Қазақстан Республикасының референдумы


Пән: Мемлекеттік басқару
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 11 бет
Таңдаулыға:   

Мазмұны

Кіріспе . . . 3

  1. Қазақстан Республикасының референдумы туралы түсінік . . . 4
  2. Республикалық референдум негіздері . . . 8

Қорытынды . . . 11

Пайдаланған әдебиеттер . . . 12

Кіріспе

Референдум (лат. referendum - хабарлануға тиісті нәрсе) - мемлекеттік маңызы бар мәселені халықтық дауысқа салу. Мұндай демокр. ин-т алғаш рет Швейцарияда қолданылды. Арнайы даярлық қажет ететін төтенше, шұғыл мәселе дауысқа салынбайды. Референдумға заң немесе халықаралық шарт жобасы, басқару сипатындағы мәселелер ұсынылады.

Референдумның негізгі екі түрі бар:

Резолютивті Референдумда қабылданған шешімнің ешбір қосымша бекітусіз бірден мемлекет аумағында міндетті күші болады және жаңа Референдумда ғана күші жойылады;

Консультативті Референдум белгілі бір мәселе жайындағы халықтың пікірін білу үшін өткізіледі.

Мұндай Референдумның қорытындысы өкімет үшін міндетті болмайды. Халықар. құқықтық мәселе бойынша Референдум (көбіне плебисцит делінеді) өткізу 20 ғасырдың соңғы жиырма жылы ішінде өріс алды. Мыс., Еуропа Кеңесіне мүше болу-болмау мәселесі бойынша Франция, Дания, Норвегия, Швеция, Ирландия елдерінде Референдум өткізілді. Қазақстанда Референдум өткізу туралы шешімді ҚР Президенті қабылдайды. Оған 18 жасқа толған Қазақстан азаматы қатыса алады. Сот төрелігі, қорғаныс, ұлттық қауіпсіздік, салық саясаты, бюджет, билік орындарының құзыреті, басқару нысаны, адам бостандығы мен құқығы, әкімш. -аум. құрылыс пен шекара мәселесі Референдумға негіз бола алмайды. Тәуелсіз Қазақстан тарихындағы алғашқы Референдум 1995 жылы өткізіліп, халық бірауыздан Ата Заңды қабылдады. [1]

1. Қазақстан Республикасының референдумы туралы түсінік

Өткен жыл еліміздің саяси өмірінде Қазақстан Республикасының Конституциясына түзетулердің қабылдануымен және сайлау заңнамасына тиісті өзгерістердің енгізілуімен айтулы болды. Нәтижесінде, мәслихаттар депутаттарының кезекті сайлауымен қатар төртінші шақырылатын Парламент Мәжілісі депутаттарының кезектен тыс сайлауы өткізілді.

Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы (бұдан әрі - Ортсайлауком) Қазақстан Республикасының Конституциясын, «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық Заңын (бұдан әрі - Сайлау туралы заң), Қазақстан Республикасы Президентінің актілерін, сондай-ақ Ортсайлауком туралы ережені басшылыққа ала отырып, 2007 жылы өз қызметін Ортсайлаукомның 2007 жылғы 16 қаңтардағы № 81/153 қаулысымен бекітілген, жоғарыда аталған заңнамалық өзгерістерді ескере отырып түзетілген Жұмыс жоспарына сәйкес жүзеге асырды.

Есепті кезең ішінде Ортсайлауком республиканың сайлау комиссияларының қызметін үйлестірді, барлық сайлау процесі субъектілерінің сайлау туралы заңнаманы орындауын бақылауды жүзеге асырды, өз құзыретінің шегінде Республиканың бүкіл аумағында орындалуы міндетті, қажетті шешімдерді қабылдай отырып, оның бірыңғай қолданылуын қамтамасыз етті.

Төмен тұрған сайлау комиссиялары үшін әдістемелік материалдарды дайындау жүзеге асырылды, саяси партиялардың, ҮЕҰ, БАҚ өкілдерінің қатысуымен барлық деңгейдегі сайлау комиссияларының мүшелерімен тұрақты түрде республикалық және өңірлік семинар-кеңестер мен тренингтер өткізіліп отырды. Оларға Ортсайлауком мүшелері, оның аппаратының мүшелері қатысты.

Шұғыл талдау деректерін қамтамасыз ету мақсатында «Қазақстан Республикасындағы депутаттар мен сайлау ұйымдастырушылар туралы мәліметтер» ААЖ-н құру жөнінде жұмыс жүргізілді. Сайлауға дайындық кезінде Ортсайлаукомның өңірлік өкілдерімен бірге аталған бағдарламаның базасы өзекті жай-күйге келтірілді. ААЖ-ды сайлауға дайындау барысында бағдарламаның депутаттыққа ұсынылған, тіркелген кандидаттар туралы есептерді жасауы тестіден өткізілді.

Саяси партиялардың бірігуіне байланысты Сайлау туралы заңның 19-бабына сәйкес сайлау комиссиялары мүшелерінің 40 000-нан астам орны босады.

Республиканың барлық деңгейдегі мәслихаттары депутаттарының кезекті сайлауына дайындық кезінде және сайлау комиссияларының легитимділігін қамтамасыз ету мақсатында барлық деңгейдегі сайлау комиссияларының шығып қалған мүшелерінің орнына сайлау жөніндегі республика мәслихаттары сессияларының жұмысы үйлестірілді.

Республика мәслихаттарының өткізілген сессияларының қорытындыларын талдау сайлау комиссияларын жиынтықтау жөніндегі жұмысқа саяси партиялардың белсенді қатысатынын көрсетті. Республика бойынша бос орындарға барлығы 48 100 кандидат ұсынылған болатын, оның ішінде 39 134 - республикада тіркелген барлық 10 саяси партиядан, 6 458 - қоғамдық бірлестіктерден және 2 508 - жоғары тұрған сайлау комиссияларынан. Саяси партиялардың ұсынуы бойынша сайланған мүшелер саны 80%-ды құрады. Сонымен бірге комиссия мүшелерінің өткен қосымша сайлауына аз қатысқандар: Қазақстанның Коммунистік партиясы - ол республика партиялары ұсынған кандидатуралардың жалпы санының кемінде 5 %-ын ұсынды, 7 %-ға жуығын Жалпыұлттық социал-демократиялық партия мен Қазақстанның «АҚ ЖОЛ» Демократиялық партиясы ұсынды. Жүргізілген жұмыстың нәтижесінде еліміздің 9727 - учаскелік, 3335 - округтік, 167 - аудандық, 37 - қалалық және 16 облыстық (барлығы - 13282) сайлау комиссияларын қамтитын сайлау органдары толық жиынтықталды.

Сайлауға әзірлікпен байланысты әкімшілік-аумақтық бөліністі және сайлаушылар санының шамамен тең болуын ескере отырып, облыстық, аудандық және қалалық мәслихаттардың депутаттарын сайлау жөніндегі жекелеген бір мандатты сайлау округтерінің шекаралары қайта қаралып, оларға өзгерістер енгізілді. Сондай-ақ сайлау учаскелеріндегі сайлаушылардың саны заңда көзделген (3000 адамнан аспайтын) саннан аспауы үшін оған талдау жүргізілді.

Ортсайлауком Қазақстан Республикасы сайлау комиссияларының қызметін қамтамасыз ету үшін, төртінші шақырылатын Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутаттарының кезектен тыс сайлауы мен мәслихаттары депутаттарының кезекті сайлауын әзірлеу және өткізу үшін қажетті нормативтік және құқықтық актілер әзірледі.

2007 жылы 97 Ортсайлауком қаулысы қабылданды (тізбесі қоса беріліп отыр), Ортсайлауком Ақпараттық бюллетенінің 6 шығарылымын дайындау және жариялау қамтамасыз етілді.

Комиссия мүшелері мен аппарат қызметкерлері сотта, сондай-ақ басқа да ұйымдарда Ортсайлауком қызметінің құқықтық мәселелері қаралған кезде белгіленген тәртіппен оның мүдделерін білдірді.

Сайлау құқығы мен сайлау мәселелерін жария ететін қоғамдық-саяси, ақпараттық, талдау басылымдарына тұрақты түрде мониторинг жүргізіліп отырды.

Ортсайлаукомның Интернет-сайтымен жұмысқа үлкен көңіл бөлінді, бұл оның мол ақпаратты болуы мен ақпарат агенттіктері арқылы ақпарат тарату шұғылдығын арттыруға мүмкіндік берді. Сайттың дизайны мен құрылымы жаңартылды, оған қызмет көрсету үшін техникалық мамандар тартылды, сондай-ақ қорғалу дәрежесі артты.

Ортсайлауком веб-сайтының ағылшын тіліндегі нұсқасында кейіннен орналастыру үшін сайлау алдындағы науқанның барысы туралы шетелдік аудиторияға арналған материалдарды іріктеу жүргізілді. Ортсайлауком веб-сайтының ағылшын тіліндегі нұсқасы қазақ және орыс тілдеріндегі сайт нұсқаларына сәйкес келтірілген.

2007 жылы сайлау заңнамасына негізгі жаңа енгізілімдерді ақпараттық сүйемелдеуге және жұртқа танытуға, «Сайлау» автоматтандырылған ақпараттық жүйесін енгізу процесі мен оның артықшылықтарын жария етуге ерекше көңіл бөлінді.

Ортсайлауком құрған баспасөз орталығының қызметі қамтамасыз етілді. Ортсайлауком барлық бұқаралық ақпарат құралдарымен ынтымақтастықта болды, олардың ақпараттық материалдарға тең қол жеткізуін қамтамасыз етті. [2]

Ортсайлаукомның барлық іс-шараларына, меншік нысанына, саяси көзқарастарына және басылымдар мен редакциялық саясатына қарамастан, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері шақырылды. Ұйымдастырылған баспасөз конференциялары мен брифингтердің шеңберінде Ортсайлауком мүшелері журналистер қойған барлық сұрақтарға жауап беріп, қажетті түсініктемелер беріп отырды.

Ортсайлауком халықаралық конференциялардың, форумдардың жұмысына және басқа да іс-шараларға қатыса отырып, сайлау заңнамасы жөнінде тұрақты консультациялар жүргізіп отырды.

Осылайша, 2007 жылғы 9-11 ақпанда Ортсайлауком мүшесі М. А. Сәрсембаев Гамбург университеті жанындағы ЕҚЫҰ Зерттеулер орталығы ұйымдастырған «Орталық Азияда демократияны жылжыту проблемалары: Еуропа мен АҚШ тұрғысынан қарағандағы тәжірибе мен перспективалар» тақырыбындағы трансатлантикалық семинардың жұмысына қатысты. 2007 жылғы 14-21 наурыз аралығындағы кезеңде Ортсайлауком мүшелері сайлау органдары қызметінің сайлау науқандарын ұйымдастыру мен өткізу кезіндегі қызметінің барлық бағыттары жөнінде тәжірибе алмасу мақсатында жұмыс сапарымен Ресей Федерациясы Орталық сайлау комиссиясына барып келді. 2007 жылғы 22-23 наурызда «ҚР ОСК ИТО» РМК директорының орынбасары С. Ә. Уәлиев пен Ортсайлауком аппараты халықаралық қатынастар бөлімінің меңгерушісі А. Х. Арғынов ЕҚЫҰ/ДИАҚБ-ның Варшава қаласындағы (Польша) «Сайлауды байқау және электрондық дауыс беру» тақырыбындағы жұмыс кездесуіне қатысты, онда ЕҚЫҰ/ДИАҚБ сарапшысы Джесси Пилгрим мырзаның (АҚШ) 2006 жылғы шілдеде сарапшылардың бастапқы отырысында айтылған ұсыныстардың негізінде дайындаған ЕҚЫҰ/ДИАҚБ-ның электрондық дауыс беруді байқау жөніндегі басшылығын әзірлеу жөніндегі құжатының жобасы талқыланды. 2007 жылғы 26-29 наурызда Ортсайлауком мүшесі М. А. Сәрсембаев Вашингтонда өткен Ғаламдық электораттық ұйымның Халықаралық конференциясының жұмысына қатысты. 2007 жылғы 21-23 маусымда құрамына Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссия төрағасы С. Т. Тұрсынов, Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Б. К. Байқадамов және Ортсайлауком Төрағасының орынбасары В. К. Фоос кірген қазақстандық делегация Варшавада ресми сапармен болды. Сапар барысында Польша Парламенті Сенатының Төрағасы Б. Борусевичпен, Польша Орталық сайлау комиссиясының Төрағасы Ф. Рымажбен, ЕҚЫҰ/ДИАҚБ Директоры К. Штрохалмен кездесулер болды, сондай-ақ ЕҚЫҰ/ДИАҚБ-мен адам құқықтары мен сайлау құқығы мәселелері жөнінде келіссөздер өтті. Ортсайлаукомның ЕҚЫҰ/ДИАҚБ ұсынымдары ескерілген Қазақстан Республикасының сайлау заңнамасын жетілдіру жөніндегі ұсыныстарының, сондай-ақ 2006 жылы барлық саяси партиялардың, мүдделі мемлекеттік органдардың және басқа да сайлау процесіне қатысушылардың қатысуымен өткізілген дөңгелек үстелдерде жасалған ұсыныстардың пакеті ЕҚЫҰ/ДИАҚБ-ға табыс етілді. 2007 жылғы 18-19 қыркүйекте Ортсайлауком мүшесі М. Ә. Оспанова, Ортсайлаукомның Солтүстік Қазақстан облысындағы бас сарапшы өкілі Ж. К. Қазбеков және Ортсайлауком аппаратының аға сарапшысы Ж. А. Ысқақова Страсбургте (Франция) болған Еуропа елдерінің сайлау ұйымдастырушылары қауымдастығының жыл сайынғы конференциясының жұмысына қатысты, онда сайлау ұйымдастырушыларды оқыту проблемалары талқыланды. 2007 жылғы 1-5 қазан аралығында Ортсайлауком мүшесі М. А. Сәрсембаев қазақстандық делегация басшысы ретінде Варшавадағы Адамзаттық өлшем мәселелері жөніндегі ЕҚЫҰ Кеңесінің жұмысына қатысты.

2007 жылы Ортсайлауком Қазақстан Республикасының азаматтарын халықаралық ұйымдар байқаушылары миссияларының шет мемлекеттерге сайлауды байқаушылар ретінде жіберіп отырды.

Есепті кезең ішінде шет елдердегі сайлауға Қазақстан Республикасының атынан 122 байқаушы, оның ішінде 14 - ЕҚЫҰ/ДИАҚБ Миссиясының, 91 - ТМД байқаушылары Миссиясының, 5 - ШЫҰ байқаушылары Миссиясының және 12 - Ортсайлаукомдардың шақыруы бойынша жіберілді. Байқау 8 елде, оның ішінде Қырғыз Республикасында екі мәрте - референдум және Жогорку Кенешке кезектен тыс сайлау өткізу кезінде жүзеге асырылды.

Ортсайлауком барлық төмен тұрған сайлау комиссияларының қызметіне бақылау жасап отырды. «Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес сайлау науқанын материалдық-техникалық қамтамасыз етуге, барлық деңгейдегі сайлау комиссияларының қызметін қамтамасыз етуге және «Сайлау» автоматтандырылған ақпараттық жүйесін енгізуге ашық конкурстар өткізілді. 2007 жылы өткізілген сайлаудың уақтылы қаржыландырылуы қамтамасыз етілді.

Ортсайлауком мүшелері Қазақстан Республикасы Парламенті депутаттарының Парламент Палаталары мен олардың органдарының отырыстарына келуін бақылауды тұрақты түрде жүзеге асырып отырды.

Есепті жылда Ортсайлаукомның негізгі ұйымдастырушылық-саяси жұмысы маңызды сайлау науқандары - Парламент Мәжілісі депутаттарының кезектен тыс сайлауы мен мәслихаттар депутаттарының кезекті сайлауын әзірлеу мен өткізуді қамтамасыз етуге бағытталды.

Ортсайлаукомның 2007 жылғы жұмысы Қазақстан Республикасының ЕҚЫҰ-ға төрағалық етуге берген өтінімін жылжыту жөніндегі еліміздің мемлекеттік органдары жұмысының құрамдас бөлігі болды және Қазақстанның 2010 жылы ЕҚЫҰ төрағасы болып тағайындалуында да Ортсайлауком мен төмен тұрған сайлау комиссияларының белгілі бір үлесі бар.

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутаттарының

кезектен тыс сайлауы мен мәслихаттар депутаттарының кезекті сайлауы

2007 жылғы 20 маусымда Қазақтан Республикасы Конституциясының 44-бабының 2) тармақшасына, Сайлау туралы заңның 85, 87-баптарына, Қазақстан Республикасы Президентінің «Үшінші шақырылған Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісін тарату және Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутаттарының кезектен тыс сайлауын тағайындау туралы» Жарлығына сәйкес төртінші шақырылатын, партиялық тізімдер бойынша сайланатын Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутаттарының кезектен тыс сайлауы 2007 жылғы 18 тамызға, ал Қазақстан халқы Ассамблеясы сайлайтын Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутаттарының кезектен тыс сайлауы 2007 жылғы 20 тамызға тағайындалды.

2. Республикалық референдум негіздері

2007 жылғы 21 маусымда Сайлау туралы заңның 12-бабы 14) тармақшасының, 1-тармағы 1) тармақшасының және 101-бабы 2-тармағының негізінде мәслихаттар өкілеттігінің конституциялық мерзімінің аяқталуына байланысты Ортсайлаукомның «Қазақстан Республикасы мәслихаттары депутаттарының кезекті сайлауын тағайындау және Қазақстан Республикасы мәслихаттары депутаттарының кезекті сайлауын өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспарын бекіту туралы» қаулысымен 2007 жылғы 18 тамызға Қазақстан Республикасы мәслихаттары депутаттарының кезекті сайлауы тағайындалды. [3]

Бұқаралық ақпарат құралдары арқылы сайлау комиссияларының құрамдары мен олардың орналасқан жерлері туралы, сайлау учаскелерінің шекаралары туралы, партиялық тізімдер мен мәслихаттар депутаттығына кандидаттарды ұсыну және тіркеу туралы, сайлау науқанының барысы туралы және сайлау қорытындылары туралы ақпаратпен сайлаушыларды уақтылы хабардар ету туралы шаралар қабылданды.

1. Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутаттарының

кезектен тыс сайлауы мен мәслихаттар депутаттарының кезекті сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі ұйымдастырушылық іс-шаралар

2007 жылғы 21 маусымда Ортсайлауком Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутаттарының кезектен тыс сайлауы мен мәслихаттар депутаттарының кезекті сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың Күнтізбелік жоспарларын бекітті.

Сайлау науқанын өткізуге республикалық бюджеттен 7 млрд. 556 млн. 966 мың теңге бөлінді. Ортсайлаукомның бекітілген қаржыландыру жоспары мен шығыстар сметасының шегінде сайлау науқанын өткізуге арналған бюджет қаражаты аумақтық сайлау комиссиялары арасында бөлінді.

Ортсайлауком мен барлық төмен тұрған сайлау органдары үшін сайлау науқанын өткізу кезеңіндегі басты міндеттер болып мыналар айқындалды:

  • еркін, әділ, бәсекелі және ашық сайлау өткізу;
  • барлық сайлау процесіне қатысушылардың сайлау заңнамасының нормаларының сақталуын қамтамасыз ету;
  • азаматтардың сайлау құқықтарын түсіндіру және оларды іске асыру үшін барлық жағдайлар мен мүмкіндіктерді жасау;
  • Ортсайлаукомнан бастап, барлық деңгейдегі сайлау комиссиялары жұмысының ашықтығы мен анықтығын қамтамасыз ету;
  • сайлаушылар тізімдерінің толық және сапалы болуын қамтамасыз ету, азаматқа сайлаушылардың тізімдерімен танысу және тізімде бар екенін тексеру мүмкіндігін беру, сайлаушылар тізімдеріндегі қателерді шұғыл түзету:
  • «Сайлау» электрондық дауыс беру жүйесін қолдану жөнінде ауқымды түсіндіру жұмысын жүргізу, сайлаушыларға электрондық және қағаз бюллетеньмен дауыс беру арасында таңдау жасау құқығын қамтамасыз ету;
  • барлық саяси партиялар мен мәслихаттар депутаттығына кандидаттарды тең жағдайлармен, оның ішінде бұқаралық ақпарат құралдарына қол жеткізуін қамтамасыз ету;
  • шетелдік және жергілікті байқаушылардың қатысуын қуаттау және олармен жұмыста ашықтық таныту;
  • сайлау науқанын әзірлеу мен өткізу барысы туралы жұртшылықты шұғыл әрі кеңінен ақпараттандыру.

Сайлау науқаны басталғаннан бері өткен мерзім ішінде Ортсайлауком:

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бүкілхалықтық референдум, қазіргі қолданыстағы 1995 жылғы Қазақстан Республикасының Конституциясын қабылдау
Шетелдердің конституциялары мен конституциялық заңнамаларын қабылдау тәртібі (Қырғызстан мысалында)
Референдум - Қазақстан халқының билікті тікелей жүзеге асыруының конституциялық құқықтық нысаны
Түркия Республикасының Конституциясы және оның ерекшеліктері
Құқықтық шығармашылық
Саяси режим түсініктері
Мемлекеттiң бюджетi – мемлекеттiң негiзгi қаржылық заңы ретiнде
Салық мемлекеттің белгілеген міндеті
Жеке тұлғалардың төлейтін салықтары
ҚР Конституциясының даму тарихы және қалыптасу кезеңдері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz