Қазақстанның 2010 жылға дейінгі даму моделі
1. Бастапқы жағдайлар
2. Оңтүстік Қазақстан облысының әлеуметтік.экономикалық дамуы
3. ОҚО.ң инвестиция саласы.
4. Әлеуметтік саласы.
5 2008 жылға Оңтүстік Қазақстан облысының бюджеті бойынша ақпарат.
6 Елді дамытудың 2007 . 2009 жылдарға арналған міндеттері, мақсаттары және басымдықтары

Қазірғі заманға барабар болатын Қазақстан даму стратегиясын жасау үшін ағымдағы геосаясаттық және геоэкономикалық үдерістерді, басталған жиырма бірінші ғасырмен әкелінген мүмкіндіктер мен қауіп-қатерлерді түсіну қажет. Социалистік жүйені қиратқаннан кейін әлем жаңа әлем тәртібіні құру дәуіріне кірді. Өз негізінде қос полярлы әлем тәртібі бір полярлық тәртібіне ауысты. Бірақ әлемдік қауымдастық дамуды белсенді түрде жалғастырып жұр. Дамудың маңызды факторы әлемдік экономиканы ғаламдандыру болып табылады.
Соңғы 30 жылдың ішінде Шығыс Азия аймағының қарқынды дамуы күштердің жаңа орналастыруын әкелді. Осы уақытта әлемде үш дамыған экономикалық орталықтар бар: АҚШ, Еуропалық Одақ және Жапония. Бізбен көрші Қытайда да экономикалық алыпқа айналдырудың шын келешегі бар.
Мемлекеттің рөлін төмендету туралы болжамдарға қарамастан жиырма бірінші ғасырдағы әлемдік үдерісте басты әрекет істейтін тұлғалары болып егеменді мемлекеттердің қалатындығы анық. Басқа сөзбен айтқанда, мемлекет арасындағы бәсекелестік тарихтың бас қозғалтқышы болып қалмақ.
Жалпы, осы уақытта әлемдік саясат дамыған мемлекеттер шектелген шеңберінің мүдделерімен анықталады. Табиғи ресурстар таусылған жағдайларда ірі елдер стратегиялық маңызды шикізатқа бақылауды билеп алуға тырысады. Маңызды энергетикалық ресурстарға ие болып жүрген Қазақстан тиісті қауіп-қатерлерді басынан кешуде.
Әлемдік экономикада, шын айтқанда дамыған елдердің ұлттық компаниялары болып табылатын, трансұлттық корпорациялардың (ТҰК) мүдделері үстемдік етіп жүр. Осы уақытта ТҰК-лар әлемдік өнеркәсіптік өндірістің жартысын бақылайды.

ҚАЗАҚСТАННЫҢ 2010 ЖЫЛҒА ДЕЙІНГІ ДАМУ МОДЕЛІ
1. Бастапқы жағдайлар
Қазірғі заманға барабар болатын Қазақстан даму стратегиясын жасау үшін
ағымдағы геосаясаттық және геоэкономикалық үдерістерді, басталған жиырма
бірінші ғасырмен әкелінген мүмкіндіктер мен қауіп-қатерлерді түсіну қажет.
Социалистік жүйені қиратқаннан кейін әлем жаңа әлем тәртібіні құру дәуіріне
кірді. Өз негізінде қос полярлы әлем тәртібі бір полярлық тәртібіне ауысты.
Бірақ әлемдік қауымдастық дамуды белсенді түрде жалғастырып жұр. Дамудың
маңызды факторы әлемдік экономиканы ғаламдандыру болып табылады.
Соңғы 30 жылдың ішінде Шығыс Азия аймағының қарқынды дамуы күштердің жаңа
орналастыруын әкелді. Осы уақытта әлемде үш дамыған экономикалық орталықтар
бар: АҚШ, Еуропалық Одақ және Жапония. Бізбен көрші Қытайда да экономикалық
алыпқа айналдырудың шын келешегі бар.
Мемлекеттің рөлін төмендету туралы болжамдарға қарамастан жиырма бірінші
ғасырдағы әлемдік үдерісте басты әрекет істейтін тұлғалары болып егеменді
мемлекеттердің қалатындығы анық. Басқа сөзбен айтқанда, мемлекет арасындағы
бәсекелестік тарихтың бас қозғалтқышы болып қалмақ.
Жалпы, осы уақытта әлемдік саясат дамыған мемлекеттер шектелген шеңберінің
мүдделерімен анықталады. Табиғи ресурстар таусылған жағдайларда ірі елдер
стратегиялық маңызды шикізатқа бақылауды билеп алуға тырысады. Маңызды
энергетикалық ресурстарға ие болып жүрген Қазақстан тиісті қауіп-қатерлерді
басынан кешуде.
Әлемдік экономикада, шын айтқанда дамыған елдердің ұлттық компаниялары
болып табылатын, трансұлттық корпорациялардың (ТҰК) мүдделері үстемдік етіп
жүр. Осы уақытта ТҰК-лар әлемдік өнеркәсіптік өндірістің жартысын
бақылайды. ТҰК-дағы өзгешелік белгілер: нарықтарды ғаламдық көру және
әлемдік көлемде бәсекелестікті жүзеге асыру; әлемдік нарықтарды бөлу;
компаниялар мүдделерін алға басуы үшін өз елдерінің мемлекеттік аппаратын
пайдалану; ТҰК-лар әрекет ететін мемлекеттерге экономикалық және саяси
ықпалын жүзеге асыру болып табылады.
Ірі мемлекеттер өз ТҰК-ын белсенді түрде қолдайды, ал ТҰК-лар өз кезегінде
оларға халықаралық қызметтен салық қаражаттарын түсіруді, олардың
экономикалық және саяси ықпалын таратуды қамтамасыз етеді.
Осы уақытта ТҰК-лар әлемдік экономиканың негізін қалайды.
ТҰК-дың дамушы елдерге жағымсыз ықпалынан келесі негізгі жағдайларды бөліп
шығаруы мүмкін:
ТҰК-лар жергілікті компанияларға күшті бәсекелестікті көрсетеді және оларды
дамытуға мүмкіндік бермейтін ішкі нарықта қысады;
трансұлттық капиталдың қауырт ауысуы ұлттық валюталардың тұрақтылығын бұзып
тастауы және дамушы елдердің ұлттық қауіпсіздігі үшін қауіп-қатерді жасауы
мүмкін.
2. Мақсаттар
Ұзақ мерзімді жоспарда бәсеке қабілеттілігі бар экономиканың негіздерін
құру.
2010 жылға қарай жалпы ішкі өнімнің (ЖІӨ) көлемін екі есе арттыру.
3. Даму моделі
Экономика саласында :
мемлекетті экономикалық өсудің “локомотивіне” айналдыру;
мемлекеттің қатысуымен жүйе құрылымдайтын ірі компанияларды жасау, оларды
аймақтық, мүмкіндігінше, әлемдік деңгейге шығару;
ТМД аймағында экономикалық өктемдік жүргізу.
Мемлекеттік басқару саласында :
тиімді, мемлекеттік кәсіпкерлікті басқара алатын Үкіметті құру;
биліктің орталық және жергілікті органдарының қызметін анық бөлу;
заңнамамен белгіленген құзыреті шегінде мемлекеттік басқарудың жергілікті
органдарға дербестігін беру;
мемлекеттің бюджеттік жүйені жетілдіру арқылы негізгі әлеуметтік салаларға
бақылауы.
4. Экономикадағы мемлекет ролі
ТҰК-ға қарсы тұру үшін Қазақстан сияқты халқының саны аз болған елдерде
отандық компаниялардың көлемі ұлттық экономиканың көлемімен салыстырылатын
болуы тиіс. Бұл, мемлекет оларды басқарудан және олардың қызметін реттеуден
шеттетілуі мүмкін емес деп көрсетеді.
Мемлекетке әрбір қаржы-өнеркәсіптік тобы (ҚӨТ) немесе ірі корпорация
бойынша осы бизнесте оның мүдделері қандай, оның меншік үлесі және
бағытталған қаражаттарын қалай пайдаланады деген мәселені шешу керек.
Ұлттық мақсаттарды жүзеге асыруға қатысатын ҚӨТ, бұл топтарда бар болған
мемлекеттік меншік үлестің негізінде, мемлекеттік қамқорлықта және
бақылауда болуы тиіс.
Келешекте мемлекет жоғарғы технологиялар саласында ҚӨТ-ға дамудың
мүмкіндігін туғызуы тиіс. Отандық ҚӨТ-дан үздік технологиялармен және
қазіргі менеджментпен нағыз трансұлттық компанияларды жасау керек. Өз ҚӨТ-
ды басқа елдердің нарықтарына барынша жылжытып, оған тұрақты түрде
өздерінің сыртқы экономикалық саясатын бағдарлап, мемлекет өз ықпал аясын
кеңейтіп және әлемдік экономикада өз маңызын жоғарлатып алады.
Сонымен, тарихтың жаңа айналымда мемлекетке экономиканың кіліті салаларына
қайта оралуы қажет. Бірақ, бұл қайта оралу – социалистік (кеңес
үлгісіндегі) мемлекеттің оралуы емес, нарық жағдайындағы елдің ішінде де,
шетелде де бәсекелесетін мемлекеттің оралуы болу тиіс.
Ғаламдандыру жағдайларында кедергілерді қою, тұйық экономиканы жасау мүмкін
емес және керек емес. Бұл, отандық кәсіпорындар шетелдік компаниялармен
елдің ішінде де, шетелде де бәсекелесуі тиіс деп көрсетеді. Сонымен бірге
ғаламдандыру және ақпараттық технологияларды дамыту бізге әлемдік нарықта
жұмыс істеуге мүмкіндік береді.
Қазақстан экономикасы ішкі нарықтың сиымдылығы бойынша үлкен емес болып
табылады. Бұл, ұзақ мерзімді экономикалық өсуге жету үшін біздің
экономиканың экспортқа бағдарланған болуы тиіс деп көрсетеді. Тек қана
импорттың орнын басуға бағытталған стратегия қателескен болушы еді.
Мұнай секторында өндірістің алдағы өсуі бізге қауіп-қатерлерді де, жаңа
мүмкіндіктерді де әкеледі.
Қауіп-қатерлер көрші елдер кәсіпорындарының ұқсас өнімімен біздің
кәсіпорындардың өнімін салыстырғанда оның бәсеке қабілеттілігі
төмендетуімен байланысты. Қазақстанда еңбек ақысының деңгейі мейілінше
жоғары болғаны көршілерде жоқ болған немесе нашар дамыған кәсіпорындардың
салаларын дамытуға бізді бағдарлауға мәжбүрлетеді. Бұл, жоғары қосылған
құнмен жоғары технологиялық өндірісіне бағдарланған өнеркәсіптік
стратегияны әзірлеу, ақпараттық технологияларды енгізу керек деп санайды.
Қазақстанда ондай стратегияны іске асыруға мүмкіндіктер бар. Олар алдымен,
мемлекетпен мұнай секторынан қосымша табыстарды алуымен байланысты. Басқа
жағынан зейнетақы реформасының басталымы ішкі жинақтарын көбейтуге және
жинақтаушы зейнетақы қорлар түрінде ірі инвесторларды құруға мүмкіндік
береді. Мемлекет бұл екі сектордан пайда болған ресурстарды шоғырландыру
және экономиканы жаңғыртуға бағыттауы тиіс: әрекеттегі кәсіпорындарды қайта
құру, экономиканың жаңа стартегиялық салаларын құру.
Экономиканы жаңғырту үшін ірі көлемдік ұзақ мерзімді инвестициялар керек
болады. Осы кезеңде тек қана мемлекет осындай жаңғыртудың “локомотиві”
болуы мүмкін, өйткені жеке секторда әлі ұзақ уақыт өнеркәсіптің жаңа
технология жағынан күрделі салаларына ірі ұзақ мерзімді инвестицияларды
жүзеге асыруға қабілетті бола алмайды. Тек қана мемлекет өнеркәсіптік
дамудың қажетті стратегиясын іске асыру үшін адам және қаржы ресурстарын
шоғырландыру мүмкін. Сонымен, біздің стратегиямыз – экономиканың барлық
кілті секторларында мемлекеттің қатысуымен жүйе құрылымдайтын компанияларды
құру болып табылады.
Жүйе құрылымдайтын компаниялар қазақстандық экономиканың негізін жасауы
тиіс. Бұл компаниялардың айналасында ұсақ және орта кәсіпорындар құру және
олардың тапсырыстар бойынша жұмыс жасауы тиіс. Жүйе құрылымдайтын
компанияларда мемлекеттің қатысу нысаны экономиканың саласымен және жалпы
экономикалық ахуалмен байланысты “алтын акция” иелігінен ақциялардың жүз
пайыздық иелігіне дейін құбылту мүмкін (жүйе құрылымдайтын компаниялар
ұлттық экономикаға әсер ететін ірі кәсіпорындарды басқаратын болған соң,
бұдан әрі оларды ұлттық компаниялар деп атаймыз).
Экономика ны жаңғырту стратегиясын іске асыру үшін тиісті қаржы жүйесін
құру қажет. Мемлекеттік инвестициялық бағдарламасына сәйкес өнеркәсіптің
жаңа салаларын инвестициялармен қамтамасыз етуге бейімделген мемлекеттік
қаржы институттарды құруы керек. Қызмет ететін Ұлттық қормен қатар даму
бюджеті, мемлекеттік несиелік даму ұйымдары осындай институттар болуы
мүмкін.
Бұдан әрі ұлттық компанияларға Қазақстаннан тыс экономикалық өктемдік
жүргізу, оларға таяу шетелде Қазақстанға қажет өнеркәсіптік объектілерді
және инфрақұрылымды, ең алдымен энергетика және құбыр көлігі саласында,
сатып алуы қажет.
Қаражаттарды бірінші кезекте қазақстандық жүктерге қажет порттарға және
терминалдарға, құбырларға, мұнай өндіру зауыттарына, Орталық Азиядағы су
электр стансаларын инвестициялауы қажет.
Қазақстандық экономиканың дамуына қарай ұлттық компаниялар өз қызметінің
аясын кеңейту мақсатымен ТҰК-мен альянсқа кіреді.
Оңтүстік Қазақстан облысының әлеуметтік-экономикалық дамуы
2005 жылы облыста тұрақты экономикалық және қаржылық жағдай сақталды. Өткен
жылмен салыстырғанда: өнеркәсіп өнімдерін өндіру көлемінің 11,8%-ға, жалпы
ауыл шаруашылығы өнімі – 4,3%, негізгі қорға бағытталған инвестиция –
35,9%, жүк айналымы – 13,6%, бөлшек тауар айналымының – 3,9% өсімі орын
алды.Халықтың ақшалай табыстарының инфляциядан қарқынды өсуінің нәтижесінде
нақты ақшалай табыстар артты. Тұтыну нарығының дамуы мен халықтың
банктердегі салымдарының өсуі жалғасуда.
1. Нақты секторды дамыту
Өнеркәсіп. 2005 жылы облыста 142,5 млрд. теңгенің өнеркәсіп өнімі
өндірілді, нақты көлем индексі 2004 жылдың деңгейіне 111,8% құрады.
Облыстағы өндірілген өнеркәсіп өнімі көлемінің 4,8% үлесін құрайтын тау-кен
өндіру саласында 6,8 млрд. теңгенің өнімі өндірілді. Өңдеу өнеркәсібі
(үлесі 86,5%) өнімінің нақты көлем индексі 116,8%, немесе өнім көлемі 123,3
млрд. теңгені құрады. Өнеркәсіп өнімі көлемінің 8,7% құрайтын электр
қуатын, газ бен суды өндіру және бөлу саласында өнім көлемі 12,5 млрд.
теңгені құрады. Аталған сала бойынша газ тектес отынды өндіру және бөлу
49,1%-ға және электр қуатын өндіру және бөлу 3,1% артты. Өңдеу
өнеркәсібінің салаларында 2005 жылдың қорытындысы бойынша, азық-түлік
өндіру өнеркәсібінің қарқынды дамуы сақталды. Бұл салада өнім көлемі 43,1
млрд. теңгені, нақты көлем индексі – 120,3% құрады. Аталған саланың үлесі
өңдеу өнеркәсібі өнімі көлемінің 34,9% құрайды.
Облыстың тоқыма және тігін өндірісі – мақта жіптері өндірісінің 3,1 есеге,
мақта талшығы өндірісінің – 2,2% өсуімен сипатталады. Осыған орай, сала
бойынша өнім өндіру көлемі 12,1% артты. Жалпы өнім көлемі 20,8 млрд.
теңгені құрады. 2005 жылы қағаз және қатырма қағаз өнеркәсібі мен баспахана
ісінде өнім көлемі 811,1 млн. теңгені құрап, 2004 жылмен салыстырғанда
10,6% артты, бұл аптасына төрт реттен кем шықпайтын газеттер мен журналдар
және мерзімді басылымдар шығарудың 67% артуынан орын алды. Кокс, мұнай
өнімдері және ядерлі материалдар өндірісінде 34,4 млрд. теңгенің өнімі
шығарды және 2004 жылмен салыстырғанда, нақты көлем индексі – 124,7%
құрады. Өндіріс көлемінің өсуі вакумды газойл шығару көлемінің 95,7%-ға,
басқа да газойл түрлерінің – 16,2%, бензиннің – 14,3%, мазуттың – 5%
артуының нәтижесінде орын алды. Химия өнеркәсібінде фармацевтикалық
заттарды өндіру қарқынды дамып келеді (нақты көлем индексі – 125%). Жалпы
сала бойынша нақты көлем индексі 115,8%, немесе өндірілген өнім көлемі 4,6
млрд. теңгені құрады. Резина және пластмасса бұйымдарын шығарумен
айналысатын кәсіпорындарда 2,5 млрд. теңгенің өнімі өндірілді және 2004
жылмен салыстырғанда нақты көлем индексі – 180,6% құрады. Әк (өсу қарқыны –
2,3 есе), кірпіш (50%-ға), бетоннан жасалған бұйымдар (80,1%-ға), цемент
(23,7%-ға) тәрізді құрылыс материалдарын өндіру қарқынды дамып келеді.
Жалпы сала бойынша нақты көлем индексі 2004 жылдың деңгейіне 131,1%, немесе
өндірілген өнім көлемі 6,5 млрд. теңгені құрады.
Машина жасау саласында нақты көлем индексі 122,6%, өнім көлемі – 4,8 млрд.
теңгені құрады. Маңызды өнім түрлерінен: электр, электронды және оптикалық
құрал-жабдықтар жасау – 44,8%-ға, көлік құралдары мен құрал-жабдықтарын
шығару – 3,9% артты. Өнеркәсіптің басқа да салаларында жағдай әртүрлі жиһаз
түрлерін шығарудың өсуімен сипатталады. Тұтастай сала бойынша нақты көлем
индексі – 111,6%, немесе өндірілген өнім көлемі 463,2 млн. теңгені
құрады.2005 жылы облыстың 20 өнеркәсіп кәсіпорындарында 1657 жаңа жұмыс
орындары, оның ішінде 18 ірі және орта кәсіпорындарында – 11602, шағын
кәсіпорындарда – 55 жұмыс орны құрылды. Атап айтқанда:
Түркістан қаласындағы тоқтап тұрған ″Фараб″ акционерлік қоғамы
кәсіпорнының іске қосылуына байланысты, қосымша 74 жұмыс орны құрылды;
· Арыс қаласында пластикті бөтелке шығаратын „Нұроил” жаңа кәсіпорнының
іске қосылу есебінен, қосымша 25 жаңа жұмыс орны іске қосылды;
· Сарыағаш ауданында күйген кірпіш шығаратын жаңа „Муслим және К”
жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің іске қосылуы есебінен, 122 жұмыс
орны құрылды;
· Шымкент қаласында „Қазақ-орыс тоқыма альянсі” ЖШС іске қосылуының
есебінен 331 жұмыс орны құрылды;
· Сайрам ауданында кірпіш өндіретін „Күмбез құрылыс” жаңа кәсіпорнының іске
қосылуының есебінен 30 жұмыс орны құрылды.
· Ордабасы ауданында кірпіш шығаратын „Рауан” ЖШС жаңа кәсіпорнының іске
қосылуы есебінен, қосымша 56 жұмыс орны құрылды.
Барлық іске қосылған жаңа кәсіпорындардың есебінен 564 жұмыс орны
құрылды.Облыста өнеркәсіп кәсіпорындарын ұлғайту есебінен қосымша 678 жұмыс
орны құрылды. Өндірісті ұлғайту көбінесе, ірі және орта кәсіпорындарға тән.
өндірісті ұлғайтудың есебінен, Шымкент қаласындағы „Ютекс” АҚ-да – 143,
„КиТ Со” ЖШС-де – 27, „Визит” АҚ-да – 4 жаңа жұмыс орындары құрылды;
· Кентау қаласындағы „Трансформатор зауыты” АҚ қосымша – 83, „ШалқияЦинк
ЛТД” ЖШС-де – 21 жұмыс орны құрылды;
· Қазығұрт ауданында „Механика-жөндеу” ЖШС 22 жұмыс орны ашылды;
· Ордабасы ауданында „Бадам өнімдері” ЖШС ұлғайту есебінен, 39 жұмыс орны
құрылды;
· Сарыағаш ауданында „Алекс” ЖШС ұлғайту есебінен – 102, „АВК Қапланбек”
ЖШС – 12 жаңа жұмыс орындары құрылды;
· Түркістан қаласында „Түркістан насос” ЖШС 5 жаңа жұмыс орны құрылды;
· Созақ ауданында „КАТКО” ЖШС БК – 151 және „ИНКАЙ” ЖШС БК – 69 жаңа жұмыс
орындары құрылды.
Жаңа өнім түрлерін ендіру есебінен облыста 341 жұмыс орны, атап айтқанды
Кентау қаласында „Трансформатор зауыты” АҚ – жаңа 47, „Южполиметалл” АҚ –
44, Сарыағаш ауданында „АВК Қапланбек” ЖШС – 68, Шымкент қаласында „Меланж”
АҚ - 182 жұмыс орны құрылды. Ауыл шаруашылығы. 2005 жылы ауыл
шаруашылығының жалпы өнім көлемі, қолданыстағы бағада, 90,4 млрд. теңгені
құрады, бұл 2004 жылмен салыстырғанда 4,3%-ға артық.
Ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемінің құрылымында 54,7% – мал және құс
етін, 34,5% – сүт, 4,8% – жұмыртқа, 1,4% – тері және басқа да өнімдерді
өндіруге – 4,6% үлесі тиеселі.Ағымдағы жылдың 1-қаңтарында облыста 47
машина – технологиялық стансалар әрекет етті. Оларда 122 – шынжыр табанды
және 301 – доңғалақты тракторлар, 103 – дән жинайтын комбайндар бар. МТС
күшімен 93,6 мың гектар жерде 173,9 млн. теңгенің ауылшаруашылық жұмыстары
орындалды.2006 жылдың 1-қаңтарында ауылшаруашылық тауар өндірушілерінің
қолданысында 1018 – дән жинайтын комбайн, 217 – жем шөп оратын комбайн,
11232 – трактор, 506 – мақта жинайтын машина, 2572 – жүк көлігі, 5128 –
трактор тіркемесі, 2352 – соқа, 1974 – дән сепкіш, 1756 –культиватор және
761 – тракторға тіркемелі шөп орғыш және басқа ауылшаруашылық машиналары
болды. Ағымдағы жылдың 1-қаңтарында ауылшаруашылық тауарын өндірумен 72286
агроқұрылымдар, оның ішінде 70584 – шаруа қожалықтары және 1702 –
шаруашылық жүргізуші субъектілер айналысты. 2006 жылдың 1-қаңтарында
облыстың ауылдық несие серіктестіктері 2,1 млрд. теңге көлемінде несие
берді, оның ішінде мал шаруашылығын дамытуға – 1397 млн. теңге, өсімдік
шаруашылығына – 687 млн. теңге.Ауыл шаруашылығына қаржылық қолдау көрсету
қоры АҚ үй шаруашылықтарына шағын несие беруде. 2005 жылы 2100 адам 190
млн. теңге көлемінде несие алды.Өсімдік шаруашылығы. Статистикалық алдын
ала мәліметтер бойынша, 2005 жылы облыста 456,5 мың тонна масақты дәнді-
дақылдар жиналды.Бұдан басқа 56 мың тонна – майлы дақылдар, 464,4 мың тонна
– шитті мақта, 480,1 мың тонна – көкөніс, 148,9 мың тонна – картоп, 294,5
мың тонна – бақша өнімдері, 60,7 мың тонна – жеміс-жидек, 30,4 мың тонна –
жүзім жиналды.Мал шаруашылығы. 2005 жылы (тірідей салмақта) 130,7 мың тонна
– ет,485,4 мың тонна – сүт, 204,3 млн. дана – жұмыртқа өндірілді. Бұл
өнімдердің түрлері бойынша өсім қарқыны – тиісінше, 106,3%, 106,6% және
104,4% құрады.Ірі қара мал саны 2006 жылдың 1-қаңтарында 607,0 мың басты
(2005 жылдың тиісті кезеңіне – 108,4%), қой мен ешкі – 2970,9 мың бас
(108,5%), жылқы – 120,0 мың бас (107,8%), түйе – 14,4 мың бас (104,0%),
құстың барлық түрі – 2132,1 мың бас (106,5%), шошқа – 30,9 мың басты
(124,0%) құрады.Шағын кәсіпкерлікті дамыту. 2006 жылғы 1-қаңтарында шағын
кәсіпкерлікпен шұғылданатын 115,4 мың адамды, немесе облыс экономикасында
жұмыспен қамтылғандардың 33% қамтыған 313,4 мың шағын кәсіпкерлік
субъектісі тіркелген. Заңды тұлға ретінде тіркелген шағын бизнес
кәсіпорындарының саны 2006 жылдың 1-қаңтарында 13,9 мың бірлікті құрады.
Салалар бойынша ауыл шаруашылығында шағын кәсіпкерлік субъектілерінің
53,6%, саудада – 29,4%, көлік пен байланыста – 3%, өнеркәсіп және
ауылшаруашылық өнімдерін өңдеу өндірісінде – 1,4%, мейрамхана бизнесінде –
1,5%, құрылыста – 1,2% және басқа да қызмет түрлерімен – 9,9%
айналысты.Шағын кәсіпкерлік субъектілері 118,9 млрд. теңгенің немесе 2004
жылдың деңгейіне 101,2% өнім өндіріп, қызмет пен жұмыс атқарды.Көлік. Жеке
автокөлік иелерімен тасымалдаған жүк көлемі мен жолаушыларды есепке
алғанда, 2005 жылы облыста 63,5 млн. тонна – жүк және 957,2 млн. – жолаушы
тасымалданған, немесе 2004 жылдың деңгейіне – тиісінше, 100,7% және
110,4%.Автомобиль көлігімен 63,5 млн. тонна – жүк (2004 жылмен
салыстырғанда 0,7%-ға артық), 957,2 млн. – жолаушы (10,4% артық) –
тасымалданды. Облыстың жүк және жолаушылар айналымының барлығы дерлік
автомобиль көлігіне тиесілі.2005 жылы әуе көлігімен жүк тасымалдау 2004
жылмен салыстырғанда 5,3%-ға, ал жолаушы тасымалдау – 13,7% артты.
ОҚО-ң инвестиция саласы.
2005 жылы облыс бойынша, жасырылған және формальді емес қызметті қоса
есептегенде, негізгі қорға бағытталған 65,1 млрд. теңге инвестиция
игерілді, немесе 2004 жылдың деңгейіне 135,9% құрады.
Жасырын және формальді емес қызметті есептемегенде, инвестиция көлемі 51,7
млрд. теңгені құрады, бұл 2004 жылмен салыстырғанда 54,8%-ға артық.Негізгі
қорға бағытталған инвестицияның негізгі көздері кәсіпорындар мен ұйымдардың
өз қаржылары – жалпы игерілген қаржы көлемінің – 67,8%, немесе 44,1 млрд.
теңге, республикалық бюджет қаржылары – тиісінше, 18,0%, немесе 11,7 млрд.
теңге, жергілікті бюджет қаржылары – 5,1%, немесе 3340,1 млн. теңге және
шетел инвестициясы – 9,1%, немесе 5924,7 млн. теңге.Инвестиция салымының
басымды салалары жылжымайтын мүлікпен операция жасау, жалға беру және
кәсіпорындарға қызмет көрсету саласы (жалпы инвестиция көлемінің – 31,9%),
тоқыма және тігін өнеркәсібі (11,2%) көлік және байланыс (10,3%) болып
табылады.Мемлекеттік инвестициялар. Республикалық бюджет қаржысы есебінен
2005 жылы кешендердің құрылысы мен қайта құруға 3510,3 млн. теңге бөлінді.
Оның ішінде:
- білім беру саласында – 15 кешенге 1493 млн. теңге;
- денсаулық сақтау саласында – 6 кешенге 1079,8 млн. теңге;
- ауыз сумен қамтамасыз ету саласында – 13 кешенге 937,5 млн. теңге.
Сонымен қатар, несие ретінде тұрғын үй құрылысына – 5909 млн. теңге,
мемлекеттік коммуналдық тұрғын үй құрылысына – 393,8 млн. теңге қаралған.
2005 жылы облыстық бюджет қаржысы есебінен әлеуметтік сала мен коммуналдық
меншіктің 64 кешендерінің құрылысы мен қайта құруға – 2668,1 млн. теңге,
оның ішінде жоба-іздестіру жұмыстарына – 168,9 млн. теңге қаралған. Тұрғын
үй құрылысын дамыту. 2005 жылы тұрғын үй құрылысына 15,4 млрд. теңге
инвестиция бағытталған, бұл 2004 жылмен салыстырғанда 2,8 есеге артық.
Барлық меншік түрлері бойынша кәсіпорындар мен ұйымдар және халықтың
қаржысы есебінен жалпы алаңы 755,8 мың шаршы метрді құрайтын 6691 жаңа
үйлер мен пәтерлер салынды, бұл 2004 жылмен салыстырғанда 2 есеге артық.
Іске қосылған тұрғын үйдің 79,1% халықтың өз қаржысы есебінен тұрғызылды.
Ішкі сауда. 2005 жылы бөлшек сауда айналымының көлемі 40,1 млрд. теңгені
құрап, 2004 жылмен салыстырғанда 3,9%-ға артты. Негізінен бөлшек сауда
айналымы көлемінің өсуі сауда кәсіпорындарының сауда айналымының артуы
есебінен қалыптасты. Сауда кәсіпорындарының тауар айналымы 20,4 млрд.
теңгені құрап, 2004 жылмен салыстырғанда 24,7%-ға артты. Сауда
кәсіпорындарының бөлшек сауда айналымының жалпы көлеміндегі үлесі – 50,9%,
базарлар мен жеке кәсіпкерлердің үлесі – 49,1% құрады.2005 жылы облыстың
қоғамдық тамақтандыру, техникалық қызмет көрсететін және автомобиль,
мотоциклдер және тұрмысқа қажетті бұйымдар жөндейтін кәсіпорындары 1485,5
млн. теңгеге қызмет көрсетті, оның ішінде қоғамдық тамақтандыру
кәсіпорындары – 1098,7 млн. теңге, бұл 2004 жылмен салыстырғанда 25,1%-ға
артық.2005 жылы техникалық қызмет көрсететін және автомобиль, мотоциклдерді
жөндеу бойынша қызметтер көлемі 282,8 млн. теңгені құрап, 2004 жылдың
деңгейіне 111,1%-ға артты.Тұрмысқа қажетті бұйымдарды жөндеу бойынша қызмет
көлемі 104,0 млн. теңгені құрап, 2004 жылмен салыстырғанда 11,4% артты.
Сыртқы сауда. ОҚО бойынша кедендік бақылау департаментінің алдын ала берген
мәліметтері бойынша, 2005 жылы сыртқы сауда айналымының көлемі – 854,7 млн.
АҚШ долларын, немесе 2004 жылдың деңгейіне 114,1% құрады.Экспорт көлемі
2005 жылы 426,2 млн. АҚШ долларын, немесе 2004 жылмен салыстырғанда –
96,3%, ал, импорт – тиісінше, 428,5 млн. АҚШ долларын, немесе 139,5%
құрады.
Салық және бюджет саласы. 2005 жылы мемлекеттік бюджеттің табысы 59,3 млрд.
теңге, немесе жоспарға – 110,8% құрады және 2004 жылмен салыстырғанда
түсімдер – 23,5%-ға өсті.
Республикалық бюджетке 35,4 млрд. теңге түсті, бұл кірістің жалпы көлемінің
59,7% құрайды. Жоспар 17,4%-ға артығымен орындалып, 2004 жылмен
салыстырғанда 33,1% өскен.Жергілікті бюджеттің табыс бөлігі 23,9 млрд.
теңгені, немесе жоспарға – 102,4% құрады және 2004 жылмен салыстырғанда –
11,7% артқан.2005 жылы республикадан субвенция ретінде жоспарланған 27,3
млрд. теңге толығымен алынды. Бюджеттің табыс бөлігі негізінен жалпы
түсімдердің 84,1% үлесін құрайтын ҚҚС (қосылған құн салығы), заңды
тұлғалардан алынатын корпоративтік табыс салығы, жеке тұлғалардан алынатын
корпоративтік табыс салығы, мүлік салығы, әлеуметтік салықтар және
акциздерден қалыптасады.Өткен жылмен салыстырғанда бюджетке берешектер
тұтас облыс бойынша 248,5 млн. теңгеге кеміп, 1188,0 млн. теңгені құрады.
Әлеуметтік саласы.
Еңбек нарығы. Облыста еңбек нарығы – жұмыспен қамтылғандардың өсуі мен
жұмыссыздық деңгейінің төмендеуімен сипатталады.2005 жылдың IV-тоқсанында
облыста экономикалық тұрғыдан белсенді халық саны 1017 мың адамды құрады,
оның ішінде 92,6% – экономикада жұмыс істейді, 7,2% – жұмыс орны жоқ,
алайда белсенді түрде оны іздеп жүрген және табылған жағдайда оған кірісуге
дайын жүргендер. Халықтың экономикалық тұрғыдан белсенділік деңгейі 69,5%
құрады.Экономикада жұмыспен қамтылған жалдамалы жұмысшылардың үлесі 47,6%,
өз бетінше жұмыспен қамтылғандар – 52,4% құрайды. Еңбек нарығында халықты
жұмыспен қамтылу деңгейі көтерілуде және халықтың өз бетінше жұмыспен
қамтамасыз етілуі, әсіресе ауылды жерлерде қосалқы, немесе жеке шаруашылық
жүргізушілер есебінен орын алған. 2005 жылы облыстың ірі, орта және шағын
кәсіпорындары, мекемелері мен ұйымдарында (заңды тұлғаларда) жалдамалы
негізде жұмыс істейтіндер саны 318,4 мың адамды құрады, оның ішінде ірі
және орта кәсіпорындарда – 227,2 мың адам (71,4%), ал шағын кәсіпорындар,
мекемелер мен ұйымдарда – 91,2 мың адам (28,6%).Халықаралық еңбек жөніндегі
ұйымның әдістемесі бойынша анықталған жалпы жұмыссыздар саны, оның ішінде
өз бетінше жұмыс іздегендерді қоса алғанда (жұмыспен қамту органына өтініш
білдірмегендерді қоса) 2005 жылдың ІV-тоқсанында 75 мың адамды құрады, оның
ішінде 43,9% – ауыл тұрғындары. 2006 жылдың 1-қаңтарында тіркелген
жұмыссыздар саны 8,7 мың адамды, немесе 2005 жылдың тиісті кезеңіне 90,7%
құрады. Тіркелеген жұмыссыздық деңгейі – 0,86% (2005 жылдың 1-қаңтарында –
0,95%).Облыста кедейлікті төмендету бойынша 2003-2005 жылдарға арналған
бағдарламаны орындау барысында, 2005 жылы 14514 жаңа жұмыс орындары, оның
ішінде өнеркәсіпте – 1657, ауыл шаруашылығында – 1584, құрылыс және
коммуналдық шаруашылықта – 2343, білім және денсаулық сақтауда – 3616 жұмыс
орындары құрылды.Жұмыссыз халықты еңбекпен қамту деңгейі өсуде. 2005 жылы
жұмысқа орналастыруға өтініш білдірген 24150 адамның – 17959, немесе 74,4%
жұмыспен қамту органдары арқылы жұмысқа орналастырылды. 2004 жылы бұл
көрсеткіш 50,1% болған. Қоғамдық жұмыстарға 9634 ресми тіркелген жұмыссыз,
кәсіби оқытуға – 1550 адам тартылды.
Халықтың табысы. Еңбек ақы. 2005 жылдың қаңтар-қарашасында облыс халқының
орта есеппен жан басына шаққандағы атаулы ақшалай табысы 82391 теңгені
құрады, бұл 2004 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 17,5% артық. Нақты
ақшалай табыс осы кезеңде 10,3%-ға өсті.2005 жылдың желтоқсанында жан
басына шаққандағы күнкөрістің ең төменгі деңгейі 5581 теңгені құрап, өткен
жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 14,4% артты. 2005 жылы облыс бойынша
қызметкерлердің (шағын кәсіпорындар, мекемелер мен ұйымдарды қоса
есептегенде) атаулы орташа айлық жалақысы 22429 теңгені құрап, күнкөрістің
ең төменгі деңгейінің шамасынан – 3,2 есе, еңбекке ақы төлеудің ең төменгі
мөлшерінен – 2,4 есеге артты. Кәсіпкерлікпен айналысатын шағын
кәсіпорындарды қоспағанда, бір қызметкердің орташа айлық жалақысы
22833теңгені құрап, 2004 жылмен салыстырғанда 17,9% өсті.2005 жылы тұтыну
бағасы индексін есепке алғанда, облыс бойынша орта есеппен нақты орташа
айлық жалақы 2004 жылмен салыстырғанда 10,5% артты.Халықты әлеуметтік
қорғау. Кедейлікті төмендету бойынша бағдарламаны іске асыру шеңберінде,
жергілікті бюджет қаржысынан 92355 аз қамтылған азаматтарға 642,8 млн.
теңгеге әлеуметтік көмек көрсетілді.Кедейлікті төмендету іс-шараларының
тиімділігін арттыру және халықтың өз бетінше жұмыспен қамтылуын ұлғайту
мақсатында, 278 аз қамтылған отбасыға – 1332,3 гектар жер үлесі, 623
отбасыға – 2378 бас ұсақ және мүйізді ірі қара мал, 1165 – үй құстары, 561
отбасыға 27,4 млн. теңге көлемінде шағын несие бөлініп берілді. 2005 жылы
76896 адамға 580,5 млн. теңге көлемінде атаулы әлеуметтік көмек көрсетілді,
2264 отбасыға 22,2 млн. теңге көлемінде тұрғын үй көмегі көрсетілді. 1269
мүгедек балаларға 10,0 млн. теңге көлемінде көмек көрсетілді. 11602 мұқтаж
жандарға 102,5 млн. теңге көлемінде демеушілік көмек көрсетілді.Қабылданған
іс-шаралардың нәтижесінде кедейшілік шегінен төмен табыс табатын
азаматтардың саны 2004 жылмен салыстырғанда 25,3%-ға кеміп, 53552 адамды,
немесе облыс халқының 2,4% құрады. Қартайған және жалғыз басты азаматтарға
әлеуметтік көмек көрсету бойынша жұмыстар жалғасуда. 2,3 мың жалғыз басты
қарияға әлеуметтік көмек көрсететін 26 бөлімше, сонымен қатар,
төмендетілген бағамен тауарлар өткізетін дүкендер, киім-кешек және аяқ-
киім, ыстық тамақ беретін пункттер жұмыс істейді.Аға ұрпақ бағдарламасын
іске асыруға облыстық бюджеттен 2005 жылға 94,5 млн. теңге қарастырылған,
бұл 2004 жылға қарағанда 8,8% артық. Осы қаржыдан 2005 жылы 3780
ардагерлерге, мүгедектер мен тыл қайраткерлеріне облыс шипажайларында
емделіп, демалуға 59,1 млн. теңге бөлінді.Протезді-ортопедиялы көмекке және
сурдотифло-құралдарына зәру науқастар мен мүгедектерді қамтамасыз ету
мәселесі бойынша жұмыстар ұйымдастырылуда. 2005 жылы 1093 мүгедек жандар
протезді-ортопедиялық құралдармен қамтамасыз етілді, осы құралдарды алу
үшін Алматы қаласындағы протезді-ортопедиялық орталыққа 33,6 млн. теңге, ал
сурдо-тифло құралдары үшін 20,1 млн. теңге аударылды. Қамқорлық
қайырымдылық акциясы 118 мың аз қамтылған азаматты қамтып, 341,5 млн.
теңгенің көмегі көрсетілді. Аталған акция шеңберінде іс-шаралар Халықаралық
әйелдер күніне, Наурыз, Жеңістің 60-жылдығы және Балаларды қорғау күніне
орай өткізілді.
Демография және миграция. 2005 жылдың 1-қаңтарында облыс халқының саны
2233,3 мың адамды құрады, оның ішінде 891,7 мың адам – қала халқы (39,9%),
1341,6 мың адам – ауыл халқы (60,1%). 2005 жылы халықтың табиғи өсуінің
абсолюттік көрсеткіші 41,8 мың адамды құрады. Бұл кезеңде 57,4 мың – туу
тіркелді. Өлгендер саны 15,6 мың адамды құрады.
2005 жылы облыс бойынша некеге тұрғандар саны 17,1 мыңды, немесе 2004 жылға
100,6% құрады. 2005 жылы облысқа 13,8 мың адам (облыс ішіндегі көші-қонды
есепке алмағанда) келіп, 15,9 мың адам – облыстан шетке кеткен. Көші-қон
өсімі – 2,1 мың адамды (теріс) құрады.Бұдан басқа, облыс ішінде 9,8 мың
адам көшті, бұл 2004 жылмен салыстырғанда 36,9%-ға кем.2005 жылы көші-
қондық абсолюттік ауытқу айырымы ТМД елдері бойынша 7534 адамды (оң), алыс
шетелдер бойынша – 28 адамды (теріс) құрады.
Денсаулық сақтау. Облыстың денсаулық сақтау жүйесі: 139 – аурухана, 145 –
амбулаторлық-емханалық ұйымдар, 542 – фельдшерлік-акушерлік және
фельдшерлік пункттер тұратын емдеу-сауықтыру тораптарынан құралады. 2005
жылдың 1-ші шілдесіндегі жағдай бойынша, дәрігерлермен қамтамасыз етілу 10
мың адамға шаққанда – 27,0, орта медициналық қызметкерлермен – 68,7 құрады.
2004 жылдың тиісті кезеңінде – тиісінше, 26,6 дәрігер және 68,6 медицина
қызметкері болған.Облыста перзентхана, туберкулезге қарсы және аудандық
орталық ауруханалар, т.б. кешендер құрылысы мен қайта құрылысына
бағытталған республикалық және облыстық инвестициялық жобалар жүзеге
асырылуда.Республикалық бюджет қаржысы есебінен 2005 жылы денсаулық сақтау
кешендерінің құрылысына 1079,8 млн. теңге, облыстық бюджеттен – 169,6 млн.
теңге бөлінді.5 жасқа дейінгі балаларды амбулаторлық деңгейде дәрі-
дәрмектермен ақысыз қамтамасыз етуге – 56,4 млн. теңге, жүкті әйелдерді
темір және құрамында иоды бар препараттармен қамтамасыз етуге – 179,2 млн.
теңге бөлініп, игерілді.
Білім беру. Бүгінгі күннің басты мәселесі – білім алудың қол жетімділігі
және сапасы болып табылады. 2005 жылы білім саласын дамытуға 29,2 млрд.
теңге бөлінді, бұл 2004 жылмен салыстырғанда 34,6% артық. Облыста жалпы
білім беру саласында мектептердің құрылысы мен қайта құрылысына
республикалық және облыстық инвестициялық жобалар іске асырылуда. 2005 жылы
республикалық бюджеттен бұл мақсатқа 1493 млн. теңге, облыстық бюджеттен –
695,6 млн. теңге бөлінді.Облыста 16,3 мың тәрбиеленушісі бар 117 мектепке
дейінгі тәрбие беру мекемелері жұмыс істейді. Оның ішінде мемлекеттік бала-
бақша саны – 108, тәрбиеленушілер саны – 17,5 мың бала. 2005 жылы босаған
жайларда 9 бала-бақша құрылды, оның ішінде 5 – Ордабасы, 2 – Сайрам
аудандарында, Қазығұрт және Созақ аудандарында – бір-біреуден. Облыстағы
жалпы білім беру мектептерінің саны 1007, ондағы оқушылар саны – 530,5 мың
адамды құрады, жекеменшік мектептер саны – 7, ондағы оқушылар саны – 1,1
мың. Ал, тұрғылықты жері бойынша мектебі жоқ және аз қамтамасыз етілген
отбасылардың балаларына – 21 жалпы білім беретін, 5,0 мың баланы қамтитын
мектеп-интернаттар қызмет етеді. Бұдан басқа, 300-ден аса бала шипажайлы
мектеп-интернаттарда оқиды.
Сонымен бірге, облыста кемтар балаларға арналған 11 мектеп және арнайы
тәрбиені қажет ететін балалар мен жасөспірімдерге арналған бір мектеп жұмыс
істейді. Бұл мектептерде 2 мыңнан аса бала білім алып, тәрбиеленуде.2005
жылы бір оқушыға жұмсалған шығын көлемі 2,5%-ға артып, 29,1 мың теңгені
құрайды. Сынып-комплекттің орташа тығыздығы төмендеген. Егер, 2004-2005 оқу
жылында әр сыныптың орташа тығыздығы 23 бірлікті құраса, 2005-2006 оқу
жылында – 22,3 бірлікті құрады. Облыста мектептерді ақпараттандыру бойынша
жұмыс жүргізілуде. 2006 жылдың 1-қаңтарында Интернет жүйесіне 847 мектеп
қосылған, бұл барлық мектеп санының 84,1% құрады, оның ішінде 668 – ауыл
мектептері. 875 мектеп, оның ішінде 694 – ауыл мектептері байланыс
құралдарына қосылған. Интернет желісіне қосылған жалпы білім беру
мектептерінің үлесі байланыспен қамтылған мектептердің жалпы санының 96,8%
құрайды. Спутниктік оқу телеарналары арқылы қашықтықтан оқыту жүйесіне 288
мектеп қосылған, оның ішінде 246 – ауыл мектептері. Ұлттық бірыңғай тесттің
(ҰБТ) нәтижесі бойынша 12 оңтүстік қазақстандық бала 120 балл жинады. ҰБТ
барлығы 26773 бала қатысты, оның 3115, немесе 12%-ы – 40 балл жинай алмады.
60% – 40-тан 70-ке дейінгі балл, 26% – 71-ден 100 баллға дейін, 3%, немесе
725 бала – 101-ден 120-ға дейін балл жинады. Облыс бойынша ҰБТ орташа
қөрсеткіші 61 баллды құрады. Облыста кәсіби мектептер мен колледждерде
оқитындардың үлесі артуда. Егер, 2004-2005 оқу жылында 10000 тұрғынға
шаққанда аталған құрылымда оқитындар саны 51,2 болса, 20052006 оқу жылында
олардың саны 53-ке дейін өсті. 28 кәсіптік-техникалық мектепте 11807 оқушы
білім алуда. Арнаулы орта білімді мамандар даярлауды 50 колледж және
олардың 7 филиалы жүргізуде, бұл оқу орындарында 42,8 мың оқушы білім
алуда.
Облыста жоғары білікті мамандар даярлаумен 19 дербес жоғарғы оқу орны, оның
ішінде 3 – мемлекеттік, сонымен қатар, 9 филиал, оның ішінде 2 –
мемлекеттік оқу орындары айналысады. Оларда 101 мың студенттер оқиды, оның
ішінде 46,8 мың студент – мемлекеттік жоғарғы оқу орындарында оқиды.
Жоғарғы оқу орындарының күндізгі бөлімдерінде 46,1 мың студент оқиды, оның
ішінде мемлекет есебінен білім беретін грант негізінде – 8,7 мың студент.
Мәдениет, спорт, туризм. Облыста 686 мәдениет мекемелері, оның ішінде 260 –
клуб, 397 – кітапхана, 6 – театр, 11 – мұражай, 3 – кинотеатр, 2 – парк,
концерттік бірлестік, зообақ жұмыс істейді.
2008 жылға Оңтүстік Қазақстан облысының бюджеті бойынша ақпарат.
2008 жылы облыс бюджеті – 165,8 млрд. теңгені (2007 жылдың нақтыланған
бюджетіне өсімі 105(), соның ішінде өзіндік табыстар – 51,1 млрд. теңгені,
трансферттер – 23,7 млрд. теңгені (мақсатты ағымдық трансферттер 8,8 млрд.
теңге, дамуға мақсатты трансферттер – 14,9 млрд. теңге), субвенция – 90,3
млрд. теңгені, құрылыс пен тұрғын үй алуды несиелеу – 699,0 млн. теңгені
құрады.
2008 жылдың облыс бюджетінің шығындары 165,8 млрд. теңгені құрайды,
соның ішінде ағымдық бюджет 122,8 млрд. теңге, күрделі жөндеу сипатындағы
шығындар – 11,7 млрд. теңге, даму бюджеті – 31,4 млрд. теңге.
Шығындардың негізгі бөлігі 66,9( немесе 110,9 млрд. теңгесі әлеуметтік
салаға бағытталған.
Оның 51,9( немесе 57,6 млрд. теңгесі білім беруге шығындарды құрайды (2007
жылдың нақтыланған бюджетіне өсімі - 119(), соның ішінде: білім беру
объектілерін дамытуға 5,8 млрд. теңге, атап айтқанда:
- облыстық және аудандық (қалалық) бюджет қаржысы есебінен 3,5 млрд.
теңге сомасына 27 объектінің құрылысы, яғни апатты жағдайдағы 20 мектептің
құрылысы; 2008 жылы 23 объектінің қолданысқа берілуі жоспарлануда;
- республикалық бюджет есебінен 2,3 млрд. теңгеге 15 объектінің (соның
ішінде 4 бала бақшаның); 2008 жылы 9 объектіні қолданысқа беру
жоспарлануда.
1. күрделі жөндеу жұмыстарына – 517,1 млн. теңге; білім берудің 84
объектісіне толық жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарлануда;
2. білім беру мекемелерінде физика, химия, биология кабинеттерін оқу
құралдарымен қамтамасыз етуге – 512,2 млн.теңге; облыс бойынша 136
кабинетті іске қосу жоспарлануда;
3. білім беру мекемелерінде лингафондық және мультимедиялық
кабинеттерді құруға – 787,5 млн.теңге; 142 кабинетті қолданысқа беру
жоспарлануда.
Денсаулық сақтау - 38,0( немесе 42,2 млрд. теңге (2007 жылдың
нақтыланған бюджетке өсімі - 113(), атап айтқанда: денсаулық сақтау
объектілерін дамытуға 6,9 млрд. теңге, соның ішінде:
- облыстық бюджет қаржысы есебінен 1,0 млрд. теңге сомасына 5 объектінің
(4 аурухана мен кардиологиялық орталық) құрылысы; 2008 жылы 3
объектіні іске қосу жоспарлануда;
- республикалық бюджет қаржысының есебінен 5,9 млрд. теңге сомасына 9
объектінің ( 3 емхана және 6 аурухана) құрылысын жүргізу жоспарлануда;
соның ішінде 100 мектеп және 100 аурухана Президент бағдарламасының
аясында – 7 объектінің; 2008 жылы 3 объектінің іске қосылуы
жоспарлануда.
1. капиталдық жөндеу жұмыстарына – 3,1 млрд. теңге; денсаулық
сақтаудың 21 объектісіне күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарлануда.
2. денсаулық сақтаудың медициналық ұйымдарын материалдық-техникалық
жабдықтауға – 3,8 млрд. теңге, соның ішінде республикалық бюджет қаржысынан
– 1,5 млрд. теңге.
Әлеуметтік көмек көрсету және әлеуметтік қамсыздандыруға 4,7 млрд.
теңге немесе әлеуметтік салаға бюджеттің жалпы көлемінен 4,3( (2007 жылдың
нақтыланған бюджетіне өсімі -141() қарастырылған, атап айтқанда:
- атаулы әлеуметтік көмек – 295,4 млн. теңге,
- тұрғын үй көмегі 198,4 млн. теңге,
- аз қамтамасыз етілген отбасылардағы 18 жасқа дейінгі балаларға
мемлекеттік жәрдемақыларға -1,8 млрд. теңге,
- 2 объектінің күрделі жөндеу жұмыстарына 137,4 млн. теңге,
- 2 объектінің құрылысына (Шымкент қаласында және Төлеби ауданында
психоневрологиялық интернат үйлері) 88,8 млн. теңге.
2008 жылдың бюджетінде жолға 12,2 млрд. теңге көлемінде қаржы
қарастырылған, соның ішінде республикалық бюджет қаржысы – 1,8 млрд. теңге:
- облыстың 685 км жолы мен 20 көпірі 7,9 млрд. теңгеге орташа
жөндеумен;
- 75 км жол 831,0 млн. теңгеге толық жөндеумен;
- 71 км жол 1,5 млрд. теңгеге қайта жөндеу және құрылысымен қамтылады;
- 7 көпірдің құрылысы жоспарланады.
32 елді мекендерге Таза су бағдарламасына 3,0 млрд.теңге
қарастырылған, соның ішінде республикалық бюджет есебінен – 2,2 млрд. теңге
сомасына 25 объекті. 2008 жылы 23 объекті іске қосылады.
Инфрақұрылым мен тұрғын үй құрылысына 5,4 млрд. теңге, соның ішінде
республикалық бюджет есебінен – 3,0 млрд. теңге қарастырылған.
Облыста ағымдық жылдың 9-ы мен 11-ші қаңтар аралығында мемлекеттік
сатып алулар жәрмеңкесі өткізілді. Ол жерде облыстық департаменттер мен
басқармалар 2008 жылы жүргізілетін сатып алулар жөнінде ауқымды ақпараттар
ұсынды. Мемлекеттік сатып алулардың жалпы көлемі 62,5 млрд. теңгені құрады,
оның 65(-ы әлеуметтік бағыттағылар.
Оңтүстіктен көшбасшылыққа кімдер кіреді?
Соңғы уақыттарда “Қазақстанның 30 корпоративті көшбасшысы” бағдарламасын
іске асыру жөнінде айтыла бастады.Бұл қандай бағдарлама, оның мақсаты, іске
асырылу жолдары қандай, біздің оңтүстік өңіріндегі өндіріс орындарының
қайсыларының осы бағдарлама бойынша жұмыс істеуге мүмкіндігі бар?
Қазақстан республикасы Оңтүстік Қазақстан облыстық өнеркәсіп және
кәсіпкерлік департаменті базалық салалар бөлімінің бастығы Б.Қалдыбековтың
айтуынша, бағдарлама бірнеше кезеңге жоспарланған шаралар бойынша іске
асырылады. Осы мақсатта іріктелетін кәсіпорындар шартты түрде үшке
бөлінген. Біріншіден, бұрыннан жұмыс істеп келе жатқан өндіріс орындар
арасынан бағдарлама талаптарына сай келетоіндері іріктеледі. Екіншіден,
ӨНЕРКӘСІП.
Есепті кезеңде облыста өнеркәсіп өнімін өндіру көлемінің арту тенденциясы
сақталды. 2007 жылы облыста 169,3 млрд. теңгеге өнеркәсіп өнімі өндірілді,
нақты көлем индексі 2006 жылдың деңгейімен салыстырғанда 5,0 пайызға артты.
Облыстағы өндірілген өнеркәсіп өнімі көлемінің 10,4% үлесін құрайтын
тау-кен өндіру саласында өнім өндіру көлемі – 22,7% артып, 17,5 млрд.
теңгенің өнімі өндірілді.
Өңдеу өнеркәсібі (үлесі 78,8%) өнімінің нақты көлем индексі – 103,4%,
немесе өнім көлемі 133,4 млрд. теңгені құрады.
Өндіріс көлемінің резина және пластмасса бұйымдары өндірісінде – 50,4%,
басқа да металл емес минералды өнімдер өндірісінде – 41%, отын-
энергетикалық пайдалы қазбалар өндірісінде – 25,4%-ға едәуір артуы орын
алды.
Аса маңызды өнімдердің ішінде мырыш концентраттарын өндіру – 40,4%
(27,7 мың тонна өндірілген), қорғасын концентраты – 22,4% (7,1 мың тонна),
цемент – 36,9% (1241,4 мың тонна), трансформаторлар – 20,5% (1566,2 мың
кВа), электр қуаты – 13,9% (1143,6 млн. кВтсағ), асбоцемент бұйымдары –
3,4 есе (1781,5 мың шаршы м.), қорғасын – 8,2% (19 мың тонна), мақта
маталары – 9,7% (42,1 млн. шаршы метр), тазартылмаған күнбағыс майы – 4,8
есеге (12,6 мың тонна), ірімшік және сүзбе – 23% (246 тонна), макарон
өнімдері – 29,8% (өндірілгені – 16,7 мың тонна) және тағы басқа өнімдерді
өндіру артқан.
Солай болғанымен де, мақта талшығын өндіру – 23,6% (өндірілгені 110,8
мың тонна), шұжық өнімдері – 23,3% (613 тонна), төмен вольтті аппаратуралар
шығару – 48,7% (920 дана) кеміген.
Өнеркәсіп өнімі көлемінің 10,8% құрайтын электр қуатын, газ бен суды
өндіру және бөлу саласында өнім көлемі 2006 жылдың деңгейімен салыстырғанда
9,4%-ға артып, 18,4 млрд. теңгені құрады. Өнім көлемі газ тектес отынды
өндіру мен бөлуде – 20,2%, электр қуатын бөлуде – 10,6% өсуінің есебінен
артты.
Облыстың өнеркәсіп өнімі көлемінің жартысынан көбін (51,9%) облыс
орталығының, 10,1 пайызын – Созақ ауданының, 6,4% – Кентау қаласының, 6,1%
– Мақтаарал, 5,7 пайызын Сарыағаш ауданының кәсіпорындары өндіреді.
2007 жылы өндіріс көлемінің едәуір өсуі облыс аймақтарының басым
бөлігінде байқалды. Жоғарғы өсімге Отырар (нақты көлем индексі – 2,1 есе),
Түлкібас (124,9%) ауданының және Кентау қаласының (123,5%) өнеркәсіп
кәсіпорындары қол жеткізді. Алайда, өндіріс көлемінің Мақтаарал ауданында –
10,2% кемуі орын алды.
Кәсіпкерлік
Қазақстан Республикасының индустриялық-инновациялық дамуының 2003-2015
жылдарға арналған мемлекеттік Стратегиясының шеңберінде 2005 жылы
кәсіпкерлікті одан әрі дамыту мақсатында Оңтүстік Қазақстан облысының
кәсіпкерлікті дамыту мен қолдаудың 2006-2008 жылдарға арналған аймақтық
бағдарламасы әзірленіп, қабылданды.
Бағдарламада көрсетілген іс-шараларды жүзеге асыру облыстың әлеуметтік-
экономикалық дамуына өзінің оң әсерін тигізуде.
Алдын ала деректер бойынша облыста тіркелген кәсіпкерлік субъектілерінің
саны 142,2 мың бірлікті құрады, оның ішінде жеке тұлғалардың саны 127,7 мың
бірлікті құрап 266,1 мың адам жұмыспен қамтылған. Заңды тұлға ретінде
тіркелген кәсіпорындардың саны 16,6 бірлікке жетіп, оның 13,0 мың бірлігі
жұмыс істеуде. Онда 72,1 мың адам қызмет атқарады. Өткен жылдың осы
мерзімімен салыстырғанда тіркелген кәсіпкерлік құрылымдарының саны 11,3
пайызға артқан. Облыс бойынша шағын бизнес саласында 338,2 адам жұмыспен
қамтылған немесе облыстағы экономикалық белсенді халықтың 31,1 пайызын
құрайды.
2007 жылы шағын кәсіпкерлік құрылымдары 130,9 млрд. теңгенің өнімін
(жұмысы, қызметі) өндіріп, өткен жылдың осы мерзімімен салыстырғанда 6,5
пайызға артқан.
Облыста заңды тұлға ретінде 2008 жылдың 1 қаңтарына 1228 кәсіпорын құрылып,
3547 жаңа жұмыс орны ашылды.
Кәсіпкерлікті дамытудың мемлекеттік қолдаудың қозғаушы құралдарының бірі
кәсіпкерлікті шағын кәсіпкерлік құрылымдарын қаржылай көмек көрсету болып
табылады. Облыста кәсіпкерлік құрылымдарын қаржылай қолдау 3 деңгейде -
екінші дәрежелі банктер, қоғамдық қорлар мен, микрокредиттік ұйымдар арқылы
жүргізілуде.
Жыл басынан шағын кәсіпкерлік құрылымдарына жалпы-74107,9млн.теңге, оның
ішінде екінші дәрежелі банктерден –66818,0 млн.теңге, “Шағын кәсіпкерлікті
дамыту қоры” АҚ Аймақтық филиалы –475,8 млн. теңге , “Несие беру
Қазақстандық қоры” – 4601,5 млн. теңге және “Фермерлер мен кәсіпкерлерді
қолдау қоры” қоғамдық қорымен – 117,4 млн теңге, ауылшаруашылық несие
серіктестіктері мен несиелік серіктестіктері-2096,0 млн. теңге. Барлық
қаржылық институттардан шағын және орта кәсіпкерлік құрылымдарына бөлінген
несие қаражаттардың көлемі өткен жылдың осы мерзімімен салыстырғанда 45,3
пайызға өскен.
Экономиканы бюрократиясыздандыру және әкімшілік тосқауылдарды жоюдың тиімді
механизмдерін әзірлеу мақсатында шағын кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі
заңдардың және басқа да республикалық, ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz