Құқықтық мемлекеттің түсінігі және қағидалары



1 Құқықтық мемлекет
2 Азаматтық қоғамның түсінігі жән құрылымы
3 Биліктің тармақтарға бөлінуі құқықтық мемлекеттің қағидасы ретінде
1. Құқықтық мемлекеттің түсінігі және қағидалары. Құқықты мемлекет - бұл адам мен азаматтың құқықтар мен бостандықтарының толық түрде қамтамасыз етілуіне және құқық бұзушылықтарды болдырмау мақсатында мемлекеттік билікті құқықпен мейлінше байланыстыруға жағдай жасаушы саяси билік ұйымы.І
Құқықтық мемлекеттің мәнін қарастыруда оның негізгі екі жағын (екі негізгі кағиданы) бөліп қарастыруға болады:
1) мазмұнды жағы - адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарын мейлінше толық көлемде қамтамасыз етуден тұлға үшін құкықтық ынталандыру режимін орнықтырудан көрінеді;
2) формальды-заңды жағы - мемлекеттік билікті құқықпен байланыстырудан, мемлекеттік құрылымдар үшін құқықтық шектеу режимін орнықтырудан көрінеді.
Сонымен қатар, құқықтық мемлекеттің кағидасына мыналар да жатады:
- билікті заңсыз пайдалануды болдырмау мақсатында оны заңшығарушылық, атқарушылық және сот тармақтарына бөлу;
- заңның үстемдігі, яғни, биліктің жоғары органымен барлық конституциялық тәртіптерді сақтай отырып қабылданған заң атқарушылық билік актілерімен жоққа шығарылуы, өзгертілуі және тоқтатылуы мүмкін емес;
- мемлекет пен тұлғаның өзара жауапкершілігі;
- қоғамдағы құқықтық сана мен құқықтық мәдениеттің жоғары деңгейі;
- азаматтық қоғамның болуы және тарапынан құқық субъектілерінің заңдарды орындауына бақылау жүргізілуі.
2. Биліктің тармақтарға бөлінуі құқыктық мемлекеттің қағидасы ретінде. Бұл қағиданы алғаш рет Д. Локк пен Ш. Монтескье ұсынған болатын. Қағиданың басты талабы - саяси бостандықты бекіту, заңдылықты қамтамасыз ету және белгілі бір әлеуметтік топтың, мекеменің немесе жеке тұлғаның билікті асыра пайдалануын болдырмау үшін мемлекеттік билікті заң шығарушылық (халық сайлайтын және қоғамды дамытуды заңдар қабылдау жолымен жүзеге асыруға бағытталған), атқарушылық (биліктің өкілдік органы тағайындайтын және заңдар мен оралымдық-шаруашылық қызметті жүзеге асырумен айналысатын) және сот (бұзылған құқықтарды қалпына келтірудің, кінәлілерді әділетті түрде жазалаудың кепілі болып табылатын) биліктері деп бөлу қажет. Және осы әр бір билік түрлері дербес және бір-бірін тежей отырып, өз функцияларын органдардың ерекше жүйесі арқылы және арнайы нысандарда жүзеге асыруы тиіс.
Констиуцияда бекітілген «тепе-теңдік және тежемелік жүйесі» заң шығару, атқарушы, сот билігінің нақты бір билік түріне қатысты құқықтық шектеулерінің жиынтығын білдіреді. Мысалы, заң шығару билігіне қатысты тежемелік жүйесінде ерекше рөлді Президент иеленген, ол заң шығарушыға қатысты вето құқығын иеленеді: атқарушы билікке қатысты тежемелік сипатта болып президент өкілеттіктерінің мерзімі, импичмент, сенімсіздік вотумы, атқарушы органдардың жауапты қызметкерлеріне заңшығару-шылық құрылымға сайлануға тыйым салу, коммерциялық қызметпен айналысу табылады;

Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   
1. Құқықтық мемлекеттің түсінігі және қағидалары. Құқықты мемлекет - бұл 
адам мен азаматтың  құқықтар мен бостандықтарының толық түрде қамтамасыз
етілуіне және құқық бұзушылықтарды болдырмау мақсатында мемлекеттік билікті
құқықпен мейлінше байланыстыруға жағдай жасаушы саяси билік ұйымы.І
Құқықтық мемлекеттің мәнін  қарастыруда оның негізгі  екі жағын (екі
негізгі кағиданы) бөліп қарастыруға болады:
1) мазмұнды  жағы - адам  мен  азаматтың құқықтары  мен бостандықтарын 
мейлінше толық  көлемде  қамтамасыз  етуден тұлға үшін құкықтық ынталандыру
режимін орнықтырудан  көрінеді;
2) формальды-заңды жағы - мемлекеттік билікті құқықпен байланыстырудан,
мемлекеттік құрылымдар үшін құқықтық шектеу режимін орнықтырудан көрінеді.
Сонымен қатар, құқықтық мемлекеттің кағидасына мыналар да жатады:
- билікті  заңсыз  пайдалануды болдырмау  мақсатында оны заңшығарушылық,
атқарушылық және сот тармақтарына бөлу;
- заңның үстемдігі, яғни, биліктің жоғары органымен барлық конституциялық
тәртіптерді сақтай   отырып   қабылданған заң атқарушылық билік актілерімен
жоққа шығарылуы, өзгертілуі және тоқтатылуы мүмкін емес;
- мемлекет пен тұлғаның өзара жауапкершілігі;
- қоғамдағы құқықтық сана мен құқықтық мәдениеттің жоғары деңгейі;
- азаматтық қоғамның болуы және тарапынан құқық субъектілерінің заңдарды
орындауына бақылау жүргізілуі.
2.   Биліктің тармақтарға  бөлінуі  құқыктық мемлекеттің қағидасы ретінде.
Бұл қағиданы алғаш рет Д. Локк пен Ш. Монтескье ұсынған болатын. Қағиданың
басты талабы - саяси бостандықты бекіту, заңдылықты қамтамасыз ету және
белгілі бір әлеуметтік топтың, мекеменің немесе жеке тұлғаның билікті асыра
пайдалануын болдырмау үшін мемлекеттік билікті заң шығарушылық (халық
сайлайтын және қоғамды дамытуды заңдар қабылдау жолымен жүзеге асыруға
бағытталған), атқарушылық (биліктің өкілдік органы тағайындайтын және
заңдар мен оралымдық-шаруашылық қызметті жүзеге асырумен айналысатын) және
сот   (бұзылған құқықтарды  қалпына келтірудің, кінәлілерді әділетті түрде
жазалаудың кепілі болып табылатын) биліктері деп бөлу қажет. Және осы әр
бір билік түрлері дербес және бір-бірін тежей отырып, өз функцияларын
органдардың ерекше жүйесі арқылы және арнайы нысандарда жүзеге асыруы тиіс.
Констиуцияда бекітілген тепе-теңдік және тежемелік жүйесі заң шығару,
атқарушы, сот билігінің нақты бір билік түріне қатысты құқықтық
шектеулерінің жиынтығын білдіреді. Мысалы, заң шығару билігіне қатысты
тежемелік жүйесінде ерекше рөлді Президент иеленген, ол заң шығарушыға
қатысты вето құқығын иеленеді: атқарушы билікке қатысты тежемелік сипатта
болып президент өкілеттіктерінің мерзімі, импичмент, сенімсіздік вотумы,
атқарушы органдардың жауапты қызметкерлеріне заңшығару-шылық құрылымға
сайлануға тыйым салу, коммерциялық қызметпен айналысу табылады; сот билігі
үшін конституцияда көрініс тапқан құқықшектеуші құралдар болып мыналар
табылады: кінәсіздік презумпциясы, қорғану құқығы, азаматтардың заң мен сот
алдындағы теңдігі, іс жүргізудің жариялылығы мен жарыспалылығы, соттарға
отвод жариялау және т.б.

3. Мемлекет пен тұлғаның өзара жауапкершілігі. Бұл құқықтық мемлекеттің
дербес қағидасы болып табылады. Бұл саяси билікті шектеудің өзінше бір
тәсілі, ол сасяи биліктің иесі ретіндегі мемлекет пен оны жүзеге асырудың
қатысушысы ретіндегі азаматтың арасындағы қарым-қатынастардың адамгершілік-
заңды бастамаларын көрсетеді. Қоғам мен тұлғаның бостандығын заңшығарушылық
нысанда бекіте отырып, мемлекет өз шешімдері мен әрекеттерінде белгілі бір
шектеулерді иеленеді. Заң арқылы ол өзінің азаматтармен, қоғамдық
ұйымдармен, басқа мемлекеттер-мен қарым-қатынастарындағы әділеттілік пен
теңдікті қамтамасыз ететін міндеттемелерді өз мойнына алуы тиіс.
Құқыққа бағына отырып, мемлекеттік органдар ондағы ерсжелерді бұза алмайды
және осы міндеттерді орындамағаны үшін жауапкершілікке тартылады. Заңның
мемлекеттік билік үшін міндеттілігі әкімшіліктік қателіктерді болдырмауға
бағытталған кепілдіктер жүйесімен қамтамасыз етіледі. Оларға Үкіметтің
өкілдік органдардың алдындағы жауапкершілігі, мемлекеттің кез-келген
деңгейдегі лауазымды тұлғаларының нақты бір тұлғалардың құқықтары мен
бостандықтарын бұзғандығы, билікті асыра пайдаланғаны, қызметтік жағдайын
асыра пайдаланғаны үшін тәртіптік, азаматтық-құқықтық және қылмыстық
жауапкершілігі, импичмент және т.б. жатады.
Жалпы қауымның мемлекеттік құрылымдардың өз міндеттерін орындауды
бақылауының нысандары болып референдумдар, депуттардың сайлаушылар алдында
есеп беруі және т.б. табылады.
Тұлғаның мемлекет алдындағы жауапкершілігі де дәл осы құқықтық
бастамалармен негізделеді.  Мемлекеттік мәжбүрлеуді  қолдану құқықтық
сипатта болуы, ол тұлғаның бостандығын бұзбауы және жасалған
құқықбұзушылықтың ауырлығына сай болуы тиіс. Сонымен, мемлекет пен тұлғаның
арасындагы қарым-қатынастар өзара жауапкершіліктің негізінде жүзеге
асырылуы тиіс. 
4. Мемлекет пен қоғамның өзара қатынасы. Қоғам - бұл, кең мағынада,
адамдардың бірлескен қызметінің тарихи қалыптасқан нысандарының жиынтығы
немесе, тар мағынада, әлеуметтік жүйенің тарихи нақты типі, қоғамдық
қатынастардың белгілі бір нысаны.
Мемлекет - бұл саяси биліктің саяси-аумақтық, егеменді түрде
ұйымдастырылуы. Қоғам мен мемлекет - әртүрлі түсініктер. Біріншісі
екіншісіне қарағанда кең болып келеді, себебі, қоғамда мемлекетпен қатар
мемлекеттік емес құрылымдар да (саяси партиялар, саяси қозғалыстар,
қоғамдық ұйымдар мен бірлестіктер, еңбек ұжымдары және т.б.) болады.
Мемлекет қоғамның саяси бөлігі, элементі болып табылады.
Мемлекет қоғамда орталық орынды және басты рөлді иеленген. Мемлекеттің
сипаты бойынша бүкіл қоғамға. Оның мәніне сипаттама беруге болады. Мемлекет
қоғамға қатысты оның істерін шешу, басқару құралы рөлін атқарады. Қоғам мен
мемлекеттің хронологиялық шектері де әртүрлі болып келеді: біріншісі
екіншісіне қарағанда ерте пайда болған және бай даму тарихына ие. Дамыған
қоғамның негізінде пайда болған мемлекет оған қатысты салыстырмалы түрдегі
дербестікті иеленеді.

5. Азаматтық қоғамның түсінігі жәнс құрылымы. Азаматтық қоғам түсінігін
Аристотель, Цицерон, Гроций, Т. Гоббс, Дж. Локк, Гегель, Маркс және т.б.
ойшылдар қалыптастырған. Барлық ғалымдар азаматтық қоғамдағы негізгі идея
ретінде адам идеясын таниды. Азаматтық қоғам - адамгершілік, діни, ұлттық,
әлеуметтік-экономикалық, отбасы инсти-туттары мен қатынастарының жиынтығы,
солардың көмегімен жеке тұлғалар мен топтардың мүдделері
қанағаттандырылатын.
Азаматтық қоғамның құрылымына мыналар кіреді:
1) мемлекеттік емес, әлеуметгік-экономикалық қатынастар мен институттар
(меншік, еңбек, кәсіпкерлік);
2) мемлекеттен тәуелсіз өндірушілердің жиынтығы (жеке фирмалар және т.б.);
3) қоғамдық ұйымдар мен бірлестіктер;
4) саяси партиялар мен қозғалыстар;
5) тәрбиелеу мен мемлекеттік емес білім беру саласы;
6) мемлекеттік емес бұқаралық ақпарат құралдарының жүйесі;
7) отбасы;
8) шіркеу және т.б.
Азаматтық қоғамның белгілері:
- адам мен азаматтың құқықтар мен бостандықтарының мейлінше толық
қамтамасыз етілуі;
- өзін-өзі басқару;
- оның құрылымдары мен адамдардың әртүрлі топтарының бәсекелестігі;
- еркін түрде қалыптасатын қоғамдық көзқарас пен плюрализм;
- жалпы ақпараттану мен адамның ақпаратпен танысу құқығының шын мәнінде
жүзеге асырылуы;
- өмір сүру координация қағидасына негізделеді (мемлекеттік аппарат кезінде
субординация қағидасы үстемдік құрады);
- экономиканың көпжақтылығы;
- биліктің заңды және демократиялық сипаты;
- кұқықтық мемлекет;
- адамдардың жақсы өмір сүру жағдайын қамтамасыз ететін мемлекеттің күшті
әлеуметтік саясаты және т.б.
Құқықтық мемлекет — конституциялық басқару тәртібі, дамыған құқықтық жүйе
мен тиімді сот билігі бар мемлекет нысаны.
Құқықтық мемлекет – өзінің негізгі институттары ретінде билік бөлінісін,
сот тәуелсіздігін, басқару заңдылығын, мемлекеттік билік тарапынан
азаматтардың құқы бүзылуына жол бермеуді және оған қоғамдық мекеме
тарапынан тигізілген залалдың құнын өтеп алуды қарастыратын мемлекет.
Құқықтық мемлекет идеясының сан ғасырлық тарихы бар. Ол сонау ежелгі
дәуірден бастау алады. Құқықтық мемлекеттің философиялық негізін И. Кант
жасады.
Қазіргі ғаламдық ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мемлекет және құқық теориясы оқу құралы
Құқық қағидаларының түсінігі және түрлері
Халықаралық құқықтың түсінігі
Мемлекет және құқық теориясының жалпы сипаттамасы
Мемлекеттік басқарудың қағидалары
Мемлекет жəне құқық теориясының жалпы сипаттамасы
Құқық қағидалары.
Мемлекеттік басқарудың мәні мен ерекшеліктері
Қазақстан Республикасында мемлекеттік басқару
Халықаралық құқықтың қағидалары
Пәндер