Қазақстан Республикасындағы атмосфералық ауаны құқықтық қорғаудың өзекті мәселелері



1 Ауаның тұтастай ластануы
2 Басқару саласында атмосфералық ауаны қорғау жөніндегі тапсырмалар мен атмосфера ластануының алдын алу
Семей жерінде 470 ядролық жарылыс жасалып, соның салдарынан Семей облысының тұрғындары ғана емес, Шығыс Қазақстан облыстарының көптеген аудандарының халқы да зардап шеккені бәрімізге белгілі. Арал өңірінің қасіретін айтар болсақ, мұның өзі экологиялық ахуалдың республикада жақсы емес екенін көрсетеді. Эколг ғалымдардың пікірінше республикамызда жыл сайын атмосфераға бес млн тоннадай лас заттар шығарылады екен. Өнеркәсіп өндірісінен шыққан улы қалдықтарының көбейе түсуі айналадағы ортаға, халықтың денсаулығына да үлкен қауіп төндіріп келеді. Оның жинақталған көлемі 17 млрд тонна және жыл сайын оған 1 млрд. тонна қосылып отырады. Осының қайталама шикізат ретінде тек 0,6%-0,7% ғана пайдаланылады. Улы қалдықтардың өзі 2,3 млрд тоннадан асады. Жыл сайын жиналатын 72,5 млн тонна қалдықтың небары 9% ғана өңделеді және залалсыздандырылады. Облыстар мен қалаларда 13 млн, текше метрге жуық тұрмыстық қалдық пайда болса, соның тек 3% ғана өңделеді [1].
Уран өндіретін өнеркәсіптің радиоактивтік қалдығы 220 млн, тоннаға жетіп, қауіптілігі арта түсуде. Осы қалдықтар да, ашық әдіспен өндірілетін уран кеніштерінің өзі де радиоактивті ластаудың зор көзіне айналып отыр. Олар ядролық сынақтардың және радиоактивті қалдықтың зардаптарымен қосылып, көптеген жерлерде радиацияны көбейтіп, халықтың денсаулығы мен айналадағы табиғи ортаның нашарлауына әсер етуде. Өнеркәсіптің радиоактивті қалдықтарын жинаудың, тасымалдаудың, өңдеудің және көмудің орталықтандырылған жүйесінің жоқтығы да жағдайды қосымша қиынадатуда. Ауаның тұтастай ластануы — техникалық артта қалушылықтың, табиғи ортаны қорғайтын тиімді жабдықтар болмауының, технологиялық нашарлықтың салдары.
1. Стамқұлұлы Ә. ҚР Экология құқығы. – Алматы, 1995 ж. 71-72 беттер.
2. Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексі. – 2007. 9 ќањтар // Егемен Ќазаќстан. – 2007. – 19, 20, 23 ќањтар. 4-5 беттер.
3. Бринчук М.М. Экологическое право. – М., 1998. 65-66 беттер.
4. Байдельдинов. Д. Л. Қазақстан Республикасының экологиялық құқығы – Алматы 2005. 79-80 беттер.
5. «Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңы Алматы: 2005. «Юрист» баспасы. 22-23 беттер.
6. «Атмосфералық ауаны қорғау туралы» Заңы. 2002 ж. «Юрист» баспасы. 15-16 беттер.

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ АТМОСФЕРАЛЫҚ АУАНЫ ҚҰҚЫҚТЫҚ ҚОРҒАУДЫҢ ӨЗЕКТІ
МӘСЕЛЕЛЕРІ

Омар Бауыржан Мұсаханұлы,
А.Ясауи атындағы ХҚТУ-нің оқытушысы,
Omar-1982@ E-mail.ru Түркістан қаласы.
 Жоғары білім беру жүйесіндегі инновациялық үрдістердің тәжірибелері,
мәселелері және даму жолдары  Халықаралық ғылыми-тәжірибелек
конференцияның материалдары. 2010 ж. 22-23 қаңтар. 1 том. Шымкент қаласы.
142-146 б.
      Семей жерінде 470 ядролық жарылыс жасалып, соның салдарынан Семей
облысының тұрғындары ғана емес, Шығыс Қазақстан  облыстарының көптеген
аудандарының халқы да зардап шеккені  бәрімізге  белгілі.  Арал өңірінің
қасіретін айтар болсақ, мұның өзі экологиялық ахуалдың республикада жақсы
емес екенін көрсетеді. Эколг ғалымдардың  пікірінше республикамызда жыл 
сайын атмосфераға бес млн тоннадай лас заттар шығарылады  екен. Өнеркәсіп
өндірісінен  шыққан улы қалдықтарының көбейе түсуі айналадағы ортаға,
халықтың денсаулығына да үлкен қауіп төндіріп келеді. Оның жинақталған
көлемі 17 млрд  тонна және жыл сайын оған 1 млрд. тонна қосылып отырады.
Осының қайталама шикізат ретінде тек 0,6%-0,7% ғана пайдаланылады. Улы
қалдықтардың  өзі  2,3 млрд тоннадан асады. Жыл сайын жиналатын 72,5 млн
тонна қалдықтың небары 9%  ғана  өңделеді және залалсыздандырылады.
Облыстар  мен  қалаларда  13 млн, текше метрге жуық тұрмыстық қалдық пайда
болса, соның тек  3%   ғана  өңделеді  [1].
Уран өндіретін өнеркәсіптің радиоактивтік қалдығы 220 млн, тоннаға жетіп,
қауіптілігі арта түсуде. Осы қалдықтар да, ашық әдіспен өндірілетін уран
кеніштерінің өзі де радиоактивті ластаудың зор көзіне айналып отыр. Олар
ядролық сынақтардың және радиоактивті қалдықтың зардаптарымен қосылып,
көптеген жерлерде радиацияны көбейтіп, халықтың денсаулығы мен айналадағы
табиғи ортаның нашарлауына әсер етуде. Өнеркәсіптің радиоактивті
қалдықтарын жинаудың, тасымалдаудың, өңдеудің және көмудің
орталықтандырылған жүйесінің жоқтығы да жағдайды қосымша қиынадатуда.
Ауаның тұтастай ластануы — техникалық артта қалушылықтың, табиғи ортаны
қорғайтын тиімді жабдықтар болмауының,  технологиялық  нашарлықтың салдары.
Осының бәрі, шын мәнінде, Кеңестер Одағының экологиялық мұрасы және бұған
өндірістік құлдырауы, қоғам мен табиғатгың тепе-теңдігінің бұзылуы,
табиғатты қорғау заңына құқықтық, тұрғыдағы немқұрайлылық  көзқарастың
белең алуы қосымша болды. Сайып келгенде, бұл факторлар экономикалық даму
мен реформаны тұрақсыздандырып, ұлттық валютаның құнын түсіруге әсерін
тигізеді. Мысалы, Арал мен Семей өнірінің халқын әлеуметгік қорғаудың өзі
ғана жыл сайын 50 млн теңге жұмсауды қажет етеді, ал бұған табиғи ортаны
сауықтыру жөніндегі   шығындарды  қосса,  шығын  одан  да  көп  болады.
Қалалардың ауа бассейнін ластауда автокөліктің үлес аймағы   70%-ға  дейін
жетеді және олардың улы газдарының көлемі де арта түсуде. Осындай
экологиялық қиын жағдайларды ескере отырып, республикада айналадағы табиғи
ортаны сауықтыру шаралары да іске асырылып жатыр. Семей мен Арал жерлерінде
сауықтыру жұмыстары жүргізілуде, халықты әлеуметтік қорғау мәселесі күн
тәртібінен түспейді. Қолданып жаткан экологиялық шаралардың нәтижесінде
оны  республика қалаларында атмосфералық ауаның шамадан тыс ластануы
байқалып, соның нәтижесінде 13 мың автомобиль газ отынға көшірілді, содан
ұлттық экономикалық бағдарлама жасалып, оның көлік атаулының барлығын
тазартқышпен жабдықтау, мұнай және газ орындарын кешенді, экологиялық
талаптарға сай игеру қарастырылуда [2].
      Атмосфералық ауа айналадағы табиғи ортаның өмірге маңызды негізгі
элементтерінің бірі болып табылады. Жер шарында, оның құрлық бөлігінде
өсімдіктер мен жануарлар ауасыз тіршілік ете алмайтыны  баршаға  мәлім.
Атмосфера ауасы бірнеше газ заттарының жиынтығынан тұрады. Ол ғарыш
кеңістігі әлемімен, әлемдік мұхитпен, жерден, өсімдіктермен (орманды қоса)
үздіксіз араласып қатқан тіршілік тынысы. Ауа құрамындағы оттегінсіз
тіршіліктің болмайтыны белгілі. Адам денесінің үштен екі бөлігі — оттегі.
Отгегінсіз тыныс алу мүмкін емес. Оны өсімдіктер түзейді.  Атмосферада
оттегінің азаюы тіршілік үрдісін баяулатады. Ормандарды орынсыз кесу, өртке
ұшырату, жасыл ұландардың азаюы, тұздардың аспанға ұшуы, мұхиттардың, су
қоймаларының бетіне мұнай және жанармай мен өндіріс қалдықтарының төгілуі
ауаның  тазалығына  зиянын  тигізбей қоймайды. Өндірістер    мен   
қатынас    жолдар    техникасы    көп   мөлшерде отгегін жағып, жыл сайын
20 миллиард тонна көмір қышқыл газын ауаға бөліп шығарады екен. Ал бір
жеңіл автомашина бір мың километр жер жүргенде, бір адамға бір жылға
жететін оттегін жағады.  Аталған шараларды жүзеге асыру барысында қоғамдық
қатынастарды реттеу, ең алдымен, бұл қатынасқа қатысушылардың құқықтары мен
міндеттерін белгілеу қажеттігі туады [3]. Қазақстан Республикасы адам
еңбегінің, тұрмысының, демалысы мен денсаулығының, өмірінің ең жақсы
жағдайын қамтамасыз ету, материалдық өндірісті  одан әрі жаңа тұрғыда
дамыту үшін атмосфералық ауаның қолайлы жайының сақталуына, оны қалпына
келтіріп, жақсартуға зор мән береді және осы орайда бірқатар құқықтық
шараларды жүзеге асырады. Құқықтық шаралардың ішінде Атмосфералық ауаны
қорғау туралы Қазақстан Республикасының   Заңы ерекше орын алады.
Атмосфералық ауаны қорғау туралы заңның міндеттеріне ауаны таза сақтау және
оның жайын жақсарту, адамдардың денсаулығы мен өміріне, халық шаруашылығы
мен өсімдіктер, жануарлар дүниесі үшін атмосферада залалды зардап туғызатын
химиялық физикалық, биологиялық және өзге де зиянды ықпалды болғызбау және
оны азайту мақсатындағы қоғамдық қатынастарды реттеу, сондай-ақ
атмосфералық ауаны қорғау саласындағы эаңдылықты нығайту жатады.
Атмосфералық ауаны қорғау туралы заңдар қатарына Қазақстан Республикасында
Айналадағы табиғи ортаны қорғау туралы заңы жатады. Онда атмосфералық
ауаны қорғау туралы мемлекеттік жүйелердің қызметі мен атмосфералық ауаны
қорғау туралы бірнеше ережелер бар.
Басқару саласында атмосфералық ауаны қорғау жөніндегі тапсырмалар мен
атмосфера ластануының алдын алу және оның себептерін жою, сондай-ақ
атмосфералық ауаның жайын жақсарту жөніндегі шаралар экономикалық және
әлеуметтік дамудың мемлекеттік жоспарларында көзделеді.  Атмосфералық
ауаның жайына баға беру үшін ластағыш заттардың шоғырлануына және берілу
шегінің және атмосфераға зиянды физикалық ықпал деңгейінің нормативтері
белгіленеді. Бұл нормативтер адамдардың денсаулығын және айналадағы табиғи
ортаны қорғау мүдделеріне сай келуге тиіс. Қажет болған реттерде жекелеген
аймақтар үшін атмосфералық  ауа ластағыш заттардың шоғырлануына жол берілу
шегінің неғұрлым қатаң нормативтері   белгіленеді. Атмосфералық ауаны
қорғау мақсатында тұрақты және жылжымалы  ластағыш көздердің лас заттар
шығаруына, сондай-ақ зиянды физикалық ықпалдың жол берілуі шегінің
нормативтері бар. Бұл нормативтер атмосфералық ауаға зат шығарудың әрбір
тұрақты көзі үшін немесе өзге зиянды ықпал көзі үшін, сондай-ақ көлік және
өзге ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Экологиялық қылмыстардың өзекті мәселелері
«Қазақстан Республикасының экологиялық құқығы» пәні бойынша оқу-әдістемелік кешені
Экология құқығының объектілері
Экологиялық бақылауды ұйымдастыру
Қоршаған ортаны қорғаудың негізгі қағидаттары
Экологиялық құқықтық қатынастардың түсінігі,объектілері, субъектілері және мазмұны.
Өндіріс саласында қоршаған ортаны қорғаудың құқықтық негіздері
Жалпы экологиялық объектіге - табиғи немесе қоршаған ортаны қорғау туралы қатынастар
Қазақстан Республикасындағы өндіріс пен тұтыну қалдықтары айналымы мен басқарудың құқықтық және процессуалдық ерекшеліктері
«Экологиялық – құқықтық реттеудің түсінігі, мәні. Қоғам мен табиғаттың өзара байланысы.»
Пәндер