Майлықожа Сұлтанқожаұлы


Кіріспе
Майлықожа Сұлтанқожаұлы - өткен ғасырдың екінші жартысында күнгей Қазақстанда жасаған көрнекті ақынңың бірі. Оның өнегелі сөздерін халық өз қазынасы қатарында сапап, сап алтындай сақтап, ауыздан-ауызға көшіріп, атадап балаға мирас етіп қалдырып келеді. Жол саны жүздеп емес, мыңдап саналып, Қазақ ССР Ғылым академиясы ғылыми кітапханасының қолжазба-лар қорында жатқаң ақын жырлары бұл пікірімізді толық растайды.
Майлықожа 1835 жылы Сырдария өзенінің бойында, қазіргі Шымкент облысы, Қызылқұм ауданына қарасты «Қожатоғай» қаракөл қой совхозы тұрған жерде туған. Акынның әкесі Сұлтанқожа Атақожа баласы орта ша-руалы, ұрт мінезді, тура сөзді кісі болыпты. Оның кейбір оқыс қылықтарын көрсететін аныз-әнгімелер ел ішінде: осы күнге дейін сақталып қалған. Соның бірі, мысалы, былай айтылады: сәске түс кезінде шағын қараша үй алдынан өтіп бара жатқан Сұлтанқожа әлгі үйдін табалдырығынан асып, сыртқа шығып жатқан біреудің аяғын көреді. Табанда аяқтан алып тысқа сүйреп шығарса - солақпандай жігіт. Апалақтап қалған жігіттен жасын сұраса «жиырма бестемін» деп жауап беріпті. Сонда ол кісі: «Саған қор болған қайран жиырма бес», - деп қамшымен батырлата жөнелтіпті. Қызметіке қырсыз, жалқау жан өз жазасын осылай тартыпты.
Осындай оқиғалардың салдарынан болса керек, ел-жұрт Сұлтанқожанық атын да өзгертіп алып кетіпті. Ана тілімізде архаизмге айналып бара жатқан тентек-шатақ деген мағынада колданылатын «шата» деген сөз бар. Міне, осыдап шығарып халық Сұлтанқожаны әуелі «Шатан» кейін келе «Шотан» атандырып жіберген. Қазақ ССР Ғылым академиясы кітапханасының қолжазба қ орындағы Майлықожа материалдарының бәрінде дерлік ақын әкесінің аты «Шотан» деп көрсетіліп жүргенінің негізгі себебі осы.
Бұған ешбір шек келтірмейтін тағы бір дәйекті дерек бар. Ол - қазақ ауыз әдебиеті үлгілерінің ұқыпты жи нақтаушы Әбубәкір Диваевқа т йісті. Ұлы Қазан социалистік революциясына дейін Москва қаласылда шығарылып турған «Этнографическое обозрение» атты журналдың І907 жылғы 3-санында «Өлең- қырғыздын махаббат жыры» деген тақырыпша қойылып, Майлықожа өлеңі жарияланған. Орыс тіліне аударылыл басылған казақша нұсқасы күні бүгінге дейін колымызға түспей жүрген ол өлеңнің аяғында Әбубәкір Диваев жазған Ш ымкент ү йезі, Арыс болысының қырғызы (қазағы Ә. О. ) Майлықожа Сұлтанқожин жазып берген қолжазбадан аударылды» деген ескертпе келтірілген.
Ақын әкеден ерте айрылады. Сүйенер-сенері қалма ған ана он төрт жасар Майлықожасы мен онан да жас Есеханын ертіп төркініне, әкесі Исаның колына келеді. Бірақ көп ұзамай оның өзі де дүние салады. Нағашы жұртына келгеннен кейінгі тұрмыс түрткісінің қандай болғаны ақынның алғашқы өлеңдерінін бірінен алынған төмендегі үзіндіден аңғарыдады:
«Әуелінде ата кетті,
Онан кейін бота кетті,
Барша істер қата ке тті,
Бір алла тағдыр өзіңнен.
Екіншіде ана кетті,
Бұзау, баспақ тана кетті,
Ту сиырым жйән кетті,
Бір алла, тағлыр өзіңнен.
Кұрыды ма, сорым құлқынның
Көп тарттым зарын жылкының
Енді саған бермеспін,
Бұл байталдын б ір қылын».
Кедейліктен кенде болмаған Майлықожа ағайын-жұрағат жәрдемімен Әбдірахмаи деген кіснің қызы Еркеайымға үйленеді. Сөйтіп, өзінің туған жері Сырдария өзенінің бойына қайта көшіп барады. Мұнда келген соң да диқаншылық кәсібімен бірге нағашы жұртында жүргендегі өлен-жыр айтатын әдетін тастамайды. Ауылдағы қыз-жігіттерге махаббат өлеңдері мен сәлем хаттар, қазаға ұшырап қалған қаралы үйлерге жоқтаулар шығарып бере жүреді.
Күнкөріс қамының бұл тәсілі кейін төселген ақын ретінде биік беделге ие болған кезде де талай жерде, ұлан-ғайыр жиын-тойларда ақынның алдынан шығып, кесе-көлденендеп отырады. Әзіл-айтыс үстінде шебер шешендігі, алғыр ақындығы арқылы үлкен абырой-атақ алған нағашысы Мәделіқожа сөз бәсекесіне түскенде жиені Майлықожа өмірінің осы жағын қадай айтып барып жеңіске жетіп жүрген. Мұны осындай өлеңмен кақтығысулар кезінде Мәделіқожа айтқан мына сөзге ақын тарапынан жауап қайтпай қалғаны да дәлелдей түссіе керек.
«Ақын. Майлы, сен неғып бойлап жүрсін,
Қолға алып домбыраңды ойпап жүрсін
Байы өйлген қатындармен жоқтау жоқтап,
Сен-дағы өз пайдаңды ойлап жүрсің.
Атыңды қамшылайсың желсе екен деп,
Дүниені шақырасын келсе екен дап.
Мысықтай, ақын Майлы, тілеуің бар -
Тілейсің малды адамды өлсе екен деп.
Жоқтайсың неге жоқтау басың аман,
Көре алмас жорғалыңы аты шабан.
Жоқтауды мен сен кұрлы білмес пе едім,
Нәпсіміз сенен гөрі болса жаман?»
Жоқшылықтан көрген жәбір-жапасын ақыннын, өзі де үнемі айтып, назаланып отырады. Мұндай, өмірбаяндық жай-күйлерді көрсетуге арналған, кейін есейген күнінде де салт атты, сабау қамшылы қалыптан кұтыла алмағанын, аузымен құс тістегең ақындығы арқылы қаншама мал тапқанымен сормаңдайлықтан арыла алм ағанын баяндайтын өлең-жырлар Майлықожа шығармашылығында бірталай. Қанша тырбанғанымен, кедейлік ңоқтасын сыпырып кете алмағанын акын Қасымбек деген болыстың бәйбішесіне арнаған қысқа өлеңінде ашық айтады. Сол «Қай кісі едім?» деген өлеңнің туу тарихы былай: сиқым руынан сайланған Қасымбек болыстың үйіне қона жатып, Майлықожа үш күн өлең айтыпты. Мініп келген атының ыңыршақ ері, шокпыт-шоқпыт тоқымы бар екен. Аттанар кезінде Қасымбектің бәйбішесі ақынның тартпасы мен желдігін тығып тастапты. Үй-ішінің әр жерін бір түрткілеп соларды іздеп жүрсе, бәйбіше тұрып: «Тілің кесілгір қожа, үндемей іздей бергенше бірдемен жоғалса айтсайшы» депті. «Бір тартпа мен желдік бар секілді еді, сол табылмай тұр» депті ақын.
Сонда бәйбіше: «Жоғалсын, қожам, жоғалсын. Сені күтеміз деп үш күннен бері шашымыз сыпырғы, колымыз көсеу болды. Бізді де бір ауыз өлеңге кос-падың. Ылғи Касымбектің алдында қақсадың да отырдың», - деп өкпе айтыпты.
«Казақта озған бұл жұрттым Майлысы едім,
Бір өленім болмаса кай кісі едім?
Бес-алты ауыз өленді айтып беріп,
Кеңілін қош кылайын бәйбішенің
Жоғалмаса құрысын тартпа, желдік,
Бұрын қайбір ер-токымым сай кісі едім?»
дейтін, өз өмірнің ащы шындығы ашқан өлеңін, осылай шығарған екен.
Ақын өмірін баяндағанда «Сорымен айтысқаны деген өлеңіне тоқталмай
кету де жөнсіз. Өйткені, аталған шығарма Майлықожа тұрмысынын бар кыры мен сырын сыншыл көңілде шыққан шыншыл тілмен пайымдайды. Басынан кетпей, бақытытын ашпай койған сорына түре тиіскен ақын өз өмірінің болымсыз жай-күйін уытты ызамен баяндап береді.
«Апыр-ай, со рым, шының бай-ай,
Шыныңмен айтшы сырыңды-ай.
Кежегемнен тартқылап,
Кедей ғып қ ақтың шырымды-ай», -
Деп, сөздін басын бір қайырып алады да ақын, сордың ертелі-кеш қамалып, жыртық үйден шықпайтының соны кеңілін аулаймын деп жүріп өзінін бар мал-мүлкінен, қала берді, киім-кешектен тоналып қалғаның сөйтіп әлді-ауқатты, бай-манптарға әбден күлкі-мазақ болғалын ашына алға тартады. Сорын:
«Кылқиып үйден шықпайсың
Баласындай түлкінің.
Басқа үйге бас сұқпайсың
Белгісі бардай сыр тыңын», -
деп кіналайды.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz