Қоғам туралы жалпы түсінік


Пән: Философия
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   

Қоғам туралы жалпы түсінік

Қоғам - жалпы мағынасында, мәдениеті ортақ, белгілі бір аумақта тұратын және өздерін біртұтас, өзгеше бірлестік деп білетін адамдар тобы; тар мағынасында бұрыннан немесе жақсы танымал ұлттық бірлестік. Бұл ұғым әлеуметтанудағы ең маңызды ұғымдардын бірі болып табылатындығына қарамстан, оны қолдану әсіресе оның екінші өзіндік отбасылық, экономикалық және саяси институттары мен анық шеқаралары бар әйгілі ұлттық мемлекеттерге қолданыла алатын мағынасында пайдалану біркатар қиындықтар мен кикілжіндер туғызып отыр.

Қоғам дегеніміз не? Бұл сұраққа жай ғана жауап беру қиын. Қоғам - өте нәзік әрі күрделі материя. Оны қолмен ұстауға немесе микроскоппен қарап көруге болмайды. Олай болса, қоғамды анықтайтын өлшемді табу қажет.

«Қоғам» деген сөздің мағынасы кең: алғашқы қауымдық қоғам, феодалдық қоғам, капиталистік қоғам, француз қоғамы, демократиялық қоғам т. б. Бұл арада алдымен белгілі бір қауымның немесе жеке бір елдің тарихи даму кезеңдері еске түседі. Ал осы сөзді жалпы мағынада алсақ, онда бүкіл адамзат тарихы және оның болашағы туралы ойлаймыз. Бұл - әлемнің барлық халықтарының жиынтығы жөніндегі ұғым. Басқа сөзбен айтсақ, адамдардың өзара қатынас тәсілі және бірігу формаларынан түратын, табиғаттан ерекшеленген дүниенің бір бөлігі.

Қоғам туралы түсінікті нақтылай түссек, қоғам деп - бірігіп еңбек ететін жеке адамдардың жиынтығын және олардың арасындағы екі жақты қатынасты айтамыз. Біріншісі, қоғам - адамның өмір сүру тәсілі. Қоғамсыз адам жоқ, адамсыз қоғам жоқ. Екіншіден, қоғам жеке адамдардан ғана тұрмайды, ол сол жеке адамдардың өзара қатынасын көрсетеді. Жеке адам қоғамға ұжым арқылы енеді. Ол сонымен қатар бірнеше ұжымдардың мүшесі болады (еңбек, партия, кәсіподак,, т. б. ) . Демек, қоғам - ұжымдардың ұжымы, бірлігі болып көрінеді.

Бос уақыт қоғамы - еңбек өзінің бұрынғы мәнінен айрылатын қоғам концепциясы. Осындай қоғамдарда жалдамалы еңбектің ең аз көлемі бұрын еңбек ие болған мәнге жеткен бос уақытқа мүдделілікке әкеледі делінген.

Молшылық қоғамы - 50 жж. аяғындағы базистік экономикалық дефицит және негізінен женілген, бірақ жеке байлық «жалпыға ортақ босандықпен» (мысалы, автомобильдер шамадан көп өндірілді, бірақ жолдарды жөндеу және қоршаған ортаны ластауды бақылауға көңіл бөлінбеді) қатар жүрген және капитализмнің ауытқуларынан зардап шеккен тұлғалар жеткілікті қамтамасыз етілмеген кездегі американдық қоғамға берілген баға.

Тәуекел қоғамы - қазіргі қоғамның жайы туралы тұжырымдама; оған сәйкес қоғамға әрқашан адамзат білімінің өсуі мен қоршаған орта әсерін көрсететін «сенімсіздіктен жасанды пайда болған» деп сипаттама беріледі (мысалы, ядролық соғыс, экологиялық апат себептеры бойынша) .

Қоғам, адам және қоғамдық қатынастар туралы ой - пікірлер, идеялар мен ұғымдар алғашқы қауымдық қоғам дәуірінде - ақ қалыптаса бастаған. Адамдардың алдында қоғам деген не, ол қалай пайда болады, ол қалай дамиды, дамудың көздері мен қозғаушы күштері неде қоғамды құбылыстар мен процестердің байланысы қандай, өзара әсер, себеб, қарым - қатынастар заңдылықтары бар ма деген және басқа да көптеген сұрақтар, ой - пікірлермен идеялар туады.

Қоғамдық құбылыстарды процестерді, тарихты танып білуге, өзгертуде философия тарихында материализммен идиолизмнің арасында ұдайы қарама - қарсы күрес болып келді.

Қоғамның ілгерлеп дамуы, таптардың пайда болуы, ой еңбегімен дене еңбегінің бөлінуі, еңбекші бұқараны қанаудың күшейюі қоғам туралы ой пікірлерді, идеяларды одан әрі дамыта, тереңдете түсті. Қоғамдық өмірге, оның дамуына байланысты көз қараста бұрын идеолизм үстемдік етіп келді. Оның үш түрлі себебтері бар тарихты ғылыми тұрғыдан түсіндіру белгілі бір нақтылы объективтік жағдайлар талабына байланысты туындаған соның рухани нәтежесі еді. Ол қоғамның, философияның, ғылымның жаңа практикалық талабына сәйкес өмірге ойдың жетістіктеріне сүйену арқылы, соның жалғасы ретінде және ғылым, практика жаңалықтарына сүйене отырып, солардың талабына сай қалыптаса бастады.

Тарихты объективтік тұрғыдан түсіну өзінен бұрынғы алдыңғы қатарлы қоғамдық ойдың жәй жалғасы емес, қоғам тану тарихындағы мүлдем жаңа сапалы кезең. Тарихқа объективтік көз қарастың қалыптасуы табиғатты да, қоғамды да қамтитын біртұтас ғылыми - философиялық дүниетанымдық негіз болды.

Қоғамды ғылыми принциптер негізінде зерттеу нәтижесінде оның даму заңдылықтарын ашу барысында әлеуметтік тану саясаттану ілімдері дүниеге келді. Ол ғылымдар адамзат тарихин түсіндірудің кілтің, көзін қоғамның материалдық - экономикалық қатынастар жүйесінен шығарып, оны жан - жатқы терең талап дәлелдеді.

Қоғам заңдары бадырайып көрініп тұрмайды, оларды тікелей байқау, көру, бақылау арқылы қабылдау өте қиын. Осы себебті қоғам заңдарын терең танып - білу арқылы пайдалану онай емес, ол көп күш жұмсап, зерттеуді керек етеді. Олар абстрактілі ойлау арқылы белгілі болады.

Қоғамды ғылыми тұрғыдан түсінудің басты өзгешелігі - ол алуан түрлі қоғамды қатынастардың байланыстардың ішінен ең бастысын - материалдық - өндірістік қатынастарды бөліп алады.

Қоғамдық болмыс - адам өмірінің, оның іс - әрекетінің қажетті шарты және қайнар көзі. Адам өзінің жасампаздық күш - қуатымен табиғи мүмкіндіктерді шындыққа айналдыру арқылы болмысты өзгертіп отырады. Қоғамдық болмыс - адамзат тарихының даму кезеңдеріндегі әлемметтік практиканың нәтижесі.

Қоғамда түрлі қатынастар бар. Олардың негізіне алғанда марериалдық және идеологиялық қатынастар болып екіге бөлінеді. Материалдық қатынастар адам санасынан тыс, ой елегінен өтпей - ақ қалыптаса береді. Оған жататындарды ең алдымен табиғатты адам арқылы өңдеу деп айтады.

Қоғамды қатынастардың екінші бір тобы - идеологиялық қатынастар оларға адамды адам арқылы өндеу жатады. Олар саяси, құқылық, марольдық, діни, эстетикалық философиялық қатынастар болып бөлінеді.

Нағыз демократиялық қоғам адамдар бостандығынан, еркіндігінен көрінеді. Бірақ бостандық ойға келгенді жасау емес, қоғам болған соң белгілі тәртіп болады.

Демократияның бір көрінісі либерализм. Ол адам құқығы деген ұранды желеу етіп адам не істесе де берікті болу керек дейді.

Қоғам дамуындағы ерекше заңдар әр - бір жеке - экономикалық формациялардың өзіне тән ерекшелігін көрсетеді.

Қоғамды бір тұрас, тірі әлеуметтік организм деп қараудың негізгі шарты - барлық дәуірлердің әлеуметтік - экономикалық даму типологиясын құру, яғни қоғамдық - экономикалық фармация туралы қғымды тұжырымдауды қажет етті.

Сондықтан тарихты әлеуметтік философия тұрғысына пайымдау, талдау әдісін - біз қоғамдық құылыстардың жалпы теориясымен методологиясы дейміз. Айта кеу керек, қоғамды басқа да толып жатқан нақтылы ғылымдар (әдебиет, заң, тарих, саяси экономия, саясаттану, әлеуметтану, т. б. ) зерттейді.

Материалистік философия ілімдерінде адамзат қоғамы ешқашан өзгермейтік, әрқашан өзіне тән құбылыс ретінде қаралып келді. Қоғамдық құбылыстар кездейсоқ, оларға ешқандай заңдылық жоқ деп санаған, не биологиялық заңдылықтарды қоғам өміріне қолданған реттер де кездесті.

Қоғамның тарихи үлгілері бір - бірінен материалдық игілікті өндіру тәсілі арқылы ажыратылады ал қоғамның формацияның саналық ерекшелігі ондағы өндірістік қатынастарға байланысты болады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
«Қоғамдық білім негіздері»
Биліктің қызметтері мен жіктелуі
Саяси жүйе және мемлекет. Құқықтың әлеуметтік нормалар
Мемлекеттің дамуын нығайтудағы құқықтық сана мен құқықтық мәдениеттің ролі
Жалпы психология пәні
Қоғам туралы түсінік
Вексельдерді қолдану бойынша есеп айырысу есебі
Өндіріс пен өндіріс факторлары туралы түсінік
ҚҰҚЫҚ ТУРАЛЫ ТҮСІНІК. Құқық түсінігінің маңызы және оны талдап түсіндіру
Философия пәнінен оқу-әдістемелік кешені
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz