Қыпшақтар орта ғасырлық Қазақстан тарихында



Кіріспе
Негізгі бөлім
1.1. Қыпшақ хандығының құрылуы
1.2. Қыпшақ хандығының қоныстануы
1.3. Қыпшықтардың өзара саяси қарым . қатынасы
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
XI ғ. орта кезінде қыпшақтар кәзіргі Қа-зақстанның Шыгысындағы Алтай мен Ертістен бастап, батысындағы Едш мен Оңтүстік Оралға дейін, Онтүстігіндегі Балқаш келінен теріскейдегі Оңтүстік-батыс Сібірдің орманды даіа аймағына дейінгі кең территориясына тарап, емін-еркін қоныстанады.
XI ғ. екінші жартысында қыпшақтар Маңғыстау мен Үстірт жерлеріне орныгады, олармен бірге сол арада оғыз тайпаларының біраз топтары да көшіп-қонып жүреді. Әл-Идрисидің «Кіші карта-сында» XI ғ. екінші жартысындағы шындыққа сәйкес. Арал жоне Каспий теңіздері аралығымен шектелген «Кыпшактар даласының» (Сахра әл-кыфчак) этникалық топонимі көрсетілген.
Қыпшақтардың XI ғ. орта кезінде батысқа қарай жылжуының бастапқы кезеңі Махмүт Қашғаридің жағрафиялық картасында бейнеленген, картада қыпшақтардың мекені ретінде Еділдің ар жағы мен Каспий теңізінің арғы бетіндегі солтүстік-батыс жерлері көрсетілген, ал Еділ өзенінің өзі қыпшақ елі ішінде қалады.
Қыпшак хандары өз мсмлекетінің шекарасын кеңейте отырып, оңтүстікте Тараз қаласының маңына дейін жетеді, сөйтіп Қарахандармен шектесіп жатқан жерден Қанжек Сеңгір бекінісін салады. Қыпшақ билеушілері мен Қарахандар арасындағы табиғи шекара Балқаш көлі мен Алакөл шұңқырының көлдері болады.
1.Қазақстан тарихы көне заманнан бүгінге дейін ( очерк),

2.Қазақстан тарихы, 1 том

3. Егемен Қазақстан 2006 ж (5-6) беттер

Пән: Қазақстан тарихы
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   
Қыпшақтар орта ғасырлық Қазақстан тарихында.
XI ғ. орта кезінде қыпшақтар кәзіргі Қа-зақстанның Шыгысындағы Алтай
мен Ертістен бастап, батысындағы Едш мен Оңтүстік Оралға дейін,
Онтүстігіндегі Балқаш келінен теріскейдегі Оңтүстік-батыс Сібірдің орманды
даіа аймағына дейінгі кең территориясына тарап, емін-еркін қоныстанады.
XI ғ. екінші жартысында қыпшақтар Маңғыстау мен Үстірт жерлеріне
орныгады, олармен бірге сол арада оғыз тайпаларының біраз топтары да көшіп-
қонып жүреді. Әл-Идрисидің Кіші карта-сында XI ғ. екінші жартысындағы
шындыққа сәйкес. Арал жоне Каспий теңіздері аралығымен шектелген Кыпшактар
даласының (Сахра әл-кыфчак) этникалық топонимі көрсетілген.
Қыпшақтардың XI ғ. орта кезінде батысқа қарай жылжуының бастапқы кезеңі
Махмүт Қашғаридің жағрафиялық картасында бейнеленген, картада қыпшақтардың
мекені ретінде Еділдің ар жағы мен Каспий теңізінің арғы бетіндегі
солтүстік-батыс жерлері көрсетілген, ал Еділ өзенінің өзі қыпшақ елі ішінде
қалады.
Қыпшак хандары өз мсмлекетінің шекарасын кеңейте отырып, оңтүстікте
Тараз қаласының маңына дейін жетеді, сөйтіп Қарахандармен шектесіп жатқан
жерден Қанжек Сеңгір бекінісін салады. Қыпшақ билеушілері мен Қарахандар
арасындағы табиғи шекара Балқаш көлі мен Алакөл шұңқырының көлдері болады.
Олардың шығыс шекарасы Ертістің оң жагалауындағы алқап пен Алтай тауларының
жоталарын қамтыған. Махмұт Кашғари имектерді (қимеқтер) Ертіс аймағына,
олардың Имек даласы деп аталған ежелгі жеріне орналастырады. XII ғ. Алтай
мен Ертістін, жоғарғы бойындағы қыпшақ тайпалары наймандармен, қаңлы,
керейттермен шектесіп жатады.
Солтүстік-шығыс бетте қыпшақтар өркениет пен мәдениеттің Саян-Алтай
ошағымен байланысты болған, бұл мәдениеттін, иелері қырғыздар мен хакастар
және басқа да тайпалар еді. Қыпшақ хандығының солтүстік шекарасы қәзіргі
қазақ даласын Батыс Сібірден айырьгп тұратын орманды дала зонасы арқылы
өткен.
Солтүстік батыс жағында қыпшақтар Еділ бойы мен Орал өңірінің халқымен
этникалық-мәдени және саяси қарым-қатынас жасаған. Қыпшақ тайпаларының XI
ғ. екінші жартысы мен XIII г. бас кезінде бұлгарлармен және башкүрттармен
өзара алыс-беріс жасап, аралас-құралас тұруы қыпшақ тілі мен мәдениетінің
оларға ықпал етуі бағытында дамып отырған.
Кыпшақ тайпаларының этникалық территориясы өздерінің этникалық-саяси
бірлестігі шебінің тұрғысынан қарағанда, негізінен тұрақты болған, тек
оңтүстік-батыс шекарада XII ғ. 30-жылдарынан бастап Хорезмшахтар мемлекеті
тым белсенді саясатты жүргізуге көшеді.
Хандықтың кұрылуы. Қыпшақ ақсүйектері Шығыс Дешті қыпшақ тайпаларының
қоныстық-өрістік жерін едоуір кеңейтуге себепшіболған жоне Сырдария
бойындағы Оғыздар мемлекетімен, Орта Азиядагы Салжықтар, Хорезмшахтар және
Қарахандар әулеттерімен соғысқа және соқтығыстарға әкеліп жеткізген XI ғ.
бірінші жартысындағы буырқанған дауылды оқиғалар қыпшақтар мемлекетін
құрудың обьективті себебіне айналды.
XI ғ. орта кезінде Дешті-Қыпшақтағы ыдыраушылықтың көзі болып келген қыпшақ
пен куман тайпаларының көптеген топтары көшіп кеткеннен кейін, Қыпшақ
хандығының саяси тірегі едәуір күшейіп, нығая түседі.
XI ғ. екінші жартысынан XII ғ. бірінші ширегі біткенге дейін қыпшақ
хандарының жағдайы бірсыпыра тұрақтанып, саяси бірлігі біраз жақсарады.
Бұған қарағанда, қыпшақтың этникалық-әлеуметтік қауымдастығында өз билігін
бүкіл хандыққа жүргізе алатын жоғарғы хандар болғанға ұқсайды.
Қыпшақ хандарының өкімет билігі мұра болып әкеден балаға қалдырылып
отырған. Хандар шығатын әулеттік ру елбөрілі екен. Орда деп аталатын хан
қосынында ханның дүние-мүлкі мен армиясының ісін жүргізетін басқару
аппараты болған. Әскери-әкімшілік жағынан Қыпшақ хандығы көне түрік
дәстүрлерін сақтап, екі қанатқа бөлінген. Оң қанат қосынымен Жайық өзені
бойында, Сарайшық қаласының орнында, сол қанат - қосынымен Сығнақ қаласында
тұрған. Оң қанат екіншісінен күштірек болған. Хандықтың орталығы, тегі
Торғай даласында болғанға ұқсайды. Әскери ұйымдар мен әскери-әкімшілік
басқару жүйесіне айрықша маңыз бсрілген, өйткені олардан көшпелі тұрмыс
ерекшелігі толық көрінген және олар көшпелі өмірге мейлінше сай, мейлінше
қолайлы болған.
Билеуші ақсүйек топтың (хандар, тархан, басқақ, бек пен бай-лар) қатал
иерархиялық жүйесі айқын көрініп отырған, бүған қоса рулар мен тайпалардың
өзі де әлеуметтік маңызына қарай бөлініп жарылады екен.
Қыпшақ қоғамы әлеуметтік және жіктік жағынан да тең болмаған. Муліктік
теңсіздіктің негізі — малға жеке меншік болып табылады. Негізгі байлық
жылкының саны болган. Жазба деректер хабарына сүйенсек, қыпшақтар еліндегі
көптеген кісілердің бірнеше мыңнан жылқысы болған, ал кейбіреулерінің
жылкысының саны 10 мыңға жеткен жоне одан да көп болған дессді. Жеке
меншікті бүзған адам қатал жазаланған, кәдуілгі хүқтың (төрелік айту) нор-
масы олар айыпталуға тиіс деп есептеген. Қыпшақ отбасының мсншігіндегі
малға ру-тайпа белгілері — таңбалар басылған.
Хисапсыз көп малы бар ақсүйектер жеке меншігіне заң жолы-мен бекітіп
берілмесе де, мал жайылатын өрістің бәрін мен-шіктенген. Жайылымдарды бөліп
беруді, көші-қон мәселелерін рет-теп отыруды қыпшақ хандары мен тайпа
тектілері уысынан шығармаған.
Ал, тікелей мал бағып, бар ризықты өндіріп жүрген малшылар безбеннің екінші
басында түрған. Коғамның қатардагы мүшелерінің басым көпшілігі еркін де
ерікті болган. Бірақ өзі де, дүние-мүлкі де әзінен әлдеқайда әлуетті
туысқанының қарауына өткендіктсн де, ол сол дәулетті жақынына тәуелді
болған. Малдан айырылғаннан кейін, ол көшу-қону мүмкіндігінен де айырылатын
болған, сөйтіп отырықшылар — жатақтар қатарына қосылған. Бірақ жарлы
жатаққа қайтадан мал бітіп, қара-қүрасы көбейгесін ол көшпелі шаруашылық
аясына қайта барып, еніп отырған.
Соғыс тұтқындары есебінен толықтырылып жататын құлдар — қыпшақ қоғамының
ешбір хұқы жок, тобы болған. Олар ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қыпшақ
Қазақ атауының шығу тегі
Түркі ойшылдарының мұрасындағы ислам құндылықтары
Мәмлүктер билігі дәуіріндегі Египет (ХІ – ХV ғғ.)
Таяу және қиыр шығыс мемлекететтеріндегі тәлім-тәрбие
Қыпшақ хандығының құрылуы мәселесін қарастыру
Қыпшақтардың этникалық және әлеуметтік - саяси тарихы
Дамыған орта ғасырдағы мемлекеттер. Қазақстанның экономикалық мәдени дамуы
Ғалымдар энциколопедиясы
Әл Фараби тарихи мұралары
Пәндер