Қорқытып алушылық, қылмыстарының криминалистнкалық сипаттамасы


Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 12 бет
Таңдаулыға:   

Жоспар

1. Қорқытып алушылық, қылмыстарының криминалистнкалық сипаттамасы.

2. Типтік ситуациялар, тергеу болжауы және алғашқы кезеңі.

Қорқытып алушылық, ягни бөтен мүлікті немесе мүлікке кұкыкты беруді немесе күш қолданумен не бөтен мүлікті жоюмен немесе Бұлдірумен қорқыту аркылы мүліктік сипаттағы баска да іс-әрекеттерді жасауды Іалап ету. Сол сияқты жәбірленушіні немесе оның жакындарын маскаралайтын мәліметтерді таратумен, не жәбірленушінің немесе оньщ жакындарының мүдделеріне елеулі зиян келтіруі мүмкін өзге де мәліметтерді жариялау. Қорқытып алу кезіндегі қылмыстық қол сұғушылықтың заты болып қолма-қол акшалар. ал кей жағдайларда басқа да мүліктер немесе оған деген күкыктар жатады. Мемлекеттік мүлікті қорқытып алу жағдайлары тіпті кездеспейді.

Көбіндеқылмыскер; азаматтардың жеке мүліктерін немесе коммерциялық кұрылымдардың мүліктерін иеленуді көздейді.

Қорқытып алушылық қылмыстарының басты элементтерійің біріне қылмыс жасаудың тәсілдері жатады. Әдетте қорқытып алу қылмыстары - қылмыска дайындалуға, қылмыстык ойды жүзеге асыруға және қылмыстың ізін жасыруға бағытталған іс-әрекеттер жиынтығынан түрады. Қорқытып алуға дайындық кәсіпорынның қызметі (кооперативтік, арендалық және т. б. ) және жоғары табыс табатын адамдар жөнінде мәліметтер алудан көрініс табады. Қорқытып алушыларды Бұл тұлғалардың: табыс көлемі, түрмыс-тіршіліктері, олардын қолма-қол акшалары мен кұнды мүліктері, жеке өмірінің жағдайлары және мінез-қүлық ерекшеліктері кызықтырады.

Қылмыскерлер қорқытып алушылық қылмыстарына дайындық кезінде атыс және суык кару-жарақтарын иемденеді, қару макеттерін (үлгілерін) жасайды, көлік кұралдарын карастырады және т. б. Қорқытып алу кезіндегі бір нәрсені талап ету жолдары авторы көрсетілмеген хаттармен, байланыс жүйелерімен. тікелей қатынаспен, сондай-ақ үшінші жақтың (делдалдардың) катысуымен жүзеге асырылады.

Қорқытушылар келесідей тәсілдер қолдана отырып талап ету хатын дайындайды: қол жазуын өзгерту, өзіне тиесілі емес басу машинкасында жазу, керекті әріптер мен сөздерді газет, журналдардан қиып алып кұрастыру арқылы. Телефон жүйесімен сөйлесу кезінде дауыс ырғактарын, интонациясын өзгертіп, сондай-ақ басқа үлттардың дауысына ұқсастыра акцент келтіру аркылы қорқытып талап етеді. Көбінесе қылмыскерлер талап еткен затты алудың уақытын, жерін, әдісін өздері белгілейді.

Талап етілген зат қолдан-қолға берілу арқылы жүзеге асырылуы мүмкін. Мү-ндай жагдайда қорқытып алушылар: адамдар аз жүретін жерді, қараңғы уакытты тандай отырып, түрлі көліктерді пайдаланады. Сонымен қатар, талап етілген затты делдалдардың көмегін қолдану арқылы да алады.

Кейде қылмыскерлер талап етілген заттарды тастап (жасырып) кететін нақты жерлерді керсетеді. Бұл жерде жасырын бақылау жүргізе отырып, біраз уақыт өткен соң қалдырылған ақшалар мен құнды заттарды қорқытып алушылардың өздері немесе басқа біреулер арқылы алуға әрекет етеді. Қорқытып алу қылмысы жүйелі түрде, көп көріністегі сипаттамада жасалады. Қорқытып алушылық қылмысынан қалатын әртүрлі іздер мен заттай дәлелдемелер қылмыстың жасалу сипатына, тәсіліне және басқа да жағдайларға байланысты. Қылмыстың материалдық іздеріне: қорқытып алушылардың жәбірленушіге өз атын жасырып жазган хаттары; дене жарақаты, қан дақтары, аяқ, қол, көлік құралдарының іздері; қылмыскерді ұстау кезінде лақтырып жіберілген заттар және т. б. жатады. Осы санаттағы қылмыстар бойынша өз көзімен көруші куәлердің болмауы себебінен Бұл іздер мен заттай дәлелдемелер аса маңызды мәнге ие болады. Жәбірленушінің есінде қалган қорқытып алушылардың сөз саптаулары мен сөз мәнерлері арқылы қылмыскер жайында басты ақпарат аламыз.

Қорқытып алу кезінде қажетті іздер өте аз қалдырылатындықтан, қылмысты тергеу қйынға түседі. Қылмыскерді қылмыс үстінде қорқытып алу кезінде затымен ұсталудың маңызы өте зор. Епті жүргізілген ұсгау әрекеті көбінде тергеу нәтижелілігін қамтамасыз етеді.

Қорқытып алушының жеке басы - сарандық, өзімшілдік, қатыгездік, азғындық пен шектен шығушылық қасиеттерімен сипатталады. Басым көпшілік жағдайда қорқытып алу қылмыстары ер адамдармен жасалады. Ал, әйел адамдары тек топ құрамына кіру аркылы қылмыс жасауға қатысады. Әдетте қорқытып алу қылмысын көбінесе 16-35 жас аралығындағы бүрын сотталган қылмыскерлер жасайды.

Қорқытып алу қылмысын ұйымдасқан қылмыстық топ қүру жолдары арқылы жасау жиілеп кетті. Мұндай құрылған топқа қылмыскерлердің өзара атқаратын қызметтері мен міндеттерін бөлу, қылмысқа барынша дайындалу, атыс қаруын, автокеліктерді қолдану және т. б. әрекеттер тән. Ұйымдасқан топ құрып қорқытып алу қылмысын жасау тәсіліне: қылмыскерлердің коммерциялық ұйым басшыларына олардың қауіпсіздігін қорғағаны үшін ақы төлеуін талап ету, кәсіпорын қызметіне кажет емес мүліктерді алу немесе баска фирманың есеп шотына белгілі бір соммадағы ақшалай қаражаттарды аудару талаптарын нығайта түсуі жатады. Қойылған талаптардан бас тартқан жағдайда қылмыскерлер олардың мүліктерін Бүлдіріп немесе жойып жібереміз деп қорқытады.

Қорқытып алу қылмыстарының жәбірленушілері көп жағдайда барынша бай; талап етушілердің ойынша, табыстары жоғары (мысалы, коммерсанттар, кәсіпорын басшылары) ; сондай-ақ заңсыз немесе жартылай заңды қызметпен айналысатын адамдар. Қорқытып талап етушілер жәбірленушінің жеке басының қорқақтық пен еріксіздік қасиетгерін ескере отырып қылмыс қүрбандарын тандайды.

Қылмыс жасау тәсілі мен ұйымдасқан топ құру дәрежесіне байланысты қорқытып алушыларды үш топқа беліп көрсетуге болады.

Жәй қорқытып алу, қандай-да бір дайындықты қажет етпей жеке ересек адамдармен немесе жасөспірімдермен (жасөспірімдер тобымен) жүзеге асырылады. Қылмыскерлер көбінде кездейсоқ адамдардың мүлкін қорқытып алу үшін қолайлы жағдайды пайдаланады. Бұл ситуациядағы қылмыстар қорқытудың негізгі түрі денеге жарақат салу мен зорлық-зомбылық жасау қаупін төндіру арқылы жасалады. Егер қылмыс жасөспірімдердің тобымен жасалса, ұйымдаскан топтың белгілі бір элементтері болады.

Қорқытып алу, ұйымдасу деңгейі темен немесе ұйымдасқан топ кұру белгілері жоқ ересек адамдар тобымен жасалатын қылмыстар. Мұндай топтар бір немесе бірнеше қылмыс жасау үшін құрылып, қылмыс соңында тарқап кетеді. Бұл қорқытып талап ету тәсілі дайындық кезеңінен, яғни қол сүғу обьектісімен қолайлы жағдайды тандаудан тұрады. Мүлікті беруді талап ету кезінде көбінесе өлтіру немесе денеге ауыр жарақат салу қаупін төндіру
арқылы жасалады. Өмірде құрбанды қинау және азаптау жағдайлары кездеседі. Қорқытып алуда көбінесе көп көлемде ақша соммаларын немесе құнды заттарды, ал кей жағдайда белгілі бір ақша мөлшерін жүйелі түрде беруді талап етеді.

Қорқытып алу, бірігіп ұйымдасқан топпен жасалып, рэкет атауымен аталатын қылмыс, Бұл қорқытып алу қылмыстарының ішіндегі баю мақсатымен қылмыстық кәсіпшілікті көздейтін ең ауыр түрі Мұндай топтарға қылмыстың жоғарғы дәрежеде ұйымдасуына: қатысушылардың, ұйымдастырушылардың (басшы), бақылаушылардың, барлаушылардың, орындаушылар мен көмекшілердің атқаратын қызметтерінің қатаң түрде бөлінуі; сондай-ақ топ мүшелерінің бағыныштылығы тэн. Олар қылмыстық қызметін жасырын түрде жүзеге асырады.

Көптеген мүшелері сырт көзге заңға бағынышты өмір сүріп сауда орындарында, кәсіпорындар мен мекемелерде т. б. жерлерде жұмыс жасайды, ал кейбіреулер мүгедектік туралы жалған анықтамаларды пайда
ланады. Топ мүшелері жақсы автокөліктермен, қару-жарақтармен барынша қамтамасыз етіледі.

Бұл топтардың қылмыс жасауы барлық уақытта мұқият дайындық жұмыстарын жүргізумен сипатталады, яғни қорқытып талап ету құрбандарының жеке басы туралы мәліметтерді жинауы, топ құрамдарының атқаратын қызметтерін өзара бөліп алуы, келік құралдарын дайындау мен кепілдікке алынатын адамдарды жасыру орындарын және т. б. алдын ала іздестіру. Мүлікті заңсыз беруді талап етудің кеңінен таралған түріне - оны иеленушілер мен меншіктеушілерге ауыр дене жарақатын салу немесе өлтіру қаупін төндіру жатады. Рэкеттер меншік иелерінің сағын сындыру мақсатымен ұрып-соғу, қинау әрекеттерін де қолданады.

Типтік ситуациялар, тергеу болжауы және алғашқы кезеңі

Қорқытып талап ету қылмыстарын қозгауға көбінесе жәбірленушілердін арызы, керек жағдайларда құқық қорғау органдарының қылмыс белгілерін тікелей ездерінің анықтауы себеп болады. Қорқытып талап ету қылмыстары туралы жалған арыздардың түсу мүмкіндігіне байланысты Бұл мәліметтерді ҚІЖК-ң баптарына сай тексеру керек.

Қорқытып талап ету қылмыстары бойынша түскен арыздарды тексеру кезінде жәбірленуші мен барлық мүмкін куәлардан сұрау әрекеттері (отбасы мүшелері, кызметтестер және осы мән-жай туралы білуі мүмкін өзге де тұлғалардан), сонымен қатар, сәйкес жедел-іздестіру шаралары жүргізіледі.

Тексеру жұмыстарын тергеуге кедергі келтірмейтіндей және жәбірленуші мен куәларға қауіп тумайтындай (қылмыскер білмейтіндей) жағдайда жүргізілуі тиіс. Тергеудің алғашқы кезенінің типтік ситуациялары келесі жағдайлармен анықталады: қорқытып талап ету - бірақ рет жасалды ма, әлде жүйелі түрде бола ма; қылмыскер қорқытып талап еткен мүлкі берілді ме және жәбірленуші жаңа талап етушіні тани ма. Осыларды ескере отырып, мынандай екі типтік ситуациями көрсете аламыз:

Құқық қорғау органына қорқытып талап етуге ұшыраған, бірак талап етілген заттарды әлі бермеген жәбірленуші арызданады. Ең алдымен тексеру әрекеттерін жүргізіп, қылмыстық іс қозғау туралы шешім кабылдаганнан кейін: арыздйнушыдан егжей-тегжейлі жауап алу; қылмыскерді үстағанга дейін берілетін қорқытып талап ету затына карау жүргізу; телефонмен сөйлесулеріне тыңдау жүргізу және оны жазып алу; қорқытып талап етушіні қылмыс үстінде ұстау әрекеттері жүргізіледі. Егер қылмыскер жәбірленушіге таныс болса, осы түлғаның араласатын адамдарын анықтауға, оның қылмыстык ниетін және де қылмыс үстінде ұстауға бағытталған жедел-іздестіру шаралары жүргізіледі.

Талап етілген затты қылмыскерге бергеннен кейін жәбірленушінің арыздануы. Бұл ситуацияның үш нұсқасы болуы мүмкін. Бірінші нұска қылмыскерді жәбірленуші таниды және қорқытып талап ету жүйелі сипатка ие болған. Мұндай жағдайда жогарыда көрсетілген ситуациядағыдай, қылмыскерді келесі қорқытып талап еткен кезде, қылмыс үстінде ұстауға шаралар қолданылады.

Екінші нұсқа - қылмыскерді жәбірленуші таниды, бірақ қорқытып талап ету қылмысы қайталанады деген мәлімет жоқ. Мұндай жағдайларда қылмыстык іс қозғалып арызданушыдан жауап алынғаннан кейін, жедел-іздестіру шараларын жүргізу қажет. Олардың нәтижесіне байланысты телефонмен сөйлесуді тындау және жазып алу, қылмыскерді ұстау (басқа адамдардан қорқытып талап ету кезінде немесе басқа қылмыс үшін), одан жауап алу, сезіктінің түрғылықты жері мен жұмыс орнында тінту жүргізу, жәбірленуші мен куәлармен беттестіру жүргізу туралы мәселелер шешіледі. Үшінші нұсқада - қылмыскерді жәбірленуші танымайды және оның қорқытып талап ету қылмысын тағы қайталауы мүмкін туралы мәліметтер жоқ. Мұндай жағдайда тергеуші тек қана жәбірленушіден жауап алумен шектеледі. Қорқытып талап етуші ұсталғаннан кейін тергеудің бастапқы кезеңінде қылмыскерден жауап алынады, тшту, оқиға оолған жерді қарау әрекеттері. әртүрлі сараптамалар жүргізіледі, соның ішінде фоноскопиялық сараптама. Тергеудің бастапқы кезеңінде, жалпы ереже бойынша, екі жалпы типтік болжау қарастырылады:

-жәбірленушінің арызында көрсетілгендей қорқытып талап ету қылмысы жасалған;

- жалған мәлімет беріліп отыр.

Сонымен қатар, жеке болжаулар да қарастырылады. Ен алдымен қылмысқа қатысты тұлғалар туралы: қылмыс бір адаммен; қылмыс тобымен; жәбірленушінің табысы туралы хабардар тұлғамен; жәбірленушімен араздық қатынастағы адаммен жасалған деп және т. б. болжаулар жасалады.

Қорқытып алу қылмысы бойынша алғашкы тергеу әрекеті әдетте қүкык коргау органдарына келген арызданушылардан жауап алудан басталады. Жауап алу алдында тергеуші арызданушыға оның құқық қорғау органдарына жүгіну фактісі мен беретін көрсетпелері белгілі бір уақытка дейін құпия гүрде сакталатындығы жөнінде және өзі мен туыстарының кауіпсіздігін қамтамасыз етуге кепілдік береді. Жауап алу кезінде талап ету жолдары кандай жағдайда және қалай талап етілгендігі: талап етуші қанша акша немесе кандай құнды заттарды беруді талап еткендігі; арызданушыны немен коркытқандығы; арызда-нушы қылмыскердің талабын орындады ма, орындаған жагдайда канша көлемде акша немесе кұнды затты және оны қашан, қайда, кандай жағдайда бергендігі; жәбірленушінің талап етушіні білетіндігі, оның ерекше белгілерін атап беру мүмкіндігі; егер қылмыскермен байланыс телефон-жүйесімен жүзеге асырылса, оның сөйлеу мен дауыс ерекшеліктері; бұрын арызданушыга байланысты корқытып талап ету жағдайының болғандыіы немесе баска адамдарға байланысты талап ету фактісін білетіндігі: қорқытып талап етуде кімді күмәнға алатындығы анықталады.

Егер жәбірленуші талап етушімен таныс болған жағдайда, олардың танысуы кашан, қай жерде және кандай жағдайда, танысуға кімнің мүмкіндік жасағандығы; қылмыс жасағанға дейін қылмыскер мен жәбірленушінің қандай карым-катынаста болғандығы қосымша түрде анықталады. Жәбірленушіден оның табыстары туралы, өмір сүру жағдайы туралы кім және кашан сүрастырғандығын, арызданушыда ақшалар мен құнды заттардың болуы қылмыскерге қайдан мэлім екендігін міндетті түрде жауап алушы анықтауы тиіс. Мақсатты түрде келесідей сұрақтар қойылуы тиіс: жәбірленуші қылмыскердің іс-әрекетін бекітуге қандай да бір әрекеттер жасауға тырысты (талаптанды) ма.

Сондай-ақ жауап алу кезінде жәбірленушінің корқытып талап ету туралы кімге, кашан және кандай жағдайда хабарлағандығы, осы жағдайда не істеу керектігі жөнінде кіммен ақылдасқандығы, кімнен және қанша көлемде ақша алғандығы, қарыз алу жагдайының себептерін қалай түсіндіргендігі женінде де анықтау қажет.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Пайдақорлық-зорлық қылмыстарын зерттеу
Тонау қылмысының қылмыстық құқықтқ аспектілерін толыққанды ашу
Кәмелетке толмағандардың пайдақорлық қылмыстарының алдын алу проблемасы
Пайдақорлық зорлық қылмыстарының криминологиялық сипаттамасы
Бандитизм қылмысының криминологиялық сипаттамасы
Пайдақорлық - зорлық қылмыстарының түсінігі
Қорқытып алу қылмыстары
ТОНАУ ҚЫЛМЫСЫНЫҢ ҚҰРАМЫНА ЖАЛПЫ СИПАТТАМА
Криминалистика пәнінен дәрістер
Қазіргі жағдайда пайдакүнемдік - зорлық қылмыс жасаудың детерминанттары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz