Қазақстан топырақ типтері және оны тиімді пайдалану


Жұмыс түрі: Дипломдық жұмыс
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 81 бет
Таңдаулыға:
ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы: Қазақстан топырақ типтері және оны тиімді пайдалану
МАЗМҮНЫ
КІРІСПЕ.
I ТАРАУ. ЖЕР ҚОРЫНЫҢ ТАБИҒИ СИПАТТАМАСЫ ЖӘНЕ
ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЖЕР ҚОРЫН ТИІМДІ ПАЙДАЛАНУ. 6
1. 1 ҚР жер корының күрылымы 6
1. 2 Жыртылған жерлер 12
1. 3 Ормаиды аудандар 17
1. 4 Су астыидагы батпақты жерлер 18
II ТАРАУ. ТОПЫРАҚ ЖАМЫЛҒЫСЫНЫҢ ӨЗГЕРУІНЕ
АНТРОПОГЕНДІК ЫКДАЛДЫҢ ӘСЕРІ 25
2. 1. Эрозиялык процестердің әсеріпен жердің ластануы және
бүлінуі 252. 2. Экологиялық апат ауданындағы жердің жағдайы (Арал маңы,
Семей полигоны Каспий маңы регионы) 29
23. Казақстанның аграрлық секторындағы шаруашылык, жүргізудің
жаңа формаларыиың дамуы және күрылуы 32ҚОРЫТЫНДЫ. 45
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР TI3IM
КІРІСПЕ
Қазақстанның топырақ жамылғысы тым күрделі және сан алуан. Республика территориясында таралған топырақ түрлері топырақ түзуші факторлармен тығыз байланысты, сондықтан топырақ түрлерінің тиісті геогрфиялық заңдылықтарға орналасуын анықтау онша көп қиындыққа соқпайды. Республиканың жазық бөлігінде ендік немесе горизонтальды зоналық айқын бйқалады, яғни белгілі топырақ түрін құрайтын қабат ендік бағытында созыла орналасып, зона түрінде солтүстіктен оңтүстікке қарай басқа түрлі қабатымен аласады. Бұл құбылыс жетекші топырақ түзуші факторларға (өсімдік жамылғысына және климатқа) тығыз байланыса жүреді.
Қазақстан территориясын 4 табиғат зонасы (орманды дала зонасы, дала, шөлейт және шөл) кесіп өтеді. Жазық бөлігінде қара топырақ, қызыл қоңыр және қоңыр топырақ сұр топырақ зоналары таралған. Топырақтың ендік (горизонтальды) орналасуынан топырақ зоналарының ішінде зона аралық өңірлер айқын байқалады. Республиканың қиыр солтүстігінде Қазақстан және Көкшетау облыстары жеріндегі орманды дала зонасының шалғын бөлігін орманды шалғын бөлігін орманның сұр топырағы құрайды. Қара топырақ зонасы Республиканың Солтүстік және сол. Шығыс бөлігін яғни
52 º солт. ендіктен солтүстікке қарай, негізінен Қостанай, Торғай, Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Ақтөбе, Павлодар және Көкшетау облысытарының көпшілік бөлігін алып жатыр.
Қызыл қоңыр топырақ Ақмола, Қарағнды, Ақтөбе, Семей, Орал, Қостанай, Торғай, Атырау облыстарында басым. Топырақтың бұл түрінің жалпы үлесі 34, 3 %. Қызыл қоңыр топырақ зонасы да бірқатар зона аралық ерекшеліктерге бөлінеді. Солтүстіктен Оңтүстікке қарай қүңгірт қызыл қоңыр топырақ нағыз қызыл қоңыр топырақпен (орташа қызыл қоңыр топырақ ), одан әрі бозғылыт қызыл топырақпен алмасады. Бұлар Қазақстан топырағының 10, 5 % -ке дейінгі бөлігін қамтиды. Күңгірт қызыл қоңыр топырақ түрлері құрғақ дала зона арлығында таралған, ал бозғылт қызылқоңыр топырақ қызыл қоңыр топырақтың оңт. Зона аралығы болып есептеледі, және шөлейт зонааларда қалыптасқан. 48 º солт ендіктен оңтүстікке таман шөл зонасы басталады, мұнда бозғылыт қызыл қоңыр топырақ қоңыр және сұр топырақ пен алмасады. Топырақ түрлерінің бұлайша алмасуы жауын-шашын максимумының көктемгі және қысқы маусымдарға алмасуымен және жусанды астық тұқымдас өсімдік жамылғысының жусанды-сораңды өсімдік жамылғысын аламсуына сай келеді. Қоңыр және сұр қоңыр топырақ република территориясының көпшілік бөлігін қамтып, (36, 6 %) . Үстірт Кспий маңы ойпат, Торғай төрткөлді өлкесі Бетпақдала және басқа ірі массивтер түрінде алып жатады. Қоңыр және сұр қоңыр топырақ республика шегінде тұтас белдеу жасап солтүстік бозғылыт қызыл қоңыр, ал оңтүстік тау алдының сұр топырақ белдеулері аралығында орналасқан. Еліміздің кейбір ғалымдары қоңыр топырақты шөлейт зонаға, ал сұр қоңыр топырақты шөл зонасына жатқызады. Қоңыр топырақ зонасы 2 зона аралығында - шөл зонасының солтүстігін қамтитын қоңыр топырақты ( республика территориясының 21, 6 % -ін алып жатыр) . өңірлерге бөлінеді. Шөлді аудандарға ойпаңдарға жиналған саз тоспарларынан түзілген тақыр не тақыр пішіндес жерлер топырағы тән келеді. Бұл топырақ түрлерінің беті паркет тәрізді пішіндерге бөлініп, жарылған саз қабыршықтарынан тұрады. Топырақтың бұндай түрлері Шу, Сырдария, Іле т. б. өзендердің төменгі ағыстарында, қоңыр және сұр қоңыр топырақ араларында кезеседі. Қазақстанның шөлейт және шөл зоналарында кең көлемде құм және кәдімгі құмды топырақ таралған. Топырақтың бұндай түрлері Атырау облысының 16%-ын, Батыс Қазақстан облысының 10%-ын Семей, Қарағанды, Жезқазған, Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл, Алматы, және Талдырқорған облыстарының біраз бөлігін алып жатыр. Топырақтың зоналық таралу заңдылығымен қатар, Қазақстан топырақ жамылғысында өзіндік ерекшеліктер байқалады. Бұл жағдай батыстан шығысқа қарай климаттың контингенттгінің өзгеруінен мезо және микрорельеф пішіндері арасындағы айырмашықытан, аналық топырақ қалыптастырушы жыныстар сипатынан т. б. факторлардан көрінеді. Топырақ қалыптастырушы факторлардың алуан түрлілігі Қазақстан топырақ жамылғысының ала-құлалығын арттырады. Қазақстанның қуаң климаттық жағдайларында автоморфтық (зоналық) топырақтар мен қатар топырақ қалыптасу процесіне грунт сулары қатынасатын гидроморфтық топырақтар да қалыптасады. Тапшы су режимдерінен және жер асты суының шамадан тыс минералдығының артуынан Қазақстанның көпшілік бөлігінде сор тартқан топырақ дамыған. Тұздың сапалық құрамының әр түрлілігі, олардың миграциясы мен жинақталу қарқындылығының артуы сорға айналған топырақтардың әр түрлілігін тудырады. Қазақстанда топырақтың мұндай түрлерінен сортаң топырақ пен сор топырақ негұрлым көбірек таралған. Сортаң мен сор топырақ Қазақстанның жазық зоналарының барлық бөліктерінде кеңінен кездеседі. Бұнымен қатар сортаң топырақ дала және шөлейт зоналарына ал сор топырақ шөл зонасына ұласып кетеді. Сортаң топырақтың едәуір бөлігі қызыл қоңыр, қоңыр топырақ зоналарында аралас және өз алдында жеке массивтер құрап орналасады. Қазақстан территориясында сортаң топырақ пен олардың комплекстері 30 % -тен астам жерді қамтиды. Шөлейт және шөл зоналарында сор топырақ ірі массивтер түрінде Кспиий теңізі жағалауында, Арал теңізі және Балқаш маңында, сонымен қатар кеуіп қалған көлдер кездеседі. Сор топырақ ауданданының жалпы өсу тенденциясы байқалуда. Жамбыл облысы жерінің16, 7 %- і сор топырақ жамылғысынан құралған Сор топырақ сонымен қатар Атырау, Маңғыстау т. б. облыстарда көбірек таралған. Сор топырақ және олардың комлекстері республикаға жалпы ауданы 10 млн. -ға жуық жерді алып жатыр. Ресбуликаның Солтүстік бөлігінде Ақмола, Павладар, Көкшетау облыстаныдағы көктереті-қайыңды қарағайлы жерлерде жекеленген қабаттар түрінде ылғалды сортаң топырақ кездеседі. Қазақстанның өзен аңғарларында су режимі әсерінен қалыптасқан топырақ түрлері таралған. Негізінен алливювийлік -шалғынды топырақ жамылғысы қалыптасқан. Өзен жайыомаларында тоспарлардың жыл сайын қабатталып жиналуынан құралған. Жайылмалық қабат орналасқан. Өзен арнасынан қашықтаған сайын шымдану процесі артып, жайылма маңында шалғындық топырақ қалыптасқан. Өзен жайылмалары топырағының қалыптасуна қатынсатын аллювилік поцестермен қатар мұнда зоналық факторлардың да әсері байқалады. Топырақтың мұндай түрінің сор тарту және сілтілену дәрежесі дала зонасына қарай артады., сонымен қатар осы бағытта топырақтағы гумус мөлшері кемиді. Өзен аңғарларының су мен тұздың айрықша режиміне сай қалыптасқан. Қазақстан территориясының 1/10 мөлшеріне жуығын таулы аудандарда алып жатыр. Тау беткейлерінде қалыптасқан топырақ жамылғысының жазық бөлікке қарағанда елеулі айырмашылығы бар. Таулардың биіктігі мен бетқейлердің тік құламалылығы артқан сайын топырақ жамылғысының беткі қабатының шайылу қарқындылығы да соғұрлым күшейеді. Биіктікке байланысты топырақ типтері өзгереді. Сондықтан топырақ типтері тау беткейлерін айнала қоршай орналасып отырады. Топырақтың тік зона бойынша таралу сипаты ендік бағыттағы топырақ зоналарымен тығыз байланысты келеді. Тянь-Шань таулы аймағының топырағының қалыптасуна оның оңтүстікте, шөл зонасында орналасуы әсер етеді.
Қазақстанның таулы бөлігінде шөл зонасымен көпжылдық қар зонасына дейінгі аралықта толып жатқан таулық топырақ типтері- сұр қызыл қоңыр, шалғындықө далалық қоңыр қара, сілтісізденген қара т. б. түрлер тараған. Таулы аудандардың солт. және оңт. Беткейлеріндегі топырақ жамылғыларының таралуында көп айырмашылықтар байқалады.
Жазық жер топырағы. Республиканың жазық бөлігінде топырақ жамылғысы ендік бойымен горизонтальдық зонаны құрап таралады. Мұнда қара, қызыл қоңыр, қоңыр және сұр қоңыр топырақ түрлері басымырақ келеді. Зоналардың топырақ жамылғыларында сор және сортаңдық дәрежесі біркелкі болмайды. Соған байланысты Республиканың жазық бөлігінің топырақ жамылғысында ала-құлалаық және комплекстілік сипат байқалады. Жазық бөлікте кеңірек тараған сор топырақ және ылғалды сортаң топырақ және ылғалды сортаң топырақтардан басқалары солтүстіктен оңтүстікке қарй зоналық орналасу тәртібі бойынша сиаптталады.
Сор топырақ. Қазақстанның барлық бөлігіндегі зоналарда таралған. Республикадағы сор және оның басым келетін комплекстерінің жалпы ауданы 10 млн ға шамасындай. Сор топырақтың қалыптасуы көне және қазіргі тұз жиналу процесімен (түсетін атмосф. жауын -шашыннан булану мөлшерінің артық болуынан) байланысты келеді. Топырақтың гумустылығы жоғарғы горизонтттарда 0, 5 %-тен 3%-ке дейін және одан да жоғарырақ мөлшерге ауытқып отырады, рекация баяу сілтілікке дейін жүреді. Сор жиналу сипатына қарай сор топырақ хлорлы, сульфатты, содалы және аралас түрлерге бөлінеді. Сор топырақтың сор жиналған беткі қабаттарының морфол. ерекшеліктеріне қарай қабыршақты кеуек т. б. түрлері болады. Гидроморфтық сор топырақтар жер асты суы жақынырақ жатқан аудандарда қалыптасқан. Олардың көлденең қимасы горизонтарға нашар ажыратылады. Шалғындық сор топырақ республиканың солт. аудандарындағы өзен жайылмаларында және көл террессаларының кейбір учаскелерінде жиірек кездеседі. Бұлардың көлденең қимасы горизонттарға айқынырақ ажыратылады. Сор тарту дәрежесінің жалпы өсу тенденсиясы қуаңшылықтың арту бағытына да байланысты. Солтүстіктен оңтүстікке қарй содалы-сульфатты сор топырақ сульфатты-хлорлы және хлорлы сор жиналумен алмасады. Бұл жалпы заңдылық өзен атырауларында бұзылады. Мысалы: Сырдария өзенінің атырауында хлорлы сор жиналудың орнына хлорлы сульфатты, Іле өзенінің атырауында содалы-сульфатты және сульфатты сор жиналу басымырақ келеді. Сор топырақты шаруашылыққа пайдалану үшін алдымен топырақтағы көп мөлшерлі сорды шаю керек. Тым сор тартқан топырақтың сорын шаю қазіргі уақытта күріш егісін егу арқылы жүзеге асырылып жүр. Тәлімі жерлерде сор топырақ табиғи жайылым ретінде ғана пайдаланылады.
Сортаң топырақ. Қазақстан жерінде кең таралған. Топырақтың бұл түрі орманды дала, дала шөлейт зоналарында, сонымен қатар шөл зонасының солт. бөлігінде кездеседі. Сортаң топырақ көпшілік жағдайларда топырақ комплекстернің негізгі компонентерін құрайда, кейбір жағдайда жеке өз алдына массивтер күйінде таралады. Респулика территориясында таралу сиапты зоналық заңдылыққа бағынады. Солтүстіктен оңтүстікке қара топырақты даладан шөлге жылжыған сайын топырақ жамылғысындағы сортаң топырақ басымырақ келетін комплекстердің ауданы артады. әрі біртекті сортаң топырақтан массивтер жиірек кездесе бастайды. Сортаң топырақтың көлденең қимасынан гумустылығына қарай сортаңдау, корбанатты және гипсті топырақ қабаттары ажыратылады. Гумстың мөлшері жоғарғы горизонтта 6 % және оданда жоғарғы көрсеткішке ауытқып отырады., өріген тұздардың максимумы тереңірек қабаттарда байқалады. Олардың таралу сипаты зоналық заңдылыққа бағынышты және жергілікті жағдайларға байланысты өзгеріп отырады Сортаң топрырақтың өсімдік жамылғысы бір зонадан екінші зонаға ауысқан кезде әжептеуір өзгеріске ұшырайды. Қара топырақты зонаның сортаң топырағына жусанды-бетегелі өсімдік жамылғысы, қызыл қоңыр топыраққа жусан қараматау шөлге сораң сор жиналу сипаты және морфол. ерекшеліктері де өзгереді. Әр зонада ылғалдану сипатына қарай сортаң топырақтың автоморфты, жартылай гидроморфты түрлері ажыратылады. Орманды дала және дала зоанларында жартылай гидроморфты (шалғындық -далалық ) және гидроморфты (шалғындық) ал шөлейт және шөл зоналарда автоморфты (шөл далалық және шөлдік ) сортаң топырақтар басым таралған. Сортаң топырақтың үстіндегі горизонттың қалыңдығына қарай қыртысты сортаң топырақ (5- см дей ), ұсақ сортаң топырақ (10-см ге дейін ), орташа сортаң топырақ (15 см-ден астам) түрлеріне бөлінеді. Сортаң топырақ есебінен республиканың а. Ш-на жарамды жер көлемін ұлғайтуға зор мүмкіндік бар. Қазақстан территориясында 40-ғе жуық сортаң топырақты жер бар, ал сортаң топырақ басымырақ келетін комплекстер 30 %-тен асады. Бұл мөлшердің 9 млн ға жуығы қара топыорақты және күңгірт қызыл қоңыр топырақты зоналарда орналасқан. Сортаң топырақты аймақ негізінен жайылымға пайдаланылады.
Ылғалды сортаң топырақ. Далалық алқаптардағы қара топырақты зонаның көктеректі-қайыңды және талды шоқ тоғайлар өсетін ойпаңдау жерлеріне тән. Ылғалды сортаң топырақтың аморфты кремний қышқылына және кварц қалдықтарына жақсы қаныққан бозғылыт және ақ ұнтақты сор жиналған горизонттары бар. Бұл горизонт негізінен тереңде 8-10 см-лік және жер бетіне тым жақын жатқан жұқа қабатты шымды қара шірікті орман асты төсеніш қабатын құрайды. 30-50 см тереңдікте бұл горизонт қоңыр немесе қара қоңыр иллювийлік горизонтқа ауысып кетеді. Карбнатты горизонт 70-100 см-лік тереңдікте жатады. Топырақтың көлденең қимасынан негізінен артық ылғалдану іздерін(көкшіл сұр және тот басқан дақтарды темірлі конкрецияларды ) байқауға болады Ылғалды сортаң топырақ қара шірікті горизонтың сипатына қарай жер асты суы 1, 5м, 1м және 0, 5м тереңдікте жатқан жағдайда дамитын нағыз шымды -глейлі (шалғындық ) және шалғындық-батпақты топырақ түрлеріне ажыратылады. Ылғалды сортаң топырақты аймақ мал жайылымында және шабындықта пайдалынады . Орманның сұр топырағы Қазақстанның қиыр солтүстігіне орналасқан топырақ зонасы Бұл зона республиканың солтүстігіндегі көк теректі -қайыңды орман астында қалыптасатын шағын аудандарды қамтиды. Топырақтың көлденең қимасының қалыңдығы 18-25 см-лік гумусты А-қабаты ал одан неғұрлым төменірек кремний тотығының сеппелері әсерінен ашық түске ауысқан бөлігіне тығыз гумусты -аллювийлі В-қабаты ) 20-30см) орналасқан Карбонаттар 1, 5 м-лік тереңдікке шайылып кеткен. Әсері А -қабатында әлсіз қышқылды. В -қабатында бейтераптанады Қазақстанның солтүстігінде құнарсызданған сұр орман топырағы және саздақ жиірек кездеседі. Топырақтың бұл типтері көкіректі -қайыңды сирек орман мен шоқ тоғай астындағы төсеніш бетері тұзды саз балшықтан құралатын саздақ үстінде қалыптасады Құнарсызданған сұр орман топырағы қалыңдығы 17-30см -лік ашық немесе сәл қою түсті гумусты А1 қалың 10 см -лік гумустылығыкеміген кремний тотығы сеппелерінің шамадан тыс артық болуынан ақ дақты- А2 түйіршекті -жаңғақ тәрізді құрылымдық жіктері жиігінде сеппелері -жоқ -В2 жер қыртысындағы берік жыңысқа өтпелі, қалдықты -карбонатты, карбонатты карбонатты конкрециясы бар-ВС горизонттарына ажыратылады Гумустылығына қарай жоғарғы горизонттан бастап құрасызданған сұр орман гумустылығы 3-5% және құнарсызданған күңгірт сұр орман топырағына гумустылығы 5 %-тен артық ажырытылады .
Қара топырақ
Қазақстанның
сол. бөлігіндегі орманды дала зоналарында ендік бағытымен тараған
Далалық шалғындық далалық астық тұқымдас әр тұүрлі щөпті өсімік жамылғылары астында қалыптасады Қаратопырақтың көлденең қимасынан гумустылығы аса жоғары қою кара түсті гумусты горизонт айқын ажыратылады . Келесі горизонтта топырақ тың қою түсі бірден кемиді. Түйіршекті және кесекті құрыымдар басыымрақ келеді. Реакциясы бейтерапқа жақын Топырақтың құнарлылығы жоғары қгоректің заттармен үздіксіз қамтамасыз ету қабілеттілігі мол, су-ауа және физика -химия лық қасиеттері қолайлы келеді. Қазақстан терреториясында қар топырақ жамылғысының бірнеше түрі бар. Сілтісізденген қаратопырақ республиканың қоңыржай ылғалды орман далалы зона аралығында біртекті топырақ жамылғысын құрайды. Топырақтың бұл түрі астық тұқымдас әр түрлі шөпті шалғындық далаық өсімдік жамылғылары астында қалыптасады . Топырақ Жамылғысының қамтитын аудваны шағын гумусты горизонттың қалың 30 см-50см дейін пауытқып отырады. Республика жеріндегі сілтісізденген қара топырақ жамылғысының су өткізгінштігі мен су сыйымдылығы өте жоғары. Су құрамынды өсімдіктің өніп өсуіне қажетті элементтердің (азт-0, 5 %, фосфор -0, 2%) мол қоры бар. Мұның барлығы сілтісізденген қара топырақты неғұрлым құнарлы топырақ қатарынан жатқызуға мүмкіндік береді Дегенмен климаттың континненділігі қыста топырақтың терең қабаттарына дейін қатуы және көктемде баяырақ жылынуы т. б. себептерге байланысты европ. осы осы тектес топырақ жамылғысына қарағанда құнарлылығы төменірек келеді. Соған байланысты топырақ құрамнда өсімдіктің өсіп өнуіне қажетті элементтердің мол қорының болуына қарамастан тыңайтқыштарды көп қажет етеді. Фосфор тыңайтқышын қажет етеді . Оңтүстіктің гумустылығы шамалы қара топырағы дала зонасының неғұрлым қуаң бөлігіндегі әр түрлі шөпті қызыл бозды өсімдік жамылғалары астында қалыптасады. Топырақтың бұл түрі кәдімгі қара топырақтан гумус мөлшерінің төмендегі және генетикалық горизонттарының жұқалығымен ажыратылады . А қаьатының қалыңдығы 20-30см құрамында 5-6% гумус 0, 3 % азот бар. Калций мен магний негіздеріне қаныққан . В1 горизонты (20-205см) қоңыр түсті тығыздалған Шалғындық қара топырақ әр түрлі шөпті астық тұқымдас өсімдік жамылғцылары астында ылғалдықтың мол жағдайында қалып тасады. Топырақтың бұл түрі жер асты сулары 2-4м тереңдікте жататын дренаждалмаған жазықтарда кеңінен таралған Шалғындық қара топырақты аймақ оңтүстігінің қара топыраққа қарағанда гумустылығы жоғары гумусты горизонты тым қалың және карбонаттары тереңірек жатады . Карбонаттардың қайнауы 50-70см -лік тереңдікте жүреді, кальциймен қанығу мөлшері 90%-тен асады. Әсері бейтерап немесе жоғарғы қабатында әлсіз қышқылды Гипс және оңай еритін тұздар 1, 5-2м тереңдікте кездеседі. Шалғындық қара топырақ өзін қоршаған қара топырақ жамылғысына қарағанд ылғалға және қоректік заттарға бай келеді. Орманды дала зонасындағы шалғындық қара топырақ көбінесе өз алдына ірі масситтер құрайды. Шалғындық қара топырақ құнарлы топырақ түріне жатады. Шалғындық сортаңдау қара топырақ тұзды саз қабаттарына таяу жатқан жыныстар үстінде қалыптасады. Сортаңдылыққа байланысты топырақтың көлденең қимасында топырақтың көлднең қимасында гумустық бөлігінің де қалыңдығы кемиді. Түйірікші және кесекті құрылымдар басымырақ келеді. Реакциясы бейтарапқа жақын. Топырақтың құнарлығы жоғарғы, қоректік заттармен үздіксіз қамтамасыз ету қабілеттілігі мол, су-ауа және физика-химиялық қасиеттері қолайлы келеді. Қазақстан териториясында қара топырақ жамылғыының бірнеше түрі бар.
Сілтісізденген қара топырақ республиканың қоңыржай ылғалды орманды-далалы зона аралығында біртекті топырақ жамылғысын құрайды. Топырақтың бұл түрі астық тұқымдас әртүрлі шөпті шалғындық-далалық өсімдік жамылғылары арасында қалыптасады. Топырақ жамылғысының қамтитын ауданы шағын. Гумусты горизонтты қалыңд. 30 см-ден 50см-ге дейін ауытқып отырады. Республика жеріндегі сілтісізденген қара топырақ жамылғысының су өткізгіштігімен су сыйылымдылығы өте жоғары. Су құрамында өсімдіктің өніп-өсуіне қажетті элементтердің (азот- 0, 5%, фосфор - 0, 2%) мол қоры бар. Мұның барлығы сілтісізденген қара топырақты неғұрлым құнарлы топырақ қатарына жатқызуға мүмкіндік береді. Дегенмен климаттың континеттілігі, қыста топырақтың терең қабаттарына дейін қатуы және көктемде баяуырақ жылынуы т. б. себептерге байланысты европ. Осы тектес топырақ жамылғысына қарағанда құнарлығы төменірек келеді. Соған байланысты топырақ құрамында өсімдіктердің өсіп-өнуіне қажетті элементтердің мол қорының болуына қарамастан тыңайтқыштарды көп қажет етеді.
Кәдімгі орташа гумусты қара топырақ әр түрлі шөпті-қызыл бозды өсімдік жамылғылары астында құралады. Негізінен Сарыарқада кеңірек таралған. Әсіресе лесс тәрізді саздақ бетінде мол шоғырланады. А горизонты (қалыңд. 30-40 см) кұңгірт сұр, беткі қабаты шымды, ұсақ түйіршікті төм. қабаты түйіршікті келеді, Карбонаттардың қайнауы 20-30 см тереңдікте байқалады. В горизонты (25-30 см) көптеген гумус тармақшаларынан тұрады. Гумустылық мөлшері А горизонтының жөғарғы қабатында 7-8 %-тен төм. қабатында 4-5%-ке дейін, ал В горизонтында 2-4%-ке дейін кемейді. Топырақ калций (70-90%) және магний негіздеріне жақсы қаныққан. Азоттың жиынтық қорының шамамен 0, 5%-тей. Кәдімгі орташа гумусты қара топырақ құнарлы топырақтың ең тәуір түріне жатады, түгелдей жыртылған. Фосфор тыңайтқышын қажет етеді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz