Тауарлы Материалдық Қорлар есебі. №2-ші ХҚЕС



Жоспар:

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3

1. Тарау Тауарлық.материалдық қорлар ... ... ... ... ... ... ... ... ... .5

1.1 Тауарлық.материалдық қорлар жайлы түсінік ... ... ... ... ... ... ..5
1.2 Тауарлық.материалдық қорлардың жіктелуі ... ... ... ... ... ... ... 6
1.3 Материалдардың номенклатурасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .10
1.4 Материалдар қозғалысының есебі және
оларды құжаттау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..10
1.5 Тауарлық.материалдық қорларды бағалау әдістері ... ... ... ... ... 15

2. Материалдық қорлардың есебі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .18

2.1 Материалдық қорлардың қоймадағы есебі ... ... ... ... ... ... ... ...18
2.2 Материалдардың бухгалтериядағы есебі ... ... ... ... ... ... ... ... ...20
2.3 Материалдық қорларды түгендеу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 22

3. Тауарлы.материалдық қорлардың аудиті ... ... ... ... ... ... ... ... ... 25

3.1 Тауарлы.материалдық қорлардың
қозғалысының аудиті ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 27

4. Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .30

5. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...32
КІРІСПЕ


Курстық жұмыста тауарлы – материалдық есепке алу мәселелері қарастырылған . Тауарды өндіру мен жеткізуде бір қалыптылық жоқ жағдайда үзіліссіз қызметті қамтамасыз ету үшін өндіріс мекемелері мен кәсіпорында қажеті тауар қорлары болуы қажет. Тауар қорлары – бұл соңғы тұтынушыға сатылған кезге дейінгі нарықтағы қоғамдық өнімнің бөлігі. Міне, сондықтан да ұйымның міндеттемелерінің бірі болып тауарлы – материалдық қорларды есепке алу тақырыбы өз алдына бөлек мәселе болып қарастырылады және нарықтық экономика жағдайында өте актуалды. «Тауарлы –материалдардық қорларды есепке алу» атты №7 бухгалтерлік есеп стандарттарына сәйкес, тауарлы – материалдық қорлар бұл: шикізат қорлары, материалдар, ыдыс және ыдыстық заттар, аяқталмаған өндіріс, дайын өнім тауарлар түріндегі активтер.
Тауарлы –материалдық қорлар жөнінде мәліметті толық және шынайы қалыптастыру бухгалтерлік есептің маңызды мақсаты. Осыған орай курстық жұмыста мынадай талаптар қойылады:
1.Тауарлы –материалдық қордың ұғымы және бағалау тәртібін қарастыру.
2.Тауарлы –материалдық қордың қозғалысын құжаттық рәсімдеу және есепке алу сұрақтарын зерттеу.
3.Тауарлы –материалдық қор есебін жетілдіру жолдарын анықтау.
Курстық жұмыста «Энергия плюс» ЖШС практикалық материалдары қолданылған.
«Энергия плюс» ЖШС 14 сәуірде 2003 жылы Қарағанды облысының Басқару юстициясында тіркелген. Серіктестік қызметінің мақсаты тауарлар нарығын кеңейту, пайда табу, қоғам қажеттігін қанағаттандыру. Энергия плюс» ЖШС негізінен мынадай іс –қызмет түрімен айналысады:
- коммерциялық қызмет;
- жанаржағар май сатып алу, сақтау, көтерме және бөлшек саудалау, сату;
- күрделі құрылыс жұмыстары, жөңдеу, монтаждау жұмыстары;
- көлікпен қамтамасыз ету;
- қоғамдық тамақтандару пунктері мен азаматтардың демалыс орындарын ашып, олардың жұмысын ұйымдастыру;
- ҚР заңында тыйым салынбаған басқа да қызмет түрлері.
Өз қызметінің барысында «Энергия плюс» ЖШС -ң қолданыстағы бухгалтерлік есептің негізгі заңдарын, бухгалтерлік есеп шоттың үлгі жоспарын, қолдана отырып шаруашылық операцияларын жүзеге асырады.
Курстық жұмыстың негізгі мақсаты – жоғарыда келтірілген міндеттерді және «Энергия плюс» ЖШС тауарлы –материалдық қор есебін ұйымдастыру мен оны одан әрі жетілдіру жолдарын анықтау болып табылады.
Курстық жұмыста Қазақстан Республиксының бухгалтерлік есеп пен есеп беру жүйесін реттейтін нормативтік құжаттар, отандық және шет елдік авторлардың жұмыстары, периодикалық басылымдар пайдалынады.
1. Тауарлы –материалдық қорлардың ұғымы, классификациясы және бағалануы.
Тауарларды өндіру мен жеткізуде бір қалыптылық жоқ жағдайында үзіліссіз сауданы қамтамасыз ету үшін сауда мекемелері мен кәсіпорында қажетті тауар қорлары болуы қажет.
13.11.96 жылғы № 3 бухгалтерлік есеп жөніндегі Ұлттық комиссияның қаулысымен бекітілген 7 «Тауарлы – материалдық қорлар есебі» бухгалтерлік есеп стандартына, 28.01.2003 жылы 27 ҚР Қаржы Министрлігінің бұйрығымен бекітілген өзгерістер мен толықтыруларға сәйкес, тауарлы – материалдық қорлар – бұл:
1. Шикізат қатары, материалдар, сатып алатын жартылай фабрикаттар және құрамдық заттар, конструкциялар мен тетіктер, отын, ыдыс ыдыстық заттар, қосалқы бөлшектер, өндірісті пайдалануға немесе тұрмыстар мен қызметтер үшін пайдалануға арнарған өзге материалдар;
2. Аяқталмаған өндіріс, жұмыстар, қызметтер орындау;
3. Ұйымдардың қызметі барысында сатуға арналған дайын өнімдер мен тауарлдар түріндегі активтер.
Соған сәйкес тауарлы – материалдық қорлардың келесідей топтарды бөліп көрсететін, олардың экономикалық жіктеуі материалдардың есебін дұрыс ұйымдастырудың маңызды жағдайларының бірі болып болып табылады:
II. Шикізаттар мен материалдар - өнімнің материалдық негізін құрайды. Осыған орай, негізінен, ауылшаруашылығы мен өндіруші өнеркәсіп өнімін – шикізат деп, ал өндеуші өнеркәсіп өнімін – материалдар деп атайды. Өнеркәсіптің кейбір салаларында шикізат және материалдар негізгі және көмекші болып бөлінеді, дегенмен, бұлай бөлу, шартты болып саналмайды, өйткені ол өнімдердің әр түріне материалдардың сол бір түрін қолдану санына, технологиялық процесстің сипатына қатысты болады. Мысалға, наубайхана өндірісінде негізгі шикізат және материалдарға ұн, тұз, ашытқы және су жатқызылады. Көмекші шикізат және материалдар өнімдердің сапасын жақсартуға әсерін тигізеді, олар белгілі бір тұтыну қасиеттерін береді.(қант, сүт, хош иіс)
III. Сатып алынатын жартылай фабрикаттар - өндеудің белгілі бір сатысынан өткен, бірақ әлі де дайын өнім блып саналмайтын шикізат және материалдар. Яғни, материалдық негізін құрайды.
IV. Отын - өндірістегі өзінің тағайындалу және пайдалану жағдайлары бойынша энергетикалық, технологиялық, двигательдік (жанар, тағар май) және шаруашылық мұқтаждықтары үшін (ғимараттар мен үй жылытулары үшін) отын болып бөлінеді.
V. Ыдыс және ыдыстық заттар – бұл әртүрлі материалдар мен дайын өнімдерді орау, буып-түю, тасымалдау және сақтау үшін пайдаланатын заттар.
Пайдаланылған әдебиеттер:

1. «Бухгалтерский учет от азо до баланса», Э.О. Нурсеитов, Алматы, 2006 ж.
2. «МСФО: рекомендации по применению рабочего плана счетов», Библиотека ЦДБ, Алматы, 2006 ж.
3. «Рабочий план счетов по МСФО», Библиотека ЦДБ, Алматы, 2006 ж.
4. «Аудит: теория и практика», Д.О. Абленов, Алматы, 2005 ж.
5. «Қаржылық есеп», С.Б.Баймұханова, Алматы 2007 ж.
6. Кеулімжаев Қ.К., Құдайбергенов Н.А. “Бухгалтерлік есеп: теориясы және негіздері”, Алматы, ”Экономика”, 2006 ж. – 156 бет
7. КеулімжаевҚ.К., Әжібаева З.Н., Құдайбергенов Н.А., Жантаева А.А. “Қаржылық есеп”, Алматы, ”Экономика”, 2001 ж. – 78 бет
8. Дюсембаев К.Ш., Төлегенов Э.Т., Жұмағалиева Ж.Г. “Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдау”. Алматы, “Экономика”, 2001 ж. – 187 бет
9. Төлегенов Э.Т. “Бухгалтерлік ақпарат жүйелері”. Алматы, “Экономика”, 2001ж. – 289 бет
10. Дюсембаев К.Ш. “Аудит и анализ в системе управления финансами” Алматы, “Экономика”, 2000 ж. – 40 бет
11. Абденов Д.О. «Аудит негізері» - Алматы, 2006 – 30 бет
12. Әжібаева З.Н. «Аудит» - Алматы, 2006 – 274 бет

Пән: Бухгалтерлік іс
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 30 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі
Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті

Халықаралық Қаржылық Есептілік Стандарттары пәнінен

Зерттеу жұмысы

Тақырыбы: Тауарлы Материалдық Қорлар есебі. №2-ші ХҚЕС

Орындаған: Фин.08-3 оқу тобының студенті Асқаров А.А

Қабылдаған: Миркамалова А

Қызылорда, 2011 ж
Жоспар:

Кіріспе ----------------------------------- ---------------------------------
--------------3

1. Тарау Тауарлық-материалдық қорлар ----------------------------------- --5

1.1 Тауарлық-материалдық қорлар жайлы түсінік --------------------------5
1.2 Тауарлық-материалдық қорлардың жіктелуі ----------------------------6
1.3 Материалдардың номенклатурасы ----------------------------------- ------
10
1.4 Материалдар қозғалысының есебі және
оларды құжаттау----------------------------------- --------------------------
---------10
1.5 Тауарлық-материалдық қорларды бағалау әдістері --------------------15

2. Материалдық қорлардың есебі ----------------------------------- ----------
----18

2.1 Материалдық қорлардың қоймадағы есебі -------------------------------18
2.2 Материалдардың бухгалтериядағы есебі -----------------------------------
20
2.3 Материалдық қорларды түгендеу ----------------------------------- -------
--22

3. Тауарлы-материалдық қорлардың аудиті ----------------------------------- -
25

3.1 Тауарлы-материалдық қорлардың
қозғалысының аудиті ----------------------------------- --------------------
---------27

4. Қорытынды ----------------------------------- ----------------------------
----------30

5. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі----------------------------------- -------
-----32

КІРІСПЕ

Курстық жұмыста тауарлы – материалдық есепке алу мәселелері қарастырылған .
Тауарды өндіру мен жеткізуде бір қалыптылық жоқ жағдайда үзіліссіз қызметті
қамтамасыз ету үшін өндіріс мекемелері мен кәсіпорында қажеті тауар қорлары
болуы қажет. Тауар қорлары – бұл соңғы тұтынушыға сатылған кезге дейінгі
нарықтағы қоғамдық өнімнің бөлігі. Міне, сондықтан да ұйымның
міндеттемелерінің бірі болып тауарлы – материалдық қорларды есепке алу
тақырыбы өз алдына бөлек мәселе болып қарастырылады және нарықтық экономика
жағдайында өте актуалды. Тауарлы –материалдардық қорларды есепке алу атты
№7 бухгалтерлік есеп стандарттарына сәйкес, тауарлы – материалдық қорлар
бұл: шикізат қорлары, материалдар, ыдыс және ыдыстық заттар, аяқталмаған
өндіріс, дайын өнім тауарлар түріндегі активтер.
Тауарлы –материалдық қорлар жөнінде мәліметті толық және шынайы
қалыптастыру бухгалтерлік есептің маңызды мақсаты. Осыған орай курстық
жұмыста мынадай талаптар қойылады:
1.Тауарлы –материалдық қордың ұғымы және бағалау тәртібін қарастыру.
2.Тауарлы –материалдық қордың қозғалысын құжаттық рәсімдеу және есепке алу
сұрақтарын зерттеу.
3.Тауарлы –материалдық қор есебін жетілдіру жолдарын анықтау.
Курстық жұмыста Энергия плюс ЖШС практикалық материалдары қолданылған.
Энергия плюс ЖШС 14 сәуірде 2003 жылы Қарағанды облысының Басқару
юстициясында тіркелген. Серіктестік қызметінің мақсаты тауарлар нарығын
кеңейту, пайда табу, қоғам қажеттігін қанағаттандыру. Энергия плюс ЖШС
негізінен мынадай іс –қызмет түрімен айналысады:
- коммерциялық қызмет;
- жанаржағар май сатып алу, сақтау, көтерме және бөлшек саудалау, сату;
- күрделі құрылыс жұмыстары, жөңдеу, монтаждау жұмыстары;
- көлікпен қамтамасыз ету;
- қоғамдық тамақтандару пунктері мен азаматтардың демалыс орындарын ашып,
олардың жұмысын ұйымдастыру;
- ҚР заңында тыйым салынбаған басқа да қызмет түрлері.
Өз қызметінің барысында Энергия плюс ЖШС -ң қолданыстағы бухгалтерлік
есептің негізгі заңдарын, бухгалтерлік есеп шоттың үлгі жоспарын, қолдана
отырып шаруашылық операцияларын жүзеге асырады.
Курстық жұмыстың негізгі мақсаты – жоғарыда келтірілген міндеттерді және
Энергия плюс ЖШС тауарлы –материалдық қор есебін ұйымдастыру мен оны одан
әрі жетілдіру жолдарын анықтау болып табылады.
Курстық жұмыста Қазақстан Республиксының бухгалтерлік есеп пен есеп беру
жүйесін реттейтін нормативтік құжаттар, отандық және шет елдік авторлардың
жұмыстары, периодикалық басылымдар пайдалынады.
1. Тауарлы –материалдық қорлардың ұғымы, классификациясы және бағалануы.
Тауарларды өндіру мен жеткізуде бір қалыптылық жоқ жағдайында үзіліссіз
сауданы қамтамасыз ету үшін сауда мекемелері мен кәсіпорында қажетті тауар
қорлары болуы қажет.
13.11.96 жылғы № 3 бухгалтерлік есеп жөніндегі Ұлттық комиссияның
қаулысымен бекітілген 7 Тауарлы – материалдық қорлар есебі бухгалтерлік
есеп стандартына, 28.01.2003 жылы 27 ҚР Қаржы Министрлігінің бұйрығымен
бекітілген өзгерістер мен толықтыруларға сәйкес, тауарлы – материалдық
қорлар – бұл:
1. Шикізат қатары, материалдар, сатып алатын жартылай фабрикаттар және
құрамдық заттар, конструкциялар мен тетіктер, отын, ыдыс ыдыстық заттар,
қосалқы бөлшектер, өндірісті пайдалануға немесе тұрмыстар мен қызметтер
үшін пайдалануға арнарған өзге материалдар;
2. Аяқталмаған өндіріс, жұмыстар, қызметтер орындау;
3. Ұйымдардың қызметі барысында сатуға арналған дайын өнімдер мен тауарлдар
түріндегі активтер.
Соған сәйкес тауарлы – материалдық қорлардың келесідей топтарды бөліп
көрсететін, олардың экономикалық жіктеуі материалдардың есебін дұрыс
ұйымдастырудың маңызды жағдайларының бірі болып болып табылады:
II. Шикізаттар мен материалдар - өнімнің материалдық негізін құрайды.
Осыған орай, негізінен, ауылшаруашылығы мен өндіруші өнеркәсіп өнімін –
шикізат деп, ал өндеуші өнеркәсіп өнімін – материалдар деп атайды.
Өнеркәсіптің кейбір салаларында шикізат және материалдар негізгі және
көмекші болып бөлінеді, дегенмен, бұлай бөлу, шартты болып саналмайды,
өйткені ол өнімдердің әр түріне материалдардың сол бір түрін қолдану
санына, технологиялық процесстің сипатына қатысты болады. Мысалға,
наубайхана өндірісінде негізгі шикізат және материалдарға ұн, тұз, ашытқы
және су жатқызылады. Көмекші шикізат және материалдар өнімдердің сапасын
жақсартуға әсерін тигізеді, олар белгілі бір тұтыну қасиеттерін
береді.(қант, сүт, хош иіс)
III. Сатып алынатын жартылай фабрикаттар - өндеудің белгілі бір сатысынан
өткен, бірақ әлі де дайын өнім блып саналмайтын шикізат және материалдар.
Яғни, материалдық негізін құрайды.
IV. Отын - өндірістегі өзінің тағайындалу және пайдалану жағдайлары бойынша
энергетикалық, технологиялық, двигательдік (жанар, тағар май) және
шаруашылық мұқтаждықтары үшін (ғимараттар мен үй жылытулары үшін) отын
болып бөлінеді.
V. Ыдыс және ыдыстық заттар – бұл әртүрлі материалдар мен дайын өнімдерді
орау, буып-түю, тасымалдау және сақтау үшін пайдаланатын заттар.
VI. Қосалқы бөлшектер машиналар мен құрал жабдықтардың тозған бөлшектерін
жөндеу және ауыстыру үшін қызмет етеді.


1. Тарау Тауарлық-материалдық қорлар

1.1 Тауарлық-материалдық қорлар жайлы түсінік

Кәсіпорындар мен ұйымдардың қызметі барысында өздерінің өндірген дайын
бұйымдары, сату үшін сатып алған тауарлары, сатып алған бірақ әзір ұйымға
келіп түспеген тауарлары (жолдағы тауарлар), аяқталмаған өндіріс,
басқаларға көрсеткен қызметтері, сондай-ақ жұмыстарды орындау және
қызметтерді көрсету барысында пайдалануға арналған қосалқы бөлшектері,
отындары, ыдыс және ыдыстық материалдары, жартылай фабрикаттар және басқа
да материалдары сол ұйымның тауарлы-материалдық қоры түріндегі ағымдағы
активі болып табылады.
Олардың өндіріс құралдарынан өзгешелігі, өндіріс құралдары шаруашылық
үдерісіне ұзақ уақыт қатысып, өздерінің табиғи пішінін сақтай отырып
өндірілетін өнімге өз құнының бір бөлігін қосып отыратын болса, еңбек
заттары өндірісте пайдаланылған кезде өздерінің бастапқы құнын түгелдей
өндірілетін өнімге ауыстырады. Шығарылатын өнімнің, атқарылатын жұмыстың
өзіндік құнның көп бөлігі еңбек заттарының құнынан тұрады. Сонымен қатар
еңбек заттары өндірістік қор болып табылады.
Материалдарды есептеудің негізгі міндеттері:
1. Дайындалған, келіп түскен және өндіріске немесе сыртқа босатылған
материалдарды уақытында есептеп, кіріске алу немесе есептен шығару.
2. Материалдардың қоймада және тасымалдау кезінде түгел сақталуын
бақылау.
3. Материалдық қорлар қалдығының белгіленген мөлшерден артып немесе
төмендеп кетпеуін бақылау.
4. Материалдарды өндірісте пайдаланған кезде олардың техникалық жолмен
анықталған мөлшерін және тұтыну мөлшерінің қорын анықтау.
5. Мтериалдардың өндірісте ұтымды пайдаланылуын бақылау.
6. Дйындалған материалдардың өзіндік құнын анықтап және олардың жоспарлы
есептеу бағасынан айырмашылығын тауып, пайдаланылған материалдар құнын
әр объектінің шығынына қосу.
Жақсы және дұрыс ұйымдастырылған есеп материалдардың түгел сақталуына,
үнемді пайдаланылуына көмегін тигізеді. Материалдардың түгел және дұрыс
сақталуы, сондай-ақ ұтымды пайдаланылуы, жұмсалуы үшін алдын ала мыналарды
жасау қажет:
- тиісті түрде жабдықталған материалдық-қорларды сақтайтын қойма
немесе бөлме болуы қажет және бөлмелердің әрқайсысы материалдардың
белгілі бір түрін сақтауға арналған болуы керек;
- материалдар қойманың әр бөлігінде өздерінің түрлері, сорттары,
өлшемдері бойынша керекті кезінде тез алуға және босатқаннан кейінгі
кезде қалдығын тексеруді қамтамасыз ететіндей етіп орналастырылуы
керек.
Кәсіпорындар мен ұйымдардың әкімшілігі материалдарды сақтайтын жерді
таразымен, өлшеу аспаптарымен және ыдыстармен жабдықтап және оларды жиі
тексеріп, дұрыстығын қадағалап отыруы керек. Ұйымның басшысы материалдарды
қабылдайтын және босататын адамдардың топтарын белгілеп, олармен
материалдарға жауапкершілік туралы шарт жасайды. Сондай-ақ кәсіпорын
басшысы материалдарға жауапты адамдарды жұмысқа алу, жұмыстан босату
барысында ұйымның бас бухгалтерімен алдын ала келісіп отыруы керек.
Материалдарды кіріске алу және қоймадан босату құжаттарына қол қою құқығына
ие болған қызмет иелерінің тізімін белгілеу кәсіпорын басшысының немесе ол
сенім білдірген адамның жұмысы болып табылады.
Материалдардың есебін дұрыс және ұтымды ұйымдастыру үшін мыналар керек:
- материалдардың біріңғай наменклатурасы мен жоспарлы есеп айырысу
бағасын белгілеу;
- құжат айналымының дәл жүйесін белгілеу және материалдарды есепке алу
мен есептен шығару операциялардың тәртібін сақтау;
- біріңғайланған алғашқы есеп құжаттары нысандарының түрлерін белгілеу
және олармен ұйымның барлық бөлімін қамтамасыз ету.
Сонымен қатар материалдарды алдағы уақыттарда пайдалану үшін өндіріске
босату және басқа жаққа берілетін мөлшерін белгілеп, оларды жетілдіріп
отыру керек. Белгіленген тәртіп бойынша материалдардың қалдығын жаппай
түгендеу, бақылау арқылы тексеріп және олардың нәтижесін дер кезінде есепке
алып отыру қажет.

1.2 Тауарлық-материалдық қорлардың жіктелуі

Еңбек заттары бір тектес емес. Олардың бір-бірінен өндірісте атқаратын
міндеттеріне қарай, сондай-ақ физикалық және химимялық қасиеттеріне қарай
өзара айырмашылықтары бар. Сондықтан да материалдар есебін дұрыс
ұйымдастырудың ең басты мәселесі - оларға экономикалық жағынан дәлелденген
жіктеу жасау болып табылады. Өздерінің өзгешеліктері мен өнім дайындауда
атқаратын міндеттеріне қарай материалдар:
- шикізат;
- негізгі материалдар;
- көмекші материалдар;
- жартылай фабрикат және тағы да басқалар болып табылады.
Негізгі материалдар мен шикізаттар өндірілетін өнімнің құрамына кіріп,
оның материалдық негізін жасайды.
Шикізаттар деп бұрын азды-көпті еңбек сіңірілген заттарды атайды.
Бұлардың құрамына кен өндіруші өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығы мекемелерінің
өндірген дөнімдері - мұнай, кен, мақта, жүн, тері, ағаш және тағы да басқа
материалдар жатады.
Негізгі материалдардың қатарына өнімнің өзіндік құнын құрайтын өңдеуші
өнеркәсіп өнімдері – ұн, мата, кірпіш және т.б. жатады.
Өндірістік үдерістің бір сатысынан толық өтіп әрі қарай өңдеуді қажет
ететін материалдар жартылай фабрикаттар деп аталады. Материалдардың бұл
түрін әрі қарай өңдеу арқылы дайын бұйымдар алынады. Олардың аяқталмаған
өнімнен айырмашылығы, оны сол күйінде сатуға болады. Бұндай жағдайда
жартылай фабрикатты сатып алған ұйымдар оны әрі қарай өңдейді. Сондықтан да
әрі қарай өңдеуге арналған ұйымның өзінің өндірген немесе басқалардан сатып
алған заттары еңбек заттарының қатарында есептеледі. Жартылай фабрикаттар
қатрына құрылыс ұйымдарында – бетон және ағаш бұйымдарын, металлургияда –
шойын мен болатты жатқызуға болады.
Көмекші материалдарға - әр түрлі химикаттар мен майлайтын, сүртетін
және жөндеуге керекті басқа да материалдар жатады. Көмекші материалдардың
негізгі материалдардан өзгешелігі, олар өнімнің материалдық (заттық)
негізін құрамайды. Олар өндіріс үрдісінде қолданылуы барысында негізгі
материалдарға өзінің қандай да бір тиісті әсерін тигізіп, негізгі
материалдардың түсін тағы да басқа жақтарын өгертеді. Материалдардың бұл
түріне бояуларды, әктерді жатқызуға болады.
Материалдық қорлардың ішінде бөлек топ болып отындар, ыдыс және ыдыстық
материалдар, қосалқы бөлшектер, құрылыс материалдары, т.б. есептеледі.
Отындар тобына техникалық мақсатта энергия өндіруге, үй-жайларды жылытуға
пайдаланатын материалдардың барлық түрі жатады.
Материалдық босалқы қордың барлық түрін есепке алу үшін 1300
Босалқылар бөлімінің негізгі, активті мүліктік шоттары пайдаланылады. Бұл
бөлімше құрамына төмендегі синтетикалық шоттар кіреді: 1310 Шикізаттар мен
материалдар, 1311 Сатып алынған жартылай фабрикаттар және құрастырушы
бұйымдар, 1312 Отын, 1313 Ыдыс және ыдыстық заттар, 1314 Қосалқы
бөлшектер, 1315 Өзге материалдар, 1316 Өңдеуге берілген материалдар,
1317 Құрылыс материалдары, 1320 Дайын өнімдер, 1330 Тауарлар, 1340
Аяқталмаған өндіріс, 1350 Басқалай босалқылар, 1360 Босалқыларды
есептен шығару резерві.
1310 Шикізаттар мен материалдар шотында шығарылған өнімнің негізін
салатын немесе өнімді жасап шығаруда оның компоненті болып табылатын қажет
шикізаттар мен материалдарын есепке алады. Бұл жерде сондай-ақ өнімді
шығаруға қатысатын немесе шаруашылық, технологиялық және өндіріс процесіне
септігін тигізетін көмекші материалдар да есепке алынады.
1311 Сатып алынған жартылай фабрикаттар және құрастырушы бұйымдар
шотында сатып алынған жартылай фабрикаттар және өндірілген өнімді құрастыру
үшін алынған дайын құрастырушы бұйымдар және жинауға немесе өңдеуге кеткен
шығындар есепке алынады.
1312 Отын мұнай өнімдері, қатты және басқа да отын түрлері есепке
алынады.
1313 Ыдыс және ыдыстық заттар ыдыстың барлық түрі (цистернаны,
бочкілерді, флягтарды қоспағанда) және ыдысты жөндеуге арналған материалдар
есепке алынады.
1314 Қосалқы бөлшектер жөндеуге және машинаның тозған бөлшектерін
айырбастауға (бөлшектер, агрегаттар, аккумуляторлар, дөңгелектер т.б.)
аранлған қосалқы бөлшектер есепке алынады.
1315 Өзге материалдар өндіріс қалдықтары, жөнделмейтін ақау
бөлшектер, негізгі құралды жою барысында алынған материалдар және т.б.
алынады.
1316 Өңдеуге берілген материалдар шотында сыртқа өңдеуге берілген
материалдардың және өңдеуден алынған бұйымның өзіндік құнға енгізілгені
есепке алынады.
1317 Құрылыс материалдары құрылыс бөлшектерін, монтаждау жұмысын және
құрылыс процесінде тікелей пайдаланатын құрылыс материалдарын есепке алады.
Әрбір шаруашылық жүргізуші субъектілер қажеттігінше әрбір шоттар
бойынша субшоттар және материалдық есебі бойынша аналитикалық шоттар аша
алады.
Мысалы, Шығыс ААҚ аяқ киімді өндіру үшін, сары ЦЛ терісін
жабдықтаушыға тапсырыс берген, оның 1 дм2 90 теңге (ҚҚС-мен) тұрады.
Келісім шарт жасасқаннан соң, Шығыс ААҚ-на тапсырыс берген материалы
келіп түскен. Барлық келіп түскен терінің мөлшері 35555,6 дм2 құраған, ал
оның сомасы 3200004 теңге болған. Тасымалдау шығыны 800000 теңге және
түсіру шығыны (Түсірушәлердәі жалақысы – 300000 және әлеуметтік - 56700-
(300000-300000*10%*21%)=356700 теңге құраған. Түсіруге дейінгі
қоймадасақтау шығыны 630000теңге құраған. Шығыс ААҚ теріне өңдейтін
тәсілін жетілдірудің арқасында, оның құнын 90 теңгеден 75 теңгеге дейін
түсірген. Нәтижесінде алынған терінің нарықтық бағасы 16,67% төмендеген.
Біз бұл мысалда алынған терінің өзіндік құны 4545324 теңге немесе 1 дм2-
ты 127,84 теңге құраған:
- сатып алу бағасы -   2758624 теңге (ҚҚС қоспағанда);
- көлік-дайындау шығындары (КДШ) - 1156700 теңге (800000+356700);
- сақтау шығындары - 630000 теңге сақтау шығыны өзіндік құнға
енгізілуі мүмкін, егер олар қойманың тұрған жеріне дейін жеткізіп
берсе ғана).
Алынған материалдар нақты өзіндік құны бойынша бухгалтерлік есепке
кірістеледі (127,84 теңге бойынша). Содан соң олар сатуға немесе өндіріске
босатуға не нақты өзіндік құны бойынша, не сатылатын таза құны бойынша
босатылуы мүмкін. Тек осындай өнімді басқа кәсіпорны 90 теңгеден емес, онық
бір дм2 75 теңгеден сатқан, сондықтан Шығыс ААҚ-на да сол бағадан сатуына
тура келген.
Енді біз осы операциялар бойынша жасалатын шоттар корреспонденциясын
қарастырып көрейік.

Рет Сома, мың Шоттардың
№ Шаруашылық операцияларының мазмұны теңге корреспонденциясы
дебет кредит
1 2 3 4 5
1 ТМҚ жеткізіп беру үшін жабдықтаушыға 3200004 351 441
аванс берілген 2910 1040
2 Жабдықтаушыдан сары тері алынды:
материалдардың құнына 2758624 201 671
1310 3310
ҚҚС-ның сомасына 441380 331 671
1410 3310
3 Тасымалдау шығындары өтелді 800000 687 441
4240 1040
Сақтау шығыстары төленді 630000 687 441
4240 1040
4 Сары теріні алумен байланысты
шығыстары материалдық құнына қосылды:
тасымалдау шығысы 800000 201 687
1310 4240
артып-түсіру бойынша кеткен шығыстары
356700 201 681,634
1310 3350,3140
сақтау шығыстары
630000 201 687
1310 4240
5 Жабдықтаушының қарызын өтеуге
бұрындары берілген авансы зачет 3200004 671 351
жасалды 3310 2910
6 Таза сатылған құнына дейін
материалдардың құны есптен шығарылды.
Өзіндік құны 4545324 теңге болған.
Таза сатылған құны
2300447(355555,6*64,7) теңге құраған
(ҚҚС қоспағанда). Материалдардың
өзіндік құны оларды алумен байланысты 845 201
шығыстарын қоспағанда 2758624 теңге 458177 7450 1310
құраған. Таза сатылған құны мен
материалдардың өзіндік құнының
арасындағы айырмасы 458177 теғге
құраған (2758624-2300447).

1.3 Материалдардың номенклатурасы

Номенклатуралық тізімде әр материалдың дұрыс аты, оған берілген
номенклатуралық номері мен өлшем бірлігі көрсетіледі. Сонымен қатар
номенклатуралық тізімде әр бір материалдың бухгалтерлік есепте есептелетін
бағасы көрсетіледі. Сондықтан номенклатуралық тізімді номенклатуралық баға
көрсеткіші деп те атайды. Кәсіпорындар мен ұйымдарда пайдаланылатын
материалдар номенклатуралық тізімде, әдетте белгілі бір өздерінің топтары
бойынша және ішкі топтары аттары, сапалары немесе мөлшерлері бойынша
жіктеліп көрсетілуі тиіс. Ірбір топқа тиісті сан жүйесі, яғни шифр
белгіленеді. Шифр жүйесіндегі сандық белгілер саны әрбір топқа жататын
материалдар санына байланысты. Материалдарға берілген шщифрлар бұл
материалдар жазылған алғашқы құжаттарда, есеп тіркелімдерде және ір түрлі
кестелерде көрсетілетін болғандықтан, есеп қызметінің жұмысын жетілдіру
үшін сан жүйесінің және оның цифрларының аз болуы ыңғайлы әрі дұрыс болады.
Материалдарға шифрлар тағайындағанда сол шифрдан материалдардың қай шотқа,
сондай-ақ қандай аралық шотқа жататынын көрсететіндей етіп тағайындау
керек. Материалдардың номенклатуралық номерін жеті цифрдан құрастыру
ыңғайлы болып табылады. Оның алдыңғы үш цифры шоттың келесі екі цифры қай
топқа жататынын көрсетсе, соңғы екі цифры материалдың топ ішіндегі реттік
санынкөрсететіндей болып тағайындалуы керек. Номенклатуралық баға
көрсеткіштерінде материалдар өздерінің статистикалық есеп берудегі қаралған
тізімдердегі тіртібі бойынша топталғаны дұрыс. Номенклатуралық тізімде
материалдардың әр тобы бойынша жаңадан алынатын материалдарға бос орын және
реттік сан қалдырылады. Егер бағаларында көп айырмашылық болмаса бір
наменклатуралық номерге түрлері бір тектес, бірақ бағасы мен сортында аздап
айырмашылығы бар материалдарды біріктіруге болады. Бұл жағдайда олардың
есептеу бағасы орташа бағаға сәйкес тағайындалады. Материалдарға қойылатын
номенклатуралық номері, өлшем бірлігі ол материалдың барлық кіріс-шығыс
құжаттарында, қоймадағы есеп карточкасында (үлгілі түрі М-17) және
материалдық есеп беруде көрсетіледі. Егер ұйымдарға кейбір материалдар
басқа өлшем бірлігімен келіп түссе, ондай материалдар номенклатуралық
нөмірде көрсетілген өлшем бірлігі бойынша қайтадан саналып, кіріске
алынады. Материалдардың номенклатуралық баға көрсеткіші, әсіресе
материалдар есебін оперативтік (жедел) қалдық тәсілін қолдану арқылы
жүргізгенде өте тиімді.

1.4 Материалдар қозғалысының есебі және оларды құжаттау

Кәсіпорындар мен ұйымдарда материалдық-техникалық жабдықтармен
қамтамасыз ету жұмысымен арнайы бөлім және мамандар шұғылданады. Олар ұйым
бойынша келер жылы өндірілетін өнім көлеміне қарай белгіленген өлшем
бойынша өндіріске керек болатын материалдардың көлемін алдын ала анықтап,
жабдықтаушы мекемелермен қажет болатын материалдар көлемі туралы шарт
жасайды. Шартта материалдардың аты, көлемі, бағасы, жеткізіліп берілетін
уақыты көрсетіледі. Кәсіпорындар мен ұйымдардың жабдықтау бөлімі шартта
көрсетілген келісімдердің орындалуын қадағалап отырады. Ол үшін
материалдарды алып келген тасымаладу көлігінің жолдама құжаты, теміржол
жүкқұжаты (накладнойы), көліктік жүк құжаты, жабдықтаушыдан келген басқа да
құжаттар алдымен жабдықтау бөліміне табыс етіледі. Бұл жерде, яғни
жабдықтау бөлімінде келген құжаттар М-1 түрлі келген жүкті есептеу
журналына тіркеледі. Одан кейін бұл құжаттарды материалды алып келетін
экспедиторға береді. Сонымен қатар экспедиторға материалдарды алу үшін
сенімхат беріледі. Экспедитор алған жүкқұжаттары мен сенімхатты алғаны үшін
М-1 түрлі журналға қол қояды.
Жабдықтау бөлімі келген материалдарды қабылдап алуды да қадағалап
отырады. Ол үшін жоғарыда аталған журналға материалдардың қабылданған
уақыты (күні, айы, жылы) мен ол үшін толтырылған құжаттың атын және
номерін жазады. Жабдықтаушы мекемеден және жүк тасымалдаушы ұйымдардан
материалдарды немесе жүктерді алу үшін кәсіпорыннан тағайындалған
экспедиторған немесе жүкті алатын басқа адамға үлгілі түрі М-2 немесе М-2А
сенімхаты беріледі. М-2 түрлі сенімхатты лауазымды адамның материалдық
қорларды қабылдап алуға ұйымның сенімді адамы ретінде қатысу құқығын
ресімдеу үшін беріледі. Бұл сенімхатты бухгалтерия бір дана етіп жазады.
Сенімхатты алған адам оны алғаны үшін хаттың бухгалтерияда қалған
түбіршегіне қол қояды. Сенімхаттың М-2А түрі жабдықтаушы ұйымдардан
белгіленген мерзім ішіндегі материалдарды тұрақты алып тұратын экспедиторға
береді. М-2А түрлі сенімхат алдын ала нөмірленген барлық парағы арқылы
жіп өткізіп тігілген, және үлгілі түрі М-3 берілген сенімхаттарды есептеу
журналына тіркелуі керек. Кәсіпорындар мен ұйымдардың экспедиторы немесе
басқа қызметкері М-2А түрлі сенімхатты алғаны үшін осы журналға қол
қояды. Кейіннен олар осы журналға сенімхатта көрсетілген материалдарды
алған уақытын (күні, айы, жылы), кіріс ету құжатының номерін жазады.
Қоймаға қабылданған материалдық қорларға жауапты адам сол күні үлгілі түрі
М-4 кіріс ету ордерін бір дана етіп толтырады.
Жабдықтаушы ұйым тауарлық-материалдық қорларды автомобиль көлігі арқылы
жеткізіп беретін жағдайда жіберілетін материалдарға 4 (дана) етіліп тауар-
көлік жүкқұжаты толтырылады. Оның бірінші данасы жіберілген материалдарды
есептен шығару үшін материалдарды жіберушіде қалдырылады; екінші, үшінші
және төртінші даналары материалдарды жіберуші (босатушы) ұйымның мөрі және
лауазымды адамдардың қолымен расталып, сондай-ақ жүкті қабылдап алғаны
жайлы көлікті жүргізушінің қолы қойылып жүргізушіге тапсырылады.
Жүргізуші тауар-көлік жүк құжатының екінші данасын материалдарды
қабылдап алушы ұйымға тапсырады. Бұл құжаттың негізінде ұйым келген
материалдарды кіріске алады.
Құжаттың үшінші және төртінші даналары материалдарды қабылдап алғанын
растайтын құжат ретінде ұйымның мөрі басылып және тиісті адамдардың қолдары
қойылып, жүкті тасымалдаушы автомобиль көлігі тіркелген ұйымға тапсырылады.
Кейіннен ол құжаттың үшінші данасы материалдық құндылықтарды
тасымалдауға тапсырыс берген ұйымға тасымалдау құнын төлеуге табыс етілетін
шотқа негіздеме ретінде қосылып беріледі.
Құжаттың төртінші данасы автомобиль көлігінің жол қағазына тіркеліп,
жүргізушіге еңбекақы және автомобиль көлігінің атқарған жұмысына сәйкес
тұрлі есептеулер есептеу үшін пайдаланылады.
Егер келіп түскен материалдардың нақты саны, көлемі, сапасы онымен
келген құжаттағы дерекке сәйкес келмесе үлгілі түрі М-7 қабылдау актісі
жасалынады. Сонымен қатар үлгілі түрі М-7 қабылдау актісі жіберу
құжатынсыз келген материалдарға да толтырылады. Бұл акт екі дана етіліп
міндетті түрде материалдарды қабылдап алған кісінің және материалдарды
жіберген жабдықтаушы кәсіпорын өкілінің қатысуымен, егер де жабдықтаушы
ұйымның өкілі болмаған (келмеген) жағдайда бұл ұйымға ешқандай қатысы жоқ
ұйым өкілінің қатысуымен жасалады. Матиалдарды қабылдап болғаннан кейін бұл
актінің бір данасы материалдармен бірге келген жөнелтпе құжатымен бірге
қабылданған материалдарды есепке алу үшін ұйымның бухгалтериясына, ал
екінші данасы кәсіпорынның жабдықтау бөліміне келіп түскен материалдардың
жетіспейтіндігін жабдықтаушы ұйымға хабарлау үшін табыс етеді. Кәсіпорындар
мен ұйымдарға жаңылыс келіп түскен немесе ұйымның алудан бас тартқан
материалдары уақытша қабылданып, бөлек жиналады. Ондай материалдар үлгілі
түрі М-4 кіріс ету ордері бойынша қабылданып, баланс сыртындағы
уақытша сақтауда тұрған материалдық қорлар деп аталатын шотта
есептелінеді.
Матриалдар кәсіпорындар мен ұйымдардың ішіндегі цехтарына,
бөлімшелеріне, өзінің аумағы сыртындағы шаруашылықтарына, сондай-ақ басқа
ұйымдарға үлгілі түрі М-15А материлдарды босату (ішкі ауыстыруды) талап
ету жүк құжаты бойынша босатылады.
Материалдарды босату (ішкі ауыстыруды) талап ету жүк құжаты екі дана
етіліп жазылып, оған бас бухгалтардің немесе ол сенім білдірген тұлғаның
қолы қойылуы арқылы шешіледі.
Егер материалдар қоймадан кәсіпорынның өзінің шаруашылықтарына
(цехтарына, бөлімшелеріне) босатылатын жағдайда үлгілі түрі М-
15Аматериалдарды босатуды (ішкі ауыстыруларды) талап ету жүк құжатының
бір данасы материалдарды алушыға беріледі де, ал екінші данасы қоймада
қалдырылып, кейіннен бухгалтерияға табыс етіледі. Бұл жағдайда толтырылатын
құжаттарды материалдарды босататын қойманың (цехтың) сол материалдарға
жауапты тұлғасы толтырады.
Үйлерді, ғимараттарды, құрылыстарды бұзғаннан, бөлшектегеннен алынатын
іске жарамды материалдарды кіріске алу үшін үлгілі түрі М-35 санды акт
толтырылады.
Кәсіпорындар мен ұйымдардың өндірісінде жиі пайдаланылаты материалдық
құндылықтар үшін толтырылатын талап ету қағаздарының санын кемітіп, есеп
жұмысын жеңілдету үшін және материалдарды өнідіріске босату лимитінің
сақталуына ағымдағы бақылау жүргізу үшін лимиттік-заборлық (шектеу
картолары) карталарды қолдануға болады. Лимиттік-заборлық картаның үлгілі
түрі М-8 бойынша ұйымның қоймасынан босатылатын материалдардың санын, ол
материалдар арқылы өндірілетін өнімнің және оның біреуіне жұмсалатын
материалдардың көлеміне қарап экономикалық жоспарлау бөлімі есептен
шығарады. Лимиттік-заборлық карта бойынша материалдар онда көрсетілген
мөлшер шегінде ғана босатылады. Онда қаралған материалдардан артық
өндіріске керек болған материалдар бөлек талап ету қағазы бойынша
босатылады. Лимиттік-заборлық картаның негізіне сүйене отырып өндіріске
босатылатын материалдарды қойманың есебінен шығарады. Лимиттік-заборлық
карта қоймадан бір ай бойы босатылатын материалдарға жасалынады. Бұл
картада шығарылатын өнімнің, шығынның немесе тапсырыстың коды көрсетілуі
тиіс. Лимиттік-заборлық картаның бір данасы жаңа айдың басына дейін
материалдарды алатын цехқа немесе бөлімшеге, ал екінші данасы материалдарды
босататын қоймаға табыс етіледі. Материалдар қоймадан өндіріске цехтың
өкілі өзіндегі лимиттік-заборлық картаны әкелгенде ғана босатылады. Қоймашы
лимиттік-заборлық картаның екі данасына да материалдардың босатылған уақыты
(күні, айы, жылы) мен олардың санын номенклатуралық номері бойынша жазады.
Содан кейін лимиттік-заборлық картаның цехтағы данасына қомашы, ал
қоймадағы данасына цех басшысы немесе оның өкілі қол қояды. Материалдарды
есептеуге осы күнгі санайтын машиналар пайдаланған жағдайда толтырылатын
алғашқы құжаттардың санын азайту үшін қоймада босатылатын материалдарды
тікелей қойманың карточкасына жазу жүйесін деқолдануға болады. Бұл жағдайда
материалдарды қоймадан босатуға ешқандай құжат жазылмайды. Лимиттік-
заборлық картаға барлық бір дана болып жазылатын бухгалтерлік құжаттар
негізделініп жасалады. Материалдарды босату лимитін қоймадағы картаның
өзінде де көрсетуге болады. Бұл карточканың үлгілі түрі – М-17. Цехтың
өкілі материалдарды алған кезде қоймашының есептеу карточкасына қол қояды
да, ал қоймашы цехтың лимиттік-заборлық карточкасына қол қояды. Сондай-ақ
лимиттік-заборлық карточкада өндірісте пайдаланылмай қоймаға қайтарылып
берілген материалдар да есептелінеді. Қоймадағы есеп карточкасына
материалдардың әрбір номенклатуралық номері бойынша босатылғаны, қоймада
қалғаны, материалдарды цехқа әрбір босатқан уақыт сайын немесе лимиттік-
заборлық картаны жапқаннан кейін, бірақ келесі айдың біріне дейін жазылып
отырылуы тиіс. Бұл жағдайда лимиттік-заборлық картаны қоймалық есептің
тиісті карточкаларымен бірге сақтау керек. Лимитті пайдаланып болғаннан
кейін қоймадағы лимиттік-заборлық картаның қорытынды дерегі лимиттік-
заборлық картаның цехтағы данасымен салыстырылады. Егер бұл лимиттік-
заборлық картадағы деректер өзара сәйкес болса, екі жақтың өкілдері, яғни
қоймашы мен цех өкілі деректердің дұрыстығын мақұлдап қол қояды.
Айдың аяғында лимиттік-заборлық картада көрсетілген материалдардың
пайдаланылған-пайдаланылмағанына қарамастан барлық лимиттік-заборлық
карталар бухгалтерияға тапсырылады.
Құрылыс ұйымдарында көбіне лимиттік-заборлық картаның М-28 және М-28А
номірлі үлгілі түрлеріқолданылады. Үлгілі түрі М-28 нөмірлі лимиттік-
заборлық карта материалдарды салынып жатқан құрылысқа ол құрылыс
басталғаннан бастап, аяқталғанға дейін босатуға арналған. Лимиттік-заборлық
картаның бұл түрі құрылыс жұмысына жүргізуші прорабтар немесе мастерлер
т.б. жұмыс жүргізушілердің біреуінде болады. Сонымен қатар ай сайын үлгілі
түрі М-28 лимиттік-заборлық карта жазылады да, ол қоймада сақталынады.
Материалдарды қоймадан босатқанда қоймашы үлгілі түрі М-28А лимиттік-
заборлық картаға қол қояды, ал материалдарды қабылдап алушы құрылыс
бөлімінің өкілі үлгілі түрі М-28А лимиттік-заборлық картаға қол қояды.
Айдың аяғында жұмыс жүргізуші мастер, прораб пайдаланылмаған материалдарға
түгендеу жүргізіп, оның нәтижесі бойынша үлгілі түрі М-28 түрлі лимиттік-
заборлық картадағы 14 графаны толтырады. Ай бойы нақтылы пайдаланылған
материалдар санының көлемі карточканың әрбір жолыбойынша алынған
материалдардан қоймаға қайтадан тапсырылған материалдармен оның айдын
аяғында пайдаланылмай қалған қалдығын алып тастау арқылы табылады. Қоймашы
мен жұмыс жүргізуші тиісті жазулары жазылып дайын болған лимиттік-заборлық
картаны алғашқы құжаттармен бірге материалдар жайында берілетін есепке
тіркеп, бухгалтерияға тапсырады. Бухгалтерияда қойманың берген есебі
бойынша жұмсалған, өндіріске босатылған материалдардың есптен дұрыс
шығарылуы тексеріледі. Сонымен қатар үлгілі түрі М-28 түрлі лимиттік-
заборлық карта арқылы әрбір объекті бойынша құрылыс басталғаннан бастап
жұмсалынған материалдар жайлы деректер анықталады. Салынып бітпеген
объектінің лимиттік-заборлық картасы жұмыс жүргізушіге қайтадан беріледі.
Лимиттік-заборлық картаның М-28А номерлі үлгілі түрі материалдарды орталық
қоймадан немесе құрылыс бөлімшесінің қоймасынан құрылыс объектілеріне бір
ай бойы уақыт аралығында босатуға арналған. Лимиттік-заборлық картаның
үлгілі түрі М-28 және М-28А санды номерлерінің ішіне материалдардың ай бойы
босату санына қарап, қосымша парақ тігуге де болады. Лимиттік-заборлық
карта бойынша материалдарды әрбір босатқан сайын пайдаланбағаннан қалған
қалдығы шығарылып отырылады. Егер материалдар лимиттік-заборлық картада
көрсетілгеннен артық мөлшерде керек болса, ондай материалдарға М-10 санды
материалдарды ауыстыруды (қосымша босатуды) талап ету актісі толтырылады.
Лимиттік-заборлық картада көрсетілгеннен артық керек болған материалдар
үшін немесе бір материалдардың орнына екінші бір материалдарды алу немесе
оның өкілетті қызметкерінің рұқсаты болуы керек. Бұндай материалдарға да
жоғарыда айтылған үлгілі түрі М-10 түрлі материалдарды ауыстыруды
(қосымша босату) талап ету актісі толтырылады. Сонымен материалдарды
өндіріске лимит бойынша босату кәсіпорын басшысының өндірісте болып жатқан
кемшіліктерді уақтылы білуіне мүмкіндік береді. Кәспорындар мен ұйымдардың
үшінде құрылыспен айналысатын өндіріс орындарында ашық қоймаларда
сақталынатын материалдар көп пайдаланылады (құм, тас, қиыршық, кірпіш және
т.б.). Бұлар қоймашының жауапкершілігінде далада сақталынады. Олардың әр
құрылыс бөлігіне берілетіндері бойынша бөлек сақтағаны дұрыс. Бұндай
материалдарды талап ету қағазы бойынша босатады. Ай сайын олардың қалдық
көлемін өлшеу арқылы құрылысқа босатылған материалдардың көлемі, мөлшері
анықталады. Ол үшін айдың аяғында түгендеу жүргізіп материалдардың ай бойы
талап ету қағазы бойынша босатылғанның саны мен көлемін нақтылы
пайдаланылған материалдардың санымен салыстырып отыру керек. Көп
жағдайларда ашық жерде сақталынылатын материалдарды өлшеп тұруға мүмкіндік
болмайды. Сондықтан да оларды тікелей құрылыс салынып жатқан объектіге
түсіреді де, пайдаланғаннан қалған қалдығын өлшеу арқылы көлемін біледі.

1.5 Тауарлық-материалдық қорларды бағалау әдістері

Материалдық қорлар бухгалтерлік есепте мына әдістер негізінде
бағаланады:
1. Арнайы сәйкестендірілген есептеу әдісі
2. Орташа өзіндік құнын есептеу әдісі
3. ФИФО әдісі
4. ЛИФО әдісі
Арнайы сәкестендірілген есептеу әдісі
Арнайы сәйкестендірілген есептеу әдісі әдетте бірімен бірін алмастыруға
болмайтын немесе кәсіпорында ерекше тәртіппен пайдаланылатын (асыл
металдардың, асыл тастардың т.б.) нақтылы бір материалдық қорлардың бағасын
есептеуге арналған. Бұл әдіс жұмсалынған материалдар мен істелген
жұмыстардың нақты өзіндік құнын есептеп шығаруды көздейді. Сондай-ақ бұл
есетпеу әдісі сатылып алынғанына немесе кәсіпорынның өзінде өндірілгеніне
қарамастан арнаулы жоспарлауға арналған материалдардың өзіндік құнын
есептеуге арналған.
Орташа өзіндік құнын есептеу әдісі
Орташа өзіндік құнын есептеу әдісі бойынша кәсіпорынға кіріске алынған
әрбір материалдық қорлардың бағасы оның кіріске алынғандағы шоты бойынша
бағасын анықтау мүмкін болмаған жағдайда жүргізіледі. Материалдық қорлар
түрінің орташа өзіндік құны ұйымдағы материалдардың есепті айдың басындағы
қалған қалдығының құнымен ай бойы кіріске алынған материалдар құнының
жиынығын материалдардың ай басындағы сандарының қалдығымен ай бойы кіріске
алынған тиісті материалдарының сандарының қосындысына бөлу арқылы
анықталады.
ФИФО әдісі
ФИФО есптен шығарылған материалдық қорларды олардың алғашқы кезекте
кіріске алынғандарының өзіндік құны бойынша бағалау әдісі болып табылады.
Бұл әдіс қағидасы бойынша материалдық қорлардың бірінші кезекте кіріске
алынғаны, алғашқы болып, яғни бірінші шығыс етіледі деп жорамалданады.
Басқаша айтатын болсақ, барлық келіп кіріске алынған материалдар бірінен
соң бірі кіріске алынғандағы тізімі бойынша шығыс етіледі деп есептелінеді.
Бұл жағдайда ай соңында кәсіпорынның қоймасында қалған материалдардың
бағасымен бағаланады.
ЛИФО әдісі
ЛИФО әдісі кәсіпорынға ең соңғы кезекте кіріске алынған материалдар
тобы бірінші болып шығыс етіледі немесе жұмсалады деген қағидаға
негізделген, яғни алғашқы жұмсалатын немесе шығыс етілетін материалдар
кәсіпорынға ең соңғы кіріске алынған материалдардың тиісті өзіндік құны
бойынша бағаланады. Ал ай срңында кәсіпорында қалған материалдар алғашқы
кіріске алынған материалдардың өзіндік құны бойынша бағаланады.
Өндіріске жұмсалынған және материалдардың қоймадағы қалдықтары ФИФО
және ЛИФО әдістері бойынша мына түрде есептелінеді. Мысалы: А – түрлі
материалдар тобы

Саны (дана) Бағасы Сомасы
(теңге) (теңге)
А) Қаңтар айының бірінші жұлдызына 50 100 5000
кәсіпорынның қоймасындағы
материалдардың қалдығы
Қаңтар айында кіріске алынған материалдық қорлар
1-Топтамада 100 110 11000
2-Топтамада 80 120 9600
3-Топтамада 90 130 11700
4-Топтамада 100 140 14000
5-Топтамада 70 150 10500
Кіріске алынған материалдық қорлардың жиынтығы
440 --- 56800
Бастапқы қалдықпен қоса есептегендегі қалдығы
490 --- 61800
Ай бойы материалдық қорлардың шығыс етілгені
ФИФО әдісімен бағалағанда 250 28200
ЛИФО әдісімен бағалағанда 250 34900
Ай соңындағы материалдық қорлардың қалдығы
ФИФО әдісімен бағалағанда 240 33600
ЛИФО әдісімен бағалағанда 240 26900

Бұл кестеден көріп отырғанымызда йшығыс етілген 250 дана материалдық
қорлардың құны бойынша есептелінеді.

ФИФО әдісі бойынша:
Бірінші кіріс етілгенде, соның ішінде: айдың басындағы кәсіпорынның
қоймасындағы материалдардың қалдық саны 50 дана сомасы 5000 теңге, бірінші
топтамада кіріске алынғаны 100 дана сомасы ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Тауарлы - материалдық қорлардың ұғымы, классификациясы және бағалануы
Амортизацияның синтетикалық есебі
Тауарлы – материалдық қорлар туралы жалпы мағлұмат
Мемлекеттің сыртқы сауда жағдайының теориялық негіздері
Өндірістік корлар есебі және аудиті
Тауарлы-материалды қорларды түгендеу және оларды есеп беруде ашып көрсету
Тауарлы – материалдық босалқылардың қоймадағы есебін ұйымдастыру
Сатып алынған жеке меншік үлестік аспаптарды есепке алуда рәсімделетін құжаттар
Материалдық құндылықтардың қоймадағы есебі
Мекеменің есеп саясатын дайындау
Пәндер