Қазақтардың е.пугачев бастаған шаруалар соғысына қатысуы


Пән: Қазақстан тарихы
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 3 бет
Таңдаулыға:   

ҚАЗАҚТАРДЫҢ Е. ПУГАЧЕВ БАСТАҒАН ШАРУАЛАР СОҒЫСЫНА ҚАТЫСУЫ

Ресейде болған 1773-1775 жылдары қамтыған Пугачев көтерілісінің негізгі себебі саяси жағынан басыбайлылыққа, орыс еңбекшілерінің патша үкіметінің қыспағына қарсы бағытталған бұқаралық қозғалыс.

Қазақтардың көтеріліске қатысуының алғы шарттары мен себептері:

1742 жылы қазан айының 19-да патша үкіметінің Жайық өзені бойында қазақтардың мал жаюына тиым салуы. ХVІІ ғ-дың 60 жылдарындағы Ертістің оң жағасындағы жақсы жерлерді казактарға таратып беруі. 1756 жылы Жайық өзенінің оң жағына көшіп қонуға рұқсат етпеуі. Жайық қазақтары мен Орынбор қазақ әскерлерімен арадағы тартыс.

Пугачев көтерлісін қазақ шаруаларының қолдауының алғышарты:

Кіші жүздің ірі ақсүйектері-сұлтандар Ералы, Досалы, Айшуақтың көтерлісті қолдау себебі, патша үкіметінің билігін әлсірету еді. Ал, Пугачевтың қазақ жерін қайтарып беруге уәде беруі шаруалар көтерлісін пайдаланып, қазақтарға тартып алынған жайлымдарды қайтару еді.

Кіші жүз қазақтарының шаруалар соғысына қатысу барысы:

Пугачев қолымен қосылып Жайық бекінісін қоршауға қатысты. Кулагин бекінісін алуда басты күш қазақтар болды. 1773 жылы қазан айында Пресногорьковск бекінісі маңында топтасты.

Пугачев Жайық қалашығына аттанар алдында Жоғары Богдан бекінісі жанындағы Көшім сайында Пугачевке Нұралы ханнан сыйлықтар алып, Зәбір молда мен қазақ Оразгелді Аманов барады. Осы жерде 1773 ж. 6 қыркүйекте Е. Пугачев қазақтарға арналған манифесін жазды. Онда былай делінген: «Мен сендердің бәріңді қалдырмай адал, алдамай жер, су мен шөп, азық-түлік, жылғалар мен өзендер, тұз бен нан, қорғасын беремін, бастан аяққа дейін киіндіремін». Е. Пугачев өзін III Петр патшамын деп жариялады. Ол Жайық бекінісіне шабуыл жасап, басып ала алмады. Оның әскерінің негізгі күші Орынборға қарай бет түзеді.

Е. И. Пугачевтің қазақтарға арналған алғашқы үндеулері рулар мен жүздер арасында қолдау тапты. Қазақтарға қатысты патша өкіметінің саясаты мен казактардың әрекеті жергілікті тұрғындардың желілерге, станциялар мен кардондарға қашуын көбейтіп жіберді. Құжат мәліметтерге қарағанда, өздігінен құралған қазақ қосындары Жайық қаласында, Озерная, Сахарная бекіністеріне, Коехаровский форпостына, Красногорский дистанциясындағы бекіністер мен форпостарына жақын келіп, Жайық өзенінен өтіп, адамдарды тұтқынға алды, малдарын даланың ішкі түпкіріне айдап әкетті.

1773 жылы 5 қазанда Орынборда қоршауға алу басталды және ол 1774 жылдың наурызына дейін бес айға созылды. Орынборды қоршауға алуға Е. Пугачевтің үш мыңға жуық әскері қатысты. Олар зеңбіректермен де қаруланды. Қазанның келесі күні қаланы шабуылмен басыл алу әрекеті жасалды, бірақ ол сәтсіз аяқталды.

1773 жылы қазанда Сейдалы сұлтан бастаған 200 адамнан құралған қосын қоршаудағы Жайық бекінісіне келді. Е. Пугачевтің жағында Досалы сұлтанның өзі мең оның қосыны Е. Пугачев жақтастарымен бірге Жайық бекінісін алу үшін жасалған шабуылға қатысты. Қазақтар сондай-ақ Кулагин бекінісін алу үшін жасалған шабуылға қатысты. Бұл шабуылдарға атаман Толкачев бірнеше Е. Пугачев жақтастарымен бірге басшылық жасады. Татищев бекінісін қоршауға алуға да қазақ жасақтары қатысты, оған басшылық еткен "кырғыз ханының ұлы" болды. Орынбор қоршауының әр түрлі кезеңінде көтерілісшілердің қатарында 2000-ға жуық қазақтар болды.

Е. Пугачевтің табыстарына тұрғындардың көтерілісшілерге деген жанашырлықтары себепші болды. Қазақтардың ендігі бір бөлігі Жайық өзеніне жақын Жоғарғы Жайық және Төменгі Жайық желілеріне қарай жылжыды. Қазақтар жаппай Жайық өзенінен өте бастады. Жайық өзенінен өтіп көше бастаган қазақтардың жаппай көшін тоқтату үлкен қиышылықтарға әкелді. Малды бір жерден екінші жерге айдау үнемі қазақ қосындарымен жанжалдасу, қақтығысу арқылы жүзеге асырылды. Қазақтар форпостар мен жекелеген қазақ разъездеріне жылдам шабуыл ұйымдастырып отырды. Патша өкіметінің өкілдері қазақтардың жаппай көтерілуінен қорықты, Ресей бекіністері мен станциялары үнемі шабуыл каупінде болды. Осындай жағдайда, қазақтар өздерінің малдарын ішкі жаққа қарай еркін жаюға тырысқанын айта кеткен жөн.

Сонымен, Татищев бекінісі түбегінде жеңілген соң Пугачев өзінің әскерімен Троицк бекінісіне қарай шегінді. Көмек алу мақсатымен Орта жүздің ел ағаларына жаушы аттандырды. 1774 жылы мамырда Пугачев Абылай ханға екі хат жіберді. Пугачевтің хаты мен үндеуі батырлар тарапынан жауапсыз калған жоқ. Кіші және Орта жүздің қазақтары Губерлинск бекінісін тас-талқан қылса, басқа бекіністерді қоршауға алды. Ор бекінісін бес күн бойы қоршауға алып тұрды. Тек қана жаңадан үкімет әскерінің келуінен соң ғана бекініс қоршаудан босатылды.

Орынбор генерал-губернаторы Рейнсдорф Нұралы және Абылай ханға, Айшуақ және Досалы сұлтандарға Пугачев әскері оңтүстікке, қазақ даласына қарай жылжитын болса шара колдануын сұрап хат жазды. Патша өкіметі бір халықты екіншісіне карсы пайдаланғысы келді. Қазақ коғамының бетке ұстарлары өздерінің қоғамдағы жағдайын жойып алудан қорқып, патша өкіметіне бар ынтасымен көмектесті.

1774 жылы маусымда Орта жүздің қазақтары Звериноголовск және Петропавловск бекіністері аралығында орналасқан Алабұға дала бекінісін талқандады. Дала бекінісінің гарнизоны толық құрамда қазақ косынына тұтқынға түсті. 1774 жылы тамызда болыстың старшыны Дайыр сұлтан үш мыңға жуық қазақты жинап, Пресногорьковск және Петропавловск бекіністеріне шабуыл жасауға дайындалды.

:
:
:

1774 жылы жазда Кіші жүз қазақтарының Ой желісіне шабуыл жасауы жиілеп кетті. Шағын қосындар малды айдап кетіп, Орынбордың түбінен адамдарды алып кетіп отырған. Пугачевтік көтерілісшілер қазақ қосындарымен бірге патша өкіметінің бекіністеріне, форпостарына және дала бекіністеріне 240 рет шабуыл жасады. Нұралы хан Елек қорғанысына келіп патша өкіметінен өзін қорғауын өтіңді. Көтеріліс жеңіліске ұшырады. Е. Пугачев жазаланды.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақтардың Е.И.Пугачев басқарған шаруалар соғысына қатысуы
Қазақтардың Е.И.Пугачев көтерілісіне үн қосуы
Қазақтардың Орынборды қоршауға қатысуы
Қазақтардың Е. И. Пугачев бастаған шаруалар соғысына қатысуы (1773 - 1775 жж)
Е.И.Пугачев бастаған шаруалар көтерілісі
Көтерілістің 1774 жылы қазақ жүздерінде дамуын теориялық зерделеу
Қазақ халқының патша үкіметінің отаршылдық саясатына қарсы азаттық күресі
Е.Пугачев басқарған шаруалар соғысында қазақтардың қатысуы
Е. Пугачев көтерілісінің сипаты
Сырым Датұлының өмірі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz