Мағжан Жұмабаевтың педагогикасы


Кіріспе
Адам баласымен бірге жасасып, бірге өмір сүріп келе жатқан қоғамның қажетті және тұрақты функциясының бірі - тәрбие болып табылады. Әр түрлі тарихи - экономикалық формацияларда, әр елде тәрбиенің мақсаты мен міндеттері сол елдің нақты талаптарына сай кейбір өзгерістерге ұшырағанымен тәрбиеніңнегізгі мақсаты - жас ұрпақты өмірге дайындау, оған өз халқының ғасырлар бойы жасап, қалыптастырған әлеуметтік тәжірибелерін үйрету негізінен сақталып келеді.
Олай болса тәрбие-мәңгілік категория. Соған қарамастан тәрбие әрдайым толықтырып, жаңартып отыруды, тіпті басқа халықтардың тәрбиелік тәжірибелерін де үйренуді, меңгеруді талап етеді. Ал оны ұлттық шеңберде қалып қоймай озық тәжірибеге, ғылымға сүйеніп қүру, жетілдіру - маңызды міндеттердің бірі. Міне, осы міндетті қазақ қоғамында алғашқылардың бірі болып түсінген, тек түсініп қана қоймай оны іске асыруға баға жетпес үлес қосқан Мағжан Жұмабаев болып табылады. /Басқа тәрбие тақырыбына арналған мақалаларын есептемегенде оның 1922-24 жылдары Орынбор мен Ташкентде қатарынан екі рет басылыпшыққан, осы уақытқа дейін бірегей ғылыми оқулық болып табылатын «Педагогикасы» айрықша орын алады. Бұл шын мәнінде ғылыми еңбек болғанда ұзаққа арналған, маңызы мен мәнін жоймайтын, өз халқына әрдайым нақты пайдасын тигізетін, қоғам мүшелеріне салиқалы ой салатын және олард ың назарын үнемі ауад ай қажет ұрпақ тәрбиесіне ауд аратын, ең маңыздысы нақ осы күні дүниеге келіп жатқан тәрбие туралы еңбектерден шоқтығы биік болмаса кем түспейтін қазына.
«Педагогикадағы» қиын, күрделі мәселелердің бірі тәрбиенің мақсатын анықтау болып табылады. Әрине, ол өзінен-өзі пайда болмайды, ол қоғамдық өмірдің талабынан, объективті қажеттіліктен туады.
Мағжан тәрбиенің мақсатын өте терең тұжырымдайды, ол: «баланы тәрбие қылу тұрмыс майданында ақылмең, әдіспен күресе білетін, адам шығару деген сөз. Қалса, өзін, асса барлық адам баласын әділ жолмен өрге сүйрейтін ер шығару деген сөз» - дей келе, тағы да, «тәрбиедегі мақсат сол адамның, ұлттың, асса барлық адамзат дүниесін бақытты қылу» - деп жалғастырады.
Сөйтіп, Мағжан осы ғасырдың басында-ақ тәрбиенің шеңберін, оның атқаратын қызметін анағұрылым кең көлемде түсінеді. Ол сол кездің өзінде тәрбиенің түбін адамдар арасындағы ынтымақтастықты кеңейтуге, халықта арасындағы бауырмалдықты нығайтуға қызмет етуге тиіс екендігін баса көрсетіп, өзін ғасырымыздың, нағы гуманистерінің қатарына қояды. Тәрбиенің мақсаты анықтағанда ол бір халықтың, ұлттық шеңберінен шығын жалпы адамзаттық мұраттарды басшылыққа алып: «адам халқының адамдарын сүюінің үстіне басқа халықтарды адамдарын сүюге де міндетті», - деп бүкіл адамзаттық деңщйден тіл қатады.
Мағжан - өз халқының патриоты. Сондықтан да оны өз халқының, ұрпағының болашағы үнемі толғандырған. Ол осы тұрғыдан алғанда тәрбиенің басты міндеттерінің бірі бала бойында ұлттық сезімдерді ерте қалыптастыру, оларды халықтың рухани мәдениетімен, әдет-ғұрпы, салт-дәстүрімен кеңінен қаруландыру қажет деп санайды. «Ұлт тәрбие баяғыдан бері сыналып, бүрын қолданып келе жатқан тақта жол болғандықтан, әрбір тәрбиеші сөз жоқ ұлт тәрбиесіме таныс болуға тиісті. Және, әрбір ұлттың баласы өз ұлтының арасында, өз ұлты үшін қызмет кылатын болғандықтан, тәрбиеші баланы сол үлт тәрбиесімен тәрбие қылуға міндетті»-деп жазады. Кешегі уақытта біз шын мәнінде тек бірхалықты - кеңес халқын кұрамыз деген уақытта орыстан басқа халықтардың тәрбие жүйесін тіпті есепке де алған жоқпыз, мектептерде қазақтың халықтық тәрбиесі деген атауды мүлде кездестірмедік. Мұның өзі біздің тәрбиедегі қолға ұстар негізгі қазығымыздан айрылуға әкеліп соқты, қазақ деген аты болмаса заты мүлдем бөлек, шұбарланғақ ұрпақ өсіп шықты, мазмұны социалистік болғанмен түрі ұлттық болған жоқ. Соның нәтижесінде көптеген халықтар мен ұлттар жойылып, тарихи сахнадан шығып қалды, сөйтіп, адам баласының тарихы мен мәдениетіне өлшеусіз зиян келтірілді, тәрбие тек империяның мүддесін көздеді, ұлы державалық шовинистік мүдені нығайту үшін қызмет істелді. Кеңес өкіметі жылдарында осынд ай жолмен 75 ұлыстар мен халықтар жоғалып кетті, 1934 жылы ел бойынша мектептердегі оқу 104 тілде жүргізілсе, 1988 жылы балалар КСРО-да не бәрі 39 тілде ғана білім алды. Мектеп іс жүзінде ұлтсыз мектеп болды.
Демек, тәрбиеде ұлттық ерекшеліктер мүлде сақталмады, ұлттық тәрбие деп айтуға батылымыз бармады.
Мағжанның данышпандығы сонда, ол осыны көріп -, білгендей ғасырдың басында, қазақ мектебі құрылып жатқан кездің өзінде осыны көрегендікпек болжай білді. Сол кезде жазған бір мақаласында: «Қазақтың тағдыры, келешегі, ел болуы да - мектептің қандай негізде құрылуына барып тіреледі. Мектебімізді, берік һәм өз жанымызға қабысатын, үйлесетін негізде құра білсек, келешегімізге тайынбай-ақ серттесуге болады. Сондай негізде құра алмасақ, келешегіміз күңгірт» - деп жазды.
Бұдан артық анық, дүрыс болжам айту қиын. Ұлы адамдар болары болып, бояуы сіңген іске қорытынды жасамайды, олар білгірлікпен бағдардай алады. Мағжан да осындай мінез танытты.
/Педагогикадағы негізгі категориялардың бірі - өзі-өзі тәрбиелеу болып табылады. Қандай тәрбие, тәрбиешінің, басқаның әсері мен үлгісі болмасын сайып келгенде адам - өзін-өзі тәрбиелейді, адам тәрбие ісіне араласқанда ғана оның ықпалы күшті болады. Мектептің, отбасының міндеті - баланы өзін-өзі тәрбиелеуге қалыптастыруға дайындау, яғни өз тіршілігі мен іс-қимылына сын көзімен қарауға, өз мінез-қүлқына бақылау жасауға, оны үнемі жетілд іруге үйрету. Сондықтан да, педагогика ғылымы тәрбиенің белсенділік сипаты бар деп санайды.
Мағжан бұған ерекше назар аударады. Адамның өзін-өзі бақылауы, әрдайым өзіне-өзі есеп беруі оның өз қатесін көруіне, оны жоюына ойландырып, итермелейтін болады. Ол: «адамның өзін-өзі тексеруі - оның дұрыс жолға түсуінің бірінші шарты, қатесін білген адам келешекте оны істемеске ұмтылады, адам өзін тексермесе ілгері баса алмайды» ~ деп теориялық дұрыс, практикалық өте маңызды тұжырым жасайды.
Адам - қоғамдық тұлға, сондықтан да, ол өз жаратылысын, қабілеті мен мүмкіндіктерін тек адам қоғамында, басқалармен қатынас үстінде ғана дамыта алады. Демек, жеке адамның басты белгілері болып табылатын - оның мінез-қүлқы, басқа адамдарға, табиғатқа қатынасы, оның қажеті мен қанағаттандыру тәсілдері - биологиялық жолмен қалыптаспайды, қоғамдық болмыс қоғамдық практикалық қызметі, өзіндей адамдармен қатынасқа түсу арқылы қалыптасады.
Осы арада Мағжан баланың отбасындағы қатынасқа түсетін адамдардан, олардың мінез-қүлқынан үлгі алатындығьщ және бала үшін бұл әсердің өте маңыздылығын керсетеді. Сондықтан, баланың айналасындағы адамдардың мінез-құлқының дұрыс, жағымды болуына айрықша маңыз ереді: баланың ізгі құлықты болуы үшін оның маңайындағы. Адамдар, ата-ана, туған-туысқандары өздері ізгі құлықты болуға тиісті. «Ұяда не көрсе, ұшқанда соны іледі» деген қазақ мақалымен қорытындылайды. Оның бір пікірі орыстың үлкен педагогы П. П. Блонскийдің ата-ананы тәр-биелемей тұрып, баланы тәрбиелеу қиын деген пікірімен қабысады. Бұл арада Мағжан оқытушы мен оқушы, тәрбиеші арасындағы қатынастың адамгершілік мәнін айрықша бағалайды. Бұл - үлкен тақырып, сондықтан да этиканың бір саласы-педагогикалық этиканегізінен баламен мұғалім арасындағы қатынасты анықтайды. Бұл қатынастан бала өміріне қажетті біраз рухани азық алады, тәрбиешінің мінез-құлқының біраз жақтары балада өмір бойына қалады. Олай болса: «тәрбиеші мен баланың арасы өте жақын болуға тиісті. Екеуі бірін-бірі шет, жат деп қарамасын. Екеуінің арасында келіспеушілік болмасын. Бала тәрбиешіні мұңын тарқата алғандай, қуанышына ортақтаса алғандай, сырын шеше алғандай досым деп білсін. Бала тәрбиешіні осылай деп білсе, ол уақытта одан ешбір ойын, ешбір ісін жасырмайтын болады. Жасырмайтын болса, өтірік айту, алдау сықылды ұнамсыз қылықтарға орын да болмайды» - деп түйіндейді. Тәрбие процесінің зандылықтарының бірі - тәрбие ісіне тәрбиеші мен бірге тәрбиеленушінің де белсене араласуын, екеуінің тығыз байланыста болуын талап етеді. Демек тәрбиенің нәтижелі, жемісті болуы бүл процеске баланың белсене қатысуына байланысты.
... жалғасыАл, бұл қатынас кешегі уақытқа дейін мүғалімнің үстемдігіне, әкімгершілігіне, табысқа бұйрықпен жетуге негізделді. Іс жүзінде мектептегі тәрбие қоғамның кішкене үлгісі болатын, мұнда да оқушылар тек қол көтерушілер, айтқанды орындаушылар функциясын ғана атқаратын.
Қоғамның демократияға көшуіне байланысты қазір оқу-тәрбие процесінде де еркіндік, баланың басын сыйлау, құрметтеу, яғни балаға гуманистік қатынас кеңінен орын ала бастады.
Мағжан мұны ерте көре білді, ол «тәрбиеші баланың қаһарлы қожасы болмасын, жұмсақ жолдасы болсын» -дейді. Бұл өте үлкен өте орынды педагогикалық, гуманисті қорытынды. Демек, осыдан 70 жыл уақыт бұрын адам тәрбие туралы ғылымның басты принциптерінің бірі болып табыла тын қағиданы байқап, оны насихаттауға көпшілік қауымның назарын аударды. Өйткені, адам қоғамы қай уақытта болма сын адамгершілікке сүйенеді, ал оның бастамасы бала мен тәрбиешінің тіршілігінен көрініп, бала бойына сіңуі тиіс.
Тәрбие адамның тіршілігіне, қозғалысына тікелей байлнысты. Демек, баланың тәрбиеленуі оның қозғалысы қызметі деген сөз. Баланың ойыны, оқуы, еңбегі - осының барлығы іа баланың қызметі, осы қозғалыс үстінде ол өсіп жетіледі, дамиды. Қозғалыссыз тәрбие, өсу, даму жоқ. Осы қызмет үстінде баланың денесі де, рухани дәрежесі де осіп, толығып, молыға түседі. Бұл екіншіден оның нерв жүйесінің де дамуы мен қалыптасуына әсер етеді. Мағжан өте дәл ғалыми қорытынды жасайды: «бала қозғалмай отыра алмайды. Баланы қажытатын нәрсе тек отыру». Ол бала қозғалысы бостан бос, берекесіз қозғалыс болмай овда таза ауада дем алу, гимнастика жасап дағдыланудың қажеттігіне ден қояды.
Мағжан тәрбие мәселесінің теориясы меи практикасының даму жолын өте ертеден зерттеген болуы керек, өйткені, ол дене тәрбиесінде үнемі гимнастикамен айналысудың пайдалы, қажетті екендігін үнемі еске салып отырады. Мұның өзі республикалық Рим мен Спарта, Афина тәрбие мектептерін еске салады, өйткені оларда гимнастика мектептеріндей, гимназиялық өріс алып, баланың дене құрылысының түзу, әдемі, сымбатты болуына әкелген.
Жеке адамды қалыптастыруда баланы жасынан сапалы тәртіптілікке дағдыландыру, оны баланың күнделікті рухани қажетіне айналдыру педагогикалық үлкен проблемалардың бірі.
Қазіргі өркениетті халықтардың әлеуметтік-экономикалық процесіндегі табыстарының бір негізі - олардың қоғам мүшелерінің тәртіптілігінде, мінез-құлық ережел ерін, занды еңбек тәртібін мүлтіксіз орындайтындығынан екенінен көрмеуге, байқамауға, назар аудармауғаболмайды. Өкінішке орай бізде тәртіп мәселесі күннен-күнге нашарлап барады. Әрине, мұны қоғамның дағдарысынан көреміз. Бұл бір жақты қорытынды.
Алайда, бұған тереңірек үңілсек тәртіпсіздіктің балалар, жастар арасында кеңінен орын алуы ең алдымен мінез-құлық ережелерінің олардың санасына, мәдениетіне айналмағандығынан деп қараған жөн. Қазіргі жастар бойындағы осалдық бір күнде ғана пайда болған жоқ, бүл оала бойына тәртіптілікті еге алмауымыздың нәтижесі. Ең алдымен оқудың, білімнің өзі күнделікті тәртіпке оған тиянақты, жауапкершілік пен қарата, оқудың еңбек, еңбек оолғанда да қажырлы еңбек екендігін, түсіндіре алмай, бойына сіңіре алмай келе жатқанымызда екендігін мойындамауға.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz