Қасіретті қосақтар Сиам егіздері туралы не білеміз?



1 Болжамдар мен байламдар
2 Сиамда туған Банкерлер
3 Маша мен Даша
Тып-тыныш тұрған шаңырағыңда бір сәтте қос сәбидің шат күлкісі қатар естілетін
болса, бұдан артық адам баласына не керек?! Екі баланың бір уақытта дүниеге келуі
қазіргі қоғамға таңсық емес. Көрші Ресей елінде тұратын келіншек өмірге бірден он
сәби әкелгенде көпшілік таңдай қағысқан болатын. Бірден бес ұл мен бес қыздың
әкесі атанғанын естіген жаңағы келіншектің күйеуі бақыттан басы айналып, есінен
танып қалса керек.
Біреулер қуанышы қойнына сыймай құлап жатса, енді біреулер перзентханадан көзі
мөлтілдеп, жан дүниесі қайғырып шығады. Дүниеге егіздер келген... Бірақ жай егіз
емес, сиам егіздері... Атауының өзін естігенде де¬нені бір қорқыныш жайлайды.
Бұл кеселдің қалай пайда болатынын дүниежүзі ғалымдары әлі күнге дейін дөп
басып айта алмай отыр. Бұған байланысты көп¬теген теориялар пайда болды.
Ға¬лымдар былай дейді: «Біржұмыртқалы егіздердің қос хромосомы толық
бөліне алмайды. Оның салдарынан ажырау процесі әдеттегіден кеш жүреді».
1495 жылы Еуропада маңдайлары қосылған екі қыз дүниеге келді. Бұл келеңсіз
жайтты бұрын-соңды көрмеген жұрттың үрейі ұшты. Бәрі аң-таң. Сол дәуірдегі
дәрігерлердің айтуынша, босануға уақыты таяған келіншек басқа бір адамға басын
соғып алады. Одан құрсақтағы сәбилер шошынған. Сөйтіп, қорқыныш сиам егіздерінің
тууына бірден-бір себеп болған көрінеді. Алайда бұл нақты айғақ емес.
Осы мәселені зерттегендер жетіп артылады. Солардың бірі - XVI ғасырда
өмір сүрген Амброс Паре деген хирург. Ғалым бұл құбылысты екі жағдаймен
бай¬ланыстыра түсіндіреді.

Пән: Медицина
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 3 бет
Таңдаулыға:   
Қасіретті қосақтар Сиам егіздері туралы не білеміз?

16.09.10.

Егіздер... Бұл ұғымға байланысты қоғамда түрлі пікірлер қалыптасқан.
Көпшіліктің бірі мұны адам ағзасының генетикалық өзгерісінен пайда болады
десе, екіншілері діни тұғырға сүйеніп, жарық дүниеге көп бала әкелу –
жаратқанның берген сыйы деп жатады. Әрине, бірнеше сәбидің өмірге бір
уақытта қатарласа келуі - үлкен қуаныш. Тоғыз ай, тоғыз күн толғатқан ана
үшін де, сары уайымға салынып, асыға күткен әке үшін де солай. Бұл - әрбір
пендеге бұйыра бермейтін бақыт.

Болжамдар мен байламдар
Тып-тыныш тұрған шаңырағыңда бір сәтте қос сәбидің шат күлкісі қатар естілетін
болса, бұдан артық адам баласына не керек?! Екі баланың бір уақытта дүниеге келуі
қазіргі қоғамға таңсық емес. Көрші Ресей елінде тұратын келіншек өмірге бірден он
сәби әкелгенде көпшілік таңдай қағысқан болатын. Бірден бес ұл мен бес қыздың
әкесі атанғанын естіген жаңағы келіншектің күйеуі бақыттан басы айналып, есінен
танып қалса керек. 
Біреулер қуанышы қойнына сыймай құлап жатса, енді біреулер перзентханадан көзі
мөлтілдеп, жан дүниесі қайғырып шығады. Дүниеге егіздер келген... Бірақ жай егіз
емес, сиам егіздері... Атауының өзін естігенде денені бір қорқыныш жайлайды.
Бұл кеселдің қалай пайда болатынын дүниежүзі ғалымдары әлі күнге дейін дөп
басып айта алмай отыр. Бұған байланысты көптеген теориялар пайда болды.
Ғалымдар былай дейді: Біржұмыртқалы егіздердің қос хромосомы толық
бөліне алмайды. Оның салдарынан ажырау процесі әдеттегіден кеш жүреді. 
1495 жылы Еуропада маңдайлары қосылған екі қыз дүниеге келді. Бұл келеңсіз
жайтты бұрын-соңды көрмеген жұрттың үрейі ұшты. Бәрі аң-таң. Сол дәуірдегі
дәрігерлердің айтуынша, босануға уақыты таяған келіншек басқа бір адамға басын
соғып алады. Одан құрсақтағы сәбилер шошынған. Сөйтіп, қорқыныш сиам
егіздерінің
тууына бірден-бір себеп болған көрінеді. Алайда бұл нақты айғақ емес.
Осы мәселені зерттегендер жетіп артылады. Солардың бірі - XVI ғасырда
өмір сүрген Амброс Паре деген хирург. Ғалым бұл құбылысты екі жағдаймен
байланыстыра түсіндіреді. Бірінші тұжырым - құдайдың ашуы, шайтанның ісі.
Ал екінші байлам - әйел жатырының көлемі кіші болуы. Бойжеткендер денесіне
не бір тырысқан киімдерді киеді және жүктілік кезінде ыңғайсыз қалыпта отыра
кетеді, - деген екен Амброс мырза. Алайда Франкфурттегі Анатомия институтының
ғалымдары басқа тұжырымды ұстанады. Қосақталып тууға адамның психикасы
әсер етеді, - дейді олар. Ол үшін германиялық дәрігерлер маймылдарға
эксперимент жүргізіп көрді. Расында да жүктілік кезінде көп ашуланып, жынданған
жануардың балалары бір-біріне жабысып туды. Бірақ маймыл адам емес қой. 
Осы мәселемен айналысатын мамандардың айтуынша, босанған 200 000 әйелдің
біреуі сиам егіздерін туады. Ал зерттеушілердің бірқатары 100 000 әйелдің біреуі
туады деп әріптестерімен пікір таластырады. Сонымен қатар сиам егіздерінің көбісі
қыз бала болып келеді. Қосақталып туатындардың шамамен тең жартысы көз
ашпастан өмірмен қош айтысады. Соңғы 500 жылдың ішінде ажырату операциясы
кезінде 600-дей сиам егіздері ғана тірі қалған.

Сиамда туған Банкерлер
Шыны керек, сиам егіздеріне назар аудармау мүмкін емес. Ертеде римдіктер
олардың табиғатын негізге ала отырып, құбылмалы құдай Янгус және жартылай
адам, жартылай ат жайлы аңыздар шығарған. Сиам егіздері алғаш рет 945 жылы
Арменияда дүниеге келген. Бірақ сол уақытта оларға нақты атау берілмеді. Тек
атағы жер жаһанға жайылған ағайынды Банкерлердің арқасында ғана 1911 жылы
сиам деген ұғым тілдік қорымызға енді. ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Егіздер психогенетикасының зерттеу объектісі
Егіздер психогенетикасының зерттеу объектісі жайлы мәлімет
Психогенетиканың қалыптасып дамуы туралы ақпарат
Тұкым қуалаушылық. Генетика
Генеалогиялық шежіре әдісі
Егіздер психогенетикасының зерттеу объектісі жайлы
Генетика ғылымының салаларына сиппаттама беру
Клондау әдісі
Адам генетикасын зерттеу әдістері. Медициналық-генетикалық кеңес беру
Адам генетикасының ерекшеліктері
Пәндер