Ежелгі Вавилон мемлекеті мен құқығының қалыптасуы


Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі

Қ. А. Ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университеті

Заң факультеті

Мемлекеттік құқықтық пәндер кафедрасы

Тақырыбы: Ежелгі Вавилон мемлекеті мен құқығының қалыптасуы

Қабылдаған: профессор Жетібаев Көпжасар Мұстафаұлы

Орындаған: Алтынбеков Серік Бабахұлы

Тобы: ЗҚТ-015

Түркістан-2010 ж.

Жоспар:

  1. Ежелгі Вавилон мемлекетінің қалыптасуы
  2. Ежелгі Вавилон мемлекетінің қоғамдық құрылысы
  3. Ежелгі Вавилонның мемлекеттік құрылымы
  4. Ежелгі Вавилондағы құқық және Хаммурапи заңы

Вавилон Тигр және Ефрат өзендерінің аңғарында орналасқан. Құнарлы да шұрайлы жерлер, сондай-ақ судың көптігі тұрғындардың жерді өңдеу кәсібіне өтуіне ертеден ықпал етті. Бұл елде қолөнер нашар дамыды, себебі өзен аралығында металл да, тас та болмады. Оның есесіне жері мейлінше құнарлы еді, сондықтан тұрғындар егіншілікпен, мал шаруашылығымен айналысты. Ну болып өскен қамыстың арасына саз балшық пен қамыстан лашық салды, өз төңірегін елді мекендерге айналдырды.

Қалаларда қолөнершілер тұрды, сауда қызу жүріп жатты. Оңтүстік өзен аралығындағы тұрғындар көршілес халықтардан металл, ағаш, тас алып тұрды, олардың орнына астық, құрма, жүн берді.

Вавилон айбынды, күшті мемлекеттің астанасы болып, алдыңғы Азияның өте ірі сауда, саяси және мәдени орталығына айналып, өзінің маңызын екі мыңжылдық дерлік уақыт бойына сақтап келді.

Вавилон туралы алғашқы мәліметтер, б. д. д. ІІІ мыңжылдықта, бұл қала үлкен Шумер-Аккад патшалығының құрамына кіріп тұрған кезде және ежелгі шумерлік атпен Кадингир деп аталған кезде шықты. Б. д. д. ІІІ мыңжылдықтың аяғында амориттердің толып жатқан көшпелі семит тайпалары Месопотамияға еніп, Аккад өлкесінің біраз бөлігін басып алды да, орталығын Вавилон етіп, күшті мемлекет құрды. Шамамен алғанда, сол уақытта таулық эламиттер тайпалары Шумер-Аккад патшалығының әлсіреуін пайдаланып, Месопотамияға шығыс жақтан басып кірді. Шумерге берік орнығып, Ларсаны өздерінің негізгі күшті қамалдарының біріне айналдырды. Шет жерліктер жаулап алған елдерін өзара оңайшылықпен бөлісе алмады. Олардың арасында бәсеке-бақталастық басталды. Бүкіл Месопотамияны жаулап үстемдік жүргізу үшін сөзсіз болатын талас-тартыс қызды. Бұл тартыста Вавилон патшалығы жеңіп шықты да, аморит әулеті орнықты (б. д. д. 1794-1795ж. ) . Вавилон-Аморит патшалығы Хаммурапи тұсында ( б. д. д. 1792-1750ж. ) өзінің гүлдену шағына жетті. Хаммурапи бүкіл қос өзенді өзінің қол астына біріктіріп, ірі және күшті мемлекет құрды. Ол заманның тарихы сақталып қалған көптеген құжаттардың арқасында бізге жақсы мәлім болып отыр.

Ежелгі Вавилондық қоғамның ерекшелігі- патшалардың мемлекетті ірі жер иеленуші мен құл иеленушіге айналдыруында. Патшаның жер қоры дін орындары жерлерін мемлекеттің меншігіне айналдырудан және сондай-ақ жаулап алу мен қауымдық жерлерді сатып алудан құралды. Қоғамның екінші ерекшелігі- патшалық билік пен жеке иеленушілік биліктің күшеюіне қарамастан, қауымдық құрылыстың сақталуында еді. Әрине, бұл жер шаруашылығының ирригациялық жүйесіне байланысты болатын.

Вавилон халқының құқықтық жағдайы сол уақыттың негізгі ескерткіштерінің бірі Хаммурапи патшаның заңдарында сипатталған. Халықты негізінен еріктілер және құлдар деп бөлумен бірге бұл ескерткіш еріктіліерді (авилум) еркек адам және (мушкенум) кішкене адам деп сословиеге бөледі. Екеуі де байдан немесе кедейден бола беретін, құлды ұстау, ұстамауын өздері шешетін, бірақ құқықтық қатынаста олардың арасында айырмашылық едәуір еді. Мағлұматтың жетіспеуінен кеңестік әдебиеттерде ерікті адамдарды бұл екі сословиеге бөлу туралы біртекті көзқарас кездеспейді. Академик В. В. струве (мушкенум) Хаммурапи басып алған жердің халқы да, ал (авилум) - басқыншылардың еліндегі құрметті азаматтар деп есептейді. Ал прфессор И. М. Дьяконов (авилум) бұл әлеуметтік не қызмет жағдайына байланыссыз, қайсыбір қауымда жер иеленуші қауім адамдары, ал (мүшкенумдер) қоғамнан бөлек тұрды, тек патшаның жер участкелерін шарт келісімімен иеленді дейді.

Қауымда жер иелену ғана адамды, оның әлеуметтік және қызмет жағдайынан еріксіз, тең құқылы қылатын.

Қоғамда қаналушытап болды, мемлекеттің, ұжымның және жеке меншіктің қарауындағылар құлдар саналды. Ежелгі Вавилонда құл иеленушілік қатты дамыған жоқ, ол патриархты сипатта болды. Бұл құлдарға кейбір жеке және заттық құқықтар берді.

Хаммурапи заманында Вавилонда ертедегі шығысқа тән қаталдық қалыптасты. Ел басқау ісі қатаң тәртіпте бір орталыққа бағынды және бүкіл жоғарғы билік заң шығарушы, орындаушы, сот және діни биліктің барлығы патшаның қолында жинақталды. Хаммурапидің өзінің шенуніктерімен жазысқан қатынас қағаздарына қарағанда, басқару ісінің әртүрлі тарауларына, атап айтқанда, қолдан суландыру ісін ұйымдастыруға патшаның өзі басшылық еткен. Атына жазылған әртүрлі даулы істер мен шағым арыздарды патшаның өзі қарады. Бұл істер жөнінде патшаның өзі қарар шығарып, шенеуніктеріне тиісті жарлықтар беретін. Тіпті ерекше жарлықтар арқылы күнтізбеге қажетті түзетулер енгізді.

Ел билеу ісінде патша күрделі және бір орталыққа бағынған төрешілдік аппаратқа сүйенді. Бір шенеуніктер орталық басқарманы, екінші біреулері патшаның наместниктері ретінде, мысалы, Сиппар сияқты қалаларды меңгерді. Шакканум дейтін жоғары атағы бар шенеуніктер, ал кішігірім қалалар мен облыстарды рабианумдар басқарды.

Халық әртүрлі салықтар: егістіктен не мал төлеуінен, құрма бақтарынан, күнжүт егістігінен және балықшы қауымдардан алынатын салықтарды төлеуге міндетті болады. Осы салықтармен қатар күмістей алынатын ерекше алымдар және заттай алынатын арнаулы патша алымдары төленді. Осы кірістердің барлығы патша қазынасына түсіп, сарай мүлкін құрады, бұл мүлік шіркеу мүлкімен бірге ерекше заңның қорғауында болды.

Сот билігі айрықша шенеуніктердің қолына жататын. Сот істері шакканумға, рабианумға, аймақтық судьяларға және қаланың ақсақал және дәулетті адамдарынан шыққан айрықша соттарға жүктелді.

Діни судьялары бірте-бірте өзінің маңызын жоғалтып, тек храмдағы құдайлардың бейнелері алдында ант берген сөздерін қабылдаумен ғана қанағаттанатын болды. Бірте-бірте сот істерін жүргізуден заңның алғашқы нормалары шыға бастады, бұл нормалар бойынша судьялардың міндетіне ант берген куәлардың көрсетулерін тек жәй ғана қабылдап қою емес, істі (өз көзімен көріп, зерттеп, тексеру) жүктелді. Заңның арнаулы баптары өтірік куә болған адамды айыпты етіп, жазалайды, ақырында, сот үкімін өзгерткендігі үшін судьяны жазалап, оған талап етілген соманың мөлшерін 12 есе артық етіп айып салады және бұдан былай сот міндеттерін орындауға рұқсат етпейді.

Ежелгі Вавилон құқығының маңызды ескерткіштерінің бірі болып Хаммурапи патшаның заңдар жинағы деп есептеледі. Бұл ескерткішті 1901 жылы француз ғалымы де-Морган Сузыдан тапқан. Бағананың жоғары бөлігінде тақта патшалық құрып отырған күн құдайы Шамаштың алдында сальанатты кейіпте тізе бүккен Хаммурапи патшаға осы заңдар жинағын тапсырып тұрғаны кескінделген. Бұл сурет патша заңдары жинағының құдайдан шыққанын көрсетеді деген ойды білдіреді. Кіріспе мен қорытындыда патша заңдары жоғарыдан жіберілген әділ де өзгермейтін заңдар деп көрсетуге тырысады.

Заң жинағы 282 баптан тұрады. Қала алаңының қақ ортасындағы заңдар бағанасы, осында өтетін әділ сотқа қызмет етуді және заңды білмейміз деп ешкімнің сылтау айта алмайтынын ескертіп тұрғандай. Заң жинағының авторы баптарды олардың мағынасына қарай топтауға тырысқан. Мысалы, 1, 2 баптар әс жүргізу сипаттарының жағдайларын қамтыса, 6-126 баптар мүліктік қатынастарды реттеуге арналған, 127-195 баптар отбасы және мұрагерлік құқықтарына қатысты, 196-214 баптар жеке адамды қорғауды көздейді. Бірақ былайша бөлуді автордың өзі мақсат тұтпаған, мұны біз тек шартты түрде ғана бөлеміз.

Хаммурапи заңдары өз кезеңініе бізге жеткен көптеген құжаттармен қатар, Вавилон қоғамының шаруашылыққа белсенді түрде араласқанын көрсетеді. Жер мен құрылысты сату, бақша мен егістік жерді жалға беру, дала жұмыстарына адам жалдау осының барлығы заңды түрде реттелген.

Вавилон қоғамында жеке меншік мемлекетпен қауымдікі болып, жер қорын құрады. Жерді сату, жерге жеке меншік Хаммурапи патшаның кезіне дейін болған. Бұл тұжырымды растайтын біздің дәуірімізге дейінгі ХХVI ғасырдағы құжаттар. Ал Хаммурапи кезеңінен бастап бізге көптеген құжаттар келіп жетті, оларда Вавилонда жердің жеке адамдардың меншігіне салғанын растайтын тұстар бар. Мәселен, үйді, даланы, бақты, құлды сату актілері табылған. Бұндай құжаттардың бірнешеуі Мәскеу, Санкт-Петербург мұражайларында сақтаулы тұр.

Заң кісіні байқаусыз өлтіріп алуға байланысты кейбір жағдайларды ескерген. Бірақ бұл жазадан мүлде құтылды деген сөз емес. Сонымен қатар дәрігердің жауапкершілігі жайында да бап бар. Топтардың жағдайына байланысты жаза да өзгеріп отырған.

Жеке меншікке қарсы істелген қылмыс өте қатал жазаланатын болған.

6-бап. Сарай, храм мүліктерін ұрлағаны үшін өлім жазасы белгіленген, қой, мал, шошқа тағы басқа жауарларды ұрлағаны үшін 30 есе көлемінде айып төленуі тиіс болған.

8-бап. Төлеуге шамасы келмеген жағдайда ол өлім жазасына кесілетін. Ұрлық кезінде ұсталса, отқа лақтыруға құқық берілді.

Жеке меншік аса қырағылықпен сақталды. Бұл үстем тап мүддесіне сай құлдарға жеке меншіктік басым болғандықтан туған болуы мүмкін.

15-бап. Сарай, храм құлдарын ұрлағаны үшін мүшкенум өлім жазасына кесілетін. Сонымен қатар қашқан құлды жасырғаны үшін, үйінде ұстағаны үшін өлім жазасы белгіленген.

Отбасы мәселесіндегі қылмыстарға келгенде, жалпы айта кететін жас-жұбайлардың бір-біріне адалдығы ерекше ескерілген. Сот келісімінсіз қайта некелеспеу мәселесі де көтерілген. Мысалы, 129-бап бойынша, күйеуіне күнә жасаған әйел мен оған қатысушыны қоса байлап, суға лақтыру жазасы қарастырылған. Бұл жерде қылмыстық заң процесі араласып, отбасында әке билігін арттыра түседі.

195-бап. әкесіне қол көтергені үшін қолынан, тіл тигізгені үшін тілінен айырылатын.

11-бап. Егер өз затын танып, бірақ оны дәлелдейтін, растайтын куәгерлерді әкелмесе, онда заттың иесі-өтірікші, ол өлуі тиіс деп шешім шығаратын. Бұл жерде бәрін көзбен көріп, қолмен істейтін сот. Тек өз заты екенін дәлелдегенде ғана заң оны мойындайды.

Сөйтіп өзінің затына жеке меншіктік құқығын дәлелдесе ғана заң қолдайды.

Вавилонда құлдар, басқа да дүние-мүлік, мал, еңбек құралдары сияқты меншік объектісі болып саналды. Қожайын өз құлдарын сата ма, сыйға тарта ма, мұраға қалдыра ма, не істеседе өзі білетін. Біреудің құлын ұрлаған, керек десең, оны жасырған адам өлім жазасына тартылған. Қашқан құлды өз иесіне қайтарып беру керек болатын. Біреудің дүние-мүлкіне зиян келтірушіге кейін сол шығынды қайтару жүктеледі.

Хаммурапи заңдары бойынша, жоғалған заттың бір адамнан байқап қалса, сот арқылы өз затын талап ете алады. Алайда ол өзінің меншік иесі екенін қостайтын куәлар табуы керек.

Хаммурапидің кейбір баптары Вавилонда кеңінен етек алған алым-салық шарттарына арналған. Бұл баптар сауда айналымының тұрақтылығын қамтамасыз етуге, сатып алушылардың мүдделерін қорғауға бағытталған. Мысалы, заң бойынша құл сатып алушы сатушыға кіна қою үшін 1 айдай уақыт беріледі. Егер осы мерзім ішінде құл ауру болып шықса, сатып алушының төлеген күмісін қайтып алуына мүмкіндігі болды.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ежелгі вавилон мемлекетінің қалыптасуы
Шет елдер мемлекеті мен құқық тарихы пәнінен дірістер
Шет елдер мемлекеті мен құқық тарихы пәнінен дәрістер
Ежелгі шығыс мемлекеттері
Ежелгі Вавилон мемлекеті
Ежелгі мемлекетер тарихы
Ежелгі Вавилон патшалығының қалыптасуы
ШЫҒЫСТАҒЫ САЯСИ ЖӘНЕ ҚҰҚЫҚТЫҚ ОЙДЫҢ БАСТАУЛАРЫ
Ежелгі Шығыс елдерінің құқықтық мұралары
Ежелгі Египет тарихын дәуірлеу
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz