Жаңғали ұстаздың еңбегінен дәм татыңыздар!



1.Алғы сөз
2.Домбыра аспабы
3.Күйдің аймақтық дамуы
4.Шертпе күйдің аймақтық ұялары
5.Шығыс Қазақстан күйшілік мектебі
6.Арқа күйшілік мектебі
7.Жетісу күйшілік мектебі
8.Қаратау күйшілік мектебі
9.Қазіргі замандағы шертпе дәстүрі
АЛҒЫ СӨЗ
Ұсынылмақ кітапты жазуды қолға алғандағы мақсатым – қазақтың шертпе күй өнерінің мектептері туралы А.Жұбанов, Уәли Бекенов, Ақселеу Сейдімбек сияқты ғалымдар айқындап кеткен зерттеулерді қазіргі күйшілікті кәсіби оқыту бағдарламасына мүмкіндігінше қоғамдап енгізу екенін ашық айту. Себебі, аталған ғалымдардың күйшілік үрдісті жаңа заманда жаңғырту жайлы жазған еңбектері қашанда маңызды, арнайы білім ошақтарындағы оқыту ісі мен дәстүрдің арасындағы алшақтықтың бар екенін қадап айтқан Ақселеу ағамыз домбыра методологиясына этнопедагогикалық салт қағидаларын төтенше енгізуді ұсынған болатын, зерттеушінің ойынша байырғы домбырашылықты қайта тірілтудің жолы түпнұсқалық күй мақамы мен оның жазбасын қолға алудан басталмақ. Бұл мәселенің оқу орындарына қозғау салғанын әрі нәтижелі ғылыми тұжырым болғанын уақыт көрсетіп отыр.
Шертпе өнерінің ежелгі сарыны ұлтымыздың санасынан өшпеу үшін тер төгіп, арда күйдің мың толғауын біздің қолымызға аманаттаған - Әбікен, Сүгір, Аққыз, Мағауия, Төлеген, Генерал, Боранқұл, Тайыр, Бағаналы сияқты саңлақтардың аты алашпен бірге мәңгі жасамақ. Шертпе ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келеді, алдыңғы буын ағалардың ізін Мұхамеджан, Дәулетбек, Таласбек, Білал, Секен, Рымхан, Мұқаштар жалғастырды, олардың артынан Базаралы, Саян, Сәрсенғали, Қайраттар келеді, әр қайсысы да шертпе күйдің дамуына хал-қадарынша еңбек етіп жүр. Қазақ елінің шығысында салтанат құрған қоңыр күйдің болашағына кезінде алаңдаушылық болғаны рас, қазір сол кезеңдердегідей көңілдің күптілігі мүлде жоқ екенін айту парыз, себебі күйдің насихаты жақсы жолға қойылған, конкурстар мен концерттерде мектеби шектеулік жоқ, домбыра мамандығы бойынша оқу бағдарламаларында міндетті репертуар ретінде кіріктірілген. Алайда, күйдің түпнұсқалық орындаушылығы мен оның нотаға түсірілуі әлі де көп жұмыстар атқаруды керек етеді. Күйдегі ноталық жазбаның қазақы сөздегі тоникалық һәм силлабикалық буындарға сәйкес болуы жөнінде қазақ ғалымдары тарапынан жүйелі сөздер айтылып келеді, сол талаптарға сай осы жинақтағы күйлерді жазу барысында саздың ішіндегі сөзге тәуелді буындарды такт арқылы бөлуді басты бағыт етіп алуға тырыстым.
Біршама күйлер алғаш жарияланып отыр, қырғыз қомузының күйлерін домбыраға қотару ісі де кейінгі кезде айтылып жүрген түркілік мәдени тұтастық түбірінен туындады, болашақта қырғыз, өзбек, татар, әзірбайжан саздары қазаққа ортақ мүлік болары даусыз, әзірге жақын туысымыз қырғыздың шертпесі соның бастамасы болсын.
Күй ноталары оқыту тәжірибесінен өткен, емтихандар мен конкурстарда орындалған, әуенін жазбамен салыстыру үшін дыбыстық таспалар мен күйтабақтар тізімі кітаптың соңында келтірілген. Оқырманға тағзым.

Жанғали Жүзбай
Қолданылған әдебиеттер:

1.Сейдімбек А. Қазақтың күй өнері. – Астана, Күлтегін баспасы, 2002.
2.Жұбанов А. Өскен өркен. –Алматы, Ғылым баспасы, 1985.
3.Жұбанов А. Ғасырлар пернесі, Дайк-Пресс, 2002.
4.Жұмақова Ү. Күй құрылымындағы метроритм мәселелері. Алматы, Ғылым баспасы, 2000.
5.Шегебаев П. Дәстүрлі музыка туындату саласындағы домбыра стереотипінің функциялары. – Алматы, Ғылым, 2002.
6.Күзембаева С, Егінбаева Т. Қазақ музыкасы тарихынан лекциялар. –Алматы, «Таймас» баспа үйі, 2005.
7.Мұхамбетова Ә. Қазақ күйі.- Алматы, Дайк-Пресс, 2002.
8.Өтеғалиева С. Көшпенді халықтардың музыкалық аспаптар қоры. –Алматы, Ғылым, 1995.
9.Сарыбаев Б. Қазақтың халық аспаптары. –Алматы, Өнер, 1978.

Пән: Тарихи тұлғалар
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 25 бет
Таңдаулыға:   
Жаңғали ұстаздың еңбегінен дәм татыңыздар!

1.Алғы сөз
2.Домбыра аспабы
3.Күйдің аймақтық дамуы
4.Шертпе күйдің аймақтық ұялары
5.Шығыс Қазақстан күйшілік мектебі
6.Арқа күйшілік мектебі
7.Жетісу күйшілік мектебі
8.Қаратау күйшілік мектебі
9.Қазіргі замандағы шертпе дәстүрі

АЛҒЫ СӨЗ
Ұсынылмақ кітапты жазуды қолға алғандағы мақсатым – қазақтың шертпе
күй өнерінің мектептері туралы А.Жұбанов, Уәли Бекенов, Ақселеу Сейдімбек
сияқты ғалымдар айқындап кеткен зерттеулерді қазіргі күйшілікті кәсіби
оқыту бағдарламасына мүмкіндігінше қоғамдап енгізу екенін ашық айту.
Себебі, аталған ғалымдардың күйшілік үрдісті жаңа заманда жаңғырту жайлы
жазған еңбектері қашанда маңызды, арнайы білім ошақтарындағы оқыту ісі мен
дәстүрдің арасындағы алшақтықтың бар екенін қадап айтқан Ақселеу ағамыз
домбыра методологиясына этнопедагогикалық салт қағидаларын төтенше енгізуді
ұсынған болатын, зерттеушінің ойынша байырғы домбырашылықты қайта
тірілтудің жолы түпнұсқалық күй мақамы мен оның жазбасын қолға алудан
басталмақ. Бұл мәселенің оқу орындарына қозғау салғанын әрі нәтижелі ғылыми
тұжырым болғанын уақыт көрсетіп отыр.
Шертпе өнерінің ежелгі сарыны ұлтымыздың санасынан өшпеу үшін тер
төгіп, арда күйдің мың толғауын біздің қолымызға аманаттаған - Әбікен,
Сүгір, Аққыз, Мағауия, Төлеген, Генерал, Боранқұл, Тайыр, Бағаналы сияқты
саңлақтардың аты алашпен бірге мәңгі жасамақ. Шертпе ұрпақтан-ұрпаққа
жалғасып келеді, алдыңғы буын ағалардың ізін Мұхамеджан, Дәулетбек,
Таласбек, Білал, Секен, Рымхан, Мұқаштар жалғастырды, олардың артынан
Базаралы, Саян, Сәрсенғали, Қайраттар келеді, әр қайсысы да шертпе күйдің
дамуына хал-қадарынша еңбек етіп жүр. Қазақ елінің шығысында салтанат
құрған қоңыр күйдің болашағына кезінде алаңдаушылық болғаны рас, қазір сол
кезеңдердегідей көңілдің күптілігі мүлде жоқ екенін айту парыз, себебі
күйдің насихаты жақсы жолға қойылған, конкурстар мен концерттерде мектеби
шектеулік жоқ, домбыра мамандығы бойынша оқу бағдарламаларында міндетті
репертуар ретінде кіріктірілген. Алайда, күйдің түпнұсқалық орындаушылығы
мен оның нотаға түсірілуі әлі де көп жұмыстар атқаруды керек етеді. Күйдегі
ноталық жазбаның қазақы сөздегі тоникалық һәм силлабикалық буындарға сәйкес
болуы жөнінде қазақ ғалымдары тарапынан жүйелі сөздер айтылып келеді, сол
талаптарға сай осы жинақтағы күйлерді жазу барысында саздың ішіндегі сөзге
тәуелді буындарды такт арқылы бөлуді басты бағыт етіп алуға тырыстым.
Біршама күйлер алғаш жарияланып отыр, қырғыз қомузының күйлерін
домбыраға қотару ісі де кейінгі кезде айтылып жүрген түркілік мәдени
тұтастық түбірінен туындады, болашақта қырғыз, өзбек, татар, әзірбайжан
саздары қазаққа ортақ мүлік болары даусыз, әзірге жақын туысымыз қырғыздың
шертпесі соның бастамасы болсын.
Күй ноталары оқыту тәжірибесінен өткен, емтихандар мен конкурстарда
орындалған, әуенін жазбамен салыстыру үшін дыбыстық таспалар мен
күйтабақтар тізімі кітаптың соңында келтірілген. Оқырманға тағзым.

Жанғали Жүзбай

ДОМБЫРА АСПАБЫ

Домбыра көне аспап және ол қазақпен кіндіктес ұлыстардың бәріне
ортақ мүлік, себебі домбыраның жасы қазақ хандығынан үш мың жылдай үлкен,
дәуірлей тексергенде аспап аттары әртүрлі диалект салдарынан өзгеріске
ұшырағанымен түбі бір екені айдан анық білініп тұрады. Толғамды
мәселелердің сырына үңілместен бұрын, әуелі аспап жайына түсіндірме бере
кетейік.
Қазақтың домбырасы түркі-монғол (арғы атасы – ғұн) мәдениетінің
меншігі, тамыры тарихқа терең жайылған, байырғы аспап. С.Өтеғалиева Орталық
Азиядағы танбуртекті аспаптарды үш топқа бөледі: Сібір-Алтайлық,
Ортаазиялық, Таяушығыстық (Хордофоны Средней Азии. Алматы-2006. 39-бет).
Осы тұжырыммен қарасақ біздің шертпелі аспаптарымызды да шартты түрде үшке
бөлуге болады. Формасы мен дауыс бояу жағынан айырмашылықтары бар аспаптың
бұрыннан келе жатқан белгілі үш түрі бар, әрбір өлкенің күй өнері әртүрлі
орындаушылық мектеп құрап отырғанына сәйкес аспаптарының да тұрқы (формасы)
жағынан өзгешелігі бар. Арқа, Жетісу, Қаратау өңірлерінде кең тараған
домбыраның тұрқы қысқа, мойыны жуантық, шанағы бұрышталып шабылады. Жалпы
көпшілік қаталықтан қалақ домбыра деп айдарлап кеткен бұл аспаптың көне
түбірлік аталуы – қыпшақ домбырасы болуы мүмкін (Әл-Фарабидің Музыканың
үлкен кітабы атты трактатында сипатталатын гипжак аспабының түбірі -
қыпшақ, Трактаты о музыке и поэзии, Алматы. Ғылым 1993. 430 бет), бұл
шертпе күй тартуға қолайлы тоғыз пернелі аспап. Қазақстанның батыс өлкесі
мен Сыр бойында тараған мойыны ұзын, алмұрт пішінді домбыраның көне
түбірлік аталуы - оғыз домбырасы деген ұйғарымға жақын, он екі пернесі бар,
негізінен төкпе күйлер тартылады. Домбыраның бірінші байланатын пердесінің
оғыз перде (соль диез) аталуы тегін емес, шабылуы да дутар аспабына ұқсас.
Қазақстанның шығыс өңірінде кең тараған домбыра – алтай домбырасы деп
түбірленеді, ол үш ішекті, жеті пернелі, көбінесе желдірме екпінді шертпе
күйлер тартуға ылайықталған. Аспаптың бұл нұсқасы мұңғұл тектес ұлттардың
арасына кең тараған топшурға келіңкірейді, үні де көмей (хоомэй)
мәдениетіне жуық. Осы аталған домбыралар қазақтың аймақтық күй
мектептерінің айқындауышы десе де болғандай, әрбір түріне ылайық
жинақталған күй қоры да мұны растайды. Бұл атаулардың тарихи негізі
болғанмен домбыраның біртұтас аталуы көп қисынды, біз аспаптың туыстас
халықтармен бірге жасасқан табиғаты мен сипатына қарай әрі қазақы күйшілік
мектептерін нақтылау мақсатын көздейміз және домбыраның осылайша шартты
түрде бөлінуін С.Өтеғалиеваның зерттеуіне сүйене келтіріп отырмыз.
Домбыра атауларының бұлай бөлінуі қазіргі құлаққа түрпідей тимес үшін
түсіндірме бере кеткен жақсы. Шындағында, домбыра тек қана қазақтың ғана
аспабы емес, оның басқа ұлыстар мен ұлттарға да ортақтығы жоғарыда айтылды.
Профессор Ә.Мұхамбетова бұл жөнінде мынадай талдау жасайды: За различиями
в конструкции инструментов стоит различие двух крупнейших стилей в
домбровой музыке: стиля токпе, распростроненного в районоах Западного
Казахстана и стиля шертпе, распространенного на востоке и юга республики.
Различие этих стилей не есть различие в уровне развития, на наш взгляд, оно
обусловлено генетически и носит качественный характер. Различные стили в
результате развитие традиций различных нардностей вошедших в состав
казахов. Стиль токпе близок музыке туркмен, каракалпаков, шертпе–родственен
музыке тюрков Алтая, Сибири. (А.Мухамбетова. Традиционная музыка в
культуре ХХ века. Алматы. Дайк-пресс-2002. 328-стр.) Ә.Мұхамбетова күйдің
стилінің туындауы арқылы домбыра аспабының қазақ ұлтын құраған басқа
ұлыстарға тәніктігін дәлелдейді, яғни домбыра аспабының құрылысы мен үн
шығару мүмкіндігі қазақпен туыс халықтардың бәріне ортақ. Түріктің
кіндігінен тараған миллеттің қазір үш түрлі сөйлейтін тілдік диалектісі
бар: қыпшақ тіліндегілер – қазақ, ноғай, қарақалпақ, татар, башқұрт; алтай
тіліндегілер–қырғыз, хақас, алтай, бурят; оғыз тіліндегілер – түркімен,
өзбек, ұйғыр, әзірбайжан, көк оғыз (гагауз), осман түріктері. Осылардың
бәрінде арғы атасы домбырамен тектес төл аспаптары бар. Диалектінің сөздік,
әуездік интонацияға айналуы – музыкалық аспаптың және оның үні мен
формасының да белгілі шеңберде өзгеріске ұшырауына әкеліп соғары айқын.
Қазақтың күй өнерінде түркімен (Көрұғылы, Пиала т.б.), қырғыз
(Сақбикенің қосбасары, Кертолғау т.б.), қалмақ (Қалмақтың қара
жорғасы, Қалмақтың би күйі т.б.), ноғай (Қарасай-Қази), татар күйлері,
ішінара орыс (славян ұлысына кірген бұлғар мен пешенек әулеттері) әуеніне
жақын туындылардың мол кездесуі кездейсоқ жай емес (Аспаптың да
балалайкаға, скрипкаға, дутарға ұқсата шабылған көне түрлері
мұражайларымызда бар). Осы туыстас халықтардың музыкалық шығармаларында
ұшырасатын мінездес (характерлі) сарындар қазақ домбырасына етене жақын
болып кеткен, алайда, аспаптарының түрі мен тембріне уақыт пен мемлекеттік
құрылым өз әсерін тигені де рас. Қазіргі домбыра–жетілдірілген аспап
(А.Жұбановтың оркестрлік аспап жасау ұсынысымен реконструкциясын жасаған–Э.
Романенко), сондықтан оның үні де өзгеріске ұшыраған. Алғаш осы
жетілдірілген домбырада күйлер жазып қалдырғандардың алды – Дина
Нүрпейісова мен Әбікен Хасенов. Олар жаңа аспапты аса жатсына қоймағаны
артына қалдырған күй таспаларынан белгілі боп тұр. Дегенмен, бұрынғы
домбыраның үнін қайта жаңғырту жөнінде де дәйекті мәселелер қозғалып жүр
(Ж.Нәжімеденов).
Аспаптардың шығу тегіне байланысты кейбір зерттеулерде олардың
жоралық (ритуалдық) қызметі туралы айтылады. Мысалы, ұрмалы аспаптар ерте
заманда жер ана мен көктің жыныстық қатынасын бейнелейтінін, барабанды соғу
арқылы жаратушыдан жаңбырдың мол болуы мен астықтың берекелі болуын
сұрайтынын Е.В.Васильченко жазады (Музыкальные культуры мира, 128-бет).
Мұны айтпағанның өзінде көне түркілердің Екі негіз (Iki jyltys) атты
дуалистік философиялық нанымы бар екенін білеміз. Мұнда әлем аталық пен
аналықтан тұрады деген сенім бар, аталықтың көктегі символы –күн,
аналықтыкі –ай. Оның жердегі символдары –аталықта –жер, аналықта–су.
Бұлардың үстіндегі бақылаушы –тау тұрады деген ұғым қалыптасқан
(Қ.Сартқожа. Орхон жазулары. Астана. Күлтегін баспасы-2003).Домбыраның екі
шекті болуы да содан шығады, яғни үстіңгісі аталық, астыңғысы аналық.
Орыстарға көшпелілерден енген балалайканың да әуелде екі шекті болғаны
белгілі. Үш шекті болуы христиан дінінің кіруіне байланысты туындады,
қасиетті үштік (қасиетті әкей мен оның ұлы және киелі рух) түсінігі
орыстармен бірге қазақтарда да болды. Біздің несторлық христиан дінінде
болған кезеңіміздің ескерткіші–үш шекті шертер мен Алтай домбырасы. Алтайды
мекендеген қазақ тайпаларының бір кезде осы діннің ықпалында болғанын
айтпағанның өзінде қытай мәдениетінің триграммалық таңбасының
(багуа–қытайдың дыбыстық кодтар системасы) да өзінше ізі болды. Балалайка
мен Арқаның тұмар домбырасының тұрықтары үш бұрышты болуы да осы тақылеттес
діни себептерден туындауы әбден ықтимал.
Түркі тілдес халықтарда ер адамның аттары күн мен жер, тау
атауларымен (Күнби), ал, әйел адамдардың есімдері ай, су атауларымен
(Айғаным) түбірлес болатыны немесе соған қатысты тұтынатын заттарына сай
келетіні сондықтан болса керек. Осындай дуалистік нанымның қытайдың дао
іліміне ұқсастығы (инь мен йянь) болғанымен көшпенділерде көктің культі
басым болғаны белгілі. Күй деген сөздің түбірін көк деген сөзден таратушы
ғалымдардың (А.Сейдімбек, С.Қондыбай) пікірлері салмақты және бірден-бір
ғылыми негізін тапқан тұжырым.
Дауысты дыбыс (яғни музыка) жан, ал, дауыссыз дыбыс тән. Осыдан
домбыраның (ағаштың) өзі дауыссыз, одан шыққан саз дауысты, сондықтан оның
(күйдің) жаны бар деген тұжырым қалыптасқан. Адам қайтқанда тәні қалады,
жаны ұшады, Орхон жазуларында Күлтегін қой жылы (тоғызыншы ай) 17-күні
ұшты деген жазу бар. Жаратылысты аталық пен аналықтың махаббатынан
басталады деген ұғым Х1Х-ХХ ғасырларға дейін күшін жойған жоқ. Қазақта
қобызды әйел адамның қолына ұстатпайтын салттан осыған қатысты мәселе
шығады, қобызда күй шалу аталық пен аналық негіздің көктен береке сұрайтын
тылсымы бар, ол көк пен жердің жыныстық зайыбтық қасиетін баяндайтын
болғандықтан оның ритуалын атқару тек ер адамға ғана тапсырылады. Қобыз
аспабымен бірге домбыраға да осындай шектеу болғаны рас. (Үрмелі аспаптарды
да әйелге беруге рұхсат етілмеген).
Домбырамен тектес қытай аспабы–пипа оларға көшпенділерден ауысты.
Қытай императорларының осы аспапты варварлардың аспабы деп өз мәдениетіне
қоса қоймағаны жазылған (Е.В.Васильченко. Музыкальные культуры мира. 234-
бет). Дегенмен, қытай жұртының ақсүйек, сарайлық мәдениетіне кіріп, өзге
шекті аспаптармен бірге орындалу техникалары жетілдіріліп, таңбалануы
жүйеге түскен. Қытай елінде әрбір қағыс ерекше таңбамен, қимылды
жануарлардың мінез-құлқымен бейнелейтін айрықша таңбалау системасы
қалыптасқан. Қазақ домбырасында мұндай жазбаша таңбалау болған емес, оның
өтеуін ауызша дамыған тарту қағидасы атқарды. Бұлар күйлер мен сарындардың,
пернелер мен қағыстардың дәстүрлі аттары. Домбыраның құлақ
күйі негізінен оң (таза кварта), теріс (таза квинта) бұрауларға
келтіріледі. Қазақтың күйшілік дәстүрінде мұнан өзге шалыс
бұрау (секунда), қалыс бұрау (үлкен терция), тел бұрау (унисон) деп
аталатын көне түрлері де болған. Бұл бұраулар Тәттімбет, Тоқа заманына
дейін қолданыста болғаны әрегідік айтылады, күй тартудың бұл бұраулардағы
тәсілдері күрделі болатынын ескерсек, онда, мұндай құлақ күйлерімен күй
тарту күй сайыстарында ғана болғанын болжамдаймыз. Музыкатанушы
С.Өтеғалиеваның домбыра бұраулары жайлы көлемді зерттеу мақаласында ең көне
бұрау – теріс бұрау екені айтылады, ғалым мұның дәлелін бурдон сарындас
аңыз күйлердің осы бұрауда туғандығымен түсіндіреді (Орталық Азияның
хордофондары: музыкалық бұраулар проблемасы. Музыкальное искусство: Наука
и образование, ғылыми еңбектер жинағы. Астана-2004).
Қазақ домбырасының жоғарыдағыдай атауларының дәл қазір тәжірибеге
ене қоюы екіталай, дегенмен осы атаулар күй мектептерін анықтауға тиек
болар ма деген үмітіміз бар әрі күйші қауымға қозғау салу.

КҮЙДІҢ АЙМАҚТЫҚ ДАМУЫ

Қазақ күйшілерінің орындау мәнері аймақтық күй ұяларына байланысты
дамиды. Күй әуені интонациялы саз ретінде әуелде бір түбірлі болғанмен
орындаушылық мәдениеттің тезіне түскен кезде әртүрлі арнаға түседі.
Қазақтың күй өнері негізінен төкпе, шертпе деп айдарланған екі машыққа
бөлінеді, соған орай олардың жерге, топыраққа тартып тұратын айшықты
мінездемелері де бар. Төкпе және шертпе деген анықтама күйдің тәсілді
тартысына байланысты туындаған кейінгі аттар, А.Жұбановтың Ғасырлар
пернесі кітабындағы Тәттімбет жайлы зерттеуде шертпе күй деген сөз
кездеспейді, мұндай атау У.Бекенов кітаптарынан кейін енген (Шертпе күй
шеберлері.). Күйлердің қазіргі оқытудағы аймақтарға қарай ұялық бөліністері
жеті мектепті құрайды:
1)Алтай күйшілік ұясы, аймағы –Шығыс Қазақстан ;
2)Арқа күйшілік ұясы, аймағы –Орталық Қазақстан ;
3)Жетісу күйшілік ұясы, аймағы –Оңтүстік Шығыс Қазақстан;
4)Қаратау күйшілік ұясы, аймағы –Оңтүстік Қазақстан;
5)Жиделі Байсын күйшілік ұясы, аймағы –Сырдария, Арал өңірі;
6)Орда күйшілік ұясы, аймағы –Батыс Қазақстан;
7)Түбек күйшілік ұясы, аймағы -Маңғыстау.
Күйшілік ұялардың бұлай бөлінуінің жүйесін алғаш жасаған А.Сейдімбек, оған
дейін мұндай мектеби жіктеу жасалған емес. Бұл күй тарихы мен орындалу
мәдениетіне дұрыс бағдар бере алатын нақты әрі дәл анықтама болды. Қазақ
күйлерінің аймақтық ұяларының мұнан да басқа әлі айқындала қоймаған
күйшілік мектептері бар, олардың көбісі өзінше төбелі мәнер болғанымен аз
ескеріледі. Алтай күйшілік мектебінде – Тарбағайлық, Арқада – Тоқырауындық,
Жаңа арқалық, Жетісуда – Таластық, Қаратауда –Күнгейлік, Жиделібайсында –
Аралдық, Ордада – Оралдық, Түбекте –Үстірттік (Түркіменше шалу мәнері)
мектептер қалыптасқан, және олар жеке күйшілік ұя болуға әбден ылайықты.
Бұлардан өзге Іле, Шығыс Түркістан мен Байөлке жеріндегі күйшілік те өзінше
төрге шығуға тұрарлық мәнерлі мектептер. Осы мектеп өкілдері – Аққыз, Тоқа,
Байсерке, Үсен төре, Мәмен, Әренжан, Есір сияқты күйшілер орындаушылықтың
шыңына шығып, артына із қалдырған домбырашылар. Бұл мектептер тәжірибеде
орындаушылығы бөлек домбырашылық өнер болып бағаланғанымен жоғарыдағы
мектептердің атына жалпылама телініп жүр. Осыларды қомақтай айтқанда
қазақтың күйшілік ұяларының жалпы саны он сегіз болар еді:
Алтай, Тарбағатай, Арқа, Жаңа арқа, Тоқырауын, Жетісу, Талас, Қаратау,
Қаратаудың күнгейі, Жиделібайсын, Арал, Орда, Орал, Түбек, Үстірт, Іле,
Шығыс Түркістан, Байөлке.
Күйшілік ұялардан басқа үлгілік мектептер де бар. Әрбір күйшілік ұяның
басында сол саладағы орындау мәнерін жасаған тұлғалар бар. Байжігіт,
Тәттімбет, Қожеке, Сүгір, Қазанғап, Құрманғазы, Абыл сияқты күйшілер өз
мектебінің іргетасын қалағандар және шығармашылығы ерен жасампаз
(реформатор) сазгерлер. Олардың үлгілерін ары қарай дамытқан замандық
күйшілеріміз солардың шәкірттерінің қолынан күй алғандар, әрі сол күйлерді
тарту барысында өз орындаушылық мектептерін де қалыптастырған домбырашылар.
Осы күні Ә.Хасенов, М.Хамзин, Н.Тілендиев, Ж.Қаламбаев, Т.Момбеков,
С.Балмағамбетов, Б.Басығараев, Қ.Жантілеуов, Р.Ғабдиев, С.Шәкіратов сияқты
күйшілердің орындаушылық мәнерлері де өз кезегінде жалғасын тауып, жеке
мектеп болып қалыптасқан үрдіс саналады.
Қазақ күйлерінің шығуы, құрылымы мен тегі бір. Алайда, аймақтық
мектептерге бөлініп, жеке орындаушылық үлгілердің өз алдына отау тігетін
заңдылығы және бар, бұл үрдіс күй табиғатын тануға әсте бөгет болмайды,
керісінше, аспаптық музыкамыздың байлығы мен кемелдігін айшықтайды.
Аймақтық факторларды ескергеннің өзінде, күйдің шертпе, төкпе деп бөлінуін
тек қана тарту техникасының өзгешелігімен түсіндірген абзал. Күйлердің
әуелде бір сарынды болып (көне күйлер, аңыз күйлер) кейіннен әрқалай
мақамда дамуы – кезеңдену процессіне байланысты.
Қазақ даласының шығыс аймағына кең тарап, ғасырлар бойы дамыған
күйдің ұлы арнасы - шертпе, күй атасы – Кетбұғыдан басталып Байжігітке,
одан Тәттімбет пен Бежеңе (Бейсенбі) ауысқан шертпе өнері ұлттық музыка
мәдениетінің классикалық мұрасы болып табылады.

ШЕРТПЕ КҮЙДІҢ АЙМАҚТЫҚ ҰЯЛАРЫ

Қазақтың күйшілік өнерінің үлкен екі арнасы – төкпе және шертпе болып
бөлінетінін жоғарыда айтып кеттік. Біздің әңгімеміздің өзегі осы арнаның
бірегей түрі - шертпе күй туралы болмақ.
Шертпе күй - аты айтып тұрғандай шертіліп тартылатын күй, мұндағы
сөздің түбірі - шерту етістігі, музыкалық сөздікке кейіннен енген атау
(ертеде күйді бөле атау үрдісі жанрлық ерекшелігіне байланысты болған,
мысалы – жыр күйлер, би күйлер, ойын күйлер т.б.). Кейбір зерттеулердегі
шер сөзінен шыққан, іштегі шерді қозғайтын күй деген анықтаманың көңілге
қонуы қиын, төкпе болсын, шертпе болсын, қазақта шер қозғамайтын күй бар
ма?
Қысқасы, шертпе - тарту техникасы көбінесе бір ішекті саумалай шерту
әдісіне құралған күйлер. Мінезіне келсек – жалпы ұлтық күйшілік дәстүрге
ортақ қарекеттің барлық белгілері бар, біржақты жуас деу жаңсақ ұғым,
себебі – шертпе мектебінен шыққан екпіні төкпеге барабар әбжіл күйлер
толып жатыр (мысал үшін - Салкүрең, Дайрабай, Ыңғай төкпе,
Көкбалақ т.б.). Сондықтан, шертпе күйдің табиғатын танудың бір амалы –
аймақтық мектептерін анықтау.
Қазақтың тамаша күйшілік мектептерін орнықтырып кеткен ұлы
күйшілердің шығармашылығын барлағанда - әуені мен тартысына қарап қай
өлкенің тумасы екенін анықтауға әбден болады, өйткені, ғасырлар бойы
қалыптасқан белгілі бір сарындар тобы сол топырақтың ғана меншікті
мақамына айналып кеткен, күй қай аймақта, қай уақытта туса да қазақтың
құлағы оны жазбай танитыны содан. Әрбір аймақтың тілінде, киімінде,
қолөнері мен тұтынатын заттарында сол жерді мекендеген елдің қауымдық
ерекшелігіне тән айырмашылықтар болатынын этнографтар да жоққа шығармайды,
алайда, бұл факторлардың ұлт мұрасының тұтастығына нұқсаны жоқ, керісінше,
мәдениетіміздің байлығы мен байтақтығы болып саналады.
Қазақ тарихын түркі заманынан бастап зерттеген орыс ғұламасы –
Л.Н.Гумилев шығыс өркениетінің Алтай жерінен бастау алғанын жазады,
қазіргі кезеңге дейін жетіп отырған алтайлық әндер мен күйлерді тыңдағанда
олардың көне түркілік сазға құрылғанын аңғару оңай. Музыкатанушы-ғалым
П.Шегебаев бұл мектеп туралы мынадай пікір айтады: ...Шығыс аймақта
дамыған аспаптық үлгі қазақ музыка мәдениетіндегі ерекше құбылыс. Мұны
тарихи тағдыры бір түркі-мұңғұл халықтарынан қалған мәдениет деп тануға
әбден болады. Аспаптық шығармаларының обертонға бай, тембрлік бояуларының
қою (қоңыр) болатыны соның әсерінен. (Шығысқазақстандық аспаптық музыканың
стильдік ерекшеліктері. Мақала. Музыкальное искусство: Наука и образование.
Ғылыми еңбектер жинағы, Астана-2004.) Шертпе өнерінің белді өкілі -
Байжігіттің күйлерінен тек Шығыс өлке емес қазақтың барлық күй мектептеріне
ортақ қайырымдарды кездестіруге болады. Айтпағымыз, қазіргі шертпе күй
мектептерінің қалыптасуының басы - қасиетті Алтай жерінен бастау алады
деген тұжырым.
Қазақтың шертпе күйлерінің аймақтық ұяларын былайша тарқатуға
болады:
1.Шығыс Қазақстандық (Алтай-Тарбағатай) күйшілік мектеп;
2.Арқа күйшілік мектебі;
3.Жетісу күйшілік мектебі;
4.Қаратау күйшілік мектебі.
Жеке тұлғалардың орындаушылық мектептері:
1.Байжігіт мектебі;
2.Тәттімбет мектебі;
3.Қожеке мектебі;
4.Сүгір мектебі;
Өнерде ерекше ізі қалған күйшілердің мәнерлік мектептері:
1.Әбікен мектебі;
2.Жаппас мектебі;
3.Мағауия мектебі;
4.Төлеген мектебі;
5.Нұрғиса мектебі;
6.Уәли мектебі.
Әлбетте, осы аттары аталған күйшілердің тартыс үлгілері қазақ
музыкасының алтын қорында сақтаулы, сондықтан кейінгі орындаушылардың
шертпелік өнерде бірден-бір бағыт алар бағдары болып отыр. Оның үстіне осы
үлгілерге еліктеп өскен бір қауым күйшілер буыны өсіп жетілді.
Қазіргі уақытта шертпе дәстүрін дамытып, аймақтық күйшілік
мектептердің салтын сақтап жүрген домбырашылардан – Боранқұл Қошмағамбетов
(марқұм), Мұхаметжан Тілеуханов, Таласбек Әсемқұлов, Дәулетбек Садуақасов,
Білал Ысқақов, Секен Тұрысбеков, Рымхан Әбілханов, Базарәлі Мүптекеев, Саян
Ақмолда, Сәрсенғали Жүзбаев, Мұрат Әбуғазин, Қайрат Айтбаев, Арман
Қадырбектердің есімдерін атауға болады.
Шертпе күй туралы арнайы кітаптар жазып, ғылыми зерттеу жүргізген
ғалымдарымыз – А.Жұбанов, У.Бекенов, М.Айтқалиев, А.Сейдімбек,
Ә.Мұхамбетова, П.Шегебаев, Р.Малдыбаева, Т.Әсемқұлов.
Шертпе күйшілердің өмірі жайлы әдеби деректер қалдырған
жазушыларымыз – Т.Әлімқұлов, С.Бегалин, М.Мағауин, Ж.Алтайбаев, К.Салықов,
І.Жақанов, Т.Әсемқұлов, К.Жүнісов, Ө.Кәріпұлы, Я.Амандықовтар.

ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН КҮЙШІЛІК МЕКТЕБІ

Қазақ күйлерінің архаикалық (байырғы) түрлері Алтай-Тарбағатай
жерінде мейлінше мол сақталған. Күйлердің орындалу машығы көнеден келе
жатқан дәстүр екендігін айғақтайды, шығыс сарындарын тыңдаған жан оның
барша түркі-мұңғұл (ғұндар деген ұғымда. Ж.Ж.) нәсіліне ортақ әуен
екендігін бағамдай алады. Күйлердің аттары тотемдік наным-сенімдерге
құрылған, мысалы, Самұрық, Ақсақ марал, Боз інген, Бұлғын мен
Сусар, Ағаш ат, Жорға аю, тағы басқалар. Алтай күйлерінің өзге
мектептерден ерекшелігінің бірден-бір белгісі - олардың әуелден домбыра,
шертер, сыбызғы, шаңқобыз, жетіген аспаптарына ортақ саз ретінде туғандығы
(музыкатанушы П.Шегебаевтың пікірі). Сондықтан, домбыра күйлері осы
аспаптардағы бояулар арқылы аса байытылғаны айдан анық көрініп тұрады.
Қыпшақ-Оғыз заманынан қалған көмекей ғырыл (бурдон) дыбысты аспапта сақтай
отырып күй толғау қазақ жерінде тек шығыста ғана сақталған, (көмекеймен
жыр айту үрдісі Сыр өңірінде жақсы дамыған десек те, ол жердің аспаптық
шығармаларында бурдондық тәсіл қолдану жоқ) ол тек сыбызғыда емес, домбыра
күйлерінде де кең қолданылады, әсіресе теріс бұраудағы шертісте көп.
Күйлердің құрылысы қайырмалы ән формасымен өрілген, сағаны қуып
дамыту, тондық тұғырды (тональность) ауыстыру, ладты өзгерту мүлде жоқтың
қасы. Кез келген алтайлық шығарма тұтастай екі немесе үш рет қайталанып
орындалады, финалында бастапқы тақырып еміс еске түсіріле шолақ қайырылып
аяқталады.
Күй мінезі асқақ, соған сәйкес ырғақтары да біркелкі – жүрдек,
қайғылы күйлердің өзінде мажордағы салтанат тәкәппарланып тұратыны бізден
басқа ұлттың ұғымына түсініксіз де шығар (Аңшының зары, Бөкен жарғақ
т.б.). Шығысқазақстандық күйшілік мектептің тағы бір қыры - жоғарыда
айтылған тотемдік нанымнан туған күйлер орындалғанда домбырашы белгілі бір
аңның немесе жануардың мінез-құлығын аспапта суреттеуге ұмтыла қоймайтыны,
керісінше, тақырыптағы мақұлық пен күйшінің ортасында құпия тілдесу
(диолог) үрдісі пайда болады, нәтижесінде - біз бейнелеуден бөтен, тұтас
екеуара сұхбатқа құрылған жораның (ритуал) куәсі боламыз.
Шертпе күйлердің ішінде орындалуы, техникалық жағынан меңгерілуі
ауыры - осы мектеп, себебі, мұнда ілме қағыс, терме (шектерді термелеу)
қағыс, сол қолда кездесетін тайғанақ әдіс, ысырма әдістерді айтпағанның
өзінде күйдің аңыздық, программалық ізі дәстүрлі методиканың дәрістерін
керек етеді. Шығыс Қазақстаннан шыққан дәстүрлі күйшілер – Байжігіт,
Бейсембі, Жүнісбай Стамбайұлы, Шақабай Шалап батыр, Сақбике, Терістаңбалы
Мүкей, Раздық, Шотайбай, Масығұт, Бейісбай, Әшім, Бағаналы Саятөлекұлы,
Ғабдылхақ Барлықов, Таласбек Әсемқұлов, Жарқын Шәкәрімов, Білал Ысқақов,
Тұрсынғазы Баяқов, Қазен Әбуғазин, Қабікей Ақмерұлы.
Қазіргі кезде бұл мектептің ізін жалғастырып жүрген азаматтар
ретінде - Секен Тұрысбеков, Мұрат Әбуғазин, Мұқаш Таңғыт, Еркін Ерген,
Ертай Барлықов, Әсет Дәненов, Анар Кітапова сияқты дарынды күйшілерді атай
аламыз.
Шығыс күйшілік мектебін алғаш зерттеген - Уәли Бекенов. Ол Күй
табиғаты, Шертпе күй шеберлері атты кітаптар жазып шығыстық күй
мектебінің ерекшеліктерін ашып көрсетті. Осындай абыройлы еңбек - жазушы
Мұхтар Мағауинге де тиесілі. Ол Байжігіт мұрасын ұлттық қазынамыз ретінде
алғаш таныған, күйлерінің жарық көруіне көп септігі тиген адам. Шығыс
күйшілігіне арнайы ғылыми талдау жасаған – музыкатанушы Пернебек Шегебаев.
Оның мақалаларында домбыра күйлерімен қатар сыбызғы күйлері де тарихи
дамуы мен құрылымы жағынан жан - жақты зерттелген. Шығыс Қазақстандық күй
мектебі туралы этнограф ғалым - Ақселеу Сейдімбек өзінің Қазақтың күй
өнері монографиясында қазіргі кәсіби күйшілікке әдістемелік бағдар бере
алатын терең талдаулар жазды.
Қазіргі кәсіби оқыту тәжірибесінде шығыс күйлері сирек орындалады,
бұл оның әлі тыңғылықты зерттеуді керек ететінін көрсетеді, күйлер ішінара
(У.Бекенов, Б.Ысқақов, М.Әбуғазин) нотаға түсірілгенмен орындаушылық
мәдениетінің ашылуы толық тізгін бере қойған жоқ. Нағыз орындаушылар өз
дәуірінде өнерлерін елге ұсынып, тұзы таусылған соң бірінің артынан бірі
кетіп жатыр. Олардың көнеден қалған шертпелік мектебі кейінгі ұрпаққа
толық жалғасып отыр деп айту қиын.
Алтай күйлерінің өзге мектептерден бөлектігі күйдің сыбызғы мен
домбырада қатар орындалатыны. Домбырадағы күйлердің бәрі дерлік сыбызғыда
тартыла береді, және ол тақырыбы жағынан да бұзыла қоймайды. Осы дәстүрдің
жалғасуын бүгінде шертпе күйдің шебері - С.Тұрысбековтің Балауса күйінен
көре аламыз. Сазгер бұл шығармасын домбыра мен сыбызғыға тел шығарған.
Сыбызғы күйлерін жинақтаушы, кәсіби сыбызғы мектебінің тұңғыш ұстазы -
Т.Мұқышев Байөлке күйлерінің ноталық жазбаларын кітапқа кіргізді, онда
атақты Кәлек сыбызғышының күйді екі аспапта қатар тартатын шеберлігі
айтылады. Бұл Алтай күй мектебінің байырғы мәдениетке жататынын көрсетеді,
жалпықазақтық күйшіліктің жерұйығы – Алтай екендігінің бұлтартпас айғағы.

АРҚА КҮЙШІЛІК МЕКТЕБІ

Арқаның күйшілік мектебі - шертпе мәдениетінің алтын қазығы деуге
тұрарлық үлкен мектеп. Себебі, Арқа иісі қазақтың тарихи ортақ мекеніне
айналған, үш жүздің еншісі бөлінбегенін айғақтап тұрған қасиетті Ұлытау да
осында. Домбырасымен Ақсақ құланды толғаған күй атасы - Кетбұғы өмір
кешкен Жошы ұлысы да Арқа өңірінде дәурендегені шежіреден аян. Нелер
балбармақ домбырашылар өмір кешкен Сарыарқа жерінде күй дегенде алдымен
аузымызға абыз Кетбұғыдан бөлек керей батыры–Байжігіт, арғынның аты аңызға
айналған ақылманы – Тәттімбет сері түседі. Осылардың ішінде Арқа
мектебінің басында тұрған тұлға сөз жоқ, Тәттімбет екені даусыз.
Тәттімбет Қазанғапұлы (1815-1862) өз заманында теңдесі жоқ
өнерпаз болды, ғұмыры келте болса да артына мол мұра қалдырды. Ең
маңыздысы – жасампаз мектептің іргетасын қалап кетті, Тәттімбетше күй шалу
үрдісі осыдан кейін Тоқа, Дайрабай, Қыздарбек, Сембек, Әбди, Итаяқ,
Әбікен, Аққыз, Мағауиялар арқылы дамып, шертпенің даңқы мұқым қазаққа үлгі
болды. Арқа күйлерінің музыкалық шығарма ретіндегі маңызды ерекшелігі -
өзінше жеке мектеп бола тұра домбыра өнерінде дамыған барлық күйшілік
дәстүрді жатсынбауы. Жағырапиялық жағынан Шығыс пен Оңтүстік, Жетісу мен
Сырға аралас қонған қоңсылығы бұған септігін тигізгені ақиқат.
Арқа күйлері де ішінара мынадай орындаушылық мектептерге бөлінеді:
Тоқырауын орындаушылық мектебі, өкілдері – Әшімтай
Қарымсақұлы, Манарбек Ержанов, Аққыз Ахметова, Сатан, Мұхсин, Мағауия
Хамзин, Жақсылық Омашев, Қайрат Айтбаев.
Ақсу-Аюлы орындаушылық мектебі, өкілдері – Итаяқ, Қыздарбек,
Мақаш, Сембек, Әбди, Әбікен, Бегімсал Орымбеков, Дәулетбек Садуақасов,
Орал Исатаев, Арман Қадірбек, Нұрғаным Жексенбаева.
Жаңа арқа орындаушылық мектебі, өкілдері – Сайдалы сары
Тоқа, Дайрабай, Сейфолла (Сәкеннің әкесі), Амантай Бозмағамбетұлы, Мұхит
Битенов, Пазыл Тұтқабеков, Мейрам Ұлмағамбетов, Мұхаметжан Тілеуханов,
Ахат Байбосынов, Алпысбай Тұрсынбеков, Жанболат Әбілдинов. Бұл аталған
орындаушылық мектептердің күй шерту үлгісінде анау айтқан айырмашылық
болмағанмен күйдің ішкі интонациялық даму табиғаты әртүрлі қалыпта. Бұл
пікірді алғаш қозғап жүйелі зерттеу жүргізген көрнекті ғалымымыз -
Ақселеу Сейдімбек.
Арқа күйлерінің басқа шертпе мектептеріне қарағанда саздық құрылымы
мен музыкалық күрделілігі жағынан анағұрлым дамығаны айқын көрініп тұрады.
Алғаш арқа күйлеріне ғылыми баға беріп, ноталық жазбаларға түсуіне ықпал
еткен – академик А.Жұбанов. Қазақ тарихында тұңғыш ұйымдасқан ұлт
аспаптары оркестрінің репертуарына Тәттімбеттің Қосбасар, Сарыжайлау,
Сылқылдақ күйлері енгізілді. Арқа күйлерін осы оркестр құрамына он төрт
жасында келген талантты домбырашы - Рүстембек Омаров белсенді насихаттады,
онымен бір ұжымда қызмет еткен Жаппас Қаламбаев пен Мағауия Хамзин де Арқа
шертпесінің үзіліп қалмауына ересен еңбек еткенін айтуға тиіспіз.
Арқа күйлерінің нағыз түпнұсқа түрі Әбікен Хасенов арқылы жетті. Бұл
мектептің ертеден дамыған киелі сарынын жаңа заманның ызғарына қарамастан
(Кеңес дәуірінде шертпе күй феодализмнің сарқыншағы деп танылып,
тартылуына қатаң тиым салынған, Арқаның талай күйшілері сол зобалаңның
кесірінен атылып та кеткен, бұл нәубетті Әбікен де бастан кешті, Сәкен
Сейфуллиннің арашасымен аман қалған болатын) келешектің қолына ұстатқан
дарынды күйші қазіргі күні Арқа ғана емес, жалпы шертпе өнерінің шыңы
болып саналады. Әбікен Хасенов Тәттімбетті түгел тартып, Әбди, Сембек,
Қыздарбек, Айдостардың да мұраларын арттағы ұрпаққа тастап кеткен саңлақ
домбырашы. Нағыз балбармақ шебер домбырашы Әбікен атамыз өз жанынан да күй
шығарған, оның атышулы Қоңыры аспаптық музыкамыз тарихындағы теңдессіз
туынды боп саналады. Оның әндерді күйге бергісіз шертетіні де бөлек
әңгіме, Жаяу Мұсаның Ләйлім әнін ғажайып әсемдікпен орындап, оны
күйтабаққа жазып қалдырғаны белгілі.
Арқа мектебінде орындаушылықтың үлкен екі арнасы бар, бірі қоңыр
шертпе болса, екіншісі қуатты желдірме күйлер. Осы жағынан қарағанда
желдірме күйлерді төкпеге еркін жатқызуға да болғандай, мысалы,
Дайрабайдың күйі Арқа мектебіне жатқанмен екпіні мен ырғағы жағынан Атырау
мектебінен алыстамайды, мұндай ерекшеліктерді Тоқаның Бозайғырынан да
аңғару қиын емес.
Арқа мектебінің басқа мектептерден құрық бойы бір озықтығы
Қосбасарлардың сән құруында жатыр. Ел ішінде Қырық буын қосбасар
аталатын күйлер жалпы аспаптық музыкамыздағы біртуар жанр деуге ылайық
қазына. Қосбасарлар әркезде әртүрлі жағдаяттарға байланысты шыққан,
негізінен мұңды, шерлі күйлер. Қосбасарлар тегінде күйді шығарған адам
атымен де аталады (Тоқаның Қосбасары, Аққыздың Қосбасары т.б.).
Тәттімбет өз қосбасарларына әртүрлі жағдаяттарға байланысты ат қойып
тартқаны тарихтан белгілі.
Арқа мектебінің дамуына Қазақстанның халық әртісі М.Хамзиннің көп
еңбег сіңгенін атап өткеніміз жөн. Ол шертпенің жаңаша тартылу үлгісін
жасады, ескі күйлердің жібін үзбей отырып, оның сахналық мәдениетінің
дамуын жетілдірді, осы салада өз жанынан да көптеген айшық әуезді шертпелер
шығарды.
Арқа күйшілерінің шығармашылығын алғаш зерттеп, ноталық жазбаларын
тиянақтаған – Уәли Бекенов, оның Шертпе күй шеберлері, Күй табиғаты
атты кітаптары аса құнды ғылыми - әдістемелік еңбектер болып табылады.
Зерттеушінің өзі де Арқа күйлерін талдап тартатын сұңғыла шертпеші ретінде
қазақтың есінде аты қалды. Тәттімбет күйлерінің жинағы 1988 жылы
Е.Үсеновтың құрастыруымен тұңғыш рет жарыққа шықты, 2005 жылы А.Тоқтаған
мен М.Әбуғазинның редакциясымен толықтырылып қайта басылды. Тәттімбет
тәліміндегі күйлердің толық топтамасын Б.Ысқақов жазып шықты. Бұл еңбекте
Тәттімбет күйлерімен қатар оның мектебін құрайтын Арқа күйшілерінің бәрі
қамтылған.
Арқа күйлерін таза меңгеру екінің бірінің қолынан келе бермейді.
Себебі, ұзақ жылдар бойы шертпенің насихаты болмады, оны оқыту ісі жүйелі
түрде жүргізілген емес, қазіргі музыка мектептерінен бастап консерватория,
академияға дейінгі домбыра пәнінің оқытылу үлгісі шертпе күйді толық
қамтымайды, негізгі бағыт біржақты төкпе күйдің дамуына бағдарланып
отырғаны рас. Соған қарамастан аға буын шертпешілерден үлгі көріп қалған
дарынды күйші жастар өсіп келе жатыр, олар мүмкіндігінше түпнұсқаны
меңгеруге тырысып бағуда, алайда, саусақ басу, қазақы қоңыржай қағыс
дәстүріне тістері батпай жүргені де жасырын емес, оған балалайка мен орыс
домрасының жаттығуларымен өскен жат машық кері әсерін тигізген деп
түсінеміз.
Алматы қаласындағы Құрманғазы атындағы ұлттық консерватория
қабырғасынан Тәттімбет атындағы шертпе күй мектебі ашылды, оның ашылуына
ықпал еткен дарынды күйші-педагог – Біләл Ысқақов. Бұл мектеп жалпы шертпе
мәдениетінің Отандық алтын қазығы болып отыр, жыл сайын осы мектептен
дәріс алған түлектер ата өнердің атын өшірмей, болашаққа жалғап жүр.
Арқа мектебінің жалауын жықпай жүрген көзі тірі шеберлер қатарында
дарынды домбырашыларымыз ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Әл-Фараби еңбектеріндегі психологиялық көзқарастары
Алтынсарин дер едік
Үнді философиясы
Қазақ тілі сабағы
Әл-Фарабидің педагогикалық-психологиялық көзқарастары
Сан есімнің мағыналық топтары
Ойыншықтардың бала дамуына септігі
Ішек қылған, қобызым
ҚАНИПА БІТІБАЕВАНЫҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ИДЕЯЛАРЫ МЕН ТӘЖІРИБЕСІ
Жайықта мен қазақпын
Пәндер