Қазақстан тәуелсіздігінің жариялануы



1 Қазақстанның сыртқы саясаты
2 Қазақстан тәуелсіздігінің жариялануы
3 Тәуелсіз ел тірегі білімді ұрпақ
Еліміздің бас дипломаты Қасымжомарт Тоқаев жақында болып өткен Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас Ассамблеясы 61-ші сессиясында сөз сөйледі. Қазақстандық министр жасаған баяндамасында қазіргі заманның өзекті мәселелері бойынша маңызды шешім қабылдауда БҰҰ рөлінің талассыз екеніне тоқталды. БҰҰ өз тарихындағы терең реформаларды басынан кешуде. Бұл ауқымды жұмыстың алғашқы нәтижелерін қорытындылай отырып, Қ.Тоқаев Бітімгершілік жөніндегі комитет пен Адам құқығы жөніндегі кеңес тәрізді БҰҰ жүйесіндегі сайланбалы жаңа органдарды құру жөнінде маңызды шешімдер қабылданғанын атады. Бұлардың қызметі мүше мемлекеттер делегацияларының белсенді жұмыстарының нәтижесінде айқындалды. Екінші жағынан алғанда, Бас Ассамблеяны және Қауіпсіздік Кеңесін реформалау мәселелерінде прогрестің болмауы ұйымның институттық реформасын айтарлықтай тежеуде.
Қазақстанның халықаралық аренада өзінің ұлттық мүдделерін бекем қорғай отырып, БҰҰ Жарғысының мақсаттары мен қағидаттарын берік сақтайтынын алға тартқан Қ.То­қаев еліміздің 1992 жылы жарияланған алғашқы бастамаларының бірі Азияда аймақтық қауіпсіздік тетігін құру болғанын еске салды. Қазіргі кезде АӨСШК деген атауға ие болған бұл бастама халықаралық қатынастардың маңызды факторы ретінде өзінің өміршеңдігін дәлелдеді. Форумның Хатшылығы құрылған АӨСШК екінші саммитінің қорытындылары Азияда ынтымақтастық тетіктерін қалыптастыруға қажетті алғышарттар жасайды.
Министрдің пікірінше, өзінің міндеттемелерін орындауға жауапкершілік таныту – БҰҰ-ның әрбір мүше мемлекетінің парызы. Бүгінде өзекті болып отырған ядролық қару сияқты мәселеге тоқталған Қ.Тоқаев Қазақстан таратпау режімін нығайтуды ұдайы жақтап келе жатқанын атап өтті.
БҰҰ мінберінен қазақ министрі Орталық Азияда ядролық қарудан азат аймақ құру туралы шарттың Семей қаласында қол қойылуының маңызына көңіл бөлді. Орталық­азиялық бес мемлекеттің саяси ерік-жігері Ядролық қаруды таратпау шартын нығайту үдерісін жандандыруға серпін бере алар еді, ал бұл бағыттағы нақты прогресс барлық мемлекеттер таратпауға қатысты міндеттемелерін орындағанда ғана жүзеге аспақ. Орталық Азия мемлекеттері бұл Шарттың күшіне ену мәселелері бойынша Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты мүше-елдерімен консультациялар жүргізуді жалғастыруға дайындығын білдіреді. Барлық ядролық бағдарламалар ашық болуы және МАГАТЭ бақылауы астында іске асырылуы тиіс.

Пән: Саясаттану
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстанның сыртқы саясаты

Еліміздің бас дипломаты Қасымжомарт Тоқаев жақында болып өткен
Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас Ассамблеясы 61-ші сессиясында сөз сөйледі.
Қазақстандық министр жасаған баяндамасында қазіргі заманның өзекті
мәселелері бойынша маңызды шешім қабылдауда БҰҰ рөлінің талассыз екеніне
тоқталды. БҰҰ өз тарихындағы терең реформаларды басынан кешуде. Бұл ауқымды
жұмыстың алғашқы нәтижелерін қорытындылай отырып, Қ.Тоқаев Бітімгершілік
жөніндегі комитет пен Адам құқығы жөніндегі кеңес тәрізді БҰҰ жүйесіндегі
сайланбалы жаңа органдарды құру жөнінде маңызды шешімдер қабылданғанын
атады. Бұлардың қызметі мүше мемлекеттер делегацияларының белсенді
жұмыстарының нәтижесінде айқындалды. Екінші жағынан алғанда, Бас
Ассамблеяны және Қауіпсіздік Кеңесін реформалау мәселелерінде прогрестің
болмауы ұйымның институттық реформасын айтарлықтай тежеуде.
Қазақстанның халықаралық аренада өзінің ұлттық мүдделерін бекем қорғай
отырып, БҰҰ Жарғысының мақсаттары мен қағидаттарын берік сақтайтынын алға
тартқан Қ.То­қаев еліміздің 1992 жылы жарияланған алғашқы бастамаларының
бірі Азияда аймақтық қауіпсіздік тетігін құру болғанын еске салды. Қазіргі
кезде АӨСШК деген атауға ие болған бұл бастама халықаралық қатынастардың
маңызды факторы ретінде өзінің өміршеңдігін дәлелдеді. Форумның Хатшылығы
құрылған АӨСШК екінші саммитінің қорытындылары Азияда ынтымақтастық
тетіктерін қалыптастыруға қажетті алғышарттар жасайды.
Министрдің пікірінше, өзінің міндеттемелерін орындауға жауапкершілік таныту
– БҰҰ-ның әрбір мүше мемлекетінің парызы. Бүгінде өзекті болып отырған
ядролық қару сияқты мәселеге тоқталған Қ.Тоқаев Қазақстан таратпау режімін
нығайтуды ұдайы жақтап келе жатқанын атап өтті.
БҰҰ мінберінен қазақ министрі Орталық Азияда ядролық қарудан азат аймақ
құру туралы шарттың Семей қаласында қол қойылуының маңызына көңіл бөлді.
Орталық­азиялық бес мемлекеттің саяси ерік-жігері Ядролық қаруды таратпау
шартын нығайту үдерісін жандандыруға серпін бере алар еді, ал бұл бағыттағы
нақты прогресс барлық мемлекеттер таратпауға қатысты міндеттемелерін
орындағанда ғана жүзеге аспақ. Орталық Азия мемлекеттері бұл Шарттың күшіне
ену мәселелері бойынша Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты мүше-елдерімен
консультациялар жүргізуді жалғастыруға дайындығын білдіреді. Барлық ядролық
бағдарламалар ашық болуы және МАГАТЭ бақылауы астында іске асырылуы тиіс.
Мұнымен қатар, қазіргі дағдарыс жай қару саласын қамтиды. Жаппай қырып-
жоятын қарудың лаңкестер қолына түсу қаупі үлкен алаңдаушылық туғызуда. Бұл
міндетті шешудегі негізгі рөл БҰҰ-ның Ядролық терроризм актілерімен күрес
жөніндегі конвенцияға қосылу бойынша мүше мемлекеттердің міндеттемелеріне
жүктеледі.
Елдер арасындағы шиеленістер туралы айтқанда, министр қарулы қақтығыстар
әлі де халықаралық өмірдің шындығы болып отырғанын, мұны ливан дағдарысы
көрсе­тіп бергеніне назар аударды. Осыған байланысты қауіпсіздік пен
бейбітшілікті қолдау саласындағы БҰҰ әлеуетін тиімді пайдалану қажет.
Жанжалдың ең алғаш басталған сәтінде-ақ біздің еліміз бұл дағдарысты
шешудегі БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің рөлін нығайтуды жақтаған-тын. Уақыт
көрсеткендей, БҰҰ бітімгершілерінің күшейтілген құрамын жанжал аймағына
жіберу қалыптасқан жағдайдағы ең бір дұрыс шешім болды.
Ливан дағдарысы қарулы жанжалдардың пайда болуы мен таралуын болдырмаудың
тиімді тетігі жоқ екенін көрсетіп берді. Қазақстан БҰҰ Алдын алу
дипломатиясын және жанжалдарды болдырмау орталығын құрудың өзектілігін,
олардың қызметін ұлттық мүдделерді және қауіпсіздік қағидаттарын ескере
отырып, елдерге көмектесуге бағыттауға болар еді деп санайды. БҰҰ жүйесінің
тиімсіздігі және мемлекеттер арасындағы өзара түсіністіктің жоқтығы
жаһандық тұрақтылық пен қауіп­сіздікке кері әсер етерін тәжірибе көрсетуде.
Қ.Тоқаевтың пайымдауынша, Қауіпсіздік Кеңесін реформалау тым созылып кетті,
ал сақталып отырған статус-кво БҰҰ мүше мемлекеттеріне тиімді емес, және
соңғы шешім жүйелі диалог шеңберінде ғана қабылдануы ықтимал. Бас
Ассамблеяның рөлі мен мәртебесін арттыру бұрынғысынша шешілмеген күйі
қалуда. Қазақстан реформалау жолымен халықаралық басты проблемаларды шешуде
барлық мемлекеттердің рөлін күшейтуге қол жеткізу абзал деп санайды.
Қазақстан өз кандидатурасын үстіміздегі жылдың қараша айында өтетін
сайлауда Экономикалық және Әлеуметтік кеңеске сайлануға ұсынды. Қ.Тоқаев
елімізге қолдау көрсеткен мемлекеттерге ризашылығын білдіре келіп, БҰҰ-ның
бұл маңызды органына сайланған жағдайда оның барлық бағыттары бойынша
белсенді іс-қимыл жасау ниетін жеткізді.
Лаңкестік төңірегіндегі өзекті мәселені таратып айтқан Тоқаев Ирак пен
Түркияда таяуда болған жарылыстарды, Лондонда терактілерді жасау әрекетінің
ашылғанын еске салумен қатар, қатердің бұл түрінің өсіп отырғанын алға
тартты. Халықаралық қауымдастықтың бірлескен күш-жігерінсіз онымен күресу
мүмкін емес, оны Қауіпсіздік Кеңесі шеңберінде нығайта түсу қажет.
Министр біздің еліміздің есірткіге қарсы пәрменді күресін мәлімдеп өтті.
Алайда ешбір ел бұл қатермен жеке-дара күресе алмайды. Тек бірлескен күш-
жігермен БҰҰ ресурстарын тарта отырып қолға алғанда ғана бұл әрекет тиімді
болуы мүмкін. Міне, сондықтан да Қазақстан орталықазиялық аймақтық
ақпараттық үйлестіруші орталық құру туралы БҰҰ идеясын бірден қолдады.
Қ.Тоқаев Бас Ассамблеяның көші-қон және даму жөніндегі жалпы отырысы
қазіргі заманның осындай зор мәселелеріне мүдделі тараптар арасында диалог
құруға септігін тигізгенін мәлімдеді. Қазақстан көші-қонмен бетпе-бет
кездесіп отырған ел ретінде заңсыз және еңбек миграциясы мәселелерін шешуге
белсенді қатысуға даяр.
Өз баяндамасын тұжырымдай келе, Сыртқы істер министрі тәуелсіздік жылдары
құрылымдық реформалар біздің елімізді толығымен қайта түлеткенін атап өтті.
Қазір Қазақстан әлемнің серпінді дамып келе жатқан елдерінің бірі, өзінің
алдына сапалы дамуды көздейтін жоғары міндеттер белгілеп отыр. Үкіметке
Қазақстанды әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына қосуды
қамтамасыз ету міндеті қой­ылған. Оған қол жеткізу үшін барлық негізгі даму
институттары құрылды.
Қазақстан басшылығы демократиялық үдерістерді дамытуға, азаматтық қоғам
құруға, ұлтаралық және конфессияаралық келісімді нығайтуға терең назар
аударады. Мұндай саясат жүзден астам ұлт пен көптеген діни конфессиялар
өкілдері тұрып жатқан ел үшін маңызды. Астанада өткен Әлемдік және дәстүрлі
діндер жетекшілерінің съезінде діндер арасында белсенді диалогқа шақыратын
Декларация қабылданды.
Қазақстан ТМД төрағасы ретінде бұл ұйымның әлеуетін арттыру мақсатында оны
реформалау жоспарын даярлады, ШЫҰ, ЕурАзЭҚ шеңберінде белсенді жұмыс
жүргізеді, Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымын қолдайды. Бұрынғы кеңестік
елдер арасында көптеген көрсеткіштері бойынша алға шыға отырып, Қазақстан
халықаралық бастамаларды іске асыру жауапкершілігін де ұдайы өзіне алып
келеді. Тарихи қысқа мерзімде қалыптасу кезеңінен сенімді өте отырып және
дамудың жаңа белесіне көтерілуімен еліміз халықаралық күн тәртібінің
негізгі мәселелері бойынша белсенді ұстанымда бола бермек және БҰҰ-ның
маңызды шешімдерін жүзеге асыруда салмақты рөл атқаруға ниетті.
Осы күндері Қ.Тоқаев БҰҰ Бас Ассамблеясының сесиясы аясында бірқатар
екіжақты кездесулер өткізді. БҰҰ-ның Бітімгершілік операциялар жөніндегі
Бас хатшысының орынбасары Жан-Мари Гуэнномен болған кездесуде Қазақстанның
әскери құрылымдарының бітімгершілік операцияларына қатысу мүмкіндігі сөз
болды.
БҰҰ Бас хатшысының саяси мәселелер жөніндегі орынбасары Ибрагим Гамбаримен
сұхбат барысында Орталық Азия аймағындағы жаңа сынақтар мен қатерлерге
қарсы тұру, соның ішінде Ауғанстаннан есірткі тасымалдаумен күресу,
аймақтық ынтымақтастықты күшейту, аймақта су-энергетикалық консорциумын
құру, көші-қон үдерістерін реттеу мәселелері көтерілді. Орталық Азияда БҰҰ
Алдын алу дипломатиясы мен Жанжалдарды болдырмау жөніндегі орталығын ашу
мүмкіндігі туралы пікір алмасылды.
БҰҰ Бас хатшысының орынбасары Қазақстан Президенті Н.Назарбаевқа
бейбітшілікті нығайту, аймақтық және жаһандық қауіпсіздікке қосқан жеке
үлесіне ризашылық білдірді. Семей қаласында қол қойылған Орталық Азияда
ядролық қарудан азат аймақ құру жөніндегі шартқа үлкен баға беріп, мұның
өзі таратпау режімі ісін нығайта түсеріне тоқталды. И.Гамбари Қазақстан
халықаралық дипломатияның жаңа орталығына айналып келеді деп атап өтті,
оның дәлелі ретінде соңғы екі жылда БҰҰ-ның теңізге шығатын жолы жоқ
мемлекеттері мәселелеріне арналған министрлік конференциясы, БҰҰ-ның
Контртеррористік комитетінің көшпелі отырысы, АӨСШК саммиті, Әлемдік және
дәстүрлі діңдер лидерлерінің съезі сияқты ірі іс-шаралардың өткізілуін
айтуға әбден болады. Қазақстан 2007 жылы БҰҰ ЭСКАТО-ның 63-сессиясы өтетін
орын болмақ.
БҰҰ-ның мамандандырылған мекемелерімен ынтымақтастық мәселесі БҰҰ Бас
хатшысының орынбасары Анварул Чоудхури және ЮНИФЕМ атқарушы директоры
Ноелин Хейзермен болған келіссөздердің тақырыбына өзек болды.
Қазақстан сыртқы саясат ведомствосы басшысының Гватемала, Иордания,
Индонезия, Ливия, Македония, Эстония елдеріндегі әріптестерімен
кездесулерінде БҰҰ Бас Ассамблеясының күн тәртібіндегі тұрған мәселелер жан-
жақты талқыланды.
Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың АҚШ-қа сапары қарсаңында, яғни 25
қыркүйекте Қ.Тоқаев АҚШ Мемлекеттік хатшысы Кондолиза Райспен келіссөздер
жүргізді. Оның барысында Елбасының АҚШ-қа сапарының мазмұнына баса назар
аударылды. К.Райс екі ел арасындағы көп қырлы ынтымақтастықты одан ары
дамыту тұрғысынан бұл сапардың маңызды екеніне ден қойды. К.Райс Қазақстан
Н.Назарбаевтың басшылығымен мемлекеттілікті нығайту ісінде зор табыстарға
қол жеткізгенін, сондай-ақ саяси және әлеуметтік-экономикалық жаңаруда
ілгері басқанын атап өтті. Құрама Штаттар Қазақстанды Орталық Азиядағы,
сондай-ақ халықаралық аренадағы лайықты әрі сенімді әріптесі ретінде
қарастырады, деді К.Райс.
Өз кезегінде Қ.Тоқаев алдағы сапар мемлекеттер арасындағы стратегиялық
әріптестікке жаңа серпін беретіндігіне сенім білдірді.
тандық дипломатия еліміздің дамуына сәйкес өскен ұлттық мүдделеріміз
тұрғысынан сарабдалдық, сыртқы саяси бағыттың тең қалыптылығы, дүние жүзі
мем­­лекеттерімен сындарлы қарым-қатынас жасау қағидаларын басшылыққа алды.

Біз ұлттық қауіпсіздік жүйесін одан әрі нығайту, еліміздегі әлеуметтік-
экономикалық реформаларға қолайлы сыртқы жағдайды сақтау, аймақтық
интеграцияны ынталандыру мен дамыту және әлемдік экономикаға кірігуіміздің
қарқынын күшейту мәселелеріне ерекше назар аудардық. Сондай-ақ, отандық
кәсіпкерлерді шеткі нарық алаңдарында қолдау мәселелері министрліктің де,
елшіліктеріміздің де ұдайы назарында болды.
Осындай жүйелі шаралар арқылы Сыртқы істер министрлігі Елбасы
Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстанның дүние жүзінің ең озық 50 мемлекетінің
қатарына қосылуы туралы тапсырмасын орындауға барынша атсалысты.
Тұтастай алғанда, 2007 жылы сыртқы саясат саласының күн тәртібінде тұрған
міндеттер ойдағыдай орындалды. Шет мемлекеттермен және халықаралық
ұйымдармен ықпалдастығымызда прагматикалық ұстанымымыз күшейе түсті.
Ресей Федерациясымен одақтастық қарым-қатынастар қарқынды түрде дамыды.
Қазақстан және Ресей мемлекет басшылары Нұрсұлтан Назарбаев пен Владимир
Путин арасындағы жоғары деңгейдегі өзара сенім әрі белсенді араластықтың
нәтижесінде біздің көпсалалы байланыстарымыздың аясы кеңейді.
Екіжақты байланыстарды дамытудағы көп үміт артатын жаңалықтардың бірі –
қысқа мерзімге арналған “жол картасының” жасалуы. Бұл құжат ең көкейкесті
мәсе­лелердің, атап айтсақ, отын-энергетика саласындағы әріптестікті,
транзитті-көліктік әлеуетті күшейтудің орындалуын жүйелі түрде қамтамасыз
етуде.
Ресейлік бағыт сыртқы саясаттағы аса маңызды желі болып қала береді.
Екіжақты қарым-қатынастардың қарқынын, түрлі деңгейдегі саяси үнқатысудың
белсенділігін арттыруға екі тарап та аса мүдделі. 2007-2008 жылдарға
арналған Бірлескен іс-қимылдар жоспарында және 2007-2010 жылдарға арналған
Гуманитарлық саладағы ынтымақтастық бағдарламасында көзделген іс-шараларды
жүзеге асырудың ба­рысы, энергетикалық әріптестік пен шекара бойындағы
ынтымақтастық мәселелері айырықша бақылауда ұсталады.
Өткен жылы Азиядағы біздің ең басты саяси және экономикалық әріптесіміз
Қытаймен стратегиялық әріптестік қатынастары жалғасын тапты. Қазақстан мен
Қытай арасындағы жоғары саяси түсіністік пен ықпалдастық ҚХР Төрағасы Ху
Цзиньтаоның Қазақстанға тамыз айындағы мемлекеттік сапары барысында
Қазақ­стан Президентімен келіссөздері, Қазақстан Үкіметі басшысының
Қытайдың Шыңжан-Ұйғыр автономиялы ауданының шекара бойындағы өңірлеріне
наурыз айындағы жұмыс сапары және Қазақстан-Қытай ынтымақтастығы
комитетінің 4-ші отырысы нәтижелерімен едәуір алға басты.
Үстіміздегі жылы ең жоғары деңгейде белгіленген меже – сауда айналымын
қарқынды түрде өсіру, осы орайда іскер топтарға тең мүмкіндіктер қамтамасыз
ету, екіжақты сауда құрылымындағы сәйкессіздікті жою, екі мемлекеттің
транзитті-көліктік әлеуетін әрі қарай дамыту, шекарааралық су ресурстарын
тиімді пайдалану мәселелеріне ерекше көңіл бөлінетін болады. Осы ретте
экономикалық ынтымақтас­тықты сауда айналымында жоғары қосымша құны бар
тауарлар үлесінің көбеюіне және отандық экономикамыздың шикізатты емес
салаларының дамуына бағыттауды жөн санаймыз.
Жалпы алғанда, Қазақстанның Ресей және Қытаймен дамытып келе жатқан
қатынастары баламасы жоқ сындарлы әріптестіктің үлгісі болып қана қоймай,
ұлан-ғайыр Еуразия кеңістігіндегі тұрақтылықтың маңызды факторына
айналғанын атап өтуіміз қажет.
Қазақстанның Америка Құрама Штаттарымен ынтымақтастығының да стратегиялық
әріптестік негізінде дамып отырғаны белгілі.
Біз АҚШ-пен халықаралық саясаттың өзекті мәселелері, атап айтсақ, жаһандық
және аймақтық қауіпсіздік пен таратпау бойынша сындарлы ынтымақтастықты
ілгері жылжытудамыз. Қазақстан мен АҚШ арасындағы құрлықаралық ұшыру
зымырандарының шахталық ұшыру қондырғыларын жою, апатты жағдайларды
бол­дырмау және ядролық қаруды таратуға жол бермеу жөніндегі 1993 жылғы 13
желтоқсандағы Келісімге түзетулер енгізу құжатына қол қойылуы (2007 жыл,
желтоқсан) “Қауіпті бірлесіп азайту” жөніндегі “Нанн-Лугар” бағдарламасының
Қазақстанға қатысты әрекет ету мерзімін тағы жеті жылға ұзартты.
Алдағы уақыт ішінде екі Президент – Н.Назарбаев пен Дж.Буш қол қойған 2006
жылғы Бірлескен мәлімдемесінің аясындағы іргелі келісімдерді әрі қарай іс
жүзіне асыра отырып, сауда-саттық пен инвестиция саласындағы байланыстар
арқылы стра­тегиялық әріптестікті нығайту өте маңызды. Осы орайда
инфрақұрылымдық өзара ықпалдастықты көздейтін мемлекеттік-жеке әріптестік
бастамасының болашағынан күтеріміз мол.
Сонымен қатар, ауқымды энергетикалық әріптестікті, америкалық
компаниялардың инвестицияларын Қазақстан экономикасының шикізатты емес
секторына және ауыл шаруашылығына тарту мүмкіндігі, америкалық
компаниялардың қатысуы арқылы Қазақстанда жоғары технологиялы өндірісті
дамыту мәселелері тұр.
Еуропалық Одақпен өзара ықпалдастыққа тыңнан қозғау салынып, осы орайдағы
мәселелер ынтымақтастықтың мақсатты бағдарламаларында жинақталды. “Еуроодақ
үштігі – Орталық Азия елдері” атты Сыртқы істер министрлері деңгейіндегі
Астанада өткен тұңғыш кездесуде “Астана үдерісі” деп аталатын биік дәрежелі
келіссөздерге жол ашылды және маусым айында Еуроодақтың біздің аймақпен
“Жаңа әріптестік стратегиясының” қабылдануына елеулі дәрежеде негіз
қаланды. Бұл – Еуроодақтың ұзақ мерзімге (7 жылға) арналған алғашқы кешенді
құжаты.

Біз орталықазиялық көршілерімізбен екіжақты экономикалық ынтымақтастықты
үздіксіз ілгерілетіп, ортақ мүдделер негізінде аймақтағы су ресурстарын
тиімді пайдалану, экономикалық инфрақұрылымды дамыту сияқты өзекті
мәселелер төңірегіндегі өзара ықпалдастықтың ауқымын кеңейттік.
Қауіпсіз, тұрақты және дамыған Орталық Азияны қалыптастыруға атсалысу
Қазақстанның мүдделеріне толықтай сай келеді. Алдымызда Қазақстан
Президенті Н.Назарбаевтың Орталық Азия мемлекеттерінің Одағын құру
жөніндегі бастамасын нақты мазмұнмен толтыру әрі жоғары деңгейде құрылған
екіжақты комиссиялардың ауқымындағы уағдаластықтарды жүзеге асыру міндеті
тұр.
Қазақстан Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы кеңістігінде экономикалық
интеграция бастамаларын нығайту саясатын жалғастырды. 2007 жылы Достастыққа
төрағалық ете отырып, біз оның қызметін жетілдіру үдерісін рет-ретімен
жолға қойдық, сөйтіп, ТМД-ны одан әрі дамытудың келісілген тұжырымдамасын
бекіттік. Жұмыстың негізі ретінде Қазақстан ұсынған “бір жылға – бір
тақырып” қағидасы мақұлданып, соның негізінде Келісілген көші-қон саясаты
туралы декларация қабылданды.
Достастықтың 2008 жылғы қызметінің негізгі тақырыбы ретінде белгіленген
үйлесімді көлік саясаты саласындағы ынтымақтастық мәселесі Қазақстанның
түпкілікті экономикалық мүдделеріне жауап береді.
Экономикалық ұйымдар аясында да өзара ықпалдастықты айтарлықтай
ілгерілетіп, нақты келісімдерге қол жеткіздік: ЕурАзЭҚ шеңберінде Кеден
одағын құру келісіміне қол қойылды, тиісті құқықтық базаның жасалуы қолға
алынды, сондай-ақ ЕурАзЭҚ біртұтас экономикалық кеңістігінің нормативті
негіздері анықталды.
Өткен жылдың ең айтулы ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Егемен Қазақстанның қоғамдық – саяси және рухани дамуы
Қазақстан Республикасындағы тәуелсіздік декларациясының қабылдану сипаты
Мемлекеттік басқару жүйесіндегі кадрлық саясат және оны жүзеге асыру механизмі
Дүниеге көзқарас түрлері
Қазақстан Республикасының егемендігі аясындағы сұрақтар, саяси партиялар жайында
Қазақстанның халықаралық қатынастардың субъектісі ретінде халықаралық аренаға шығуы
БИЛІКТІ БӨЛУ ТЕОРИЯЛАРЫ ЖӘНЕ СОТ БИЛІГІ
Мәңгілік ел - Қазақстанның ХХІ ғасырдағы ұлттық идеясы. Қазақстан - қазіргі әлем таныған мемлекет
Мемлекет нысанының ұғымы мен түсінігі
Қазақстандағы БАҚ- тың 90 жылдардағы жалпы жағдайы
Пәндер