Қазіргі дүние елдерінің көп түрлілігі


ҚАЗІРГІ ДҮНИЕ ЕЛДЕРІНІҢ КӨП ТҮРЛІЛІГІН ҚАРАСТЫРАЙЫҚ
1. Елдердің саны мен топтастырылуы. Қазіргі дүние жүзінің саяси картасында 230-дай ел мен территориялар бар, олардың басым көпшілігі - егемен мемлекеттер.
Сеңдер мұншама көп елді ең әуелі әр түрлі сандық белгілері бойынша топтастырып алу қажет болатынын білесіңдер. Елдерді топтастырудың ең көп тараған түрі - оларды территориясының көлемі мен халқының санына қарай топтастыру.
Территориясының көлемі жағынан ең үлкен 7 ел көзге түседі, олардың әрқайсысының ауданы 3 млн. км 2 -ден асады, бұлар қосыла келе, бүкіл құрлықтың жартысын құрайды.
Халқының саны жөнінен ең үлкен 10 ел көзге түседі, олардың әрқайсысында 100 млн. -нан астам адам тұрады, бұл елдердің халқы жер ша-ры халқының 3/5 бөлігін құрайды.
Саяси картада орташа және шағын елдердің саны басым. Әдетте, микро-мемлекеттер деп аталатын өте үсақ мемлекеттер де бар.
Елдерді географиялық орнының ерекшеліктеріне қарай топтас-тыру әдісі де жиі қолданылады. Осыған байланысты олар теңіз жағалауындағы, түбектердегі, аралдардағы, архипелагтардағы елдер болып. Теңізге шыға алмайтын елдер (олардың барлық саны 40 шақты) ерекше топқа жатады. Бұл олардың теңіз сауда жолы мен Дүниежүзілік мұхит байлықтарын пайдалануын қиындатады.
Біздің құбылмалы дүние: экономикасы дамыған және дамушы елдер. Дүниежүзілік елдерін территориясының көлемі мен географиялық орнына, сонымен бірге әлеуметтік-экономикалық даму деңгейіне қарай бір-бірінен ажыратуға болады. Осы турғыдан алганда оларды басты екі турге бөледі:
1. экономикасы дамыган елдер;
2) дамушы елдер.
Біріккен Ұлттар Ұйымы экономикасы дамыған елдердің . қатарына Еуропаның, Азияның, Африканың, Солтүстік Американың, Австралия мен Мүхиттық аралдардың шамамен 60 елін жатқызады. Олардың бәрінің экономикалық және әлеуметтік даму деңгейі жоғары және жан басына келетін жалпы ішкі өнім мөлшері де айтарлықтай мол. Алайда бұл елдер тобы іштей қарағанда айтарлықтай әркелкі болып келеді және оның құрамынан төрт топшаны бөліп керсетуге болады.
Олардың бірінші топшасын "Батыс елдерінің үлкен жетілігі" Оған АҚШ, Жапония, ГФР, Франция, Ұлыбритания, Италия және Канада кіреді. Бұлар батыс дүниесінің ірі экономикалық және саяси ісәрекетімен көзге түсетін жетекші елдері
Дүниежүзілік жалпы ұлттық өнім мен өнеркәсіп өндірісінің 50 и проценттен астамы, ауылшаруашылық өнімдерінің 25 проценттен астамы жеткіліктің үлесіне келеді. Жан басына шаққанда жалпы ішкі өнім оларда 10 мың доллардан 20 мың долларға дейін жетеді.
Бұлардан гөрі орташа елдерді, ең алдымен Еуропа елдерін екінші топшаға жатқызуға болады. Жекелей алғанда, әрқайсысының саяси және экономикалық қуаты үлкен болмаса да, олар дүниежүзілік мәселелерде жалпы алғанда зор, өскелең рөл атқарады. Олардың көпшілігі жалпы ішкі өнімді басына есептегенде "үлкен жетілік" елдеріндегідей мөлшерде өндіреді.
Кеңес Одағының ыдырауы нәтижесінде 1991 жылдың соңында құрылған Тәуелсіз Мсмлекеттер Достастығына (ТМД) кіретін елдерді айрықша топшаға біріктіруге болады.
Біріккен Ұлттар Ұйымы барлық; қалған елдер мен территорияларды дамушы елдерге жатқызады. Олардың бәрінің жер келемі құрлықтың жартысынан астамын алып жатыр, мұнда дүние жүзі халқының жартысынан астамы шоғырланған, Қытайды қоса есептегенде - дүние жүзі халқьгаың 70 проценттен астамын құрайды. Дүние жүзінің саяси картасында бұл елдер экватордан солтүстікке және әсіресе оңтүстікке қарай, Азияда, Африкада, Латын Америкасы мен Мұхиттық аралдарда кең-байтақ белдеуді алып жатыр.
Олардың кейбіреулері (Иран, Таиланд, Эфиопия, Египет, Латын Америкасы елдері және басқа бірқатар елдер) екінші дүниежүзілік соғысқа дейін-ақ тәуелсіздік алған болатын. Бірақ көпшілігі тәуелсіздікті соғыстан кейінгі кезеңде жеңіп алды. Бұл кезеңде 100-ге жуық жас тәуелсіз мемлекет құрылып, олар, азаттық алған елдер деп аталды.
'Кейде "ушінші әлем" деп аталатын дамушы елдердің құбылмалы дуниесі іштей де әртекті. Оларды бірнеше топшаға беледі.
Табиғи, экономикалық, адам қуаты өте күшті және көп ретте дамушы елдердің көшбасында тұратын - Үндістан, Бразилия, Мексика секілді шешуші елдер бірінші топшаны қүрайды.
Мысал. Бұл аталған үш ел қалған дамушы елдердің бәрі бірігіп ендіретін өнеркәсіп енімін дерлік бере алады. Бірақ оларда жан басына ендірілетін жалпы ішкі өнім экономикасы дамыған елдердегімен салыстырғанда айтарлықтай төмен, ал Үндістанда, мысалы, небары 340 долларға тең.
Әдетте, жаңа индустриялық елдер деп аталатын аздаған мемлекеттер мен территорияларды екінші, таяуда ғана пайда болған елдер топшасына жатқызуға болады. 70-80-жылдары езге дамушы елдердің көпшілігін басып озған Корея Республикасы, Тайвань, Гонконг, Сингапур - осы топшаның, көрнекті өкілдері.
Сауд Арабиясы, Кувейт, Катар, Біріккен Араб Әміршіліктері, Ливия, Бруней секілді сыртқа мұнай шығаратын елдер үшінші, айтарлықтай шағын топшаны құрайды. Бұл елдерде мүнайдан түсетін доллар тасқынының арқасында жан басына өндірілетін жалпы ішкі өнімнің мөлшері 10-15 мың доллардан асып түседі.
Дамуы жағынан артта қалған ондаган елдер ең үлкен те/гійші топшаны қүрайды. Оларда қазірге дейін феодалдық қалдықтар күшті байқалатын көп укладты мешеу экономика басым.
Халқының жалпы саны 400 млн. адамнан асатын 42 ел бесінші топшаны құрайды, олар Біріккен Ұлттар Ұйымының жіктеуі бойынша мешеу елдерге жатады. Бұл елдерде тұтынушы ауыл шаруашылығы басым, өңдеуші өнеркәсіп жоққа тән, ересек халықтың 2/3 белігі сауатсыз, жан басына өндірілетін орташа жалпы ішкі өнім жылына не бары 100-200 доллар шамасында.
Бұл топшаға Азияда Бангладеш, Непал, Ауғанстан, Йемен, Африкада - Мали, Нигер, Чад, Эфиопия, Сомали, Латын Америкасында - Гаити жатады.
Біріккен Ұлттар Ұйымы қоғамдық құрылысында да (социалистік ел), өндірісінде де өзіндік ерекшеліктері бар Қытайды дамушы елдердің қатарына жатқызады. Алайда Қытайда жан басына өңдірілетін жалпы ішкі өнім Үндістандағыдай төмен.
ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАТЫНАСТАРДЫҢ ДҮНИЕ ЖҮЗІНІҢ САЯСИ КАРТАСЫНА ӘСЕРІН СИПАТТАЙЫҚ
Екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі дүние жүзінің саяси картасы.
Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін бірқатар социалистік мемлекеттердің құрылуы, отарлық жүйенің күйреуі және азаттық алған ондаған елдердің болуы, блоктаргі қосылмау қозғалысының өсуі секілді маңызды процестер дүниежүзінің саяси картасына өзгерістер енгізді. Бірақ Шығыс пен батыстық ғаламдық тайталасы, олардың арасындағы "қырғиқабақ соғыс" бүкіл соғыстан кейінгі кезеңнің негізгі мазмұнына айналды. Көптеген әскери саяси одақтар олардың ішінде Солтүстік Атлантика Шартты Ұйымы дүниеге келді. үсіністік пен ынтымақтастыққа көшу орын ала бастады. Жер шарының әр түрлі бөліктерінің жүздеген әскери базалар құрылып, оқтын-оқтын жергілікті соғыстар туып отырды.
Египет, Эфиопия, Иран секілді мың жылдық монархиялар да республикалар болып жарияланды.
Монархиялық басқару әлдеқайда аз таралған, өйткені дүние жүзінде не бары 30 монархия бар. Монархия дегеніміз - мемлекет басшысы император, король, герцог, князь, сүлтан және т. с. с. болып келетін басқару түрі. Мүндай жоғары өкімет билігі атадан балаға мүра ретінде беріліп отырады. Олардың ішінде конституциялық монархиялар басым, мүнда накты заң шығару билігі парламенттің қолында, ал атқарушы өкімет билігін - өкімет жүргізеді, монархтың езі, былайша айтқанда, "патшалық етеді, бірақ басқармайды". Оларда монархиялық қүрылыс ерекше, кейде бейне бір өткен кездегі "тақ қүдіретін" еске салатын мыңдаған жылғы дәстүр ретінде сақталады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz