Қазақстанның ежелдегі мәдени мұралары
1 Қазақ мәдениетінің бастаулары
2 Көшпенділер өркениеті
3 Көшпенділердің жол серігі
4 Музыка тарихына шолу
5 Музыка тарихының кезеңдері
6 Қазақ музыка өнерінің болмысы
7 Әншілік мектептері
8 Музыкалық аспаптар
9 Батыстық мәдениеттану
10 Этномәдени кеңістік
11 Еуразиялық Ұлы Даланы игеру
12 Пайдаланған әдебиет
2 Көшпенділер өркениеті
3 Көшпенділердің жол серігі
4 Музыка тарихына шолу
5 Музыка тарихының кезеңдері
6 Қазақ музыка өнерінің болмысы
7 Әншілік мектептері
8 Музыкалық аспаптар
9 Батыстық мәдениеттану
10 Этномәдени кеңістік
11 Еуразиялық Ұлы Даланы игеру
12 Пайдаланған әдебиет
Ежелгі қазақстан аймағын игерудің бастапқы кезеңі 6 мың, жыл бұрынғы мал бағушы ежелгі-ари тайпаларының қоныстануы болды. Оңтүстік Оралдағы Шынташты және Арқайым кешендері сол кезеде өмір сүрген тайпалардың заттық дәлелі.
4-5 мың жыл бұрын тарих және мәдениет орталығы солтүстіктен оңтүстікке қарай, Оңтүстік Оралдан Інд жазықтығына жылжып отырды. Ежелгі қоныстанған тайпалардың жоғары мәдениетінің дәлелі, Қазақстанның ғибадатханасы – Тамғалы шатқалы. Бұдан ертедегі кезең (VII-IVғ.ғ б.ғ.д) – сақтардың патшалық қорғандары, тарих және мәдениет шыңының ескерткіштері – Қазақстанның оңтүстігінде Ыссық және Бесшатыр қорғандары, шығысында – Шілікті қорғаны, батысында – Аралтөбе қорғаны.
Ыссық қорғаны –Қазақстан аймағында V- IV ғ.ғ б.ғ.д. өмір сүрген сақ тайпалары тарихы мен мәдениетінің ең көрнекті елесі. Қазба барысында алтыннан жасалған ыдыс-аяқ және басқа да заттар табылды. Қазақстан елінің даңқын бір көтерген алтын киімдегі жауынгер мен 26 таңбадан тұратын күмістен жасалынған айшынақтың табылуы болды. Бұл сол кездегі ежелгі тайпалардың өркениетінің ұлылығын көрсетеді.
Қолданбалы-сән ескерткіштерінің бірегейі болып – киіз үй табылады. Ол біздің күнімізге дейін жеткен көшпенділер сәулетінің үлгісі. Жинақы жеңіл, лезде жиналып қойылатын тұрғын үй.
IX-XIII ғ.ғ. қалалық мәдениет дамыды. Түрік кезеңінің ежелгі жазбаларында, ортағасырдағы атақты қалалардың атаулары таңба болып қалған – Отырар (Фараб), Тараз, Ісфиджап (Сайрам), Сығанақ, Суяб, Сауран, Жаңакент, Яссы, Қойлық, Талғар және т.б. Сәулеттің шыңы болып табылатын ғажайып ғимарат - кесенлердің дәлелі - Әулие-Ата, Баба-ата, Айша-Бибі, Қарахан, Арыстанбаб сәулеті және сән өнері қазіргі замандастарды таң қалдырады.
Жазба ескерткіштері сол кезде дамыған өнер, әдебиет және ауызша халық шығармашылының іздерін көрсетеді. Әдебиеттің жарқын мысалы – Орхон жазбалары. Барлық тайпалардың кезеңіне жататын (VII) Орхон поэмалары. (VIII) «Қорқыт-наме», (IX) «Оғыз-наме». Олардың түпнұсқалары, түрк тайпаларын басқарған, түрк тайпаларының Күлтегін, Білге-Қаған, Тоныкөк атақты бектері мен батырларына қойған үлкен жерлеу тақталарында табылда.

1 Мәдениеттану негіздері: Оқулық. - Алматы: Дәнекер, 2000. ISBN 9965-485-34-8
2 Смысл и назначение истории
3 Постижение истории
4 Қазақстан тарихы: Жалпы білім беретін мектептің қоғамдық-гуманитарлық бағытындағы 10-сыныбына арналған оқулық / Ә. Төлеубаев, Ж. Қасымбаев, М. Қойгелдиев, т.б. — Алматы: "Мектеп" баспасы, 2006. — 232 бет, суретті. ISBN 9965-33-633-4
5 Эпос әлемі
6 Территория
7 Қазақ әлемі
8 Ауызша тарихнама
9 Қиял патшалығын іздеу
10 Мәдениеттану: жоғарғы оқу орнындары мен колледж студенттеріне арнлған оқулық. Алматы: Раритет, 2005.- 416 бет. ISBN 9965-663-71-8

Қазақстанның ежелдегі мәдениеті
Ежелгі қазақстан аймағын игерудің бастапқы кезеңі 6 мың, жыл бұрынғы мал
бағушы ежелгі-ари тайпаларының қоныстануы болды. Оңтүстік Оралдағы Шынташты
және Арқайым кешендері сол кезеде өмір сүрген тайпалардың заттық дәлелі.
4-5 мың жыл бұрын тарих және мәдениет орталығы солтүстіктен оңтүстікке
қарай, Оңтүстік Оралдан Інд жазықтығына жылжып отырды. Ежелгі қоныстанған
тайпалардың жоғары мәдениетінің дәлелі, Қазақстанның ғибадатханасы –
Тамғалы шатқалы. Бұдан ертедегі кезең (VII-IVғ.ғ б.ғ.д) – сақтардың
патшалық қорғандары, тарих және мәдениет шыңының ескерткіштері –
Қазақстанның оңтүстігінде Ыссық және Бесшатыр қорғандары, шығысында –
Шілікті қорғаны, батысында – Аралтөбе қорғаны.
Ыссық қорғаны –Қазақстан аймағында V- IV ғ.ғ б.ғ.д. өмір сүрген сақ
тайпалары тарихы мен мәдениетінің ең көрнекті елесі. Қазба барысында
алтыннан жасалған ыдыс-аяқ және басқа да заттар табылды. Қазақстан елінің
даңқын бір көтерген алтын киімдегі жауынгер мен 26 таңбадан тұратын
күмістен жасалынған айшынақтың табылуы болды. Бұл сол кездегі ежелгі
тайпалардың өркениетінің ұлылығын көрсетеді.
Қолданбалы-сән ескерткіштерінің бірегейі болып – киіз үй табылады. Ол
біздің күнімізге дейін жеткен көшпенділер сәулетінің үлгісі. Жинақы жеңіл,
лезде жиналып қойылатын тұрғын үй.
IX-XIII ғ.ғ. қалалық мәдениет дамыды. Түрік кезеңінің ежелгі жазбаларында,
ортағасырдағы атақты қалалардың атаулары таңба болып қалған – Отырар
(Фараб), Тараз, Ісфиджап (Сайрам), Сығанақ, Суяб, Сауран, Жаңакент, Яссы,
Қойлық, Талғар және т.б. Сәулеттің шыңы болып табылатын ғажайып ғимарат -
кесенлердің дәлелі - Әулие-Ата, Баба-ата, Айша-Бибі, Қарахан, Арыстанбаб
сәулеті және сән өнері қазіргі замандастарды таң қалдырады.
Жазба ескерткіштері сол кезде дамыған өнер, әдебиет және ауызша халық
шығармашылының іздерін көрсетеді. Әдебиеттің жарқын мысалы – Орхон
жазбалары. Барлық тайпалардың кезеңіне жататын (VII) Орхон поэмалары.
(VIII) Қорқыт-наме, (IX) Оғыз-наме. Олардың түпнұсқалары, түрк
тайпаларын басқарған, түрк тайпаларының Күлтегін, Білге-Қаған, Тоныкөк
атақты бектері мен батырларына қойған үлкен жерлеу тақталарында табылда.
Әдебиеттің тарихына ұлы ойшылардың, ғалымдардың және ақындардың есімдері
енген. Әбунасыр әл-Фараби – көптеген ғылымдар мен өнердің, математика,
сәулет, музыканың негізін қалаушы, Махмұд Қашғари құннсыз Диуани-лұғат-ат-
түрік (Түрік сөздерінің сөздігі) шығармасының авторы, Ходжа Ахмет Яссауи
үздік діни өлеңдер жинағы Диуани-и-Хикмет авторы, Орталық Азия және
Қазақстан халықтарының Құтадғұ-білік көрнекті шығармасының авторы Жүсіп
Баласағұн.
Алтын Орда, былай айтқанда қыпшақ кезеңдеріне (XIII-ХIV ғ.ғ) Қисса-сұл-
анбие, Кодекс-Куманикус, Махаббат-Наме, Нахыж-ул-Фарадис, Жүсіп
және Зүлейхан, Гүлістан, Домбауыл, Қисса-Наурыз, Тарих-Қыпшақ және
т.б. дастандары кіреді.
Қыпшақ тілінің жарқын ескерткіші Кодекс-Куманикус, бұл қыпшақ тілінің
сөздігі, қыпшақтардың сөз жұмбақтары, афоризмдері, өлеңдер фольклорының
үлгісі. Қазіргі таңда Кодекс-Куманикус Венецияда Әулие Марктің мешітінде
сақталынады.
Қазіргі кезеңдегі сәулеттің бірегейі Тимур кезеңінде (Қазіргі Түркістан)
Яссы қаласында көтерілген Хожа Ахмет Яссауидің мешіті. Қазақ хандығы
кезінде, мешіт хандарды және басқа да атақты адамдарды жерлеу жері болған.
Бұл жерді ұлы Абылай-хан, Жолбарыс-хан, Есім-хан, Қазыбек-би, Жәнібек-би
сынды басқа да адамдар жерленген. Алты ғасырдан асса да бұл ғимарат
келушілерді әліге дейін таңдандырады, ол өзінің көлемімен ғана емес,
әсемдігі мен өнердің қайталанбас байлығымен өзгешеленеді.
Қазақ хандығының құрылуымен XV-XVIII ғ.ғ жалпы халықтық табиғи руханияттың
дамуы басталды. XV ғасырдағы өлеңдер мен философияда аты аңызға айналған
тұлғалар Жәнібек және Керей – Хасен Сабитұлы. Олар хандардың бірінші
кеңесшісі дәрежелерін иеленіп, халықтың ішінде Асан-қайғы деген, Томас-
Морға және Томазо Компанеллеге ұқсап атаққа ие болды. Қазақ әдебиетінің
тарихына "Тарихи Рашиди" Мұхаммед Хайдари Дулати, "Жамағат Тауарих"
Кадырғали Қосан ұлы Жалаиыр жазбалар жинағы үлкен мәнге ие. Ол кезеңдердегі
Сыпыра жырау, Шалкиіз, Қазтуған, Ақтамберді, Бұхар жырау жырау-ақындарымен
көптеген дастандар мен эпостар, өлеңдер әдет-ғұрыпы жазылды. Ауызша халық
шығармаларының аты аңызға айналып, көпшіліктің жүрегіне басылған. Олар
"Қобыланды-батыр", "Қозы-Көрпеш және Баян-Сұлу", "Қыз Жібек" ұлттық рухтың
нышаны.
Ұлы ойшыл, теңеуі жоқ суретші, композитор, тыным таппайтын ойшыл Абай, өз
кезеңінің ұлы ақыны, әлемдік даңқы бар тұлға.
13 – жасында араб, парсы, чағатай, орыс тілдерін меңгеріп, Шығыс
классиктерінің шығармаларын оқыған. Ол қазақ тіліне Пушкинді, Лермонтовты,
Крыловты, Гете, Шиллерді, Байронды шығармаларын жазды. Аты өлмес шығармалар
мен поэзия, өлеңдер және музыка "Қара сөздер" (Слова назидания) - ақын
прозасы діни-философиялық аңсар болып, халық даналығының бар тереңін
көрсететін, барша адамзатқа деген махаббаты төгілген.
Қазақ ғалымдарының біріншісі, әлем мәдениетіне өз үлесін қосқан Шоқан
Шыңғысұлы Уәлиханов. Ол қазақ және қырғыз елдерінің аңыз бен ертегілерін,
дәстүр мен салттарын, тіл және діндерін зерттеген. Шоқанның жазған Қырғыз-
қайсақ ордаларының Үлкен ежелгі аңызында Қазақтардағы шамандықтың
іздері, Қашғари туралы жазбалар, Даладағы мұсылмандық және басқада
ғылыми еңбектерінде жүйелі түрде қазақ және басқа да түрк тілді
қандастарымыздың мәдениетін баяндаған.
Қазақ мәдениеті
Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Мазмұны
[жасыр]
1 Қазақ мәдениетінің
бастаулары
2 Көшпенділер өркениеті
3 Көшпенділердің жол серігі
4 Музыка тарихына шолу
5 Музыка тарихының кезеңдері
6 Қазақ музыка өнерінің
болмысы
7 Әншілік мектептері
8 Музыкалық аспаптар
9 Батыстық мәдениеттану
10 Этномәдени кеңістік
11 Еуразиялық Ұлы Даланы
игеру
12 Пайдаланған әдебиет
[өңдеу]Қазақ мәдениетінің бастаулары
Әлемдік мәдениет ырғақтарын анықтаған соң, қазақ мәдениетіне
тоқталайық. Қазақтар — Қазақстан Республикасының негізгі тұрғындары,
әлемдегі жалпы саны 13 миллионнан асады, исламдық суперөркениеттің
солтүстік шығыс жағын мекендейді, діні жағынан ханифиттік мағынадағы
мұсылман сунниттер, Алтай тіл бірлестігінің түрік тобының қыпшақ
топтамасына жатады. Бұл мәдениетті түсіну мақсатында алдымен оны кеңістік
өрісі мен уақыт ағынында қарастырып, кейін қазақ мәдениетінің типтік
ерекшеліктерін айқындайық. Қазақ мәдениеті еуразиялық Ұлы дала
көшпелілерінің мұрагері болып табылады. Сондықтан осы ұлттық мәдениетті
талдауды номадалық (көшпелілік) өркениет ерекшеліктерінен бастайық.[1]
[өңдеу]Көшпенділер өркениеті
Әрбір ұлттық мәдениет бос кеңістікте емес, адамдандырылған қоршаған ортада
әрекет етеді. Мәдени кеңістік оқшау, мәңгіге берілген енші емес. Ол тарихи
ағынның өрісі болып табылады. Мәдени кеңістіктің маңызды қасиеті — оның
тылсымдық сипаты. Мысалы, ата қоныс ұғымы көпшелілер үшін қасиетті, ол өз
жерінің тұтастығының кепілі және көршілес жатқан мекендерге де қол сұғуға
болмайтындығын мойындайды. Қауымдық қатынас мекендер егемендігінен туады.
Ата қоныстың әрбір жағрафиялық белгілері халық санасында киелі жерлер деп
есептелінеді, яғни қоршаған орта киелі таулардан, өзен- көлдерден, аңғарлар
мен төбелерден, аруақтар жататын молалардан т.б. тұрады. Олардың
қасиеттілігі аңыз-әпсаналарда, жырлар мен көсемсөздерде болашақ ұрпақтарға
мұра ретінде қалдырылған.
Белгілі бір парасаттылық, ізгілік, ұстамдылық, интуициялық жоғары
қабілеттері жоқ адамдар қатал далада өмір сүре алмас еді. Кеңістікке
үйлесімді мәдениетте адам мен табиғаттың арасында қытай қорғаны тұрған
жоқ. Керісінше, мәдениет олардың арасындағы нәзік үндестікті (гармонияны)
білдіретін дәнекер қызметін атқарады. Қазақтың төл мәдениетінде экологиялық
мәселе әдептіліктік жүйесіндігі обал және сауап деген ұғымдармен тікелей
байланыстырылды.
Табиғат аясындағы мәдениетті қатып-сеніп қалған, өзгеріссіз әлем дейтін
пікірлер де әдебиетте жиі кездеседі. Алайда, бұл осы мәдениетке тынымсыз
қозғалыс тән екендігін аңғармаудан туады. Шексіз далада бір орында тоқталып
қалу көшпелілік тіршілікке сәйкес келмейді. Ол мезгілдік, вегитациялық
заңдылықтарға бағынып, қозғалыс шеңберінен шықпайды. Әрине бүл қозғалыс
негізінен қайталанбалы, тұрақты сипатта болады. Қуаң даланы игеру табиғатты
өзгертуге емес, қайта оның ажырамас бір бөлігіне айналуға бағытталған.
Яғни, адам табиғат құбылыстарына тәуелді болып қалады.
[өңдеу]Көшпенділердің жол серігі
Енді қарастырып отырған өркениеттің кеңістікті игеру құралдарына тоқталып
өтейік. Бұл жерде ең алдымен көшпелілер өміріндегі жылқының ерекше бір
қызметіне назар аударған жөн. Жылқыны адам еркіне көндіру арқылы адамзат
кеңістікті меңгеру ісінде үлкен қадам жасады. К.Ясперстің пікірі бойынша,
тағылықтан өркениетке өтуде жер суару жүйелерін жасаумен, жазудың
ашылуымен, этностардың пайда болуымен қатар жылқыны пайдалана білу адамзат
үшін өте маңызды болды. ([2]. — М., 1991. — С. 71, 72). Жылқыны пайдалана
білу шектелген кеңістіктен бүкіл әлемді игеруге бағытталған қадам еді. Бұл
әртүрлі мәдениеттердің сұхбаттасуына мүмкіндік берді. Әрине, бұл сұхбаттасу
көптеген жағдайда зорлық-зомбылық арқылы жүзеге асқанын ұмытпаған да жөн.
Сонау көне заманнан халықтар солтүстіктен оңтүстікке, шығыстан батысқа
қарай (немесе керісінше) қозғалыста болған. Белгілі болжам
шумерліктердің Қосөзен аңғарына Орталық Азиядан келгенін, үндігерман
тайпаларының оңтүстікке жылжып, Үндістан,Иран, Грекияға енгенін, түрік
тайпаларының Кіші Азияны жаулап алғанын көрсетеді. Қытай империясы мен
Үндіге көшпенді түрік-моңғол тайпалары ылғи қысым жасап отырған. Белгілі
ғұлама А.Вебердің пікірі бойынша, көшпелі тайпалардың кеңістікті игеруі
халықтардың Ұлы қоныс аударуы атты құбылысты әкелді. Бұл қазіргі
өркениетгердің қалыптасуына үлкен себебін тигізді. Осы айтылғандардан
адамзат тарихында жылқыны пайдалана білудің маңызы зор болғандығын көреміз.
Жылқыны кеңістікті жеңу мақсатында әсіресе, көшпелі халықтар шебер
пайдалана білген. Ат пен көшпенді біріккен жан болып көрінеді. Мұны көрші
халықтардың миф-аңыздарынан да анық байқаймыз. Мысалы, ежелгі грек
мифологиясындағы қанатты түлпар Пегас бүкіл елді қан қақсатқан жауыз
Химераны өлтіруге көмектеседі. Ал салт атты көшпенді скифтің метафорасы —
кентавр Хирон өзінің досы атақты Прометейге көмек беру үшін мәңгілік
өмірден бас тартады. Бұл сарынды ертедегі шумерлік жырдағы Гильгамеш пен
көшпенді Энкидудың достығынан да аңғарамыз.
Атқа мінген адам жерден өзінің босай бастағанын, еріктілік мүмкіндіктерінің
молайғанын және ғарышқа жақындай түскенін сезінеді. Жер-Ана оны қаншама
босатқысы келмесе де, ол шексіз әлемге өзінің қадамын нық басады. Халық
дәстүрінде де тәй- тәй қадам басқан нәрестенің тұсауын кеседі.
Кеңістікті игеруге көшпелілер үшін жылқыдан басқа да себебін тигізген қолға
үйретілген жануарлар болған. Себебі далада тек малшылар мен үй малдарынан
басқа да тіршілік иелері бар. Олардың ішінде иттің алатын орны бөлек. Қазақ
ит — жеті қазынаның бірі деп бекерден-бекер айтпаған. Егер қой мен
сиырдың өнімдерін қажеттікке жарату үшін оларды бағу жеткілікті болса, онда
ит пен жылқыны баулу, үйрету керек. Бұл үлкен шеберлік пен төзімділікті
талап етті. Тек сол жағдайда олар адамның көмекшілеріне айнала алады. Кейін
осман түріктері бұл тәжірибені өз империясындағы халықтарды ұстап тұруға
пайдаланды.
Оттоман падишахтары, — дейді А. Тойнби, — арнайы тәрбиеленген құлдардың
көмегімен өз империясын басқарды және бұл олардың империясының қуаттылығын
күшейтті. ([3], с. 189).
Шексіз даланы игеру оны жай ғана кеңістік, жазықтық деп түсінбей, осы
даланы тұтас бір континиум ретінде бағалаумен қатысты. XX ғасырда
қалыптасқан этникалық аумақтар мен жағрафиялық ұғымдардың және көшпелілер
өркениеті шарықтап тұрған кездегі ата-мекен түсінігінің арасында үлкен
айырмашылық бар. Қазақ және басқа да түрік халықтарының мәдени мұраларынан
бүкіл еуразиялық Ұлы даланың түріктердің ата қонысы деп есептелінетінін
байқаймыз. Мысалы, қазақ эпосында Қырым, Қоқан, Ыстамбол, Хиуа, Алтай,
Қазан, Ордос т.б. түріктердің өз жері, ал бұлардың
сыртындағыШам, Мысыр қысылғанда арқа сүйейтін тілектес елдер болып
есептелген. Әрине, б9л кеңістіктік, т9тастық уақыт ағынына төуелді болған.
Ӏшкі қайшылықтар шиеленіскенде жалпытуыстық сезім кейін қарай шегіндіріліп
отырған. Тарихтан тек үлкен суперэтностардың (өркениеттердің) ішінде ғана
емес, сонымен бірге этностардың құрамында да кескілескен қақтығыстардың
болғанын білеміз. Алайда тарихи өркениеттерге аян болған кеңістіктің
шекаралары туралы мәселе тек саясаттанулық емес, бүл туралы мәдениеттану
ілімінде де бірнеше қарама-қарсы пікірлер бар.
[өңдеу]Музыка тарихына шолу
Қобыз
Даңғыра
Домбыра
Сыбызғы
Көшпелілердің музыкалық мәдениетіні ң тамыры өте тереңде жатыр.
Жартастардағы суреттерден билеп жүрген адамдардың, таяққа
ілінген сылдырмақтарда ойнап тұрған адам бейнелерін кездестіруге болады.
Әсілі, көшпелілердегі ең көне музыкалық аспаптар — ұрмалы даңғыра, құрайдан
жасалған үрмелі сыбызғы, ілмелі-шертпеліқобыз, домбыра іспет тес қарапайым
аспаптар болған. Эпостардағы "адырнасын ала өгіздей мөңіреткен" деп
келетін жыр жолдары өнерпаз жауынге рдің садағының адырнасын іркіп- тартып
музыкалық үн шығаратынын білдірсе керек. Орталық
Азия,Сібір, Тибет халықтарында бүгінге дейін кездесетін бір ішекті қобыз
осы музыкалықаспаптың көне түрі болуы мүмкін.
Көне Хорезм жеріндегі Қойкырылған қала деп аталатын дөңгелек бекіністен
домбыра сияқты екі ішекті аспапта ойнап отырған адамдардың бейнесі
табылған. Зерттеушілердің ойынша, бұл домбыраның көне түрі. Академик
В.В.Виноградовтың пікірінше, қазақтың домбырасы мен қырғыздың қобызы сиякты
аспап кем дегенде бүдан екі мың жыл бүрын пайда болған, қазақтың қобызы осы
күнгі виолончель, скрипкалардың арғ ы атасы.
Музыка, музыканың аспаптар тарихын зерттеуші ғалымдардың пайымдауынша, ән
түріндегі музыкалық мұра (вокалды музыка) және сарын, күй түріндегі мұраның
(аспапты музыка) жіктеліп бөлінуі, бері дегенде, VI—VIII ғасырларда
басталды. Ұлытау төңірегінен табылған түркі дәуіріне
жататын тас мүсіннің бір бүйірінде қобыздың суреті, ал
арқасында қоңыраудың суреті салынған. Қобыз бен қоңырау бақсының аспаптары.
Олар қоңырау, әр түрлі сылдырмақтарды қағып жүріп би билеп, қобызбен сарын
ойнап,жын шақырған. Тас мүсінде осындай бақсы бейнеленген болуы керек.
Жалпы, көшпелілердегі алғашқы кәсіпқой музыкант бақсы болған. Сонау VIII
ғасырда өмір сүрген, түркі әлеміне ортақ Қорқыт алғашқы шебер
музыкант, күй атасы, бақсылардың пірі болып саналады.
Ауызбен үрлеп ойнайтын қазақтың қыштан жасалған уілдек деп аталатын
аспабының көне түрлері ортағасырлық Отырар қаласынан, Жамб ыл облысындағы
Ақтөбе (Баласағұн) қаласынан табылған. Олар X—XII ғасырларға жатады.
Қорқыт ата бүкіл түркілер әлемінің сарын, күй, әуен өнерінің атасы болса,
одан бергі музыка өнері әл-Фарабидің (IX—X ғасырдарда), ибн-Синаның (X
ғасыр), ұлы жыршы Кетбұғаның (XIII ғасырда), Сыпыражыраудың (XIV
ғасырда), Асан қайғының (XV ғасырда), Қазтуғанның (XV ғасырда), Әбу әл-
Қадырдың (XV ғасырда), Әбдірахман Жәмидің (XV ғасырда), Бұқардың (XVIII
ғасырда), Нысан абыздың (XVIII ғасырда) аттарымен байланысты. Олар күйші-
сазгер, жыршылар болған. Ал әл-Фараби, ибн-Сина музыка
ілімініңтеориясын алғаш жасаушы ғалымдар.
[өңдеу]Музыка тарихының кезеңдері
Этнограф-ғалым Ақселеу Сейдімбеков қазақтың музыкалық фольклорын бес
кезеңге бөледі.
Бірінші кезең — Біздің заманымызға дейін III ғасыр мен
біздің заманымыздың VI ғасыры аралығы. Бұған сақзаманынан бастап, көне
түркі тайпаларының қиял-ғажайып тақырыптарға арналған күйлері, жорық
сарындары, айтулы батыр, дана ару, ерге серік қанатты пырақ-ат, киелі жан-
жануарлар туралы өте ертеден келе жатқан күйлер сарыны жатады. Мәселен,
"Қос мүйізді Ескендір", "Көк төбет", "Көк бөрі", "Шыңырау", "Аққу",
"Сарын", "Өгіз өлген", "Тарғыл бұқа", "Боз іңген", "Боз айғыр" сияқты күй-
сарындар. Бұл күй-сарындарміндетті түрде аңыз-әңгімелермен қосарланып
жүреді.
Екінші кезең — оғыз-қыпшақ күйлері (VI—XII ғасырларда). Бұған Қорқыттың
күйлері — "Қорқыт", "Тарғыл тана", "Ұшардың ұлуы", "Желмая", қазір аты
белгісіз сазгерлердің "Абыз толғауы", "Саймақтың сары өзені", "Айрауықтың
ащы зары", т. б. күйлер жатады.
Үшінші кезең — ноғайлы дәуірінің күй-жырлары (XIII—XVI ғасырларда). Бұл
кезде ауызша және әуенмен айтылатын батырлық, ғашықтық — "Алпамыс",
"Қобыланды", "Қамбар батыр", "Ер Тарғын", "Едіге", "Қырымның қырық батыры",
"Орақ—Мамай" сияқты жырлар туған. Дәл осы заманда Сыпыра жырау, Асан
қайғы, Қазтуған, Доспамбет, Шалкиіз дердің өлең-жырларыдүниеге келген. Осы
жырлардың бәрінің шып-шырғасын шығармай сақтап қалған — тек қазақ халқы.
Өйткені "Қазақ" атауы орныққанға дейінгі ортақ жиынтық атау —"ноғайлы елі"
деген жұртқа, негізінен, қазақ ру-тайпалары кірген еді. Ноғайлы заманының
музыкалық мұрасына "Ақсақ құлан", "Жошы ханның жортуылы", "Шора батыр",
"Әмір ақсақ", "Қамбар күйі", Асан қайғының "Ел айырылған", Қазтуғанның
"Сағыныш" сияқты күйлері жатады.
Төртінші кезең — Жоңғар шапқыншылығы кезеңі (XVII—XVIII ғасырларда). Оған:
"Елім-ай" әні, "Қаратаудың шертпесі", "Қалмақ биі", "Беласар", "Абылайдың
қара жорғасы", т.б. күй, әндермен қатар сол заманғы
қазақбатырлары жөніндегі жыр-дастандарды жатқызуға болады.
Бесінші кезең — XVIII—XIX ғасырларда және XX ғасырдың басында туған
музыкалық мұраларымыз.
Оған:Құрманғазы, Дәулеткерей, Тәтті мбет, Тоқа, Сейтек сияқты күйшілер
күйлерін, Біржан сал, Ақан сері, Мұхит, Абай,Мәди, Балуан Шолақ, Жаяу
Мұса, Ыбырай, Майра, Кенен, Жамбыл, т.б. әндерін жатқызуға болады.
[өңдеу]Қазақ музыка өнерінің болмысы
Қазақта би өнері ертеден дамыған. Өкінішке орай, қазақ би өнері олі жақсы
зерттелдеген. Қазақ билері көбінесе би биленетін әуен, күй атымен аталып
жүр. Мысалы, "Былқылдақ", "Айжан қыз", "Боз іңген", "Сәулем-ай", "Кербез
сылқым", "Қос алқа". Ескі билер қатарына "Алқа қотан", "Ұтыс би", "Киіз
басу", т.б. жатады.
Қазақтың әдет-ғұрыптық фольклорына "Жар-жар", "Беташар", "Сыңсу", "Жоқтау",
"Бесік жыры", "Тойбастар", т.б. жатады.
Жар-жар — келін түскенде жиналған жастар, көпшілік айтатын өлең.
Беташар — жаңа түскен келінді таныстыру, күйеуінің
туыстарына, ауыл ақсақалдарына сәле м бергізу, жаскелінге ақыл-нақыл айту
өлеңі. Оны бір адам орындайды.
Тойбастар — той басталар алдындағы тойшыларға арнап айтатын,
сонымен қатар тойдың соңында әрдастарқанда отырған тойшылардың тойға арнап
айтатын әні.
Сыңсу — қыздың елінен ұзатыларда елімен, қыздық ғұмырымен, туыстарымен
қоштасу, мұң-шерін ақтару әні.
Бесік жыры — бесіктегі жас баланы алдарқату, уату әні. Бесік жыры арқылы
бала сәби кезінен елінің әуеніне, тіліне үйренеді. Оның тәрбиелік мәні
үлкен.
Жоқтау — елген адамның туыстарының фәниден кеткен адамға арнап айтатын
мұңды жылау өлеңі. Оны көбіне әйелдер, қыздар айтқан. Осы
аталған ғұрыптық ән түрлерінің өзіндік сөзі, әуендері болады.
Қазақ музыка өнері өзінің болмысы жағынан біртұтас дүние. Мысалы, сонау
VIII ғасырдан келе жатқанҚорқыт ата күйлерінің Сыр
бойында, Қаратау бөктерінде, Сарыар қа белдерінде, Ертіс, Еділ бойларын да еш
өзгеріссіз бірдей орындалуы қазақ музыка дәстүрінің бірлігін көрсететін
сияқты. "Ақсақ құлан" күйініңАлтай мен Атырау аралығында бірдей орындалуы
қазақтың рухани тұтастығын көрсетеді. Ұлан-ғайыр қазақ
даласында әншілік, күйшілік өнердің өзіндік аймақтық мектептері де
қалыптасқан. Мысалы, қазақтың домбыра күйлері шертпе және
төкпе күйлер болып, негізінен, екіге бөлінеді. Шертпе күй Орталық,
Шығыс Қазақстанда, Жетісуда, Қарата у аймағында кең тараса, төкпе күй
Қазақстанның батыс өлкелерінде, Сырдың төменгі ағысында кең таралған.
Шертпе күйдің өзі шығыстағы Байжігіт мектебі, Қаратау шертпелері болып
бөлінеді.
[өңдеу]Әншілік мектептері
Жамбыл Жабайұлы
Сурет:Azirbaev.jpg
Кенен Әзірбаев
XIX ғасыр мен XX ғасырдың басындағы
әншілік өнерін ғалымдар бесмектепке бөліп жүр. Бірінші мектеп
— Қазақстанның орталық және солтустік өңірлеріне тән. Бұл
мектепке Біржан, Ақан, Жаяу Мұса,Ыбырай, т.б. әуендері жатады. Екінші
мектеп — оңтустік және Жетісу өңірі әуендері. Бұл
мектепке Сүйінбай, Жамбыл, Кенен, т.б. жатады. Үшіншісі — Қазақстанның
батыс өңірін қамтитын әншілік мектеп. Бұл мектеп әндері асау — тайдай
тулаған қуатты, екпінді әуездер. Бұл мектептің өкілдеріне
Кердері Әубәкір, Мұхит, Махамбет, т.б. жатады. Төртіншісі — Сыр бойының
әншілік-термешілік мектебі. Бесінші — Шығыс Қазақстан, Монғолия,
Шығыс Түркістанқазақтарының әншілік мектебі. Бұл әншілік мектептер өзара
стильдік жағынан бөлінгенмен, ұлттық ортақ нақыш, әуен
тұтастығымен бірлікте.
[өңдеу]Музыкалық аспаптар
Сазсырнай
Жетіген
Дабыл
Қазақ музыкалық аспаптары: ішекті, үрмелі және соқпалы болып үшке бөлінеді.
Ішекті аспаптың өзішертпелі және ысқышты болып екіге бөлінеді. Шертпелі
ішекті аспаптарға: домбыра, шертер, жетіге нжатады. Ал ысқымен ойнайтын
ішекті аспапқа қобыз жатады.
Үрмелі аспаптарға — сыбызғы, қамыссырнай, қоссырнай, мүйіз сырнай,
сазсырнай, үскірік, тастауық,керней жатады. Осы топтың ерекше бір тілді
аспабы — шаңқобыз.
Соқпалы
аспаптарға — дабыл, даңғыра, кепшік , дауылпаз, шыңдауыл, асатаяқ, қоңы рау жа
тады.
Домбыра — екі ішекті, 9—14 пернеге дейін болатын шертпелі аспап. Домбыраның
ішегі, пернесіешкінің, қойдың ішегінен жасалады.
Домбыраның қазақта көптеген түрі болған. Негізі көп тарағаны екі түрі.
Бірінің кеудесі томпақ та, ал екіншісінікі ұзынша текше. Томпақ кеуделі
домбыра, негізінен, батыс аймақта, ал шығыста жайпақ домбыра көп таралған.
Домбыраның осы формаларының өз ішінде әр түрліпішіндері де кездеседі.
Домбыраның кейде үш ішекті түрі де кездеседі.
Қобыз — екі ішекті, ысқышпен ойнайтын аспап, ішегі аттың қылынан есіп
жасалады. Қобыз да өте көне аспап. Қобыз әу баста көбінесе бақсылар
пайдаланған аспап болғандықтан, қазақ оны киелі санайды. Қобыз, әдетте,
тұтас ағаштан шауып жасалады. Кеудесі жалпақ астауша құсап, мойны ішке
қарай иіліп келеді. Қобыздың жалпы тұрқы бірдей болғанымен, тұрпатында
кейбір өзгешеліктер кездеседі. Бақсылардың қобызының басына үкі, неше түрлі
салпыншақ темір, ұсақ қоңыраушалар тағылады. Қобыздың кеудесіндегі
ойыққа айна орнатылады. Бұл заттардың дәстүрлік және әуендік қызметі бар.
Бақсы қобызымен сарнаған кезде қобыздың басын дірілдетіп-сілкіп, салпыншақ
темірлерді сылдырлатады, айнаға қарап жынын шақырады. Мұндай бақсы
қобыздарын қара қобыз, нарқобыз деп атайды. Бұл — көне,
Қобыз қасиетті қобыз дегенді білдіреді.
Бақсы пайдаланатын аспаптардың бірі — асатаяқ. Oл — басы жалпақ,
оймышталған таяқ. Жалпақ басына әр түрлі сылдырмақтар, қоңыраушалар
орнатылады. Асатаяқты ел кезіп, елді "ақтап" (пәле-жаладан "арылтып")
жүретін диуаналар да ұстаған. Бақсылар жиі пайдаланатын аспап — даңғыра.
Бұл кәдімгі барабан сияқты. Бірақ шеңбердің бір-ақ жағына әбден кепкен тері
қапталады да, ашық жаққапталдарына әр түрлі салпыншақ темірлер тағылады.
Жетіген аты айтып тұрғандай, жеті ішекті аспап. Ішектерге тиек ретінде және
ішектің дыбысын реттеуші тетік ретінде асық пайдаланылады.
Үрмелі аспаптардың ішіндегі ең кең
таралғандары: сыбызғы және сырнай. Сыбызғы кепкен қурайдан,
жуан қамыстан жасалады. Сыбызғының ортан белінен былай қарай бірнеше жерден
теседі. Басынан ерінге салып үрлеп, тесіктерін саусақпен басып ойнайды.
Сыбызғы күйлері, әдетте, ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz