ҚР Қарулы Күштері Отан күзетінде


Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі
оңтүстік қазақстан техникалық лицейі
Реферат
Тақырыбы: ҚР қарулы күштері Отан күзетінде.
Орындаған: Жуманова Ж.
11 Ә сыныбы
Қабылдаған: Гасанов Г. А.
Шымкент - 2006
жоспар
І. Кіріспе.
ҚР қарулы күштері Отан күзетінде
ІІ. Негізгі бөлім.
1. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің құрамы мен түрлері, әскер түрлері, арнайы әскерлер, олардың қару-жарағы және міндет-мақсаты
2. Тәртіп және әскери құқық.
ІІІ. Қорытынды.
IV. Пайдаланылған әдебиеттер.
Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің құрамы мен түрлері, әскер түрлері, арнайы әскерлер, олардың қару-жарағы және міндет-мақсаты.
Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің ұйымын құрайтындар: Жоғарғы бас қолбасшы; Қорғаныс министрі; Қорғаныс министрлігі; Бас штаб; Әскер бөлімдері, бөлімшелері, әскери мекемелер.
Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Жоғарғы бас қолбасшысы Қазақстан Республикасының Президенті болып табылады; оған әскери доктринаны, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскер жасақтамаларының санын, әскери құрылысының, республика аумағын оперативті жабдықтаудың негізгі бағыттарын, қару мен әскери техниканы дамытудың ұзақ мерзімдік бағдарламаларын, әскери анттың мәтінін, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери жасақтамаларының жарғыларын, тулары мен жалауларын, киімнің әскери нысаны мен айырым белгілерін бекіту құқығы берілген.
Президентке Қазақстан Республикасына агрессия жасалған немесе оның қауіпсіздігіне тікелей сырттан қатер төнген жағдайда республиканың бүкіл аумағында немесе оның кейбір жерлерінде соғыс жағдайын енгізу, ішінара не жалпы жұмылдыру жариялау, сондай-ақ Қарулы Күштердің жоғары басшылығын лауазымдарға тағайындау және лауазымдарынан босату, жоғары әскери атақтар беру құқығы берілген.
Қорғаныс министрлігі Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерін басқаратын орталық орган болып табылады. Қорғаныс министрлігі олардың дамуы үшін және мемлекетті қорғау жөніндегі міндеттерді атқаруға дайындығы үшін толық жауапты болады.
Қорғаныс министрлігінің Қарулы Күштер түрлерінің, әскер түрлері мен арнайы әскерлердің оперативтік мақсаттары мен міндеттерін, олардың Қазақстан Республикасының басқа әскерлерімен және әскери жасақтамаларымен, сондай-ақ халықаралық келісімдер негізінде басқа мемлекеттердің Қарулы Күштерімен өзара іс-қимылда қолданылуын анықтауға құқығы бар. Оның сондай-ақ әскери қызметшілерге болсын, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің азаматтық персоналына болсын әлеуметтік және құқықтық кепілдіктердің қамтамасыз етілуі, патриоттық тәрбие мәселелерімен де шұғылдануға, Қорғаныс министрлігінің әскери қызметшілерінің, жұмысшылары мен қызметшілерінің өмірі мен денсаулығынының қауіпсіздігі мен сақталуын қамтамасыз ету жөнінде шаралар қолдануға құқығы бар.
Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Бас штабы бейбіт уақытта басқа әскерлер мен әскер жасақтамалары штабтарымен бірге бірлескен іс-қимылдың нұсқаларын жоспарлайды және өзара іс-қимылды ұйымдастырады.
Соғыс уақытында республиканың барлық әскери құрылымдары Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің бағынысына өтеді. Бөлімдер мен бөлімшелерге басшылық және ұрыстық қолдану Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Бас штабы талдап-белгілейтін жоспарлар бойынша жүзеге асырылады.
Әскер түрлері - ұрыс қимылдарын тікелей жүргізуге арналған, белгілі бір ұрыс құралдарына ие және өздеріне тән жауынгерлік мақсаты, ұрыс техникасы, қаруы, тактикасы мен ұйымы бар әскерлер.
Арнайы әскерлер - Қарулы Күштердің жауынгерлік және күнбе-күнгі қызметін қамтамасыз ету жөніндегі арнайы міндеттерді орындауға арналған әскер бөлімдері мен бөлімшелері.
Әскери бөлім - Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің барлық түрлеріндегі өз алдына ұйымдық, жауынгерлік, саптық және әкімшілік-шаруашылық бірлігі. Аталымы, елтаңбалық мөрі, Жауынгерлік Туы (ӘТФ-те - Әскери-теңіз жалауы) болады.
Әскер бөлімі - әскери бөлімнің және ҚК мекемесінің шартты цифрлық аталымы.
Бөлімше - әдетте тұрақты ұйымы, қаруы мен құрамы болатын әскер жасақтамасы. ҚК-нің әрбір түрінде және әскер түрінде болады, басқа бөлімшелер мен бөлімдерге кіреді.
Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің түрлері.
Әуе қорғанысы күштері (ӘҚК) қарсыластың ядролық құралдарын жоюға, оның авиациялық топтамаларын талқандауға, сондай-ақ ӘТФ-ты авиациялық қолдауға, әуе тасымалдарына, әуеден барлау жүргізуге, әскерлерді десанттауға, байланыс пен басқаруды қамтамасыз етуге арналған.
Әуе шабуылынан қорғаныс әскерлері ӘҚК құрамына кіреді және әуедегі қарсыласты тойтаруға, халықты, мемлекеттің әкімшілік-саяси және экономикалық орталықтарын, Қарулы Күштер топтамаларын, басқа да маңызды объектілерді қорғауға арналған.
Оларға зенит-ракета әскерлері, әуе шабуылынан қорғаныс авиациясы, радиотехникалық әскерлер қамтылады.
Арнайы әскерлер Қарулы Күштердің жауынгерлік және күнбе-күнгі қызметін қамтамасыз ету жөніндегі арнайы міндеттерді орындауға арналған.
Оларға инженерлік әскерлер; байланыс әскерлері, химиялық (радиациялық, химиялық, биологиялық қорғаныш), радиотехникалық, автомобиль, теміржол, радиоэлектрондық күрес (РЭК), топогеодезиялық бөлімшелер, трубақұбыр бөлімдері және т. б. қамтылады.
Қорғаныс министрлігіне кірмейтін әскерлер: мемлекеттік шекараны күзету күштері мен ішкі әскерлер.
Мемлекеттік шекараны күзету күштері Қазақстан Республикасының құрлықтағы және теңіздегі шекараларын күзетуге арналған. Мемлекеттік шекараны күзететін қазіргі күштер жауды шекарада жоюға үнемі әзірлікте болады, шекарадан ешкімнің де білдірмей өтпеуін қырағы қадағалайды. Шетелдік барлаулардың тіміскі әрекеттерін тойтарып, шекара бұзушыларды ұстап мемлекеттік шекараны күзету күштері Қазақстан Республикасының саяси, әскери және экономикалық мүдделерінің қорғалуын қамтамасыз етеді.
Ішкі әскерлер мемлекеттік объектілерді күзету жөніндегі міндеттерді және Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігіне жүктелген басқа да қызметтік жауынгерлік міндеттерді орындауға арналған.
2. Тәртіп және әскери құқық
Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерін жетілдірудің, ұрысқа дайындығын көтерудің көптеген факторларының ішінде қиын да көп қырлы құбылыс - әскери тәртіпті нығайту бірінші орын алады.
Әскери тәртіп мемлекеттік тәртіптің бір түрі болып табылады. Ол әскери құрылыстың бір принципі ретінде жүреді, ұйымдастырушы фактор рөлін атқарады, әскери ұжым ішінде қарым-қатынас жүйесін тәртіпке келтіріп сақтайды, оның ережелері мен нормалары қызмет бабы мен әскери атағы жағынан бір-біріне тең әскери қызметшілер арасындағы қарым-қатынысты қамтиды. Әскери тәртіп әскерлердің ұрысқа дайындығының маңызды бір бөлшегі екендігі күмән туғызбайды.
Тәртіптік жарғыға сәйкес, әскери тәртіп барлық әскери қызметкерлердің заңды және әскери жарғыларда көрсетілген тәртіп пен ережелерді қатаң және дәл сақтау болып табылады. Бірақ әскери тәртіп ұғымы жарғыда жазылғандағыдан қиын да көп қырлы. Тығыз байланыста болғанымен, заңдылық және әскери тәртіп ұғымдары толық бір-біріне сәйкес келмейді. Егер заңдылық барлық мемлекеттік органдардың қоғамдық ұйымдардың лауазымдық тұлғалар мен азаматтардың қызметтерінің конституциялық принциптері болып табылса, әскери тәртіп - тек әскери басқару органдары қызметінің ғана принциптері.
Сондай-ақ әскери қызметшілерге қойлатын кейбір талаптарды заңдылық ұғымы қамтымайды. Мысалы, «әскери қызмет қиындықтарын шыдамдылықпен алып жүру», «жауынгерлік жолдастықты құрметтеу», «үнемі әскери кәсіби білімді игеру» және т. б. Заңдылықтан әскери тәртіптің айырмашылығы - ол тек заң нормаларын орындауды ғана емес, сонымен қатар техникалық нормалар мен ережелерді, оның ішінде, заңдық сипаты бар ережелер мен нормаларды орындауды талап етеді.
Мемлекеттік тәртіптің бір түрі ретінде әскери тәртіпке жалпы қасиеттер тән. Сонымен қатар әскери ұйым мен әскери қарым-қатынас ерекшеліктерін ескере отырып, әскери тәртіп төмендегідей ерекшеліктерге ие:
Біріншіден, әскери тәртіптің басқа мемлекеттік тәртіптен айырмашылығы - әскери қызметшілерге қойылатын бұйрықты беру мен орындау тәртібімен байланысты қатынастар, әскери сыпайылық ережелерін белгілеу және сақтау, заң бұзудың алдын алу шараларын қабылдау сияқты талаптарды реттей отырып, әскери тәртіп әскери қызметшіге қойылатын талаптарды барынша толық белгілейді.
Екіншіден, әскери тәртіп ережелері қызметтен тыс ортада да таратылады, ал еңбек тәртібінің ережелері жұмысшылар мен қызметкерлердің жұмыс уақытында өз міндеттерін орындау үшін ғана қажет.
Үшіншіден, әскери тәртіп басқа тәртіптерге қарағанда орындаушыларға неғұрлым жоғары талаптар қояды. Мысалы, әскери қызмет қиындықтарын шыдамдылықпен алып жүру, әскери борышты өтеу үшін өз өмірін аямау, адал болу, әскери борышты өтеуде тәртіпті де батыл болу, командирлерге мүлтіксіз бағыну мен оларды ұрыста қорғау және басқалар.
Төртіншіден, командирлер мен бастықтардың тәртіптік құқығының көлемі басқа лауазымды тұлғаларға қарағанда көп. Бұл жекелеген жағдайларда тәртіптік жарғыда қарастырылғандай, бағынбайтындарға төтенше жайттарда қару қолдану өкілеттілігін бөлгенде көрінеді.
Бесіншіден, әскери тәртіп талаптарын бұзғаны үшін, тәртіптің басқа түрлерімен салыстырғанда, заң алдында қатаң жауапқа тартылу белгіленген. Осылайша, әскери қызметшілер бағынбағаны үшін, бұйрықты орындамағаны үшін, бөлімді өз бетімен тастап кеткені үшін қылмыстық жауапқа тартылады.
Осылайша, әскери тәртіп ерекшеліктері оның талаптарының мазмұны мен әрекет ету аумағынан ғана емес, оны бұзудың сипаты мен жауапкершілік дәежесінен де көрінеді.
Әскери тәртіптің заңдық негізін заңдар мен шағын заң актілері құрайды. Оларға: ҚР-ның Конституциясы, заң шығарушы актілер, әскери ант, әскери жарғылар, Президент жарлығы мен Үкімет қаулысы, Қорғаныс министрінің, басқа да әскери басқару органдары мен олардың лауазымдық тұлғаларының бұйрықтары мен заң актілері жатады. Олар әскери тәртіп талаптарын, оны ұстану жолдарын осы жолдарды қолдану тәртібін белгілейді.
Әскери тәртіптің талаптарының мазмұны Тәртіптік жарғының 3-бабында айтылған. Сондай-ақ, олар әскери антта, командирлер мен бастықтардың бұйрықтарында бар.
Аталып өткен әскери міндеттерді талдау - оның тек заңдық емес, сонымен қатар айқындалған адамгершілік сипаты бар екенін де көрсетеді. Мысалы, адал болу, тәртіпті болу, әскери жолдастықты нығайту, өз еркімен әскери істі үйрену және басқалар.
Тәртіптік жарғының 3-бабындағы әскери тәртіп әр әскери қызметшіге төмендегідей тәртіптерді міндеттейді:
- өзін-өзі көпшілік ортада ұстау, өзін және басқа біреуді жағымсыз қылық жасауға жібермеу, азаматтардың ары мен абыройын қорғауға ықпал ету;
- парасатты бастамалар көтеру;
- әскери іс-әрекеттерді жүргізудің халықаралық ережелерін білу және сақтау, жараланған, ауру, кеме апатына ұшыраған адамдарға және ұрыс жүріп жатқан аудандардағы азаматтар мен әскери қызметшілерге қамқорлық жасау;
- командирлер мен бастықтарға құрмет көрсету, әскери әдептілік ережелерін сақтау.
Республика Қарулы Күштерінде әскери қызметшілердің қызметтік және арнайы міндет түрлері белгіленген.
Қызметтік міндеттер әскери қызметшінің әскери бөлімінің, мекеменің ұйымдастыру құрылымында атқаратын қызметімен анықталады. Қызметтік міндеттер жалпы (мысалы, барлық тікелей бастықтар үшін) және нақты (мысалы, бригада, батальон, рота, взвод командирінің қызметі) болып бөлінеді.
Әскери қызметшілердің арнайы міндеттері, әдетте, уақытша сипатта болады немесе әскери атағы бірдей әскери қызметшілердің қарым-қатынасымен байланысты. Олар әскери қызметшілерге оның негізгі міндеттері мен құқықтары шеңберіне кірмейтін тапсырмалар тапсыруға байланысты пайда болады. Мысалы, қарауылдық, патрульді, тәуліктік күзет құрамын тағайындағанда, тексеру, инспекция жүргізу үшін жолдама бергенде - арнайы міндеттер қатарына бастықтар мен бағыныштылар, әскери атағына қарай кіші және аға қызметкерлердің міндеттері де жатады.
Қорыта келгенда, әскери тәртіп оның объективті және субъективті жақтарының диалектикалық бірлігінде өмір сүреді деп айтуға болады. Объективті жағы әскери қызметшілерге қойылатын заң нормаларының, тәртіп ережелерінің талаптарынан және оларды орындау тәртібінен көрінеді. Субъективті жағы - белгіленген талаптарды нақты сақтауда көрінеді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz