Еурооблигация


Еурооблигация - басқа валютада шығарылған ұзақ мерзімді купонды облигация.
Еурооблигацияда қарыз сомасы, пайызды алу тәртібі, өтеу мерзімі туралы мәліметтер қамтылады.
Әдетте еурооблигацияны шығару және орналастыру бойынша халықаралық банктік синдикат айналысады. Еурооблигация бір уақытта бірнеше елдердің нарығында орналаса алады.
Еурооблигация бойынша пайыздар салықтық жеңілдіктерсіз төленеді.
Еурооблигация - ұсышушыға арналған халықаралық құнды қағаз, қарыз алушының ұзақ міндеттемелерін ұсынады. Еурооблигацияның номиналды құны ереже бойынша 1000 АҚШ доларына тең. Еуровалютаның негізгі эмиссиялық орталығы: Лондон, Франкфурт - на - Майне, Люксембург, Нидерланды, Бермундтық, Багам аралдары, Сингапур және Гонконг болып табылады.
Еурооблигация шығарудың халықаралық тәжірибесі
Анықтама бойынша еурооблигация - шетел валютасында нөмірленген мемлекеттік органдар мен корпарациялар шығаратын қарыздық құрал. Халықаралық тәжірибеде - еуерооблигация нөмірленген елге қарағанда басқа елдерде сатылады.
“Еурооблигация” термінінің тарихи қажеттілігі еуронарықта 60 - шы жылдардың басында шықты, АҚШ - тың қаржы органдары жағынан монетарлы және несиелік еурооюлигацияларды жақсы реттеуге осындай құнды қағаздардың алғашқылары ұйымдастырылды. Басқа елдегі нормативтік және құқықтық шектеулерден аулақ болу үшін шетелде несиелік - депозиттік операцияларды жүргізу үшін осы елдің валютасында қолдануға рұқсат ететін, шешілуі жақын арада табу керек болды. Қазіргі таңда “еуро” сөзі негізінен “сыртқы” дегенді білдіреді және кең мағынаны білдіреді.
Европалық заңнаманы жеке айтар болсақ Prospectus Directive 89/298 Европалық қауымдастығы келесі белгілерді қанағаттандыратын айналымдағы қағаз ретінде еурооблигацияны қарастырды:
- Құнды қағаздар бір немесе бірнеше елдерде біршама көлемде ұсынылады.
- Құнды қағаздардың
ҚТЖ еурооблигацияларының толайым табысы
компанияның ірі жобаларды жүзеге асыруына жол ашпақ
Мемлекеттің 100 пайыздық қатысуындағы компания және Қазақстан темір жол желілерінің жеке-дара операторы болып табылатын “Қазақстан темір жолы” ұлттық компаниясы” акционерлік қоғамы Қазақстан Республикасындағы ұлттық компаниялардың арасында алғашқы болып жалпы сомасы 800 миллион АҚШ доллары тұратын ең ірі квазиегеменді еурооблигацияларды дебюттік шығаруды жүзеге асырды.
Еурооблигациялар шығару және капиталды халықаралық рыноктарға алып шығу жөнінен атқарылған жұмыстар еліміздің темір жол саласын жетілдіруге бағытталған ең маңызды іс-шаралардың бірі болып табылады. Мемлекет басшысының Қазақстан халқына арналған “Қазақстанның әлемнің бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясы” атты үстіміздегі жылғы Жолдауында және республика Президентінің Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі көлік стратегиясында атап көрсетілгендей, қазіргі заманға лайық және бәсекеге қабілетті көлік-коммуникация инфрақұрылымын құру елімізді дамытудың ең басты бағыттарының бірі болып табылады. Қазақстанның Дүниежүзілік сауда ұйымына енуі және Мемлекет басшысы бастамашы болған өңірлік ықпалдастық үдерістер шеңберінде темір жол саласын дамыту және еліміздің транзиттік әлеуетін ұлғайту маңызды міндеттердің қатарына жатады.
Қазақстан Республикасының тарихында алғаш рет Moody’s рейтинг агенттігі ұлттық компания шығарған еурооблигацияларға Ваа1 деңгейінде рейтинг берді. Ал Fіtch Ratіngs егеменді ВВВ, Standart&Poor’s ВВ+ деңгейінде рейтингтер берді.
Рыноктың әркелкілігіне, АҚШ-тың қазынашылық облигациялары табыстарының өсіп отырғанына, Ресей Жинақбанкі, Сибакадембанк, Вымпелком, Банк Русский стандарт, сондай-ақ отандық эмитенттер - “Қазақстан Халық Банкі” АҚ, “АТФ Банк” АҚ тәрізді дамып келе жатқан рынок эмитенттері тарапынан айтарлықтай ұсыныстардың болуына қарамастан, “Қазақстан темір жолы” ұлттық компаниясы” АҚ-тың еурооблигацияларына сұраныс ұсыныстан 1, 5 есе асып түсіп, 1, 2 миллиард АҚШ долларын құрады.
Шығарылымның жоғары несиелік рейтингке ие болуы, “Қазақстан темір жолы” ұлттық компаниясы” акционерлік қоғамы табысының өсіп келе жатқандығы, компанияның ел экономикасы үшін стратегиялық маңызы мен мәні, инвесторлардың компанияның өсу перспективасынан үміт күтуі АҚ-тың сомасы 450 миллион АҚШ доллары тұратын бесжылдық еурооблигациялар бойынша жылына 6, 50 пайыздық сыйақымен және сомасы 350 миллион АҚШ доллары тұратын бесжылдық еурооблигациялар бойынша жылына 7, 00 пайыздық сыйақымен мемлекет қамтамасыз етпеген және кепілдік бермеген еурооблигациялар бағаларының төмен болуын қамтамасыз етуге жағдай туғызды. Еурооблигациялар қаржы коэффициенттері белгіленбей шығарылды.
Жоғарыда айтылғандар инвесторлардың және капиталдың халықаралық рыногына қатысушылардың еліміздің ірі ұлттық компаниясы ретіндегі “Қазақстан темір жолы” ұлттық компаниясы” акционерлік қоғамына деген жоғары сенімін айғақтайды. Оның өзі бірінші кезекте біздің республикамыздың әлемдік қауымдастықта танылуы мен беделіне, жүргізіліп жатқан экономикалық және саяси реформалардың, оның ішінде темір жол саласы да бар, мойындалуына негізделген.
Облигациялар шығаруды “Қазақстан темір жолы” ұлттық компаниясы” АҚ-тың, “Казжелдортранс” АҚ-тың және “Локомотив” АҚ-тың кепілдігімен Нидерландтар заңдарына сәйкес Kazakhstan Temіr Zholy B. V. компаниясы жүзеге асырды. Қаржы саласында әлемдік көшбастаушылар болып танылған Cіtіqroup Global Markets Lіmіted және ABN AMRO Bank N. V. шығарылымның ұйымдастырушылары міндетін атқарды. Облигациялар Сингапур қор биржасында листингтен өтіп, Requlatіon S ережесіне сәйкес орналастырылды, соған орай Еуропа мен Азия инвесторлары арасында таратылды. Соған байланысты Лондонда, Цюрихте, Женевада, Сингапурда, Гонг-Конгте, Франкфуртте, Мюнхен мен Венада шығарылымның тұсаукесерлері өткізілді. Қатарында Allіanz Pіmko, Commertzdank, HSBC, Bank of Chіna, Goldman Sachs, Іnsіqht, UBS, Merrіll Lynch және басқалар тәрізді ірі-ірі қаржы институттары бар халықаралық инвесторлардан облигацияларды сатып алуға 125 өтініш келіп түсті.
Осы оқиғаға қатысты бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері үшін баспасөз мәслихатын өткізген компанияның қаржы жөніндегі басқарушы директоры Жаннат Сағындыққызы Сатыбалдинаның айтуынша, түскен қаржы инвестициялық жобаларды қаржыландыруға, займдарды қайта қаржыландыруға және жалпы корпоративтік мақсаттарға жұмсалатын болады. “Қазақстан темір жолы” ұлттық компаниясы” АҚ-тың инвестициялық бағдарламасы темір жол желісінің өткізу қабілетін ұлғайту, темір жол желілерін кеңейту және халықаралық стандарттарға сәйкес келетін жаңа темір жолдар салу, жүк вагондары мен локомотив паркін жаңарту мен модернизациялау, көлік тасымалы қызметінің сапасын жақсарту, Қазақстан арқылы өтетін транзиттік тасымалдар көлемін арттыру, ақпараттық технологиялардың жетілдірілген жүйесін енгізу сияқты мақсаттарға қол жеткізуді көздейді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz