Қазақстанның Ресей құрамына енуі. Оқу құралы


МАЗМҰНЫ
Кіріспе
1-тарау. Қазақстанның Ресей құрамына енуі
1. 1 ХVIII ғасырдың алғашқы ширегіндегі Қазақстанның ішкі саяси жəне
халықаралық жағдайы. Қазақ-жоңғар соғыстары
1. 2 Кіші жүздің Ресей бодандығын қабылдауы. Əбілқайыр хан
1. 3 XVIII ғасырдың екінші жартысындағы Ресейдің отаршылдық саясаты.
Абылай хан
1. 4 Қазақстанның Ресей құрамына енуінің аяқталуы
2-тарау. Қазақстанның Ресейге қосылу кезеңіндегі халық-азаттық күресі
2. 1 Сырым Датов бастаған Кіші жүз қазақтарының көтерілісі
2. 2 Исатай Тайманов пен Махамбет Өтемісов бастаған шаруалар көтерілісі
2. 3 Кенесары Қасымов бастаған азаттық қозғалысы
3-тарау . Қазақстан Ресей империясы құрамында.
. 1 ХIХ ғасырдың 20, 60-90 жылдарындағы реформалар
3. 2 ХIХ ғасырдың 20-60 жылдары қазақ қоғамындағы əлеуметтік-
экономикалық өзгерістер
3. 3 ХIХ ғасырдың соңғы ширегіндегі патша үкіметінің Қазақстандағы
отарлық саясаты
4-тарау. ХVIII -ХIХ ғасырлардағы Қазақстан мəдениет і
4. 1 Халық ауыз əдебиеті
4
4. 2 Музыка өнері
4. 3 Қазақтың демократ ағартушылары
4. 4 Халық ағарту ісі
Қосымша
Қолданылған əдебиеттер
КІРІСПЕ
Оқу құралы төрт тараудан тұрады. Бірінші тарауда Қазақ мемлекетінің XVIII
ғасырдың басындағы ішкі саяси жəне халықаралық жағдайына сипаттама берілген.
Қазақ-жоңғар соғыстары жəне оның ауыр салдары, қазақ жерлерінің Ресей
империясына ену үрдісі, оның нəтижелері мен салдары мəселелері қарастырылған.
Екінші тарау осы кезеңдегі ұлт-азаттық қозғалыстарға арналған. Жаңа тарихи
тұжырымдамалар негізінде осы оқиғаларға баға берілген. Ресейдің
отаршылдық саясатының басталуы, Қазақ даласында жүргізілген реформалар, қазақ
халқының саяси, əлеуметтік-экокномикалық өмірінде болған өзгерістер оқу
құралының үшінші бөлімінде қарастырылған. Соңғы тарауда осы кезеңдегі қазақ
мəдениетінің мəселелеріне көңіл бөлінген.
Жоғарыда көрсетілген мəселелерге талдау жасауда жергілікті
материалдардың қолданылуына баса назар аударылған. Мысалы, патша үкіметінің
жер саясатына баға беруде, оның Шығыс Қазақстанды мекендеген қазақтарға
əсеріне сипаттама берілген. Осы қазақтардың ата мекендерінен қуылып, Қытай,
Монғолия жəне Алтай өлкесіне қоныс аударуға мəжбүр болуы жаңа деректік
негізде қарастырылған.
Оқу құралының соңында берілген қосымша материалдар студенттің өзіндік
жұмысын ұйымдатыруына көмекші құрал болады деп сенеміз.
5
1-тарау. Қазақстанның Ресей құрамына енуі
1. 1 ХУ111 ғасырдың алғашқы ширегіндегі Қазақстанның ішкі-
саяси жəне халықаралық жағдайы. Қазақ-жоңғар соғыстары.
ХУ111 ғасыр Орталық Азия, соның ішінде Қазақстан тағдырында орасан зор
орын алады. Ұлы даланы мекен еткен ірі көшпелі этностардан бұл кезде тек
қазақтар мен қалмақтар(жоңғарлар) ғана қалды. Басқа көшпелі халықтар -
қарақалпақтар, қырғыздар, алтайлықтар - оларға бағынышты болды. Башқұрттар,
ноғайлар, түркмендер мен Еділ қалмақтары ірі отырықшы мемлекеттер Ресей,
Хиуаның қол астына өтті.
ХУ111 ғасырдың алғашқы ширегінде қазақ хандықтарының жағдайы біршама
ауыр болды. Тəуке ханның руаралық қырқысты тоқтатып, жүздерде тыныштық
орнату, сол арқылы қазақ руларының қоныстарын сырттан басып кіруден
қауіпсіздендіру саясаты уақытша ғана нəтиже берді. Билік үшін күрес пен
сұлтандардың оқшаулануға ұмтылуы көп кешікпей бірлікті бұзды, оны көршілер
дереу пайдаланып қалды. Оңтүстік-батыстан Жайық казактары қолдаған Еділ
қалмақтары шапқыншылық жасады; солтүстіктен сібір казактары шабуылға
шықты; Жайықтың арғы бетіндегі қоныстардан башқұртттар дəмеленді. Оңтүстік
жағынан қазақтарды Орта Азия хандықтары (Бұхара, Хиуа) феодалдары
ығыстырды. Бірақ ең қатерлі қауіп қазақ халқына шығыстан күші басым,
басқыншы əскери-феодалдық Жоңғар хандығы тарапынан төнген еді.
Жоңғарлардың қазақтарға шабуылы ХV ғасырда басталған болатын. Алайда
олардың тарапынан қауіп 1635 жылы Батыр - қонтайшы (1634-1653) Жоңғар
хандығын құрғаннан кейін күшейе түсті. Оның негізінде жайылым үшін
бақталастық жатты. Мал санының өсуіне байланысты көшпелілер жайылымдық
жерлер аумағын ұлғайтуға мəжбүр болды. Дегенмен, жер тарлығы əскери
қақтығысудың бірден-бір себебі болған жоқ. Екі жақтың да феодалдық
топтарының сауда жолдарына бақылау орнатуға, жауының байлығынан олжа
түсіруге тырысуы соғыстың шығуына белгілі бір дəрежеде түрткі жасады.
Жоңғар феодалдарының қазақтарға шапқыншылығы Цеван-Рабтан қоңтайшы
(1697-1727) билік еткен кезеңде күшейді. Олар үсті-үстіне шапқыншылық жасап,
6
тұтқындар мен малдарын айдап əкетті, жайылымдары мен мүліктерін тартып алып,
кейде тұтас рулар мен ауылдарды қырып жойды. Үздіксіз жасалған сыртқы
қақтығыстар мен ішкі алауыздықтар əлсіреткен қазақ халқы бұл кезеңде асқан зор
қайғы-қасіретті бастан кешті. ХVIII ғасырдың басындағы қазақтардың жағдайын
Ш. Уəлиханов былай суреттейді: ”ХVIII ғасырдың алғашқы онжылдығы қазақ
халқының өміріндегі сұмдық уақыт болды. Олардың ұлыстарын жоңғарлар, Еділ
қалмақтары жəне башқұрттар əр жақтан талқандап, малын айдап əкетіп, тұтас
əулеттерді тұтқын етіп алып кетті”.
1710 жылы Қарақұмда қазақ жүздері өкілдерінің съезі шақырылды. Бұл
жиында ең ықпалды тұлға Тəуке хан болды. Съездегі негізгі мəселе Жоңғар
хандығына бірігіп тойтарыс беру еді. Алайда түрлі өкілдердің көзқарастары
бірдей болған жоқ. Кейбіреулері солқылдақтық танытып, жоңғарларға бодан
болуды ұсынды. Дау шарықтау шегіне жеткен кезде ортаға адуынды да кесіп айтар
шешен Бөгенбай батыр шығып: “Таланған көштің, тұтқындалған бала-шағаның
бейшара бақылаушысы болып отырман. Жаудан кек аламыз! Қыпшақ даласы
сарбаздарының жалтарған кезі болды ма?! Жаудың зұлымдығына шыдап отыра
алман?! Жауға мінер тұлпар құрып па?! Сұр жебе толы қорамсақ қаңырап бос
қалып па?!”- дейді. Мұндай көзқарасқа ашық қарсы шығуға ешкімнің батылы
бармады. Осы жиында біріккен қазақ жасағына Бөгенбай батыр жетекші болып
сайланды. 1711 жылы үш жүздің əскери күштері жоңғарларға ауыр соққы бере
отырып, өз жерлерін қайтарып алды. Жоңғар хандығының жеріне баса-көктеп
кіріп, талай адамды тұтқынға алды. Алайда 1717 жылы Аякөз өзені маңынды
болған шайқаста Қайып жəне Əбілқайыр хандар бастаған отыз мыңдық қазақ
жасағы ішкі алауыздықтарға байланысты жоңғарлардан жеңіліс тапты.
Дегенмен, ХVIII ғасырдың басында жоңғар билеушілерінің қазақ жүздеріне
қарсы неғұрлым батыл қимыл жасауын Жоңғар хандығына Цин билеушілері
əскерлерінің шапқыншылық жасау қаупі тежеген еді. Бірақ 1722 жылы Қытай
императоры Канси қайтыс болғаннан кейін бұл қауіп уақытша болса да бəсеңсіді.
1723 жылы жоңғар-қытай бітімі жасалды. Шығыс жақтағы өз тылын
7
қауіпсіздендіріп алған жоңғар қоңтайшылары қазақтармен соғысқа мықтап
дайындала бастады.
1723 жылдың ерте көктемінде жоңғарлардың қазақтарға қарсы ең жойқын
шапқыншылығы басталды. Жақсы дайындалып, сақадай-сай тұрған жоңғарлардың
70 мың əскері бір мезгілде жеті бағытта қазақ жерлеріне шабуыл жасап, олардың
басты күштерін жойып жіберді. Жоңғарларда отты қарудың болуы, олардың
əскери ұйымдасуының артықшылықтары, сан жағынан басымдығы алғашқы ірі
жеңістерінің кепілі болды. Қазақтардың жадында “Қайың сауған ақ тышқан жылы”
болып айрықша қалған 1723 жылғы жұт та өзіндік роль атқарды. Шабуылдың
тұтқиыл да тегеурінді болғаны соншалық, жұрт ең қауқарсыз қарттар мен бала-
шағаны тағдырдың тəлкегіне тастай қашты. Сондықтан ол жылдар халық жадында
“зар заман жылдар” қасіреті ретінде сақталған. Бұған “Елімай” деген атақты əн
дəлел болады. Оның үстіне ең шөлді жəне жан аяғы баспаған, қу мекиеннен басқа
шын мəнінде Қазақстанның бүкіл аумағы басып алынды. Қазақтар Түркістан,
Сайрам, Ташкент сияқты сауда-саттық орталықтарынан айрылды. “Ақтабан
шұбырынды, Алқакөл сұлама” деген атпен тарихқа енген бұл қасірет қазақтарды
ғана емес, Орта Азияның барлық халықтарын да қамтыды. Самарқанның қаңырап
қалғаны жəне Бұхарада көптеген адамдардың аштыққа ұшырауы осыған дəлел.
Жоңғар шапқыншылығына байланысты шаруашылық күйзеліс басталып, ол
қазақ билеушілері арасындағы қарым-қатынасты одан əрі шиеленістіріп жіберді.
Қазақ жүздерінің одан əрі саяси жəне экономикалық ыдырауын тоқтатып,
қалыптасқан жағдайдан шығудың бірден-бір жолы - жауға қарсы бірігіп күресу
болды.
Алайда азаттық күрестің алғашқы кезеңінде қазақ хандары мен сұлтандары
қарсылықты ұйымдастыруға икемсіз болды. Тəуелсіздік үшін күресті халық
арасынан шыққан батырлар басқарды. 1724 жылдың өзінде-ақ қазақтар алғашқы
жеңістерге жетті.
1726 жылдың күзінде Оңтүстік Қазақстандағы Ордабасы деген биікте
бүкілқазақ съезі өткізілді. Съезге қатысушылар бірге болуға, өз қимылдарын
8
үйлестіріп отыруға, жауға біріккен майдан құруға ант берді. Бүкіл қазақ
жасағының қолбасшысы болып Кіші жүз ханы Əбілқайыр сайланды.
Соғыс қимылдарының басталуы Торғай даласының оңтүстік-шығыс
бөлігіндегі Бұланты жəне Белеуті өзендерінің бойындағы Қарасиыр деген жерде
болды. Қазақ жасағы қол жеткізген алғашқы ірі жеңіс халықтың рұхын көтеріп,
жауға қарсы күреске жігерлендірді. Кейіннен бұл жер “Қалмақ-қырылған” деп
аталып кетті.
Жоңғарларға қарсы қазақ халқының азаттық соғысының жеңіспен
аяқталуында Аңырақай шайқасы аса көрнекті роль атқарды. 1730 жылы Балқаш
көлінің солтүстік-батыс шегі жағында жатқан Алакөл маңында шешуші шайқас
болды. Оған барлық үш жүздің жасақтары қатысты.
Шайқас жекпе-жектен басталды. Жоңғарлар жағынан ортаға талантты
əскербасы, қоян-қолтық ұрыстың асқан шебері Шарыш шықты. Қазақтар жағынан
жекпе-жекке жиырма жасар Сабалақ (Абылайдың бүркеншік аты) сұранды.
Абылай осы жекпе-жекте өзінің қаһарлы қарсыласын жеңіп, есімін мəңгі даңққа
бөлеген.
Шайқастың сəтті басталуы қазақ жауынгерлерін жеңіске жігерлендірді. Олар
өздерінің ерлігін, ержүректігін, тастүйін бірлігін жəне жоғары əскери
машықтанғандығын танытты. Əбілқайыр хан мен оның серіктерінің ең жақсы
қасиеттері осы шайқаста көрінді.
Аңырақай шайқасында жеке ерлігін жəне ұйымдастырушылық қабілетін
көрсеткендер арасында батырлар, билер, сұлтандар, рубасылары - барлық үш
жүздің өкілдері болды. Солардың ішінде Қаракерей Қабанбай, Қанжығалы
Бөгенбай, Шақшақ Жəнібек, Тама Есет, Шапырашты Наурызбай, Бəсентиін
Малайсары сияқты батырлар ерекше көзге түсті.
Аңырақай шайқасы нəтижесінде жоңғарлар қазақ жерлерін тастап шығуға
мəжбүр болды. Қазақтардың түбірлі жеңіске жетуіне жол ашқан Аңырақай
шайқасы халық санасында үлкен бетбұрыс туғызды. Бірлескен күш арқылы жауды
жеңіп, рухы көтерілген халық жоңғарларды жеңугеболатынын түсінді. Аңырақай,
Қалмаққырылған шайқастарындағы айбынды жеңіске қарамастан, жау əлі де
9
күшінде болатын, сондықтан кейінгі жылдарда да оларға қарсы ұзақ əрі
титықтататын күрес күтіп тұрды.
1. 2 Кіші жүздің жəне Ресей бодандығын қабылдауы. Əбілқайыр хан.
ХУ111 ғасырдың басында Ресей империясының “Шығыс саясаты” жандана
түсті. Шығыс жақтағы отарлау қозғалысының күшеюіне əр түрлі жағдайлар əсер
етті. Қазақ даласы Ресейді Шығыс елдерімен байланыстыратын көпір іспеттес еді.
Қазақ жерлері арқылы Европа мен Шығысты байланыстыратын ең қысқа сауда
жолдары өтті. Сонымен қатар, бұл аймақтың жер қойнауындағы мол байлықты
иелену, оны империяның мұқтажын өтеуге ұмтылыс та орын алды.
Алайда, ХУ111 ғасырдың басында Ресей Қазақстанға қарсы ашық
отаршылдық саясат жүргізе алмады. Өйткені I Петр патшаның алдындағы басты
мақсат - “Европаға терезе ашу”, яғни елдің батыстағы позициясын нығайту болды.
Осы кезде басталған орыс-швед соғысы соның дəлелі болатын. Сонымен бірге
өзінің əскери жəне экономикалық басымдығына қарамастан сол кезде Қазақстанды
күштеп бағындырып алуға бұл аймақтағы күші жеткіліксіз болатын. Дегенмен
Қазақстанды өз уысынан шығарып алмау үшін бұл жерлерде өзінің саяси ықпалын
орнатуға тырысты.
ХУ111 ғасырдың басында Орыс мемлекеті өз тарихының аса бір күрделі
кезеңін басынан өткізіп жатты. Елдің экономикалық жағынан бірігуі,
мануфактуралық өндірістің пайда болуы Ресейдің артта қалушылығын
жоюға, I Петрдің реформаларының жемістілігіне алғы шартттар жасады. Елдің
сыртқы саясаты жер иеліктерін кеңейтуге, ашық теңіздерге жол ашуға, Шығыс
жəне Батыс елдері арасындағы сауда-саттықтың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге
бағытталды.
Ресейдің шығыс бағыттағы саясатының жандануына əр түрлі факторлар əсер
етті. . Ең алдымен бұл Ресейдің жер көлемін кеңейтуді қамтамасыз етті. Сонымен
қатар Қытай жəне Үндістанмен сауда-саттықты жеңілдетті. Ең бастысы бұл
10
аймақтарда бай руда көздерінің табылуы патша əкімшілігінің ерекше
қызығушылығын тудырды.
1713 жылы Сібір губернаторы М. Гагарин I Петрге Ертіс бойына бекініс
салып, “алтын құмға” бай Жаркентке дейін жол салу жоспарын ұсынды. 1714 жылы
1 Петрдің Ертіс бойына подполковник И. Бухгольц бастаған ірі əскери
экспедицияны жіберу туралы жарлығы шықты. Оның құрамында 3017 адам болды.
Мақсаты - “қалалар салу үшін алтын, күміс жəне мыс кендері көздерін табу”.
Алайда 1715 жылы басталған экспедиция сəттіз аяқталды. Жоңғарлардың
шабуылына ұшыраған отрядтың тек 700 адамы ғана қоршаудан шығып, 1716 жылы
Ямышев жəне Омбы бекіністерінің негізін салды. 1717 жылы полковник И Ступин
басқарған экспедиция ұйымдастырылып, олар Железинка (1717), Семей (1718)
бекіністерін салды. 1719-1720 жылдары И Лихарев бастаған экспедиция Өскемен,
Коряков (1720) бекіністерін салды. Осы əскери бекіністер Жоғарғы Ертіс қорғаныс
шебін құрады.
Аңырақай шайқасындағы жеңіс қазақ қоғамындағы əртүрлі шиеленісті
мəселелерді шеше алмады. Жоңғар хандығы тарапынан жаңа шабуыл қаупі
сақталып қалды. Осы кезде Иран шахы Надирдің Хиуа хандығына шапқыншылық
жасап, Сырдария бойындағы аймақтарға қауіп төндіруі де жағдайды біраз
ауырлатты. Жоңғар басқыншылығы қазақ қоғамының əлеуметтік қатынастарында
да терең із қалдырды. Елдің қаңыратылып, күйзетілуі кедейлердің санын
көбейтті. Осы кезде Болат ханның қайтыс болуына байланысты қазақ
жасақтарының жетекшілері билікке таласа жанжалдасып қалды да, мұның өзі
ойраттардың жағдайын жеңілдетіп, қазақ халқының жоңғарларға қарсы күресіндегі
көптеген құрбандықтары мен күш-жігерін жоққа шығарды.
Қазақ хандықтары билеушілерінің алдында маңызды да күрделі міндет -қазақ
жүздерін сыртқы жаудан қауіпсіз ету жəне елде күшейе түскен феодалдық
бытыраңқылықты жою міндеті тұрды.
Қазақтардың сыртқы жағдайларының күрделілігі одан аман шығудың
жолдарын іздестіре беруге түрткі болды. 1726 жылы Кіші жүз ханы Əбілқайыр,
ағамандар Сүгір, Едікбай, Қажыбай, Құлымбай жəне басқалары Ресейден Кіші жүз
11
қазақтары үшін “қорғаушылық сұрауға” елші Қойбағарды жөнелтті. Бірақ оның іс-
сапары сəтсіз аяқталды. Орыс жағы елшінің өкілеттігіне күмəн келтірген сыңай
танытты. Шындығында Ресей басшылығы қазақ-жоңғар қақтығысында оқшау
позиция ұстауға тырысты. Əйтсе де Əбілқайыр өзінің көздеген мақсатын аяқсыз
қалдырмайды. Ол 1730 жылдың жазында Уфа наместниктігі арқылы Петербургке
өз елшілігін жіберіп, Ресей императрицасынан өзін ұлысымен бірге Ресей
империясының бодандығына қабылдауды өтінеді. Бұл жолы Əбілқайырдың
елшілігіне барынша құрмет көрсетіліп, оның Құтлымбет Қоштав бастаған 7
адамнан тұратын елшілеріне бағалы сыйлықтар тартылады. 1731 жылдың 19
ақпанында императрица Анна Иоанновна Кіші жүзді Ресей бодандығына
қабылдайтыны жөніндегі сенім грамотасына қол қойды. Қазақ елшілері Дала
өңіріне Сыртқы істер алқасының тілмашы А. И. Тевкелев бастаған үлкен комиссия
қосылып, əскери күзет ертіліп қайтарылды, олардың ішінде “ жерлерді сипаттау
үшін жіберілген екі геодезист - А. Писарев пен М. Зиновьев болды” .
Əбілқайырдың сендіруіне иек артқан Ресей жағы бодандыққа өтуді Кіші
жүздің барлық сұлтандары мен ағамандары қалайтын болар деп шешті. Алайда,
1731 жылы қазанда А. Тевкелев Ырғыз өзені бойындағы Əбілқайырдың ақ ордасына
келгенде Ресей азаматтығын қабылдау мəселесі бойынша феодалдық ақсүйектер
арасында айтарлықтар алауыздық бар екендігі анықталды. Барақ сұлтан бастаған
“қарсы партия” келіссөздердің өтпеуіне шаралар жүргізді. Олар Əбілқайыр ханға
Ресеймен тек əскери одақ құруға ғана өкілеттік бергендерін алға тартып,
бодандыққа өтуге үзілді-кесілді қарсы шықты.
Бөгенбай тобының ханға қолдау көрсетуі тартысты біраз бəсеңсітті. Сатып
алу, сөз байласу, ал кейде ашық қоқан-лоққы көрсетіп, қорқыту арқылыА. Тевкелев
хан ордасындағы күштердің арақатынасын өзгертуге қол жеткізді. Сонымен, 1731
жылдың 10-қазанында хан ордасында Əбілқайыр бастаған 29 ақсақал ант берді.
Осылайша қазақ жерлерінің Ресей құрамына енуі басталды.
Орта жəне Ұлы жүздер Ресейге кейінірек қосылғанымен, Əбілқайыр хан
патша өкіметіне өтініш білдіргенде бүкіл қазақ халқы атынан сөз салған-ды.
Мұның өзі жоңғарларды сөзсіз абайлаттырды жəне оларды орыс-қазақ
12
қатынастарының онан əрі дамып бара жатқанына секеммен қарауға мəжбүр етті.
Ресей императрицасының жарлығында сол кезде-ақ ресми түрде азаматтығын алған
қазақтарды мазасыз көршілерінің жауластық əрекеттерінен сақтайтындығына
кепілдік беретін пункттер болды: ”егер Сіздерге, қайсақтарға (қазақтарға) жаулар
шабуылдайтын болса, онда Сіздер олардан біздің күшімізбен қорғаласыздар”.
Кіші жүздің Ресей азаматтығын алуының оң негізін теріске шығармасақта,
Əбілқайырдың Ресей əкімшілігіне сүйеніп, өзінің саяси қарсыластарының
позициясын əлсіретуге, жеке билік жүргізу үшін күресте өзінің негізгі
бақталастарынан асып түсуге үміт артқан пайдакүнемдік мүддесін назардан тыс
қалдырмаған жөн.
Өз миссиясын сəтті аяқтаған А. Тевкелев Найзатескен алқабынан қайтар жолға
аттанды. 1733 жылы 2 қаңтарда ол Əбілқайырдың Петербургке жіберген жауап
елшілігімен Уфаға жетті. Бұл миссияны ханның екінші ұлы Ералы сұлтан
басқарды. Келіссөздер нəтижесінде Кіші жүздің Ресей бодандығына кіруі түпкілікті
ресімделді.
Алайда, Кіші жүз Ресейдіің азаматтығын қабылдағаннан кейін де
Қазақстандағы жағдай күрделі күйінде қала берді. Орта жəне Ұлы жүз шектеріне
жоңғарлардың тұтқиылдан басып кіру қатері сақталып қалды.
30-жылдардың екінші жартысында Ғалдан-Церен Орта жүздің шекарасына
əскер төге бастады. Осыған байланысты Ресей императрицасының 1734 жылғы
маусымда Орта жүзді Ресей құрамына қабылдау туралы жарлығы саяси жағынан
ақталды. Осы жылы Ұлы жүздің Жолбарыс хан бастаған бір топ билері мен
сұлтандары да Ресей бодандығын қабылдауға ниет білдірді. Дегенмен бұл
аумақтардың көп бөлігі іс жүзінде Х1Х ғасырдың ортасына дейін дербес күйінде
қалып келді.
Қосып алған жерлеріндегі шептерін нығайту үшін 1734 жылы арнайы
Орынбор комиссиясы құрылды. Оны Сенаттың обер-хатшысы И. К. Кириллов
басқарды. 1735 жылы отаршылдық саясаттың тірегіне айналған бекініс, қазіргі
Орынбор қаласының іргесі қаланды.
13
1737 жылы И. К. Кириллов қайтыс болғаннан кейін Орынбор өлкесінің
губернаторы болып белгілі тарихшы, қабілетті əкім Н. Татищев тағайындалды. Кіші
жүз бен Орта жүздегі ықпалды шыңғыс ұрпақтарының бодандығын нығайту оның
ең басты саяси мақсаты болып қала берді.
Ресей империясы мен қазақ жүздері арасындағы келісім-шарттарда көптеген
маңызды мəселелер мүлде қарастырылмай, орағытылып өтіп отырды. Осы жағдай
əртүрлі түсінбеушіліктер тудырды. Əбілқайыр ханның Ресей əскери күшінің
көмегімен өз ықпалын нығайтпақ болған үміті де ақталмады. Орынбор
губернаторлығына И. И. Неплюев тағайындалғаннан кейін ол Əбілқайырдың
өзінің жеке билігін əлсіретуге тырысты. И. И. Неплюев өз мақсатына жету үшін
күрестің ең жымысқы əдістерін қолдануды тартынбай жүргізді. Ұлтаралық
араздықты ұшықтыруға тырысты.
Көреген хан ойрат қаупі жойылғаннан кейін Петербургтің жəне Орынбор
губернаторының түпкі мақсаты бүкіл Қазақстанды империяның отарына
айналдыру, өздеріне ұнамайтын ықпалды сұлтандар мен ақсақалдарды əр түрлі
əдістермен жою, ал ханды айтқанынан шықпайтын орындаушы деңгейіне дейін
төмендету екенін бірден-ақ аңғарды. Орыс əкімшілігі тарапынан болған
дөрекіліктерге ашуланған хан мен “бодандыққа қылыштың күшімен емес, өз
еркіммен кірдім . . . ”, “орыстар бізді қалмақтар мен башқұртттар сияқты еткісі келеді,
бірақ біз ауыр езгіге көніп тірі жүргенше, өлуге дайынбыз”, “біз Жайықтың суы
кері аққанда ғана отар боламыз” деп мəлімдеген болатын. ХVIII ғасырдың 40-
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz