Қиын баланың айналасындағы адамдармен және жеке өзіне қарым-қатынасы



1. Оқушының қарым.қатынасындағы мінез ерекшелігі
2 Педагогикалық шешім
3 Эстетикалық тәрбиені мектеп өмірінде ұйымдастыру және оның құралдарын пайдалану
4. ЭСТЕТИКАЛЫҚ ҚЫЗЫҒУДЫ ДАМЫТУ МӘСЕЛЕСІ
Намыс — адамдық қасиеттерді қалыптастырып, оны сақтай білудің, адамгершілік мінез-құлық пен іс-әрекеттің батылдық және кісілік көрінісі. "Қоянды камыс өлтіреді, ерді намыс өлтіреді" деп халық ер намысын ерекше бағалайды.
Ер намысы ұлттықнамыс дәрежесіне көтеріледі. "Ер ел үшін туады, ел үшін өледі" деп, халық намысты ер халқьі үшін жанын қиятынын мақтаныш етеді. Әсіресе ұлттық намыс пен ұлттық мақтаныштың мәні зор. "Өзге елдің сұлтаны болғанша, өз еліңнің ұлтаны бол" деп, халық намысы бар азаматтың туған елге қызмет етуін өнеге тұтады.
Абырой — намыс пен ар-ұяттың, игілікті іс-әрекеттің арқасында адамның мақсатқа жетуі, сыйласымға, құрметке ие болуы. Абыройсыздық арсыздық пен ұятсыздықтан, әрекетсіздіктен туады.
Халықтың тұрмыстық іс-әрекет дағдысында үлгілі істер, әуелі дағды содан соң ол дәстүрге, әдет-ғұрыпқа, салт-санаға айналып, өмір заңдылығы болып қалыптасқан. Ал өмір заңын бұзу — қоғам мүшесі үшін күнә, қылмыс, "жүген-сіздік" деп есептелінеді.
Ер намысы халықтық салттың ең бір қалыптасқан заңы. Бала тәрбиеленіп, кісілікке жеткен соң, ол өз намысын қорғай білуге міндетті. Егер ер жігіт намысын қорғай алмаса, ол азаматтық беделін жояды. "Ерді намыс өлтіреді, қоянды қамыс өлтіреді" деген мақал содан қалған. Ер бала әке жолын қуып, "әкеден де асып туып", қатарынан қалмай, алдына қойған мақсаттарын абыроймен орындауға борышты: елін қорғау, еңбек ету, ата-анасын ардақтау, өнер үйрену, күш-жігерлі болу, айтқан сөзінде түру, өділетті болу, біреуге жалынышты, кіріптар болмау, әйел адамды құрметтей білу, жасық болмау, т.б. ізгі қасиеттерді бойына сіңіру ер-азаматтың намысы, абыройы, ары, әсіресе, ұлттық дәстұрге сәйкес инабатты, иманды, ілтипатты болу — ер жігіттің айнымас ары, бұлжытпай орындайтын заңды борышы. "Түрі жылыдан тұңілме" деген сөз содан калған. Халықтың үкімдік заңын пір тұтқан ер-азамат арына адал болған.

Пән: Психология
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 14 бет
Таңдаулыға:   
V. Қиын баланың айналасындағы адамдармен және жеке өзіне
қарым-қатынасы:
I. Оқушының қарым-қатынасындағы мінез ерекшелігі:
а қоғамдық ортада, өндірістік коллективте, жора-жолдастары мен
басқа адамдармен қарым-қатынасы еліміздегі жаңалықтардан хабардар,
хабардар емес, айналасымен байланыс жасай алады, шындықты айтады және
жақтайды, үлкен-кішіні сыйлайды, сыйламайды, өзін-өзі ұстай алмайды,
ызақор, ашуланшақ.тұйық т.б.;
ә қатар құрбылары мен мектеп оқушыларымен қарым-қатынасы өзің
біркелкі ұстау, сыйласымды, ұстамды, артықшылдығын сөзіну, күш көрсету,
жәбірлеу, зорлықты сөзіну, зорлық-зомбылық жасау, қорқақ, ұяң, ұялшақ
т.б..
2. Жеке өз басына қатысы:
а жеке басына сын көзбен .қарау, дұрыс баға беру, артық санау,
қатал, өзіне сенімді, сенімсіз, төмен.. санау т.б.;
ә дене күшіне сену, басшылыққа ұмтылу, абройлы, жарамсақтану,
жалынышты болу т.б.;
б үлкендерге ұқсауда өз пікірі болуы,.бағынышты болмау,өздігінен
орындауға талпыну, ешкімге қажет емеспін деп сезіну.:
3. Жеке басының ынта-ықыласы, құштарлығы, талап-тілегі:
а творчестволық, ұйымдастырушылық істер мен техникалық,
математикалық, музыкалық бейнелеу енеріне бейімділігі және спорт ойындарына
икемділігі бар немесе жоқ;
ә үйірме және секция жұмыстарына қатысады.қатыспайды;
б көркем әдебиет, газет-журналдарды оқиды оқымайды, спектакльдер
мен кинофильм, теледидарды тиянақты көреді, көрмейді;
в қыдырымпаздыққа, қаңғыбастыққа, ұрлыққа, бұзықтыққа, арақ-шарап
ішуге, темекі, наша тартуға құмар, құмар емес.
4. Жеке басының мінез-құлқын жөндеуге, өзін-өзі тәрбиелеуге
талаптануы:
а түзеуге талаптану, әрекеттенбеу;
ә мінезін түзеуте сенімді, сенімсіз;
б мінез-құлқын жөндеуді ойластырмау, болашағына көзі жетпеу,
көзбояушылық жасау.
5. Қиын баланың жалпы адамгершілік қасиетіне мінездеме
коллективист, бір мақсатты, табанда, шыншыл, қарапайым,тұйық, ұяң, екі
жүзді, қатыгез, қиқар, қыңыр, дөрекі ,т б..
V І. Педагогикалық шешім:
Отбасында, мектепте, қоғамдық орындарда қандай жағымсыз әдет-дағдылар
баланың мінез-құлқына, жүріс-тұрысына әсер ететіндігін акықтау.
Қиын баланың бағыт-бағдарыңдағы тіректі адамгершілік қасиеті болса, соның
негізіңде қайта тәрбиелеу процесін құрудың программасын жоспарлау.
Қиын оқушының дербес ерекшелігін ескеріп, оның адамгершілікті сыр-сипатын,
оқу-тәрбие процесінде дамытуды ұйымдастыру мен басқаруда жеке басын сыйлау,
оның дамуына обьективті жағдайлар туғызу.
Сөйтіп программаның құрылысына жүгінсек, қиык оқушылардың
психологиялық-педагогикалық ерекшеліктерін талдауда,олардың айналасын
.қоршаған адамдармен және жеке өзіне. деген қарым-қатынастар жүйесіне,
оқыта, еңбекке ынта-ыкыластарн, қызығушылық және сүйіспектілік күйлеріне
көңіл аударып отыру қажет.
Сонымен, көп жылғы зерттеу жұмыстарының далелдеуінше, қиын
оқушылардың 96 процентіне тән қасиет - өтірік айту.

Өтірік айту тек олардың арына тиетін жағдайларда, яғни күшпен әсер
етуде ғана емес, ешқандай сырттай қысым жасалмай-ақ өтірік-фантазия құрып
айтуға икем болады.
Қиын балалардың типтік өзгешеліктері - эмоциялың тұрғыдан ашуланшақ,
білектің күшіне сену, білекті баланың алдында жалпақтау, мейірімсіздік,
дөрекілік, қиқарлық, өзімшілдік, менмендік қылықтармен сипатталынады.
Олардың күнделікті жүріс-тұрыстарында кездесетін кемшіліктер: қиқарлық - 67
процент, қыңырлық - 28 процент, менмендік, өзімшілдік - 53 процент.
Көп ретте, отбасындағы көліспеушілік, оған қоса мектеп жағдайында
жеткіншектердің жеке басын сыйламаушылық, мұғалімдер мен қиын оқушылардың
арасында туындайтын дау-жанжал, ұрыс-керіс жинақтала келе баланың үйінен
кетуіне, мектепке бармай қаңғыбастыққа душар етеді. Осы типтес қиын
балалардың 87 проценті тек қыдырып қаңа қоймай, көршілес ауылға, обылысқа,
одақтас республикаға да қашып кете береді. Ал қаңғыбастық, қыдырымпаздық
бірден-бір ұрлық, тонау, жәбірлеу, қорқытып зат-нәрселерін тартып алу
79,4 процент т.б. әрекеттерге жүгіндіреді. Бұдардың 41,9 процентін
өздерінен жасы үлкен "көше" жолдастары жоғарыдағы қылықтарға үйретсе,
қалғандарын темекі тартуға, заттар, тәтті тамақ сатып алуға мәжбүр еткен.
Тағы да айтарымыз, қиын оқушыларға тән ерекшелік, олардың шамамен
90 процентке жуығы мектеп оқу программаларын үлгірмеушілер. Бұлардың
көпшілігінің ақыл-естері бар, дендері сау, оқуға қабылетті. Бірақ
араларында кездесіп қалатын бірлі-жарым балалардың ақыл-есінде көзге көріне
қоймайтын ақаулары бар, сол себептен, олар үлгірмеушілер қатарында қалып
қояды. Негізінде, мұндай үлгірмеушілік мектепке байданысты. Өйткені,
мектепте көптеген қиын балалардың дара және топтық ерекшеліктерін оқу-
тәрбие процесін ұйымдастыруда мұғалімдер ескере бермейді. Мысалы, олардың
66,5 проценті оқу материалдарының негізгі түйінін іріктей білмеу, оны
бұрынғы білімдерімен байланыстырмау, дәлірек айтқанда, ойлау операцияларын
орны-орнымен қолдана алмаудан, кейбіреулері механикалық түрде жаттап алуға
жүгінеді. Қиын оқушылардың 87 проценті оқу материалын танып-білуде оқу
ықыдастарының жоқтығынан пән үйірмелері мен факультеттеріне қатыспайды.
Сонымен, ішкі оқу делелдерінің мотив калыптаспауынан үй және сынып
оқу тапсырмаларын орындаудың жеңіл жолдарын іздеп, парталастарынан көшіріп
алу немесе сынып құрбыларына осы жұмыстарды орындатуға әдеттенген.
Қиын балаларға мінездеме бергенде, олардың еңбекке қатысы туралы
өзгешеліктеріне де көңіл аудару қажет. Көп жылғы қиын бала мәселесімен
айналысқан зерттеу жұмыстарымызға және анкеталық сұрақтарға берген
жауаптарын топшылағанда, 94 процент қиын жеткіншектер өзін-өзі күту, тұрмыс
еңбектерін тиянақты атқаруға әдет дағдылары жоқ болса, олардың 32 проценті
бұл еңбек түрінен: әртүрлі сылтаулар айтып, бойларын аулақ ұстауға
тырысады. Олардың 26 проценті болса тек қадағалап отырғанда ғана орындайды,
өз тарапынан тапсырма орындауға енжарлық көрсөтсе, 2 процеңті тұрмыс
қажеттілігі еңбегіне қарсылық жасап, мойындамайды. Байқалынған бір
ерекшелік, қиын жеткіншектердің 71 проценті өндірістік еңбекке дұрыс
көзқараста болғанымен, еңбексүйгіш балалар деп айтуға болмайды. Өйткені,
бұлардың қоғамдық пайдалы еңбекке іскерлігі мен дағдылары бола отырып, ерік
күйінің тапшылығынан табансыздық жасап, бастаған ісін аяғына дайін
жеткізбейді. Еңбекке немқұрайды қарап, жүктелген жұмыстар мен тапсырмаларды
ат үсті орындап, тек педагогтар тарапынан тексерілетін болғандықтан ғана
орындайды.
- Сондықтан болар, қиын балалардың 80 процентіне жуығы айналасындағы
еңбек адамдарының жұмыстарын, еңбектерін сыйламайтындығы байқалады,
Қиын балаларға тән типтік ерекшеліктер қоғамдық мәнді
ұйымдастырушылық қабілеттерінің 82,3 проценті жоқтығы. Солардың ішіндегі
оқушылардың 8,7 проценттейі қоғамдың тапсырмалар орындауға тілек білдіріп
талаптанғанымен, тез суып қалады. Жеткіншектердің 7,4 проценті мектептің
қоғамдың істеріне жүйелі түрде тартылмай, тек аракідік қатыстырылады. Ал,
қалған қиын балалар тіпті коллективтің қоғамдық қоғамдың өмірлеріне
қатыстырылмағандығын байқадық.
Ендігі кезекте, жеткіншектерге мінездеме бергенде, денсаулық
күйлеріне тоқталу қажет.
Қиын балалардың екі жүзге жуығы екі рет дәрігерлік тексеруден
психиатр, невропатолог, терапевт өткізгеннен кейінгі жасаған
қорытындымыздың мәні мынада.
Қиын балалардың жоғары нерв жүйесінің функциялық процестері әртүрлі
жағдайлардың бала күндерінде жүқпалы ауруларға шалдағу, отбасындағы ұрыс-
талас, қатар құрбыларының арасында өз орындарын таба алмауы, уайым-қайғы,
реніш т.б. салдарынан невроз неврастения, ашу шақыру, шыжыңдық
энурез т.б. сырқаттарға 31,2 проценті шалдыққан. Яғни 12,3 проценттей
балаларда невроз, невратекия және ашуланшақ сырқаттары байқалса,
оқушылардың 15,6 проценті түн мезгілінде төсегінде зәрін ұстамайды екен.
Қиын балалардың 2,1 процентінің ақыл-есінде кемтарлық байқалынса, 1,2
процентінде психопатия, қояншықтық эпилепсия, тизофрениялық аурулар
байқалында.
Қорыта келгенде, қиын балалардаң психологиялық-педагогикалық
ерекшеліктеріндегі типтік өзгешеліктерін соғұрлым айқындай білсек, қайта
тәрбиелеу процееінің нәтижелігі арта түседі.

Намыс, абырой, шыншылдық

Намыс — адамдық қасиеттерді қалыптастырып, оны сақтай білудің,
адамгершілік мінез-құлық пен іс-әрекеттің батылдық және кісілік көрінісі.
"Қоянды камыс өлтіреді, ерді намыс өлтіреді" деп халық ер намысын ерекше
бағалайды.
Ер намысы ұлттықнамыс дәрежесіне көтеріледі. "Ер ел үшін туады, ел үшін
өледі" деп, халық намысты ер халқьі үшін жанын қиятынын мақтаныш етеді.
Әсіресе ұлттық намыс пен ұлттық мақтаныштың мәні зор. "Өзге елдің сұлтаны
болғанша, өз еліңнің ұлтаны бол" деп, халық намысы бар азаматтың туған елге
қызмет етуін өнеге тұтады.
Абырой — намыс пен ар-ұяттың, игілікті іс-әрекеттің арқасында адамның
мақсатқа жетуі, сыйласымға, құрметке ие болуы. Абыройсыздық арсыздық пен
ұятсыздықтан, әрекетсіздіктен туады.
Халықтың тұрмыстық іс-әрекет дағдысында үлгілі істер, әуелі дағды содан
соң ол дәстүрге, әдет-ғұрыпқа, салт-санаға айналып, өмір заңдылығы болып
қалыптасқан. Ал өмір заңын бұзу — қоғам мүшесі үшін күнә, қылмыс, "жүген-
сіздік" деп есептелінеді.
Ер намысы халықтық салттың ең бір қалыптасқан заңы. Бала тәрбиеленіп,
кісілікке жеткен соң, ол өз намысын қорғай білуге міндетті. Егер ер жігіт
намысын қорғай алмаса, ол азаматтық беделін жояды. "Ерді намыс өлтіреді,
қоянды қамыс өлтіреді" деген мақал содан қалған. Ер бала әке жолын қуып,
"әкеден де асып туып", қатарынан қалмай, алдына қойған мақсаттарын
абыроймен орындауға борышты: елін қорғау, еңбек ету, ата-анасын ардақтау,
өнер үйрену, күш-жігерлі болу, айтқан сөзінде түру, өділетті болу, біреуге
жалынышты, кіріптар болмау, әйел адамды құрметтей білу, жасық болмау, т.б.
ізгі қасиеттерді бойына сіңіру ер-азаматтың намысы, абыройы, ары, әсіресе,
ұлттық дәстұрге сәйкес инабатты, иманды, ілтипатты болу — ер жігіттің
айнымас ары, бұлжытпай орындайтын заңды борышы. "Түрі жылыдан тұңілме"
деген сөз содан калған. Халықтың үкімдік заңын пір тұтқан ер-азамат арына
адал болған.
Қыз абыройы — отбасының, елдің болашағы, босағаның беріктігі, өмірдің
қызығы. Қазақ халқы "Қыздың жолы жіңішке" деп, оның абырой сақтауын қатаң
қадағалап отырған. Қыздың абыройы оның ақыл-парасатына, инабаттылығына,
махаббатты жоғары бағалауына, іске бейімділігіне, өнерпаздығына,
білімдарлығына байланысты.
Қазақ халқы қыздың абыройын жоғары бағалайды, оның абыройлы болуына,
көбінесе ана жауапты деп қарап, анасын ардақтай білмеген қыз, өз абыройын
да сақтай білмейді деп тұжырымдайды. Өз намысын қорғаған қыз есер жігітке
кіріптар болмайды, есті жігітке ес қосады. Қыз абыройлы болу үшін мінез-
құлқы ибалы, иманды болу керек. "Қыз қылығымен жағады" деген мақал содан
қадған. Халық өсіп келе жатқан қыздың алдына өмірлік міндеттер қойып, оны
орындауын — қыздың абыройы деп санаған: ізетті болу, әсем киіну, әкені
күту, шешені сыйлау, дөрекі сөйлемеу, кабақ шытпай жүру, үлкеннің алдынан
кесіп өтпеу, үқыпты болу, өсек айтпау, бала тәрбиесін білу, ұлт дәстұрлерін
құрметтеу, ана тілін ардақтау, орынсыз сөз айтпау, арқан есе білу, қой сауа
білу, кілем тоқи білу, кесте тіге білу, т.б. іс-әрекеттер мен мінез-
құлыктық қасиеттер иманжүзді, абзал жанды қыздың бойында болу керек деп
есептеген. Отбасында да, балалар бақшасында, мектепте де, көпшілік
орындарда да баланы ер намысына, қыз абыройына сәйкес тәрбиелеу —
баршамыздың міндетіміз.
Шыншылдық — ата-бабаларымыз қастерлеп үйреткен ұлттық қасиеттің бір
түрі. Шыншылдық — адамгершіліктің белгісі, ол халықтың тұрмыстық іс-әрекет
дағдысына айналған. Халық өтірік айту, шындықты жасыру — қылмыстың ауыр
түрінің бірі деп есептейді. Отбасынан бастап біз ұрпақтарымызды шыншылдыққа
үйретеміз.

Сәлем беру және сәлем ету

Қазақтың халық педагогикасында сәлем беру мен сәлем қылуға ерекше мән
беріледі. Өйткені, сәлем беру және сәлем кылу ізеттілікті, имандылықты,
инабаттылық пен мәдениеттілікті көрсетеді.
Ертеде ауыл сыртында отырған қарияға атүсті келе жатқан жасы кіші адам
аттан түсіп, ардақтап ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мектеп жасына дейінгі балалардың топтағы әлеуметтік мәртебесі мен өзін-өзі бағалауына тұлғааралық қатынастардың әсері
Қиын бала туралы түсінік
Үш жас дағдарысының ерекшеліктері
Қазақстандағы балалар психологиясы және оған үлес қосқан ғалымдар
ОТБАСЫНДАҒЫ БАЛАЛАРДЫҢ СӨЙЛЕУ МӘДЕНИЕТІН ҚАЛЫПТАСТЫРУДА
Ата - ананың мектепке көмегі
Кәмелеттік жасқа толмаған жасөспірімдердің психологиялық дамуының теориялық сипаттары
Баланың мінез-құлқы мен әрекеттері
Мектеп жасына дейінгі балалардың тұлғааралық қатынастары
Жасөспірімдердің мінез-құлқындағы қиындықтардың пайда болуы себептері
Пәндер