Қылмыстық іc қозғау
1 Қылмыстық іс қозғау сатысының ұғымы, маңызы және мақсаты
2 Қылмыстық іс қозғау құқығы бар органдар мен тұлғалар
3 Қылмыстық іс қозғаудың себептері мен негіздері
4 Қылмыстық іс қозғауды болдырмайтын себептер мен мән.жайлар
5 Қылмыс туралы арыздар мен хабарламаларды қабылдау және қарау тәртібі
6 Қылмыстық іс қозгаудың немесе одан бас тартудың іс жүргізу тәртібі
7 Қылмыстық ізге түсу органының қылмыстық іс қозғалғаннан кейінгі іс.әрекеті
8 Прокурордың қылмыстық іс қозғаудың заңдылыған қадағалауы

Қылмыстық іс жүргізу заңында қылмыстық іс қозғаудың мәнін айқындайтын арнаулы нормалар болмағанымен, осы сатыны жүзеге асыру рәсіміне "Қылмыстық іс қозғау" деп аталатын дербес 23-тарау арналған, ал ол "Қылмыстық іс бойынша сотқа дейінгі іс жүргізу" деп аталатын 6-бөлімнің құрамдас бөлігі болып табылады. Бұл жағдайдың мынадай тұрғыдан ерекше маңызы бар:
- қылмыстық іс жүргізу кодексінің (бұдан былай — ҚІЖК), басқаша айтқанда, аспаптық немесе операциялық бөлімі деп атала¬тын Ерекше бөлімі сотқа дейінгі іс жүргізуді реттеуден басталады, яғни заң шығарушылар қылмыстық іс қозғау сатысының маңызын ресми қылмыстық іс жүргізу қызметі басталатын акт ретінде анықтаған;
- қылмыстық іс қозғауды сотқа дейінгі іс жүргізуге жатқызу осы құқық қатынастары субъектілерінің сапалық құрамына бағдарланады, ал мұндай құқық қатынастары талданатын сатыдағы қылмыстық процеске тартылатын тиісті тұлғалар мәртебесніің жиынтығынан туындайтын құқық қатынастарының сипатын айқындауға мүмкіндік береді;
- қылмыстық іс қозғау рәсімінің өзін реттейтін жарлықтарды талдау арқыны ғана, сондай-ақ белгілі дәрежеде осы сатыға қатысы бар басқа да нормалардың мәні арқылы қылмыстық іс қозғау сатысының мәні мен мазмұнын, оның құқықтық табиғатын түсінуге болады.
Қылмыстық іс қозғаудың заңдық анықтамасының болмауы құқық нормаларын түсінуге, оларға түсінік беруге және оларды қолдануға қойылатын біркелкі талаптарды сақтауды қиындатады. Оның үстіне, ҚІЖК-нің осы бөлігінде көзделген рәсімдерді дәлме-дәл сақтаған жағдайда соңғы талапты толық орындауға болады.
ҚІЖК-нің 7-бабының 27-тармағына сәйкес "іс бойынша іс жүргізу" — қылмыстық іс қозгау, сотқа дейінгі дайындық, сотта істі қарау және соттың үкімін (қаулысын) орындау барысында нақты қылмыстық іс бойынша жүзеге асырылатын іс жүргізу әрекеттері мен шешімдерінің жиынтығы болып табылады. Одан өрі, осы баптың 28-тармағында "қылмыстық іс бойынша сотқа дейінгі іс жүргізу" бұл қылмыстық іс қозғалған кезден бастап оны мәні бойынша қаpay үшін сотқа жолдағанға дейін қылмыстық іс бойынша іс жүргізу деп айтылған.

ҚЫЛМЫСТЫҚ ІC ҚОЗҒАУ
Қылмыстық іс қозғау сатысының ұғымы, маңызы және мақсаты
Қылмыстық іс жүргізу заңында қылмыстық іс қозғаудың мәнін айқындайтын арнаулы нормалар болмағанымен, осы сатыны жүзеге асыру рәсіміне "Қылмыстық іс қозғау" деп аталатын дербес 23-тарау арналған, ал ол "Қылмыстық іс бойынша сотқа дейінгі іс жүргізу" деп аталатын 6-бөлімнің құрамдас бөлігі болып табылады. Бұл жағдайдың мынадай тұрғыдан ерекше маңызы бар:
қылмыстық іс жүргізу кодексінің (бұдан былай —ҚІЖК), басқаша айтқанда, аспаптық немесе операциялық бөлімі деп аталатын Ерекше бөлімі сотқа дейінгі іс жүргізуді реттеуден басталады, яғни заң шығарушылар қылмыстық іс қозғау сатысының маңызын ресми қылмыстық іс жүргізу қызметі басталатын акт ретінде анықтаған;
қылмыстық іс қозғауды сотқа дейінгі іс жүргізуге жатқызу осы құқық қатынастары субъектілерінің сапалық құрамына бағдарланады, ал мұндай құқық қатынастары талданатын сатыдағы қылмыстық процеске тартылатын тиісті тұлғалар мәртебесніің жиынтығынан туындайтын құқық қатынастарының сипатын айқындауға мүмкіндік береді;

ҚІЖК-нің 7-бабының 27-тармағына сәйкес "іс бойынша іс жүргізу" —қылмыстық іс қозгау, сотқа дейінгі дайындық, сотта істі қарау және соттың үкімін (қаулысын) орындау барысында нақты қылмыстық іс бойынша жүзеге асырылатын іс жүргізу әрекеттері мен шешімдерінің жиынтығы болып табылады. Одан өрі, осы баптың 28-тармағында "қылмыстық іс бойынша сотқа дейінгі іс жүргізу" бұл қылмыстық іс қозғалған кезден бастап оны мәні бойынша қаpay үшін сотқа жолдағанға дейін қылмыстық іс бойынша іс жүргізу деп айтылған. Келтірілген қағидалар бұрынырақ айтынған мынадай шаларды растай түседі:
- қылмыстық іс қозғау және сотқа дейінгі дайындық әрекеттері алғанда тұтас өрі оның бір бөлігі ретінде түсініледі;
— қылмыстық іс қозғау секілді бастапқы іс-әрекетсіз сотқа дейінгі дайындықтың болуы мүмкін емес;
— қылмыстық іс қозғау сатысының болмауы қылмыстық іс
жүргізу құқық қатынастарының жоқтығын көрсетеді.
Сонымен, қылмыстық іс қозғау дегеніміз —бұл қылмыстық процестің ең бірінші және міндетті сатысы болып есептеледі, онда қылмыстық ізге түсуді жүзеге асыратын мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдар жасаған немесе дайындалып жатқан қылмыс жөнінде хабар алған соң қылмыстық іс қозғау жөнінде шешім қабылдауға қажетті алғышарттың бар-жоғын анықтайды.
Қылмыстық іс қозғау фактісінің қылмыстық ізге түсумен бірдей еместігін есте сақтау қажет. Қылмыстық ізге түсудің адамды қылмыстық жауаптылыққа тарту кезінен басталатыны, яғни іс жүргізу шешімдерінің уақыты мен көп сатылылығы жөнінен қылмыстық іс қозғаудан артта қалатыны белгілі. Қылмыстық ізге түсу әрекетінің қылмыстық іс қозғаумен байланысты болатыны соншама, қылмыстық іс қозғамайынша, қылмыстық ізге түсудің болуы мүмкін емес. Қылмыстық іс қозғаудың қылмыстық ізге түсуден басты айырмашылығы —қылмыстық ізге түсу қашан да қылмыс жасауға қатыстылыгы уәкілетті органдардың сотқа дейінгі жұмысы барысында дәлелденген нақты адамға қарсы бағытталған және бұл адам corpus delicti шегінде, яғни материалдық-құқықтық мағынада құқық субъектінің барлық белгілерін иеленеді, олай болмаған жағдайда қылмыстық тәртіппен ешкімнін, ізіне түсуге болмас еді. Қылмыс жасады деп сезіктенген адам туралы ешқандай мәлімет болмаған жағдайларда шешім қабылданатын кездердегі қылмыстық іс қозғау сатысы —бұл басқа мәселе. Оған қоса, уәкілетті адамдардың қылмыстық іс қозғағаннан кейін жасайтын әрекеттерінің нәтижелері істелген әрекетте қылмыстық сипаттағы белгілердің немесе осындай жағдайда айтылып жүрген қылмыс құрамының жоқтығы туралы қорытынды жасауға негіз болуы мүмкін. Қылмыстық әрекет жасаған адам туралы мәліметтер болмайтын, бірақ мұндай әрекеттің қылмыстық сипаты болуы мүмкіндігін көрсететін белгілер кездесетін жағдайларда қылмыстық іс қозғау туралы шешім қабылдау тәжірибеде "факті бойынша қылмыстық іс қозғау" деп аталады (бұл шартты атау, ресми терминологияға жатпайды —автордың ескертпесі). Егер қылмыс жасаған деп сезіктенетін адам қылмыстық іс қозғау сатысында анықталатын болса, онда бұл адамға қылмыстық іс қозғау туралы шешім қабылданады.
Қылмыстық іс қозғауға уәкілеттігі бар лауазым иелері осындай шешім қабылданған кезден бастап ҚІЖК бойынша қылмыс жасау жағдайларын, оны жасаған адамды, айыптының қылмыстық ізіне түсудің негіздерін анықтау секілді мақсаттарға жету үшін көзделген кез келген іс жүргізу әрекеттерін қолдануға құқылы.
Бұрын қылмыстық іс қозғаудың анықтамасын жасауда біз қылмыстық процестің бұл бөлігін дербес саты деп атағанбыз. Бұл дегеніміз, осы кезеңде пайда болған құқық қатынастары оларды өзге іс жүргізу сатылары мен кезеңдерінен оқшаулайтын өзіңдік белгілерге ие болатынын білдіреді, өйткені олар, біріншіден, осы сатының мақсаттарын жүзеге асыратын іс жүргізу құралдарының мақсаттары мен міндеттері жөнінен, екіншіден, олардың сипаты мен құрылымы жөнінен ерекше белгілерге ие болады.
Сонымен, қылмыстық іс қозғау сатысының маңыздылығы мынада:
уәкілетті орган (лауазым иесі) қылмыстық іс жүргізу мүддесін туғызатын қылмыстық әрекетті оған қылмыстық жаза белгілеу қажеттігін көрсететін белгілер тұрғысынан бағалайды;
қылмыстық іс қозғау туралы шешім қабылдау қылмысты тез ашу, қылмыстың жасалу жағдайларын толық әрі әділ тергеу, қылмыс жасаған адамның кінәлылығын дәлелдеу үшін іс жүргізу жағдайларын туғызуға бағытталған.
ҚІЖК-нің талаптарына сәйкес қылмыстық іс қозғау туралы
рәсімделген шешім сотқа дейінгі қызметтің барысында туатын барлык, өзге құқық қатынастарын жүзеге асыру үшін бастапқы іс жүргізу-құқықтық қадам болып табылады;
уәкілетті органның қылмыстық іс қозғау жөніндегі дұрыс рәсімделген іс жүргізу шешімі сотқа дейінгі қызметті бастау заңдылығының өзіндік кепілдігі болып саналады.
Қылмыстық іс қозғау сатыларының мақсаттары мыналар:
қылмысты тергеу ісін дер кезінде бастауды қамтамасыз ету;
осы қылмысты тергеуге тиісті органды анықтау;
—екінші мақсатпен өзара байланысты —осы сатыда сотқа дейінгі қызметке қатысатын уәкілетті органдар мен лауазым иелерін, сондай-ақ олардың уәкілеттігі ауқымын анықтау.
Заң қылмысты болдырмауға немесе оның жолын кесуге, сондай-ақ қылмыстың іздерін сақтауға бағытталған шараларды қолдану үшін мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдардың міндетті түрде жауап қайтаруын көздейді.
Қылмыстық іс қозғау сатысының міндеттері ҚІЖК-нің 8-бабында көзделгеніндей, жасалған қылмысқа дер кезінде назар аударуға, оны тез әрі толық ашуға, кінәлы адамды анықтауға, одан кейін сотта істі әділ қарауға бағытталған қылмыстық процестің жалпы міндеттерінен келіп шығады.
Бұл сатының міндеттерін дұрыс шешу бұдан былайғы алдын ала тергеуді ойдағыдай жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Қылмыстық істі дер кезінде қозғамау дәлелдемелерді жоғалтуға, қылмысты жасыруға әкеп соқтырады, осының нәтижесінде қылмыстық іс бойынша —қылмыстық процестің негізгі мақсаты бойынша ақиқатты анықтау мүмкін болмай қалады.
Сонымен қатар, А.П.Рыжаковтың анықтағанындай, қарастырылатын сатының екі бірдей міндеті бар. Біріншіден, әрбір жасалған қылмыс фактісіне жауап беру керек, яғни қылмыс құрамының объективтік жақтарының белгілері бар кез келген арызды (хабарламаны) дереу тіркеуге алу қажет. Екіншіден, қылмыстық процестің кейінгі кезеңдерін шектеу, атап айтқанда, алдын ала тергеу сатыларын: а) іс жүзінде болмаған; ә) ешқандай қылмысқа жатпайтын, яғни қылмыс құрамының объективтік жақтарының ең болмағанда міндетті бір белгісі жоқ, оның ішінде маңызы шамалы (өкімшілік, тәртіптік және басқа теріс қылықтар) бірде-бір белгісі жоқ фактілерді қарастырудан сақтандыру керек. Бұл анықтаманы даусыз деуге болмайды.
Қылмыстық іс қозғау үшін жеткілікті мағлұматтарды анықтауда қылмысқа кінәлы адам туралы мәліметтердің болуын немесе оны әшкерелеудін нақты мүмкіндіктерін көздейтін немесе осы іс бойынша айыптау үкімі шығады деуте негіз болатын сот болашағы деп аталатын жағдайды басшылыққа алуға болмайды. Мұндай қағида заңға негізделмеген. Ол іс қозғаудан заңсыз бас тартуға, хылмыс туралы бастапқы материалдарды тексеру шегін кеңейтуге әкеп соқтыруы мүмкін.
Бұл позиция Д.Терентьевтің пікірімен сәйкес келеді, ол қылмыстық іс қозғау сатысының маңызы мен міндеттерін бағалай келе, былай деп жазған: "Жасалған қылмысқа көз жетушілік дәрежесіне келетін болсақ, онда қылмыстық іс қозғауда әдебиеттерде көрсетілетініндей, жасалған немесе дайындалып жатқан қылмыс туралы нанымды қорытындыны басшылыққа алу міндетті емес".
Бұл мәселенің мәнін барынша терең түсіндірген М.С. Строгович былай деп жазады: "Қылмыстық іс қозғау үшін жасалған немесе дайындалып жатқан қылмыс жөнінде дәлелді жорамалдың болуы жеткілікті. Қылмыстық іс бойынша іс жүргізу қылмыс жасалды деген белгілі бір ықтималдық дәрежесінен басталады".
Жоғарыда баяндалған қағидалар қылмыстық іс қозғаудың осы сатысының қатысушылары болып табылатын адамдардың арасында іс жүргізу сатысында заңмен белгіленген міндеттерді қылмыстық сот ісін жүргізудің пайда болуы мен дамуына ұштасатын белгілі бір іс жүргізу әрекеттерін жасау арқылы шешуге болады деп анықтауға негіз болады.
Аталған екі бағыттың бүгінгі күні де айтарлықтай пікірсайысын туғызып отырғанын айту қажет. Бірінші бағытқа қатысты, қылмыстық іс қозғауды қылмыстық ізге түсуден бөлу жөнінде барынша орынды дәлелдер A.M. Бейсеновтың жұмыстарында тұжырымдалған. Оның қыл-мыстық ізге түсудің мәнін, орны мен маңыздылығын анықтауға байланысты зерттеулері Қазақстан Республи-касының қолданыстағы КДЖК-н (1997 ж.) түсіну және оған түсінік беру тұрғысынан алғанда барынша толық өрі қисынды аяқталған зерттеулер болып табылады. Атап
айтқанда, А.М.Бейсенов мақсаттардағы айырмашылықтарға, сондай-ақ оларға жету міндеттері мен құралдарына және түрлі санаттарға қатысты шешімдерге назар аударды. Оның үстіне, ол қылмыстық іс қозғауды қамтитын "саты" ұғымының қылмыстық ізге түсуді қамтитын "қылмыстық іс жүргізу кызметі" ұғымымен салыстыруға келмейтінін және қисынсыздығын дәлелдейді.
Екінші бағыт та зор ғылыми қызығушылық туғызады. Мәселен, М.С. Строговичтің пікірі бойынша: "Қылмыстық іс жүргізу қажеттігін туғызатын фактіге немесе оқиғаға қатысты ғана қылмыстық іс қозғалуы мүмкін". Атап айтқанда, ол былай деп жазады. "Егер белгілі бір адамға қатысты қылмыстық іс қозғалған болса, онда осы арқылы бұл адам белгілі бір іс жүргізу жағдайына тап болар еді. Алайда белгілі бір адам қылмыстық іс қозғау актісімен емес, айыпталушы ретінде қатыстырылатын акт арқылы айыпталушыға іс жүргізу жағдайына қойылады...
Сондықтан қылмыстық іс адамға (in personam-ға) қатысты емес, қылмыс фактісіне, оқиғасына (in rem) қатысты қозғалады деген принципті берік ұстану керек; ал адам заңды негіздер болғанда қозғалған қылмыстық іс бойынша айыпталушы ретінде жауапқа тартылады".
Біз бұл позицияны сол кезеңде қолданылған ҚІЖК-де кездескен қайшылықтарды түсіндіру әрекеті ретінде қарастыруға бейім тұрамыз. Мәселе мынада: 1959 ж. қабылданған ҚІЖК қылмыстық іс қозғалған адамның құқықтық жағдайын мүлде айқындамаған. Екі жақты жағдай қалыптасты: бір жағынан, қылмыстық сот ісін жүргізуге тартылатын адамның дербес мәртебесі болмады; екінші жағынан, уәкілетті органдар осы адамның кінәсына дәлелдемелер жинағанда, оның ешқандай құқықтары болмады. Іс жүзінде былай болып шықты: өзі жөнінде іс жүзінде қылмыстық із қозғалған адам сезікті ретінде ұсталған кезге дейін немесе оған айып тағылғанға дейін куәгер жағдайында қала берді. Мұндағы қайшылық мынада еді: куәгер жасалған қылмыстың өзіне мәлім жағдайлары жөнінде шын айғақтар беруге міндетті болды. Бір адамның бойында куәгер мен қылмыс жасауы мүмкін адамның ұштасуы Конституцияда кепілдік берілген құқықтар мен бостандықтарды өрескел бұзушылыққа әкеп соқтырды.
Бұл олқылықты жою үшін заң шығарушыларға 40 жылдай уақыт керек болды. ҚР ҚІЖК-нде қылмыстық іс қозғалған адамның мәртебесі жөніндегі мәселе былайша шешілді. 68-баптың 1-бөлігіне сәйкес өзі туралы қылмыстық іс қозғалған адам оған қылмыс жасады деген күмән келтірілуіне байланысты сезікті деп танылады. 186-баптың 2-бөлігіне сәйкес, егер бұл адам мәлім болса, қаулыда кім жөнінде қылмыстық іс қозғалатыны көрсетілуі тиіс. Сонымен, біздің бұған дейін айтқанымыздай, факті, қылмыс оқиғасы жөнінде, сондай-ақ қылмыс жасады деп сезіктенетін адам жөнінде қылмыстық іс қозғалуы мүмкін.
Қайта құру заманына дейінгі қылмыстық іс қозғаудың мәнін энциклопедиялық тұрғыдан түсіндіруде ол құқық ретінде ғана емес, сондай-ақ мемлекеттік органдардың міндеті ретінде қарастырылды. Сот, прокурор, тергеуші және анықтау органдары өз құзыретінің шегінде қылмыстың белгілері табылатын әрбір жағдайда қылмыстық іс қозғауға және қылмыс жасауға кінәлы адамдардың қылмыс оқиғаларын анықтау және оларды жазалау үшін заңда көрсетілген шаралардың бәрін қабылдауға міндетті болды. Заңдылық тұрғысынан қарағанда, құқықтың мұндай қатаң ұйғарымы орынды болып көрінеді. Солай бола тұрса да, қазақстандық заң шығарушы бұл мәселені басқаша реттейді. ҚР ҚІЖК-нің 183-бабына сәйкес тиісті құзыретті орган қылмыс туралы арыз бен хабарламаны қабылдауға және қарауға міндетті. ҚР ҚІЖК бойынша қылмыстық іс жүргізуге негіз болған кезде міндетті түрде қылмыстық іс қозғау талабының жоқтығы қылмыстық іс қозғау жөніндегі себептер мен негіздер туралы басқа нормалармен толықтырылады (178—182, 184—188-баптар). Сонымен қатар, Қазақстан заңдарында жеке және жеке-жариялы айыптау істерін қозғаудың арнайы ережелері бар. Мұнда бұрын заңды негіздер болғанда міндетті түрде қылмыстық іс қозғау талабына сай келетін көптеген құрамдар жеке айыптау істеріне (ҚІЖК-нің 33-бабы) жатқызылған.
Қарастырылатын бөліктегі құкықтың қазіргі жағдайы айтарлықтай пікір-сайысын туғызады және жеке немесе жеке-жариялы тәртіппен ғана қылмыстық жауаптылыққа тартылуы мүмкін адамдардың заңсыз әрекеттері салдарынан мүдделеріне нұқсан келетін жандардың құқықтарының заңдылығы мен сақталуының іс жүргізу кепілдігін күшейтуге бағытталған сындарлы ұсыныстарды жасап, дербес зерттеуді талап ететіндей болып көрінеді.
Қылмыстық іс қозғау құқығы бар органдар мен тұлғалар
Қылмыстық іс қозғау құқығы бар органдар мен тұлғалар жөніндегі мәселе айтарлықтай маңызды мәселе болып табылады. ҚР ҚІЖК қылмыстық процесті бастау және қылмыстық істі қозғау құқығы бар органдар мен лауазымды адамдар тізбесін белгілейді. Оларға анықтаушы, анықтау органы, тергеу бөлімінің бастығы, тергеуші, прокурор жатады (ҚІЖК-нің 185—186-баптары). Аталған органдар мен лауазымды адамдардың бәрі өздерінің құзыреті шегінде қылмыстық іс қозғау туралы мәселені шешеді.
Бұл тізбе мейлінше толық болғандықтан, кеңейте түсіндіруді қажет етпейді. Осыған байланысты бұл тізбенің заң арқылы қылмыстық ізге түсу органдарына жатқызылған қатынастар субъектілерінің аясымен сәйкес келмеуі түсіндіруді талап етеді. ҚІЖК-нің 7-бабының 14-тармағына сәйкес қылмыстық ізге түсу органдарының тізбесіне тергеу бөлімінің бастығынан басқа, қылмыстық іс қозғау құқығы бар барлық органдар мен тұлғалар кіреді. Бұл жағдайда тікелей түсіндіру мынаны білдіруі тиіс: тергеу бөлімі бастығының қызметі шектелген, ол айып тағылатын кезге дейін аяқталады. Алайда ол мүлде олай емес. ҚІЖК-нің 63-бабындағы 2-бөлігінің мазмұны бойынша тергеу бөлімшің бастығы тергеушінің уәкілеттіктерін пайдалана отырып, қылмыстық іс қозғауға, қылмыстық істі өзі жүргізуге қабылдауға және алдын ала тергеуді жеке өзі жүргізуге құқылы болып шығады.
Сонымен, тергеу барысында тергеушінің уәкілеттіктерін пайдалана алатын тергеу бөлімінің бастығын да қылмыстық ізге түсу құқығы бар тергеуші ретінде түсіну қажет.
Мұндай ерекшеліктерді ескерудің маңызы зор, өйткені қылмыстық іс жүргізу құқығының жалпы қисынына сүйенетін болсақ, қылмыстық іс қозғау құқығы бар субъектілердің қылмыстық ізге түсуді жүзеге асыратын субъектілерге айналуы істің дәлелдемелерін түсіну және кейін бағалау тұтастығын қамтамасыз етуі тиіс.
Г.В. Дроздовтың атап көрсеткеніндей, қылмыстық іс қозғау сатысының мазмұнына сондай-ақ занды органдар мен лауазымды адамдардың мынадай әрекеттері кіреді: а) қылмыс туралы ақпаратты қабылдау, оны тиісінше рәсімдеу және тіркеу; ө) бұл ақпаратты қарау және қажет болған жағдайларда қылмыстың болғаны жөніндегі нақты мағлұматтарды анықтау үшін тексеру жүргізу; б) заңға сәйкес іс жүргізуді бастау, қылмыстық іс қозғаудан бас тарту немесе тергеуге яки сот қарауына жататыны жөніндегі қылмысқа қатысты арызды (хабарламаны) жіберу туралы шешім қабылдау. Экетраполяциялык, көзқарас аталған әрекеттерді —бұл өздерінің қылмыстық іс қозғау құқықтарын жүзеге асыратын анықтаушының, анықтау органының, тергеу бөлімі бастығының, тергеушінің, прокурордың біртұтас қызметін құрайтын өзіндік кезеңдер деп тұжырымдауға мүмкіндік береді.
Қылмыстық іс қозғау құқығы бар қатынастар субъектілерінің мәртебесі (құқықтық жағдайы, құқықтар мен міндеттемелер жиынтығы) әр түрлі болып келеді. Бұл олардың құзыретіндегі айырмашылықтар қылмыстық іс қозғау жөнінде шешім қабылданатын дербес іс жүргізу жағдайларын талап ететінін білдіреді. Басқаша айтқанда, қылмыстың жасалғанын көрсететін белгілер тиісті негіздерді алғаш рет ашқан немесе көрген осы субъектілердің кез келгені үшін қылмыстық іс қозғауға негіз бола алмайды. Егер анықталған тергеуден тыс қылмыстық іс қозғау қылмыстық іс қозғауға құқығы бар нақты органның немесе уәкілетті адамның құзыретіне кірмейтін болса, онда қылмыс жөніндегі арыз немесе хабарлама қылмыстық іс қозғау туралы шешім қабылдау үшін құзыретті органға беріледі.
Сонымен, қылмыстық іс қозғау құқығы және тиісті уәкілетті органдар мен адамдар құзыретінің көлемі толық көлемде сәйкес келмейді.
Қарастырып отырған сатыда прокурорға ең кең өкілеттіктер берілген. ҚІЖК-нің 62, 190, 192-баптарының 6, 7-бөліктерінің мағынасынан оның тергеуге алынғанына қарамастан, прокурордың өзі қылмыстық іс қозғауға құқылы екені көрінеді. Прокурор өкілеттігінің кендігі жария айыптауды ғана емес, сондай-ақ жеке және жеке-жариялы айыптауды да қамтиды. Мұнда прокурор мынадай қылмыстық істерді қозғауға құқылы:
кез келген жариялы айыптау ісі бойынша (ҚІЖК-нің 62, 190- баптары);
егер қылмыстық әрекет дәрменсіз немесе басқаға тәуелді жағдайдағы немесе басқа да себептер бойынша өзіне тиесілі құқықтарды өз бетінше пайдалануға қабілетсіз адамдардың мүдделерін қозғайтын болса, жәбірленушіден арыз түспеген реттерде жеке айыптау ісі бойынша (ҚЖК-нің 33-бабы);
егер қылмыстық әрекет дәрменсіз немесе басқаға тәуелді жағдайдағы немесе басқа да себептер бойынша өзіне тиесілі құқықтарды өз бетінше пайдалануға қабілетсіз адамдардың, қоғамның немесе мемлекеттің елеулі мүдделерін қозғайтын болса, жәбірленушіден арыз түспеген реттерде жеке-жариялы айыптау ісі бойынша (ҚІЖК-нің 34-бабы);
коммерциялық және өзге ұйымдағы қызмет мүдделеріне қарсы қылмыстық әрекет бойынша (ҚР Қылмыстық кодесінің 228—
232-баптары) мемлекеттік кәсіпорын болып табылмайтын тек қана коммерциялық немесе өзге ұйымдарға зиян келтірсе және басқа ұйымдардың, сондай-ақ азаматтардың, қоғамның немесе мемлекеттің мүдделеріне зиян келтірмесе, қылмыстық жауапқа тарту осы ұйым немесе уәкілетті орган басшысының арызы немесе олардың келісімі бойынша жүзеге асырылады (ҚІЖК-нің 35-бабы).
Прокурор сотқа дейінгі әрекетке оқтын-оқтын ғана қатысатындықтан, ал қылмыстық іс қозғау —бұл прокурордың заңды қадағалау жөніндегі өзіне жүктелген міндетті жүзеге асыру құралы болып табылатыңдықтан, бұл жағдайда қылмыстық іс қозғау құқығының бірден-бір іс жүргізу салдары туады, ол қозғалған қылмыстық істі соттылығынша қарай құзыретті органға тапсырумен аяқталады. Мұнда прокурордың сотқа дейінгі әрекеттің заңдылығын қадағалауы толығымен сақталады. Бұл жерде прокурордың қылмыстық ізге түсуді жүзеге асыру құқығы адамды қылмыстық жауапқа тартатын кезден басталатынын есте сақтау қажет. Алайда бұл жағдайда да прокурордың қылмыстық ізге түсуте қатысуы үздік-создық сипатта болады.
Өз құзыретінің көлемі бойынша қылмыстық іс қозғау құқығы бар келесі адам тергеуші болып саналады. Уәкілетті адамдардың бұл санатына ішкі істер органдарының тергеушісі, ұлттық қауіпсіздік органдарының тергеушісі және салық полициясы органдарының тергеушісі жатады (ҚІЖК-нің 64-бабының 1-бөлігі). Заң шығарушылар тергеуші іс қозғауға құқылы қылмыстық істер көлемін тергеушінің қай ведомствоға қарайтынына және қылмыстық ізге түсу органдарында (прокурор мен прокуратура органдарынан басқа) тергелуіне қарай жіктеген.
Уәкілетті органдар тергеу көлеміне қарай былайша орналасады. (ҚІЖК-нің 192-бабы):
ішкі істер органдарының тергеушілері Қылмыстық кодекстің 177-бабы бойынша;
ұлттық қауіпсіздік органдарының тергеушілері —Қылмыстық кодекетің 38-бабы бойынша;
салық полициясының тергеушілері —Қылмыстық кодекетің 36-бабы бойынша қылмыстық іс қозғауға құқылы;
Қылмыстық кодекстің бірқатар нормалары бойынша балама тергеу көзделген, ол тұтас алғанда жоғарыда келтірілген көлемнің арақатынасына әсер етпейді.
Тергеушінің уәкілеттігін тергеумен өзара байланыста жіктеу дегеніміз жалпы ереже бойынша мынаны білдіреді:
бұған дұрыс негіз болған жағдайда тергеуші өзіне бөлінген
тергеу шегінде қылмыстық іс қозғауға міндетті;
егер қылмыстық әрекеттің белгілері ол тергейтін құрамның
тізбесіне жатпайтын болса, тергеуші қылмыстық істі өзі қозғауға
және бұдан кейін оны тергелуі бойынша, немесе қылмыстық іс қозғамастан, қылмыс туралы арызды немесе хабарламаны қылмыстың тергелуі бойынша беруге құқылы (ҚІЖК-нің 188-бабы).
Қылмыстық іс қозғау сатысындағы уәкілеттігінің көлемі жөнінен тергеу бөлімінің бастығы тергеушіге жақындайды, мұны ҚІЖК-нің 63-бабының 2-бөлігінен байқаймыз. Тергеу бөлімінің бастығы тергеушінің уәкілеттігін пайдалана отырып, қылмыстық іс қозғауға құқылы деген нұсқау қарастырылатын бөлікте тергеуші мен тергеу бөлімі бастығының уәкілеттігі толық сәйкес келеді деген сөз емес. Тергеу бөлімінің бастығы қылмыс туралы арызды немесе хабарламаны қылмыстық іс қозғау туралы мәселені шешу үшін, сондай-ақ қылмыс жөніндегі арызды немесе хабарламаны қылмыстық іс қозғамай-ақ тергелуге жіберу үшін өзі басқаратын бөлімнің кез келген тергеушісіне беруге құқыны. Тергеу бөлімі бастығы уәкілеттігінің бұл ерекшелігі іс жүргізу сипатынан гөрі көбіне ұйымдық-басқару сипатына ие болады.
Қылмыстық іс қозғау құқығы бар келесі субъект —бұл анықтаушы және анықтау органы (ҚІЖК-нің 186-бабының 1-бөлігі). Заң шығарушылар бұлармен қоса, анықтау органының бастығына да осындай құқық берген (ҚІЖК-нің 66-бабының 4-бөлігінің 4-тармағы). Нақты қылмыстық іс жүргізу шегінде анықтау органы бастығының өзіне бағынышты анықтаушыға қатысты іс жүргізу жағдайы тергеу бөлімі бастығының өзіне бағынышты тергеушіге қатысты жағдайына ұқсайды.
Анықтаушы, анықтау бөлімінің бастығы, анықтау органы қылмыстық іс қозғауға құқылы қылмыстық істердің аясы, біріншіден, олардың қай ведомствоға жататынына қарай (ол анықтау органдарының тізбесін қамтитын 65-бапта белгіленген), екіншіден, оған берілген құзыреті көлеміңдегі шектеулермен анықталады. Қылмыстық іс қозғау туралы шешім қабылдауда да анықтаушының дербестігі шектеулі сипатта болады: анықтаушының қылмыстық іс қозғау туралы қаулысы оны анықтау органының бастығы бекіткеннен кейін ғана іс жүргізу күшіне ие болады (ҚІЖК-нің 66-бабының 5-бөлігі).
Анықтаушының қылмыстық іс қозғау жөніндегі өз құқығын жүзеге асыру жағдайлары іс бойынша алдын ала тергеу жүргізудің міндеттілігі мен міндетті еместігіне қарай ерекшеленеді. Егер іс бойынша алдын ала тергеу міңдетті түрде талап етілмейтін болса, онда анықтаушы қылмыстық іс қозғайды, қаулыны анықтау органының бастығына бекіттіреді де, бұдан әрі тергеушінің сотқа дейінгі әрекеті секілді өз уәкілеттіктерін жүзеге асырады (ҚІЖК-нің 67-бабының 3-бөлігі). Егер іс бойынша міндетті түрде алдын ала тергеу ісі жүргізілетін болса, онда анықтау органы бастығының тапсыруымен анықтаушы кейінге қалдыруға болмайтын жағдайларда қылмыстық іс қозғауға уәкілетті болады. Басқа жағдайларда қылмыстық іс қозғау туралы шешімді уәкілетті тергеуші қабылдайды.
Сот қылмыстық ізге түсу органы болмағандықтан, сотқа қылмыс туралы арыз немесе хабарлама түсетін жағдайларда заңда қылмыстық іс қозғаудың арнайы тәртібі көзделген. Сот мұндай хабарлама мен арыздардың бәрін прокурорға жолдайды, ал прокурор өз кезегінде қылмыстық іс қозғау туралы шешім қабылдап, тиісті материалдарды (арыз, хабарлама, қаулы) тергелуге жолдайды. Сот хабарламаның, арыздың прокурорға жолданғаны жөнінде арыз берушіге хабарлайды. Сот тікелей істі (қылмыстық, азаматтық немесе әкімшілік) қарау барысында қылмыстардың белгілерін табатын жағдайларда прокурордың атына жеке қаулы шығарып, онда іс бойынша анықталған заңды бұзу фактілеріне, қылмыс жасауға итермелеген және тиісті шаралар қабылдауды қажет ететін себептер мен жағдайларға прокурордың назарын аударады. Прокурор қабылданған шаралар туралы, оның ішінде қылмыстық іс қозғау және оны тергеуте жолдау жөнінде жеке қаулы шығарған сотқа бір ай мерзім ішінде хабарланды (ҚІЖК-нің 183, 387-баптары).
Атап айтқанда, Қазақ КСР-інің ҚІЖК-нің 85-бабы прокурорға, тергеушіге, анықтау органына, судьяға кез келген жасал-ан немесе дайындалып жатқан қылмыс туралы арыз бен хабарламаны міндетті түрде қабылдап, төмендегідей шешімдердің бірін шығаруға нұсқау берген: қылмыстық іс қозғау туралы; қылмыстық іс қозғаудан бас тарту туралы; арызды немесе хабарламаны тергеуге немесе сотта қарауға беру туралы. Мұнда судья қылмыстық іс сотта қаралу үшін тікелей сотқа жолдануға тиіс жағдайларда ғана жеке дара қылмыстық іс қозғауға құқылы болды (Қазақ КСР ҚІЖК-нің 87-бабы). Соттың қылмыстық іс қозғау туралы алқалы шешіміне келетін болсақ, ол мынадай жағдайларда болуы мүмкін: егер сотта істі қарау барысында сотталушыға айып тағылмаған, бірақ басқалай қылмыс жасағанын көрсететін мән-жайлар анықталса; егер сот тергеуі қаралып отырған іс бойынша қылмыстық жауаптылыққа тартылмаған адамның қылмыс жасағанын көрсететін мән-жайларды анықтаса; егер сот тергеуі куәгерлердің немесе жәбірленушілердің бірінің берген жауабынан жалған куәліктің барын анықтаса (Қазақ КСР ҚІЖК-нің 283-385-баптары).
Орын алған жағдай соттың қызметінде өзінен-өзі айыптауға бейіл болуының орнығуына әкеп соқтырады. Оның үстіне, соттың қылмыстық іс қозғау құқығы қылмыстық ізге түсу органдарының тізбесі белгіленетін формальдық белгілердің бірі болып табынады. Заңды ресми түсіндіру құралдарының мұндай мән-жайды теріске шығаруы құқылық жөнсіздікті бүркемелеуге тырысудан басқа ештеңе емес, өйткені мұны жеңу үшін ондаған терең ғылыми ізденістер жүргізілді. Қазақстан Республикасының қолданыстағы ҚІЖК-нде бұл қайшылық жойылды: сот қылмыстық іс қозғау туралы шешім қабылдауға құқылы емес; сот қылмыстық ізге түсу органдарының тізбесіне кірмейді. Солай бола тұрса да, жеке және жеке-жариялы айыптау институтының мәні туралы мәселе дербес зерттеуді талап етеді. Қолданыстағы ҚІЖК-нің мазмұнынан осы санаттағы істер бойынша қылмыстық іс қозғау сатысының мынадай топшылау бойынша орындалмайтыны келіп шығады: қылмыстық ізге түсу органы қылмыстық іс бойынша іс қозғамайды; жариялы айыптау істері бойынша көзделгеніндей, іс жүргізуді қозғау қаулы түрінде рәсімделмейді; қылмыстық іс жүргізу саласына тартылатын адамдардың құқықтық жағдайы жариялы айыптау істері бойынша іс жүргізуге қатысушылар үшін белгіленген құқықтық жағдайдан айтарлықтай өзгеше болады (Қазақстан Республикасы ҚІЖК-нің 390-бабы).
Қылмыстық іс қозғаудың себептері мен негіздері
Қылмыс туралы арыздар мен хабарламаларды жан-жақты және әділ қарау, сондай-ақ шешу —алдын ала тергеу органдарының қылмыстық іс қозғау сатысындағы маңыздыіс жүргізу міндеті.
Заң қылмыстық іс қозғау туралы шешім қабылдау үшін мынадай белгілі бір шарттардың болуы талап етіледі деп белгілеген: 1) қылмыстық іс қозғаудың себебі; 2) қылмыстық іс қозғаудың негізі; 3) қылмыстық іс жүргізуді болдырмайтын мән-жайлардың жоқтығы.
Қылмыстық іс қозғауға себеп —бұл тергеушіні, анықтаушыны, прокурорды дайындалып жатқан немесе жасалған қылмыс туралы хабардар етудің заңда қатаң белгіленген негізі, мұндай негіздер болған жағдайда аталған органдар қылмыстық іс қозғау туралы мәселені қарауға міндетті.
ҚР ҚІЖК-нің 177-бабына сәйкес қылмыстық іс қозғауға мыналар себеп болады:
азаматтардың арыздары;
кінәсын мойындап келу;
мемлекеттік органның лауазымды адамының немесе ұйымда басқару функцияларын атқарып отырған адамның хабарламасы;
бұқаралық ақпарат құралдарындағы хабар;
лауазымды адамдардың және қылмыстық іс қозғауға заңды органдардың қылмыс туралы мәліметтерді тікелей анықтауы.
Азаматтардың қылмыс туралы арыздары жазбаша түрде де, ауызша түрде де болуы мүмкін. Жазбаша арызды берген адам оған қол қоюы тиіс. Ауызша арыз хаттамаға түсіріледі де, оған арыз беруші және арызды қабылдап алған лауазым иесі қол қояды. Ауызша арыздың хаттамасында хаттаманың қайда және қашан жасалғаны, арызды кімнің (қылмыстық ізге түсу органының лауазымды адамы) қабыл-ап алғаны, арыз беруші туралы толық мәліметтер (аты-жөні, туған жері мен жылы, тұрғылықты орны мен жұмысы, жеке басын куәландыратын қандай құжат көрсетілді, оны кім және қашан берген) көрсетілуі тиіс.
Арыз берушіге көпе-көрінеу жалған сөз жеткізгені үшін жауаптылығы міндетті түрде түсіндіріледі, осыдан кейін оған ҚР Қылмыстық кодексінің 351-бабы бойынша әдейі, жалған сөз жеткізгені үшін қылмыстық жауаптылығы туралы ескертіліп, бұл туралы хаттамаға белгі соғынады, ол арыз берушінің қол қоюымен куәландырылады.
Заңмен белгіленген осы міндетті рәсімді орындау кейін заңды түрде алынған шын мағлұматтарды қолға түсірудің кепілі болады, осындай мағлұматтардың негізінде қылмыстық іс қозғау туралы мәселе шешілетін болады.
Қылмыс туралы ауызша хабарлама телефон арқылы да берілуі мүмкін. Ішкі істер органындағы кезекші мұндай арызды қылмыс туралы арыздар мен хабарламалар журналына тіркейді, осыңан кейін ол тексеру шаралары барысында қолдау табатын болса, міндетті түрде жазбаша рәсімделуі тиіс. Азаматтардың әрқашан тікелей ауызша немесе жазбаша арыз беру мүмкіндігі бола бермейді, сондықтан олар мұндай жағдайларда бұл туралы өздеріне қолайлы әдіспен, яғни оны хат арқыны поштамен жолдай алады.
Әдебиетте "хат" термині арқылы кейде арызды немесе басқа өтініш түрлерін жөнелтудің техникалық әдісі ғана түсініледі".
А.Р. Михайленко "хат" дегеніміз —бұл ең алдымен сөзді қашықтыққа жеткізіп қана қоймай, сондай-ақ оны қағазға түсіріп, уақыт кеңістігінде сақтауға мүмкіндік беретіндей етіп жазып алу деп анықтайды. Бұған қоса, қылмыс туралы арызды хатпен ғана емес, бандероль, сәлемдеме жәшік және т.с.с. арқылы да жіберуге олады".
Қылмыс туралы арызды немесе хабарламаны жеткізудің мұндай әдістерін тиісті іс жүргізу рәсімінен өткізген соң қылмыстық іс қозғауға себеп ретінде қарастыру керектігімен келіскен жөн.
Азаматтардың жеке және жеке-жариялы айыптау істері бойынша шағымдарын да себеп ретіндегі арыздар орнына қарау қажет, олардың тізбесі ҚІЖК-нің 33, 34-баптарында көрсетілген.
Алдын ала тергеу органдарына авторлар ер түрлі мән-жайларға (қорқу, түбіме жете ме деп үрейлену, зұлымдық, жала, кек алу) байланысты беймәлім болын қала отырып, "домалақ" арыз түсіретін жағдайлар тәжірибеде бар.
Біздің қоғамда домалак, "арызға қашан да мүлде теріс пікір қалыптасқан. Солай бола тұрса да, заң шығарушылар мұндай арыздардың құқықтық табиғаты мен іс жүргізу салдарын айқындаған. "Домалак," арыздар, егер оларда қылмыстың белгілерін көрсететін мағлұматтар жеткілікті болса, алдын ала, мұқият және жан-жақты тексергеннен кейін ғана қылмыстық іс қозғауға себеп бола алады. Бұл жағдайда алдын ала тергеу органының тікелей қылмыс белгілерін табуы себеп болады.
Кінәсын мойындап келу дегеніміз адамның өзі жасаған қылмысы туралы қылмыстық процесті жүргізетін органға берген ерікті түрдегі ауызша немесе жазбаша арызы. Кінәсын мойындап келу хаттама арқыны рәсімделеді, онда жасалған мәлімдеме толығымен сипатталады. Кінәсын мойындап келу хаттамасына кінәсын мойындап келген адам мен арызды қабылдап алған лауазым иесі қол қояды. Бұл адам туралы әлі күдік тумаған немесе осы қылмысты жасағаны жөнінде оған айыптау тағылмаған уақыт ішінде істелуге тиіс уақыт аралығы кінәсын мойындап келуге тен ерекшелік болып табылады. Қылмыстық заң кінәсын мойындап келуді кінәлы адамның жауаптылығын жұмсартатын мән-жайлардың қатарына жатқызатындықтан, бұл ескерту аса мәнді болып есептеледі.
Кінәсын мойындап келу қылмысты ашуға септігін тигізуі тиіс, бірақ еш уақытта қылмысты тергеу барысында алыпсатарлық мақсатта пайдаланылмауы тиіс. Кез келген себеп секілді, кінәсын мойындап келу де тексеруден өтуі тиіс, өйткені бұл жағдайда адам өзіне-өзі жала жабуы немесе оны қысым жасау салдарынан жазуы мүмкін. Егер өзінің арызында қылмысқа қатысушылар көрсетілетін болса, кінәсын мойындап келген арыз беруші көне-көрінеу жалған сөз жеткізгені үшін қылмыстық жауаптылыгы туралы міндетті түрде хабарланып, ескертілуі тиіс.
Мемлекеттік органның лауазымды адамының немесе ұйымда басқару функцияларын атқарын отырған адамның жасалған немесе дайындалып жатқан қылмыс туралы хабарламасы жазбаша беріліп, ресми түрде рәсімделуі тиіс. Мұндай хабарлама ұйымның бланкісіне жазылып, лауазымды жауапты адамның қолы қойылған соң мөрмен табылады. Заң, сонымен қатар, хабарлама көзінің құпиялылығы сақталатынын да ескертеді.
Қылмыстық іс қозғауға заңды лауазымды адамдар мен органдардың қылмыс туралы мәліметтерді тікелей анықтауы анықтау органының қызметкері, тергеуші, прокурор өздерінің лауазымдық міндеттерін атқару кезінде дайындалын жатқан немесе жасалған қылмысты көзімен көрген немесе қылмыстың ізін немесе салдарын ол жасалғаннан кейін бірден байқаған жағдайларда қылмыстық іс қозғауға себеп ретінде қарастырылады. Олар мұндай жағдайларда сезіктіні ұстап, кезек күттірмейтін тергеу әрекеттерін жүргізу шараларын қабылдауы тиіс. Сонымен, олардың қылмыстық іс қозғап, оны тергеуге кірісу құқығы бар.
Анықтау органы мен анықтаушы, тергеуші өздерінің қызмет бабындағы міндеттерін атқару кезінде немесе басқа қылмыс туралы іс бойынша анықтау немесе алдын ала тергеу ісін жүргізу барысында қылмыс туралы мәлімет ала алады. Қарастырылып отырған бұл себеп тергеу органдарының белсенді қызмет етуінен келіп туындайды, бұл жағдайда олар біреудің арызына, хабарламасына қарамастан, қылмыстың белгілерін өздері тауып, қылмыстық іс қозгау туралы мәселені шешеді.
Прокурор тергеу, анықтау, жедел іздестіру қызметінің заңдылығын қадағалау жөніндегі өзінің міндетін жүзеге асыра отырып, қылмыстық және азаматтық істерді сотта қарау үстінде қылмыс туралы мәліметтерді анықтауы және алуы мүмкін. Қылмыстық іс қозғауға түрткі болатын мұндай себептің прокурордың жеке және жеке-жариялы айыптау істері бойынша міндетіне де қатысы бар (ҚГЖК-нің 33, 34-баптары). Прокурорға жеке және жеке-жариялы айыптау істері бойынша жәбірленушінің шағымы болмаған кезде де іс қозғау құқығы берілетіні көрсетілген ҚІЖК-нің 33 және 34-баптарының 2-бөлігі осыған құқықтық негіз болады.
Қылмыстық іс қозғау себептерінің келтірілген тізбесі жеткілікті болып табылса да, заң сотты қылмыстық ізге түсу органдарынан оқшаулай отырып, ҚІЖК-нің 183-бабының 4-бөлігінде сот қылмыстық, азаматтық немесе әкімшілік істерді қарау кезінде қылмыстың белгілерін байқаса, мұндай мән-жайды жеке қаулымен прокурордың назарына жеткізуге міндетті.
Сонымен, сот қылмыстық іс қозғауға құқылы болмағандықтан, прокурор осы жеке қаулы бойынша шешім қабылдайтын болады. Прокурордың осы материал бойынша қылмыстық іс қозғау туралы шешімінің тек қылмыстық іс жүргізу маңызы болады, ал қылмыстың белгілерін анықтаған соттың қызметі іс жүзінде алғышарт болып табылады.
Қылмыстық іс қозғау туралы түпкілікті шешім қабылдау үшін қылмыстық іс қозғау себебінің болуы жеткіліксіз. Заңда қылмыстық іс қозғауға қылмыстық іс бойынша іс жүргізуді болдырмайтын мән-жайлар болмай, қылмыстың белгілерін көрсететін жеткілікті деректердің болуы негіз болып табылады деп айтылған (ҚІЖК-нің 177-бабының 2-бөлігі).
Бұл жағдайда әңгіме қылмыстық іс қозғау туралы мәселені дәлелді шешу үшін қажетті нақты мәліметтердің болуы мен қылмыстың белгілері туралы болып отыр. ҚІЖК-нің 177-бабында қылмыстық іс қозғау үшін қылмыс құрамының болуы қажеттігі туралы айтылмайды, тек қылмыстың белгілері туралы сөз болады.
Сонымен, қылмыстық іс қозғау үшін қылмыстың барлық белгісі емес, бір немесе бірнеше белгісінің болуы жеткілікті. Әдетте, тергеуге дейінгі тексеру барысында бірден қылмыс құрамының екі элементі —объективтік тарап пен объект анықталады. Олар қиылыс болды ма деген сұраққа жауап береді, өйткені бұлар жасалған қылмыстың көптеген мән-жайларын қамтиды. Қылмыстық іс қозғау туралы мәселені шешуге мағлұматтардың жеткіліктілігі тұрғысынан қарай отырып, тергеу органдары қылмысты кімнің жасағанын және кінәның қандай нысанда екенін үнемі біле бермейді. Қылмыс құрамының қалған элементтерін —қылмыстың субъекті мен субъективтік жағын анықтау андын ала тергеу сатысының міндетіне кіреді.
Қылмыстық іс қозғаудың негіздері туралы айтқанда, қылмыстың белгілері бар нақты мағлұматтардың ең аз мөлшерін жеткілікті мағлұматтар деп түсіну керектігін анықтау қажет.
Сонымен, қылмыстық ізге түсу органдарына мәлім болған белгілі бір оқиғада (фактіде) қылмыстың белгілері болмаса, онда қылмыстық іс қозғауға негіз де жоқ деген сез.
Қылмыстық іс қозғаудың себебі мен негізінің дұрыстығын көрсетуге бағытталған тергеуге дейінгі тексеруді жүргізгенде қылмыстық іс қозғау сатысында ол бойынша іс жүргізуге жол бермейтін мән-жайлардың бар-жоқтығын анықтау қажет.
Қылмыстық іс қозғауды болдырмайтын себептер мен мән-жайлар
Қылмыстық іс қозғау сатыларының мазмұны ол туралы қаулы шығарып, істі іс жүргізуге қабылдау жолымен осы мәселені шешуден ғана емес, бұған қоса, тиісті мән-жайлар болғанда қылмыстық іс қозғаудан бас тарту жөнінде балама шешім қабылдаудан да көрінеді (ҚІЖК-нің 185-бабының 1-бөлігі). Тергеуге дейінгі тексеру мәселесіне қылмыстық іс қозғаудың себептері мен негіздерінен басқа, қылмыстық іс қозғауды болдырмайтын мән-жайларды анықтау кіреді (ҚІЖК 177-бабының 2-бөлігі). ҚІЖК-нің 37-бабында аталған мән-жайлардың болуы негіздің қай сатыда анықталғанына қарамастан, қылмыстық істі қозғауға болмайтынын, ал қозғалған істің тоқтатылуға тиістігін көздейді. Іс бойынша іс жүргізуді болдырмайтын аталған мән-жайлардың ең болмағанда біреуінің анықталуы нәтижесінде туатын құқықтық салдардың бір мағыналылығы тұрғысынан қарағанда бұл негіздердің бәрінің бірдей іс жүргізу күші бар. Ендеше, бұл осы мән-жайлардың бірде-біреуінің басқалармен салыстырғанда азды-көпті маңызы болмайды деген сөз.
Қылмыстық іс қозғау үшін заңды себептер мен жеткілікті негіздердің жоқтығын осындай мән-жайлар деп түсінеміз. Қылмыстық іс қозғау сатысында қабылданатын екі негізгі іс жүргізу шешімдерін (қылмыстық іс қозғау немесе қылмыстық іс қозғаудан бас тарту туралы) қарастыруда олардың бірін-бірі жоққа шығаратынын атап айту керек.
Қылмыстық іс қозғаудан бас тарту дегеніміз —бұл қылмыстық ізге түсуді болдырмайтын мән-жайлардың толық сай келуін көздейтін материал бойынша қабылданатын түпкілікті шешім. Қылмыстық іс қозғау сатысында міндетті түрде анықталуға тиісті осындай мән-жайларды белгілеу қылмыстық іс қозғау немесе оны қозғаудан бас тарту туралы дер кезінде заңды және дәлелді шешім қабылдауға қажетті негіздерді анық өрі тез табуды қамтамасыз етеді.
ҚІЖК-нің 37-бабында көзделген, қылмыстық іс қозғауды болдырмайтын мән-жайларды қарастырайық.
Қылмыс оқигасының болмауы (ҚІЖК-нің 37-бабының 1-бөлігінің 1-тармағы) іс жүзінде нақты адамның қылмыстық әрекет жасамағанын және қылмыстық мінез-құлық көрсетпегенін білдіреді. Заңға сәйкес, қылмыс оқиғасының мәні жазалау шарасы арқылы заңмен тыйым салынған қоғамға қауіпті әрекет жасау болып табылады. Мұндай оқиғаның жоқтығы —қылмыстық іс қозғаудан бас тарту үшін даусыз мән-жай болады.
Тәжірибеде қылмыс оқиғасының жоқтығы тергеу барысында анықталатын, факті бойынша қылмыстық іс қозғалатын сөттер де болады. Мысалы, сот сараптамасының қорытындысы, адамның өлер алдыңда жазған қағазының мазмұны бойынша немесе басқа көздердің негізінде оның өзін-өзі өлтіргені анықталуы мүмкін, ойда болмаған көздейсоқ жағдайлардың, табиғат нәубетінің және т.с.с. салдарынан да адамның қаза табуы мүмкін. Осындай жағдайлардың бәрінде де қозғалған іс тоқтатылуы тиіс.
Қылмыс оқиғасының жоқтығына байланысты, қылмыстық істі тоқтату айыпталушыға қандай да келеңсіз салдар туғызбайтын ақтаушы негіз деп танылады.
Ақталуға жататын осындай негіздердің мәнін толық түсіну үшін ресми түсініктемелерге жүгінген жөн, оларда қылмыс құрамының жоқтығы нақты адамның жасаған әрекетінің өзі анықталғанымен, мынадай жағдайлардың салдарынан қылмыс болып табылмайтын реттерде істі тоқтату үшін негіз болып табылады: а) бұл әрекет қылмыстық заңда қылмыс ретінде көрсетілмеген; ә) мұндай ерекет қылмыстық заңда көзделген және ол іс жүзінде жасалғанымен, оны жасаған адамның қасақана немесе абайсыз істегенін көрсететін белгілер жоқ; б) әрекет қылмыстық заңда қылмыс ретінде көрсетшген, бірақ бұл әрекеттің қоғамға қауіпті және құқыққа қайшы келетін сипатын жоққа шығаратын мән-жайлар (мысалы, айыпталушы қажетті ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz