Құқықшығармашылықтың түсінігі


Мазмұны
Кіріспе . . . 3
Негізгі бөлім
1. Құқықшығармашылықтың түсінігі, принциптері және түрлері . . . 4
2. Құқықшығармашылықтың негізгі қағидалары . . . 8
Қорытынды . . . 10
Пайдаланылған әдебиеттер . . . 11
Кіріспе
Құқықшығармашылық ісі ерекше іс - әрекет болып табылып, мұнда еңбектің нәтижесінде нормативтік құқықтық акт жасалады. Норма жасап шығару, яғни, құқық шығармашылық ісі - қоғамдық қатынастарға ықпал жасаудың тәсілі және ол құқыққа заңдық күш беретін құрал болып есептеледі.
Құқық шығармашылығының үш тәсілі бар:
1) мемлекеттік өкілетті органдардың құқықтарды белгілеудегі атқаратын қызметтері;
2) мемлекет органдарының өздеріне тәуелсіз түрде әдет- ғұрыптар (дағдылы істер) болып қалыптасқан немесе мемлекеттік емес ұйымдар жасаған (мысалы: кооператив, қоғамдық ұйымдардың) нормаларды бекітуі;
3) бүкіл халықтың дауыс беру (референдум) түріндегі өткізілетін халықтың тіклей құқық шығармашылық ісі.
Осы үш жағдайдың үшеуінде де құқық шығармашылық ісі өздерінің алдына қойған мақсаттарымен де және басшылыққа негіз етіп ұстанған принциптерімен де ерекшеленеді.
Ата заңның 61 - бабының 1- тармағында: «Заң шығару бастамасы құқығы Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаттарына, Республика Үкіметіне беріледі және тек қана мәжілісте жүзеге асырылады», - делінген.
Заң шығару техникасы кең мағынасында алғанда нормативтік актілерді талдап жасау ережесін ғана емес, сондай- ақ қалыпты материалдарды ұйымдық - техникалық жағынан дайындаудың нақты күйін, қалыпты актілердің құрылымы мен мазмұнын, бұл актілерді ресми басылымдарға жариялаудың жай - күйін қамтиды.
Бағамдық жұмыстың мақсаты заңнаманы, арнайы оқулықты оқу негізінде құқықшығармашылықтың мәнін ашып көрсету болып табылады.
Қойылған мақсатқа сай келесі міндеттер құрылды: құқықшығармашылықтың түсінігі, принциптері және түрлерін ашу; құқықшығармашылық процесінің негізгі сатыларын (стадиялары) көрсетіп беру; заң шығару техникасы және оның заңдарды жүйелеудегі алатын орнына тереңірек тоқталу.
1. Құқықшығармашылықтың түрлері
Құқықшығармашылық мемлекеттің заңдарды, өзге де нормативтік актілерді шығаруға байланысты қызметінің ерекше түрі. Мұның нәтижесінде жаңадан нормативтік актілер пайда болады, бұрынғы қолданыста жүрген құқықтық актілерге өзгерістер, толықтырулар, қажетті түзетулер енгізіледі, тіпті олардың күші жойылады. Сөйтіп, еліміздің құқықтық актілері құқықшығармашылықтың әсерінен үнемі қозғалыста болып тұрады. Халықтың еркі, мемлекеттің мүддесі заңдарда құқықтық нормаларда, басқа да қайнар көздерінде көрініс табады. Аталған құқықшығармашылық іс - әрекеттердің нәтижесінде дүниеге жаңартылған, не өзгертілген күйде заң құжаттары пайда болады. [1]
1. Құқықшығармашылық дегеніміз заңдық нормаларды шығаруға бейімделген, осыған сәйкес, арнайы құзыретке ие субъектілердің қызметі. Ұйымдық бастау болып табылатын негізгі талаптар жұмыстың мәнін, сипатты белгілерін және жалпы бағытын анықтайды. Оларға жататындар:
1. Демократизм. Бұл принцип (қағида) халықтың еркі мен мүддесін құқық нормаларында міндетті түрде ескеруді және тұжырымдауды талап етеді. Оның мәнісі мынада: қоғамның саяси жүйелерінің дамуының негізгі бағыттарының бірі - еліміздің Ата Заңында белгіленгеніндей, Қазақстан Республиксының азаматтарын мемлекет ісін басқаруға кеңінен қатыстыру болып табылады. Құқықшығармашылыққа да демократияның негізгі нысаны ретінде халықты референдум арқылы тікелей қатыстыру. Оған мысал, 1995 жылғы Конституцияның бүкілхалықтық республикалық референдумда қабылдануы.
Демек, бұл принцип нормативтік актілерді, бірінші кезекте заңдарды дайындау мен бекітудің еркін, шынайы демократиялық тәртібін орнықтырып, бұлжытпай жүзеге асырудан көрінеді.
2. Заңдылық. Бұл принцип құқықтық актілерді қабылдау процедуралары мен құзіретін сақтауды талап етеді. Бұл нормативтік құқықтық актілердің мазмұнын да қамтиды. Өйткені, нормативтік актілер тиісті заң шығарушы органның құзыреті шегінде ғана қабылдануға (заңды - Парламент, заң күші бар жарлықты - Президент, өге актілерді тиісінше - Үкімет, министрліктер, ведомстолар, жергілікті өкілді және басқару органдарының қабылдауы) және елдің Конституциясына, оның заңдарына және жоғарғы күші бар өзге де актілеріне сай келуге тиіс. Заңдылық принципі жаңа нормативтік - құқықтық шешімдерді дайындаудың, қабылдау мен жариялаудың белгіленген тәртібін, заң шығару рәсімін, қабылдайтын актілердің нысандарын да қатаң сақтауды білдіреді.
3. Ізгілік (гуманизм) . Бұл принцип заңдық актінің жеке адамның (тұлғаның) конституциялық құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз ету мен қорғауға, оның рухани және материалдық қажеттерін барынша толық қанғаттандыруға бағытталғандығын білдіреді. Адам және оның мүдделері заң шығару қызметінің өзегі болуға тиіс.
4. Жариялылық. Мұның мәнісі - құқықшығармашылықтың барлық процесінде нормативтік құқықтық актілердің жобаларын ашық, еркін әрі іскерлікпен талқылау. Өкінішке орай, құқықшығармашылық тасқындап тұрған қазіргі уақытта, бұл принцип әлі де болса кең көлемде қолданылып жүрген жоқ.
5. Ғылыми сипаты. Актілердің ғылыми негізділігін, ғылыми қызметкерлердің көзқарастары мен ой - пікірлерін, социологиялық мәліметтерін есепке алуын, құқық нормаларының іс - әрекетінің зардаптарын болжау - аталған принциптің өзегі. Заң шығру қоғамдық дамудың қажеттіктеріне, оның объективті заңдылықтарына барынша сай келуге, ғылыми жағынан негізделген болуға, ғылым мен техниканың жетістіктерін ескеріп, пайдалануға, жаңа қалыптық шешімін күткен мәселелердің теориялық талдамаларына негізделуге тиіс. Жобаларды дайындауға ғылыми мекемелер, ғылымның тиісті салаларының жекелеген өкілдері, сондай - ақ ғылым заңгерлер тартылуға тиіс.
6. Кәсібилік, яғни заң жобалығын дайындау мен қабылдау кезінде маманның қажетті заң және жалпы біліктілігі мен қабілеттілігі. Дәлірек, айтсақ, жаңа заң шығарушылық шешімдерді әзірлеуге ғылымның тиісті саллрынан кәсіби даярлығы, мол жұмыс тәжірибесі және жеткілікті білімі бар білікті мамандарының қатысуы.
7. Жобаларды дайындаудағы ұқыптылық және мұқияттылық. Заң дайындау қызметінде шетелдік және отандық тәжірибені, әлеуметтік және өзге зерттеулердің нәтижелерін, әр түрлі анықтамаларды, баяндамалық жазбалрды және өзге материалдарды барынша пйдалану маңызды. Жұмыстағы асығыстыққа, пісіп жетілмеген, ойластырылмаған шешімдер қабылдауға жол бермеу керек.
8. Деркезділік - құқықтық актілерді дайындау мен қабылдауға қажетті уақытты (мерзімді) дұрыс анықтау, қоғамдық қатынастарды реттеудің пісіп - жетілгендік деңгейін есепке алу.
9. Орындауға жарайтындығы - бұл құқықтық актілердің қабылданғаннан кейін өмірге шын бейімділігін анықтауды қажетсінетін қаржылық, кадрлық, ұйымдастырушылық, заңдық жағдайларының есепке алынуы. Мысалға, заңды өмірге енгізіп, қолдану үшін белгілі бір қаражатты талап етеді. Егерде тиісті қаржы жоқ болса, онда заң жұмыс істемейді деген сөз.
10. Жоспарлау - құқықшығармашылық жұмысты пәндік сипатына, кезеңдеріне және мерзімдеріне қарай дұрыс бөлу. Жоспарлаудың мақсаты - бір мәселе бойынша заңдардың көптілігін, бір -бірне ұқсастығын болдыртпау, олардың қарама - қайшылығын жою, заң құжаттарының сапалылығын арттыру, мемлекеттік органдардың заң дайындау жоспарларын, ғылыми - зерттеу мекемелерінің бұл жөніндегі іс - қағаздарын есепке алу, олардың ғылыми - ізденушілік жұмыстарының жоспарларын ескеру.
11. Құқықшығармашылық өкілеттілікті қатаң дифференциациялау - құқықтық жүйелілігіне және иерархиялық деңгейіне сай құқықшығармашылық органдарының өкілеттілігін дұрыс және дәлме - дәл анықтау деген сөз. Бұл принциптің іске асуының қазіргі кездегі еліміздің билікті бөлу мен тежемелік әрі тепе - теңдік жүйесін дамыту барысында маңызы зор.
12. Қабылданатын актілердің техникалық жағынан жетілуі норма мәтіндерін дайындау мен рәсімдеудің заң ғылымы ережелер шығарған және заң шығару техникасы ережелерін кеңінен пайдалануды көздейді, бұлар заң шығарушы үшін міндетті пинциптер болуға тиіс.
Енді құқықшығармашылықтың түрлеріне келетін болсақ, Қазақстан Республикасында оның негізгі саны үшеу:
-мемлекеттік органдардың құқық тағайындау жөніндегі өкілетті қызметі (мысалы, Парламент) ;
- жеке лауазымды адамдардың құқықшығармашылығы (айталық, Президент) ;
- референдум өткізу барысындағы халықтың тікелей құқықшығармашылығы (ҚР Конституциясының, конституциялық заңдарының және мемлекеттік өмірінің өзге де неғұрлым маңызды мәселелеріне арналған шешімдердің жобалары бойынша бүкілхалықтық дауыс беру) . [2]
2. Құқықшығармашылық қағидалары
Құқықшығармашылық мемлекеттін жұмысының ең күрделі, өте жауапкершілікті түрі Норма шығармашылық қоғамдағы қарым-қатынастарға тікелей ықпал ететін негізгі жол, құқыққа мемлекеттік күш беретін құрал. Құқықшығармашылықтың үш түрі бар.
- Тікелей мемлекеттік органның нормативтік актілерді қабылдауы, бекітуі, шығаруы;
- Өмірде көп жылдар бойы қалыптасқан әлеуметтік нормаларды қабылдап, бекіту;
- Нормаларды референдум арқылы бекіту;
Құқықшығармашылық заңдық нормаларды шығаруға бейімделген, осыған сәйкес, арнайы құзыретке иелі субъектілердің қызметі. Әдетте, бұл күрделі жұмыс белгілі бір қалыптасқан принциптерге сүйеніп жүргізілуі тиіс. Олар жалпы айтқанда демократиз, заңдылық, ізгілік, жариялылық, ғылыми сипаты, кәсібилік, жобаларды дайындаудағы ұқыптылық пен мұқияттылық. т. б.
Құқықшығармашылықтын негізгі қағидалары:
1. Демократизм мен жариялылық - шығармашылық процесіне қалын бұхара қоғамдық ұйымдар бірлестіктер, еңбек ұжымдары, саяси партиялар, бұхаралық аппарат құралдары, заңгерлер, ғалымдар қатысып, өздерінің пікірін айтып, ұсыныстарын береді. Өте құрделі мәселе бойынша жалпы халықтық референдум жүргізіледі.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz