«Қара жорғаға» биі


Соңғы кездері, бір жақсылықтың нышаны байқала бастады. «Қара жорға болмаса, бидің сәні келмейді» деп келетін ән жолдары көп тойлардың көрігін келтіріп, қонақтардың, оның ішінде үлкендердің жанын жайландыра бастады. Бірақ біздің тойлардағы «Қара жорғаға» билеген қонақтарға қарап еріксіз езуіңізге күлкі үйіріледі. Себебі, «Қара жорға» биін түсінбейтіндер, неше түрлі дарақы қимыл-қозғалысқа еніп жатады.
Міне, «Қара жорғаның» қадірін кетіріп, ұлттық мән-мағынасына жете үңіле алмай жүрген кезде бір қуанышты хабар жылт ете қалды. Қуанышымен бірге күйініші де ілесіп келді. Қытайдағы қазақ қандастарымыздың арқасында 10 мыңнан астам адам билеп шыққан «Қара жорға» биі Гиннестің рекордтар кітабына еніпті. Ұлттық биіміз «Қара жорғаны» өзге елде жүрген бауырларымыз Гинестің кітабының парағына жаздырып қалдырды. Күні кеше ғана, әншейінде мән бермей келіп, енді басқалар атын шығарғанда орта жолдан жармаса қалатын әдетіміз бар емес пе еді, «Біздің «Қара жорға» Гиннес кітабына енді» деп ауыл-ауылды аралағандай, халыққа сүйіншілеп жібердік. Расын айтар болсақ, сүйіншілетіп даурықсақ та, көпшілігіміз «Қара жорға» не еді өзі?» деп таңданыс білдіргеніміз анық.
Қазақтың бай әрі сан түрлі халық шығармашылығында би өнерінің орны ерекше. Ол адамзат тарихының ықылым заманында қалыптасып, түрленіп, күні бүгінге дейін жетіп отыр. Жалпы би қалай пайда болды? Ежелгі адамдар табиғаттың тылсым күшін өздерінше пайымдаған. Ол шақта адамзатты үрей билеген заман болды. Осы қорқыныштан арылып, қоршаған әлемді өздерінше түсінуге талпынған адам баласы құдіретті күштерден қорған табудың бір тәсілі аяқ-қолды тырбаңдатып, белгілі бір қозғалысқа кіру деп түсінген. Сондай-ақ діни салт-жоралғыларынан көрініс тауып, дуалы сөздермен, музыкалық аспаптардың көмегімен рәсімдік билер арқылы сүйемелдеген. Осылай белгілі бір ережелерге бағынған әсем де нәзік қимылдардан би туындаған. Уақыт таразысынан өте келе әр халықтың өзіне тән бидің белгілі бір заңдылығы қалыптасты. Жаңа ғасырдың табалдырығынан өтіп, заман өзгере бастаған сайын ұлттық би, ойын, салт-дәстүрдің өзі жаңарып отыруы заңды құбылыс. Сол себептен де әрбір халықтың өзіндік дара сипатын көрсететін ұлттық билерге аса назар аударамыз. Себебі, би сол халықтың өзіне тән дәстүрін айнытпай танытатын айна іспетті. Аңшылықпен айналысатын халықтардың өздеріне тән би атаулары да «Марал», «Қарға» деп аталды. Бұл ұлттық билер солтүстікте тұратын халықтардың арасында кеңінен сипат алады. Кавказ, Памир, Гималай жақта тұратын халықтарда бүркіттің аспанда қалықтап ұшуын, әлсіз жәндіктердің жәбірленуін бейнелейтін би түрлері көптеп кездеседі. Сондай-ақ бүкіл өмірлері соғыспен өткен халықтардың жауынгерлік, күрескерлік рухы да сол халықтардың билерінен көрініс тауып отырған. Ертедегі Грекия халқы «Пиррические пляски» деген билерінде соғыс, сайыстың небір түрлерін тамаша бейнелеп берген. Тіпті гректердің ұлттық билерінің көпшілігі осындай болып келеді. Сонымен бірге көшпенді халықтардың көпшілігінде құстардың екі қанатымен төмен ұшатыны сипатындағы билері болған. Сол уақытта көшпенділердің ат үстінде билеуі кеңінен етек ала бастайды. Бұл биді шабандоздықпен шатастырмағанымыз абзал. Себебі, ат құлағында ойнау мен ат үстінде билеу жер мен көктей.
Қазақтың халық музыкасы мен би өнері ұлттық сазы мен дыбысталуы, әсем үні, нәзік ырғағы, мазмұнының байлығымен ерекшеленетін халқымыздың ертеден келе жатқан дәстүрлі «Аққу», «Қыз ұзату», «Көбелек», «Асау үйрету», «Киiз басу» билері бар. Бірақ осы билердің арасынан «Қара жорға» атауын ести бермейтінбіз. Есесіне шеттегі қазақтарымыздың көпшілігі тойларын «Қара жорғасыз» өткізбейді. «Қара жорға» - қазақтың байырғы билерінің бір түрі. Оның кем дегенде бір жарым ғасырлық тарихы бар. Бұл би Қытайдағы қандастарымыздың арасында кең тарап, жалпыхалықтық сипатқа ие болған. Ал, бізде қазақтың мұндай керемет биінің бар екенін кейінгі жылдары ғана білдік, оның өзінде, біреу білсе, бірі білмейді. Кейбір дерек көздеріне сүйенсек, «Қара жорға» әу баста бақсылардың биі болған деседі. Мұны билегенде аты айтып тұрғандай, буынның барлығы қозғалысқа түседі. Ал, енді бақсылардың биі дейтіні, бақсылар билеп тұрып науқастың дерті қай тұста екенін анықтап келген.
Біз жоғарыда «Қара жорғаның» Гиннестер кітабына енгенін айтып, ол хабардың сүйініші мен күйініші бар екенін де сөз еттік. Өйткені, қазіргі кезде қазақтың «Қара жорғаға» да иелік ете алмай қалатын қаупі бар. Кейінгі кездері «Қара жорғаны» моңғолдардың иемденуге ерекше ықыластары ауып жүрген сыңайлы. Әйткенмен моңғолдар биінің әрекеті бөлек. Олар қолды көтермей, тек өкше мен екі жауырынын ғана қозғалтады. Қазақтың биінде буын-буынның барлығы қозғалысқа түседі. Сондықтан бұл екеуі бір-біріне ұқсамайды. Моңғол мен қазақтың «Қара жорғасының» ұқсастығы өзбек пен ұйғыр билерінің ұқсастығы секілді. Сондықтан оны моңғолға таңудың қажеті болмас. «Қара жорға» моңғолдарда да бар. Бірақ біздің «Қара жорғамыздың» тарихы моңғол биінен әріде жатыр. «Қара жорға» биінің тарихы XII ғасырдан арыға кететін көрінеді. «Оның өзге туысқан ұлттардың немесе қазақтың басқа да билеріне ұқсамайтын өзіндік дара қасиеті сол, оны билеген сәтте адамның барлық буындарының қозғалысқа енуі», - дейді елімізге осы биді алғаш дәріптеген Арыстан қажы Шәдетұлы. Кезінде Қытай ауып, Түркияға барған қазақтардан жергілікті халық «өздеріңе тиесілі мәдениеттеріңді көрсетіңдер» дейді. Сол кезде Арыстан қажы Шәдетұлы «Қара жорғаны» билеп, түріктерді таң-тамаша қалдырыпты. Бұл би Қытайдағы қандастарымыздың арасында да ұмытылып, кейінгі 10-20 жылдың көлемінде ғана қайта оралады. Соңғы жылдары өзге елдегі бауырларымыз оның сөзі мен әнін жазып, сахнаға шығарды. Тіпті үлкенді-кішілі той-томалақтарда, жастар жиналатын орындарда да кештің сәні «Қара жорғасыз» өтпейді екен.
Жоғалып барып табылған «Қара жорға» бүгінгі күні жаңаша леппен халық ортасына оралды. Бұған да шүкіршілік. Осы жаңалықты естіп, еліміздің түкпір-түкпіріндегі қазақтарымыз алақайлап, бір қуанып қалды. Қытайдың Синьхуа агентігінің таратқан ақпаратына сүйенсек, «Қазақ халқының «Қара жорға» биі 10 мың адамның қатысуымен Қытай коммунистік партиясының алда келе жатқан 60 жылдық тойына орайластырылған. Алтай аймағындағы Өр Алтай деп аталатын қазақтар қоныстанған Шіңгіл ауданында өткен «Қара жорға» топтық биіне қазақ, қытай, моңғол ұлттарынан құралған 13288 адам қатысқан. Олардың басым бөлігін өз қандастарымыз құраған. Биге дайындық 3-4 айға созылған көрінеді.
Қандастарымыздың елеулі еңбегі мұнымен ғана бітпейді. Енді алдағы уақытта олар «Қара жорға» биін Алтай аймағының 7 ауданындағы әр ұлттың мектеп оқушыларына арнап, сабақ аралығындағы гимнастика ретінде қолданатын болды. Аталмыш хабар аймақтық әкімшілік жағынан бекітіліп, әр мектептің міндетті түрде орындайтын радио гимнастикасы болып енгізілген. Домбыра, қобыз секілді ұлттық аспаптардың
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz