сырбай аға Мәуленовтің бірде: Осы
Сейітжан ағамыз жақсы ақын еді. Бірақ прозаға ауысып, поэзияны өкпелетіп
алды-ау деп ойлаймын дегені бар. Мен енді Сейітжан ағамен көбірек
араласқан, үйінде жиі болатын, ағалық ақылын алып, өзіме ұстаз санайтын
адаммын. Сонда бір аңғарғаным, ол кісі қашан өле-өлгенше өлең жазуды қойған
жоқ еді. Жасырып жазып отыратын, бірақ көп жариялата бермейтін. Ал өлеңдері
қаламгердің өзіне ұқсаған әрі қарапайым, әрі мейлінше сыршыл өлеңдер болып
келуші еді.
Сейітжан аға тек қазақ балалар әдебиетінің ғана ұйытқысы емес, Қазақстан
Жазушылар одағының жауапты хатшысы ретінде штабын басқарған адам еді.
Мен шәкірті ретінде, тіпті баласындай болдым десем жарасады, ол кісінің
үйінде жиі болар едім. Сәуия шешеміздің қолынан талай шай іштік. Сейітжан
аға отбасында ерекше мейірімді еді. Үш ұлына да жүректен шыққан, перзентті
зарығып көрген адамның жүрекжарды лебізінен, ішкі қуанышынан туған Мерей,
Керей, Жанай деген әсем аттар қойған еді. Соған лайық балалары да жақсы
азамат болып өсті деп ойлаймын.
Ол кісінің мұрағатында аяқталған, аяқталмаған шығармалары болуға керек.
Өкінішке қарай, өмірден өтіп кеткен аға буын қаламгерлеріміздің мұрағатын
ашып, шығармашылығымен түбегейлі айналысып, лабораториялық сырларына
қанығып, мұраларын жариялау ісі бізде салақсып кетті. Ел болам деген адам
өзіне дейінгі мұраға ыждағатты болу керек. Жазушы мұрасы – алдымен халықтың
қазынасы.
Мен бүгінде Сейітжан ағалар салып кеткен дәстүрдің аясы тарылмаса екен,
салғырттықпен балалар әдебиетіндегі ұлттық дәстүрді, қаламгерлік машықты
жасытып алмасақ екен деп қатты алаңдаймын.
Төреғали Тәшенов
Жас та болса, бас болғандай
(Сыншы Қалжан Нұрмаханов жайында сырласу)
Кезінде өзің қалам тартқан, пікір айтқан белгілі бір дарын мұрасына қайта
оралу қауіпті. Қауіпті болатыны – бала шақта балаң таныммен қарап, тамсана
талдаған туындылар өскен ой, өскелең уақытқа қарай шарғылық танытуы мүмкін.
Әйтпесе, жастықтан үлкен дарын иесінің ішіне еніп, оның айтулы туындыларын
талдау дәрежеңе көңіл толмай, шәркезденіп, қоңылтақсуың мүмкін.
Сондықтан өмірден өте жас өтіп кеткен әдебиет сыншысы Қалжан Нұрмаханов
әдеби мұрасы жөнінде қайта толғану үстінде екіұдай сезім арпалысында
отырғаным рас. Абырой болғанда Қалжекең – Қалжан Нұрмаханов әдеби мұрасы
қайта оқығанымда қайта қанаттандырып алып жөнелді. Соған қуандым. Қайта
оқуға жараған әдеби сын – уақыт тезінен өткен сындарлы сын.
Ол сені де, қалың оқырманды да қайта толғандыра алады.
Қайталап айтқанға арымайтын сөздер бар. Әдебиет – киелі ұғым, әдебиет пен
өнер – қасиет. Оны сыйламау –қасірет. Әдебиет есігін батылсыздана қаққан
әрбір жас өзі таңдаған, өзі жалына жармасқалы отырған жанр тарихына
бойлауы, бірауық алдыңғы толқын ағалар қаламынан шыққан, қалдырып кеткен
дүниелерін имене оқуға міндетті. Отты жас бәлкім ұната қоймас оларды. Бәрі
бір оқуға тиісті. Әдебиет менен басталады деген надан ұғым иектеп кетпес
үшін де оқуға міндетті.
Жетпісінші жылдардың аяғы. “Лениншіл жас” газетінде қызмет істеймін. Бір
күні өмірден жас кеткен марқұм сыншы Қалжан Нұрмахановтың кітаптарын
парақтадым. Үйіріп әкетті. Бір түрлі отты, ойлы секілді көрінді. Отты
жастың ойлары жас кеудеге құйылды келіп, құйылды келіп. Қызығып кеткенім
болар, “Парасат поэзиясы” аталатын эссе жазып, аталмыш газеттің 1979 жылғы
21, 23 шілдедегі сандарында жарияладым. Ұмытылыңқырап бара жатқан марқұм
сыншы мұрасы жайында жазылған жас баланың мақаласына газеттің қос санын
бірдей қиған сол кездегі бас редактор Сейдахмет Бердіқұловқа жүректе
ризашылық мол.
Газет шыққан күні таңертеңгілік бөлімде отыр едім, алдымдағы ақ телефон
безілдеп қоя берді. Көтердім. Арғы беттегі әйел дауысы мені сұрады. “Мен”,
– дедім. “Айналайын”, – деді де әлгі әйел дауыс жылап қоя берді. “Ағамды
тірілткен айналайын”, – деді тағы бірде. Әйел үні үзік-үзік. Сөйлесіп
жарымадық. Менің түсінгенім арнайы телефон шалған кісі – Қазына
Нұрмаханова. Қалжан Нұрмахановтың туған қарындасы. Ризалығын айтты. Үйіне
қонаққа шақырды...
Орайында айта кету керек, “Парасат поэзиясы” әдебиетке жаңа келіп жатқан
жас жігітке бірсыпыра абырой әкелді. Ғажап ақын Сырбай Мәуленов бірде үйіне
ертіп алып кетті. Дастархан үстінде өзінің Қалжанмен достығын сыр қылып
айтты. Кітапханасында өлеңі өртке тиген дауылдай Қасым ақынның ертеректе
шыққан “Дауыл” аталатын жинағы сақталыпты. Қалжан марқұм сыйлаған екен.
Аюдай алып денелі Сыр-ағам қорбаңдап барып кітапханасынан арнайы алып
келіп, “Дауылдың” алғашқы бетіне Қалжан жазған сый-сөзді оқыды...
Сол кезде мұндай жылы сөзді Қуандық Шаңғытбаев, Мұзафар Әлімбаев, Оспанхан
Әубәкіров, Бекен Әбдіразақов, Сағат Әшімбаев секілді ағалардан естідім.
Мақаламнан кейін Осағаң “Құрымсары Құлбек” атап кетті өле-өлгенше. Ал
марқұм Сағат Әшімбаев әдеби жыл қорытындысында жасаған баяндамасында: “Осы
ретте жас сыншыларымыздың этикасы мен эстетикасындағы жақсы бір нышанды
бөліп айтқым келеді. Болашақта бұл нышан дәстүрге айналып жатса құба-құп
болар еді. Ол кейбір жас сыншыларымыздың аға ұрпақ – алдыңғы ұрпаққа деген
байсалды көзқарасы, оның ішінде өмірдің қатал заңы өткен шақпен атауға
мәжбүр еткендердің толымды творчествосы туралы жылы ілтипатпен жазған
мақалалары, атап айтқанда Қ.Ергөбековтің “Лениншіл жас” газетінің 21, 23
июль, 1979 екі нөмірінде белгілі сыншы Қалжан Нұрмаханов туралы
жарияланған “Парасат поэзиясы” деген парасатты мақаласы білімділігімен,
адамгершілік рухпен жазылған.
...Аталған мақалаларда “жоғалған пышақтың сабы алтын” едіге салып жөн-
жосықсыз құрыққа сырық жалғап сөйлеу жоқ, керісінше нәзік талдау мен өткір
толғаудың келісімі бар, ең бастысы әдеп, ізет, ілтипат және әділдігін
айтуға ұмтылу бар” (С.Әшімбаев, “Парасатқа құштарлық”, А., 1985, 148-149-
беттер) деп бағалады.
Жассынбай жақсы сөздерімен демеген ағаларға алғыс, әрине. Алайда, қазір
қайталап оқысам мақалама көңіл қоңылтақсиды. Бақсам замандастары, аға
тұтқан інілері, туыстары өмірден ерте кеткен небәрі отыз бес жыл ғұмыр
кешкен, аз ғұмырда бірсыпыра еңбек жасап, айналасымен сыйласып өткен
Қалжекеңді сағынған екен... Құрметтің төркінін енді аңғарған боларсыздар...
Шын сыншы – шынайы ойшыл.
Ол өзі өмір сүрген қоғам биігінде жасайды. Саяси-қоғамдық ойға баға береді.
Араласа отырып, саяси ойға қанат бітіреді. Сол арқылы қоғамдық ой
қозғаушысына айналады.
Шын сыншы – философ.
Шет елде философ аталатын арнайы мамандық бола бермейді. Философ болу үшін
арнайы мамандық иесі болу шарт емес. Философиялық ой биігінде болу шарт.
Қалжан философиялық ой-ағымы қан тамырын ұстай білген сыншы еді. Ол
әдебиетті көркем өнердің бір түрі деп қарады. Адам өмірін талдамайтын,
философиялық ой айтпайтын әдебиетті мойындаған жоқ. Әдебиет көркем өнер
түрі ретінде адам баласын ойландыратын, толғандыратын, шешім іздеттіретін
болсын деп ойлады. Ал, ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz