ҚР құнды қағаздар нарығының дамуы



КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 3

1. ҚҰНДЫ ҚАҒАЗДАР НАРЫҒЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ ...5
1.1 Құнды қағаздар туралы жалпы түсінік ... ... ..5
1.2 Құнды қағаздардың түрлері ... ... ... . 6

2. ҚҰНДЫ ҚАҒАЗДАР ҚОЗҒАЛЫСЫ ... 15
2.1 Қор нарығы және қатысушылары ... ... ... 15
2.2 Қор биржалары ... ... ... ... ... . 17
2.3 Құнды қағаздар шығару және олардың айналысы
3.ҚР ҚҰНДЫ ҚАҒАЗДАР НАРЫҒЫНЫҢ ДАМУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ... 23
3.1 ҚР құнды қағаздар нарығының қалыптасуы... 23
3.2 ҚР құнды қағаздар нарығының даму деңгейі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 25


ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... 29

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ... ... ... 31
Қор нарығы. Бір қарағанда, қарапайым тұрғын үшін бұл сөздер көп затты білдіре бермейді. Сонымен қатар, оның жұмысы сол қазанда қайнап жүрген адам болмаса, көпшілік үшін бірден көзге түспейді де. Ал шындығында, қор нарығы нарықтық шаруашылықтың ең айнымас бөліктерінің бірі. Ол арқылы фирмалар және әр түрлі компаниялар және мемлекеттің өзі іс-әрекетіне қажетті ақшаны экономикада қордаланып қалған қаражаттан ала алады. Қор нарығы ұйымдасқан және ұйымдаспаған болып екі түрге бөлінеді. Ұйымдасқан түрі биржа арқылы жұмыс жасайды
Қазіргі таңда жеке тұлғалар қор нарығына заңмен реттелген екі жолмен шыға алады: біріншісі брокер арқылы жұмыс істеу, келесісі жарналық инвестициялық қорлар арқылы бағалы қағаздар нарығына шығу.
Құнды қағаздар – иесіне табыс әкелетін, оның кәсіпорын мүліктеріне қатысы барлығын куәландыратын коммерциялық документ. Құнды қағаздар ортақ қазанға ақша төленген соң, пайдаға ортақтасуға және корпарация капиталын бөлісуге қақалық беретін куәлік. Олар әуелде ақша қорын жасау мақсатымен мемлекеттік және жеке дара мекемелер арқылы сатылады. Сондай-ақ құнды қағаздарды шығарушылардың да, инвесторлардың да сатуына болады. Оның нарықтық бағасын анықтайтын соны шығарған кәсіпорын.
1. Әубәкіров Я.Ә., Нәрібаев К.Н. т.б. «Экономикалық теория негіздері» - Алматы – 1998 ж.
2. Бимендиева Л.А. «Экономикалық өсу – ұлттық экономиканың қызмет етуінің нәтижесі ретінде» Хабаршы журналы № 6, 2004 ж.
3. Бердалиев К.Б «Қазақстан экономикасын басқару негіздері»,
Алматы – 2001.
4. Жүнісов Б., МәмбетовҰ., Байжомартов Ү. «Нарықтық экономика негіздері» / Алматы «Экономика»-2000ж /
5. Көшенова Б.А. «Ақша, Несие, Банктер, Валюта қатынастары»
/ Алматы «Экономика»-2000ж /
6. Мәдешев Б. «Нарықтық экономика теориясына кіріспе»
/ Алматы «Экономика»-1998ж /
7. Мақыш С.Б. «Ақша айналысы және несие», Алматы – 2000 ж.
8. Мэнкью Н.Г. «Макроэкономика», Москва 1999 г
9. Мауленова С.С. «Экономикалық теория». Алматы – 2004.
10. Мамыров Н.Қ., Есенғалиева Қ.С. «Микроэкономика». Алматы – 2000 ж.
11. Назарбаев Н.Ә. Қазақстан Республикасының ұзақ мерзімдік (2030 ж. дейінгі) даму стратегиясы. Алматы - 1997
12. Общая теория денег и кредита: Учебник / Под ред. Е.Ф. Жукова-
М: Банки и биржи, ЮНИТИ, 1998
13. Райханов Н. «Қазақстанның экономикалық реформа жолы өзінше»
/ Ақиқат -1996ж/
14. «Экономикалық саясат», Экономика Алматы - 2002

Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 31 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... . 3

1. ҚҰНДЫ ҚАҒАЗДАР НАРЫҒЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ ...5
1. Құнды қағаздар туралы жалпы
түсінік ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..5
2. Құнды қағаздардың
түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... 6

2. ҚҰНДЫ ҚАҒАЗДАР ҚОЗҒАЛЫСЫ
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 15
2.1 Қор нарығы және
қатысушылары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 15
2.2 Қор биржалары
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... .. 17
2.3 Құнды қағаздар шығару және олардың айналысы
... ... ... ... ... ... ... ... 22

3.ҚР ҚҰНДЫ ҚАҒАЗДАР НАРЫҒЫНЫҢ ДАМУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ... 23
3.1 ҚР құнды қағаздар нарығының
қалыптасуы ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... .. 23
3.2 ҚР құнды қағаздар нарығының даму
деңгейі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 25

ҚОРЫТЫНДЫ
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... .. 29

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 31

КІРІСПЕ
Қор нарығы. Бір қарағанда, қарапайым тұрғын үшін бұл сөздер көп
затты білдіре бермейді. Сонымен қатар, оның жұмысы сол қазанда қайнап
жүрген адам болмаса, көпшілік үшін бірден көзге түспейді де. Ал шындығында,
қор нарығы нарықтық шаруашылықтың ең айнымас бөліктерінің бірі. Ол арқылы
фирмалар және әр түрлі компаниялар және мемлекеттің өзі іс-әрекетіне
қажетті ақшаны экономикада қордаланып қалған қаражаттан ала алады. Қор
нарығы ұйымдасқан және ұйымдаспаған болып екі түрге бөлінеді. Ұйымдасқан
түрі биржа арқылы жұмыс жасайды
Қазіргі таңда жеке тұлғалар қор нарығына заңмен реттелген екі жолмен
шыға алады: біріншісі брокер арқылы жұмыс істеу, келесісі жарналық
инвестициялық қорлар арқылы бағалы қағаздар нарығына шығу.
Құнды қағаздар – иесіне табыс әкелетін, оның кәсіпорын мүліктеріне
қатысы барлығын куәландыратын коммерциялық документ. Құнды қағаздар ортақ
қазанға ақша төленген соң, пайдаға ортақтасуға және корпарация капиталын
бөлісуге қақалық беретін куәлік. Олар әуелде ақша қорын жасау мақсатымен
мемлекеттік және жеке дара мекемелер арқылы сатылады. Сондай-ақ құнды
қағаздарды шығарушылардың да, инвесторлардың да сатуына болады. Оның
нарықтық бағасын анықтайтын соны шығарған кәсіпорын.
Құнды қағазға мыналар жатады: акциялар, облигациялар, мемлекеттік
борыш міндеттемелері, жинақ сертификаттары, вексельдер. Бірақ- та ең көп
тараған түрлері бұл – акциялар мен облигациялар. Акциялар дегеніміз осы
қағазды шығарған шаруашылық етуші субъектінің жарғылық капиталына құқықты
білдіретін бағалы қағаз. Яғни, ол акция иегерінің акционерлік қоғам
меншігіне құқығын көрсетеді. Пайда дивиденд түрінде болатын үлестік
мерзімсіз бағалы қағаз.
Облигация белгілі қаражатты қарыз ретінде тарту үшін шығарылады. Оның
негізгі айырмашылығы оның мерзімділігі. Яғни облигациялар бойынша оның
иегеріне төлемдер төленіп, белгілі бір мерзім өткеннен кейін қызметі
тоқтайды.
Құнды қағаздарды шығару – эмиссия. Бұл құнды қағаздарды оның бастапқы
иелеріне – инвесторларға, яғни заңды мекемелер мен жеке адамдарға сату.
Қор биржасы – бұл құнды қағаздардың қалыпты айналымына қажетті
жағдай жасау, олардың нарықтық бағасын анықтау және олар жөнінде ақпараттар
тарату, өз қызметінің ерекше тақырыбы болып табылатын ұйым. Қор биржасы
құнды қағаздардың екінші нарқын ұйымдастырушы болып табылады.
ҚР-ы Президентінің Бағалы қағаздар және қор биржасы туралы 1996
жылғы 21-ші сәуірдегі жарлығына байланысты елімізде бағалы қағаздар нарығы
айналымына акция, облигация, мемлекеттік қазыналық міндеттемелер, жинақ пен
депозит сертификаттары және вексель жіберіледі.
Бағалы қағаздар ережесі бойынша оларды рынокта еркін сату ҚР-ы 1979-
ші жылғы 15-ші наурыздағы Бағалы қағаздар нарығы туралы Заңына сай
жүргізіледі.

1. ҚҰНДЫ ҚАҒАЗДАР НАРЫҒЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1.1 Құнды қағаздар туралы жалпы түсінік
Құнды қағаздар – иесіне табыс әкелетін, оның кәсіпорын мүліктеріне
қатысы барлығын куәландыратын коммерциялық документ. Құнды қағаздар ортақ
қазанға ақша төленген соң, пайдаға ортақтасуға және корпарация капиталын
бөлісуге қақалық беретін куәлік. Олар әуелде ақша қорын жасау мақсатымен
мемлекеттік және жеке дара мекемелер арқылы сатылады. Сондай-ақ құнды
қағаздарды шығарушылардың да, инвесторлардың да сатуына болады. Оның
нарықтық бағасын анықтайтын соны шығарған кәсіпорындар мен инвесторлар, ал
ол қағаздың болашақ өтілуіне байланысты. Құнды қағаздың бағасының
қымбаттауы кәсіпорындардың экономикалық жетістігіне тәуелді, мәселен, зауыт
пайданы неғұрлым көп түсірсе, инвестордың алтын үлесі де өсе түспек. Егер
эмитент (құнды қағаз шығарушылар) шығынға отырып қалса, оның акциясының
құны арзандап, акцияны сатып алған жұрттың да пайдадан құр алақан қалуы
мүмкін. Сондықтан акцияны шығарған кәсіпорындардың экономикалық, өндірістік
жағдайы жолында әрқашан хабардар болып отыру акционерлердің қалт
жібермейтін тірлігінің бір саласы. Құнды қағаз нарығының эмитентке де,
сауда-саттыққа араласқан басқаларға да түсер пайда көп. Тұтас алғанда бұл
экономиканы көтерудің бір жолы өйткені, құнды қағаздан түскен қаржыны көзін
тауып, өндіріске жұмсай білсе бұдан бүкіл Қазақстан ұтады, жұмыссыздық саны
азайып, халықтың тұрмыс жағдайы да жақсара түспек. Құнды қағаз саудасы
биржа арқылы жүргізіледі және оның құнды қағаз жөніндегі Ұлттық комиссия
бекіткен өз талаптары бар. Ол талаптар биржа аралық қатынастың
сенімділігіне, қаржы мәселесіне тіреледі. Биржа арқылы құнды қағазын
өткізген әрбір кәсіпорын көпшілік хабардар болып отыру үшінғ өзінің қаржы
жағдайын экономикалық ахуалы, басқарма органдары, алдағы жоспары хақында
ақпар беріп тұруға міндетті. Бұл ақпар кейде инвесторға түсетін 3 айлық
немесе жылдық есептің негізінде тумақ.
Құнды қағаздар рыногындағы негізгі қаржылық құрал––акциялар мен
мемлекеттік құнды қағаздар.
Құнды қағаз нарығын қолма-қол жеткізуге биржа көбіне брокерлерді жалдайды
да, одан түскен пайдадан жалақы төлеп тұрады. Сол сияқты бұл іске
диллердің тартылуы мүмкін. Бұлардың екеуі де делдалдар, айырмасы диллер
жалақы алмайды, түскен пайдаға белгілі мөлшерде еншілер.

1.2 Құнды қағаздардың түрлері
Құнды қағазға мыналар жатады: акциялар, облигациялар, мемлекеттік
борыш міндеттемелері, жинақ сертификаттары, вексельдер. Банк несиесі
алынғанын айғақтайтын құжаттар, банк депозиттеріне енгізілген сомалар,
борыш жазбалары, мұралар, лотерея билеттері, сақтық қағаздар құнды
қағаздарға жатпайды, пайыз түрінде табыс төленеді және осы құжаттар
бойынша басқа адамдарға құқықтар беріледі.
Капитал салудың сенімділігіне, табыс әкелудің тұрақтылығына тек
облигация ие бола алады. Облигация –– кесімді пайыз мөлшерлемесі
белгіленген мерзімде төленетін міндеттеме, несие беруші мен осы құжатты
шығарушы арасындағы қатынасты куәландырады. Облигация сатушылардың ақша
қаржыларын куәландырып, номинальды құнның толтырылу міндеттілігін қуаттап,
оның белгіленген уақытта мөлшерлі пайызын қайтаруында ескереді. Пайыз
займның белгіленген мерзімінде тең порциямен төленеді. Кейбір
облигацияларды пайыз арнайы өтелмейді. Облигацияны жабу кезеңіндегі сатып
алынған бағасы мен иесіне сатылған баға айырмасы ретінде төленеді.
Облигацияның бірнеше түрі бар: мемлекеттің ішкі және жергілікті займ
облигациясы, мақсатты займдар облигациясы, аймақтық облигация және
кәсіпорын облигациясы. Облигация әртүрлі болып шығарылады: өзіндік және
талап етушіге, пайыздық және процентсіз, еркін айналыста және шекті
айналыс шеңберінде. Бұдан басқа мемлекет әртүрлі қазыналық міндеттемелер
шығарады. Бұл тұрғындардың өз еркімен мемлекеттік бағалы қағаздарды салу
түрлеріне жатады және олардың ақшалай қорын бюджетке ұстауларды
куәландырады. Куәландырылған құжат нақты табысты бағалы қағаздардан
белгіленген барлық мерзімде алып тұру құқына ие етеді. Қазыналық
міндеттемелердің мына түрлері бар: ұзақ мерзімді, орташа мерзімді, қысқа
мерзімді. Ұзақ мерзімді қазыналық міндеттемелерді алушылар үшін мемлекет 5-
ден 25 жылға дейін шығарады. Бұл қазыналық міндеттемелер бойынша табысты
жыл сайын купонмен төлейді немесе міндеттемелерді номинальға жыл сайын
төлем жасамай-ақ пайыз төлеу арқылы жабуды көздейді. Орта мерзімді
қазыналық міндеттемелер 1 жылдан 5 жылға дейін шығарылып, купонға ие
болмайды. Қысқа мерзімді міндеттемелер иелеріне 3 және 6, 12 айға
шығарылады. Бұл міндеттемелер купонға ие емес және олардың жабылуы оған
жазылған пайыз көлемінде қосып, сатып алу жолымен жүргізіледі.
Кәсіпорын облигацияларынң барлық түрлерін өздерінің еңбек ұжымдары
қарамағына түсетін қаражаттар есебінен сатып алады.
Ішкі мемлекеттік және жергілікті займдарды сатудан түскен қаржы
тиісті бюджеттік немесе бюджеттен тыс қорларға жіберіледі. Бұл займ
облигацияларын банк мекемелері таратады. Пайыздық ішкі мемлекеттік және
жергілікті займдар табыстары займдарды қайтару кезінде пайыз
мөлшерлемелерін есептеу арқылы немесе купондари беру жолымен тқленеді.
Купондар облигациялары олардың жарғыларына және қолданылып жүрген
зағдарға сәйкес шығарылып таратылады.
Құнды қағаздардың келесі түрі акция болып табылады. Акция акционерлік
қоғамның мүлкіне белгілі пайды салғанын қуаттайтын құнды қағаз және оның
иесіне пайданы дивидент түрінде алу құқын береді. Акцияны акционерлік
қоғам, кәсіпорын, ұйымдар, коммерциялық банк, кооперативтер мен басқада
мекемелер шығарады. Олар ұжымдық меншікке негізделген немесе толық
мемлекеттік меншік шаруашылығында болады. Акция құнды қағаздар нарығы ––
қор биржасында сатылады және сатылып алынады. Акция бұл процесті биржалық
емес сауда негізінде де жүзеге асырады. Акцияның номиналды құны мен
нарықтық бағасы бар. Акцияның нақты ба,асы (нарықтық бағасы) акционерлік
қоғам пайдасының мөлшеріне тікелей байланысты өзгереді. Сондай-ақ алынатын
дивидент мөлшері мен қарыз пайызы деңгейіне байланысты да өзгереді.
Шетел тәжірибесінде акцияны әртүрлі қолданылады: а) атаулы акциялар;
б) жай акциялар; в) артықшылығы бар акциялар. Біздің елімізде жай акция
шығарылып, жеңілдікпен пайдаланатын табысы болып, акционерлерге салған
капиталы үшін айқындалған процент түрінде қатты табысты алуларына құқық
береді. Алайда жеңілдікпен пайдаланатын акция шектелген мерзімде
қолданылады және белгілі уақыттан соң, акционерлік қоғам оны жабады. Ал,
оларды иемденушілер акционерлік қоғам қоғам жұмысын басқаруда ешқандай
дауысқа ие емес. Жеңілдікпен пайдаланатын акциялар акционерлік қоғамның
жарғылық қорының 10%-тен аспайтын сома мөлшерінде ғана шығарылады.
Акция категория бойынша былай бөлінеді: еңбек ұжымының акциясы,
кәсіпорын акциясы және акционерлік қоғам акциясы. Еңбек ұжымының акциясын
мемлекеттік кәсіпорындар (бірлестіктер), арендалы, ұжымдық кәсіпорын,
кооператив және қоғамдық ұйымдарға жататын кәсіпорындар шығаруға құқылы.
Еңбек ұжымының акциясы сол кәсіпорында жұмыс істейтінднрге ғана
таратылып, оның дамуы үшін ақша салынғанын айғақтайды. Жекешелендіру
бағдарламасын жүзеге асыру барысында еңбек ұжымы мүшелерінің акциялары
айналымға түспейді – қызметкер оны тек мұраға қалдырады. Жұмыстан шықса,
оның акцияларын кәсіпорын бес ыл сақтайды.
Акцияны кәсіпорын шығара отырып, екі пайдалылықты көздейді:
біріншіден, көбірек пайда табу үшін, тұрғындарды қосымша қаржы салуға
жұмылдыру, екіншіден, кәсіпорын жұмысшыларын басқару процесіне барынша
тарту. Себебі кәсіпорынның жетістігі оның табысына тікелей әсер етеді.
Акционерлік қоғамның акциясы кәсіпорын мүлігінің барлық сомасына
немесе жарғы қорына шығарылады. Сондықтан кезкелген меншіктегі кәсіпорын
акционерлік түрге өзгереді. Бұл қоғамның акциясы оған еркін жазылу арқылы
таратылады. Кейде барлық акцияны құрылтайшылар арасында өзара бөледі. Олар
есімді және көрсетілген болып та шығарылады. Бір қолдағы қорлардың көп
болмауы үшін және акционерлік қоғамнан бақылауды жоғалтпау үшін есімді
акциялар қолданылады.Алайда бұлда сенімсіз, себебі оған қатысы жоқ адамдар
болуыда әбден мүмкін. Әлемдік тәжірибеде бұған қарсы өте тиімді тәсіл
белгілі. Мысалы, АҚШ- да бір компанияның 5%-тік акциясына иесі оған ай
сайын оның сатып алу - сату жайында есеп беріп отырады.
Акционерлік қоғам–––кәсіпорын, ұйым мен мемлекеттік ұйымдардың
біріккен түрі. Ол акциясын айналымға шығвру арқылы өзінің босаған қаржы
ресурстары мен еңбекшілердің сақтық қорын орталықтандыруға жұмылдырады.
Акционерлік қоғам өз жарғысы негізінде жұмыс жасап, кез келген шаруашылық
саласында құрыла алады. Сондай-ақ, қаржы мен өндірістік-шаруашылық
қызметпен айналысатын күрделі ұйымдардың да негізі бола алады. Бұған
жетекшілік жасау басқарма, директордың бақылау кеңесі мен басқада қжым
түрлері арқылы жүргізіледі. Басқарудың ең жоғарғы түрі––акционерлердің
жиналысы болып табылады.
Акция мөлшеріне қарай пропорционалды түрде әрбір акционердің
жиналыста алатын өз дауысы бар. Акцияны ұстаушы өз өктемдігін жүргізу үшін,
акцияның көп мөлшеріне ие болу қажет. Егер ұстаушы акцияның 50%-дан
астамын иеленсе, онда ол акция бақылау пакетіне ие болады. Акционерлік
қоғам басқаруға жіне толық бақылауға 20% мөлшердегі акция да жетеді.
Акционерлік қоғамның басты қызметі –– уақытша босаған ақша қорын
ұйымдастыру мен көптеген жұмыс түрлеріне жұмылдыру болып табылады.
Акционерлік қоғам акцияны әртүрлі номинальды құнмен шығарады және тдауыс
саны да әртүрлі болады. Акция иесі акционерлік қоғамның пайшигі, ал
облигация иесі - оның кредиторы (несиегері) болып табылады. Акционерлік
қоғамның табысы акционерлер арасында табыс, дивидент түрінде болады.
Акция иесі акционерлік қоғамның өзінің салған капиталын талап етуге құқығы
жоқ. Қоғам жабылғанда иегер акцияға салыеған қаржыны номинальды бағамен
ғана алады.
Акционерлік қоғамның екі түрі бар. Акциясы құрылтайшыларда болып
еркін нарықта сатылмайтын түрін жабық дейміз. Акциясы еркін сатылатын
және сатып алынатын түрін ашық дейміз.
Жетілген акция иесі қатты процентті төлеуден қалған пайданың бір
бөлігі кәдімгі акцияны ұстаушылардың арасында дивиденд түрінде бөлінеді.
Кәдімгі дауыс беруші бола алады. Олар бір немесе бірнеше дауысқа ие болуы
мүмкін. Оған дивиденд жылдың аяғында пайданың есебінен төленеді және
мөлшері тез ауытқып отыруы мүмкін.
Акцияның сатылу және сатып алу бағасын акция курсы дейміз. Егер ол
көп болса, онда дивиденд те жоғары болып төленеді. Алайда, ақша капиталының
иесі акцияны сатып алғанда, одан алған дивидентін қарыз проценті – табыспен
салыстырады. Себебі банкке ақшаны сала отырып кепілдікпен алатынына толық
сенімді. Процент деңгейі жоғары болса, акция курсы төмен болады және
керісінше. Ол былайша анықталады:
Дивиденд
Акция курсы= ––––––––––––– x 100%
Қарыз пайызы
Дивиденд деңгейі ауытқыса, оның көлемін анықтайтын бағыттар бар.
Дивиденд пайыздан төмен болмауы қажет, себебі ол банктегі салымдар арқылы
төленеді. Банк проценті кепілдендірілген, ол дивиденд ьәуекелмен
байланысты. Әйтпеесе инвестор банкке салым салуға ыңғайланар еді. Дивиденд
деңгейінде инфлиясы индексі мен тәуекел дәрежесі ескеріледі. Соңғысының
сандық бағасын беру қиын, сондықтанда оның негізіне акционерлік қоғам
тәуекелділік қорының жіберген пайызын есепке алады. Егер банктің салымдық
процентін орташа 5% деп алсақ, инфлияция индексі 7%, ал тәуекелділік
дәрежесі 5% болады. Онда дивиденд акцияның номинальдық құнының 17%-тей
шамасын құрады.
Сондай-ақ басқада бағалы қағаздар түрлері бар. Бұл депозиттер мен
жинақтық сертификаттары.
Депозиттік сертификат –––––банк шығарған ақша нарығының инструменті.
Жедел депозиттік ақша нарығының түскен мерзіаін белгілейді және проценттік
ставкасы да бар. Оны инвестор, кәсіпорын, ұйымдар кеңірек қолданылады.
Себебі сертификат жеңіл ауысатын (алмасатын) қысқа мерзімді инвестициялық
инструмент болып табылады. Депозиттік сертификат банкте сақталады және
қаржылық емес корпорациялар уақытша бос қор ретінде сақталғандықтан сатып
алады.
Жинақтық сертификат –––– несие мекемесінің ақша қорын депозитке салу
жайлы куәлік. Депозиттің белгіленген күні өткен соң, пайызбен қоса салушыға
алу үшін құқық беретін құжат. Сертификатты Қлттық банк немесе басқа банк
береді. Бұл кездіе сертификат––– белгілі уақытта алынатын келісімнің
проценті болып табылады. Жинақтық сертификаттар – атаулы (есімді) және
талап етушіге жіктеліп беріледі. Атаулы (есімді) сертификаттар айналымда
болмайды және оларды сату жарамсыз болып табылады.
Чек –– қайта түрде бекітілген құжат. Онда белгілі адамдардың
есепшотынан көрсетілген соманы төлеу жайлы банкке нұсқау жасайды. Чекті
ақшалай және есептесу деп бөледі. Ақшалай чекпен банктен нақты ақша
алады. Есептеу чеккі арнайы банкіде жазбаша толтырылған банкке берілген
тапсырыс. Чек беруші есеп-шотынан чек ұстаушы есеп-шотына ақшалай төлемді
жүргізу және нақты емес есептесу ретінде де қолданылады.
Чектің бірнеше түрлері бар: банктегі акцептелген және акцептелмеген,
лимиттелген және лимиттелмеген чектік кітапшалар. Олармен төлем жүргізгенде
үнемі қалдық лимит көрсетіліп, чекті қолдануға бақылау күшейтіледі,
депозитке салынған жоғары төлеу сомасына көшірме чек берілмейді. Соңғы
кезде ішкі шаруашылық чекі кең етек жаюда. Оның негізгі жұмысы
кәсіпорындардың ішкі бөлімімен өзара есеп жұргізу.
Қазіргі кезде батыс елдерде чектен басқа несие карточкасы көбірек
қолданылдады.
Алғашқыда несие карточкалары қарыздылық атауымен АҚШ-та 1915-ші
жылы дайнерс- клуб фирмасы шы,арды. Олар айналым құралы ретінде қызмет
жасады және универмаг, бензин құятын станцияларда және т.б қолданылады.
Сонда несие карточкасы арқылы есептесу жүйесі қалай жүзеге асады?
Пластикадан жасалған карточка төртбұрышты стандартты мөлшерден (размер
86x54мм) турады. Бұл картичканы клиенттерге арнайы банкиер немесе
компаниялар береді. Онда иесінің тегі жазылып, қойған қолының үлгісі
тұрады. Бұл картичканы клиенттерге арнайы банктер немесе коипаниялар
береді. Тауарды оларды, қызмет көрсетуде оларға нақты ақы төлеудің (чек
көшірмесі де керек емес) орнына өзініі несие карточкасын көрсетсе жетеді.
Сатушы есеп-шотқа карточка нөмірін жазады, сонан соң онда клиенттің қолы
қойылса, тауар сатып алынған болып табылады.
Құнды қағаздардың ерекше түріне вексель жатады. Вексель – шартты
түрдегі вексель берушінің жазбаша қарыз міндеттілігі және белгіленген
мерзімнен соң, вексель (иегерінің) ұстаушыға берешек ақша сомасын төлеу.
Вексель қатаң белгіленген түрде құралады. Ол өзінің иегеріне онда
көрсетілген ақша сомасын талап етуіне құқық береді. Векселдік міндеттемелер
қысқа мерзімге беріледі. Әдетте бір жылға, көбінесе бір-екі айда бір рет
болады. Вексель көбінесе коммерциялық несиеге қызмет жасайды, ал
вексельдік айналым кезінде ақщаны ауыстырады. Вексельді басқа адамға беру,
индоссамент (индоссамент- жай және аударылатын вексельдерді табыстау
формасы) түрінде қол хат арқылы жүргізіледі. Вексель өзінің түрі жағынан
жай және аудармалы болып бөлінеді. Жай вексель –бір немесе бірнеше
адамдардың жазбаша міндеттілігі және белгілі ақша сомасын көрсетілген
мерзімде төлеу. Жай вексель ынтымақтастық жауапкершілікпен бірнеше адамға
берілуі мүмкін.
Аудармалы вексель–– бір адамның екіншіге берген жазбаша түрдегі
бұйрығы және үшінші адамда белгілі ақша сомасын көрсетілген мерзімде
төлеуі. Аудармалы вексель уақыты көрсетілмесе, талап еткен де ақысы
төленеді. Аудармалы вексель көп мөлшерде тараған. Вексельдің түрі шығаратын
елдің заңдарымен айқындалады. Вексель сыртқы саудада несие––есептесу
қатынастарын іске асыру құралы түрінде кеңірек қолданылады. Банк займдар
бергендегі банктердің өзара қпатынастары вексель түрінде жүргізіледі. Банк
акцептері банкке қойылған кең көлемде тарауы белең ала бастады. Банк
акцептерінің сенімділікке ие болуы халықаралық төлем құралы рөлін дұрыс
атқаруға ықпал жасады. Вексельдік айналым нарық тығыздылығы жағдайында кең
шеңберде тарауы мүмкін. Ол кезде тауар өндіруші тауар тұтынушыға таласып,
тіпті оған тауарды қарызға беруге дайын.
Вексель тек есеп айырысу формасы ғана емес, коммерциялық несие
формасы, вексель ұстаушы кәсіпкер белгіленген мерзімге дейін ақша жұмсайды.
Яғни, әріптесі вексельде көрсетілген мерзімге оған несие берді. Шаруашылық
айналымында вексельді қолданудың кейде, банк арқылы есеп айырысудан
әлдеқайда артықшылығы бар. Өндірістік байланыстары тығыз кәсіпорындар бір-
бірінің жағдайын жақсы біледі, сондықтан банктерге бармай-ақ осылай есеп
айырысады. Мұның өзі айналымдағы қаржының айналысын жеделдетіп, банк
несиесінетәуелділіктен құтқарады. Мұның нәтижесінде несие эмиссиясы
қысқарады. Сөйтіп, вексель айналысы экономиканы сауықтыруға көмектеседі,
өйткені ол инфлицияны төмендетеді. Вексель айналысы тауар артықшылығында
тиімді иболады: өйткені сатушы вексельді қолдану арқылы аларманға қолайлы
жағдай жасайды.
Мемлекеттің қазыналық міндеттемелері––халық арасында ерікті негізде
орналастыратын мемлекеттік құнды қағаз түрі, ол осы қағазды ұстаушылардың
бюджетке қаражат аударған және құнды қағаздарға ие болған бүкіл мерзім
ішінде дивиденд түрінде табыс алуына құқық беретінін растайды. Ұзақ
мерзімді мемлекеттік міндеттемелерді мемлекет ұсынушыға арнап 5 жылдан 25
жылға дейінгі мерзімге, орташа мерзімді бір жылдан бес жылға дейін, қысқа
мерзімді 3 айдан 12 айға дейін мерзімге шығарады. Ұзақ мерзімді қазыналық
міндеттемелер жөніндегі табыс жыл сайын купондар бойынша төленіп отырады,
орташа мерзімді және қысқа мерзімді міндеттемелер бойынша өтеудің жыл
сайынғы таралымдары кезінде, қысқа мерзімді міндеттемелер бойынша ––
күшінің мезгілі біткеннен кейін сатып алу кезінде төленеді.
Ұзақ мерзімді қазыналық бондар үкіметтің шешімі бойынша, әдеттегідей
ұсынушыға арнап 5 жылдан 25 жылға дейінгі мерзімге арнап шығарылады. Атаулы
бондар шығарылуы мүмкін. Қазыналық бондардың сатылу құнын анықтау тәртібін
оларды оларды сатып алу уақытына қарай Қаржы министрлігі белгілейді,
қазыналық бондарды заңды мекемелер тек қолма-қол ақшасыз формада сатып
алады. Қазыналық бондар бойынша табыс оларды сатып алған жылдан кейінгі
жылдан төлене бастайды.
Қазына бондары бойынша табыс төлеу жыл сайын купондармен немесе
міндеттемелердің орындалуы кезінде пайыз мөлшерлемесін есептеу арқылы
жүзеге асырылады. Таралымға шыққан қазына бондары бойынша олардың өз құны
алдыңғы жылдардағы төленбеген купондарына төленеді. Қазыналық бондарды
мемлекет оларды ұстаушылар талап еткен кезде, шығарылған соң кемінде бір
жыл өткен соң төлейді. Соның өзінде иесіне бонның өз құны төленеді.

2. ҚҰНДЫ ҚАҒАЗДАР ҚОЗҒАЛЫСЫ
2.1 Қор нарығы және қатысушылары
Қор нарығы. Бір қарағанда, қарапайым тұрғын үшін бұл сөздер көп
затты білдіре бермейді. Сонымен қатар, оның жұмысы сол қазанда қайнап
жүрген адам болмаса, көпшілік үшін бірден көзге түспейді де. Ал шындығында,
қор нарығы нарықтық шаруашылықтың ең айнымас бөліктерінің бірі. Ол арқылы
фирмалар және әр түрлі компаниялар және мемлекеттің өзі іс-әрекетіне
қажетті ақшаны экономикада қордаланып қалған қаражаттан ала алады. Ал
елімізде қордаланған жинақтар –– зор инвестициялық потенциялға ие.
Экономикамыздың қарқындап дамуы ТМД ішіндегі инвестициялық әлеуеті ең мықты
мемлекетке айналуына алып келді.
Қор нарығы ұйымдасқан және ұйымдаспаған болып екі түрге бөлінеді. Осы
ұйымдасқан түрі биржа арқылы жұмыс жасйды. Бұл жерде артық қаражат
түріндегі ресурсы бар экономиканың бір саласынан, осы қаражатқа зәру салаға
капитал ағымы ұйымдасқан, ережелері алдын ала белгіленген тәртіппен жүреді.
Сонымен қатар заң жағынан қорғалуды айтсақ та болады. Себебі бұл нарық
мемлекет тарапынан жіті бақылауға алынып, түрлі заңдармен реттеледі. Осы
ретте биржа операцияларына қатысушылар ретінде тек қана жоғарыда аталған
институтционалды инвесторлар ғана емес, сонымен қатар кез-келген жеке тұлға
да қатыса алатынын айту қажет.
Қазіргі таңда жеке тұлғалар қор нарығына заңмен реттелген екі жолмен
шыға алады: біріншісі брокер арқылы жұмыс істеу, келесісі жарналық
инвестициялық қорлар арқылы бағалы қағаздар нарығына шығу.
Бірінші тәсілге келсек, ең алдымен брокердің кім екенін ашып алайық.
Анықтамаларда брокер –– табыс табу мақсатында, яғни дүниежүзілік валюталар,
бағалы қағаздар және т.б. бағамдарының өзгерісінен табыс табатын, қаржы
нарығында операциялар жасайтын кәсіпқой дедалды айтамыз. Брокерлер
мәмілелер жасаудағы делдалдар тұтынушылардың тапсырмасы бойынша және
олардың есебінен онысы үшін белгілі бір төлем ала отырып, жұмыс істейді.
Қазіргі жағдайда делдалдық операцияларды банктермен тығыз байланысы бар
брокерлер, фирмалар (фирмалар жүйесін қоса) жүргізеді. Брокер өз
клиенттерінің атынан және шоты арқылы қаржылық инструменттермен алып-
сатарлықпен айналысады. Бірақ-та, бағалы қағаздың иесі ол емес, сіз болып
табыласыз. Ең бастысы нарықта мықты беделге ие немесе жеке өзіңіз сенетін
брокерді табу.
Бұл тәсілдің ерекшелігі, сізге қор нарғының дамуы, болып жатқан
өзгерістері жайында көп ақпаратты білуге және мерзімді қадағалап тұруға
үйретеді. Яғни, сіз бағалы қағаздар нарығының белсенді ойыншысына айнала
аласыз. Сондықтан бұл жолдың тиімділігі – өз портфеліңізді құруға және
келешек табысыңызды уақыт өтісімен өзгертіп тұруға септігін тигізеді.
Бағалы қағаз нарығына қатысудың келесі жолы ––– бұл бос жатқан
қаражатыңызды жарналық инвестициялық қорға салу. Қазіргі таңда Қазақстанда
86-сы жабық, 11-і ашық және 12-сі интервалды болып табылатын 109 жарналық
қор жұмыс жасайды. Жарналық инвестициялық қор – қор нарығындағы
операциялардан пайда таб ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан Республикасының құнды қағаздар нарығын талдау
Қазақстандағы бағалы қағаздар нарығының даму деңгейі
Қор нарығында мемлекеттің рөлін арттыру
Екінші деңгейлі банктердің бағалы қағаздармен жасайтын операцияларын эмиссиялық операциялар
Бағалы қағаздар туралы жалпы түсінік
Қазақстан Республикасындағы құнды қағаздар нарығының ерекшеліктерін талдау
ҚОР БИРЖАСЫ МЕН БАҒАЛЫ ҚАҒАЗДАР НАРЫҒЫНЫҢ ҚАЗІРГІ ЖАҒДАЙЫН ТАЛДАУ
Нарықтық құнды қағаздар
Қор биржасының мәні мен міндеттері
Қазақстан Республикасындағы қор нарығының қызметінталдау
Пәндер