Қазіргі кезеңнің саяси институттары


Пән: Саясаттану
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 12 бет
Таңдаулыға:   

ЖОСПАР

І. Кіріспе

ІІ. Негізгі бөлім

  1. Қазіргі кезеңнің саяси институттары
  2. Саяси партиялар және олардың жіктелуі.

ІІІ. Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер

ҚАЗІРГІ КЕЗЕҢНІҢ САЯСИ ИНСТИТУТТАРЫ

Саяси партиялар деген не? Партия - латын сөзінен алғанда «бөлік», «бөлісемін» деген мағынада ХІХ ғасырға дейін партия деп үкіметтің және парламенттің құрамында бәсекелес топтарды атаған. Неміс ғалымы Макс Вебер партияның дамуының үш кезеңге бөледі: аристократиялық топ, саяси клуб, бұқаралық партия. Алайда аталған үш кезеңнен өткен ағылшынның екі партиясы ғана болды: либералдар (вига) және консерваторлар (тори) . АҚШ-тағы азаттық күресі мен ұлы Француз революциясы қоғамдық өмірді жандандырып, саяси күштерді тарихи аренаға шығарады, ішкі ұйымдық заңдары, айқын бағдарламалары бар саяси партиялар пайда болды. Жұмысшы табы мен еңбекші бұқараның саяси күреске араласуы таптардың күресінің авангарды саяси партиялар жүйесін туғызды.

Қазіргі партияның анықтамасы екі жүзден асады. Дегенмен партия дегеніміз белгілі бір таптың немесе әлеуметтік топтың, үкіметті басқаратын төбе топтың мүддесі үшін күресетін белгілі бір идеологиялық негізде ұйымдасқан, бағдарламасы мен жарғысы бар, айқын мақсатты алға қойған, сол үшін күресетін адамдардың тобы.

Кейінгі мәліметтер бойынша бүкіл әлемде әртүрлі саяси бағыт ұстаған 600-дей партия бар. 19 елде партия құруға тиім салынған, 29-ында жалғыз ғана басқарушы, үкіметтік партия, ал 129 елде бірнеше саяси партиялар жұмыс істейді.

Өзінің саяси бағдарларына қарай партияларды солшыл, оңшыл және центристік; іс-қимылының сипатына қарай реформистік, радикалды және экстремистік; ұйымдық принциптеріне қарай кадрлық және бұқаралық, авторитарлық, тоталитарлық және фашистік партиялар болып бөлінеді.

Бұрынғы Кеңес елінде бірпартиялық монополияның жойылуы, бірорталықтық бюрократтық Одақтың ыдыруы, ұлттар мен ұлыстардың егемендік алуы, саяси, экономикалық және идеялық пікірлер саналуандығының жариялануы саяси партиялар мен ұйымдардың, бұқаралық қозғалыстардың жаңа толқындарын туғызды.

Соның бірі - Қазақстан Республикасы. Мұнда қазір онбестей саяси партия, 300-ден астам қоғамдық ұйымдар тіркелген. Оның ішінде Социалистік партия, «Азат» республикалық партиясы, «Қазақстан халық бірлігі» одағы, Қазақстан халықтық Конгресс партиясы т. б. бар. Бұлардың барлығында ортақ мақсат-мұрат: парламенттік партияға айналу, Қазақстанның егемендігін нығайту, еліміздің әлем таныған экономикасы қуатты, мәдениеті гүлденген, терезесі тең елге айналдыру, мемлекеттік тіл- қазақ тілінің мәртебесін нығайту, шовинизмге де, жершілдік-ұлтшылдық сепаратизмге де жол бермеу, еліміздің территориясының біртұтастығын қорғау т. б. Сонымен бірге әрқайсысының өзіндік ерекшеліктері де бар.

Қазақстан Республикасының Конституциясы бойынша саяси партиялар, бұқаралық қозғалыстар құруға ерік берілген. Конституцияның 10-тарауының 56-бабында «Партиялар азаматтардың саяси ерік-жігерін қалыптастыруға және оны білдіруге жәрдемдеседі. Саяси партиялардың құрылуы, тоқтатылуы және қызмет тәртібі заңмен белгіленеді» - делінген. Діни негізде саяси партиялар құруға жол берілмейді. Бірақ дінге сену әр адамның ұждан бостандығы.

Парламенттік партия туралы. Саяси партиялар өздерінің саяси бағдары бойынша солшыл, оңшыл және центристер, іс-қимылының сипатына қарай радикалды және экстремистік, жұмысты ұйымдастыру мен әдіс - айлалары бойынша - демократиялық, авторитарлық, тоталитарлық және фашистік болып бөлінеді деп жоғарыда жіктеп өттік.

Американың белгілі тарихшысы, әрі саясатшысы, Пристон университетінің профессоры Стивен Коэн партиялардың мынадай тұрпатта да болатындығын көрсетеді: саяси авангардтық рөл атқаратын партия, парламенттік партия. Парламенттік партия мынандай екі түрлі қызмет атқарады: біріншіден - сайлауға дайындық, екіншіден - парламент жұмысына бақылау жасау. Әрине, мұндай классификацияны шартты түрде қабылдауымыз керек.

Біздің тарихи тәжірибемізде бұрын-соңды парламенттік партия болып көрген емес. Алайда қоғамымыздың саяси жүйесінің демократиялануы, құқықтық мемлекеттің құрылуы, халықтың саяси санасының оянып, белсенділігінің артуы саяси партиялардың, қоғамдық ұйымдар мен қозғалыстардың бұрын болмаған жаңа толқындарын туғызды. Соның ішінде «Қазақстан халық бірлігі» партиясы «Азат» республикалық партиясы, Қазақстан халықтық Конгресс партиясы, Қазақстан социалистік партиясының саяси бағдарламаларында республика азаматтарын ерікті түрде біріктіретін парламенттік үлгідегі партия болады делінген.

Партиялық күрес - саяси билік үшін күрес. Алайда, Қазақстан Республикасының саяси партияларының саяси мақсаттарға қол жеткізу үшін зорлық - зомбылықтың кез-келген нысанасын теріске шығарып, оппозициялық, парламенттік күрес жолын қалайтындығы ашық айтылған. Өркениетті елдердің барлығына да парламенттік партиялар мол тарихи тәжірибе жинақтады және бұл жолдың дұрыстығына көз жеткізді.

Осыған орай парламенттік жүйе туралы айту керек. Параменттік жүйенің отаны Ұлыбритания болып табылады. Онда парламенттік жүйе XVII-XVIII ғасырлардың шегінде қалыптасады. Одан кейін оның отарлары Канадаға, Австралияға, Жаңа Зеландияға, Ирландияға, Ямайкаға және Кариб бассейіндегі едердің көпшілігіне енгізіледі. Парламенттік жүйе еуропаның мемлекеттерінде де өте кеңінен тарады. Мәселен, бұл жүйені қабылдаған елдер қатарында Швеция, Норвегия, Дания, ГФР, Австия, Швейцария, Италия, Испания, Португалия, Бельгия, Венгрия бар. Ал Азияда, Жапонияда, Израильде, Сингапурда өкімет бірлігі парламенттік жүйенің принциптерінде қалыптасқан. Парламенттік монархиялар да бар.

Парламент - билік деген сөз . Парламенттің басты міндетіне біздің өмір сүру ережелерімізді жасау, қалыптастыру жатады. Міне, осы жағдайда парламент қабылдайтын заңдардың өмірге етене жақын, тиімді болуы үшін оларды жасауға қолынан іс келетін, білімді де білікті іскер адамдардың қатысқаны дұрыс. Бұлар ең алдымен заңгерлер, экономистер, соның ішінде міндетті түрде ғалымдар да болу керек. Ғалым басқарған ел жаман болмайтыны белгілі. Ал, бізде, неге екені белгісіз, әлі күнге дейін «аспаз да ел басқарады», - деген қате ұғым қалыптасқан.

Оның қате екенін тарихтын өзі дәлелдеп берді. «Құл жиылып бас болмас, құм жиылып тас болмас» дейтін мақалдың негізінде осындай ащы шындықтың жатқандығын байқаймыз.

Президенттік басқару . Өркениеттің қазіргі кезеңінде мемлекеттік басқарудың екі түрі орнықты. Олар - монархиялық және республикалық басқару. Әлемдегі 225 мемлекеттің 24-інде мемлекет басшысы монарх болып саналады. әрине, оны бәрі ұлттық рәмізді, оның тарихи-саяси дәстүрін сақтау, құрметтеудің белгісі. Ал, шын мәнінде олардың мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатына араласуы, іс-қимылы конституциямен шектелген. Басқа 58 мемлекеттің басшысы президенттер. Демократиялық республиканы басқарудың өзі екіге бөлінеді: президенттік басқару және парламенттік басқару. Президенттік басқарудың классикалық түрі АҚШ-та басталған және әлі жалғасып жетіліп келеді. Президент - әрі мемлекет басшысы, әрі үкімет басқарады, яғни бүкіл атқару билігі түгелімен президенттің қолында. Мемлекет басшысы парламенттен тысқары сайлаушылар өкілдерінің арнаулы алқасында сайланады, ал Мексика, Бразилия, Боливия, Колумбия, Венесуэла т. б. кейбір елдерде президент төте сайлау жолымен сайланады. Бұл АҚШ президентінің бүкіл сайлаушылар атынан сөйлеуге, конгреске тікелей бағынышты болмауына құқық береді. Кабинетті өзі құрайды, ал 394 қызметті сенаттық келісімімен бекітеді, мемлекеттің негізгі ішкі және сыртқы саясатын сенат арқылы іске асырады. Президентті мерзімінен бұрын орыннан алу мынадай екі жағдайға байланысты болады: біріншіден, сот шешімі оны кінәлі деп тапса (импичмент), екіншіден, өз еркімен осы қызметтен кеткісі келсе ғана.

Саяси партиялар және олардың жіктелуі.

Саяси партия ұғымы. Қазақстан өз дамуының жаңа белестерін бастан кешіріп жатыр. Саяси партиялардың құрылуы - мемлекеттің саяси институттарының нығая түскендігінің белгісі. Партиялық құрылымдардың калыптасуының кәсіби кезеңі басталды. Мұның мемлекет үшін қажеттігі бар. Қазақстанда бүкіл қоғамдық-саяси институттар орнығып жатыр. Демек, оның іргетасы әлдеқайда сенімді болмақ.

Елімізде демократиялық қоғам және құқықтық мемлекет құру кезеңінде саяси партиялардың тиімді қызмет атқаруы үшін құқылық базаларын қалыптастыру ерекше маңызды. Қазіргі уақытта республикамызда заңда белгіленген тәртіппен тіркелген 15-ке тарта саяси партия бар. Отан, Социалистік партия, Қазақстан халық конгресс партиясы, Демократиялық партия және Қазақстан халық бірлігі партиясы. Бұлардың қызметтері қоғамдық білестіктер жөніндегі заңмен реттеліп отырады. Сонымен қатар саяси партиялар жөніндегі арнаулы заң қабылау қажеттілігі де туындап отыр. Осыған байланысты бірқатар шетелдік саяси партияларға қатысты тәжірбиелерді қарастырып көрелік.

Шетелдерде конституциялық (мемлекеттік) құқық ғылымындағы саяси партияның түсінігі мынадай: саяси партия - мемлекеттік өкіметті иеленуді мақсат тұтатын, немесе соны жүзеге асыруға шешуші ықпал жасауға тырысатын, ортақ мүддеге біріккен, қоғамның белсенді, әрі ұйымдасқан бөлігі болып табылады.

Саяси партиялар осы терминнің қазіргі ұғымында алғаш рет Еуропада пайда болды. Сонда буржуазиялық революциялармен тығыз байланыста сайланбалы өкілдер арқылы жүзеге асырылған халық өкіметі жүйесі - халықтық өкілдіктер құрылған болатын. Әрі қоғам екіге жарылып, әлеуметтік қайшылықтар тереңдеп, мемлекеттің саяси өміріне бұқараның белсенді араласуы партия рөлін арттырып, өз кезегінде партиялар демократиялық мемлекеттің негізгі саяси тұлғасына әрі ажырамас бөлігіне айнала бастайды.

Саяси партия мемлекет басындағыларды біржақты жақтау үшін, не болмаса біржақты жамандау үшін тумайды. Ол қоғамдағы процестерді реттеуге араласу үшін туады. Қоғамда биліктен өзге, бірақ билікке әсер ете алатын институттар болуы тиіс. Олардың қатарына саяси партиялар жатады.

Сонда халыққа жасалатын игіліке билік басындағылар бөгет болса, оларға партия қарсы тұрады. Ал билік басындағылар халыққа игілік әкеліп жатса, партия оларды қолдайды.

Сонымен қатар өзге қоғамдық бірлестіктерден (кәсіподақтар, мәдени және діни қоғамдар, экологиялық ұйымдар, кәсіпкерлер одақтары, қайрымдылқ және бейбітшілік қорлары, мүдделілік жөніндегі қауымдастықтар және т. б. ) партияның айырмашылығы ол мемлекет басқаруға тікелей мүмкіндік беретін парламенттегі және өкіметтегі орындар үшін ашықтан-ашық күреседі. Сөйтіп, партиялар сайлауларға, мемлекеттік маңызды шешімдер қабылдауға және оларды іс жүзінде асыруға белсене қатынасады.

Қоғамдық бірлестіктердің көпшілігі саяси өмірде белсенділік танытқанымен, тікелей саясатқа араласу олардың түпкі мақсатына жатпайды, бұлар негізгі мақсаттарына жету жолындағы қосымша құралдары ғана іспетті. Саяси партиялар мемлекеттік билікті тікелей иеленуге ұмтылса, қоғамдық бірлестіктен мемлекетке тек сырттай ғана ықпал жасауға тырысады.

Сондай-ақ саяси партияларды қысымшы топтардан да ажырата білу керек. Іс жүзінде қысымшы топтар парламент пен үкіметке кеңес беру және оларды арнаулы нормативтік қызмет мәселелері бойынша тиісті ақпараттармен қамтамасыз ету үшін құрылады. Қысымшы топтар өз аттарынан сайлауға қатынаспайды. Олар мемлекеттік органдарға идеологиялық ықпал жасаудан бастап сатып алуға дейінгі қысым көрсету түрлерімен шұғылданады. АҚШ-та бұларды лоббистік ұйымдар, мүдделі топтар деп атайды. Ұлыбританияда оларды парламент агенттері дейді.

Әлемдегі саяси партиялардың атқаратын қызметі туралы. Бұл ретте ең алдымен саяси партиялардың түпкі мәнін, қызметін ажыратып алудың маңызы зор.

Мұндай партия мен мүшелері арасында ұйымдық байланыс бар, партия нақты ұйымдастырылуымен және тәртібімен ерекшеленеді. Партияның әрбір мүшесі партия билетіне ие болып, мүшелік жараналарын уақыттында төлейді, партия жарғысында қарастырылған барлық тәртіп талаптарына қатаң түрде бағынады. Мұнай партияларды «кадрлық партиялар» деп те атайды. Олардың кәсіби орталық аппараты бар. Бұл партияның жекелей де ұжымдық та мүшелері бар. Ұйымдық қалыптасқан партияларға әртүрлі қоғамдық бірлестіктер - кәсіподақтар, жастар, әйелдер және басқа да қоғамдық ұйымдар қосылуы немесе құрамына кіруі мүмкін. Мысалы, француз коммунистік партиясына Жалпыға ортақ еңбек конфедерациялық кәсіподақтар бірлестігі қосылса, Британ лейбористік партиясының құрамына британ тредюниондары (кәсіподақтар) енеді.

Аталаған партиялар тобына, сондай-ақ Австрия халықаралық партиясы. Үндістан ұлттық конгресі (И), ГФР-дың христиандық-демократиялық одағы, Швеция орталық партиясы, Жапония либералдық-демократиялық партиясы және басқалар кіреді.

Ұйымдық қалыптаспаған партиялардың басты ерекшелігі оларда ресми мүшелік болмайды. Мұндай партияға мүше болып табылатындардың партиямен ұйымдық байланысы жоқ, оларда партбилет жоқ, өту және мүшелік жарнасын төлемейді, партиялық ортақ тәртіпке бағынышты емес. Мұндай партиялардың мүшелері сайлауларда әлгі партияға дауыс берушілер болып табылады. Сонымен қатар ұйымдық қалыптаспаған партияларда ресми мүшелердің орнын осы партияның саясатын жүзеге асыруда басты рөл атқаратын кәсібилер мен белсенділердің құралған аумақтық ақпарат басады.

Аталмыш партиялардың қызметі ең алымен сайлау күресіне, сайлаушылар дауысын қармап қалауға бағытталады.

Ұйымдық қалыптаспаған партияның айқын мысалы ретінде АҚШ-тың республикалық және демократиялық партияларын алуға болады. Екеуі де үлкен ұйымдар. Тиісті партиялар тізіміне сайлауларда дауыс беруші барлық сайлаушылар әлгі партияның мүшесі болып есептелінеді. Партия мен оның мүшелері арасында ұйымдық байланыс болмайды. Бұл партиялардың аппарттарының ұйымдық құрылымы аса күрделі де қым-қуат. Тұтастай алғанада ол ең алдымен сайлаудағы күрестерге лайықталған. Аумақтық партиялық құрылымдардың сайлау округтері орналасуымен сәйкес келуі де осыдан.

Ресми партиялық тетік жеке әрекеттік ұйымдармен толығып жатады. Бұларға, мысал үшін, Калифорния республикалық ассамблеясы, Калифорния демократиялық кеңесі жатады. Президент сайлау кезінде «Тәуелсіздер Никсон үшін», «Заңгерлер Хемфри үшін», «Бизнесмендер Кеннеди үшін» және т. б. ұйымдар құрылған.

Шетелдердегі саяси партиялардың әркелкілігі. Әлемдік іс-тәжірибе көрсетіп отырғандай, саяси партиялардың орнығуы, жетілуі тоқтаусыз жүріп жатыр. Егер ХІХ ғасырдағы конституцияларда қоғамдық-саяси және мемлекет өмірінде елеулі ықпал бола тұра саяси партияларға пәлендей мән берілмесе, ал қазір олар толыққанды конституциялық-құқылық институттар құрып отыр. Екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі шетелдерде қабылданған барлық конституциялардың барлығында дерлік саяси партиялар жөнінде ережелер бар.

Егер ұйым ұлттық саяси партия ретінде тіркелгісі келсе, онда міндетті түрде қызметінің принциптер жиынтығын, бағдарламасы мен жарғысын тапсыруы қажет. Декларацияда конституция мен мемлекет заңдылығын сақтауға: саяси, экономикалық және әлеуметтік салаларда идеологиялық негіздер, халықаралық ұйымдар мен шетелдік мекемелер немесе саяси партиялар ықпалына түсіп кетпеуге; бейбіт және демокартиялық жолдармен қызмет жасауға міндеттіліктер қамтылған.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Саяси жүйе институттары
Халықаралық жария құқығының түсінігі
Ұлы Отан соғысы кезіндегі мәдениет пен ғылым
Жаһанданудың негізгі қасиеттері, оң және теріс әсерлері
Қазақстан республикасындағы жоғарғы білім беру жүйесінің құрылымдық дамуы
ТМД одағының құрылу мен даму принциптері
Әлеуметтену агенттері мен институттары
Азаматтық әңгіме мен үкіметті, саяси партияларды біріктіретін қажетті байланыс
ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАРЖЫ ИНСТИТУТТАРЫНЫҢ ҚАРЖЫ НАРЫҒЫНДАҒЫ РӨЛІН ТАЛДАУ
Халықаралық құқық қалыптасу тарихы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz