Қазіргі мектепке дейінгі мекемелердегі дене тәрбиесі сабағын тиімді жүргізудің мәселелерін теориялық тұрғыдан негіздеп, тәжірибе жүзінде әдістемесін талдау


Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 71 бет
Таңдаулыға:   

М А З М Ұ Н Ы

Кіріспе . . . 3

І. Қазіргі мектепке дейінгі мекемелерде балаларды дене тәрбиесіне

тәрбиелеудің теориялық негіздері . . . 6

1. 1. Мектеп жасына дейінгі балалар дене тәрбиесінің міндеттері . . . 6

1. 2. Күн режиміндегі физкультуралық - сауықтыру шаралары . . . 12

ІІ. Қазіргі мектепке дейінгі мекемелерде балаларды дене тәрбиесіне

тәрбиелеудің әдістемесі . . . 24

2. 1. Қазіргі мектепке дейінгі мекемелерде балаларды дене тәрбиесін

ұйымдастыру формалары мен түрлері . . . 24

2. 2. Қазіргі балабақшада дене тәрбиесіне тәрбиелеу жұмысының

әдістемесі . . . 36

Қорытынды . . . 64

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . . 66

Қосымша . . . 69

КІРІСПЕ

Зерттеу жұмысының өзектілігі. Қоғамдағы қазіргі кездегі қайта құрулар, экономиканы дамытудағы жаңа стртегиялық бағдарлар, қоғаның ашықтығы, оның жедел ақпараттануы мен қарқынды дамуы білім беруге қойылатын талаптарды түбегейлі өзгертті. Әлемнің жетекші елдерінің көпшілігінің білім беру жүйесі білім берудің мақсатын, мазмұны мен технологияларын оның нәтижесіне қарап бағалайтын болды. Білім берудің қазіргі негізгі мақсаты білім алып, білік пен дағды-машыққа қол жеткізу ғана емес, солардың негізінде дербес, әлеуметтік және кәсіби біліктілікке - ақпаратты өзі іздеп табу, талдау және ұтымды пайдалану, жылдам өзгеріп жатқан бүгінгі дүниеде лайықты өмір сүру және жұмыс істеу болып табылады.

Қазіргі кезеңде білім беру саласындағы әлемдік білім кеңістігіне ұмтылуға байланысты жасалынып жатқан талпыныстар мектепке дейінгі ұйым тәрбиеленушілерінің және мектеп оқушыларының дербестігін, ізденімпаздығын, белсенділігі мен шығармашылық қабілеттерін дамытуды талап етілуде. . Сондықтан, мектеп жасына дейінгі балаларадың мектепке дейінгі мекемелерде тәрбиеленіп жүрген кезінде олардың денсаулығын шынықтыру, ойлау белсенділігін, шығармашылық қабілетін дамыту, білімі мен біліктерін өмірдің жаңа жағдайында пайдалана білуге үйрету қажеттілігі туындап отыр.

Елбасымыз Н. Ә. Назарбаев ұсынған «Қазақстан-2030» стратегиясында негізгі бағыттардың бірі ретінде халықтың ұлттық моделі мен салт-дәстүрлерін есепке ала отырып, білімі мен білігі жағынан өркениетті елдердегі замандастарымен қатар тұра алатын, бойында ұлттық, отаншылдық рухы мықты қазақстандықтардың жаңа ұрпағын тәрбиелеу қажеттігі баса айтылған

Қазақстан Республикасы дамытудың 2030 жылға дейінгі кезеңге жоспарланған стратегиялық бағдарламасында дене жетілуі әрбір қазақстандықты жан-жақты дамытудың бір салалы болып көрсетілген. Демократиялық, адамзаттық, еркін қоғамды орнатушы, Қазақстанның тәуелсіздігі мен бостандығын қорғаушы барлық қырынан алғанда мінсіз болуға тиісті[1] .

Мектеп жасына дейінгі балалардың мемлекеттік міндетті білім беру стандартының жобасында: «Мектепке дейінгі білім беру - Қазақстан Республикасының жалпы білім беру жүйесінің құрылымдық бөлімі ретінде маңызды роль атқарады, себебі оның шегінде баланың табиғилық сапалары мен ерекшеліктері анықталып, олардың даму жағдайлары қамтамасыз етіледі . . . » деп көрсетілген[2] .

Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді бамыту тұжырымдамасында мектепке дейінгі білім беру, сауықтыру және түзеу бағдарламаларымен қамтуды дәйекті түрде ұлғайту жолымен балалардың білім алуына бірдей бастапқы мүмкіндіктерді қамтамасыз ету мақсат етілген. Сонымен қатар мектепке дейінгі және бастауыш білімді оқыту бағдарламаларының үйлесімділігі, баланы шаршаудан қорғау мақатында оны оңтайлы жүктемемен қамтамасыз ету, салауатты өмір салтының құндылықтарына баулу арқылы денсаулығын нығайту міндеттелген[3] .

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың сапасын арттырудың негізгі бағыты балалардың жеке бас мәдениетінің негіздерін, мектепте оқытуға қажетті дағдыларды, мемлекеттік тілді үйренуіне, зияткерлік және эмоциялық дамуына, олардың табиғи және психикалық денсаулығын сақтауға және бекемдеуге жағдай жасау болып табылады. Мектепке дейінгі тəрбие мен оқытудың мəнін арттыру жалпы əлемді үрдістер қатарына жатады. Балабақшаға баратын балалар білім берудің барлық деңгейлерінде білімді тез қабылдайды жəне жалпы өмірде табысты болып келетіні анық делінген[4] .

Аса көрнекті педагог және педиатр Е. А. Аркин «Мектепке дейінгі жас» деген кітабында мектепке дейінгілердің дене мәдениеті тек бұлшық етті жаттықтырудан, гигиеналық дағдыларды игеру мен денсаулықты күшейтуден ғана тұрмайды деп атап көрсетті. Мектепке дейінгі жастағы дене мәдениеті ол «сезім, зейін, ерік, сұлулық, мәдениетті мінез-құлықтың бүкіл мәдениеті» деп есептейді [5] .

П. Ф. Лесгафттың іс қимыл ойындарының теориясы мен әдістемесін құруы. Орыстың тамаша педагогы П. Ф. Лесгафт Ресейде дене тәрбиесінің ерекше жүйесін жасады. Әрбір ойын дейді Лесгафт белгілі бір мақсатты көздеуі керек, ал ойынның түрі осы мақсатқа жауап бергені жөн.

«Дене тәрбиесін дұрыс жүргізу үшін ағзаның дамуына әсер ететін жағдайдың бәрін пайдалану қажет», - деп И. П. Павлов адам ағзасының біртұтастығын, дене мүшелерінің бәрі де бір - бірімен және сыртқы ортамен байланысты екенін танытты[6] .

Дене тәрбиесі теориясы қоғамдық, жаратылыс және педагогика ғылымдарымен тығыз байланысты. Қазақстандық дене тәрбиесі теориясының идеологиялық негізгі ұлттық-халықтық педагогика мен интернационалдық тәрбие практикасының озық үлгілеріне сүйенеді[8] . Дене тәрбиесі осы жалпы адамзаттық тәрбиенің ажырамас бөлшегі болып табылады. Демократиялық қоғамның негізін салушылар адам тәрбиесі әлеуметтік-экономикалық жағдайға, ал ол өз кезегінде адамдардың санасы мен білім деңгейіне, мәдениетіне, бір ауыз сөзбен айтқанда, алған тәрбиесіне тәуелді екенін дәлелдеп берген болатын. Мектепке дейінгі ұйымдардағы балаларға ұлттық, тәрбие беруге байланысты бірнеше шетел және отандық ғылыми зерттеушілерді атап өтуге болады:

- мектеп жасына дейінгі балаларды тәрбиелеудің аспектілері (Т. В. Черник, О. В. Леонова, М. Г. Евграфова, Е. А. Иванова, Е. Н. Кергилова, Т. Иманбеков, К. Сейсембаев, Т. А. Левченко, Ә. С. Әмірова, А. Е. Манкеш, О. М. Сыздық, З. М. Балгимбаева) [9] ;

  • мектеп жасына дейінгілердің дене дамуы (Е. Ф. Вертякова, Л. Д. Вавилова, В. Д. Ботнарь, О. Н. Юденко, С. Д. Кириенко, Б. Н. Галаева) [10] ;
  • мектепке дейінгі ұйымдардың мамандарын даярлау мәселесі (О. И. Давыдова, Х. Т. Шерьязданова, Л. С. Берсенева, У. Ш. Ибрагимов, М. Б. Кожанова, Ж. С. Хасанова) [11] ;
  • мектепке дейінгі ұйымдардың оқу-тәрбие үдерісіне ұлттық педагогика үлгілерін ендіру (Ж. М. Акпарова, С. Г. Жанабаев, А. Ә. Капенова, Ұ. Т. Төленова) [9]

Көптеген зерттеулердің әдіснамалық бағдарына профессор М. Т. Тұрыскелдина Қазақстан Республикасында дене тәрбиесі тұжырымдамасы алынды[17] .

Мектепке дейінгі ұйымдардың оқу-тәрбие процесін талдау балалардың дене тәрбиесін қалыптастыру мақсатында мектепке дейінгі мекеменің жұмысының мазмұнында дене тәрбиесі элементтердің өз мүмкіндігіне сай қолданылмайтынын көрсетті.

Осыған сәйкес дәстүрлі құндылықтар негізінде жан-жақты дамыған жеке тұлғаны тәрбиелеудегі қазақстандық қоғамның қажеттіліктері мен мектепке дейінгі мекеменің балалардың дене тәрбиесі қалыптастыру жүйесінің жеткіліксіздігі; мектепке дейінгі ұйымдарда балалардың дене тәрбиесі қалыптастыру мүмкіндігі мен бұл мәселенің педагогикалық теория мен практикада аз зерттелгендігі арасында бірнеше қайшылықтар туындайды. Бұл қайшылықтардың шешімін табу мақсатында дене тәрбиесі мектепке дейінгі кезеңнен бастап қалыптастыру жолдарын анықтау біздің зерттеу проблемамызды айқындауға және тақырыпты «Қазіргі мектепке дейінгі мекемелерде балаларды дене тәрбиесіне тәрбиелеу» деп таңдап алуымызға негіз болды.

Зерттеудің мақсаты: Қазіргі мектепке дейінгі мекемелердегі дене тәрбиесі сабағын тиімді жүргізудің мәселелерін теориялық тұрғыдан негіздеп, тәжірибе жүзінде әдістемесін талдау.

Зерттеудің обьектісі: Мектепке дейінгі мекемелердегі дене тәрбиесі пәнінің оқу-тәрбие үдерісі.

Зерттеудің міндеттері:

- Балабақшада оқу жұмысына талдау жасау;

- Дене тәрбиесінің сабақ жоспарының мәнін ашу;

- Сабақтың тиімділігін хронометриялық әдіспен анықтау;

- Балабақшадағы бұқаралық дене шынықтыру-сауықтыру және спорттық шаралардың тиімділігі пайдалану;

- Балабақшадағы «Денсаулық» білім беру саласының базалық мазмұнының ерекшеліктерін айқындау;

Зерттеудің пәні: Мектеп жасына дейінгі балаларға дене тәрбиесі пәнін оқыту үрдісі

Зерттеу жұмысының құрылымы: Зерттеу жұмысы кіріспеден, 2 бөлімнен, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен және қосымшадан тұрады.

І. Қазіргі мектепке дейінгі мекемелерде балаларды дене тәрбиесіне тәрбиелеудің теориялық негіздері

1. 1. Мектеп жасына дейінгі балалар дене тәрбиесінің міндеттері

Дене тәрбиесі - демократиялық қоғамдағы тәрбиенің қоғамдас бөлігі. Ол дене жетілуінің жоғары нәтижелеріне, яғни денсаулықтың, дене дамуының және дене дайындығының биік деңгейде болуына бағытталған.

Бұл анықтама, дербес түрдің қатыстылығына қарай, дене тәрбиесінің өзіндік ерекшелігін көрсетеді. Ол тәрбиенің адамгершілік, эстетикалық, ақыл-ой және еңбек тәрбиесі сияқты түрлермен тығыз байланысты. Сондықтан, біздің қоғамымызда дене тәрбиесі үдерісінде педагогика мәселесінің басқа қырлары да көрініс табады. Бала туылғаннан бастап, мектепке барғанға дейінгі алғашқы жылдар адам өмірінде өте үлкен маңызға ие. Бұл кезеңде денсаулықтың іргетасы шыңдалады, әр түрлі қабілеттер дами бастайды бастайды, сапалы қасиеттері көрінеді және мінез-құлық ерекшеліктері қалыптасады. Осы жылдарда баланың қалай тәрбиеленуі, оның болашақтағы оқуына, жеке адамзат болып қалыптасуына негіз болады. Баланы алғашқы жылдары жан-жақты тәрбиелеудің негізгісі дене тәрбиесі болып табылады. Дұрыс дамып келе жатқан бала ылғи да қозғалысқа қабілетті болады. Қозғалыс ықпалымен жүрек-буын, тыныс алу және жүйке жүйесі қызметі жақсартады, тірек-қимыл жүйесі жетіліп зат алмасу реттеледі. Олар бала ағзасының ауруға қарсы әрекетін күшейтіп, қорғаныс күшін реттейді. Бала қимыл арқылы әлемді таниды, оның психикасы, еркі, дербестігі, үлгерімі, ұйымшылдығы дамиды[12] .

Әсіресе қол саусақтарының қимылы зор мәнге ие, болады. Мидың үлкен жарты шеңбер үлкен жарты шеңбер бөлігінің белсенділігін арттырып, тіл қозғаушы орталықтың дамуын реттейді. Сондықтан бала неғұрлым түрлі қимыл-қозғалыстарды меңгерсе, соғұрлым сезім, қабылдау және де басқа психикалық процестерді дамуын мүмкіндік туғызады.

Мектепке дейінгі мекемелерде 2 айдан 6 жасқа дейінгі балалар қатысады. Анатомо-физиологиялық ерекшеліктеріне, өмір шарттарына, тәрбиесі мен оқу біліміне қарай болып бөлінеді. Олар яслилік және мектепке дейінгі топтар болып бөлінеді. Ясли: нәрестелік жастағы бірінші топ (2 айдан 1 жасқа дейін) және нәрестелік екінші топ (1 жастан 2 жасқа дейін) . Мектепке дейінгі: бірінші сәбилік топ (3 жастан 4 жасқа дейін), орташа топ (4 жастан 5 жасқа дейін), жоғары топ және мектепке дайындық топ (6 жас) [13] .

Қимылды дамыту ерекшеліктері. Бала үшін өмірінің алғашқы үш айы бір қалыпты өтеді. Ол ересектерге дыбыстау арқылы ғана жауап береді. Бала күлгенде «өміршеңдік кешені» деп аталатын қимылды қолдап көтермелеу керек. Бұл баланың барлық бұлшық еттерінің дамуына, ағзаны нығайтуға, жалпы өмір сүруге талпынысын арттырады. Қозғалысты меңгеру құбылысы өте тез өтеді. Бала екі айлығында жилжиды, жеті-сегіз айлығында отырып-тұра алады, ал он-он бір айлығында өз бетінше қимылдау белсенділігін арттыру керек және осы қимылдарды жүйеге түсірген жөн. Мысалы, оны алғашқыда отыруға, тұруға, жүруге үйрету қажет.

Өмірінің екінші кезеңінде баланы жүруге үйретуге баулу керек. Бала алғашқыда сенімсіз қимылдайды. Алайда, екінші жылдың соңында қарай ол бұл қимылдарды толық игеріп, 1-1, 3 м. саты, текпешектерге шығып, түсе алады. Рахаттанып доппен ойнайды, әр түрлі беттерден асып өтеді. Сыртқы әр түрлі заттардың ықпалымен қолдың майда шеміршектері дамиды. Ол сөйлеуді, ойлауды, ойнау қызметтерін жетілдіруге септігін тигізеді.

Бала өмірінің үшінші-төртінші жылдарында қимыл тәжірибесі кеңейеді. Үш жасқа қарай допты қағу, лақтыру, бір орында секіру және жүгіру, сияқты гимнастикалық сатыдан өтуге талпынады. Төрт жаста тепе-теңдікті сақтай отырып шанамен сырғанайды, велосипед айдайды.

Бес жасында оның реттегіш үлкен бұлшық еттері қимылды нақты орындайды.

Алтыншы жылдарында қимыл дамытуда мәнділік, дәлдік пайда болады. Балалар қимылды дұрыс орындамаса, талдау нәтижесінде өз қатесін түсінеді. Сөйтіп биіктік пен ұзындыққа секіруді, арқанға өрмелеуді, т. б. меңгереді[13; 14; ] .

Бала тәрбиесінің міндеттері: Бала ағзасының нәзіктігіне, оның бойы мен ағза дамуының теңсіздігіне, біркелкі еместігіне қарай отырып, өмірінің алғашқы жылдары сауықтыру міндеттерін енгізу зор маңызға ие болды.

1) Өмірін қорғау, аурумен күрес, шынығу, қоршаған ортаның кері әсерлерінен ағзаның қарсылығын жетілдіру.

2) Барлық ағза жүйесінің уақытылы, жүйелі дамуын, оның қызмет мүмкіндігінің кеңеюін, омыртқасы мен табандарының дұрыс пішінінің, жылдамдығын, ептілігін, төзімділігінің дамытуды жүзеге асыруды қамтамасыз ету.

Бала өзгермелі шарттарға, дене жүктемесіне тез икемделеді. Оны игеру, қабылдауы, биіктігі ерекшелендіреді. Сондықтан білім беру міндеттерін шешу аса маңызды.

1) Жеке бас және қоғамдық гигиенаны ұстану.

2) Өмірге ең қажетті қимылдық қозғалыстарды (жүру, жүгіру, секіру т. б. ), сонымен бірге жүзу, шаңғымен жүру, коньки тебу, жүгіру, велосипед тебу сияқты жаттығулардың негізін құрайтын қимылдарды реттеу.

3) Атқарылып жатқан дене жаттығулары жайында алғашқы білім беруді ретте.

Сонымен тәрбиелеу міндеттерін де естен шығармау керек:

1) Рухани-ерікті сапаларын тәрбиелеу /адалдық, шешімге келу, батылдық, табандылық т. б. /.

2) Ақыл-ой, адамгершілік, әсемдік еңбекке тәрбиелеуді қамтамасыз ету[15] .

Дене тәрбиесінің мазмұны. Жасына лайықты қимыл - қозғалыс ерекшеліктермен оған деген қажеттілікті ескере отырып, алғашқы жылы дене тәрбиесінің арнайы құралдары қолданады.

Бала дене тәрбиесінде, әсіресе өте жас кезінде күн режимі басты маңызға ие болады. Күн режимін сақтау (жүйелі сергу, ұйқы, тамақ т. б. ) баланың ырғақтылығын қамтамасыз етеді, жүйке жүйесін әлсіреуден сақтайды. Күн режимінің тәрбиелік маңызы да зор: белсенділікті, дербестікті, үлгерушілікті арттырады.

Бала даму үшін санитарлық тазалық құрылымының да зор мәнге ие. Тәртіп пен тазалықты ұстану, бөлменің ауасын, жарығын, жылылығын реттеу, дұрыс киіну - дене тәрбиесіндегі ең басты нәрсе.

Бала ағзасын шыңдауда табиғат әсерлері де кеңінен қолданылады, олар: ауа, су және күн. Әр баланың жеке бас ерекшелігіне байланысьы шыңдайтын процедураларды жүйелі қабылдау жүйке жүйесін нығайтады, бейімділікті арттырады, аурудың алдын алуға көмектеседі.

Тәрбиенің жалпы жүйесінде мектеп жасына дейінгі баланы дене жағынан тәрбиелеу ерекше орын алады. Мықты денсаулықтың, дененің дұрыс жетілуінің, жоғары жұмыс қабілетінің негізі нақ осы мектеп жасына дейінгі балалық шақта қаланады; қозғалыс қызметінің қалыптасуы, сондай-ақ дене қасиеттерінің бастапқы тәрбиесі де осы жылдарда өтеді[16] .

Баланың дене жағынан қалыптасуы оның интеллектуалдық және моральдік-еріктік жетілуімен, барлық психикалық функцияларының дамуымен тығыз байланысты. Мұндайда өмір жағдайларының әсері мен тәрбие шешуші роль атқарады.

Өмірді қорғау мен денсаулықты нығайту, бала организмінің функцияларын жетілдіру, оның денені дұрыс жетілдірудегі ықпалы, жұмыс қабілетін арттыру мектеп жасына дейінгі балалық жылдарда дене жағынан тәрбиелеудегі ең басты міндеттер болып табылады. Бұл міндеттердің маңыздылығы мынада: органдар мен жүйелердің тез өсуіне және дамуына қарамастан, олардың қызметі әлі жетілмеген, ағзаның қорғаныс қабілеті нашар қалыптасқан, кішкентай балалар сыртқы ортаның қолайсыз әсерлеріне тез ұшырайды. Сондықтан сүйек жүйелері мен байланыс-буын аппаратының дұрыс мерзімімен жетілуіне, бел омырқаның физиологиялық иіндерінің қалыптасуына, табан дөңестерінің дұрыс жетілуіне ықпал жасау қажет; барлық бұлшық ет топтарын, әсіресе жиырылмалы бұлшық еттерді қатайту; жүрек қан тамыр жүйесінің жетілуіне, оның әр түрлі және тез өзгеріп тұратын ауыртпалықтарға бейімделу мүмкіндіктерін арттыру; тыныс алу мускулатурасын қатайту, тыныс алудың тереңдігі мен ырғақтылығына, тыныс алуды қозғалыспен үйлестіру шеберлігін дамытуға мүмкіндік жасау, нерв жүйелері мен сезім ағзасының дамуына көмектесу қажет [17] .

Басты міндет, балалардың қозғалыстарын жетілдіру, қимылдық дағдыларын және дененің икемділік, шапшаңдық, күштілік, төзімділік сияқты қасиеттерін қалыптастыру болып табылады.

Дене тәрбиесі жүйесінің барлық буындарда бір мақсат- өмірге, еңбекке, отан қорғауға даярлау жүзеге асырылады. Мектепке дейінгі балалық шақ дене тәрбиесінің міндеттері жалпы мақсаттық бағытты сақтай отырып, жас ерекшеліктерін ескере нақтыланады. Мектепке дейінгі жаста дене тәрбиесінің сауықтыру, білім беру және тәрбиелік мәндеттері жүзеге асырылыды.

Сауықтыру міндеті - өмір қорғау және денсаулық нығайту, балалардың организмін шынықтыру болып табылады. Жақсы денсулық барлық мүшелер мен ағза жүйелерінің нормаға сай жұмыс істеуімен анықталады. Денсаулық нығайту міндеттері бала ағзасының даму ерекшеліктерінен туа отырып, әр жүйе бойынша әлдеқайда нақты түрде анықталады; дұрыс және нақтылы сүйектенуге, омыртқа иілістерінің қалыптасуына, табан үзенгілерінің дамуына, байланыс- буын аппаратының нығайуына көмектесу, дене бөліктерінің дұрыс арақатыста пропорция дамуына, сүйектердің өсуі мен дамуына себепші болу; бұлшық еттердің барлық топтарын «кеуде, арқа, қарын, аяқ, қол, алақан, саусақ, табан, мойын, ішкі ағзалар, оның ішінде жүрек, қан тамырлары бұлшық еттерін дамыту, нашар дамыған иіп-жазғыш бұлшық ет топтарына айрықша көңіл бөлу: қанның жүрекке қарай ағуының күшеюіне, оның жиырылу жиілігінің және тұтқиылдан өзгерген жүкке бейімделу қабілетін жақсарта жәрдемдесу; тыныс жолдары еттерін нығайту, кеуде клеткасының қозғалғыштығын дамыту, тыныс алудың тереңдеуіне, ауаны үнемді жұмсауға, тыныс ырғағының тұрақталуына, өкпенің ауа сиымдылығын арттыруға себепші болу; мұрын арқылы дем алуды үйрету; ішкі ағзалардың «ас қорыту, зәр шығару, және т. б. » дұрыс қызмет етуіне көмектесу, теріні зақымданудан сақтау және оның дұрыс қызмет етуіне «жылуды реттеу және қорғаныс» жәрдемдесу; қозу және тежелу процестерінің тең қалыптылығына, олардың қозғалмалдығына, белсенді тежелістің дамуына, сонымен қатар қимыл-қозғалыстық анализатордың сезім мүшелерінің «көру, есту т. б. » жетілуіне себепші болады[18] .

Мектеп жасына дейінгі балалардың дене тәрбиесі процесінде білім беру міндеттерін шешудің де маңызы аз емес; қимыл-қозғалыс дағдыларын қалыптастыру, денені түзу ұстау, гигиена дағдыларын бойға сіңіру, дене тәрбиесі туралы білімді игеру.

Нерв жүйесінің икемділігі арқасында балалардың қимыл-қозғалыс дағдылары басқалармен салыстырғанда оңай қалыптасады. Олардың көпшілігін «еңбектеу, жүру, жүгіру, т. б. » балалар күнделікті өмірде пайдаланады.

Қимыл-қозғалыс дағдылары қоршаған ортамен байланыс жасауды жеңілдетеді және оны танып білуге көмектеседі; мысалы еңбектеуді үйренген бала оны қызықтыратын заттарға өзі жақындайды да олармен танысады. Дене жаттығуларын дұрыс орындау бұлшық еттердің, буындардың, бунақтардың, сүйек жүйесінің жетілуіне тиімді әсерін тигізеді. Мысалы «қолды артқа сілтей құлаштап лақтыруды дұрыс үйренген бала құлаш сілтеу мен лақтыруды кеуде, аяқ, қол, қозғалысының үлкен амплитудасымен орындайды, бұл бұлшық еттер, буындар, бунақтардың тиісті топтарының жақсы жетілуіне жағдай жасайды. Қалыптасқан қимыл-қозғалыс дағдылары баланың күш үнемдеуіне мүмкіндік береді. Егер бала жаттығуды оңай, қиналмай орындаса, онда ол жүйке қуатын аз жұмсайды. Осының арқасында жаттығуды көп рет қайталауға және жүрек қан -тамырлары, тыныс жүйелеріне әлдеқайда тиімді әсер жасауға, сондай-ақ дене қасиеттерін дамытуға мүмкіндік туады. Нық қалыптасқан қимыл-қозғалыс дағдыларын пайдалану қимыл-қозғалыс және ойын іс-әрекетінің күтпеген жерден туатын міндеттерін ойластыруға мүмкіндік береді. Мысалы жүгірген бетте дұрыс жүгіруді меңгерген бала, мысалы «Жер астында қасқыр бар» ойынын ойнап жүргенде қалайт секіру керек екендігі жайын ойламай, қасқырдан қалай құтылу жағдайын ойластырады.

Алты жасқа дейін қалыптасқан қимыл-қозғалыс дағдылары мектепте оны одан әрі жетілдірудің іргетасын қалайды және алдағы уақытта спортта жақсы нәтижелерге жетуге мүмкіндік береді. Көптеген спортшылар (И. Тер-Овенесян, В. Брумель) дене жаттықтырумен үзбей айналысуды балалық шақтан бастаған.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Педагогикадан дәрістер жайында
Қазіргі мектепке дейінгі мекемелерде балаларды дене тәрбиесіне тәрбиелеудің теориялық негіздері
Мектептегі музыкалық тәрбие әдістемесі
Мектеп жасына дейінгі балалардың дене тәрбиесінің міндеттері
Мектепке дейінгі жастағы балаларға дене тәрбиесі және салауатты өмір салтын қалыптастыру
Дене тәрбиесінің әдіс- тәсілдері
Мектепке дейінгі ұйымдарда дене тәрбиесін ұйымдастыру формалары
Дене тәрбиесі теориясы мен әдістемесі курсын педколледждерде оқытудың ұйымдастыру формалары
Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру. Мектеп жасына дейінгі балаларға үйретілетін арифметикалық амалдардың ерекшеліктері
Музыка және музыкалық тәрбие беру әдістемесі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz