Қылмыстық іс жүргізу құқығы ұғымы мен оның құқық жүйесіндегі орны



1 ҚЫЛМЫСТЫҚ ІС ЖҮРГІЗУ ҚҰҚЫҒЫ ҰҒЫМЫ МЕН ОНЫҢ ҚҰҚЫҚ ЖҮЙЕСІНДЕГІ ОРНЫ
2 ҚЫЛМЫСТЫҚ ІС ЖҮРГІЗУ ҚҰҚЫҒЫНЫҢ МАҚСАТТАРЫ
3 ҚЫЛМЫСТЫҚ ІС ЖҮРГІЗУ ҚҰҚЫҒЫНЫҢ МІНДЕТТЕРІ.
4 ҚЫЛМЫСТЫҚ ІС ЖҮРГІЗУ АКТІЛЕРІ
II ҚЫЛМЫСТЫҚ ІС ЖҮРГІЗУ ҚҰҚЫҒЫНЫҢ ӨЗГЕ ҚҰҚЫҚ САЛАЛАРЫМЕН ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ ТАРМАҚТАРЫМЕН АРАҚАТЫНАСЫ
1. Қылмыстық іс жүргізу құқығы мен азаматтық іс жүргізу құқығы
2. Қылмыстық іс жүргізу құқығы және конституциялық құқық
3. Қылмыстық іс жүргізу құқығы мен сот құрылысы
4. Қылмыстық іс жүргізу құқығы мен прокурорлық қадағалау теориясы
5. Қылмыстық іс жүргізу құқығы мен криминалистика
6. Қылмыстық іс жүргізу құқығы мен криминология
2.1 ҚЫЛМЫСТЫҚ ІС ЖУРГІЗУ ҚҰҚЫҒЫ ЖҮЙЕСІ
2.2 ҚЫЛМЫСТЫҚ ІС ЖҮРГІЗУ ҚҰҚЫҒЫ ЖӘНЕ ҚЫЛМЫСТЫҚ ІС ЖҮРГІЗУ ЗАҢЫ
2.3 ҚЫЛМЫСТЫҚ ІС ЖҮРГІЗУ ҚҰҚЫҒЫНЫҢ ЗАТЫ
Қылмыстық іс жүргізу құқығы — толып жатқан түрлі жақтарды, жай-жапсарларды қамтитын күрделі, ауқымды, сан мағыналы құбылыс. Оның мәніне әр түрлі анықтама берілуінің себебін осымен түсіндіруге болады. Дәстүрлі көзқарас — қылмыстық іс жүргізу құқығын ережелер (нормалар) заңында көрсетілген, қылмыстық процесс мақсаттарына жету мен міндеттерін шешу мақсатында қылмыстық істерді тергеу, қарау және шешу жөніндегі қызметті реттейтін әлеуметтік-шартты жүйе деп түсіну.
Кеңестік кезеңдегі құқық дамуының энциклопедиялық анықтамасы мынаған саяды: қылмыстық іс жүргізу құқығы — өз нормалары қылмыстық істерді қозғауға, алдын ала тергеуге, сотта қарауға байланысты қызметті, оның тәртібі мен мазмұнын реттейтін құқық саласы; оның төртібі мен мазмұны; бұл жағдайда пайда болатын құкық қатынастары. Ал құқық саласы — өздері реттейтін бір тектес қоғамдық қатынастар ортақтығы біріктірген құқық нормалары мен институттардың ерекшеленген тобы. Басқа салалар арасында қылмыстық іс жүргізу құқығы іргелі салаға жатады.
Құқықтық реформа кезеңіндегі энциклопедияда қылмыстық іс жүргізу құқығы — қылмыстық іс бойынша іс жүргізу тәртібін белгілейтін және алдын ала тексеру, алдын ала тергеу, прокуратура және сот органдарының қылмыстық іс қозғау, тергеу, үкімді орындаумен байланысты мәселелерді сотта қарау және сотта шешу жөніндегі қызметін реттейтін құқықтық нормалар жұйесі деп белгіленген.
Осы анықтамалардың бәрі бір-біріне қайшы келмейді. Олар әлдебір жақты жеткілікті түрде терең ашып көрсетіп, басқа жай-жапсарларды жанамалап қана өтеді. Акцент таңдау нақты құқық мектебінің айқындамасына байланысты.
Сонымен, қылмыстық іс жүргізу құқығының мәні мынадай тең мәнді элементтерден қалыптасады:
— бұл дербес құқық саласы;
— іргелі сала, яғни ұлттық құқық жүйесіндегі негізгі, басты салалардың бірі болып табылады;
— өз ішінде тұтас ғылыми теорияны (доктринаны) нормалар түріндегі нақты іс жүргізу-құқықтық нұсқамалармен ұштастырады, оларды қолдану қылмыстық сот ісін жүргізудің жалпы және арнаулы міндеттерін шешуге мүмкіндік береді.
Осы баяндалғандар тұтас, аяқталған (сыртқы және ішкі) құрылым тән қылмыстық іс жүргізу құқығының дербес нысанасы да бар екенін көрсетеді. Қылмыстық іс жүргізу құқығына бұдан бұрын келтірілген түсініктемелерді негізге ала отырып, осы сала нысанасы деп мыналарды санау қажет:

Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 29 бет
Таңдаулыға:   
1.1 ҚЫЛМЫСТЫҚ ІС ЖҮРГІЗУ ҚҰҚЫҒЫ ҰҒЫМЫ МЕН ОНЫҢ ҚҰҚЫҚ
ЖҮЙЕСІНДЕГІ ОРНЫ

Қылмыстық іс жүргізу құқығы — толып жатқан түрлі жақтарды, жай-
жапсарларды қамтитын күрделі, ауқымды, сан мағыналы құбылыс. Оның мәніне әр
түрлі анықтама берілуінің себебін осымен түсіндіруге болады. Дәстүрлі
көзқарас — қылмыстық іс жүргізу құқығын ережелер (нормалар) заңында
көрсетілген, қылмыстық процесс мақсаттарына жету мен міндеттерін шешу
мақсатында қылмыстық істерді тергеу, қарау және шешу жөніндегі қызметті
реттейтін әлеуметтік-шартты жүйе деп түсіну.
Кеңестік кезеңдегі құқық дамуының энциклопедиялық анықтамасы мынаған
саяды: қылмыстық іс жүргізу құқығы — өз нормалары қылмыстық істерді
қозғауға, алдын ала тергеуге, сотта қарауға байланысты қызметті, оның
тәртібі мен мазмұнын реттейтін құқық саласы; оның төртібі мен мазмұны; бұл
жағдайда пайда болатын құкық қатынастары. Ал құқық саласы — өздері
реттейтін бір тектес қоғамдық қатынастар ортақтығы біріктірген құқық
нормалары мен институттардың ерекшеленген тобы. Басқа салалар арасында
қылмыстық іс жүргізу құқығы іргелі салаға жатады.
Құқықтық реформа кезеңіндегі энциклопедияда қылмыстық іс жүргізу құқығы
— қылмыстық іс бойынша іс жүргізу тәртібін белгілейтін және алдын ала
тексеру, алдын ала тергеу, прокуратура және сот органдарының қылмыстық іс
қозғау, тергеу, үкімді орындаумен байланысты мәселелерді сотта қарау және
сотта шешу жөніндегі қызметін реттейтін құқықтық нормалар жұйесі деп
белгіленген.
Осы анықтамалардың бәрі бір-біріне қайшы келмейді. Олар әлдебір жақты
жеткілікті түрде терең ашып көрсетіп, басқа жай-жапсарларды жанамалап қана
өтеді. Акцент таңдау нақты құқық мектебінің айқындамасына байланысты.
Сонымен, қылмыстық іс жүргізу құқығының мәні мынадай тең мәнді
элементтерден қалыптасады:
бұл дербес құқық саласы;
іргелі сала, яғни ұлттық құқық жүйесіндегі негізгі, басты салалардың бірі
болып табылады;
өз ішінде тұтас ғылыми теорияны (доктринаны) нормалар түріндегі нақты іс
жүргізу-құқықтық нұсқамалармен ұштастырады, оларды қолдану қылмыстық сот
ісін жүргізудің жалпы және арнаулы міндеттерін шешуге мүмкіндік береді.
Осы баяндалғандар тұтас, аяқталған (сыртқы және ішкі) құрылым тән
қылмыстық іс жүргізу құқығының дербес нысанасы да бар екенін көрсетеді.
Қылмыстық іс жүргізу құқығына бұдан бұрын келтірілген түсініктемелерді
негізге ала отырып, осы сала нысанасы деп мыналарды санау қажет:
өкілетті органдардың қызметін реттейтін құкықтық нормалар жүйесі, ол
қылмыстық іс жүргізу нормалары жүйесіне негізделген;
өкілетті органдардың қылмыстық іс жүргізу нормалары жүйесіне негізделген
қызметі;
олардың субъективті құқықтары мен міндеттерін жүзеге асырудың барысында
қалыптасатын қатынастардың сипаты, мазмұны және бағыты.
Қылмыстық іс жүргізу құқығы жүйесінде құқыктық реттеу әдісі елеулі орын
алады, ол туралы осы бөлімнің егжейтегжейлі баяндалған. Өз реттеу әдісінің
болуы сала ретіндегі қылмыстық іс жүргізу құқығы дербестігінің аса маңызды.
белгілерінің бірі болып табылады.
Қылмыстық іс жүргізу құқығының өзге салалар жүйесіндегі орнын анықтау
оның өзге іргелі салалармен және ғылыми пәндермен арақатынасы айқындалғанда
ғана мүмкін болады.
Қылмыстық іс жүргізу құқығының құқық жұйесіндегі орнын анықтау үшін ең
елеулі болып табылатындары:
а) қылмыстық іс жүргізу құқығы мен қылмыстық іс жүргізу
заңының;
ә) қылмыстық жөне қылмыстық іс жүргізу құқығының;
б) қылмыстық іс жүргізу құқығы мен қылмыстық процестің
арақатынастары.
Сонымен қатар, қылмыстық іс жүргізу құқығының мәні мен орнын түсіну үшін
оның азаматтық іс жүргізу құқығымен, криминалистикамен, криминологиямен,
сот статистикасымен, прокурорлық қадағалау теориясымен, сот этикасымен, сот
медици-насымен, сот психиатриясымен арақатынасының зор маңызы бар.
Қылмыстық іс жүргізу құқығының ерекшелігі — адамның құқыққа қарсы әрекет
жасауына байланысты қалыптасатын құқық қатынастарының ерекшеліктерімен
айқындалады және кайшылық феноменінің ықпалынан байқалады.
Қылмыстық іс жүргізу құкығы — өзге құқық салаларымен міндеттер мен
принциптер ортақтығы, ішкі үйлесімділік пен ізгілікті бағыт біріктіретін
біртұтас, өзара байланысты құқық жұйесі.

1. 2 ҚЫЛМЫСТЫҚ ІС ЖҮРГІЗУ ҚҰҚЫҒЫНЫҢ МАҚСАТТАРЫ

Құқық жүйесінде оларға қол жеткізудің мақсаттары мен тәсілдері

проблемаларының теориялық-философиялық ғана емес, сонымен бірге
практикалық маңызы да бар. Қызмет түрі ретіңде қылмыстық іс жүргізудің
мақсаты қылмыстық іс жүргізу құқығы мақсаттарының бір бөлігі болып
табылады.
Бұрын қолданылып жүрген ҚІЖК-і қылмыстық іс жүргізудің
мақсатын—қылмыстық іс бойынша ақиқатты ашу, қылмыс жасаған адамдардың
кінәсін айқындап, әділ жазалануын белгілеу, кінәсіз адамды негізсіз
айыптаудан қорғау және азаматтарға тәрбиелік тұрғыдан ықпал ету ретінде
белгіледі.
Жаңадан қабылданған ҚІЖК-ін талдау көрсеткеніндей, сот ісін жүргізудің
мақсатына арналған арнайы нормалар жоқ. Мұңдай мақсат сот ісін жүргізу
процесін жүзеге асыратын негізгі функцияларды реттейтін басқа нормалардың
мәнінен туындауы
мүмкін. Атап айтқанда, қылмыстық ізге түсу функциясы "қылмыстык заңмен
тыйым салынған әрекет пен оны жасаған адамды, соңғысының қылмыс жасаудағы
кінәлілігін анықтау мақсатында, сондай-ақ мұндай адамға жаза немесе өзге де
қылмыстық-құқықтық ықпал ету шараларын қолдануды қамтамасыз ету үшін
айыптау тарабы жүзеге асыратын іс жүргізу қызметі" (ҚІЖК-нің 7-бабы, 13-
тармақ). Қорғау функциясы "қылмыс жасады деп сезік келтірілген адамдардың
құқықтары мен мүдделерін қамтамасыз ету, айыптауды жоққа шығару немесе
жеңілдету, соңдай-ақ заңсыз қылмыстық ізге түсуге ұшыраған адамдарды ақтау
мақсатында" жүзеге асырылады (ҚІЖК-нің 7-бабы, 19-тармақ). Қазақстан
Республикасы Президентінің " Қазақстан Республикасының прокуратурасы
туралы" Заң күші бар Жарлығына сәйкес заңдылықтың сақталуын кадағалайды,
сотта мемлекеттің мүддесін білдіреді, сондай-ақ заңда белгіленген
жағдайларда, тәртіп пен шекте қылмыстық кудалауды жүзеге асырады (1-бап).
Сонымен, қылмыстық сот ісін жүргізу мақсаты мыналарды қамтиды:
—қылмыстық заң тыйым салған іс-әрекетті айқындау;
осы әрекетті жасаған адамды айқындау, кінәлі адамға жазаның қолданылуын
қамтамасыз ету;
қылмыстық сот ісін жүргізуге тартылатын адамдардың құкықтары мен мүдделерін
қамтамасыз ету;
заңсыз түрде қылмыстық ізге түсуге душар болған адамдарды ақтау;
істің жиынтық себептерін белгілеу;
бұзылған құқықты қалпына келтіру;
— прокурордың сотта мемлекеттің мүдделерін білдіруі.
Мұның бәрі жиынтық түрінде сот әділдігі деп аталады. Яки қылмыстық іс
жүргізудің мақсаты — әділ соттың жүзеге асуын қамтамасыз ететін қажетті іс
жүргізу жағдайларын туғызу болып табылады. Мұндай айқындама Конституцияда
бекітілген сот билігі ұғымымен үңдес. Конституцияның 76-бабында былай деп
жазылған: "Сот билігі... азаматтар мен ұйымдардың құқықтарын бостандықтары
мен занды мүдделерін қорғауды, Республиканың Конституциясының, зандарының,
өзге де нормативтік құқықтық актілерінің, халықаралық шарттарының
орындалуын қамтамасыз етуді мақсат етіп қояды". Конституцияның осы ережесі
Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасындағы соттар
мен судьялардың мәртебесі туралы" Конституциялық заң күші бар Жарлығының 1-
бабында сөзбе-сөз қайталанады.
Қылмыстық іс жүргізу құқығының мақсаттары өзінің мазмұны жағынан
әлдеқайда бай және құрылымы жағынан күрделі. Құқықтың осы саласыңдағы
мақсаттардың мәнін түсіну үшін мақсат ретінде олардың мәні қаңдай деген
мәселені қарастыру қажет. Кылмыстық сот ісін жүргізу саласындағы құқық
мақсаттарының мәнін доктринальдық пайымдау (түсіндіру) төмендегідей
ұғымдарды:
—қылмыстық іс жүргізудің құқықтық шығармашылық және құқық қолдану
қызметі бағытының мазмұнын түсіндіруді;
қылмыстық іс жүргізуді құқықтық реттеудің орны мен әлеуметтік құндылығын
айқындауды. Бұл орайда әлеуметтік құндылық сөзі құқықтың аталған саласының
қылмыстық іс жүргізу құқықтық қатынастарды реттеуде қоғамдық сұрау
салуларды қанағаттандыра алатындай қабілеттілігін білдіреді;
қылмыстық іс жүргізу құқықтары мен оны жүзеге асырудың оңтайлы тиімділігін
қамтамасыз етуді;
қылмыстық сот ісін жүргізу мақсаттары мен оларға қол жеткізудің тәсілдері
арасында өзін ақтайтындай тепе-теңдікті туғызуды камтитындығын көрсетті.
Мақсаттарға қол жеткізу жалпы құқықтық сипаттағы, сондай-ақ арнайы
сипаттағы міндеттерді шешкен жағдайда ммкін болатындығы талас тудырмайды.
Көп жағдайда әдебиетте мақсаттар мен міндеттер бір деңгейдегі құбылыстар
ретінде қаралатыңдығына байланысты жоғарыда аталған жағдайдың маңызы үлкен.
Қателік қылмыстық іс жүргізу заңын дұрыс түсіндірмеуден туыңдайды. Мәселен,
бұрын колданылып жүргенҚІЖК-нің 3-бабы өзінің алғашқы бөлігінде қылмыстық
сот ісін жүргізуді бекіте отырып, екінші бөлігінде іс жүзінде мақсаттары
туралы сөз қозғайды, мәселен: заңдылықты нығайтуды, қылмыстың алдын алу
және жою, қоғам мүдделерін, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын
қорғау, азаматтарды заңдарды сақтау рухында тәрбиелеу туралы сөз қозғалады.

М. С. Строгович қылмыстық іс жүргізудің мақсатын — қылмыстық іс бойынша
ақиқатты ашу, қылмыс жасаған адамдардың кінәсін айқындап, әділ жазалануын
белгілеу, кінәсіз адамды,негізсіз айыптаудан қорғау және азаматтарға
тәрбиелік тұрғы-дан ықпал ету ретінде айқындайды.
П. С. Элькинд анағұрлым кең ауқымды анықтама береді: "... Қылмыстық іс
жүргізу құқығының мақсаты—осы саладағы қоғамдық қатынастарды барынша тиімді
және ұтымды түрде реттеу, оларды қылмыстық сот ісін жүргізу міндеттерін
шешуге бағыттауды қамтамасыз ету, түптеп келгенде қылмысты жою болып
табылады" деп жазды.
М. С. Строговичпен П. С. Элькинд тұжырымдаған анықтамалардың жинақтау
деңгейіңдегі айырмашылық мыналарға байланысты, біріншісі қызмет түрі
ретіңде іс жүргізудің мақсаты туралы айтады, ал екіншісі—қылмыстық іс
жүргізу кұқығының мақсаттары туралы әңгімелейді, мұның өзі айта қаларлықтай
кең ауқымды ұғым.
Қылмыстық іс жүргізу мен қылмыстық іс жүргізу кұқығының өзара қатынасына
сүйене отырып, қылмыстык іс жүргізудің мақсаты (қызмет түрі ретіңде)
жоғарыда атап өткеніміздей қылмыстық іс жүргізу құқығы мақсаттары жүйесінің
бір бөлігі ғана деп .айтуға болады.
Құқықтың мақсаттары мен міндеттерінің құрылымына Қазақстан
Республикасының Конституциясы елеулі өзгерістер енгізді. Атап айтқанда
Конституцияның 39-бабыңда былай деп жазылған " Адамның және азаматтың
құкықтары мен бостандықтары кон ституциялық құрылысты қорғау, қоғамдық
тәртіпті, адамның құқықтары мен бостандықтарын, халықтың денсаулығы мен
имандылығын сақтау мақсатына қажетті шамада ғана және тек заңмен шектелуі
мүмкін". Осы ереже қылмыстық іс жүргізу қуқығының мақсаттарын айқындау
құрылымында шешуші маңыз алуы тиіс.
Сонымен, қылмыстық іс жүргізу құқығының жалпы мақсаты, біздің
көзқарасымызша, қылмыстарды тергеу нәтижесінде қалыптасатын қоғамдық
қатынастарды реттеу, соттың қылмыстық; істі мәні бойынша қарауы және шешуі,
сондай-ақ осы қатынастардың тұлғаның құқықтары мен бостандықтарын, қоғамдық
қауіпсіздікті сақтауға, конституциялық құрылысты қорғауға бағытталуын
қамтамасыз ету болып табылады. Бұл орайда қылмыстық іс жүргізу құқығының
нақты нормалары мақсатты бейнелеудің нысаны ретінде көрінеді.
Қылмыстық іс жүргізу құқығының жалпы мақсаттарының мазмұнына
азаматтардың конституциялық құқықтары мен бостаңдықтарын қорғау; заңдылық
пен құқықтық тәртіптің сақталуын қамтамасыз ету жатады.
Жалпы мақсатқа келесі параграфта егжей-тегжейлі айтылатын міндеттерді
шешу жолымен қол жеткізіледі.
Тергеу органдары үшін арнайы мақсаттар мыналар болып табылады:
Қылмыстық іс жүргізу құқығының жалпы мақсаттарын айқындау арнайы және
жеке мақсаттарды бөліп көрсетуге мүмкіңдік береді.
Арнайы мақсаттар — қылмыстық сот ісін жүргізуді жүзеге асыруға уәкілетті
қылмыстық іс жүргізу құқықтық қатынастары субъектілері қызметінің мазмұнын
айқындайды:
—қылмыстың жасалуының жай-кұйін айқындау және дәлелдеу;
— жасаған іс-әрекеті үшін нақты адамға кінә тағу.
Прокуратура органдары үшін арнайы мақсаттар ретінде мыналарды тану керек:
бұрын тағылған айыптауды прокурор қолдаған жағдайда айыптауды соттың
алдыңда негіздеу;
тергеу қателігін тапқан жағдайда қылмыстық ізге түсуді тоқтатуды негіздеу;
қылмыстық іс жүргізуге қатысушылардың бәрінің де заңдылықты сақтауын
қамтамасыз ету.
Сот оргаңдары үшін іс бойынша объективті шындыққа және әділ сотты жүзеге
асыруға қол жеткізу арнайы және бірден бір мақсат болып табылады.
Жеке мақсаттар қылмыстық сот ісін жүргізудің әрбір нақты іс жүргізу іс-
әрекетіне тән болып келеді. Мәселен, кылмыстық іс қозғау сатысындағы
мақсат, жасалған немесе дайындалып жатқан қылмыс туралы арызға, хабарға не
қылмыстық сот ісін жүргізуді жүзеге асыруға уәкілетті тікелей айналысатын
органдардың қылмыс белгілерін табу фактісіне үн қатуы. Куәгерден жауап
алуды жүргізудің мақсаты — іс бойынша айғақ боларлық ақпарат алу және т.т.
Қылмыстық іс жүргізу құқығы мақсаттарының жалпы бағыты—құқықтың осы
саласының құрамдас бөліктерінің ішкі тұтастығына байланысты болады. Арнайы
және жеке мақсаттар ортақ, мақсатпен өзара тығыз байланыста болады, сөйтіп,
соңғысын ың мазмұнымен жене бағытымен айқыңдалады. Мақсаттардың. иерархиясы
оларға қол жеткізу тәсілдерінің иерархиясымен айқындалады.

1. 3 ҚЫЛМЫСТЫҚ ІС ЖҮРГІЗУ ҚҰҚЫҒЫНЫҢ МІНДЕТТЕРІ.

Негізгі категориялардың иерархиясында міндеттер мақсаттардан кейінгі
екінші орында тұр. Міндеттер іс жүргізу құқығы құрылымының және жүйесінің
элементтері мақсаттарының туындылары болып табылады. Сот ісін жүргізудің
мақсаттары мен міндеттері арасындағы тығыз мағыналы өзара байланысы осымен
түсіндіріледі. Міндеттерді шешу сот әділдігі сияқты мақсаттарға қол
жеткізудің негізіне алынады. Басқаша айтсақ, міндеттер дегеніміз —
мақсаттарға қол жеткізудің жолдары екен.
Қылмыстық іс жүргізу құқығында міндеттер үш деңгейге бөлінеді (ҚІЖК-нің
8-бабы).
Бірінші деңгей мынадай міндеттерді қамтиды:
қылмысты тез және толық ашу;
қылмыс жасаған адамдарды әшкерелеу жөне қылмыстық жауапкершілікке тарту;
әділ сот талқылауы және заңды дұрыс қолдану.
Осы деңгейдегі міңдеттерді шешу қылмыстық ізге түсу функцияларын жүзеге
асыруға бағытталған және қылмыстық мінез-құлыққа ықпал ету жөніндегі іс
жүргізу өдістері мен тәсілдерінің бәрін де қолданудан көрінетін әділ сот
мәнінің бір ғана аспектісін білдіреді.
Екінші деңгейдегі міндеттерге мыналар жатады:
негізсіз айыптау мен соттаудан қорғауды қамтамасыз ету;
адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарын заңсыз шектеуден қорғауды
қамтамасыз ету;
заңсыз айыптау немесе кінәсізді соттау жағдайында кідірісіз және толық
ақтауды қамтамасыз ету.
Айтылғандардың игілікті бағыты көзге айқын түседі, олар кінәсіздерді
қылмыстық ізге түсуден қорғаудан көрінетін әділ соттың екінші қырын
білдіреді.
Міңдеттердің үшінші деңгейі зандылық пен құқық тәртібін нығайтуға,
қылмыстың алдын алуға, құқыққа деген құрметтеушілікті қалыптастыруға жәрдем
көрсету мәселелерін шешеді. Бұл деңгейдің жалпы сипаты бар. Алғашқы екі
деңгейдегі міндеттерді шешу бір мезгілде үшінші деңгейдегі міндеттерді
шешуді де білдіреді. Егер бірінші және екінші деңгейдегі міндеттердің ең
болмаса бірі шешілмесе үшінші деңгейдегі міндеттердің бірде бірін шешілді
деп санауға болмайды.
Қылмыстық іс жүргізу құқығының міндеттерін шешудің қолданылуы қылмыстық
іс жүргізу заңында көзделген әдістер мен тәсілдерге негізделеді. Өзгеше
әдістер мен тәсілдерге жол берілмейді. Керісінше жағдайда зандылық пен
құқык тәртібінің бұзылғандығын сеніммен айтуға болады. Соңғысы қылмыстық
сот ісін жүргізу мақсатына қол жеткізілмеді және әділ сот жүзеге аспады
дегенді білдіреді.
Қылмысты тез және толық ашу.
Тез деген сөз жасалған қылмыс пен оны уәкілетті органдардың білуі
арасыңдағы уақыт айырмашылығы мейлінше қысқа болуға тиісті екендігін
білдіреді. Анықтау және тергеу органдары қылмыстың жағдайларын тергеуді
неғұрлым ерте қолға алса,
қылмыс жасаған адамның кінәсі мен қылмыстық жауапкершілігі деңгейін
кейінгі сот бағалауының әділеттілігі мен зандылығының ықтималдылығы
соғұрлым жоғары болады. Жасалған қылмыс үшін әділетті түрде жазалау
неғұрлым ертерек орын алса, соғұрлым әділ сот тиімділігі де жоғары болады.
Толық ашу деген сөз барлық кінәлі адамдар және барлық қылмыс анықталуға
тиіс дегенді білдіреді. Мұның маңыздылығы мынада: бір адамның бірнеше
қылмыс жасауы немесе бірнеше адамның бір қылмыс жасауы мүмкін. Осы аталған
жағдайлардың әрқайсысына қатысты кінәлі адамдардың іс-әрекетін бағалау
қылмыстық-құкықтың бағалау түрліше болуы мүмкін, мұның өзі жазалаудың түрлі
түрлерін қолдануға әкеліп соғады. Қылмысты ашуды қылмыстық ізге түсу
органдарының: прокурордың (мемлекеттік айыптаушы), тергеушінің, анықтау
органының, анықтаушының іс жүргізу қызметімен байланыстыру қажет (ҚІЖК-нің
7-бабы, 14-тармақ). Қылмыс жасауды ашу, яки фактіні білу қылмыстық ізге
түсу органдары қызметінің шегінен
тысқары тұратындай орын алмауға тиіс. Қылмыстан жапа шегуші не оның куәгері
қылмыстың жасалғандығы туралы ақпаратты бұл туралы қылмыстық ізге түсу
органына белгілі болғанға
дейін хабардар болды деген жағдайдың қылмыстарды тез және толық ашудың
қылмыстық іс жүргізу міндетіне қатысы жоқ. Егер қылмыстық жазалануға
жататын, яки қылмыс
ретіндегі іс-әрекетті бағалау осы фактіні белгіленген заң тәртібімен тіркеу
арқылы қылмыстық ізге түсу органы қолға алса қылмыс ашылды деп саналады.
Қылмыс жасаған адамдарды әшкерелеу және қылмыстық жауапкершілікке тарту.
Әшекерелеуді нақты адамның қылмыс жасау фактісін белгіленген іс жүргізу
тәртібімен дәлелденуі деп түсінген жөн. Әшкерелеу үшін қылмыстық істі
дәлелдемелік негізбен қамтамасыз ету қажет, дәлелдемелік негіз істе
дәлелдердің пайда болуы, олардың нақ осы қылмысқа қатысы, жекелеген
дәлелдердің өзара қисыңды байланысы болсын, қай жағынан да, зандының
көзқарасы тұрғысынан талас тудырмауға тиіс. Әшкерелеу, сондай-ақ адам
жасаған дәлелденген іс-әрекетті қылмысты деп тануға және ол адам қылмыстық
жазалануға тиіс екендігін білдіреді. Қылмыстың жасалу фактісі мен оны
жасаған адамның арасындағы дау тудырмайтын өзара байланысты айқындау кінәлі
адамға заңда көзделген барлық шараларды қолдануға негіз болып табылады
(ҚІЖК-нің 36-бабы, 1-бөлігі). Әрине, мұндай шараларды қылмыстық ізге түсу
органы ғана қабылдай алады.
Әділетті сот талқылауы және заңды дұрыс қолдану. Әділеттілік сот
талқылауын заң рәсімдері белгілегеніндей сақтаумен қамтамасыз етіледі.
Әділеттілік дегеніміз — зерттелген істің жай-күйін бағалаған кезде соттың
әділдігін, объективтілігін білдіреді. Егер осы келтірілген шарттар
сақталса, онда заңды дұрыс қолдануға барлық негіздер болады. Осы
айтылғандарға байланысты И. Ф. Казьмин мен В. М. Сырыхтың пікірі ден
қойдырады. Олар былай деп жазды: "Құкық қолдану актілерінен әділеттілікті
талап ету — қадағалау мен мемлекет мүдделері тұрғысынан істің дұрыс
шешілгеңдігін пайымдауы, құқық қолданушы адамдардың, сондай-ақ олардың
айналасындағылардың шешім қабылдау имандылық принциптерімен, жалпы
адамзаттың құндылықтарымен үндес келеді, жекелеген азаматтардың, олардың
ұжымдарының, кәсіпорындардың, мекемелердің мұқтаждықтары мен мүдделеріне
жауап береді деген сенімді білдіреді. Құқық қолдану актісінің әділеттілігі
қабылданған шешімнің қоғамдық пікірге сәйкес келуін, оның мазмұны
адамдардың және тұтас алғанда қоғамның моральдық сенімдерімен үндесуін
көздейді".
Іс жүргізу құқығының нормалары Қазақстан Республикасы Конституциясы
кепілдік беретін адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарының
сақталуын қамтамасыз ететіндігі жолымен құрылған. Белгіленген ережелерден
ауа жайылып кету, оларды сақтамау осы құқыктар мен бостандықтарға қысым
жасауға, яки сот талқылауының әділетсіздігіне әкеліп соғады. Соңғысы
әділетсіз, заңсыз шешімді туғызады. Қылмыстық іс жүргізу құқығына қатысты
әділеттілік ұғымы заң-дылық ұғымымен үндес келеді.
Негізсіз кінәлау мен айыптаудан қорғауды қамтамасыз ету.
Бұл міндет іс бойынша бүкіл қылмыстық іс жүргізудің өн бойында, істі
қозғаудан бастап сот үкім шығарғанға дейін шешіледі. Нақты адамға қатысты
қылмыстық іс қозғау және одан әрі осы іс бойынша іс жүргізу фактісінің өзі
бұл адам қылмыстық тәртіппен қудаланатындығын және уәкілетті органдар мен
тұлғалар осы адам кінәлі деп танылып, жазалануы үшін заңның барлық күшін
қолдануға құқылы екендігін білдіреді. Қателікті болдырмау үшін, сондай-ақ
қылмыстық іс жүргізуге тартынған адамның конститупиялық құқықтары мен
бостандықтарын жүзеге асыруына жағдай туғызу үшін негізсіз кінәлау мен
айыптаудан қорғану құқығын жүзеге асыруда әлгі адамға мүмкіндіктер
беріледі. Қорғану құқығын жүзеге асыру үшін кінәлауға немесе айыптауға іс
жүзінде негіздердің болу немесе болмауының маңызы болмайды, яки шынында да
қылмыс жасаған адам да қорғану құқығымен қамтамасыз етіледі. Мұндай
жағдайда қорғаудың міндеті осы адам жасамаған қылмысты жасады деп
айыптаудан қорғану немесе шынында да орын алған көлемнен асып түсетін
көлемде қылмыс жасады деп айыптаудан қорғау болып табылады.
Адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын заңсыз шектеуден
қорғауды қамтамасыз ету. Қылмыстық іс жүргізуге тартынған адамның және
азаматтың құқықтары мен бостандықтарын шектеу заңда тікелей көзделген
шектеулерден асып түспеуге немесе занда жоқ шектеулер нысанында көрініс
таппауға тиіс. Шектеудін түрлері ҚІЖК-нде толық берілген және қандайда бір
өзгешешектеулер сот ісін жүргізу барысында қолданыла алмайды. Шектеу түрін
таңдау өз бетінше жүргізілмейді, ол кінәлі адамның тәртібіне, жасаған іс-
әрекетінің ауырлығына сәйкес болуға тиіс, ол сот ісін жүргізу міндетінің
нақты кезеңіне жауап беруі тиіс. Құқықтар мен бостандықтарды заңсыз
шектеуден корғау іс жүргізу нұсқамаларының бүкіл жүйесімен де, сондай-ақ
қорғау институтының арнайы әдістерімен және жолдарымен қамтамасыз етіледі.
Кінәсізді заңсыз кінәлау немесе айыптау жағдайында оны дереу және толық
ақтауды қамтамасыз ету. Заңсыз кінәлау мен айыптауды белгілеу адамның
құқығы дөрекі түрде бұзылғандығын білдіреді. Қылмыстық іс жүргізу
тәсілдерімен бұзылған құқықты қалпына келтіру сот ісін жүргізу міндетіне
жатады. Ақтау адамның заңсыз кінә тағу немесе айыптау сәтіне дейін оған
тиесілі мәртебесін толық қалпына келтіруді, ізгі атын өзіне қайтаруды
көздейді. Дереу, кідіріссіз сөзі—әділеттілікті калпына келтіру үшін бұл
әділетсіздікке қашан жол берілгендігінің маңызы жоқ екендігін, бірақ
әділетсіздікке жол берілу фактісі қашан айқындалғанының маңызды екеңдігін
білдіреді. Занда заңсыз кінә тағу немесе айыптау түріндегі құқық
бұзушылықты қалпына келтірудің, сондай-ақ қылмыстық істі қараған органның
заңсыз іс-әрекеті нәтижесінде оған келтірілген зиянның орнын толтыруға
бағытталған заңды шараларды кідіріссіз кабылдаудың арнайы процедуралық
тетігі көзделген (ҚІЖК-нің39-бабы).
Кінәсізді заңсыз кінәлау немесе айыптау кылмыстық ізге түсу немесе сот
органдары тарапынан ғана болуы мүмкін екендігін назарда ұстау қажет. Ақтау
қылмыстық жауапкершілікке заңсыз түрде тартылған адамға қатысты қылмыстық
ізге түсу орга-нының тоқтатуы арқылы немесе кінәсіз сотталғанға қатысты сот
тәртібімен жүзеге асырылады.

1.4 ҚЫЛМЫСТЫҚ ІС ЖҮРГІЗУ АКТІЛЕРІ

Қылмыстық іс жүргізу қызметі өз бейнесін құқық қолдану актілерінен
тапқан. Өкілетті адамдар қызметінің біржақты сипаты сол актілерге өктем
сипат береді. Мұның өзі өкілетті адам қылмыстық процестегі өз функцияларын
орындай отырып, қандай да болсын актілерді құқық нұсқамаларына сәйкес және
нақты қалылтасатын іс жүргізу жағдайын негізге ала отырып қабылдайтынын, ал
акт нұсқамаларын орылдау міндетті екенін білдіреді. Қылмыстық іс жүргізу
актісінің мазмұны мен бағытын оның түрі анықтайды. Мәселен, адамды
қылмыстық жауаптылыққа тарту актісіне қаулы нысаны берілсе, соттың
айыпталушыға жаза белгілеу актісі сот үкімі түрінде іске асырылады. Белгілі
бір бөлігінде қылмыстық іс жүргізу шешімдеріне сәйкес келетін қылмыстық іс
жүргізу актілерінің тізбесіңде шешімдерден гөрі элементтер көбірек. ҚІЖК 7-
бабының "Іс жүргізу шешімдері" деген 32-тармағына сәйкес — өз құзыреттері
шегінде қылмыстық процесті жүргізуші органдар шығаратын және осы Кодексте
айқылдалған нысанда көрініс табатын қылмыстық іс жүргізу кұқығын қолдану
актілері — үкімдер, қаулылар, қорытындылар, ұсыныстар, санкциялар.
Қылмыстық іс жүргізу актілері нысанының негізгі ерекшеліктері мылалар:
құзырлы адамның қабылдауы;
бір бағыттылығы;
нұсқама өктемдігі;
акті қабылдау тәртібін заңмен регламенттеу;
жазбаша баяндау;
міндетті деректемелердің болуы;
актілер түрлерін акті қабылдайтын құзырлы адамның процестегі құқықтық
жағдайына қарай саралау;
актілер түрлерін қылмыстық сот ісін жүргізу кезендерінің мақсаттары мен
міндеттеріне қарай саралау;
қылмыстық іс жүргізу актісінің нұсқамалары орылдалмаған немесе бұзылған
жағдайда пайда болатын зардаптардың түрлерін заңда кездеу.
Қылмыстық іс жүргізу актілерінің түрлері қылмыстық сот ісін жүргізу
ісінің мақсаттары мен міндеттеріне байланысты былайша топталады:
алдын ала тергеу мен анықтау актілері;
сот актілері;
прокурорлық қадағалау актілері.
Мәселен, нұсқама тек прокурорлық қадағалау актілеріне, үкім — сот
органдарының актілеріне, қылмыс жасауға, заңның басқадай бұзылуына себеп
болған мән-жайларды жою жөніндегі ұсылыс — алдын ала тергеу органдарының
актілеріне қатысты.
Мұнымен қатар барлық әкілетті адамдар, яки сондай адамдар тобы қабылдауы
мүмкін актілер бар. Мысалы, іс-әрекетте қылмыс құрамы жоқ болғандықтан іс
жүргізілуін тоқтату туралы қаулыны қылмыстық ізге түсуді болдырмайтын мән-
жайлар анықталысымен анықтау органы, прокурор, сот іс жүргізудің кез келген
кезеңіңде қабылдай алады.
Алдын ала тергеу мен анықтау актілеріне қаулылар, хаттамалар, ұсыныстар,
айыптау қорытындылары жатады.
Сот ісін жүргізу актілеріне сот мәжілістерінің қаулылары, хаттамалары,
санкциялары, наразылықтары жатады.
Қылмыстық іс жүргізу қызметіне прокурорлық қадағалау актілеріне қарсылық
білдіру, қаулылар, нұсқаулар, санкциялар, ұсыныстар жатады.
Қаулы—соттың үкімнен басқа әр түрлі шешімдері; анықтаушының,
тергеушінің, прокурордың қылмыстық іс бойынша сотқа дейінгі іс жүргізу
барысында қабылданған шешімдері (ҚІЖК 7-бабының 33-тармағы).
Қылмыстық ізге түсу органдары (прокурор, тергеуші, анықтау органы,
анықтаушы) мынадай қаулылар қабылдайды: қылмыстық іс қозғау туралы;
қылмыстық іс қозғаудан бас тарту туралы; тергеуге алынғаны жөнінде өтініш,
хабар беру туралы; жеке айыптау істері жөнінде—соттылық жөнінде өтініш,
хабар беру туралы; іс жүргізуді тоқтату туралы; тоқтатылған қылмыстық істі
қайта жалғастыру туралы; іс жүргізу туралы; адамды айыпталушы ретінде тарту
туралы; алдын ала тергеуді тоқтата тұру туралы; тоқтатыла тұрған алдын ала
тергеуді қайта жалғастыру туралы; іс жүргізушілік мәжбүрлеу шараларын
таңдау мен қолдану туралы; іс жүргізушілік тоқтату шараларын тандау мен
қолдану туралы; адамның құқық субъектілігін тану туралы (мысалы, қараңыз:
403, 431, 433, 457, 467 және басқа баптар). Сот қаулыларының бір түрі —
жеке қаулы (59-бап). Хаттама — қылмыстық процесті жүргізуші оған жасаған іс
жүргізу әрекеті көрсетілетін іс жүргізу құжаты (ҚІЖК 7-бабының ЗІ-тармағы).
Сотқа дейінгі қызмет барысында қылмыстық ізге түсу органы жүзеге
асыратын әрбір іс жүргізу әрекеті хатталады. Әрекетке қатысушылар,
әрекеттер жасау тәртібі, алылған нәтижелер туралы ақпараттың уақыт мен
кеңістікте сақталуы хаттаманың көмегімен қамтамасыз етіледі. Хаттама жасау
ҚІЖК 122-бабымен реттеледі.
Іс жүргізу әрекеттері хаттамаларының бір түрі — тергеу әрекеттерінің
хаттамалары. Сонымен бірге хаттамада бәрі бірдей емес, тек Кодексте
көзделген әрекеттер ғана тіркеледі. Мұның өзі сот ісін жүргізу барысында
жасалатын әрекеттердің бәрі бәрдей іс жүргізу емес екенін білдіреді.
Бірқатар әрекеттер ұйымдық сипатта болғандықтан хаттауды қажет епейді.
Сот сатыларында істі алдын ала тыңдаудың, басты сот талқылауының барысы,
апелляциялық, кассациялық және қадағалау сатыларында іс жүргізудің барысы
хатталады (мысалы, 301, 328,409 және басқа баптарды қараңыз).
Санкция — прокурордың, соттың сотқа дейінгі іс жүргізу барысында
қылмыстық ізге түсу органы қабылдаған іс жүргізу шешімін бекіту актісі
(ҚІЖК 7-бабының 36-тармағы). "Санкция" сөзінің (лат. sanctio) төркіні — аса
қатаң қаулы, оған құқыктық күш, мақұлдау, рұқсат беретін әлдебір актіні
жоғары орынның бекітуі.
Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасының
прокуратурасы туралы" Заң күші бар Жарлығының 21-бабыла сәйкес прокурор
жазбаша түрде қылмыс жасады деп сезік келтірілген немесе айып тағылған
адамды қамауға алуға; қылмыстық іс жүргізу заңдарында көзделген жағдайларда
тінтуге; айыптағылған адамды қызметтен шеттетуге, сезік келтірілген немесе
айыптағылған адамды сараптама жүргізу үшін медициналық мекемеге
орналастыруға; Конституциямен және заңмен қорғалатын хат жазысу, телефонмен
сөйлесу, телеграф хабарлары мен почға жөнелтімдері құпиясына, сондай-ақ
тұрғыл үйге қол сұғылмау құқығына қатысты жедел-іздестіру шаралары мен
тергеу әрекетін жүргізуге; шетел азаматтарын әкімшілік тәртіппен аластау
үшін ұстауға; тікелей заңмен көзделген өзге жағдайларда санкция (келісім)
береді.
Санкция тергеуші қаулысына қойылған бұрыштама түрінде ресімделеді.
Конституцияның 16-бабылда сот санкциясы қамауға алу мен құзетте ұстау
туралы қаулыға кезделген. Сонымен бірге ҚІЖК-те сот өкілеттіктерінде мұндай
санкция жоқ. Бірқатар баптарда, прокурор санкциясымен қатар, әдеттегі
ретпен прокурор санкция беретін іс-әрекеттер бойынша соттың өз бетінше
шешім қабылдау құқығы атап керсетілген, мысалы: кепіл прокурордың
санкциясымен не соттың шешімі бойылша ғана қабылданады (148-баптың 2-
бөлігі); қамауға алу бұлтартпау шарасы ретінде прокурордың санкциясымен не
соттың шешімі бойынша ғана қолданылады (150-баптың 1-белігі); мүлікке тыйым
салу (161-баптың 1-бөлігі); сараптамалық зерттеу үшін үлгілерді мәжбүрлеп
алу (263-баптың 3-бөлігі).
Санкцияны шешімнен ажырата білу қажет, санкция шешімге беріледі.
Прокурор санкциясын қажет ететін шешімді сот қабылдай алады және ол
әлдебіреудің санкциясынсыз орылдалуға тиіс. Санкция берілуге тиісті шешімді
процесте қылмыстық ізге түсу функциясын жүзеге асырушы прокурор қабылдаса
да сондай жағдай орын алады.

II ҚЫЛМЫСТЫҚ ІС ЖҮРГІЗУ ҚҰҚЫҒЫНЫҢ ӨЗГЕ
ҚҰҚЫҚ САЛАЛАРЫМЕН ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ ТАРМАҚТАРЫМЕН
АРАҚАТЫНАСЫ

Қылмыстық іс жүргізу құқығының құқық жүйесіңдегі орнын дұрыс тусіну үшін
бұрын қаралған негізгі арақатынастармен қатар қылмыстық іс жүргізу
құқығының өзге құқық салаларымен және ғылым тармақтарымен өзара
байланыстарының және өзара тәуелділіктерінің сипатын анықтап алу қажет.
Осы тұрғыдан алғанда ең кеп теориялық-құқықтық ынта туғызатыны —
қылмыстық іс жүргізу құқығы мен азаматтық іс жүргізу құқығының арақатынасы.

1. Қылмыстық іс жүргізу құқығы мен азаматтық іс жүргізу құқығы
Егер құқық салаларының С. С. Алексеев ұсынған топтамасын ұстанатын
болсақ, құқықтың іс жүргізу салалары біртұтас топ құрайды да, оған
қылмыстық іс жүргізу құқығы мен азаматтық іс жүргізу құқығы кіреді
(әкімшілік процеске келсек, бұл қызмет, нақты орны бар болса да, дербес
Кодекске айналдырылмаған).
Іс жүргізу салалары, материалдық құқықтың өмір нормасы бола отырып,
функциялық бағытымен, нақты алғанда: материалдық құқық нормаларын
қолданудың нәтижесінде қалыптасатын қоғамдық қатынастардың реттелуімен
біріктірілген. Ал қоғамдық қатынастарды процедуралық жолмен реттеу — сот
төрелігін іске асыру түрі.
Қазақстан Республикасының Конституциясы Конституция мен заңдарда баянды
етілген барлық құкықтар мен бостандықтардың сотта қорғалуына кепілдік
береді, сондай-ақ сотта іс жүргізудің дербес түрін белгілейді (13, 75-
баптар). "Сотта іс
жүргізу түрі" деген сөз тіркесінің өзі салалық (азаматтық немесе
қылмыстық) қатыстылыққа қарамастан құқық нұсқауларының процедуралық сипатта
болатынын көрсетеді.
Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасындағы соттар
және судьялардың мәртебесі туралы" 1995 жылғы 20 желтоқсандағы
Конституциялық заң күші бар Жарлығының 1-бабында (4-тармақ) аталған
конституциялық ереже сөзбе-сөз келтірілген: "Сот билігі сот ісін жүргізудің
азамат-тық, қылмыстық және заңмен белгіленген өзге де нысандары арқылы
жүзеге асырылады". Содан соң, 40-бапта (1-бап, 1-тармақ) судьяның
тәуелсіздігі "заңда көзделген сот төрелігін жүзеге асыру рәсімімен"
қамтамасыз етілетіні атап көрсетілген.
Құқықтың дербес салалары болып табылатын олардың екеуінде де сот
төрелігін іске асырудың әдістері мен тәсілдері туралы нұсқаулар бар. Іс
жүргізу құқығының энциклопедиялық анықтамасыңда сот процесінің екі негізгі
нысаны бар, ал сот процесі — кең мағынада алғанда қылмыстық және азаматтық
істерді (сот төрелігін іске асыруға уәкілетті органдар — анықтау, тергеу
органдары, прокуратура, сот қызметінің барлық кезеңдері мен сатыларын қоса)
жүргізу тәртібі.
Қылмыстық және азаматтық процестің бұл тұтастығы сот төрелігі мен сот
негіздерінің бірлігінен байқалады, оны М. С. Строгович атап көрсеткен
болатын: "Сот... заңды бұзушыларды заңға бағынуға мәжбүрлейді — азаматтық
процесте қылмыстық процестегіден кем емес дәрежеде. Азаматтық процесте,
қылмыстық процестегідей, сот ақиқатты іздеп, анықтайды, екі процесте де
оған қатысушыларға өз мүдделерін қорғау үшін іс жүргізу құқықтары беріліп,
сол құқықтар іс жүргізу кепілдіктерімен қорғалады".
Қылмыстық және азаматтық процесс негізіне сотта іс жүргізудің бір
принциптері алынған. Ол принциптер тұрақты, процестің екі түрі үшін олардың
маңызының бірдей екені конституциялық деңгейде жария етілген:
"Конституциямен белгіленген сот төрелігінің принциптері Республиканың
барлық соттары мен судьяларына ортақ және бірыңғай болып табылады" (77-
бап).
Қылмыстық және азаматтық процестің функциялық бағытының бірлігі, сотта
іс жүргізудің конституциялык принциптерінің ортақтығы, сот төрелігі
міндеттерінің үйлесуі олардың толық қосылуын білдірмейді. Негізгі
айырмашылық—реттелетін қатынастардың тұр-сипатыңда (позитивті және
жазалаушы). Қылмыстық іс жүргізу құқығының, сондай-ақ азаматтық іс жүргізу
құқығының процедуралық жағына ерекшелік беретін міне, осы. С. С. Алексеев
қылмыстық іс жүргізу құқығы мен азаматтық іс жүргізу құқығы, әлбетте, жеке,
дербес құқық салалары екенін, оларда тиісті санкциялардың қолданылуын
қамтамасыз ететін ерекше мазмұн бар екенін атап көрсетеді. Сонымен,
қылмыстық және азаматтық (материалдық) құқық айырма-шылығы қандай болса,
қылмыстық іс жүргізу құқығы мен азаматтық іс жүргізу кұқығының айырмашылығы
да сондай.
Қылмыстық жөне азаматтық құқық арасындағы шеп неғұрлым айқын болса, бұл
айырмашылықтар арнаулы бөлігінде солғұрлым күштірек болады.
2. Қылмыстық іс жүргізу құқығы және конституциялық құқық
Кылмыстық іс жүргізу құқығы мен конституциялык құқықтың біртұтастығын
көрсететін негізгі белгілердің бірі — қылмыстық сот ісін жүргізу
принциптерінің Қазақстан Конституциясында (77-бап) және конституциялық
заңдарда орнық-тырылуы.
Адамның және азаматтың ар-намысы мен қадір-қасиетіне қол
сұғылмайтындығы; заң негізінде және заңға сәйкес болмаса, қылмыстық
қудалауға тыйым салу; азаптауға, зорлық-зомбылық жасауға, қатыгездік немесе
қадір-қасиетті қорлайтындай жәбір көрсетуге не жазалауға тыйым салу;
айыпталушының кінәлі екені жөніндегі кез келген күмәнді оның пайдасына
жарату; дәлелдерді тек заңды жолмен алу; судьялардың тәуелсіздігі және
олардың тек заңға бағынуы және басқалары басты ережелер бола отырып, қарым-
қатынас субъектілері қызметінің негізгі ережелері мен бағыттарын
белгілейді. Конституция мен конституциялық заңдар мемлекеттің бүкіл құқық
құрылымы өздеріне негізделген принциптер жүйесін белгілей отырып, сонымен
бірге қылмыстық сот ісін жүргізу принциптерінің сақталуына кепілдік береді,
оның өзі осы екі саланы біртұтас құқық негізінде жақындастырып қана қоймай,
сонымен қатар жалпы зандардың, атап айтқанда конституциялық құқықтың
артықшылықтары мен кемшіліктері барынша айқын байқалатын құқық қатынастары-
ның ерекше саласы ретінде құқықтық сот ісін жүргізудің мәнділігін
арттырады.
Қаралып отырған құқық салаларының ортақтығын дәлелдейтін келесі белгі —
Конституция мен конституциялық заңдарда арнайы процедуралық сипаттағы
ережелердің берілуі. Мәселен, Конституцияның 52-бабының 4-тармағында былай
делінген: "Парламент депутатын оның өкілеттік мерзімі ішінде тұтқынға
алуға, күштеп әкелуге, сот тәртібімен белгіленетін әкімшілік жазалау
шараларын қолдануға, қылмыс үстінде ұсталған немесе ауыр қылмыс жасаған
реттерді қоспағанда, тиісті палатаның келісімінсіз қылмыстық жауапқа
тартуға болмайды".
Адамның білікті заң көмегін алуға және қорғалуына құқығы (Конституцияның
13-бабы) конституциялық деңгейде танылған. Алайда, Конституция бұл құқықты
баяңды етіп қана қоймайды, сонымен бірге өте-мөте қылмыстық іс жүргізу
сипатын-дағы мынадай ұйғарымда белгілейді: "Ұсталған, тұтқындалған, қылмыс
жасады деп айып тағылған әрбір адам сол ұсталған, тұтқындалған немесе айып
тағылған кезден адвокаттың (қорғаушының) көмегін пайдалануға құқылы" (16-
бап).
Осы және өзге де мысалдар конституциялык құқық пен қылмыстық іс жүргізу
құқығы тақырыптарының белгілі бір ортақтығы туралы айғақтайды1.
3. Қылмыстық іс жүргізу құқығы мен сот құрылысы

Қылмыстық іс жүргізу құқығы мен сот кұрылысы туралы ғылыми пәннің
байланысы сот органдарының ұйымдастырылуы мен қызметінің негізгі
ережелерімен айқындалған. Сөйте тұра сот органдарының істерді кассациялык,
шағым арыз не қадағалау тәртібімен немесе жаңадан анықталған жағдаяттар
бойынша қарауға уәкілеттік алған (аудаңдық, қалалық, облыстық сот, Жоғарғы
Сот, соттардың іс жүргізу өкілеттіктерін бөлу) сот органдарының кұрылысы
мен жүйесіне сәйкес жүргізіледі. Яғни соттардың ұйымдастырылуы ұсынған
сыртқы тарап қылмыстық істерді мәніне қарай қарау және шешу жиынтығы
ұсынған ішкі тарапқа сәйкес келеді.
Айталық, мысалы, Республиканың Әскери сотының төралқасына "Қазақстан
Республикасындағы соттар және судьялардың мәртебесі туралы" Қазақстан
Республикасы Президентінің конституциялық заң күші бар Жарлығының (19-
баптың 1-тармағы, .(7-баптың 4-тармағы) шегінде жаңадан анықталған
жағдаяттар бойынша істерді қарау жөніндегі өкілеттіктердің берілуі жаңадан
анықталған жағдаяттар бойынша іс жүргізуді қайта қозғау жоніндегі
өкілеттіктерге, сондай-ақ осындай істер бойынша іс жүргізу рәсімін
белгілейтін нормаларға (ҚІЖК-нің 291-бабының, 5-бөлігі, 471-479-баптары) ие
сот органдарын айқындайтын КІЖК-нің ережелерімен үндеседі.
Сот төрелігінің мақсаттары мен міндеттерін айқындайтын бірқатар
принципті ережелер сотта іс жүргізу үшін де, сот кұрылысы үшін де ортақ
болып табылады. Мәселен, судьялардың тәуелсіздігі мен олардың заңға ғана
бағынуы, сотта іс жүргізудің жариялылығы, ұлттық тіл, айыпкердің қорғау
кұқығының қамтамасыз етілуі принципі тең дәрежеде іс жүргізу құқығына да,
сот құрылысына да қатысты.
Қылмыстық іс жүргізу құқығы мен сот құрылысының өзіңдік осы ортақтығын
атап көрсете келіп, Б.А. Галкин бұл жерде іс бір заңның принципті
ережелерін екінші заңда құр қайталауға сәйкес келмейді деп санады. Мұнымен
заңшығарушы сотқұрылысы саласында осы принципті бастаулардың жүзеге
асырылуы ұйымдастыру-практикалық шаралармен жүзеге асырылса, сонымен бір
мезгілде бұл бастаулар қылмыстық іс жүргізуде ерекше іс жүргізу
құралдарымен іске асырылатынын атап көрсетуге ұмтылады.
Қылмыстық іс жүргізу құқығы мен соттар және судьялардың, мәртебесі
туралы Жарлықта баянды етілген мақсаттар мен міндеттердің ортақтығы оларға
түрлі құралдармен қол жеткенін көрсетеді. Әрі іс жүргізу мен ұйымдастыру
құралдары бір-бірімен үйлесімде тұрады, бір-біріне барабар. Құрылымдық
жағынан төменгі буын бола отырып, аудандық сот тиісті сотта іс жүргізу
өкілеттіктеріне ие болады. Аудандық соттың құрылымдағы орны соттар және
судьялардың мәртебесі туралы Жарлықпен, сотта іс жүргізу өкілеттіктері
істердің шешілуі бойынша қылмыстық іс жүргізу заңымен айқындалады.

4. Қылмыстық іс жүргізу құқығы мен прокурорлық қадағалау теориясы

Заңдылықтың конституциялық принципінің сақталуы қылмыстық іс жүргізу мен
прокурорлық қызмет үшін бірдей маңызды. Осы принциптің айрықша маңыздылығы
әлеуметтік заңдылықтарды зерделеуде тиянақталатын, заңдылықты қамтамасыз
етуге бағытталған қызметтің нысандары мен әдістерінің пайда болуын, дамуын
ерекшелендіретін қылмыстық іс жүргізу құқығы тақырыбының элементтері мен
прокурорлық қадағалау теориясының бірлігін айқындап берді. Осы бөліктегі
прокурорлық қадағалау теориясының тақырыбына ғылыми түсінік беру оның заң
жүзіңдегі бейнелеуімен ұштасады. Сонымен бірге Конституцияның 83-бабыңда
"Прокуратура мемлекет атынан Республиканың аумағында заңдардың, Қазақстан
Республикасының Президенті жарлықтарының және өзге де нормативтік құқықтық
актілердің дәлме-дәл әрі біркелкі қолданылуын, жедел-іздестіру қызметінің,
анықтау мен тергеудің, әкімшілік және орындаушылық іс жүргізудің заңдылығын
жоғары қадағалауды жүзеге асырады, заңдылықтың ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ҚЫЛМЫСТЫҚ ІС ЖҮРГІЗУ ҚҰҚЫҒЫНЫҢ НЕГІЗДЕРІ
Республикасының құқыққа қарсы жекелеген әрекеттері үшін қылмыстық жауаптылық туралы заңдары
Мемлекет және құқық теориясының пәні мен әдістері, атқаратын қызметтері
Азаматтық сот ісін жүргізудің функционалдық әдістері
АЗАМАТТЫҚ ІС ЖҮРГІЗУ ҚҰҚЫҚТЫҚ ҚАТЫНАСТАРЫ
Қылмыстық істер бойынша азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз ету құралдары
Қылмыстық іс жүргізу құқығы бойынша дәрістер
Құқық жүйесінің түсінігі және құқық жүйесінің құрылымдық элементтері
Дәстүрлі құқықтық жүйе
ҚЫЛМЫСТЫҚ ПРОЦЕСТЕРДЕГІ МЕРЗІМ
Пәндер