Қылмыстық ізге түсу түрлері


Жұмыс түрі: Дипломдық жұмыс
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 81 бет
Таңдаулыға:
КІРІСПЕ2-3
I ТАРАУ. ҚЫЛМЫСТЫҚ ІЗГЕ ТҮСУ ТҮРЛЕРІ.
1. 1. Жеке, жеке жариялы және жариялы ізге түсу мен айыптау істері. . 4-7
2. Қылмыстық ізге түсуді жеке түрде жүзеге асыру. Жеке айыптау. 8-8
1. 3. Қылмыстық ізге түсуді жеке жариялы түрде жүзеге асыру. Жариялы айыптау. . 9-10
1. 4. Жеке айыптау істері бойынша іс жүргізу ерекшеліктері. . 11-19
II ТАРАУ. ҚЫЛМЫСТЫҚ ІЗГЕ ТҮСУ ФУНКЦИЯСЫН ЖҮЗЕГЕ АСЫРАТЫН МЕМЛЕКЕТТІК ОРГАНДАР МЕН ЛАУАЗЫМДЫ АДАМДАР ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ ҚЫЗМЕТІ.
2. 1. Қылмыстық ізге түсуді жүзеге асыратын мемлекеттік органдар және олардың қызметі20-25
2. 2. Прокурор26-38
2. 3. Тергеу бөлімінің бастығы және тергеуші . . . 39-48
2. 4. Анықтау органы, анықтау органының бастығы, анықтаушы. . 49-55
III ТАРАУ. ҚЫЛМЫСТЫҚ ІЗГЕ ТҮСУДІ БОЛДЫРМАЙТЫН МӘН-ЖАЙЛАР МЕН ЖАҒДАЙЛАР.
3. 1. Қылмыстық ізге түсуді болдырмайтын жағдайлар………56-64
3. 2. Қылмыстық ізге түсуді жүзеге асырмауға мүмкіндік беретін мән-жайлар. . 65-66
ҚОРЫТЫНДЫ67-68
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР. 69-71
КІРІСПЕ
Еліміз жаппай аяусыз күрес жариялап отырған қылмыс дамуының да түрі сан алуан. Сондықтан да, әр сала бойынша жасалынатын қылмыс түріне бейімделіп алған қылмыскерлер дер кезінде құрықтап жауапқа тартуда оңайға түспесі анық. Алайда бұл мақсатта қылмысқа ізге түсуді жүзеге асыратын органның қызметін күшейту қажет.
Қазақстан Республикасының қылмыстық іс жүргізу кодексінің 7 - бабының 14-тармағына сәйкес “қылмыстық ізге түсу оргындарына” прокурор /мемлекеттік айыптаушы/, анықтау органы, анықтаушы болып табылады.
“Анықтау”-анықтау органдарының заңмен белгіленген өкілеттік шегінде істің мән - жайының жиынтығын анықтау, белгілеу, бекіту және қылмыс жасаған адамдарды қылмыстық жауапқа тарту жөніндегі сотқа дейінгі қызметінің іс жүргізу нысаны. Ал, прокурор, өз құзіреті шегінде жедел-іздестіру қызметінің, анықтаудың, тергеудің және соттың шешімдерінің заңдылығын қадағалауды, сонымен қатар, қылмыстық процестің барлық сатыларында қылмыстық ізге түсуді өз құзіреті шегінде жүзеге асырушы лауазымды тұлға болып табылады.
Қылмыстық ізге түсуді жүзеге асыратын орган ретінде - анықтау органының қызметіне: заңмен белгіленген құзіретіне сәйкес қылмыстың белгілері мен оларды жасаған адамдарды табу, қылмыстардың алдын алу және қылмыстың жолын кесу мақсатында қажетті қылмыстық іс-жүргізу және жедел-іздестір шараларын жүзеге асыру; алдын ала тергеу жүргізу міндетті істер бойынша заңда көзделген тәртіппен қылмыстық іс жүргізу және жедел-іздестіру әрекеттерін жүзеге асырады.
Қылмыстық ізге түсу органдары - қылмыстық іс қозғалған кезден бастап, оны мәні бойынша қарау үшін сотқа қылмыстық істі жолдағанға дейінгі іс-жүргізу, сондай-ақ, қылмыстық іс бойынша жеке айыптаушы мен қорғау тарабының материалдарын дайындайды. Сондай-ақ, қылмыстық ізге түсу органы қылмыстық ізге түсуді жоққа шығаратын жағдайды байқағаннан кейін сотқа дейінгі іс жүргізудің кез келген сатысында қылмыстық іс қозғаудан бас тарту туралы немесе қылмыстық істі қысқарту туралы қаулы шығарады. Ал, сот қылмыстық ізге түсудің жоққа шығаратын мән-жайлар байқалған ретте қылмыстық істі қысқарту туралы мәселені шешеді.
Сонымен, қылмыстық ізге түсу деп, қылмыстық заңмен тыйым салынған қоғамға қауіпті әрекетті жасаған адамды анықтау, оның жасаған қылмысының құрамын, себебін, оқиғасын анықтау мақсатында, сондай-ақ мұндай адамдарға қатысты жазалау немесе өзге де қылмыстық құқықтық ықпал ету шараларын қолдануды қамтамасыз ету үшін жүзеге асыратын іс жүргізу қызметі.
Берілген тақырыптағы жұмыс бойынша, күрделі мәселелер қарастырылып, оларды іс жүзінде жүзеге асыру жолдары көрсетілген.
I ТАРАУ. ҚЫЛМЫСТЫҚ ІЗГЕ ТҮСУ ТҮРЛЕРІ.
1. 1. Жеке, жеке жариялы және жариялы ізге түсу мен айыптау істері.
Қазақстан Республикасының жаңа Қылмыстық кодексінде қылмысты санаттау туралы арнаулы норма енгізіліп, онда қылмыстар сипатына және қоғамға қауіптілік дәрежесіне және кінәнің түріне байланысты онша ауыр емес, ауырлығы орташа, ауыр және аса ауыр деген санаттарға бөлінген. Қылмыстық ізге түсу мен сотта айыптау жеке, жеке-жариялы және жариялы түрде жүзеге асырылуы жасалған қылмыстың сипаты мен жоғарыда аталған қылмыс санаттарына қарай жүзеге асырылады.
Жеке жариялы айыптау істері жәбірленушінің шағымы бойынша ғана қозғалады және айыпталушы бірінші рет кішігірім немесе ауырлығы орташа қылмыс жасаса, сондай-ақ егер, ол жәбірленушімен татуласса және жәбірленушіге келтірген зиянның есесін толтырып берген жағдайда қысқартылуы мүмкін. Прокурор жәбірленушінің шағымы болмаған жағдайда қылмыстық іс қозғауға құқылы. Ал, айыптау істері жәбірленушінің шағымы бойынша ғана қозғалады және жәбірленуші мен айыпталушының бітісуімен қысқартылады. Жариялы айыптау ісі бойынша қылмыстық іс жәбірленушінің шағымы болу немесе болмауына қарамастан қылмыстық ізге түсу жүзеге асырылады.
Сонымен, қылмыстық ізге түсу сотта айыптау істері жеке, жеке-жариялы, жариялы тәртіпте жүргізіледі.
Жеке айыптау істеріне Қылмыстық кодексте көрсетілген мына қылмыстар жатқызылады: денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіру; денсаулыққа абайсызда зиян келтіру; қорқыту; жыныстық қатынас жасауға, еркек пен еркектің, әйел мен әйелдің жыныстық қатынас жасауына немесе нәпсіқұмарлық сипаттағы өзге де іс әрекеттерге мәжбүр ету; жала жабу; қорлау; балаларын немесе еңбекке жарамсыз ата- анасын асырауға арналған қаражатты төлеуден әдейі жалтару; еңбекке жарамсыз жұбайын немесе зайыбын асыраудан әдейі жалтару; жеке өмірге қол сұғылмаушылықты бұзу; бөтен адамның мүлкін абайсызда жою немесе бүлдіру; көліктің қауіпсіз жұмыс істеуін қамтамасыз ететін ережелерді бұзу. Бұл аталған қылмыстық істер бойынша іс қозғауға жәбірленушінің арызы немесе прокурордың шағымы қажет.
Егер әрекет дәрменсіз немесе басқаға тәуелді жағдайдағы немесе басқа да себептер бойынша өзіне тиесілі құқықтарды өз бетінше пайдалануға қабілетсіз адамдардың мүдделерін қозғайтын болса, прокурор жеке айыптау ісі бойынша жәбірленушінің шағымы болмаған кезде де іс қозғауға құқылы.
Ал, жеке - жариялы айыптау істеріне Қылмыстық кодекстің мына баптары жатқызылады:денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру; заңсыз аборт жасау; зорлау; нәпсіқұмарлық сипатындағы күш қолдану; бала асырап алу құпиясын жария ету; қамқоршы немесе қорғаншы құқықтарын теріс пайдалану; сеніп тапсырған бөтен мүлікті иеленіп алу немесе ысырап ету; интеллектуалдық меншік құқықтарын бұзу; заңды кәсіпкерлік қызметке кедергі жасау; мәміле жасауға және оны жасаудан бас тартуға мәжбүр ету; компьютерлік ақпаратқа заңсыз кіру; ЭЕМ үшін зиянды бағдарламаларды жасау, пайдалану және тарату; өкілеттіктерді теріс пайдалану т. б. қылмыстар кіреді. Аталған қылмыстар бойынша қылмыстық іс жәбірленушінің шағымы болмаса қозғалмайды.
Прокурор, егер әрекетке дәрменсіз немесе басқаға тәуелді жағдайдағы немесе басқа да себептер бойынша өзіне тиесілі құқықтарды жүзеге асыра алмайтын немесе өз бетінше пайдалануға қабілетсіз адамдардың мүдделерін қозғайтын не басқа адамдардың, қоғамның немесе мемлекеттің елеулі мүдделерін қозғайтын болса жеке- жариялы айыптау ісі бойынша жәбірленушінің шағымы болмаған жағдайда да қылмыстық іс қозғауға құқылы.
1. 2. Қылмыстық ізге түсуді жеке түрде жүзеге асыру. Жеке айыптау.
Қылмыстық ізге түсу Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 105, 111, 112, 123, 129, 136, 144 бабының (1, 2 бөліктерінде, 145 бабының 1 бөлігінде, 188 бабының 1 бөлігінде, 300 баптың 1 бөлігінде) көзделген қылмыстық істер бойынша жеке түрде жүзеге асырылуы мүмкін. Жеке айыптау істері бойынша қылмыстық іс тек қана жәбірленушінің шағымы болған жағдайда ғана қозғалады. Бұл қылмыстық істер бойынша шағымданушы яғни, жәбірленушіге тікелей моральды, мүліктік зиян немесе дене жарақаты т. б. зиянның орны болуы керек. Бұл іс бойынша, егер жәбірленуші кәмелеттік жасқа толмаса немесе дене кемтарлығы болса, не созылмалы психикалық ауруы, психикасының уақытша өзге де дертке ұшырауы салдарынан өзін-өзі қорғай алмаса онда, жәбірленушінің заңды өкілдерінің арызы немесе шағымы бойынша қылмыстық іс қозғалады. Ал, жәбірленуші мен айыпталушы татуласқан ретте жәбірленушінің заңды өкілінің келісімімен қылмыстық іс тоқтатылады.
Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 392 бабының 2, 4, 6 бөліктерінде көрсетілгендей жәбірленушінің арыздары жазбаша болуы керек. Арызда соттың атауы, қылмыс оқиғасы, орны, уақыты, осы іске қатысты дәлелдемелер, куәлердің тізімі, қылмыстық жауаптылыққа тартылатын адам туралы толық мәліметтер тағы басқалар жазылуы тиіс. Арызға, оны беріп отырған адам қол қояды.
Шағымды сондай-ақ, азаматтық талапты қарау туралы өтініш болуы мүмкін. Шағым сотқа беріледі. Жәбірленушіге барлық құқықтары түсіндіріледі және қылмыстық істі қозғау тәртібі мен жағдайлары, жеке айыптау істері бойынша істі тоқтату тәртібі түсіндіріледі. Жеке айыптау істері бойынша іс жүргізу ерекшеліктерін алдағы тарауларда қамтимыз.
1. 3. Қылмыстық ізге түсуді жеке-жариялы түрде жүзеге асыру.
Жеке - жариялы айыптау істері жәбірленушінің шағымы бойынша
қозғалады. Шағымда жәбірленушінің қылмыстық іс әрекетті жасаған адамды қылмыстық жауапқа тарту туралы талабы болуы тиіс. Қылмыстық іс бойынша жеке - жариялы айыптау ісі жалпы тәртіппен жүзеге асырылады.
Жеке-жариялы тәртіппен жүзеге асырылатын қылмыстық ізге түсу Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 103 бабында /бірінші бөлігінде/, 104 бабында /бірінші бөлігінде/, 117 бабында /бірінші және екінші бөлігінде/, 121 бабында /бірінші бөлігінде/, 135, 139 баптарында, 187, 189, 200 баптардың /бірінші бөліктерінде/ 327 бабында /бірінші бөлігінде/ тағы басқа да қылмыстық кодексте көзделген қылмыстар туралы істер бойынша жәбірленушінің шағымы болмаған кезде басталмайды және қылмыстық іс бойынша қозғалмайды.
Прокурор жеке - жариялы айыптау ісі бойынша жәбірленушінің шағымы болмаған кезде де іс қозғауға құқығы бар. Ол заң бойынша мына жағдайларда жүзеге асырылады:
1. егер, жәбірленуші әрекетке дәрменсіз немесе басқаға тәуелді болған жағдайда;
2. өзіне тиесілі құқықтарды өз бетінше пайдалануға қабілетсіз адамдардың мүддесін қорғаған жағдайда;
3. қоғамның немесе мемлекеттің елеулі мүдделерін қорғайтын болса.
Егер, прокурор жәбірленушінің шағымы болмаған ретте өз қалауы бойынша қылмыстық іс қозғаған болса, онда қозғалған қылмыстық іс жариялы сипатқа ие болады.
Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 8 тарауында көзделген әрекеттер мемлекеттік кәсіпорын болып табылмайтын болса, тек қана коммерциялық немесе өзге де ұйымның мүдделеріне зиян келтірсе және басқа да ұйымдардың мүдделеріне, сондай-ақ, азаматтардың, қоғамның немесе мемлекеттің мүдделеріне зиян келтірмесе қылмыстық жауапқа тарту осы ұйым немесе уәкілетті орган басшысының арызы немесе олардың келісімі бойынша жүзеге асырылады. Аталған тараудағы қылмыстарға мына төмендегі қылмыстар жатады:
- өкілеттіктерді теріс пайдалану;
- жекеше нотариустардың және аудиторлардың өкілеттіктерді теріс пайдалануы;
- жекеше күзет қызметі қызметшілерінің өкілеттіктерін асыра пайдалануы;
- коммерциялық сатып алу;
- міндеттеріне адал қарамау т. б. қылмыстар.
Осы аталған істер бойынша қозғалған қылмыстық істер жеке-жариялы түрде жүзеге асырылады. Осы қылмыстар бойынша айыпталушыны қылмыстық жауапқа тарту үшін мына аталған жағдайлар міндетті түрде қарастырылуы тиіс:
1. мекеме, мемлекеттік болмауы тиіс;
2. басқа ұйымдардың мүдделеріне, сондай-ақ азаматтардың, қоғамның немесе мемлекеттің мүдделеріне зиян келмеуі тиіс.
Осы жағдайларға қарай, коммерциялық және басқа да ұйымдар еркін түрде заң шеңберінде өздерінің мүдделерін анықтап алады. Ұйым немесе уәкілетті орган басшысының арызы қылмыстық істі қозғауға уәкілеттігі бар немесе қылмыстық ізге түсу органына бере алады. Арызда тек қана болған оқиға жайында ғана емес, сонымен қоса айыпталушы жақты міндетті түрде қылмыстық жауаптылыққа тарту туралы өтініші болу керек. Бұл аталған қылмыс түрлеріне байланысты қозғалған қылмыстық іс жалпы тәртіпте жүзеге асырылады.
- Жеке айыптау істері бойынша іс жүргізу ерекшеліктері.
Жеке айыптау істері бойынша сотта іс жүргізу мынадай тәртіптерде жүзеге асырылады. Жеке айыптау істері бойынша қылмыстық іс бір адам немесе бірнеше адамның сотқа адамды қылмыстық жауаптылыққа тарту туралы шағымы негіз болып табылады. Анықтау органына, тергеушіге немесе прокурорға келіп түскен шағымдар сотқа міндетті түрде жіберілуі керек. Шағымда мынадай мәліметтер көрсетілуі тиіс:
- шағым берілген соттың атауы;
- қылмыстық оқиғаның сипаттамасы, яғни іске қатысты дәлелдерді көрсете отырып;
- қылмыс жасалған орны мен уақыты;
- қылмыстық жауаптылыққа тартылған адам туралы мәліметтер;
- сотқа шақырылуы тиіс куәлердің тізімі;
- істі іс жүргізуге қабылдау туралы сотқа өтініш.
Шағымға шағымданушы қол қояды. Сот практикасында көріп отырғанымыздай шағымда, сондай-ақ азаматтық талапты қарау туралы өтініштерде көптеп кездесіп жатады. Шағым сотқа жеке айыптау ісі қозғалуға қатысты адамдардың санына қарай көшірмелеріменен беріледі. Сонымен қоса, іс жүргізуге қабылданбайтын шағымдар болады. Ол шағым «Домалақ» шағымдар деп аталады. Келіп түскен шағымды сот өз қарауына алса, онда шағым беруші қозғалып отырған қылмыстық іс бойынша жеке айыптаушы болып табылады. Жеке айыптау ісі бойынша сотқа шағым берген және сотта айыптауды қолдаған адам, сондай-ақ мемлекеттік айыптаушы айыптаудан бас тартқан жағдайда сотта айыптауды дербес қолдаушы жариялы және жеке-жариялы айыптау ісі бойынша жәбірленуші жеке айыптаушы болып табылады. Ал, егер, жәбірленуші кәмелетке толмаған немесе әрекетке қабілеті жоқ жағдайда өтініш сұрау білдірген немесе шағым берген оның заңды өкілі жеке айыптаушы болып саналады. Жеке айыптаушы жәбірленуші қандай құқықтарға ие болса, ол да сондай барлық құқықтарға ие болады. Жеке айыптаушы өзіне заң арқылы берілген барлық процессуалдық құқықтарды пайдаланады және өзіне жүктелген барлық міндеттерді жеке немесе құқықтар мен міндеттердің сипатына қарай өкілі арқылы пайдаланады. Судья жеке айыптаушыға барлық құқықтары мен міндеттерін түсіндіреді. Бұл туралы хаттама түзіледі. Хаттамаға судья және шағым беруші адам қол қояды.
Егер, қозғалатын қылмыстық іс бойынша шағым берушілер бірнеше адамдар болса және ол бір адамға ғана қатысты болса, онда әр шағымданушы шағымды жеке-жеке бір-бірінен тәуелсіз береді. Ал, егер бір ғана қылмыстық жазаланатын әрекетке қатысты жеке айыптау қорғауға бірнеше адам құқылы болса және олардың бірінің өтініші бойынша іс қозғалатын болса, қалған адамдар басталып кеткен іс жүргізуге қатысуға құқылы. Мұндай жағдайда аталған адамдардың әрқайсысының өтініші бойынша өз алдына іс қозғау талап етілмейді. Егер ол іс қозғалған қылмыстық жазаланатын әрекеттің мәнімен байланысты болса, айыпталушы айыптаушыға қарсы айыптау білдіруге құқылы. Айыптау және қарсы айыптау бір мезгілде шешілуге тиіс. Айыптауды қайтарып алу қарсы айыптау бойынша іс жүргізуге ықпал етілмейді. Қайтарып алынған жеке айыптау ісі бойынша қылмыстық іс қайта қозғалмайды.
Судьяның жеке айыптау ісі бойынша сот талқылауы басталғанға дейінгі мынадай іс- әрекеттерді жасауы керек:
1. Егер берілген шағымда жоғарыда аталып өткен мәліметтер толық болмаса. Бұл жағдайда судья сол талаптарға сәйкес келтіруді ұсынады және сол талаптарды орындау үшін процессуалдық мерзім белгілейді. Осы берілген мерзім ішінде берілген нұсқау орындалмаса судья қылмыстық іс жүргізуден бас тарту туралы қаулы шығарады. Қаулы дереу арада шағым берген адамға жолданады.
Келіп түскен жеке айыптау ісі бойынша шағымды қарай отырып, судья жетпіс екі сағаттың ішінде мынадай шешімге келеді:
- Шағымды өзінің іс жүргізуіне қабылдау туралы;
- Шағымды тергелу немесе сотталуы бойынша беру туралы;
- Шағымды іс жүргізуге қабылдаудан бас тарту туралы қаулы шығарады;
Егер, судья шағымды өзінің іс жүргізуіне қабылдау туралы шешім қабылдаса, бұл туралы қаулы шығарады. Қаулының көшірмесі өтініш иесіне, сондай-ақ айыпталушыға да жіберіледі. Қаралатын қылмыстық іс бойынша сот мәжілісін тағайындау үшін негіздер болған ретте судья шағымның сотқа келіп түскен күнінен бастап жеті тәулікке дейін мерзімде үстінен шағым берілген адамды шақырады, айыпталушыны барлық іс материалдарымен таныстырады, берілген шағымның көшірмесін тапсырады, заңмен берілетін барлық процессуалдық құқықтары мен міндеттерін түсіндіреді, сонымен қатар, осы айыпталушының пікірі бойынша сотқа қорғаудың куәгерлері ретінде кімдерді шақыру қажет екендігі туралы анықтайды және осы туралы айыпталушыдан қолхат алынады. Үстінен шағым берілген адам сотқа келмеген жағдайда, шағымның көшірмесі сотталушының құқықтары, сондай-ақ жәбірленушімен бітімге немесе ымыраға келу мүмкіндіктері түсіндіріле отырып почта арқылы жіберіледі.
Судья міндетті түрде тараптарға бітімге келу туралы және оның мүмкіндіктерін түсіндіруге міндетті. Егер, осы мүмкіндіктерін пайдаланып, тараптар ымыраға немесе бітімге келіп жатса, онда судья қылмыстық іс жүргізу кодексінің 37 - бабының бірінші бөлігінің 6-тармағы негізінде судьяның қаулысымен іс бойынша қылмыстық іс жүргізу тоқтатылады. Ал, тараптардың арасында өзара бітімге қол жеткізе алмаса, онда судья жоғарыда аталып өткен жағдайлардан кейін істі сот мәжілісінде қарауды тағайындайды және бұл туралы судья басты сот талқылауын тағайындау туралы шешім қабылдайды. Қаулы шығарады. Қаулыда мыналар көрсетілуі тиіс:
1. Сотталушы болып табылатын адамды көрсету;
- Оны бұзу сотталушыға есептелетін қылмыстық заңды дәл көрсету;
- Бұлтартпау шарасы мен келтірілген залалдарды қамтамасыз ету шараларын сақтау, тоқтату, өзгерту немесе таңдау туралы шешім;
- Процеске қатысушылардың қарсылық білдіру, өтініштер және өзге де мәлімдемелері бойынша шешімді;
- Қорғаушы ретінде айыпталушы таңдаған немесе соңғысына тағайындалған қорғаушыға рұқсат ету туралы шешімді;
- Басты сот отырысына шақыруға жататын адамдардың тізбесін;
- Заң оның ісін сырттай қарауға жол беретін жағдайда істі айыпталушының қатысуынсыз тыңдау туралы шешімді;
- Басты сот талқылауының орны мен уақыты туралы мәліметі;
- Істі соттың жабық отырысында қарау туралы шешімді;
- Сот істі қай тілде жүргізетіні туралы шешімді;
- Запастағы судья туралы шешімді қамтуы тиіс.
Запастағы судья талқылауды ұзақ уақыт қажет ететін істі алқалы қарау кезінде тағайындалуы мүмкін. Запастағы судья басты сот талқылауында сот отырысы ашылғаннан бастап немесе сот оның қатысуы туралы туралы шешім қабылдаған кезден бастап қатысады және судьялардың бірі шығып қалған жағдайда оны алмастырады. Бұл ретте істі талқылау ары қарай жалғастырыла береді. Запастағы судья судьялардың бірі шығып қалған жағдайда соттың құрамына кірген кезден бастап судьяның барлық құқықтарын пайдаланады. Шығып қалған судьяның орнына кірген запастағы судья кез келген сот әрекетін жаңартуды талап етуге құқылы.
Егер іс бойынша алдын ала тыңдау жүргізілсе, басты сот отырысын тағайындау туралы қаулыда талқылауға қойылған мәселелер жөніндегі шешімдер баяндалуы қажет.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz