Қазақстан Республикасының ақпараттық қауiпсiздiк тұжырымдамасы
1. Жалпы ережелер
2. Қазақстан Республикасының ақпараттық қауiпсiздiгiнiң жай.күйi
3. Ақпараттық қауiпсiздiктi қамтамасыз етудiң мақсаттары мен мiндеттерi
4. Ақпараттық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету объектiлерi, қатерлерi, әдiстерi, құралдары және негiзгi бағыттары

Қазақстан Республикасының ақпараттық қауiпсiздiк тұжырымдамасы (бұдан әрi - Тұжырымдама) Қазақстан Республикасы Конституциясының және "Қазақстан Республикасының Ұлттық қауiпсiздiгi туралы" 1998 жылғы 26 маусымдағы, "Мемлекеттiк құпиялар туралы" 1999 жылғы 15 наурыздағы, "Терроризмге қарсы күрес туралы" 1999 жылғы 13 шiлдедегi, "Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы" 2003 жылғы 7 қаңтардағы, "Ақпараттандыру туралы" 2003 жылғы 8 мамырдағы, "Экстремизмге қарсы iс-қимыл туралы" 2005 жылғы 18 ақпандағы Қазақстан Республикасы заңдарының, Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2006 жылғы 18 тамыздағы N 163 Жарлығымен мақұлданған Қазақстан Республикасы ақпараттық кеңiстiгiнiң бәсекеге қабiлеттiлiгiн дамытудың 2006-2009 жылдарға арналған тұжырымдамасының негiзiнде әзiрлендi.
Сондай-ақ Тұжырымдаманы әзiрлеу кезiнде ақпараттық қауiпсiздiк саласындағы халықаралық тәжiрибе және 1999 жылғы 4 шiлдедегi Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердiң әскери саладағы ақпараттық қауiпсiздiк тұжырымдамасының ережелерi ескерiлдi.
Тұжырымдама ақпараттық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету саласында Қазақстан Республикасының бiрыңғай мемлекеттiк саясатын қалыптастыру мен iске асыру кезiнде негiз болып қызмет етедi, оның ережелерi Қазақстанның бiрыңғай ақпараттық кеңiстiгiн құру мен дамыту және ақпараттандыру саласында мемлекеттiк саясатты одан әрi жетiлдiру кезiнде ескерiлетiн болады.
Қазақстан Республикасының ақпараттық қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету саласындағы мемлекеттiк саясат (бұдан әрi - мемлекеттiк саясат) ашық болып табылады және Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамалық актiлерiнде көзделген шектеулердi ескере отырып, қоғамның мемлекеттiк органдар мен қоғамдық институттардың ақпараттық қауiпсiздiк саласындағы қызметi туралы хабардар болуын көздейдi. Ол жеке және заңды тұлғалардың кез келген заңды тәсiлмен ақпаратты еркiн жасауға, iздестiруге, алуға және таратуға құқықтарын қамтамасыз етуге негiзделедi.

Қазақстан Республикасының ақпараттық қауіпсіздік тұжырымдамасы туралы
Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 10 қазандағы N 199 Жарлығы
"Президент пен Үкімет актілерінің
жинағында" жариялануға тиіс
Қазақстан Республикасының ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету
мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының ақпараттық
қауіпсіздік тұжырымдамасы мақұлдансын.
2. Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары мен ұйымдары өз
қызметінде осы тұжырымдаманың ережелерін басшылыққа алсын.
3. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Президенті
Қазақстан Республикасы
Президентiнiң
2006 жылғы 10 қазандағы
N 199 Жарлығымен
МАҚҰЛДАНҒАН
Қазақстан Республикасының ақпараттық қауiпсiздiк
ТҰЖЫРЫМДАМАСЫ
Кiрiспе
Ел Президентiнiң 1997 жылғы 10 қазандағы "Қазақстан - 2030. Барлық
қазақстандықтардың өсiп-өркендеуi, қауiпсiздiгi және әл-ауқатының артуы"
атты Қазақстан халқына Жолдауында ұзақ мерзiмдi басымдық ретінде ұлттық
қауiпсiздiк айқындалды, оның құрамының бiрi ақпараттық қауiпсiздiк болып
табылады.
Қоғам мен мемлекеттiң әлеуметтiк-экономикалық және мәдени өмiрiндегi
ақпараттық технологиялардың даму серпiнi ақпараттық қауiпсiздiк мәселелерiн
шешуге жоғары талаптар қояды.
Мемлекеттiң ақпараттық қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету ақпарат алу
саласында адамның және азаматтың конституциялық құқықтары мен
бостандықтарын iске асыруға қабiлеттi ұйымдастырушылық, техникалық,
бағдарламалық, әлеуметтiк тетiктердi қамтитын кешендi көзқарасты
пайдалануды, оны конституциялық құрылыстың мызғымастығын, Қазақстан
Республикасының егемендiгi мен аумақтық тұтастығын, саяси, экономикалық
және әлеуметтiк тұрақтылықты, заңдылық пен құқықтық тәртiптi қорғау
мақсатында пайдалануды, ақпараттық қауiпсiздiк саласында өзара тиiмдi
халықаралық ынтымақтастықты дамытуды талап етедi.
1. Жалпы ережелер
Қазақстан Республикасының ақпараттық қауiпсiздiк тұжырымдамасы (бұдан
әрi - Тұжырымдама) Қазақстан Республикасы Конституциясының және "Қазақстан
Республикасының Ұлттық қауiпсiздiгi туралы" 1998 жылғы 26
маусымдағы, "Мемлекеттiк құпиялар туралы" 1999 жылғы 15
наурыздағы, "Терроризмге қарсы күрес туралы" 1999 жылғы 13
шiлдедегi, "Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба
туралы" 2003 жылғы 7 қаңтардағы, "Ақпараттандыру туралы" 2003 жылғы 8
мамырдағы, "Экстремизмге қарсы iс-қимыл туралы" 2005 жылғы 18 ақпандағы
Қазақстан Республикасы заңдарының, Қазақстан Республикасы Президентiнiң
2006 жылғы 18 тамыздағы N 163 Жарлығымен мақұлданған Қазақстан Республикасы
ақпараттық кеңiстiгiнiң бәсекеге қабiлеттiлiгiн дамытудың 2006-2009
жылдарға арналған тұжырымдамасының негiзiнде әзiрлендi.
Сондай-ақ Тұжырымдаманы әзiрлеу кезiнде ақпараттық қауiпсiздiк
саласындағы халықаралық тәжiрибе және 1999 жылғы 4 шiлдедегi Тәуелсiз
Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердiң әскери саладағы ақпараттық
қауiпсiздiк тұжырымдамасының ережелерi ескерiлдi.
Тұжырымдама ақпараттық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету саласында
Қазақстан Республикасының бiрыңғай мемлекеттiк саясатын қалыптастыру мен
iске асыру кезiнде негiз болып қызмет етедi, оның ережелерi Қазақстанның
бiрыңғай ақпараттық кеңiстiгiн құру мен дамыту және ақпараттандыру
саласында мемлекеттiк саясатты одан әрi жетiлдiру кезiнде ескерiлетiн
болады.
Қазақстан Республикасының ақпараттық қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету
саласындағы мемлекеттiк саясат (бұдан әрi - мемлекеттiк саясат) ашық болып
табылады және Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамалық актiлерiнде
көзделген шектеулердi ескере отырып, қоғамның мемлекеттiк органдар мен
қоғамдық институттардың ақпараттық қауiпсiздiк саласындағы қызметi туралы
хабардар болуын көздейдi. Ол жеке және заңды тұлғалардың кез келген заңды
тәсiлмен ақпаратты еркiн жасауға, iздестiруге, алуға және таратуға
құқықтарын қамтамасыз етуге негiзделедi.
Мемлекет ақпараттық ресурстар меншiк объектiсi болып табылатынын,
және ақпараттық ресурстардың меншiк иелерiнiң, иелерiнiң және өкiмдiк
етушiлерiнiң заңды мүдделерi сақталған жағдайда оларды шаруашылық айналымға
енгiзуге ықпал ететiнiн негiзге алады.
Мемлекет ұлттық телекоммуникациялық желiлер құруды және халықаралық
ақпарат алмасуды қамтамасыз етуге қабiлеттi қазiргi заманғы ақпараттық және
телекоммуникациялық технологияларды және техникалық құралдарды дамытуды
басым деп санайды.
Мемлекеттiк саясат, мемлекеттiк құпияларды қорғау саласын қоспағанда,
мемлекеттiк органдар мен ұйымдардың ақпараттық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету
саласындағы монополиясына жол бермейдi.
2. Қазақстан Республикасының ақпараттық қауiпсiздiгiнiң
жай-күйi
Қазiргi уақытта Қазақстанның саяси өмiрiндегi және экономикасындағы
болып жатқан қайта құру процестерi оның ақпараттық қауiпсiздiгiнiң жай-
күйiне тiкелей әсерiн тигiзедi. Бұл ретте ақпараттық қауiпсiздiктiң нақты
жай-күйiн бағалау және осы саладағы негiзгi проблемалар мен бағыттарды
айқындау кезiнде ескерудi қажет ететiн жаңа факторлар туындайды.
Көрсетiлген факторларды саяси, экономикалық және ұйымдастырушылық-
техникалық деп бөлуге болады.
Саяси факторлар:
әлемнiң түрлi өңiрлерiнде геосаяси жағдайдың өзгеруi;
әлемдiк саяси, экономикалық, әскери, экологиялық және басқа да
процестердiң жаһандық мониторингiн жүзеге асыратын, ақпаратты бiртарапты
артықшылықтар алу мақсатында тарататын әлемнiң дамыған елдерiнiң ақпараттық
өктемдiгi;
демократия, заңдылық, ақпараттық ашықтық, елдiң қауiпсiздiгiн
қамтамасыз ету жүйесiн жетiлдiру принциптерi негiзiнде жаңа Қазақстан
мемлекеттiлiгiнiң қалыптасуы;
iшкi саяси дағдарыстардың туындауы: билiк тармақтары арасындағы,
аумақтық мемлекеттiк құрылым субъектiлерi арасындағы жанжалдар, қорғалатын
тұлғаларға қастандық жасалуы;
iшкi саяси блоктардың, одақтардың, альянстардың қызметi, әлемде
күштердiң геосаяси орналасуына әсер ететiн жаңа әскери-саяси
бiрлестiктердiң құрылуы;
реформалар жүргiзу процесiнде Қазақстанның шетелдермен неғұрлым тығыз
ынтымақтастық жасауға ұмтылуы;
терроризм және экстремизм, криминогендi жағдайдың ушығуы, әсiресе
кредит-қаржы саласында компьютерлiк қылмыстар санының өсуi болып табылады.
Экономикалық факторлар арасында:
Қазақстанның дүниежүзiлiк экономикалық кеңiстiкке белсендi кiруi,
көптеген отандық және шетелдiк мемлекеттiк емес құрылымдардың - ақпаратты
өндiрушiлер мен тұтынушылардың, ақпараттандыру және ақпаратты қорғау
құралдарының пайда болуы, ақпараттық өнiмнiң тауарлық қатынастар жүйесiне
қосылуы;
Қазақстанның ақпараттық инфрақұрылымын дамыту мүддесiнде шетелдермен
кеңейiп келе жатқан кооперация;
бүкiл әлемдегi экономикалық процестердiң дамуына өспелi әсерiн
тигiзетiн коммуникациялық жаһандану;
қазiргi әлемде экономикалық-технологиялық даму деңгейiн барынша
жоғары дәрежеде айқындайтын жаңа ақпараттық технологияларды дамыту мен
енгiзуде Қазақстанның артта қалуы неғұрлым елеулi болып табылады.
Ұйымдастырушылық-техникалық факторлардың iшiнен мыналар айқындаушы
болып табылады:
ақпараттық қатынастар саласында, оның iшiнде ақпараттық қауiпсiздiктi
қамтамасыз ету саласында, нормативтiк құқықтық базаның жеткiлiксiздiгi;
мемлекеттiң Қазақстандағы ақпараттандыру құралдары, ақпараттық
өнiмдер мен қызмет көрсетулер нарығының жұмыс iстеу және даму процестерiн
нашар реттеуi;
ақпаратты сақтау, өңдеу, беру және қорғау үшiн мемлекеттiк басқару
саласында, кредит-қаржы және басқа салаларда ақпараттың сыртқа шығып
кетуiнен және сыртқы әсерден қорғалмаған импорттық техникалық және
бағдарламалық құралдардың кеңiнен пайдаланылуы;
ашық байланыс арналары және деректер беру жүйелерi бойынша берілетін
ақпараттар көлемiнiң өсуi.
Қазақстандағы ақпараттық қауiпсiздiктiң қазiргi жай-күйiн талдау оның
қазiргi заманғы деңгейiнiң адам, қоғам және мемлекет қажеттiлiктерiне
сәйкес келмейтiнiн көрсеттi.
Елдiң саяси және әлеуметтiк-экономикалық дамуының бүгiнгi жағдайы
ақпаратпен еркiн алмасуды кеңейтудегi қоғам қажеттiлiгi мен оны таратуға
жекелеген шектеулердi сақтау қажеттiлiгi арасында қайшылықтардың
шиеленiсуiн тудырады.
Мемлекеттiк органдарды толық, сенiмдi және қазiргi заманғы ақпаратпен
қамтамасыз ету үшiн негiзделген, оның iшiнде мемлекеттiк ақпараттық
ресурстарды қорғауға арналған шешiмдер қабылдау, сондай-ақ отандық
ақпаратты қорғау құралдарын және импортталатын техникалық құралдардың
белгiленген талаптарға сәйкестiгiн растау жүйелерiн әзiрлеу талап етiледi.
Ақпаратты қорғау саласында кәсiби мамандар сандарының жеткiлiксiздiгi
республикада ақпараттық қауiпсiздiктi ұйымдастыруға керi әсерiн тигiзедi.
Техникалық барлауларға қарсы iс-әрекеттер, ақпараттық қарудан қорғау
мен осы саладағы нормативтiк құқықтық базаны жетiлдiру мәселелерiн одан әрi
пысықтау талап етiледi.
Осы мақсаттарда ақпараттың тұтастығы мен құпиялығын қамтамасыз ету
үшiн ақпаратты жалпымемлекеттiк ауқымда және ведомстволық деңгейде қорғау
жөнiндегi iс-шараларды кешендi үйлестiру қажет.
Ақпараттық кеңiстiкте Интернеттiң ролiнiң өсуiмен адамның және
қоғамның құқықтары мен бостандықтарын зорлық жасау мен қатыгездiктi
насихаттайтын ақпараттан, оларға өтiрiк және жалған ақпаратты таңудан,
болашақ ұрпақтың мақсатты бағытталған терiс дүниетанымын қалыптастырудан
қорғау қажеттiлiгi туындайды. Бұл ретте, сыртқы қатер көздерi Қазақстан
Республикасының заңнамалық құзырынан тыс болуы мүмкiн, бұл құқық шаралары
жүйесiн қолдануды елеулi қиындатады.
Отандық ақпараттық технологиялардың болмауы өзектi проблема болып
табылады, бұл жаппай пайдаланушыларды ақпараттық қауiпсiздiк талаптары
бойынша сәйкестiгi расталмаған импорттық техниканы сатып алуға мәжбүр
етедi. Бұл деректер базалары мен банктерiнiң ақпараттық қауiпсiздiгiне
қатер, сондай-ақ елдiң шетелдiк компьютер мен телекоммуникация техникасын
және ақпарат өнiмдерiн өндiрушiлерге ықтимал тәуелдiлiгiн тудырады.
Ақпарат саласындағы құқық қатынастарының субъектiлерi меншiк нысанына
қарамастан жеке және заңды тұлғалар болып табылады.
Ақпараттың меншiк иелерi: мемлекет (мемлекеттiк органдар мен ұйымдар,
лауазымды тұлғалар тұрғысында), жеке және заңды тұлғалар болып табылады.
Ақпараттық қатынастар субъектiлерi ақпаратты жасау және пайдалану
тұрғысынан авторлар, меншiк иелерi, иеленушiлер немесе пайдаланушылар
ретінде болуы мүмкін.
Ақпарат және ақпараттық ресурстар заттай меншiк немесе зияткерлiк
меншiк бола алады. Сондықтан ақпараттық жүйелерде ақпаратты өңдеу кезiнде
ақпараттың құпиялығын қамтамасыз ету ғана емес, оның тұтастығы мен қол
жетiмдiлiгiн, ал электрондық құжаттар үшiн әрбiр электрондық құжаттың
авторлығын электрондық цифрлы қолтаңбамен растау талап етiледi.
Мемлекеттiк құпияларды құрайтын мәлiметтердi қамтитын ақпаратқа
қатысты барлық қатынас субъектiлерi үшiн белгiленген құпиялық режимi жұмыс
iстейдi. Осы ақпараттың меншiк иесi мемлекет болып табылады.
Мемлекет меншiк иесi болып табылатын қол жеткiзу шектелген ақпаратты
қорғауды қамтамасыз ету үшiн мемлекеттiк ақпаратты қорғау жүйесi жұмыс
iстейдi.
Қазiргi заманғы қоғамының табысты жұмыс iстеуi онда болып жатқан
ақпараттық процестердiң қаншалықты тиiмдi ұйымдастырылғанына және жолға
қойылғанына тұтастай байланысты. Осыған байланысты Қазақстан Республикасы
үшiн аталған процестердiң мемлекет шеңберiнде ақпараттық кеңiстiкке
бiрлесуi барған сайын маңызды бола түсуде.
Бiрыңғай ақпараттық кеңiстiк жеке және заңды тұлғалардың ақпараттық
қажеттiлiктерiн қанағаттандыруды қамтамасыз етуге мүмкiндiк бередi,
ақпаратты өндiрушiлер мен тұтынушылар қызметiн ынталандыруға, елдiң әлемдiк
ақпараттық кеңiстiкке кiруiне жәрдем ететiн болады.
Бiрыңғай ақпараттық кеңiстiктi қалыптастыру барысында құрылуы
Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2004 жылғы 10 қарашадағы N
1471 Жарлығымен бекiтiлген Қазақстан Республикасында "электрондық үкiмет"
қалыптастырудың 2005-2007 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасымен
көзделген "электрондық үкiметтiң" рөлi өсе түсуде. "Электрондық үкiмет"
барлық билiк тармақтарының қызметiн ақпараттық қолдау мен олардың
арасындағы, сондай-ақ экономика субъектiлерiмен және халықпен арадағы
ақпараттық өзара iс-қимылды серпiндi ұйымдастыру есебiнен олардың жұмыс
iстеу тиiмдiлiгiн елеулi түрде көтеруге мүмкiндiк бередi.
Қазақстан Республикасында "электрондық үкiмет" қалыптастырудың 2005-
2007 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасы шеңберiнде "Жеке тұлғалар",
"Заңды тұлғалар", "Жылжымайтын мүлiк тiркелiмi", "Мекенжай тiркелiмi"
мемлекеттiк деректер базасы құрылуда, олардың қауiпсiздiгi ақпараттық
қатынастар субъектiлерi арасындағы қорғалған ақпараттық өзара iс-қимыл
нәтижесiнде қамтамасыз етiлетiн болады.
3. Ақпараттық қауiпсiздiктi қамтамасыз етудiң мақсаттары мен
мiндеттерi
Ақпараттық қауiпсiздiктi қамтамасыз етудiң негiзгi мақсаттары:
ақпарат қорғаудың ұлттық жүйесiн, оның iшiнде мемлекеттiк ақпараттық
ресурстарды құру және нығайту;
мемлекеттiк ақпараттық ресурстарды, сондай-ақ ақпарат саласында адам
құқықтары мен қоғам мүдделерiн қорғау;
Қазақстанның ақпараттық тәуелдiлiгiн, басқа мемлекеттер тарапынан
ақпараттық өктемдiктi немесе тосқауылды, Президенттiң, Парламенттiң,
Үкiметтiң және басқа да мемлекеттiк органдар мен ұйымдардың ақпараттық
оқшаулануын төмендету немесе оған жол бермеу болып табылады.

жөнiндегi негiзгi мiндеттер:
ақпараттық қауiпсiздiк саласында ұлттық заңнаманы жетiлдiру;
ақпараттық қауiпсiздiк қатерлерiнiң көздерiн анықтау, бағалау,
болжау, қорғалатын объектiлердiң барлауға қолжетiмдiлiк өлшемдерiн
айқындау;
ақпараттық қауiпсiздiктiң мемлекеттiк саясатын қамтамасыз етудiң, iс-
шаралар кешенiн және оларды iске асыру әдiстерiн әзiрлеу;
ақпараттық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету саласындағы мемлекеттiк
органдар мен ұйымдардың қызметiн құқықтық реттеу және үйлестiру;
ақпараттық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету жүйесiн дамыту, оны
ұйымдастыруды, нысандарын, әдiстерiн және ақпараттық қауiпсiздiк қатерлерiн
бейтараптау құралдарын, оны бұзу зардаптарын жоюды жетiлдiру;
Қазақстанның жаһандық ақпараттық желiлер мен жүйелердi құру және
пайдалану процестерiне белсендi қатысуын қамтамасыз ету;
техникалық барлауларға қарсы iс-әрекет ету жөнiндегi нормативтiк
құқықтық және әдiстемелiк базаны әзiрлеу және жетiлдiру жолымен техникалық
барлауларға қарсы iс-қимыл жасау жүйесiн құру болып табылады.
4. Ақпараттық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету объектiлерi,
қатерлерi, әдiстерi, құралдары және негiзгi бағыттары
Қазақстан Республикасының ақпараттық қауiпсiздiк объектiлерiне:
жеке және заңды тұлғалардың, мемлекеттiң ақпарат алуға, таратуға және
пайдалануға, құпия ақпаратты және зияткерлiк меншiктi қорғауға арналған
құқықтары;
сақтау нысандарына байланыссыз, мемлекеттiк құпияларды, коммерциялық
құпияны және басқа құпия ақпаратты, сондай-ақ ашық (жалпыға қолжетiмдi)
ақпаратты қамтитын мәлiметтерi бар ақпараттық ресурстар;
әртүрлi сыныптағы және мақсаттағы ақпараттық жүйелерді,
кiтапханаларды, мұрағаттарды, деректер қорлары мен банктерiн, ақпараттық
технологияларды, ақпарат жинау, өңдеу, сақтау және беру регламенттерi мен
рәсiмдерiн, ғылыми-техникалық және қызмет көрсететiн персоналды қамтитын
ақпараттық ресурстарды қалыптастыру, сақтау, тарату және пайдалану жүйесi;
бұқаралық ақпарат және насихат құралдарына негiзделетiн қоғамдық
сананы (дүниетаным, саяси көзқарастар, моралдық құндылықтар және өзгелер)
қалыптастыру жүйесі;
арнайы мақсаттағы телекоммуникация желiлерi, сондай-ақ байланыстың
спутниктiк жүйелерi;
жаңалықтар, патенттелмеген технологиялар, математикалық және
технологиялық алгоритмдер, өнеркәсiп үлгілерi, пайдалы моделдер мен
эксперименттiк жабдық;
күрделi зерттеу кешендерiн басқару жүйелерi (ядролық реакторлар,
қарапайым бөлшектердi жеделдетушiлер, ғарыш кешендерi және тағы басқалар);
ақпараттандыру құралдары мен жүйелерi (есептегiш техника құралдары,
ақпараттық-есептеу кешендерi, желiлерi мен жүйелерi), бағдарламалық
құралдар (операциялық жүйелер, дерекқорларды басқару жүйелерi, басқа да
жалпыжүйелiк және қолданбалы бағдарламалық қамтамасыз ету),
автоматтандырылған басқару жүйелерi, мемлекеттiк құпияларды қамтитын
ақпарат қабылдауды, өңдеудi, сақтауды және берудi жүзеге асыратын
мемлекеттiк органдар мен ұйымдардың байланыс және деректер беру жүйелерi;
саяси шешiмдердi қабылдау жүйелерi жатады.
Қазақстан Республикасының ақпараттық қауiпсiздiк қатерлерiн олардың
шығу тегiне байланысты сыртқы және iшкi деп бөлуге болады.
Ақпараттық қауiпсiздiк қатерлерiнiң көздерi:
жекелеген шетелдiк саяси, экономикалық, әскери және ақпараттық
құрылымдар;
шетел мемлекеттерiнiң барлау және арнайы қызметтерi;
халықаралық террористiк және экстремистiк ұйымдар;
құрылымға қарсы бағыттағы заңсыз саяси, дiни және экономикалық
құрылымдар;
ұйымдасқан қылмыстық қоғамдастықтар мен топтар;
жекелеген жеке және заңды тұлғалар;
дүлей зiлзалалар және апаттар болып табылады.
Сыртқы қатерлерге:
шетел мемлекеттерiнiң жаһандық ақпараттық мониторинг, ақпарат тарату
және жаңа ақпараттық технологиялар саласындағы сындарлы емес саясаты;
шетелдiк барлау және арнайы қызметтердiң iс-әрекеттерi;
халықаралық топтардың, құралымдар мен жеке тұлғалардың қылмыстық iс-
әрекеттерi, өнеркәсiптiк және банктiк шпионаж;
дүлей зiлзалалар және апаттар;
халықаралық террористiк және экстремистiк ұйымдардың қызметi;
шетелдiк саяси және экономикалық құрылымдардың Қазақстан
Республикасының мүдделерiне қарсы бағытталған қызметi жатады.
Мыналар iшкi қатерлер болып табылады:
ақпарат түзу, тарату және пайдалану саласындағы саяси және
экономикалық құрылымдардың заңға қарсы қызметi;
жеке және заңды тұлғалардың, мемлекеттiң ақпарат саласындағы заңдық
құқықтары мен мүдделерiн бұзуға әкелетiн мемлекеттiк құрылымдардың заңға
қайшы iс-әрекеттерi;
ақпарат жинаудың, өңдеудiң, сақтаудың және берудiң белгiленген
регламенттерiн бұзу;
ақпараттық жүйелер персоналының әдейi жасаған заңсыз ic-әрекеттерi
және әдейi жасамаған қателерi;
ақпараттық және телекоммуникациялық жүйелердегi техникалық
құралдардың iстен шығуы және бағдарламалық қамтамасыз етудiң iркiлiстерi.
Жоғарыда санамаланған қатерлердi iске асыру әр түрлi:
ақпараттық, бағдарламалық-математикалық, физикалық, радиотехникалық
және ұйымдастырушылық-құқықтық әдiстермен жүзеге асырылуы мүмкiн.
Ақпараттық тәсiлдерге:
мекенжайдың және ақпараттық алмасу уақтылығының бұзылуы, заңға қарсы
ақпарат жинау және пайдалану;
ақпаратқа және ақпараттық ресурстарға рұқсат етiлмеген қолжетiмдiлiк,
ақпарат саласындағы деректердi заңсыз жою, түрлендiру және көшiру;
ақпаратқа рұқсат етiлмеген әсер ету жәненемесе ақпаратпен айла-
амалдар жасау (терiс ақпарат, ақпаратты жасыру немесе бұрмалау);
ақпараттық жүйелердегi деректердi заңсыз көшiру;
бұқаралық ақпарат құралдарын адам, қоғам және мемлекет мүдделерiне
қайшы келетiн ұстанымда пайдалану;
кiтапханалардан, мұрағаттардан, деректер банктерiнен және қорларынан
ақпарат ұрлау;
ақпарат өңдеу технологиясын бұзу жатады.
Бағдарламалық-математикалық тәсiлдер:
вирустар бағдарламаларын енгiзудi;
бағдарламалық және аппараттық салынған қондырғыларды орнатуды;
ақпарат жүйелерiндегi деректердi жоюды және түрлендiрудi қамтиды.
Физикалық тәсiлдер:
ақпарат өңдеу және байланыс құралдарын жоюды немесе бұзуды;
ақпарат тасығыштардың машиналық немесе басқа түпнұсқаларын жоюды,
бұзуды немесе ұрлауды;
бағдарламалық немесе аппарат кiлттерiн және криптографиялық ақпарат
қорғау құралдарын ұрлаудан;
персоналға әсер етудi қамтиды.
Радиотехникалық тәсiлдер:
қорғау объектiсiне жақын орналастырылған не байланыс арналарына
немесе ақпарат өңдеудiң техникалық құралдарына қосылған техникалық
құралдарды пайдалану арқылы ақпарат қармау;
техникалық құралдарда және үй-жайларда ақпарат қармаудың электрондық
қондырғылары;
деректер беру және байланыс желiлерiнде жалған ақпаратты қармау,
цифрды жай жазуға айналдыру және таңу;
парольдық-кiлт жүйелерiне әсер ету;
байланыс желiлерi мен басқару жүйелерiн радиоэлектрондық тұмшалау
болып табылады.
Ұйымдастырушылық-құқықтық тәсiлдер:
жетiлмеген немесе ескiрген және сәйкестiгiн растаудан өтпеген
техникалық құралдар мен ақпараттандыру құралдарын сатып алуды;
заңнама талаптарын орындамауды және ақпарат саласында қажеттi
нормативтiк құқықтық актiлер қабылдауды кешiктiрудi;
тұтынушыларға сенiмсiз, толық емес, бұрмаланған ақпаратты қасақана
немесе жауапсыз берудi;
жеке және заңды тұлғалар үшiн маңызды ақпаратты қамтитын құжаттарға
қолжетiмдiлiктi заңсыз шектеудi қамтиды.
Ақпараттық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету әдiстерi мен құралдары
мемлекет қызметiнiң түрлi салалары үшiн ортақ болып табылады және былайша
топтастырылады:
1) құқықтық: қоғамдағы ақпараттық қатынастарды регламенттейтiн
нормативтiк құқықтық актiлер кешенiн, ақпараттық қауiпсiздiктi қамтамасыз
ету жөнiнде басшылыққа алынатын және нормативтiк-әдiстемелiк құжаттар
әзiрлеу;
2) бағдарламалық-техникалық:
рұқсат етiлмеген қол жеткiзудi немесе оған әсер етудi болдырмау
жолымен жанама электромагнит сәулелерi мен нысаналар есебiнен өңделетiн
ақпараттың сыртқа шығып кетуiн болдырмау;
ақпараттың бұзылуын, жойылуын, бұрмалануын немесе ақпараттандыру
құралдары жұмысында iркiлiстер тудыратын арнайы әсер етудің алдын алу;
енгiзiлген бағдарламалық немесе аппараттық салынған қондырғыларды
анықтау;
ақпарат өңдеудiң техникалық құралдарын техникалық барлау құралдарынан
арнайы қорғау;
ақпарат қорғаудың криптографиялық әдiстерi мен құралдарын қолдану;
3) ұйымдастырушылық-экономикалық:
құпия және жасырын ақпаратты қорғау жүйелерiнiң жұмыс iстеуiн
қалыптастыру және қамтамасыз ету;
ақпараттық қауiпсiздiк саласындағы қызметтi лицензиялау;
ақпараттық қауiпсiздiк саласында техникалық реттеу;
қорғалған ақпарат жүйелерiнде персоналдың iс-әрекеттерiн бақылау және
дәлелдеу (экономикалық ынталандыру, психологиялық қолдау және басқа);
ақпараттық жүйелердi және ақпарат ресурстарын қорғауды және оған қол
жеткiзу режимiн қамтамасыз ету;
халықтың қоғамдық пiкiрiн, қатер көздерiн, олардың пайда болуына әсер
ететiн шарттар мен факторларды зерделеу жөнiнде әлеуметтiк зерттеулер
(мониторинг) жүргiзу.
Сонымен қатар, мемлекеттiң, жеке және заңды тұлғалардың қызметтерi
саласының әрқайсында ақпараттық қауiпсiздiктi қамтамасыз етудiң өз
ерекшелiктерi бар, бұл ең алдымен, қойылған мiндеттердi шешу ерекшелiгiне,
ақпараттық қауiпсiздiктiң әрбiр саласына тән әлсiз элементтер мен осал
буындардың болуына байланысты.
Сондықтан, әрбiр сала үшiн арнайы жұмыстарды ұйымдастыру, оның жай-
күйiне әсер ететiн ерекше факторларды ескере отырып, ақпараттық
қауiпсiздiктi қамтамасыз ету нысандары мен тәсiлдерiн пайдалану талап
етiледi.
Ақпараттық қауiпсiздiктi қамтамасыз етудiң негiзгi бағыттары:
нормативтiк құқықтық базаны жетiлдiру, әдiстемелiк және техникалық
құжаттар әзiрлеу;
ақпарат қорғау саласында бiрыңғай техникалық саясат әзiрлеу және
жетiлдiру;
мемлекеттiк құпияларды қорғауды қамтамасыз ету;
техникалық барлауларға қарсы iс-әрекет ету;
ақпараттық қарудың әсерiнен қорғау;
ақпараттық ресурстарды, ақпараттық-телекоммуникациялық жүйелердi және
ақпараттық инфрақұрылымды ұйымдастырушылық-техникалық қорғау;
ақпараттық жүйелер мен ақпараттандыру объектiлерiнiң ақпарат және
ақпарат қорғау саласындағы стандарттар мен нормативтiк құқықтық актiлердiң
талаптарына сәйкестiгi;
техникалық құралдардың ақпараттық қауiпсiздiк талаптарына сәйкестiгiн
растау;
ақпараттық қауiпсiздiк қатерлерiнiң көздерiн анықтау, бағалау және
болжамдау, техникалық барлау құралдарына қарсы iс-әрекет етудiң барабар
шараларын жедел қабылдау;
ақпарат қорғау және ақпараттық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету бағыттары
бойынша ғылыми-техникалық қамтамасыз ету және ғылыми-зерттеу қызметi;
ақпараттық технологиялар мен ақпарат қорғау саласында кадрлар
даярлау;
халықаралық ынтымақтастық.
Саяси салада
Саяси салада ақпараттық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету объектiлерi:
отандық және шетелдiк бұқаралық ақпарат құралдарының әсерiмен
қалыптасатын халықтың түрлi санаттарының қоғамдық санасымен саяси бағдары;
көбiнесе оның ақпараттық қамтамасыз етiлу сапасы мен уақтылығына
байланысты саяси шешiмдер қабылдау жүйесi;
мемлекеттiк органдардың халықты елдiң қоғамдық-саяси және әлеуметтiк-
экономикалық өмiр сүру аспектiлерi туралы ақпараттандыру және қоғамдық
пiкiр қалыптастыру жүйесi;
саяси партиялар мен қоғамдық ұйымдардың өз көзқарастарын бұқаралық
ақпарат құралдарында насихаттауға қатысу жүйесi болып табылады.
Саяси салада ақпараттық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету объектiлерiне
қатер қазiргi кезеңде мыналар болып табылады:
бұқаралық ақпарат құралдарын мемлекеттiк немесе мемлекеттiк емес
монополияландыру, сондай-ақ оларға жеке, оның iшiнде қылмыстық топтар
тарапынан саяси немесе экономикалық қысым көрсету;
жекелеген саяси күштер пайдасына әлеуметтiк, ұлтаралық,
конфессияаралық және рулық араздықты қоздыратын, халықтың түрлi санаттарын
ел басшылығына қарсы қоятын отандық және шетелдiк бұқаралық ақпарат
құралдарының қоғамға терiс насихаттық және психологиялық әсер етуi;
мемлекет пен бұқаралық ақпарат құралдарының өзара қарым-қатынасы
саласындағы қолданыстағы заңнаманың жетiлмегендiгi;
қоғамдық пiкiрдi қалыптастыру жүйесiн саясаттандыру, халық арасында
сауалнама жүргiзетiн түрлi әлеуметтiк құрылымдар қызметiнiң нәтижелерiн,
олар алған ақпаратты бұрмалап пайдалану немесе бiржақты түсiндiру;
компьютерлiк қылмыстар.
Саяси салада ақпараттық қауiпсiздiктi қамтамасыз етудiң негiзгi
әдiстерi:
ақпарат саласында саяси өмiр субъектiлерiнiң өзара қарым-қатынасын
реттейтiн құқықтық және ұйымдастырушылық тетiктердi айқындайтын заңнаманы
үнемi жетiлдiру;
өкiлдi органдар базасында мемлекеттiк бұқаралық ақпарат құралдарының,
әлеуметтану және саясаттану орталықтарының, институттар мен қызметтердiң iс-
әрекеттерiн тәуелсiз және жария бақылау жүйелерiн қамтамасыз ету;
Қазақстанның бiрыңғай ақпараттық кеңiстiгiн ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz