Қасқыр
1 ҚАСҚЫР
а) Қасиеттері
б) Сипаты
в) Қасқырлар туралы қызықты деректер
а) Қасиеттері
б) Сипаты
в) Қасқырлар туралы қызықты деректер
Қасқыр — қайсар, аса сақ, қу хайуан. Қайсарлығы — оның кез келген айқаста жеңіске жеткенше не жеңіліп, демі үзілгенше шайқасуынан көрінеді. Ал аса сақ, аса қулығы әр түрлі әрекеттеріне байланысты айтылған. Бірде бір сұр қасқыр ауыл-үйдің арасына кіріп кетеді. Қиқулап қуа жөнелген топ алдында ғана келе жатқан қасқырдан демде көз жазады да қалады. Ары іздейді, бері іздейді, жоқ. Кейін артынан анықтап білсе, арлан қасқыр ауыл арасында тұрған электр желісінің бағанасын құшақтап, тікесінентік тұра қалған екен. Сұр бағана мен сұр қасқыр ешкімнің назарына да ілікпепті. Қасқырдың ақылдығына танданысқан топ, бастарын шайқаса тарқасыпты.
Қазір қасқыр аса азулы, жыртқыш ретінде суреттеледі. Әлі де солай. Бұғауға көнбейтін тұз тағысының аса жыртқыштығын дәріптеудің ең көрнекті үлгісі — «Көксерек» фильмі. Мұнда қасқырдың адам үстемдігіне еш көнбейтіндігінің ең нанымды дәлелі Көксеректің баланы жарып кетуінен айқын көрініс табады. Бұл — қасқырдың мейіріммен ұстауға да көнбейтіндігінің дәлелі.

1. "Қазақ энциклопедиясы", VI-том
2. Massaget.kz
3. Т. Мұсақұлов, Орысша-қазақша түсіндірмелі биологиялық сөздік І-том қазақ мемлекет баспасы, Алматы — 1959, Редакциясын басқарған: Биология ғылымының докторы профессор Т. Дарқанбаев
4. http://www.aikyn.kz. Бауыржан ҒҰБАЙДУЛЛИН, Орал қаласы 22.10.09.
5. www.google.kz

ҚАСҚЫР
Қасқыр (лат. Canis lupus) — жыртқыш аң, ит тұқымдас жыртқыш, бөрі, бері,
күрт (көне атау).
Еркек қасқыр шамамен 50 килограмм болады, ал ұрғашысы 45 кг болады.
Тұрғылықты жері жердің солтүстік жарты шеңберінде өмір сүреді.
Олар СССР-дің барлық жерлеріне тараған. Қасқыр мал шаруашылығына үлкен
зиянын тигізеді. Олар тышқан тәрізді кемірушілерді аз пайдаланады. Қасқыр-
мен аяусыз күрес жүргізеді.
Қасиеттері
Қасқырдың өзге хайуандардан дара, олардың ешқайсысына ұқсамайтын
қасиеттері көп. Оның бойындағы осындай ерекшеліктерге негізделіп айтылатын
аңыздар да жетерлік. Солардың бірі-түркілердің түпнегізін көкбөрімен
байланыстыруы.Қасқырлардың ішіндегі көк аспан түстес келетіндері мен ақ
қасқырлар аса киелі хайуан болып есептеледі. Олардың адамдарға көрінуі де
сирек. Мұндай көкбөрілермен кезіккен адам да тегін адам емес, киелі
қасиеттерге ие кісі болып табылады.
Сипаты
Қасқыр — қайсар, аса сақ, қу хайуан. Қайсарлығы — оның кез келген
айқаста жеңіске жеткенше не жеңіліп, демі үзілгенше шайқасуынан көрінеді.
Ал аса сақ, аса қулығы әр түрлі әрекеттеріне байланысты айтылған. Бірде бір
сұр қасқыр ауыл-үйдің арасына кіріп кетеді. Қиқулап қуа жөнелген топ
алдында ғана келе жатқан қасқырдан демде көз жазады да қалады. Ары іздейді,
бері іздейді, жоқ. Кейін артынан анықтап білсе, арлан қасқыр ауыл арасында
тұрған электр желісінің бағанасын құшақтап, тікесінентік тұра қалған екен.
Сұр бағана мен сұр қасқыр ешкімнің назарына да ілікпепті. Қасқырдың
ақылдығына танданысқан топ, бастарын шайқаса тарқасыпты.
Қазір қасқыр аса азулы, жыртқыш ретінде суреттеледі. Әлі де солай.
Бұғауға көнбейтін тұз тағысының аса жыртқыштығын дәріптеудің ең көрнекті
үлгісі — Көксерек фильмі. Мұнда қасқырдың адам үстемдігіне еш
көнбейтіндігінің ең нанымды дәлелі Көксеректің баланы жарып кетуінен айқын
көрініс табады. Бұл — қасқырдың мейіріммен ұстауға да көнбейтіндігінің
дәлелі.
Қасқыр — дала тағысы. Киелі саналатын көкбөрі тұқымына қатысты тағы бір
дерек, ол — оның отбасына беріктігі. Қасқыр бір ғана отбасына ие және ол —
бөлтірік тәрбиесін толықтай өз мойнына алған хайуан. Ауыздандыру,
бөлтірігін көкжалға айналдыру, бәрі-бәрі — осы ата қасқырдың құзырындағы
міндет. Өзге хайуандарда жоқ осы қасиеттер киелі жаратылыс иесін әр кез
даралап тұрады.
Қасқырдың дене-тұрқы тік құлақ, қара ауыз итке (овчарка) келіңкірейді.
Сонымен қатар біздің бүгінгі кейіпкеріміздің бет-әлпетіндегі бұлшық еттер
ішкі сезімге сәйкес тез құбылып отырады. Осыған орай қасқырдың белгілі бір
сәттегі ішкі психологиялық ой-ниетін (салқынқандылық, шабуылға дайындығын,
ызаланғандығын, т.б.) аңғаруға болады. Мәселен, қасқырлар бірі-біріне қарап-
ақ емін-еркін ақпарат алмасады. Тап осы тұста қасқырдың ең ет жақын туысы -
иттің өз иесінің көзіне үлкен зейін қойып, зер сала қарайтындығын тілге
тиек етуге болады. Жалпы, көптеген жануарлар адам баласының жанарындағы
ойды, келбетіндегі өзгерісті оқуға қабілетті екендігін ғылым жоққа
шығармайды.
Қасқырдың көңіл күйін, ой-ниетін құлақтары мен денесінің, һәм
құйрығының қимыл-қозғалысынан да байқауға болады. Біздің басым
көпшілігімізде қасқыр не жұмған аузын ашпайды, не болмаса ұлиды, басқалай
дыбыс шығаруға қабілетсіз деген түсінік қалыптасқан. Ал шынтуайтына
келгенде, қасқырдың дауыс диапазоны соншалықты сорлы, яғни біз ойлағандай
тым кедей емес. Мәселенки, қасқыр ырылдайды, қыңсылайды, пысқырып-
осқырынады, керек десеңіз, тіпті үреді де. Осы дыбыстардың әрқайсысы
қасқырлардың өзара тілі болып саналады және олардың сол сәттегі
психологиялық хал-ахуалын бейнелейді.
Қасқырлардың барлық сезім ағзалары (органдары), әсіресе, иіс сезу қабілеті
мықты дамыған. (Қасекеңнің иіс сезу қабілеті адамнан мың есе күшті). Иіс
сезу қабілеті қасқырға қоршаған ортадан оның өткір көзінен бетер ақпарат
беріп отырады. Мысалы, қасқырдың жасырынып жатқан құрды ондаған, ал елікті
жүздеген метр қашықтықтан сезе қоюы - жаңағы уәжіміздің айғағы. Қасқыр ізді
бір иіскесе болды, оған ненің (кімнің) және қашан жүріп өткені мәлім бола
қалады. Міне, осындай қарым-қабілет, қадір-қасиеттеріне қоса, қасқыр қара
күшке де мығым аң. Ол бір өзі салмағы 12 килограмм тартатын борсықты тышқан
ғұрлы көрмейді. Ал енді екі-үшеуі қосылса, салмағы бір жарым центнер
тартатын ірі маралды немесе жас бұланды жайрата салу - олар үшін түкке
тұрмайтын шаруа. Тіпті кәнігі аңшылардан қасқырлардың аюға жасаған
шабуылының сәтті аяқталғанын да естігем-ді.
Халық арасында қасқырды аяғы асырайды деген мәтел бар. Бұл өзі жаны
бар сөз. Мәселенки, қасқыр 85 шақырым қашықтықты бір сағатта секундына 24
метр жылдамдықпен алады. Ал 100 метрді 5 секундқа жеткізбей артқа тастайды!
Сұмдық емес пе?! Әрине, мұндай ұшқырлықпен қасекең ұзақ көсіле алмайды.
Есесіне сағатына 50- 60 шақырым жылдамдықпен жарты сағат жүгіру, 10 метрді
бір-ақ секундта алу қасекең үшін қалыпты нәрсе. Енді осы ойымызды спорт
тілімен жеткізер болсақ, қасқыр әрі спринтер, әрі марафоншы. Табиғаттың
үшбу перзентіне тән тағы бір ерекшелік, қасқырлар өздеріне тиесілі аймақты
өзге ағайындарынан жанын сала қорғайды. Тура осы мәселеге келгенде олар өте-
мөте қызғаншақ. Жылдың жылы мезгілінде қасқырлар жұп құрып күн кешеді. Қыс
түсе кәрі тарландар мен жас бөрілер ішінара бірігіп, қаңғыбас өмір кешеді.
Әдетте бір үйірде үштен онға шейін, көбіне-көп 6-8 қасқырдан болады. Қасқыр
үйірін шамамен былайша жіктеп-жіліктеуге болады: аталық және аналық қасқыр,
үш-төртеуі 3- 4 жыл бұрын туған жас бөрілер, сосын туғанына 16-22 ай болған
бір-екі бөлтірік. Негізінен, үйірге ұялас туыстар бірігеді. Зерттеушілердің
пікірінше, үйірде үйірге туыстық тұрғыдан үш қайнаса да сорпасы қосылмайтын
түз тағысының болуы өте сирек құбылыс көрінеді. Қасқырлар бірінің-біріне
туыстық қатынасының бар-жоқтығын тағы да сол иіс сезу қабілеттері арқылы
айырады. Екі-үш қасқыр үйірінің бірігетін кездері бар. Бірақ бұл - уақытша
ғана құбылыс. Мұндай бірігушілік көбіне қар қалың түсіп, күнелтіс қиындаған
қыста немесе өте ірі аңға шабуыл жасау көзделгенде ғана ұшырасады.
Мақаланың осы тұсына шейін қасқырларды сырттай бақылағандай әсерде болдық.
Ендігі кезекте қасқыр- ғұмырдың, көкжал-өмірдің астарына, ішкі дүниесіне
үңіліп көрелік.
Қасқыр үйірінде ең жоғары дәрежедегі ұйымшылдық пен темірдей тәртіп
салтанат құрған. Үйір көсемінің беделі мен билігі соншалық, оған ешкім
қыңқ етіп, қарсы келмей, түгелдей бағынады. Қасқырларға ғана тән тыныс-
тіршіліктің айнымас, һәм бұлжымас қатал заңы бойынша, үйірдің арланы болуға
ең күшті, әрі ең тісқаққан, тәжірибелі аталық лайық. Басқалай болуы еш
мүмкін емес, қасқырлар қоғамында атам заманнан бері мәңгілік патриархат!
Қасқыр үйіріне тән тағы бір қалыптасқан қағида, ол қасқырлардың бірін-бірі
құтқаруға әркез даяр тұратындығы. Бөлтіріктерін құтқару үшін қаншық
қасқырдың, үйірін құтқару үшін небір арланның басын оққа байлап жыра қашып,
ажал құрығына ілінетіндігін саятқа әккі аңшыларға ере шығып, бірді-екілі
өзіміз де көргенбіз. Сөйте тұра қасқырлар өмірінде қарама-қайшылық та жоқ
емес. Олар мәселенки, ауру, әлсіз туыстарының көзін құртып отырады. Ал
аштықтан көздері қарайып, өзегі талса, өз туысына өздері тіс салудан да
тайынбайды. Шамасы, кәрі-құртаң қасқырлардың жалғызілікті ғұмыр кешетіні
сондықтан болса керек. Олар үйірге едәуір қашықтық сақтап ілесе отырып,
солардан артылған қалған-құтқанмен жүрек жалғауға мәжбүр. Әлсіз, ауру, кәрі
туыстарына қасқыр атаулының қатал қарауының мынадай себебі бар: үйірге
ілесе алмайтындар үйірді аңшының нысанасына іліктіретін бірден-бір фактор.
Сондықтан қол-аяғы балғадай, азуы алмастай, күш-қуаты кемел бөрілер
әлжуаз қандастарынан тезірек іргелерін аулақ салуға тырысады немесе
ондайлардың көзін біржола құртып тынады.
Қасқырлардың күйек кезеңі ақпанның екінші жартысы мен наурыз айының бас
кезінде өтеді. Әдетте ерлі-зайыпты қасқырлар жұбы өмір бойы сақталады
және күйек тыныш, мамыражай өтеді. Ал кейбіреулер айтатын арландардың қанды
шайқасына дейін ұласатын күйек драмасы өте-мөте сирек орын алатын жағдай.
Ондай оқиғалар жас немесе жесір қалған қаншық өзіне өмірсерік таңдаған
кезде ғана ұшырасады. Күйек нәтижесінде 62-65 күннен кейін аналық қасқыр
екіден он төртке дейін, көп жағдайда 4-6 бөлтірік туады. Алғашқы жарты айда
аналық бөлтірік-бөпелерінің жанынан ешқайда ұзап шықпайды. Бұл кезеңде
отбасын асырау, яки қатын-бала-шағаны азық-түлікпен қамтамасыз ету
түгелдей арлан-азаматтың мойнында. Сөз болып отырған кезеңде арлан
отбасын, негізінен, өзінің апанынан аулақта шайнамай қылғытқан кесек-кесек
етін құсу арқылы қоректендіреді. Туылғандарына бір жарым ай өткенде
бөлтіріктер емшектен шығып, етті талғажау етуге көшеді. Осы уақыттан бастап
арлан мен қаншық аңға алма-кезек шыға бастайды.
Ересек қасқыр біткен өз ұрпағының шын мәніндегі адал тәрбиешісі. Олар
өз ізбасарларына аялы қамқорлықпен қарап, бөлтіріктерін көкжал-өмірдің,
қасқыр-ғұмырдың қыр-сырына ерінбей-жалықпай үлкен ынта-ыждағатпен баулиды.
Көңілдері соқса, күшігімен ойнаған ит құсап, бөлтіріктерімен ойнап та
қояды. Бірақ тыныс-тіршілігінің дені жортуылдан тұратын қасқыр-дәуренде
әлгіндей отбасылық ләззатқа уақыт тым тапшы.
Қасқырдың негізгі - қорегі - ет, негізгі жемі бұғы, бұлан, марал, елік,
киік сықылды момын хайуандар. Егер бұлар көзіне түспесе, қасекең жолай
ұшырағанның қай-қайсысына ауыз салудан тартынбайтын өте батыл жыртқыш.
Қасекеңнің балық, көлбақа, тышқан аулап, құстардың ұясына да көз салатын
әдеті бар. Әйгілі Ну, погоди! мультфильміндегі қоянның қас жауы, реті
келсе, бау-бақшадағы қауын-қарбызды кеміріп, жеміс-жидектің дәмін татқанды
да жек көрмейді. Қыс қатты болған жылдары орманның сұр жендеттері елді
мекендерге таяп келіп, үй жануарларын тартып кетіп жүреді. Егер шындап
кіріссе, бір сағаттың ішінде елу қойды жайратып салу қасқыр иттің қолынан
келетін шаруа. Алайда оның осыншалықты қаскөйлігіне қарамастан, ел-жұрт
қасқырды мақтау-мадақтау теңеуі ретінде де қолданады. Айталық, бір әулеттің
жаңа түскен жас келіні пысық, алғыр болып шықса, қазекем Пәленшенің келіні
ер-азаматын жоқтатпайды, үйдің-түздің шаруасына бірдей, қасқыр екен деп
сүйсіне әңгімелеп отырады емес пе?!
Әрине, егер біз қасқырды тек қана бірбеткей, қомағай, ашкөз, һәм
жыртқыш хайуан деп қарасақ, онда сыңаржақ пікірге ұрынып, тым біржақты
кеткендігіміз. Әйтпесе қасқырдың да басына күн туып, запыран құсып,
айналасынан, әсіресе, адамдардан аяушылық күтіп ақтабан шұбырынды, алқакөл
сұлама заманға ұшырайтын кезі де аз емес. Осы айтқанымыз иланымды болу
үшін Шыңғыс Айтматовтың Жан пида романындағы бірнеше бөлтірігі қолды
болып, аналық жүрегінің шуақ-шапағатын кімге шашарын, аналық мейірімін
кімге төгерін білмей шарқ ұрып, ақыр аяғында адамның баласы болса да, бұл
да менің бөлтіріктерімдей сәби ғой деген аналық оймен шопанның кенже
баласын алып қашып бара жатып оққа ұшқан Аққұртқа қаншықтың тағдырын еске
түсіргейсіз. Ал сәби кезінде қасқырлар ұрлап кетіп, кейін солардың үйірінде
өскен маугли-балаларға қатысты әлемнің әр түкпірінде болған аянышты
оқиғалардың базбірінен сіздің де құлағдар екендігіңізге біз бек сенімдіміз.
Бұрындары ең соңғы қасқырға дейін құртып жіберген елдер бүгіндері
табиғаттың осы бір қайсар перзентін қайта түлету жолдарын қарастыруда.
Әңгімемізді қасқырға ғана тән тағы ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz