Қоғамның даму кезеңдерін анықтаудағы негізгі көзқарастар


8-тақырып. Қоғамның даму кезеңдерін анықтаудағы негізгі көзқарастар
8. 1. Адамзат қоғамы дамуының индетерминистік және детерминистік тұжырымдамасы
8. 2. Қоғам дамуын кезеңдендірудің формациялық жолы
8. 3. Қоғам дамуының өркениеттік теориясы
8. 1. Адамзат қоғамы дамуының индетерминистік және детерминистік тұжырымдамасы
Қоғамның әлеуметтік-экономикалық дамуын кезеңдендіруді бағалау тұрғысынан барлық теорияларды екі негізгі топқа бөлуге болады:
- Тарихи процестің бірлігін, адамзаттық прогрессивті әлеуметтік-экономикалық дамудың жалпы заңдылықтарын мойындайтын теориялар
- Осы процестің белгілі бір прогрессивті заңдылықтарын мойындайтын теориялар
Индетерминистік тұжырымдамаларға адамзат тарихы заңды жаратылыстанушы - тарихи процесс ретінде емес, әрқайсысының жеке жолы бар, қатар тіршілік ететін мәдени-тарихи типтер (А. Тойнби, Н. Я. Данилевский), локалды мәдениеттер (О. Шпенглер) немесе мәдени үлкен жүйелер (П. Сорокин) жиынтығы ретінде көрсетіледі. Арнольд Тойнбидің жүйесінде тарихи процестің негізгі бірлігі рухани дәстүрлермен біріктірілген, белгілі бір аумақта өмір сүретін адамдар қауымдастығын белгілеуге қызмет ететін локальдық өркениет түсінігі болып табылады. Ол бірінші, екінші тіпті үшінші өркениетті бөліп көрсетеді. Адамзат тарихында А. Тойнби барлығы жиырма шақты өркениетті атайды. Олардың ішінен ХХ ғасырдың ортасында қандай да бір дәрежеде жетуі ғана сақталып қалды (батыс христиандық, православиялық христиандық, ислам, индуистік, қиыр шығыстық, будистік, христианды-иудаистық) .
Детерминистік тарихи процестің детерминистік тұжырымдамалары адамзат қоғамының прогресивті дамуын таниды. Бірақ даму негізіне салынған құбылыстар түрліше пайдаланылады. Анықтаушы себеп ретінде техникалық базис (халық өсуі, табиғи шарттар немесе техника мен технологиядағы өзгерістер) немесе экономикалық (өндірістік қатынастар нысанының дамуы) базистің бір не бірнеше элементтері, не қондырмаға жататын факторлардың бірі (құқық, мемлекет, әлеуметтік психология және т. б ) жүре алады. Бірінші бағыт шеңберін демографиялық, географиялық және технологиялық детерминизм тұжырымдамаларын, сонымен қатар өндірістік қатынастар нысанын абсолюттендіретін теорияларды бөліп көрсетуге болады. Екінші бағыттың сан алуан түрлері институционализм шеңберінде дамиды.
Демографиялық детерминизм. Адамзат дамуы тарихын халық өсуімен түсіндірудің жекелеген қадамдары ежелгі және орта ғасырларда пайда болды. Бірақ 18 ғасырда ғана демографиялық детерминизмнің болашақ тұжырымдамасының элементтері қалыптаса бастады. (Ж. Ж Руссо, К. А. Гельвеций) . Кейінірек Т. Р. Мальтус ілімінде халық өсуі тәуелсіз ауыспалы шама, халық кедейлілігі мен қайыршылықтың көзі ретінде қарастырылды. Бірақ халық орналасуының мальтузиандық тұжырымдамасы шын мәніндегі тарихи процесс теориясы болған жоқ, себебі ол халық өсуінің сапалық кезеңі мен қоғам нысаны өзгеруінің арасындағы байланысты орнатпады.
Демографиялық детерминизмнің писсимистік нысаны мальтузиандық қатар 19 ғ. аяғы 20 ғ. басында демографиялық детерминизмнің оптимистік нысаны үлкен дамуға ие болды (А. Кост, А. Секретан, О. Бугле) Францияда ол ерекше дамуға ие болды. 19 ғасырдың соңғы он жылдығында халық өсуінің баяу қарқыны тән және мальтузиандық аса танымал болмаған. Міне осы кезде француз саяси экономы және статистігі А. Кост “Обьективті социология принциптері” және “Халықтар тәжірибесі және оған негізделген ұсыныстар” атты екі еңбек шығарды. Оларда ол барлық әлеуметтік құбылыстар демографиялық факторларға байланысты болады деп дәлелдеуге тырысты.
Географиялық детерминизм. Географиялық детерминизм тұжырымдамаларында адам мен табиғаттың өзара әрекеті біржақты, адамзат қоғамының қоршаған ортаға тәуелділігіне қарай қарастырылады. Ал шын мәнінде қоғам мен табиғаттың өзара әрекеті күрделірек құбылыс. Ол адамзат дамуының баяулауы немесе жеделдетілуімен ғана шектеліп қоймайды. Бір жағынан, адамзат қызметі әсерінен өмір сүру ортасы өзгеріп, осы өзгерістер жинақталып отырады. Басқа жағынан сыртқы табиғатқа әсер етіп, оны өзгерте отырып, адам сол уақытта өз табиғатын да өзгертеді. Тарихи даму барысында қоғам өндіріске бұрын адам қолы жетпейтін қоршаған ортаның жаңа компоненттерін үсті-үстіне тарта бастайды. Сондықтан қоғам мен табиғаттың өзара әрекет етуінің өзі тарихи жағынан өте ертеден келеді. Ол өндірістік күштер дамуы деңгейіне ғана емес, әрекет етуші өндірістік қатынастар сипатына да тәуелді болады. Сонымен, қоршаған орта өндіріс дамуының шарты, өндірістік күштер дамуының факторы ретінде ғана жүріп қоймай, белгілі бір және өсіңкі көлемде осы даму нәтижесі болып табылады.
Технологиялық детерминизм. Ғылыми-технологиялық революция әсерінен техникалық прогресті абсолюттендіретін теория жиі пайда болып, кең танымал болды. Осы теориялардың бастауын 20 ғасыр басындағы П. Энгельмейер, Ф. Десеауера, М. Шнейдер, М. Эйта сияқты ғалымдар еңбегінен байқауға болады. Ғылыми-техникалық факторларды артық бағалау және қоғамдық тарихи жағдайларды кең бағалау “легалдық марксистер” мен неміс социал демократтары және орыс меньшевиктеріне тән болды. Бірақ тарихи процестердің технологиялық теориясының ең кең дамыған кезі соғыстан кейінгі жылдар болды.
1960 ж. американдық экономист Уолт Уитмен Ростоудың “Экономикалық өсу кезеңдері” атты кітабы жарық көрді. Осы кітапта У. Ростоу өсудің 5 негізгі кезеңін бөліп көрсетеді:
- Дәстүрлі қоғам;
- Өрлеудің алғы шартын құру кезеңі;
- Өрлеу;
- Кәмелетке қозғалу;
- Жоғарғы жаппай тұтыну заманы.
Бірінші- “дәстүрлі қоғам” кезеңі үшін өндірушілердің үш ширегінен артығы азық-түлік өндірумен айналысуы тән болады. Ұлттық табыс негізінен еріксіз пайдаланылады. Қоғам құрылымы саяси өкімет жер иелері немесе орталық үкімет иелігінде болатын иерархияны құрайды. Екінші кезең - “өрлеудің өтпелі кезеңі” болып табылады. Осы кезеңде үш өнеркәсіптік емес сферада елеулі өзгерістер жүреді: ауыл шаруашылығында, көлік пен сыртқы саудада. Үшінші кезең - ”өрлеу”, уақыттың салыстырмалы шағын ғана аралығын, бір-екі онжылдықты қамтиды. Осы кезде капитал салу қарқыны өседі, халық басына шаққандағы өнімді шығару елеулі өседі, өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығына жаңа техниканы тездеп енгізу басталады. Экономиканы жетілдіруді қолдаушылардың дәстүрлі қоғамды қорғаушыларды жеңуі жүреді. Төртінші-“кәмілетке қозғалу” кезеңін У. Ростоу техникалық прогрестің ұзақ кезеңі ретінде суреттейді: урбанизацилау процесі дамиды, білікті еңбек үлесі артады, өнеркәсіп басшылығы білікті басқарушылар - менеджерлер қолына шоғырланады. Бесінші - “жоғары жаппай тұтыну заманы” кезеңінде ұсыныстан сұранысқа, өндірістен тұтынуға жылжу іске асырылады.
Өзінің “Cаясат және өсу кезеңдері” атты жұмысында У. Ростоу алтыншы - “өмір сапасын іздеу кезеңін “ қосады. Онда бірінші орынға адамның рухани дамуы шығарылады.
Индустриядан кейінгі қоғамға кең тарихи жол тән болады. Мысалы, Том Стоуньер өзінің “Ақпараттық байлық: индустриядан кейінгі экономика профилі” атты кітабында адамзат үш сапалы кезеңді бөліп көрсетеді: аграрлық, индустриялық және ақпараттық экономика кезеңдері.
У. Ростоуға қарағанда Т. Стоуньер қоғам дамуында бір емес (өнеркәсіптік), екі(өнеркәсіптік және ақпараттық), революцияны бөліп көрсетеді. Сонымен қатар ол өндірістік күштер дамуындағы саралық кезеңдерді экономика мен саясаттағы революциямен байланыстырады. Өнеркәсіптік революция нәтижесінде “алдымен экономикалық содан соң саяси өкімет біртіндеп ақсүйектер қолынан капиталистер қолына” біртіндеп өтті, ал ақпараттық процесте “экономикалық және саяси өкімет ақпаратты өндірушілерге” өте бастады.
19 ғ. аяғы мен 20 ғ. басында институционализм - адам қоғамының дамуының өндірістік қатынастармен ерекшеленуін мойындамайтын және жылжушы күштер ретінде психобиологиялық (Т. Веблен), әлеуметтік-құқықтық (Дж. Коммонс), мемлекеттік және басқа институттар сияқты экономикалық емес факторларды танитын ағын пайда болды.
Соғыстан кейінгі жылдары институционализмде жалпы адамзат дамуын суреттеуге қадам жасалды. Тарихи процесті түсіндіруге тырысатын ірі жұмыстардың бірі Вашингтон университетінің қытай тарихының профессоры Карл Август Виттфогельдің “Шығыс деспотизмы. Тоталдық өкіметті салыстыра зерттеу” еңбегі болды. Мемлекет бюрократтық аппаратқа сүйеніп, жеке меншік тенденциялардың дамуын басып тастайды. Бұл қоғамдағы үстем кластың байлығы өндіріс құралына деген иелікпен емес, мемлекеттің иерархиялық жүйесіндегі орнымен көрінеді. Сонымен, табиғи жағдайлар мен сыртқы әсерлер мемлекет нысанын, ал ол өз кезегінде әлеуметтік стратификация типін анықтайды.
Экономикалық қызметтерді орталықтандыру дәрежесі бойынша Виттфогель деспотияның үш негізгі типін бөліп көрсетеді: 1) ”гидравликалық қоғам” (Египет, Вавилон, Үндістан, Қытай, Мексика, Перу және т. б. ) ; 2) ”маргиналдық қоғам” (Византия) ; 3) ”субмаргиналдық қоғам” (Туркия және Ресей) . Егер бірінші тип қоғамдарында қандай да бір орталықтандырылған деспотизмнің пайда болуы табиғи қажеттілік (бөгендер, каналдар мен басқа ирригациондық құрылыстарды салу) қажет етсе, екінші және үшінші типтегі қоғамдарда деспоттық өкімет ”гидравликалық қоғам” қысымы әсерімен пайда болады. КСРО-да социализм құруды Виттфогель қазіргі машина техникалық базасында “гидравликалық қоғамға ” қайту ретінде бейнеледі.
Институционалистер тұжырымдамасы үшін талдаудың бірқатар маңызды буындарын бағаламау тән. Оның ішінде Виттфогельде өндіріс тәсілінің өндіргіш күштер мен өндірістік қатынастар сияқты құрастырушы элементтерін талдау түсіп қалып отырады.
8. 2. Қоғам дамуын кезеңдендірудің формациялық жолы
Адамзат қоғамы дамуы тарихының формациялық жолы негізінде ”материалдық игіліктерді өндіру тәсілі” түсінігі жатыр. К. Маркс зерттеу методологиясындағы орталық орында, ол туралы ” саяси экономияны сынауда” 1859 ж. айтқан базис пен қондырма туралы тұжырымдаманы алып отырады. Жұмыстың негізгі идеясы былай беріледі: өз өмірінің қоғамдық өндірісінде адамдар белгілі қажетті, олардың материалдық өндірістік күштерінің дамуының белгілі бір дәрежесіне сай келетін, бірақ олардың еркінен тыс қатынастар - өндірістік қатынастар жүреді. Осы өндірістік қатынастар жиынтығы заңдық және саяси қондырма орналасатын және қоғамдық танымның белгілі бір нысандары сәйкес келетін нақты базисті, қоғамдық экономикалық құрылымды құрайды. Материалдық өмірді өндіру тәсілі жалпы әлеуметтік, саяси және рухани процестерді көрсетеді. Тұрмысты адамдардың сапасы емес, керісінше олардың қоғамдық тұрмысы сапасын анықтайды.
8. 3. Қоғам дамуының өркениеттік теориясы
Өркениет теориясы тарихи процестің, үздіксіздігіне көңіл аударуға, оның өзара байланысы мен мұрагерлігін көрсетуге, адамзаттың материалдық және рухани байлағын жинақтауға мүмкіндік береді. Бұл қоғамның материалдық және рухани мәдениеті баспалдақтарын, олардың бірлігінде бөліп көрсетуге негізделген кеңірек жол.
Экономикалық жүйелерді зерттеудің өркениетті жолының ерекшелігі талдаудың көпқырлылығы, критерийлердің көптігі, олардың тар экономикалық өлшемдерге жақындамайтындығы болып табылады. Өркениетті жүйелердің бірнеше жіктелімін бөліп көрсетуге болады. Қоғамның индустриалдық дамуына сай келеді Оның түрлері:
-индустриялыққа дейін (дәстүрлі) ;
-индустриялық (экономикалық) ;
-индустриялықтан кейін (экономикалықтан кейінгі өркениет) .
- Әлеуметтік-саяси және экономикалық факторлардың өзара әрекетін сипаттайды:
-дәстүрлі (патриархалды, авторитарлы) өркениет;
-либералды (нарықтық, демократиялық) өркениет;
2. Әлеуметтік-мәдени фактор мен оған байланысты түрлі қоғамдардың құндылық бағытының жеткілікті тұрақты жүйесі роліне акцент жасайды. Осы сияқты өркениеттерді локалдық, кеңістігі шектеулі (батыс еуропалық, исламдық) және көлденең (салыстырмалы тұрақты) ретінде баяндауға болады.
3. Қоғамдық даму бірегей әлемдік өркениетті қалыптастыру бағытында жүреді және 7 өркениет бөліп қарастырылады:
-неолиттік - ұзақтығы 30-35 ғасыр;
-шығыс құл иеленуші (қола ғасыры) - ұзақтығы 20-23 ғасыр;
-антикалық (темір ғасыры) - ұзақтығы 12-13 ғасыр;
-бұрыңғы феодалдық - ұзақтығы-7 ғасыр;
-индустриалдыққа дейінгі - ұзақтығы 4-5 ғасыр;
-индустриалдық - ұзақтығы 2-3 ғасыр;
-индустриалдықтан кейінгі - ұзақтығы 1-3 ғасыр.
Шотландық философ Адам Фергюсон 1768 ж. ”Азаматтық қоғам тарихының тәжірибесі” кітабында адамзаттың бүкіл тарихын үш кезеңге бөлді: жабайылық, варварлық және өркениет. А. Фергюсон ұзын кезеңдендіру негізінде материалдық белгілерге: шаруашылық қызмет пен меншік нысандарының дамуын жатқызды.
А. Фергюсон жабайылықты - аңшылық шаруашылық кезеңі, яғни жеке меншіктің болмауы тән болатын кезең ретінде, варварлықты - заңмен бекітілген жеке меншік пайда болуымен қатар жүретін мал шаруашылығы кезеңі, өркениетті - жеке меншік үстемдік ететін жер шаруашылығы кезеңі ретінде сипаттайды.
Тарихты осылай білуді Льюис Генри Морган өз жұмысында пайдаланды. Бірақ ол әр заманды баспалдаққа (төменгі, орташа және жоғарғы) бөліп анықтады және алғашқы қоғам дамуы критерийлерін нақтылады. Л. Г. Морган саралауында бірізді этникалық кезеңдерді атап өтетін прогресс көрсеткіштері ретінде материалдық немесе рухани мәдениеттің жекелеген құбылыстары алынды. ”Отбасы, жеке меншік пен мемлекет пайда болуы” жұмысында
Ф. Энгельс моргандық схеманы қалпына келтірумен шектелмей, оны толықтырады.
Қоғам тарихын алушы мен өндіруші шаруашылық кезеңдеріне бөлу тарихи процесс теориясының фундаменталды ережелерінің бірі болып қалады. Сонымен қатар әлемдік тарихты өркениет тарихы ретінде талдау соңғы кезде өте өзекті болып отыр. Адамзат өркениет қауіпті жағдайда болып отырған объективтіліктің осындай жолының гуманистік (адамгершілік) мәні бар.
Қайталауға арналған сұрақтар
- Индетерминистік тұжырым қалай сипатталады?
- Демографиялық детерминизм дегеніміз не?
- Экономикалық өсудің бес кезеңдеріне сипаттама беріңіз?
- Өркениет дегенді қалай түсінесіз?
- Жеті өркениетті атап көрсетіңіз?
- Қоғам дамуын кезеңдендірудің негізгі жолдарын қандай?
- Технологиялық детерминизмнің мағынасы?
Тест
- Экономикалық жүйелердің формациялық жолдарының негізгі типтері
а) индустриалдық қоғам
б) өндірістің қоғамдық тәсілі және қоғамдық-экономикалық формация
в) өндірістің технологиялық тәсілі
г) басқару тәсілі
- Қоғамдық экономикалық формация
а) өндіріс тәсілі мен қоғамдық-саяси қондырманы қамтиды
б) институттарды қамтиды
в) дінді қамтиды
г) барлық жауап дұрыс
3. Қоғам эволюциясының формациялық тәсілдемесі:
а) неоклассиктер теориясында жасалған
б) марксистер еңбектерінде жасалған
в) қазіргі жағдайларда басым болып табылмайды
г) қазіргі жағдайларда басым болып табылады
д) барлық жауап дұрыс емес
4. Экономикалық өсудің бес кезеңі кімнің теориясында бөліп көрсетілген?
а) У. Ростоу
б) Д. Белл
в) В. Зомбарт
г) К. Маркс
д) Д. Гелбрейт
5. Өркениет түсінігі нені білдіреді?
а) техника
б) басқару формасы
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz