Қызметкердің мемлекеттік немесеқоғамдық міндеттерді орындау кезіндегі кепілдіктері


Жоспар
І. Кіріспе . . . 3
ІІ. Негізгі бөлім
1. Біліктілігін аттыруға және қайта даярлауға жіберілетін қызметкерлерге арналған кепілдіктер . . . 6
2. Қызметкерлердің еңбекті қорғау құқықтарының кепілдіктері . . . 14
3. Еңбек шартын жасасу кезіндегі еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау құқықтарына берілетін кепілдіктер . . . 18
4. Еңбек қызметі процесінде қызметкерлердің еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау құқықтарына берілетін кепілдіктер . . . 18
ІІІ. Қорытынды . . . 21
ІV. Пайдаланылған әдебиеттер . . . 23
Кіріспе
Кепілдік төлемдер мен қосымша ақылардың түсінігі және түрлері.
Жалақы жұмыс берушінің қызметкер алдыңдағы жалғыз ақшалай міндеттемесі емес. Қазақстан Республикасының еңбек заңдары бірқатар жағдайларда қызметкердің еңбек шығынымен байланысты емес, алайда кепілдік сипатқа ие төлемдерді төлеуді көздейді. Кепілдік төлемдер қызметкерлердің материалдық мүдделерін қорғау мақсаттарында көзделген және олардың жалақысын төмендетуге жол бермейді. Мұндай төлемдердің басты мақсаты-қызметкердің қалыпты өмір сүруіне жағдай жасау.
Кепілдік төлемдер ретінде заңда көзделген себепті жағдайларды қызметкердің өз еңбек міндеттерін іс жүзінде орындамаған уақытында төленетін төлемдер танылады. Олардың жалақыдан айырмашылығы мынада: жалақы еңбектің нәтижесінде төленсе, кепілдік төлемдереңбек және оның нәтижелері үшін төленбейді, заңдарда көзделген жағдайларда еңбекке ақы төлеуді кепілдейді. Кепілдік төлемдер мынадай жағдайдарда белгіленеді.
Қызметкердің мемлекеттік немесеқоғамдық міндеттерді орындау кезіндегі кепілдіктері
Жұмыс беруші қызметкерді оның жұмыс орнын (қызметін) сақтай отырып, мемлекеттік және қоғамдық міндеттерді орындау уақытына жұмыстан босата алады.
Мерзімді әскери қызметін өтеп қайтадан қызметкердің нақ сол әскерге шақырылган кәсіпорынға жұмысқа қабылдау кезінде басым құқығы болады.
Байқап отырғанымыздай, Қазақстан Республикасы “Еңбек туралы” заңына сәйкес жұмыс беруші қызметкерлі оның жұмыс орнын (қызметін) сақтай отырып, мемлекеттік және қоғамдық міндеттерді орындау уақытына жұмыстан босата алады. Бұл депутаттарды сайлау және олардың мәртебесі туралы заңдарға сәйкес депутаттық міндеттерді орындауына қатысты орын алуы мүмкін. Президентке үміткерлер, Парламент қатысты орын алуы мүмкін. Президентке үміткерлер, Парламент және мәслихаттардың депутаттары өздері тіркелген күннен бастап және сайлаудың қорытындысы жарияланғанға дейін жұмыстан (әскери қызметтен, әскери жиындардан) босатылады. Бұл кездегі орташа айлық жалақы мөлшеріндегі шығындар республикалық бюджеттің сайдауды жүргізуге бөлінген қаражаты есебінен өтеледі. Үміткерлердің сайлауға қатысқан уақыты олар өздері тіркелген күнге дейінгі мамандығы бойынша еңбек стажына есептеледі. Жалпы әскери міндет туралы заңда көзделген міндеттерді орындауға тартылған қызметкерлерге осы заңда көзделген кепілдіктер мен жеңілдіктер беріледі. Мерзімді әскери қызметін өтеп қайтқан қызметкердің нақ сол әскерге шақырылған кәсіпорынға жұмысқа қабылдау кезінде басым құқығы болады.
Жұмыс уақытында мемлекеттік міндеттерді орындаудың өзге де жағдайларына мыналарды жатқызуға болады: анықтама, алдын-ала тергеу органдарының, прокурордың жыне соттың шақыруы бойынша осы органдарға куә, жәбірленуші, сарапшы, маман, аудармашы, куәгер және тағы басқада ретінде келу. Бұл жағдайда қызметкердің орташа жалақысын оны жұмыс уақытында осы міндеттерге тартқан орган төлейді.
Мерзімді әскери қызметін өеп қайтқан қызметкердің нақ сол әскерге шақырылған кәсіпорынға жұмысқа қабылдау кезінде басым құқығы болады. Оған бұрынғы жұмысы немесе осы ұйымдағы басқа жұмыс ұсынылуы мүмкін.
Сайланбалы кәсіподақ органдарының мүшелері өз мүщелерінің мүдделері қорғау мақсатында қоғамдық міндеттерді орындау үшін кәсіподақтық білім алу, сьездердің, пленумдардың, төралқалардың, конверециялардың жұмысына қатысу кезінде жұмысынан босатылады. Жұмыстан босату жағдайлары және еңбекке ақы төлеу тәртібі ұжымдық шарттарда және келісімде көзделеді.
Медициналық тексеруден өту кезіндегі кепілдіктер.
Мерзімді медициналық тексеруден өту кезінде жұмыс берушінің есебінен осындай тексеруден өтуге міндетті қызметкердің жұмыс орны мен орташа жалақысы сақталады. Еңбектің қауіпсіздік жағдайын және кәсіптік фаурулардың алдын ала қамтамасыз еру мақсатында жұмыс беруші қызметкерлерге қатысты алдын ала (жұмысқа кіру кезінде) және мерзімді медициналық тексерулер ұйымдастырулары қажет.
Міндетті мерзімді медициналық тексеруді келесі санаттағы қызметкерлер өтуі тиіс.
-ауыр дене жұмысын немесе зиянды не қауіпті жағдайларда жұмыс істейтін тұлғалар;
-кәмелетке толмаған қызметкерлер.
-тамақ өнеркәсібі ұйымдарындағы қызметкерлер;
-қоғамдық тамақтану және сауда саласындағы қызметкерлер:
-емдеу-сауықтыру және бала-бақша мекемелеріндегі қызметкерлер:
-білім беру мекемелеріндегі қызметкерлер;
-көлік және т. б. ұйымдарындағы қызметкерлер.
Мерзімді медициналық тексеруден өту кезінде осындай тексеруден өтуге міндетті қызметкердің жұмыс орны (қызметі) мен орташа жалақысы сақталады.
1. Біліктілігін аттыруға және қайта даярлауға жіберілетін қызметкерлерге арналған кепілдіктер.
Жұмыс беруші қызметкерді өндірістен қол үзіп, біліктілігін арттыруға және қайта даярлауға жіберген кезде оның жұмыс орны (қызметі) мен орташа жалақысы сақталады.
Бұл жағдайда біліктілікті көтеру ретінде екінші мамандыққа үйренуді, кәсіби дайындықтан өтуді және т. б. білдіреді. Бұл жағдайда қызметкерлердің жұмыс орны (лауазымы ) мен орташа жалақысы сақталады.
Өндірістен қол үзіп, біліктілігін арттыруға жіберілген қызметкердің жұмыс орнының (қызметінің) сақталуы мынаны білдіреді: егер қызметкердің біліктілігін көтеруі аяқталған соң жұмыс беруші оған бұрынғы жұмыс орнын қамтамасыз ете алмаса, да өзара келісімнің негізінде мамандығы немесе біліктілігі қызметкер біліктілігінен төмен емес басқа жұмыс (лауазым) берілуі тиіс.
Қызметкерлерді басқа жерге оқуға жіберген жағдайда оқу орнына баратын және қайтатын жол шығыны және жолда болған уақыттағы және оқу кезіндегі тәулікақылар (егер тамақтану тегін болмаса) төленеді.
Сонымен қатар, жұмыс берушінің мүдделерін көздеген кадрлар дайындау үшін жұмыс берушінің өз қаражаты есебінен қызметкерді оқытуға немесе оқуға жіберуге құқығы бар. Бұл жағдайда жұмыс берушінің қаражаты есебінен оқыған, біліктілігін арттырған немесе қайта даярлаудан өткен қызметкер сол жұмыс берушіде тараптардың жеке еңбек шартында келіскен мерзімінде жұмыс істеуге міндетті. Қызметкердің бастамасы бойынша немесе қызметкердің кінәсі салдарынан жұмыс берушінің бастамасы бойынша жеке еңбек шарты бұзылған жағдайда жұмыс берушіде тараптардың жеке еңбек шартында келіскен мерзімінде жұмыс істеуге міндетті. Қызметкердің бастамасы бойынша немесе қызметкердің кінәсі салдарынан жұмыс берушінің бастамасы бойынша жеке еңбек шарты бұзылған жағдайда жұмыс берушіге қызметкер өзін оқытуға байланысты шығындарды жұмыс істеу мерзімінің жұмыс істелмеген мерзіміне бара-бар етіп, толығымен төлейді.
Ұжымдық шарттарды және келісімдерді жасасу кезінде келіссөздерге қатысқаны үшін кепілдіктер.
Қолданыстағы заңдарға сәйкес, ұжымдық келіссөздерге қатысушы тұлғалар бір жыл бойына үш айдан аспайтын мерзімге орташа жалақысы сақтала отырып негізгі жұмысынан босатылады. Келіссөздерге қатысумен байланысты орын алған шығындардың барлығы еңбек туралы заңдарда, ұжымдық шартта, келісімде белгіленген тәртіп бойынша өтеледі.
Ақы төленетін жыл сайынғы еңбек демалысы кезіндегі кепілдіктер.
Бұл кепілдік қызметкердің ақы төленетін жыл сайынғы еңбек демалысының барлық күндеріне таралады. Қазақстан Республикасы “Қазақстан Республикасының еңбек туралы” заңына сәйкес қызметкерлерге кемінде күнтізбелік он сегіз күн болатын ақы төленетін жыл сайынғы еңбек демалысы беріледі. Еңбек демалысы үшін кепілді төлем еңбек демалысына шығардың алдында, бірақ ол басталғанға дейін күнтізбелік үш күннен кешіктірмей жүргізіледі. Жоғарыда аталған кепілді төлемдер саны бойынша да, мөлшері бойынша да осымен шектелмейді. Ұжымдық және жеке еңбек шартында өзге де кепілді төлемдер, сонымен қатар жоғарыда аталған кепілді төлемдерді төлеудің өзге де жағдайлары көзделіп өтуі мүмкін. Алайда, барлық жағдайларда олар еңбек заңдарында және келісімдерде анықталғаннан төмен болмауы тиіс.
Кепілді төлемдер қосымша ақыларды білген жөн. Бұл жердегі айырмашылық мынада: егер төлемдер қызметтен себепті жағдайлар бойынша босану кезі үшін көзделсе, кепілді қосымша ақылар жалақыны негізсіз азайтудың алдын алу мақсаттарында белгіленеді.
Кепілді қосымша ақылардың кейбір түрлерін қарастырып өтелік.
1. 18 жасқа толмаған қызметкерлерге күнделікті жұмыстың қысқартылған ұзақтығы кезінде төленетін қосымша ақылар. 18 жасқа толмаған қызметкерлерге күнделікті жұмыстың қысқартылған ұзақтығы кезінде төленетін жалақы күнделікті жұмыстың толық ұзақтығы кезінде тиісті санат қызметкерлерінің жалақысындай мөлшерде төленеді. Кесімді жұмыстарға жіберген аталған тұлғалардың еңбегі ересек адамдар үшін белгіленген қосымша ақымен қоса төленеді.
2. Жұмыспен байланысты зақыммен немесе деңсаулыққа келтірілген өзге де жарақатқа сәйкес жалақысы төмен жұмысқа уақытша ауысқан кездегі қосымша ауысқан қызметкерлерге бұрынғы жалақысы мен жаңа жұмысындағы жалақы арасындағы айырмашылық төленеді. Мұндай айырмашылық қызметкердің еңбекке қабілеттігі қалпына келгенге дейін немесе еңбекке қабілеттігінен толығымен айырылып мүгедектік тобы тағайындалғанға дейін төленеді.
3. Заңдарда қызметкердің денсаулық жағдайы бойынша жеңіл жалақысы төмен жұмысқа ауысуы кезінде бұрынғы орташа жалақысының сақталуының немесе мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру бойынша жәрдемақылар төлеудің өзгеде жағдайлары көзделген. Бұл ретте кепілді қосымша ақы бұрынғы жалақы мен жаңа жұмыстағы жалқының арасындағы айырмашылықты құрайды.
4. Өндірістік қажеттілік немесе іркіліс жағдайларында басқа жұмысқа уақытша ауысу кезіндегі қосымша ақылар. Өндірістік қажеттілік болған дағдайда жұмыс берушінің қызметкерді оның келісімінсіз бір айға дейінгі мерзімге еңбегіне атқаратын жұмысы бойынша, бірақ бұрынғы жұмысындағы орташа айлық жалақысынан кем емес ақы төлей отырып, жеке еңбек шартында келісілмеген және оның денсаулық жағдайына зақым келтірмейтін сол жердегі, сол ұйымдағы басқа жұмысқа ауыстыруға құқығы бар. Бұл ретте кепілді қосымша ақыны бұрынғы жұмысындағы орташа айлық жалақы мен жаңа жұмысындағы жалақының арасындағы айырмашылық құрайды.
Іркіліс жағдайында жалақысы төмен ауысқан кезде еңбек нормаларын орындайтын қызметкерлердің бұрынғы жұмысындағы орташа айлық жалақысы сақталады, ал еңбек нормаларын орындамайтын немесе ақысы мерзімді төленетін жұмысқа ауысқан қызметкерлер үшін тарифтік ставка (лауазымдық жалақы) сақталады. Бұл жерде де кепілдіқосымша ақыны бұрынғы жұмысындағы орташа айлық жалақы (немесе тарифтік ставка) мен жаңа жұмысындағы жалақының арасындағы айырмашылық құрайды.
Өтемақылық төлемдер және олардың түрлері. Өтемақылық деп қызметкерге еңбек міндеттерін оындаумен немесе басқа жерге жұмысқа ауысуы себепті көшуімен байланысты шығындарды өтеу мақсаттарына ие төлемдер деп аталады.
Қызметтік іссапарлар кезіндегі өтемақылар.
Қызметтік іссапарларға жіберілетін қызметкерлерге:
1) іссапарда болған уақыты үшін тәулікақылар;
2) тағайындалған жерге барып-қайту жолы бойынша шығындары
3) тұрғын үй жай жалдау жөніндегі шығындары төленеді.
Қызметтік іссапар ретінде жұмыс берушінің өкімі бойынша қызметкердің белгілі бір мерзімге қызметтік тапсырманы орындау үшін жұмыс орынан тыс жерге жол жүруі танылады. Қызметтік іссапардың мерзімі, жолға кеткен уақытты санамағанда 40 күнмен шектелген. Қызметкерлердің монтаждық, жөндеу және құрылыс жұмыстарын жүргізу мақсаттарына арналған қызметтік іссапары 1 жылдан аспауы тиіс.
Еңбек қызметтері тұрақты жүріп - тұрумен байланысты қызметкерлердің (мысалы, локомотив машинистерінің, алыс жерге жүретін автобус жүргізушілерінің, ұшақтардың, кондукторлардың, жолсеріктердің және т. б. ) қызметтік істер бойынша (тұрғылықты жері мен жұмыс орнынан тыс) жолға жүруі қызметтік іссапар болып табылмайды. Мұндай қызметкерлердің жалақысына жолдағы шығындар үшін өтемақылар алдын ала енгізіледі.
Қызметтік іссапардың бүкіл уақытында қызметкерлердің жұмыс орны (лауазымы) жыне орташа жалақысы сақталады. Сонымен қатар, оларға мыналар төленеді:
1) іс-сапарда болған уақыт үшін тәулікақылар;
2) тағайындалған жерге барып-қайту жолы бойынша шығындары,
3) тұрғын үй-жай жалдау жөніндегі шығындары.
Тәулікақылар демалыс және мереке күндерін, кеткен және келген күнді қосқанда, қызметтік іссапардың әтбір күні үшін төленеді. Егер қызметкер бір күн ішінде өзінің тұрғылықты жеріне қайтып келу мүмкіндігіне ие болса, онда қызметтік іссапар үшін төлемақылар төленбейді.
Қызметтік іссапар орнында болған уақыт қызметтік іссапар куәлігіндегі қызметтік іссапар орнына кеткен және қызметік іссапар орнынан шыққаны жөніндегі жазбалар арқылы анықталады. Егер қызметкер әр түрлі елді мекендерге қызметтік іссапарға жіберілсе, онда елді мекенге келген және одан кеткен күні туралы жазба әрбір елді мекенде жазылады және кәсіпорынның мөрімен куәландырылады.
Қызметтік іссапарға кететін кезде қызметкерге жолға, тұрғын үйді жалдауға кететін шығындардың және тәулікақылардың мөлшеріндегі сомадағы ақшалай аванс беріледі. Қызметкер қызметтік іссапардан оралғаннан кейін үш күн ішінде жұмсалған сомалар туралы аванстық есеп беруі тиіс, бұған қызметтік іссапарлық куәлік, тұрғын үйді жалдағаны және жол шығындары туралы құжаттар тіркеледі.
Қызметтік ұйыммен бірге басқа жердегі жұмысқа ауыстыру кезіндегі шығындарды өтеудің тәртібі мен мөлшері тараптардың келісімімен белгіленеді.
Қызметкерді ұйыммен бірге басқа жердегі жұмысқа ауыстыру кезінде оған өзін және отбасын, мүлкін көшіргеніне қатысты шығындар өтеледі. Өтелетін шығындарға мыналар жатады.
-қызметкердің өзін, отбасын және мүлкін көшірудің құны:
-көшу кезіндегі уақыттың барлығы үшін тәүлікақылар:
-қызметкердің өзіне және оның отбасының әрбір көшетін мүшесіне берілетін бір жолғы жәрдемақы;
-қызметкердің көшуден бастап жұмыс басталғанға дейінгі жалақысы(тараптардың келісімі бойынша төленеді)
Егер жұмыс беруші қызметкердің көшуі үшін көлік берсе, онда жол жүру және мүлікті көшіру құны төленбейді.
Әлеуметтік жәрдемақылар. Заңдардаеңбекке уақытша жарамсыздығы бойынша, жүктілік және босану бойынша әлеуметтік жәрдемақылар, сонымен қатар бала асырап әйелдерге (еркектерге) әлеуметтік жәрдемақылар тағайындау көзделген. Қазақстан Республикасының еңбек туралы заңының 85, 86, 87 баптары.
Еңбекке уақытша жарамсыздық бойынша әлеуметтік жәрдемақылар тағайындау
Еңбекке уақытша жарамсыздық бойынша әлеуметтік жәрдемақылар жалпы ауруларға байланысты (жарақат алуға, жүктілікті жасанды жолмен бұзуға, карантинге байланысты, туберкулез немесе кәсіптік ауру себебінен уақытша басқа жұмысқа ауыстырылған кезде) еңбекке уақытша жарамсыздық жағдайларында және заңдарда белгіленген басқа да жағдайларда тағайындалады.
Байқап отырғанымыздай, еңбекке уақытша жарамсыздық бойынша әлеуметтік жәрдемақылар жалпы ауруларға қатысты да, заңдарда көзделген өзге жағдайларда да тағайындалады. Жұмыс берушіге өз қаражаты есебінен қызметкерлерге жалпы аурулармен, еңбекте мүгедек болуына және кәсіптік аурумен байланысты болса, онда жұмыс беруші әлеуметтік жәрдемақылар төлеу жүктеледі. Егер еңбекке уақытша жарамсыздық еңбектегі мүгедектікпен немесе кәсіптік аурумен байланысты болса, онда жұмыс беруші әлеуметтік жәрдемақыны еңбекке жарамсыздық орын алған бірінші күннен бастап, жұмысқа шыққнға дейін мүгедектігі анықталғанға дейін орташа жалақысының жүз проценті мөлшерінде төлейді.
Егер еңбекке уақытша жарамсыздық жұмыс кезеңінде, соның ішінде, сынақ мерзімінде туындаса, жұмыстың ұзақтығына және еңбекке уақытша жарамсыздықтың туындаған сәтіне қарамастан аталған жәрдемақы төленеді.
Карантин кезінде, егер қызметкердің жанындағы адамдардың жұқпалы аурумен ауырғанына қатысты оны санитарлық-эпидемиологиялық қызмет органдары жұмыстан босатса, әлеуметтік жәрдемақы төленеді.
Жүктілік және босану бойынша әлеуметтік жәрдемақылар мен бала асырап алған әйелдерге (еркектерге) әлеуметтік жәрдемақылар тағайындау.
Жүктілік және босану бойынша әлеуметтік жәрдемақылар, сондай-ақ тікелей перзетханадан бала алған әйелдерге әлеуметтік жәрдемақылар жүктілік пен босану бойынша бүкіл демалысқа немесе бала асырап алған күннен бастап, сәбидің туған күнінен елу алты өткенге дейінгі кезең үшін демалысқа тағайындалады.
Мұндай әлеуметтік жәрдемақыны алу құқығына босанған және балалардың тікелей перзетханадан асырап алған тұлғалар иеленеді. Бұл жәрдемақы жүктілік және босану бойынша бүкіл демалысқа немесе бала асырап алған күннен бастап, сәбидің туған күнінен 56 күн өткенге дейінгі кезең үшін демалысқа тағайындалады. Бұл жағдайда әлеуметтік жәрдемақыларды төлеу жұмыс берушінің қаражаты есебінен жүргізіледі.
Мұндай жәрдемақыны алу құқығы қызметкерге еңбек стажына қарамастан тиесілі болады.
Жұмыс беруші әлеуметтік жәрдемақыларды төлеуге қатысты өзінің міндеттерін орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін заңдарда белгіленген тәртіпке жауапкершілікке тартылады.
Ұжымдық шарттың нормативтік ережелері-бұл тараптардың өз құзыреті шегінде белгіленген, тұрақты түрде қолдануға арналған, жалпы сипаттағы құқықтың локальдық нормалары.
Ұжымдық шарттар қолданыстағы заңнаманың негізінде бекітіледі және олар қызметкерлердің құқықтарын кепілдіктерді бұзбауы тиіс. Сол себепті, ұжымдық шарттарға заңнамаға қайшы, еңбек жағдайын нашарлататын және әлеуметтік кепілдіктерді бұза отырып енгізілген ережелер жарамсыз деп танылады. Мұндай жағдайларда ұжымдық шарттың емес, қолданыстағы заңнаманың нормалары қолданылады.
2. Қызметкерлердің еңбекті қорғау құқықтарының кепілдіктері
Жұмысқа қабылдау кезіндегі еңбекті қорғау құқығының кепілдіктері.
Еңбек шартының шарттары еңбекті қорғау жөніндегі заңдар мен деңсаулық жағдайына жақпайтын жұмысқа қабылдауға тыйым салынады.
Еңбек шартында жұмыс орнының қауіпті және зиянды өндірістік факторлармен қоса сенімді сипаттамасы көрсетіліп, осындай жағдайлардағы жұмыс үшін заңдарда және ұжымдық шартта көзделген жеңілдіктер мен өтемдер көрсетілуге тиіс.
Еңбек жағдайлары зиянды және қауіпті жұмысқа қабылданған кезде кәсіпорын әкімшілігі ықтимал мерзімі туралы ескертуге міндетті.
Міндетті медициналық тексерулер.
Кәсіпорын деңсаулық сақтау органдары белгілеген тәртіпке сәйкес медициналық тексерулер өткізуді ұйымдастыруға міндетті.
Қызметкерлердің медициналық тексерулерден өтуден жалтаруға қақысы жоқ. Мерзімді медициналық тексерулерден өту кезінде қызметкерлердің жұмыс орын және орташа жалақысы сақталады.
Аса қауіпті жұмыстармен айналысатын қызметкерлер ауысым алдыңдағы медициналық куәландырудан өтуге тиіс.
Ауысым алдындағы медициналық куәландыруды талап ететін мамандықтардың тізімін және оның көлемін деңсаулық сақтау органдарымен келісім бойынша еңбекті қорғау қызметтері белгілейді.
Медициналық тексерулерден жалтарған қызметкерлер жұмысқа жіберілмейді.
Кәсіпорын қызметкерлерін өндірістегі жазатайым жағдайдан және кәсіби аурулар сақтандыру.
Кәсіпорын өз қызметкерлерін өндірістегі жазатайым жағдайдан және кәсіби аурулардан қолданылып жүрген заңдарда белгіленген жғдайларда міндетті түрде сақтандырады.
Еңбек қызметі процесіндегі еңбекті қорғау құқығының кепілдігі.
Қызметкерлердің деңсаулығына немесе өміріне қауіп төнетін жағдай туған кезде ол жұмысты дереу тоқтатып, бұл туралы әкімшілікке хабарлайды, ал әкімшілік сол жағдай расталса, жұмысты тоқтатуға және осы қауіпті жою жөніндегі шараларды қолдануға мәіндетті. Мұндай жағдайда қызметкерлердің жұмысты орындаудан бас тартқаны үшін оған ешқандай қызметкердің жұмысты орындаудан бас тартқаны үщін оған ешқандай тәртіптік құқықтық экономикалық және басқа санкциялар қолданылмайды, оған тәртіп бұзуды жөндеуге қажет болған бүкіл кезең үшін орташа жалақ төленеді.
Мұндай жғдайдың болу фактісін кәсіпорынның еңбекті қорғау қызметінің мамандары, ал жанжал туған жағдайда мемлекеттік еңбек инспекциясы растайды.
Әкімшіліктің еңбекті қорғау туралы заңды бұзғанын қадағалау және бақылау органдары жағдайда, еңбек шарты қызметкердің арызы бойынша бұзылып, оған үш айлық орташа жалақы мөлшерде жәрдемақы төленуі мүмкін.
Кәсіпорыннң жұмысы еңбек қауіпсіздігінің талаптарына сай келмегендіктен тоқтатылса, тоқтатылудың барлық кезеңінде қызметкердің орташа жалақысы сақталады.
Қызметкерден кәсіби аурудың алғашқы белгілері білінсе әкімшілік медициналық қорытынды негізінде оны қайта мамандандыру кезіңде орташа айлық жалақысын сақтай отырып, бірақ он екі айдан асырмай басқа жұмысқа ауыстыруға тиіс.
Еңбекті қорғау мәселелері жөнінде қызметкерлерді оқыту, нұсқау беру және білімін тексеру
Кәсіпорын әкімшілігі тиісті нормативтік актілермен белгіленген тәртіппен және мерзімде барлық қызметкерлердің еңбекті қорғау мәселелері жөніндегі оқуын ұйымдастыруға, нұсқан беруге және білім тексеруге, қайта аттестаттауға міндетті.
Еңбекті қорғау жөніндегі оқудан, нұсқау алу мен білім тексеруден өтпеген адамдар жұмысқа жіберілмейді.
Қызметкерлердің еңбек жағдайларының жайы және оны қорғау туралы хабардар болу құқығы.
Кәсіпорын қызметкерлері жұмыс орындарында еңбек жағдайлары мен еңбекті қорғау, оның үстіне тиісті және қорғаныс құралдары, жеңілдіктер мен өтемдер туралы ақпарат етуге құқылы ал әкімшілік оны беруге міндетті.
Жұмыс берушілер ақпарат бермегені немесе бұрмаланған ақпарат бергені үшін Қазақстан Республикасы Заңдарында бегіленген тәртіппен жауапты болады.
Кәсіпорында еңбекті қорғау жөніндегі заңдар мен басқа да нормативтік актілердің сақталуын қоғамдық бақылау
Еңбекті қорғау жөніндегі заңдар мен басқа да нормативтік актілердің сақталуын қоғамдық бақылауды еңбекті қорғау жөніндегі уәкілдік берілген адамдар арқылы еңбек ұжымдары мен кәсіподақ ұйымдары жүзеге асырады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz