Қылмыстың түсінігіне маңызды ережелерін одан әрі дамыту жөніндегі ғылыми-теориялық негіздер ұсыну

Кіріспе

1. Қылмыстың түсінігі мен оның түрлері

1.1 Қылмыстың түсінігі мен оның түрлері
1.2 Қылмыстың басқа құқық бұзкшылықтардан айырмашылығы
1.3 Қылмыстық жауаптылық түсінігі мен негіздері
1.4 Қылмыстық.құқықтық қатынастар

2. Қылмыстың белгілері мен санаттары
2.1 Қылмыстың белгілері
2.2 Қылмыс санаттары
2.3 Қылмыс құрамының түсінігі және элементтері
2.4 Қылмыс құрамының түрлері және қылмыстарды дәрежелеу

Қорытынды
Қазіргі уақытта құқық мәселелерінің бірінші кезекке шығуы - елімізде рухани мәдениеттілік пен өнегеліктің елеулі өзгерістерге ұшырап отырғанына байланысты. Бұл процестің маңызы әсіресе Қазақстан Республикасы құқықтық және демократиялық мемлекет құру жолында арта түседі, себебі демократиялық мемлекетте азаматтардың саяси, әлеуметтік-экономикалық мәселелерді шешуіне қатысуы нақты сипатқа ие болады.
Сондықтан құқықтық қоғам құруға бет бұрып келе жатқан тәуелсіз мемлекет тұрғысынан нақты жағдайын ескеруіміз қажет.
Қазақстан Республикасының Үкіметінің қабылданған 2003-2004 жылдарға арналған құқық бұзушылықтардың алдын алу мен қылмыстылықпен күрес Бағдарламасында: «Құқық қорғау органдары мен жергілікті атқару органдарының қабылдап жатқан шараларына қарамастан қылмыстылықпен күрес жүйесінде соңғы жылдары терең өзгеріс байқалмайды».
Өкінішке орай, республикамызда әлі де болса азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын бағаламау көріністері орын алып отыр. Осы келеңсіз жағдайлар азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау мәселелеріне үлкен зиянын келтіретіні сөзсіз. Сондықтан, әсересе сотқа дейінгі өндірісте азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауды күшейту қажет.
Қылмыс қоғамға қауіпті, қылмыстық заңға қайшы, кінәлі түрде істейтін және Қылмыстық жазамен жазалауға іс-әрекет. Қолданылып жүрген қылмыстық заңға сәйкес қылмыстық белгілері осы айтылған төрт белгіден құралады.
Ал Қылмыстық Кодексте қылмыстың белгісіне: қоғамға қауіптілік, қылмыстық заңға қайшылық, кінәлілік және жазаланушылық жүреді деп көрсетілген. Өйткені, қылмыстық ұғымы жазадан кең ұғым. қылмыстың барлығына бірдей жаза қолданыла берілмеуі де мүмкін. Өйткені, жаңа Кодексте қылмыстық жаза болып табылмайтын қоғамдық ықпал ету шараларында кең орын берілген.
1. Ағыбаев А.А Қылмыстық құқық. Жалпы бөлім. Алматы, 1999
2. Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексі. 16 шілде 1997ж. өзгертулер мен толық. қоса.
3. Сахаров А.Б. Личность преступника и причины преступности в СССР. М., 1960г.
4. Ашитов З.О. Вопросы дальнейшего укрепления сойиалистической законности. – Алма – Ата: Казахстан, 1976
5. Крылова Н.Е., Серебренникова А.В. Уголовное право современных зарубежных стран. М., 1997г.
6. Уголовное право РК. Общая часть, Алматы. 1998г.
7. Курс уголовного права. Под ред Н.Ф.Кузнецовой. Т. 1. М., 1999г.
8. Уголовное право. Общая часть. Под ред. В.Н.Петрашева. М., 1999г.
9. Беляев Н.А Уголовно – правовая политика и пути ее реализации. Л., 1986
10. Уголовное право. Общая часть. Под ред. И.Я.Козаченко и З.А.Незнамовой. М., 1997г.
11. А.А. Герцензон. Уголовное право. Общая часть
12. Джекебаев У.С. О социально-психологических аспектах преступного поведения. Алматы. 1971.
13. Кайржанов Е.И. Криминология. Общая часть. Алматы. 2000.
14. А.Х. Миндагулов. Личность преступника. Алматы. 2003.
15. Ещанов А.Ш. О некоторых аспектах предупреждения преступности несовершеннелетних в РК. Предупреждения преступности.
16. Резник Г.М. Криминологическая профилактика и социальное планирование. В Кн.: Вопросы борьбы с преступностью. Вып. 31., м. 1979, Блувштейн Ю.Д. Понятие личности преступника. Советское государства и право. 1979, Лившиц Ю. Личность общественной порядок. Таллин, 1975.
17. Леонтьев А.Н. Деятельность. Сознание. Личность. М., 1977.
18. Долгова А.И. Теоретические проблемы криминологии как наука // предупреждение преступности. 2001.
19. Гернет М.Н. Избр. Произв. М., 1974.
20. Антонян ю.М. изучение личности преступника. М., 1982.
21. Жұмағали А.Қ., Криминоглогия. Жалпы бөлім. Алматы., 2003
22. И. Корзун. Феномен женской преступности. Фемида, 2002.№ 1, с. 65-68.
23. Э.С. Тенгов. Уголовный закон и преступление. Иваново, 1997.
24. А.С. Шляппогинов. Толкование уголовного закона. М., 1960г.
25. Коган М.С., Человеческая деятельность. М., 1924.
26. Блувштейн Ю.Д., Яковлев А.М., Ввендение в курс криминологии. Минск. 1983
27. Криминоголия. Учебник. /под.ред. академик. В.Н. Кудрявцева. Профф. В.Э.Эминова. М., 1995.
28. Криминология. Учебник пособие. М., Зеркало. 1996.
29. Курс уголовного права. Общая часть. Т.1. м., 1999.
30. Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексіне түсінік. Алматы., 2001ж.
31. Ағыбаев А.Н., Қылмыстық құқық. Ерекше бөлім: -Алматы: Жеті Жарғы. 2000. -520 б.
32. Қазақстан Республикасының Конституциясы. Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 7 қазандағы №284-1 заңымен өзгерістер мен толықтырулар енгізілген ресми мәтін. – Алматы: Жеті жарғы, 2002.
33. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет туралы Қазақстан Республикасының 1999 жылығы 23 шілдедегі №453-1 Заңы.
34. Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздігі туралы. Қазақстан Республикасының Заңы 1998 жылғы 26 маусым №233-1 Заңы.
35. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы. Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 2 шілдедегі № 267-1 Заңы.
36. Прокоратура туралы. Қазақстан Респубилкасының заңы 1995 жылғы 21 желтоқсандағы №2709.

Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 38 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны

Кіріспе
1. Қылмыстың түсінігі мен оның түрлері

1.1 Қылмыстың түсінігі мен оның түрлері
1.2 Қылмыстың басқа құқық бұзкшылықтардан айырмашылығы
1.3 Қылмыстық жауаптылық түсінігі мен негіздері
1.4 Қылмыстық-құқықтық қатынастар

2. Қылмыстың белгілері мен санаттары
2.1 Қылмыстың белгілері
2.2 Қылмыс санаттары
2.3 Қылмыс құрамының түсінігі және элементтері
2.4 Қылмыс құрамының түрлері және қылмыстарды дәрежелеу

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Кіріспе

Қазіргі уақытта құқық мәселелерінің бірінші кезекке шығуы -
елімізде рухани мәдениеттілік пен өнегеліктің елеулі өзгерістерге ұшырап
отырғанына байланысты. Бұл процестің маңызы әсіресе Қазақстан Республикасы
құқықтық және демократиялық мемлекет құру жолында арта түседі, себебі
демократиялық мемлекетте азаматтардың саяси, әлеуметтік-экономикалық
мәселелерді шешуіне қатысуы нақты сипатқа ие болады.
Сондықтан құқықтық қоғам құруға бет бұрып келе жатқан тәуелсіз
мемлекет тұрғысынан нақты жағдайын ескеруіміз қажет.
Қазақстан Республикасының Үкіметінің қабылданған 2003-2004 жылдарға
арналған құқық бұзушылықтардың алдын алу мен қылмыстылықпен күрес
Бағдарламасында: Құқық қорғау органдары мен жергілікті атқару органдарының
қабылдап жатқан шараларына қарамастан қылмыстылықпен күрес жүйесінде соңғы
жылдары терең өзгеріс байқалмайды.
Өкінішке орай, республикамызда әлі де болса азаматтардың
құқықтары мен бостандықтарын бағаламау көріністері орын алып отыр. Осы
келеңсіз жағдайлар азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау
мәселелеріне үлкен зиянын келтіретіні сөзсіз. Сондықтан, әсересе сотқа
дейінгі өндірісте азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауды
күшейту қажет.
Қылмыс қоғамға қауіпті, қылмыстық заңға қайшы, кінәлі түрде істейтін
және Қылмыстық жазамен жазалауға іс-әрекет. Қолданылып жүрген қылмыстық
заңға сәйкес қылмыстық белгілері осы айтылған төрт белгіден құралады.
Ал Қылмыстық Кодексте қылмыстың белгісіне: қоғамға қауіптілік,
қылмыстық заңға қайшылық, кінәлілік және жазаланушылық жүреді деп
көрсетілген. Өйткені, қылмыстық ұғымы жазадан кең ұғым. қылмыстың барлығына
бірдей жаза қолданыла берілмеуі де мүмкін. Өйткені, жаңа Кодексте қылмыстық
жаза болып табылмайтын қоғамдық ықпал ету шараларында кең орын берілген.

Зерттеудің басты мақсаты мен міндеттері қылмыстың түсінігіне маңызды
ережелерін одан әрі дамыту жөніндегі ғылыми-теориялық негіздер ұсыну, соның
нәтижесінде жетілдіру бағытындағы ғылыми-тәжірибелік тұжырымдарды негіздеу,
тиімді жолдарын анықтау.

Бұл жұмыстағы басты ой - қылмыс заңдылық ұғым бола отырып, қоғамдық
өмірдегі белгілі бір құбылыс ретінде қоғамның өзімен тығыз байланыста
болатынын, содан негіз алатындығын айту.
Мұнда алғашқыда қылмыс нақтылы жасалған объективті өмірдегі адамның іс-
әрекеті ретінде анықталады.

1ҚЫЛМЫСТЫҢ ЖАЛПЫ СИПАТТАМАСЫ
1.1 Қылмыстың түсінігі мен оның түрлері

Жеке адам мен қоғам арасындағы қақтығыстардың қайсысының қоғамға
қауіптілік дәрежесінің басым екендігін анықтау және оған осы мәселеде
қылмыстық құқылық шараларды қолдану арқылы осы қатынастарды реттеу —
қылмыстық заңның негізгі міндеттерінің бірі болып табылады. Қылмыс әр
уақытта да белгілі бір іс-әрекеттін (әрекет немесе әрекетсіздіктің)
көрінісі болып табылады. Заң шығарушы осындай тұжырымдарға келе отырып,
қылмыстын әр уақытта да адамның нақты іс-әрекетінің, мінез-құлқының сыртқа
шыққан көрінісі екенін атап көрсетеді.
Адамның құқыққа қайшы мінез-құлқы белсенді әрекет күйінде немесе
әрекетсіздік күйде болуы мүмкін. Бұл жерде әрекет дегеніміз адамның
қылмыстық заң тыйым салған нәрселерді істеуі, ал әрекетсіздік дегеніміз
адамның заң, нормативтік актілер, нұскаулар немесе арнаулы жарлықтар,
бұйрықтар бойынша өзіне жүктелген міндетін орындамауы болып табылады.
Адамның қылмысқа қайшы немесе оған қайшы емес мінез-құлқы онын ойлау
жүйелері арқылы, содан соң белгілі бір іс-әрекеттер арқылы көрініс береді.
Ондай нақты іс-әрекеттер арқылы көрініс таппаған жүзеге аспаған ойлар,
пікірлер соншалықты қатерлі болғанына қарамастан, қылмыс болып табылмайды.
Белгілі бір іс-әрекет арқылы жүзеге асырылмаған адамнын ниет-мақсаттары
қоғамға қауіп туғызбайтындықтан қылмыстық құқық реттеу саласына жатпайды.
Қылмыстық құқық ғылымында бұл мәселе туралы бірауыздан осылай тұжырым
жасалған .
Қылмыс құқылық құбылыс ретінде осы құбылыстын мәнді жақтарын
бейнелейтін белгілі бір белгілермен сипатталады. Қолданылып жүрген
қылмыстық заңға сәйкес қылмыстың түсінігі заңның өзінде көрсетіледі.
Бұрыңғы кеңестік жүйеде қылмыстың ұғымы алғаш рет 19191 жылы РСФСР-дың
Қылмыстық құқық жөніндегі басшылық негіздерінде (5-бап); Қылмыстық
құқықпен қорғалатын қоғамдық қатынастар тәртібін бұзушылық қылмыс деп
танылады делінген. РСФСР-дың 1922 жылғы Қылмыс кодексінде Қылмыс дегеніміз
кез-келген қоғамға қауіпті әрекет немесе әрекетсіздік деген ұғыммен
тұжырымдалады.
1924 жылы КСРО және одақтас республикалардын қылмыстық заңдарының
негізгі бастамаларында қылмыс туралы ұғым арнаған бап болған жоқ. 1926
жылғы РСФСР Қылмыстық кодексінде қылмыс дегеніміз қоғамға қауіпті іс-
әрекет деп көрсетіледі (1 -бап). Бұл жерде кеңестік құрылысқа немесе құқық
тәртібіне бағытталған әрекет немесе әрекетсіздік қоғамға кауіпті деп
жарияланды. КСРО және одақтас республикалардың 1958 жылғы қылмыстық
заңдардың негізінде Қылмыстық заңда көзделген, оның саяси және
экономикалық жүйелеріне, социалистік меншігіне, азаматтардың жеке басына,
саяси, еңбек, мүліктік және басқа да құқықтары мен бостандықтарына қиянат
жасайтын қоғамдық қауіпті іс-әрекет (әрекет немесе әрекетсіздік), сондай-ақ
социалистік құқыіқ тәртібіне қиянат жасайтын қылмыстық заңда көзделген
қоғамдық кауіпті іс-әрекет қылмыс деп табылады делінген. Дәл осындай
анықтама бұрынғы Одаққа кірген барлык республикалардың, оның ішінде 1959
жылы 22 шілдеде қабылданған Қазақ КСР Қылмыстық кодексінде де (7-бап)
берілді. 1997 жылы жаңа Қылмыстық кодекс қабылданды. Осы Кодексте
өмірімізде, қоғамда орын алған елеулі әлеуметтік-экономикалық, саяси
өзгерістерге сәйкес қылмыстың жана ұғымы берілген. Онда жазалау қатерімен
тыйым салынған айыпты қоғамға қауіпті әрекет (іс-әрекет немесе
әрекетсіздік) қылмыс деп танылады делінген (9-бап). Осы анықтамадан
қылмыстық құқыққа қайшылық қоғамға қауіптілік, кінәлілік, жазаланушылық
қылмыстың белгілері екендігі көрініп тұр.
Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексі ерекше бөлімінің тиісті
баптарының диспозицияларында жекеленген қылмыс құрамдары арнаулы
көрсетілген. Қылмыстық құқықта қылмыстың осы нақты құрамдарына қарсы іс-
әрекет істеуді құқыққа қайшылықпен атау қалыптаскан.
1960 жылға дейінгі қолданылған Қылмыстық кодекстерде ұқсастығы бойынша
яғни, қылмыстық заң нормасында әдейі көрсетілмеген іс-әрекеттерге де сонда
көрсетілген соған ұқсас, жақын нормаларды қолдануға жол берілген еді. Мұның
өзі заңды бұзуға және осы мәселеде бейберекетсіздікке кетушілікке әкеліп
соқтырды. Қазақстан Республикасының 1995 жылғы жаңа Конституциясында,
осыған орай жаңа Қылмыстық кодексте қылмыстық заңды ұқсастығы бойынша
қолдануға жол берілмейді делінген.
Адамның қылмыстық құқылық норма тыйым салған іс-әрекеттерді істеуін
қылмыстық құқыққа қайшылық деп атаймыз.
Адамның қылмыстық заң тыйым салмаған, осы заңда көрсетілмеген іс-
әрекеттерді істеуін қылмыс қатарына жатқызуға болмайды. Тек заң шығарушы
ғана белгілі бір іс-әрекетті қылмыс қатарына жатқызуға мүмкіндік беретін
онын мәнді белгілерін анықтайды. Қылмыстық құқыққа қайшылықтың міндетті
белгісі болып осы заңда көрсетілген іс-әрекетті істеген жағдайда накты
нормада көрсетілген қылмыстық құқылык санкция белгілеген жазаңын. белгілі
бір түрінің тағайындалуы болып табылады. Іс-әрекеттің қылмыстық құқықка
қайшылығын белгілеген тиісті заңның жарияланған уақытынан бастап ондай іс-
әрекеттер қылмыс қатарына жатады. Мұндай ретте мемлекет осындай іс-
әрекеттер мен қылмыстық құқылық норма арқылы күрес жүргізуге мүмкіндік
алады. Керісінше, белгіленген тәртіппен күш жойылған қылмыстық-құқылық
норма қылмыс қатарынан шығарылады. Ондай іс-әрекеттер қылмыс деп
саналмайды. Мысалы: елімізде нарықтық қатынастардың дамуына байланысты
Қылмыстық кодекстен алыпсатарлық деген қылмыс құрамы қатарынан алынып
тасталды. Бұрын қылмыс қатарында жоқ жалған банкроттық, табысты жасыру,
салық төлемегені үшін қылмыстық жауаптылықты белгілейтін көптеген жаңа
нормалар пайда болды.
Қылмыстың негізгі сапалық белгісі оның қоғамға қауіптілігі болып
табылады. Бұл белгі қылмыстың материалдық мәнін білдірумен бірге не себепті
осы немесе басқадай іс-әрекеттер қылмыс болып табылатынын түсіндіреді.
Қоғамға қауіптілік белгісінің болуынын, өзі іс-әрекеттің қоғамдық
қатынастарға зиян келтіруін немесе зиян келтіру қаупін туғызатынын
білдіреді. Қоғамға қауіптілік — қылмыстың объективтік белгісі. Ол заң
шығарушының санасына және еркіне байланыссыз қоғамдық қатынастарға зиян
келтіреді және өзінің ішкі мәні жөнінен қоғамның бір қалыпты өмір сүру
шарттарына қайшы болады. Заң шығарушының міндеті сол кезенде, дәуірде,
қоғамның өмір сүру жағдайларын дұрыс бағалап, осыған байланысты іс-
әрекеттің қайсысының қылмыс қатарына жататыны туралы шешім қабылдау болып
табылады.
Қылмыстық кодекстің 2-6абында қоғамға қауіптіліктің сипаттамасы
қылмыстық заңда көзделген адам мен азаматтың құқықтарына, бостандықтары мен
заңды мүдделеріне, ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделеріне, қоғамдық
тәртіп пен қауіпсіздікке, табиғи ортаға т.б. қиянат жасап қол сұғатын
қылмыс объектілерін тізбектеп көрсету арқылы берілген. Бірақта қоғамда
қауіптілік қылмыс қол сұғатын объектілерді көрсету арқылы ғана
тұжырымдалмайды. Бұл қылмыстың қоғамға қауіптілігін сипаттайтын мәнді
жақтарының бірі ғана.
Қоғамға қауіптілік қоғамға зиянды іс-әрекеттің өзінің тікелей
ерекшелігіне, оны істеу уақыты, орны, тәсілі, жағдайыма байланысты болуы
мүмкін. Мысалы: тиісті рұқсат етілмеген немесе тыйым салынған жерлерде
(ерекше қорғалатын табиғи аумақтар төтенше экологиялық аймақтар) не тыйым
салынған құстар мен аңдарға қатысты аң ауланса, ол заңсыз болып табылады
(288-бап 1-бөлігі). Төтенше жағдайлар кезінде тыйым салынған ереуілге
басшылық жасау, кәсіпорынның, ұйымның жұмысына кедергі келтіру қылмыс болып
табылады (335-бап). Іс-әрекет арқылы келтірілген немесе келтірілуі мүмкін
зиян қоғамға қауіптіліктің көлемін айқындайтын негізгі бір белгі болып
табылады. Кейбір іс-әрекеттер әрекет немесе әрекетсіздіктің істелген
уақыттан бастап, өзінің қандай зиян келтірілгеніне қарамастан, қоғамға
қауіпті болады. Басқалары қылмыстық заңда көрсетілген зардаптар болған
жағдайда ғана қоғамға қауіптілік сипатына ие болады. Іс-әрекеттің қоғамға
қауіпті және қылмыс қатарына жатқызуға мүмкіндік беретін зардаптың
сипаттамасын заң шығарушы әр түрлі етіп бейнелеуі мүмкін. Кейбір реттерде
қылмыстың зардабы қылмыстық заңның өзінде дәлме-дәл көрсетіледі. Мысалы,
денеге жарақат салу, материалдық залал келтіру, ауыр зардаптың болуы т. б.
Келтірілген дене жарақатының ауырлығына орай денсаулыққа қасақана ауыр
зиян келтіру (103-бап) денсаулыққа қасақана орташа ауырлықтағы зиян келтіру
(104-бап), денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіру (105-бап) болып
белінеді. Басқа жағдайларда, зардаптың әр түрлі болып келетіндігін ескеріп,
заң шығарушы оның бәрін нақтылап жатпайды, оларды зиян келтіру (142-бап),
ірі мөлшер (175-бап), ауыр зардап келтіру (181-бап, 3-бөлігі, б тармағы,
т. б. деп жалпылама береді. Мұндай жағдайларда зардаптың осы көрсетілген
мөлшерін анықтау нақты жағдайларда орындалған фактіге байланысты шешіледі.
Қылмыстың қоғамға қауіптілігі қылмыстық ниет және мақсат сияқты оның
белгілеріне де байланысты. Мысалы, қылмыстық іс қозғау мақсатымен қылмыс
істелді деп көрінеу өтірік хабарлау. Егер мұндай іс-әрекетті пайда қорлық
мақсатпен істесе хабарлау әрекеті күшейтілген қылмыс түрі болып табылады.
Кейбір реттерле қоғамға қауіптілік іс-әрекетті істеген адамның ерекшелігіне
де байланысты анықталады. Қайсыбір іс-әрекеттер оны істеген адамның
жәбірленушімен ерекше қатынаста болуына байланысты қылмыс деп танылады.
Мысалы, айыптының материалдық жөнінен немесе басқа реттен тәуелді адамға
қатал қарауы, қудалауы немесе қорлауы салдарынан жәбірленушінің өзін-өзі
өлтіру халіне жеткізілуі (102-бап). Кейде субъектінің ерекше жағдайы
қылмыстың қоғамға зияндылығын үдетеді. Мысалы: жауапты мемлекеттік
Қызметтегі лауазымды адамның пара алуы (311-бап, 3-бөлігі).
Қылмыстық құқык ғылымы қоғамға қауіптіліктің сапалық және сандық
жақтарын бөліп қарайды. Қылмыстық кодекстін 52-бабында жаза тағайындаудың
жалпы негіздерін анықтай отырып, сот жазаны тағайындауда істелген қылмыстың
сипатын және қоғамға қауіптілік дәрежесін есепке алу қажеттігін көрсетеді.
Мұның өзі қылмыстың сипатын қылмыстық сапалық ал дәрежесін — сандық
сипаттамасы деп түсінуді білдіреді. Сипатына қарай қоғамға кауіптілік
экономикалық және зорлык қылмыстары, касақана және абайсыздық, жеке адамға,
меншікке карсы қылмыстар болып бөлінеді. Қоғамға қауіптілік сипаты
қылмыстың объектісі бойынша анықталады. Объектілердің тізбегі Қылмыстық
кодекстің 52-бабында керсетілген, Қылмыстық кодекстің ерекше бөлімі топтық
объектілері белгілері бойынша тарауларға бөлінеді. Яғни, Қылмыстық
кодекстің Ерекше бөлімінің, жүйелері топтық объектілерінің маңыздылығына
қарай рет-ретімен орналасқан. Қоғамға қауіптіліктің сипатының тағы бір
көрсеткіші келтірілген зиян болып табылады. Материалдык, моральдық зиян күш
қолдану, қорқыту арқылы келтіріледі. Келтірілген залалға байланысты қылмыс
қоғамға кауіптілік сипатына қарай мүліктік, ұйымдастырушылық, жалпыға
қауіпті және зорлықпен жасалатын қылмыстар деп бөлінеді. Қоғамға қауіптілік
сипаты одан әрі кінәнің нысандары арқылы анықталады. Қасақаналыкпен жаса-
латын қылмыстардың абайсыздыкпен істелетін қылмыстарға қарағанда қоғамға
қауілтілік сипаты едәуір ауыр. Мысалы, кісіні ауырлататын жағдайда қасақана
өлтіргені үшін 10 жылдан 20 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан
айыруға не мүлкін тәркілеу арқылы немесе онсыз өлім жазасына, не мүлкін
теркілеу арқылы немесеонсыз емір бойы бас бостандығынан айыруға жа-заланады
(9б-бап, 2-бөлігі), ал абайсызда кісі олтіру (101-бап, 1-бөлігі) үш
жылғадейінгімерзімгебасбостандығына найыруіа жазаланады. Кінәнің нысандарын
анықтау қылмыстын қоғамі а қауіптілігінің сипатын осылай белгілеуде манызды
роль аткара-ды. Қылмьтстын қоғамға кауіптілігінің сандык жағын анықтағаі І-
да кептеген факторларды еске алу қажет. Мұндай ретте келтірілген зардаптың
ауырлығын (аса кәп мөлшерде, кеп, едәу ір мелшерде) қылмыстық істің
ерекшеліктеріне (аякталған немссс аяқталмаған қылмыс) қылмысты жеке немесе
бірлесіп қатькч аркьшы істеу, қылмыс істегендекандайтөсіл колданылды,
кінәнің сипатын (ниет, максат) қылмыстың субъектісінің ерекшелігіне іс-
әрекеттің істелу уақытына, жағдайына баса назар аудару керек. Мысалы,
денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтірудін (103-бап) денсаулыққа қасақана
орташа ауырлықтағы (104-бап) немесе жеңіл (105-бап) дәрежеде қасақана зиян
келтіруден қоғамға қауіптілік дәрежесі едәуір жоғары. Қарақшылықтың (179—2)
ұрлықтан (175-бап) дәрежесі жағынан қоғамға қауіптілігі жоғары. Өйткені
шабуыл жасап, қарақшылық жасап тонағанда бөтеннің мүлкін иемдену мақсатымен
кауіпті тәсіл шабуылға ұшыраған адамның өміріне немесе денсаулығына күш
жұмсаумен ұштастырылады.
Қылмыстың қоғамға қауіптілік дәрежесі қылмыстық заңда көрсетілген
санкция бойьшада анықталады. Мәні жөнінен екі қылмыстың қоғамға кауіптілік
дәрежесін анықтау, сол қылмыста берілген белгіленген санклдяларды салыстыру
қажет. Ауырырақ жаза белгіленген қылмыс түрінің қоғамға кауіптілігі
дәрежесі де жоғары болып табылады. Қылмыстың қоғамға кауіптілік дәрежесі
бойынша қоғамға қауіптілік сипаты бірдей қылмыстарды бір-бірінен ажыратуға
болады.
Қылмыстың тағы бір белгісі кінә болып табылады. Яғни, бұл жерде заң
қорғайтын объектілерге әрекет немесе әрекетсіздік арқылы кінәлі түрде
қасақаналык немесе абайсыздыкпен қол сұғушылык туралы әңгіме болып тұр.
Қылмыстық жауапқа және жазаға тек қана қылмыс істегені үшін, яғни
қылмыстық заңда көрсетілген, қоғамға кауіпті іс-әрекетті қасақана немесе
абайсыздықпен істеген адам ғана тартылады. Кінәсіз қылмыстық жауаптылық
туралы сөз болуы мүмкін емес. Кінәнің нысандары қылмыстық заңда қасақаналык
(тікелей немесе жанама), абайсыздық (менмендік немесе не-мұрайдылық) болып
түрлерге бөлінеді. Тікелей немесе жанама ниетпен жасалған әрекет қасақана
жасалған қылмыс деп танылады.
Егер адам өз іс-әрекетінің (әрекетсіздігінің) қоғамға қауіпті екенін
ұғынып, оның қоғамдык қауіпті зардаптары болуының мүмкін екенін немесе
болмай қоймайтынын алдын ала білсе және осы зардаптардың болуын тілесе,
қылмыс тікелей ниетпен жасалған қылмыс деп танылады.

ұтынып, оның қоғамдық қауіпті зардаптары болуы мүмкін екенін алдын ала
білсе, осы зардаптардың болуын тілемесе де оған саналы түрде жол берсе, не
бұғаң немқұрайды қараса, қылмыс жағдай жасалған деп танылады (20-бап).
Менмендікпен немесе немқұрайдылықпен жасалған әрекет абайсызда
жасалған қылмыс деп танылады.
Егер адам өз іс-әрекетінің (әрекетсіздігінің) қоғамға қауіп туғызуы
мүмкін екенін алдын ала білсе, бірак бұл зардаптарды жеткілікті негіздерсіз
жеңілтектікпен болғызбау мүмкіндігімен сенсе, қылмыс менмендікпен жасалған
қылмыс деп танылады.
Егер адам қажетті ұқыптылық пен сақтық болғанда ол зардаптарды болжап
білуге тиіс және болжап біле алатын бола түра өз іс-әрекетінін
(әрекетсіздігінін) қоғамдық қауіпті зардаптарының болуы мүмкін екенін
болжап білмесе, қылмыс немқұрайдылықпен жасалған қылмыс деп танылады (21-
бап).
Қылмыстың зардабы қаншалықты ауыр болғанына қарамастан, егер оны
істеген адамның іс-әрекетінде кінәнiң белгілі бір түрі болмаса, ол
қылмыстық жауапқа да, жазаға да тартылмайды.
Кінәсіз қылмыс та, жаза да жоқ.
Қылмыстың тағы бір міндетті белгілерінің бірі қылмыстық жолмен
жазаланушылық болып табылады. Өйткені, қылмыс дегеннің өзі, қылмыстық заң
жазамен қорқытып тыйым салған әрекет немесе әрекетсіздік болып табылады.
Мұның өзі қылмыс құраш туралы сипаттама басқадай құқылық актілерде емес,
тек қылмыстық заңда ғана көрсетілетіндігін және осы іс-әрекет үш ін
қылмыстық заңның санкциясында жазалау қатері қарастырылатын көрсетеді. Бұл
жерде нақты істелген қылмыс үшін қолданылатын жаза мен қылмыстық құқық
нормасынын санкциясында көрсетілген жазалау қатері, жазалау мүмкіндігі
туралы түсініктерді шатастыруға болмайды. Жазалау қатерімен қорқытып тыйым
салу қылмыстың белгісі болып табылады. Нақты қылмыс істеген адамға жаза
тағайындамау немесе оны қылмыстық жауаптылықтан және жазадан босатып, оған
қоғамдык ықпал ету шараларын қолданғанда, онын іс-әрекеті қылмыс қатарынан
шығып қалмаңды. Өйткені, жазалаушылық қылмыстың белгісі ретінде істелген
әрбір қылмыс үшін жаза тағайындалуы мүмкін екендігін, сол себепті-қылмыстық
заңға қайшы іс-әрекеттерлі істеуге жазалау қатері тыйым салады. Нақты
өмірде қылмыс істелгенімен, егер ол ашылмай қалса оған жаза тағайындалмай
қалады. Кейде қылмыс ашылғанымен, сот ондай қылмыска заң да белгіленген
негіздермен жаза тағайындауды қолданбауы да мүмкін. Демек, қылмысты жазалау
қатерімен тыйым салу қылмыстың белгісі, ал жаза тағайындау немесе
тағайындамау іс-әрекеттің зардабының көрінісі болып табылады.
Сонымен, біз қылмыстың қоғамға кауіпті, кінәлі құқыққа қайшы және
жазалаушылық сияқты қажетті белгілері бар екендігін әсте естен шығармауымыз
керек. Осы белгілер арқылы қылмысты іс-әрекетті басқа да құқык бұзушылықтан
ажыратамыз.

2.1 Қылмыстың белгілері

Қылмыс ұғымына 3 тарау берілген жалпы анықтама ол заңдық абстракция,
және де нақтылай жоқ нәрсе. Бүл ұғымда барлық қылмыстарға төн нышандар
болады. Бірақ жалпы қылмыс жасауға болмайды. Тек нақты қылмыс қана (кісі
өлтіру, ұрлау, тонау, т.б.) жасалынады, сол үшін жазаланады. Бүл
қылмыстардың әрқайсысына тән нышандар Қылмыстық Кодекстің Жалпы бөліміндегі
тиісті баптарда айтылған.
Қандай да бір жасалған әрекетте қылмыс қүрамының бар-жоғы туралы
мәселені шешу үшін сол әрекетті жасаған адамды қылмыстық жауапқа тартуға
негіз болатын мән-жайлардың белгілі бір жиынтығын анықтау қажет. ҚК-тің 3
бабына сәйкес осы Кодексте көзделген қылмыс қүрамының барлық белгілері бар
әрекеті қылмыстық жауаптьыықтың бірден-бір негізі болып табылады.
Жасалған әрекетті қылмыс деп тану үшін оны қылмыстық зак нормаларында
бекітілген тиісті қылмыстық қүрамдарымен салыстыру қажет.
Нақты қоғамға қауіпті әрекетті қылмыс ретінде сипаттайтын қылмыстық
заңда белгілеген объективтік және субъективтік нышандардың жиынтығын
қылмыстық занда қылмыс қүрамы деп атау қабылданған.
Қылмыс пен қылмыс қүрамы өзара ұқсас, бірақ бірдей үғым емес. Қылмыс
нақты адамның іс жүзінде жасаған нақты әрекет немесе әрекетсіздігі, ол
көптеген өзіне тән нышандармен сипатталады. Ал қьшмыс қүрамы қандай да бір
қьшмыстық әрекеттп өзіне тән белгілерін ғана анықтайтын нормативтік санат.
Қылмыс қүрамының маңызына осы түрғыдан түсінік бере аламыз. Егер қылмысты
жасау қьшмыстық жауаптылыққа тартуға іc жүзінде негіздеме бола алса, қылмыс
қүрамы оның заң жүзіндегі негіздемесі. Бүл екі негіздеме өзара байланысты,
екеуі бір бүтінді қүрайды; қылмыс қүрамы заң бойынша анықталмаса қоғамға
қауіпті әрекет қылмыс болып саналмайды, қандай да бір қылмыс қүрамының
нышандарының болуы, егер жасалған әрекетте осы нышандар болмаса, қылмыстық
жауапқа тартуға негіз бола алмайды. Сондықтан да, жалпы ҚК-тің 3 бабына
сәйкес, заң шығарушы да теория да, практика да қылмыстық Занда
қарастырылған қылмыс қүрамының барлық нышандары бар қоғамға қауіпті
әрекетті ғана бірден бір қылмыстық жауаптылық деп қарастырады. Бүл
дегеніміз, қандай да бір басқа мән-жайлар (сол субъектінің жеке басын
сипаттайтын деректер, жасалған әрекеттің саяси маңызы т.б.) қылмыстық
жауаптылыққа негіздеме бола алмайды.
Мүндай негіздеме болмаса қылмыстық жауаптылық жайында сөз де болуға
тиіс емес, егер адам, өзінің жасаған әрекетінде қылмыс қүрамы болмаса да
қудалауға түссе, қылмыс қүрамының жоқ екендігі қай кезде анықталса, сол
уақыттан бастап қудалау мүлде тоқтатылуға тиіс.
Қылмыстық құқықтағы негізгі мәселелердің бірі қылмысты 11 ұғымын
анықтау болып табылады. Жеке адам мен қоғам арасындағы қақтығыстардың
қайсысының қоғамға қауіптілік дәрежесінің басым екендігін анықтау және оған
осы мәселеде қылмыстық құқылық шараларды қолдану арқылы осы қатынастарды
реттеу — қылмыстық заңның негізгі міндеттерінің бірі болып табылады. Қылмыс
әр уақытта да белгілі бір іс-әрекеттін (әрекет немесе әрекетсіздіктің)
көрінісі болып табылады. Заң шығарушы осындай тұжырымдарға келе отырып,
қылмыстын әр уақытта да адамның нақты іс-әрекетінің, мінез-құлқының сыртқа
шыққан көрінісі екенін атап көрсетеді.
Адамның құқыққа қайшы мінез-құлқы белсенді әрекет күйінде немесе
әрекетсіздік күйде болуы мүмкін. Бұл жерде әрекет дегеніміз адамның
қылмыстық заң тыйым салған нәрселерді істеуі, ал әрекетсіздік дегеніміз
адамның заң, нормативтік актілер, нұскаулар немесе арнаулы жарлықтар,
бұйрықтар бойынша өзіне жүктелген міндетін орындамауы болып табылады.
Адамның қылмысқа қайшы немесе оған қайшы емес мінез-құлқы онын ойлау
жүйелері арқылы, содан соң белгілі бір іс-әрекеттер арқылы көрініс береді.
Ондай нақты іс-әрекеттер арқылы көрініс таппаған жүзеге аспаған ойлар,
пікірлер соншалықты қатерлі болғанына қарамастан, қылмыс болып табылмайды.
Белгілі бір іс-әрекет арқылы жүзеге асырылмаған адамнын ниет-мақсаттары
қоғамға қауіп туғызбайтындықтан қылмыстық құқық реттеу саласына жатпайды.
Қылмыстық құқық ғылымында бұл мәселе туралы бірауыздан осылай тұжырым
жасалған.
Қылмыс құқылық құбылыс ретінде осы құбылыстын мәнді жақтарын
бейнелейтін белгілі бір белгілермен сипатталады. Қолданылып жүрген
қылмыстық заңға сәйкес қылмыстың түсінігі заңның өзінде көрсетіледі.
Бұрыңғы кеңестік жүйеде қылмыстың ұғымы алғаш рет 19191 жылы РСФСР-дың
Қылмыстық құқық жөніндегі басшылық негіздерінде (5-бап); Қылмыстық
құқықпен қорғалатын қоғамдық қатынастар тәртібін бұзушылық қылмыс деп
танылады делінген. РСФСР-дың 1922 жылғы Қылмыс кодексінде Қылмыс дегеніміз
кез-келген қоғамға қауіпті әрекет немесе әрекетсіздік деген ұғыммен
тұжырымдалады.
1924 жылы КСРО және одақтас республикалардын қылмыстық заңдарының
негізгі бастамаларында қылмыс туралы ұғым арнаған бап болған жоқ. 1926
жылғы РСФСР Қылмыстық кодексінде қылмыс дегеніміз қоғамға қауіпті іс-
әрекет деп көрсетіледі (1 -бап). Бұл жерде кеңестік құрылысқа немесе құқық
тәртібіне бағытталған әрекет немесе әрекетсіздік қоғамға кауіпті деп
жарияланды. КСРО және одақтас республикалардың 1958 жылғы қылмыстық
заңдардың негізінде Қылмыстық заңда көзделген, оның саяси және
экономикалық жүйелеріне, социалистік меншігіне, азаматтардың жеке басына,
саяси, еңбек, мүліктік және басқа да құқықтары мен бостандықтарына қиянат
жасайтын қоғамдық қауіпті іс-әрекет (әрекет немесе әрекетсіздік), сондай-ақ
социалистік құқыіқ тәртібіне қиянат жасайтын қылмыстық заңда көзделген
қоғамдық кауіпті іс-әрекет қылмыс деп табылады делінген. Дәл осындай
анықтама бұрынғы Одаққа кірген барлык республикалардың, оның ішінде 1959
жылы 22 шілдеде қабылданған Қазақ КСР Қылмыстық кодексінде де (7-бап)
берілді. 1997 жылы жаңа Қылмыстық кодекс қабылданды. Осы Кодексте
өмірімізде, қоғамда орын алған елеулі әлеуметтік-экономикалық, саяси
өзгерістерге сәйкес қылмыстың жана ұғымы берілген. Онда жазалау қатерімен
тыйым салынған айыпты қоғамға қауіпті әрекет (іс-әрекет немесе
әрекетсіздік) қылмыс деп танылады делінген (9-бап). Осы анықтамадан
қылмыстық құқыққа қайшылық қоғамға қауіптілік, кінәлілік, жазаланушылық
қылмыстың белгілері екендігі көрініп тұр.
Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексі ерекше бөлімінің тиісті
баптарының диспозицияларында жекеленген қылмыс құрамдары арнаулы
көрсетілген. Қылмыстық құқықта қылмыстың осы нақты құрамдарына қарсы іс-
әрекет істеуді құқыққа қайшылықпен атау қалыптаскан.
1960 жылға дейінгі қолданылған Қылмыстық кодекстерде ұқсастығы бойынша
яғни, қылмыстық заң нормасында әдейі көрсетілмеген іс-әрекеттерге де сонда
көрсетілген соған ұқсас, жақын нормаларды қолдануға жол берілген еді. Мұның
өзі заңды бұзуға және осы мәселеде бейберекетсіздікке кетушілікке әкеліп
соқтырды. Қазақстан Республикасының 1995 жылғы жаңа Конституциясында,
осыған орай жаңа Қылмыстық кодексте қылмыстық заңды ұқсастығы бойынша
қолдануға жол берілмейді делінген.
Адамның қылмыстық құқылық норма тыйым салған іс-әрекеттерді істеуін
қылмыстық құқыққа қайшылық деп атаймыз.
Адамның қылмыстық заң тыйым салмаған, осы заңда көрсетілмеген іс-
әрекеттерді істеуін қылмыс қатарына жатқызуға болмайды. Тек заң шығарушы
ғана белгілі бір іс-әрекетті қылмыс қатарына жатқызуға мүмкіндік беретін
онын мәнді белгілерін анықтайды. Қылмыстық құқыққа қайшылықтың міндетті
белгісі болып осы заңда көрсетілген іс-әрекетті істеген жағдайда накты
нормада көрсетілген қылмыстық құқылык санкция белгілеген жазаңын. белгілі
бір түрінің тағайындалуы болып табылады. Іс-әрекеттің қылмыстық құқықка
қайшылығын белгілеген тиісті заңның жарияланған уақытынан бастап ондай іс-
әрекеттер қылмыс қатарына жатады. Мұндай ретте мемлекет осындай іс-
әрекеттер мен қылмыстық құқылық норма арқылы күрес жүргізуге мүмкіндік
алады. Керісінше, белгіленген тәртіппен күш жойылған қылмыстық-құқылық
норма қылмыс қатарынан шығарылады. Ондай іс-әрекеттер қылмыс деп
саналмайды. Мысалы: елімізде нарықтық қатынастардың дамуына байланысты
Қылмыстық кодекстен алыпсатарлық деген қылмыс құрамы қатарынан алынып
тасталды. Бұрын қылмыс қатарында жоқ жалған банкроттық, табысты жасыру,
салық төлемегені үшін қылмыстық жауаптылықты белгілейтін көптеген жаңа
нормалар пайда болды.
Қылмыстық негізгі сапалық белгісі оның қоғамға қауіптілігі болып
табылады. Бұл белгі қылмыстың материалдық мәнін білдірумен бірге не себепті
осы немесе басқадай іс-әрекеттер қылмыс болып табылатынын түсіндіреді.
Қоғамға қауіптілік белгісінің болуынын, өзі іс-әрекеттің қоғамдық
қатынастарға зиян келтіруін немесе зиян келтіру қаупін туғызатынын
білдіреді. Қоғамға қауіптілік — қылмыстың объективтік белгісі. Ол заң
шығарушының санасына және еркіне байланыссыз қоғамдық қатынастарға зиян
келтіреді және өзінің ішкі мәні жөнінен қоғамның бір қалыпты өмір сүру
шарттарына қайшы болады. Заң шығарушының міндеті сол кезенде, дәуірде,
қоғамның өмір сүру жағдайларын дұрыс бағалап, осыған байланысты іс-
әрекеттің қайсысының қылмыс қатарына жататыны туралы шешім қабылдау болып
табылады.
Қылмыстық кодекстің 2-6абында қоғамға қауіптіліктің сипаттамасы
қылмыстық заңда көзделген адам мен азаматтың құқықтарына, бостандықтары мен
заңды мүдделеріне, ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделеріне, қоғамдық
тәртіп пен қауіпсіздікке, табиғи ортаға т.б. қиянат жасап қол сұғатын
қылмыс объектілерін тізбектеп көрсету арқылы берілген. Бірақта қоғамда
қауіптілік қылмыс қол сұғатын объектілерді көрсету арқылы ғана
тұжырымдалмайды. Бұл қылмыстың қоғамға қауіптілігін сипаттайтын мәнді
жақтарының бірі ғана.
Қоғамға қауіптілік қоғамға зиянды іс-әрекеттің өзінің тікелей
ерекшелігіне, оны істеу уақыты, орны, тәсілі, жағдайыма байланысты болуы
мүмкін. Мысалы: тиісті рұқсат етілмеген немесе тыйым салынған жерлерде
(ерекше қорғалатын табиғи аумақтар төтенше экологиялық аймақтар) не тыйым
салынған құстар мен аңдарға қатысты аң ауланса, ол заңсыз болып табылады
(288-бап 1-бөлігі). Төтенше жағдайлар кезінде тыйым салынған ереуілге
басшылық жасау, кәсіпорынның, ұйымның жұмысына кедергі келтіру қылмыс болып
табылады (335-бап). Іс-әрекет арқылы келтірілген немесе келтірілуі мүмкін
зиян қоғамға қауіптіліктің көлемін айқындайтын негізгі бір белгі болып
табылады. Кейбір іс-әрекеттер әрекет немесе әрекетсіздіктің істелген
уақыттан бастап, өзінің қандай зиян келтірілгеніне қарамастан, қоғамға
қауіпті болады. Басқалары қылмыстық заңда көрсетілген зардаптар болған
жағдайда ғана қоғамға қауіптілік сипатына ие болады. Іс-әрекеттің қоғамға
қауіпті және қылмыс қатарына жатқызуға мүмкіндік беретін зардаптың
сипаттамасын заң шығарушы әр түрлі етіп бейнелеуі мүмкін. Кейбір реттерде
қылмыстың зардабы қылмыстық заңның өзінде дәлме-дәл көрсетіледі. Мысалы,
денеге жарақат салу, материалдық залал келтіру, ауыр зардаптың болуы т. б.
Келтірілген дене жарақатының ауырлығына орай денсаулыққа қасақана ауыр
зиян келтіру (103-бап) денсаулыққа қасақана орташа ауырлықтағы зиян келтіру
(104-бап), денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіру (105-бап) болып
белінеді. Басқа жағдайларда, зардаптың әр түрлі болып келетіндігін ескеріп,
заң шығарушы оның бәрін нақтылап жатпайды, оларды зиян келтіру (142-бап),
ірі мөлшер (175-бап), ауыр зардап келтіру (181-бап, 3-бөлігі, б тармағы,
т. б. деп жалпылама береді. Мұндай жағдайларда зардаптың осы көрсетілген
мөлшерін анықтау нақты жағдайларда орындалған фактіге байланысты шешіледі.
Қылмыстың қоғамға қауіптілігі қылмыстық ниет және мақсат сияқты оның
белгілеріне де байланысты. Мысалы, қылмыстық іс қозғау мақсатымен қылмыс
істелді деп көрінеу өтірік хабарлау. Егер мұндай іс-әрекетті пайда қорлық
мақсатпен істесе хабарлау әрекеті күшейтілген қылмыс түрі болып табылады.
Кейбір реттерле қоғамға қауіптілік іс-әрекетті істеген адамның ерекшелігіне
де байланысты анықталады. Қайсыбір іс-әрекеттер оны істеген адамның
жәбірленушімен ерекше қатынаста болуына байланысты қылмыс деп танылады.
Мысалы, айыптының материалдық жөнінен немесе басқа реттен тәуелді адамға
қатал қарауы, қудалауы немесе қорлауы салдарынан жәбірленушінің өзін-өзі
өлтіру халіне жеткізілуі (102-бап). Кейде субъектінің ерекше жағдайы
қылмыстың қоғамға зияндылығын үдетеді. Мысалы: жауапты мемлекеттік
Қызметтегі лауазымды адамның пара алуы (311-бап, 3-бөлігі).
Қылмыстық құқык ғылымы қоғамға қауіптіліктің сапалық және сандық
жақтарын бөліп қарайды. Қылмыстық кодекстін 52-бабында жаза тағайындаудың
жалпы негіздерін анықтай отырып, сот жазаны тағайындауда істелген қылмыстың
сипатын және қоғамға қауіптілік дәрежесін есепке алу қажеттігін көрсетеді.
Мұның өзі қылмыстың сипатын қылмыстық сапалық ал дәрежесін — сандық
сипаттамасы деп түсінуді білдіреді. Сипатына қарай қоғамға кауіптілік
экономикалық және зорлык қылмыстары, касақана және абайсыздық, жеке адамға,
меншікке карсы қылмыстар болып бөлінеді. Қоғамға қауіптілік сипаты
қылмыстың объектісі бойынша анықталады. Объектілердің тізбегі Қылмыстық
кодекстің 52-бабында керсетілген, Қылмыстық кодекстің ерекше бөлімі топтық
объектілері белгілері бойынша тарауларға бөлінеді. Яғни, Қылмыстық
кодекстің Ерекше бөлімінің, жүйелері топтық объектілерінің маңыздылығына
қарай рет-ретімен орналасқан. Қоғамға қауіптіліктің сипатының тағы бір
көрсеткіші келтірілген зиян болып табылады. Материалдык, моральдық зиян күш
қолдану, қорқыту арқылы келтіріледі. Келтірілген залалға байланысты қылмыс
қоғамға кауіптілік сипатына қарай мүліктік, ұйымдастырушылық, жалпыға
қауіпті және зорлықпен жасалатын қылмыстар деп бөлінеді. Қоғамға қауіптілік
сипаты одан әрі кінәнің нысандары арқылы анықталады. Қасақаналыкпен жаса-
латын қылмыстардың абайсыздыкпен істелетін қылмыстарға қарағанда қоғамға
қауілтілік сипаты едәуір ауыр. Мысалы, кісіні ауырлататын жағдайда қасақана
өлтіргені үшін 10 жылдан 20 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан
айыруға не мүлкін тәркілеу арқылы немесе онсыз өлім жазасына, не мүлкін
теркілеу арқылы немесеонсыз емір бойы бас бостандығынан айыруға жа-заланады
(9б-бап, 2-бөлігі), ал абайсызда кісі олтіру (101-бап, 1-бөлігі) үш
жылғадейінгімерзімгебасбостандығына найыруіа жазаланады. Кінәнің нысандарын
анықтау қылмыстын қоғамі а қауіптілігінің сипатын осылай белгілеуде манызды
роль аткара-ды. Қылмьтстын қоғамға кауіптілігінің сандык жағын анықтағаі І-
да кептеген факторларды еске алу қажет. Мұндаіі ретте келтірілген зардаптың
ауырлығын (аса кәп мөлшерде, кеп, едәу ір мелшерде) қылмыстық істің
ерекшеліктеріне (аякталған немссс аяқталмаған қылмыс) қылмысты жеке немесе
бірлесіп қатькч аркьшы істеу, қылмыс істегендекандайтөсіл колданылды,
кінәнің сипатын (ниет, максат) қылмыстың субъектісінің ерекшелігіне іс-
әрекеттің істелу уақытына, жағдайына баса назар аудару керек. Мысалы,
денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтірудін (103-бап) денсаулыққа қасақана
орташа ауырлықтағы (104-бап) немесе жеңіл (105-бап) дәрежеде қасақана зиян
келтіруден қоғамға қауіптілік дәрежесі едәуір жоғары. Қарақшылықтың (179—2)
ұрлықтан (175-бап) дәрежесі жағынан қоғамға қауіптілігі жоғары. Өйткені
шабуыл жасап, қарақшылық жасап тонағанда бөтеннің мүлкін иемдену мақсатымен
кауіпті тәсіл шабуылға ұшыраған адамның өміріне немесе денсаулығына күш
жұмсаумен ұштастырылады.
Қылмыстың қоғамға қауіптілік дәрежесі қылмыстық заңда көрсетілген
санкция бойьшада анықталады. Мәні жөнінен екі қылмыстың қоғамға кауіптілік
дәрежесін анықтау, сол қылмыста берілген белгіленген санклдяларды салыстыру
қажет. Ауырырақ жаза белгіленген қылмыс түрінің қоғамға кауіптілігі
дәрежесі де жоғары болып табылады. Қылмыстың қоғамға кауіптілік дәрежесі
бойынша қоғамға қауіптілік сипаты бірдей қылмыстарды бір-бірінен ажыратуға
болады.
Қылмыстың тағы бір белгісі кінә болып табылады. Яғни, бұл жерде заң
қорғайтын объектілерге әрекет немесе әрекетсіздік арқылы кінәлі түрде
қасақаналык немесе абайсыздыкпен қол сұғушылык туралы әңгіме болып тұр.
Қылмыстық жауапқа және жазаға тек қана қылмыс істегені үшін, яғни
қылмыстық заңда көрсетілген, қоғамға кауіпті іс-әрекетті қасақана немесе
абайсыздықпен істеген адам ғана тартылады. Кінәсіз қылмыстық жауаптылық
туралы сөз болуы мүмкін емес. Кінәнің нысандары қылмыстық заңда қасақаналык
(тікелей немесе жанама), абайсыздық (менмендік немесе не-мұрайдылық) болып
түрлерге бөлінеді. Тікелей немесе жанама ниетпен жасалған әрекет қасақана
жасалған қылмыс деп танылады.
Егер адам өз іс-әрекетінің (әрекетсіздігінің) қоғамға қауіпті екенін
ұғынып, оның қоғамдык қауіпті зардаптары болуының мүмкін екенін немесе
болмай қоймайтынын алдын ала білсе және осы зардаптардың болуын тілесе,
қылмыс тікелей ниетпен жасалған қылмыс деп танылады.
Егер адам өз іс-әрекетінің (әрекетсіздігінің) қоғамға қауіпті екенін
ұтынып, оның қоғамдық қауіпті зардаптары болуы мүмкін екенін алдын ала
білсе, осы зардаптардың болуын тілемесе де оған саналы түрде жол берсе, не
бұғаң немқұрайды қараса, қылмыс жағдай жасалған деп танылады (20-бап).
Менмендікпен немесе немқұрайдылықпен жасалған әрекет абайсызда
жасалған қылмыс деп танылады.
Егер адам өз іс-әрекетінің (әрекетсіздігінің) қоғамға қауіп туғызуы
мүмкін екенін алдын ала білсе, бірак бұл зардаптарды жеткілікті негіздерсіз
жеңілтектікпен болғызбау мүмкіндігімен сенсе, қылмыс менмендікпен жасалған
қылмыс деп танылады.
Егер адам қажетті ұқыптылық пен сақтық болғанда ол зардаптарды болжап
білуге тиіс және болжап біле алатын бола түра өз іс-әрекетінін
(әрекетсіздігінін) қоғамдық қауіпті зардаптарының болуы мүмкін екенін
болжап білмесе, қылмыс немқұрайдылықпен жасалған қылмыс деп танылады (21-
бап).
Қылмыстың зардабы қаншалықты ауыр болғанына қарамастан, егер оны
істеген адамның іс-әрекетінде кінәнiң белгілі бір түрі болмаса, ол
қылмыстық жауапқа да, жазаға да тартылмайды.
Кінәсіз қылмыс та, жаза да жоқ.
Қылмыстың тағы бір міндетті белгілерінің бірі қылмыстық жолмен
жазаланушылық болып табылады. Өйткені, қылмыс дегеннің өзі, қылмыстық заң
жазамен қорқытып тыйым салған әрекет немесе әрекетсіздік болып табылады.
Мұның өзі қылмыс құраш туралы сипаттама басқадай құқылық актілерде емес,
тек қылмыстық заңда ғана көрсетілетіндігін және осы іс-әрекет үш ін
қылмыстық заңның санкциясында жазалау қатері қарастырылатын көрсетеді. Бұл
жерде нақты істелген қылмыс үшін қолданылатын жаза мен қылмыстық құқық
нормасынын санкциясында көрсетілген жазалау қатері, жазалау мүмкіндігі
туралы түсініктерді шатастыруға болмайды. Жазалау қатерімен қорқытып тыйым
салу қылмыстың белгісі болып табылады. Нақты қылмыс істеген адамға жаза
тағайындамау немесе оны қылмыстық жауаптылықтан және жазадан босатып, оған
қоғамдык ықпал ету шараларын қолданғанда, онын іс-әрекеті қылмыс қатарынан
шығып қалмаңды. Өйткені, жазалаушылық қылмыстың белгісі ретінде істелген
әрбір қылмыс үшін жаза тағайындалуы мүмкін екендігін, сол себепті-қылмыстық
заңға қайшы іс-әрекеттерлі істеуге жазалау қатері тыйым салады. Нақты
өмірде қылмыс істелгенімен, егер ол ашылмай қалса оған жаза тағайындалмай
қалады. Кейде қылмыс ашылғанымен, сот ондай қылмыска заң да белгіленген
негіздермен жаза тағайындауды қолданбауы да мүмкін. Демек, қылмысты жазалау
қатерімен тыйым салу қылмыстың белгісі, ал жаза тағайындау немесе
тағайындамау іс-әрекеттің зардабының көрінісі болып табылады.
Сонымен, біз қылмыстың қоғамға кауіпті, кінәлі құқықка қайшы және
жазалаушылық сияқты қажетті белгілері бар екендігін әсте естен шығармауымыз
керек. Осы белгілер арқылы қылмысты іс-әрекетті басқа да құқык бұзушылықтан
ажыратамыз.

2.2 Қылмыс санаттары

Қылмыс санаттары деп оларды нақты белгілері бойынша топқа бөлуді
айтамыз. Қылмысты санаттауға іс-әрекеттің қоғамға қауіптілігінің сипаты мен
дәрежесі немесе қылмыс құрамының жекелеген элементтері негіз болады.
Қылмыстық заңда қылмысты санаттаудың үш түрлі көрінісі қалыптасқан. Ол
біріншіден, іс-әрекеттің қоғамға кауіптілігінін сипаты мен дәрежесіне қарап
қылмысты төрт түрлі санатқа бөлу, екіншіден, қылмыстың объектісі бойынша
санаттау. Осы белгі бойынша барлық қылмыстарды Қылмыстық кодекстің. Ерекше
бөлімінде бірнеше санатқа бөлініп, объектісінің маңыздылығына қарай бірінен
соң бірі орын алған, мысалы адам өміріне қарсы, мемлекеттің егемендігіне,
басқару тәртібіне, меншікке қарсы, әскери қылмыс. Отар т. б. Үшіншіден,
қоғамға қауіптілік дәрежесі бірдей қылмыстар, қоғамға кауіптілік
сипаттарына қарай жай, күшейтілген (квалифицированные), артықшылық берілген
(привилегированные) болып бөлшектенеді. Мысалы: кісі өлтіру, ауырлатпайтын
және жеңілдетпейтін жағдайда кісі өлтіру, жеңілдететін жағдайда жан
күйзелу, қажетті қорғану шегінен асып кісі өлтіру бөліп бөлінеді, Қазақ ССР-
інің 1959 жылы қабылдаған Қылмыстық кодексінде қылмыс санаттары деген
мәселе көрсетілмеген еді. Тек қана 1972 жылы 4 қарашада Қылмыстық кодексте
7-1 деген жаңа бап енгізіліп, бапта ауыр қылмыстың түсінігі ғана берілді.
Қазақстан Республикасының жаңа Қылмыстық кодексінде қылмысты санаттау
туралы арнаулы норма енгізіліп, онда қылмыстар сипатына және қоғамға
қауіптілік дәрежесіне және кінәнің түріне байланысты онша ауыр емес,
ауырлығы орташа, ауыр және аса ауыр болып санаттарға бөлінген.
Жасалғаны үшін осы Кодексте көзделген ең ауыр жаза екі жылға бас
бостандығынан айырудан аспайтын қасақана жасалған әрекет, сондай-ақ
жасалғаны үшін осы Кодексте көзделген ең, ауыр жаза бес жылға бас
бостандығынан айырудан аспайтын абайсызда жасалған әрекет оңша ауыр емес
қылмыс деп танылады.
Жасалғаны үшін осы Кодексте көзделген ең ауыр жаза бес жылға бас
бостандығынан айырудан аспайтын қасақана жасалған әрекет, сондай-ақ
жасалғаны үшін бес жылдан астам мерзім? бас бостандығынан айыру түріндегі
жаза көзделген абайсызда жасалған әрекет ауырлығы орташа қылмыс деп
танылады.
Жасалғаны үшін осы Кодексте көзделген ең ауыр жаза он екі жылдан бас
бостандығынан айырудан аспайтын қасақана жасалған әрекет ауыр қылмыс деп
танылады.
Жасалғаны үшін осы Кодексте көзделген ең ауыр жаза он екі жылдан астам
мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза немесе өлімжазасы —
қасақана жасалған әрекет аса ауыр қылмыс деп танылады.
Қылмысты осылай етіп санаттарға белу қылмыстық құқык ғылымында
қалыптасқан қылмыс санаттарын Қылмыстық кодекстің санкциясында белгіленген,
қоғамға қауіптілік дәрежесіне қарай бөлу жөніндегі қазіргі заманғы талапқа
сай келеді. Қылмыстық заңның жекелеген бабында көрсетілген санкция мөлшері
қоғамға қауіптіліктің дәрежесін бейнелейді және әртүрлі қылмыстардың
қоғамға қауіптілік дәрежесімен салыстыруға мүімкіндік береді. Жаза
мөлшерінің баптардың санқшысында нақты белгіленуінің өзі судьяның өз
білермендігі мен қылмысты сол немесе басқа бір санатқа жатқызуына мүмкіндік
бермейді. Қылмысты дәл санатқа жатқызуға мүмкіндік беретін қосымша
белгілердің түрі кінәны сандары болып табылады. Мысалы, ауыр және аса ауыр
қылмыстарға тек қана қасақана қылмыстар жатады. Ауырлығы орташа немесе онша
ауыр емес қылмыстарға қасақана немесе абайсыздықпен істелген қылмыстар
жатады. Осы санаттарға сәйкес аса ауыр қылмыстарға қо қауіптілік дәрежесі
ерекше ауырқасақана қылмыстар, мысалы кісіні ауырлататын жағдайда қасақана
өлтіру, мемлекетке опасыздық, бандитизм, зиянкестік, шабуыл жасап тонау
сиякты қылмыс түрлері жатады.
Ауыр қылмыстарға мысалы, контрабанда, денеге қасақана ауыр жарақат
салу, ауырлататын жағдайды біле тұра кінәсіз адамды қылмыстық жауапқа тарту
т. б. қылмыстар жатады.
Ауырлығы орташа қылмыстарға қасақана немесе абайсызда істелген
қылмыстар: мысалы, абайсызда кісі өлтіру, кісіні өзін-өзі өлтіру халіне
жеткізу, денеге қасақана орта дәрежеде жарақат түсіру т. б. қылмыстар
жатады.
Ауыр емес қылмыстарға бас бостандығынан айыршіітын жа';; колданылуы
мүмкін. Оған қорлау, жала жабу, абайсызда денеге ауыр немесе орта
дәрежедегі жарақат түсіру сиякты қасакаиа немесе абайсызда істелген
қылмыстар жатады. Қылмысты санатқа бөлудің маңызы ерекше. Санаттарға бөлу
белгісі бойынша бас бостандығынан айыру түріндегі жазаңы өтейтін режимді
белгiлеу: шартты жазаңы қолдану немесе қолданбау (63-бап), шартты түрде
соттаудың күшін жою немесе сынақ мерзімін ұзарту (64-б;іп), қылмыстардың
жиынтығы бойынша жаза тағайындауда (59-бап), жазаңы өтеуден мерзімінен
бұрын шартты түрде босату (70-бйп), айыптау үкімінiң ескіру мерзімінің
етуіне байланысты жазаңы өтеуден босату (75-бап), рақымшылық немесе кешірім
жасау актісі негізінде қылмыстық жауаптылық немесе жазадан босату (76-бап),
сотталғандықты жою немесе алып тастау (77-бап) мәселелері шешіледі.

3. Қылмыс құрамының түсінігі және элементтері

Қылмыс пен қылмыс құрамы езара тығыз байланысты, бірақ бір-біріне
ұқсамайтын қылмыстық-құқылық түсініктер. Олардың өзара мазмұны да, бағыты
да әр түрлі. Жоғарыда айтқандай қылмыс туралы ұғым Қылмыстық кодекстің 9-
бабында берілген Осы баптағы аныктамадан көрінгендей. Қылмыс дегеніміз
адамның әлеуметтік-құқылық қоғамға қауіпті және құқыққа қайшы секілді
міндетті белгілерінің жиынтығынан туатын ерекше іс-әрекеті болып табылады.
Қылмыстың жалпы түсінігі, сол қылмыстың зандылық сипаттамасын беріп
қана қоймай, оның әлеуметтік-саяси мәнін де ашып көрсетеді. Өмірде
қылмыстық құбылыстар әртүрлі нысанда көрініс тауып немесе түрлі түрде
болатындықтан қылмыстық заң кқылмыстың жалпы түсінігімен бірге нақты
қылмыстардың да түсінігін қарастырған. Қылмыстың жалпы түсінігі — барлық
қылмыстарға тән, оның белгілері Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінде
көрсетілген жеке қылмыстар түрінде нақтыланып, өзінің дамуын табады.
Қылмыстық заңда сипатталған әрбір қылмыс, яғни қылмыс құрамы өзінің
ерекше белгілерімен сипатталады. Қылмыстың құрамы — бұл қылмысты іс-әрекет
емес, тек соның нысанын снпаттайтын түрі ғана. Ол — нақты қылмыстың занды
сипаттамасы, жеке нақты қылмыстың зандылық түсінігі. Егер қылмыстық
түсінігінде барлық қылмыстарға тән белгілер — қоғамға қауіптілік, құқыққа
қайшылық, кінәлілік және жазаланушылық аталған болса, ал қылмыс құрамында
іс-әрекеттін қоғамға Кауіпгілігін білдіретін нақты қылмыстардың міндетті
белгілерінің жиынтығы есепке алынады. Қоғамға кауіптілік қылмыс құрамының
емес, қылмыстың белгісі болып табылады. Осы екі қылмыстың құқылық-
түсініктерінің бағыты да әр түрлі. Нақты қылмыстың құрамы қылмыстық
жауаптылықтың негізі болса, ал қылмыстың жалпы түсінігі нақты қылмыстың
құрамының заңдылық базасын жасаудың, қылмыстық құқықта оның құқылық
әлеуметтік-саяси табиғатын түсіндіру қажеттілігінен туындаңды.
Қылмыстық құқық теориясында, оқулықтарда қылмыс құрамының жалпы
түсініктері кеңінен қолданылады. Жалпы және нақты қылмыстың құрамының
түсінігі жалпы қылмыс түсінігіне қарағанда заңдылық ұғым емес, ғалыми ұғым
болып табылады. Бұл ұғым теорияда нақты қылмыстардың түсінігінен қылмыстьың
нақты құрамының жинақталған белгілері арқылы анықталады және өз бойында
жалпылама барлық қылмыс құрамының белгілері мен элементтерін сипаттап,
керсетеді. Накты къілмыс-тың құрамы нақты қылмысқа тән белгілерді көрсетеді
деп жоғарыда атап өттік. Бірақ әрбір қылмыс құрамында барлық қылмыстардың
құрамына тән, жиынтығында қылмыс құрамының жалпы түсінігін құрайтын, яғни
кез келген қылмыстар құрақтының жалпы белгілерін белгілейтін белгілер бар.
Қылмыстық құқық ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Халықаралық қылмыстық құқық халықаралық жария құқықтың жеке бір саласы
Қылмыстық істер туралы
Жауап алу түсінігі, міндеті және түрлері
Қылмыстық ізге түсуді жүзеге асыру
Абайсызда жасалған қылмыстар үшін жазалардың тиімділігі
Ерекше талап қоюмен іс-жүргізудің түсінігі және мәні
Азаматтық құқық қабілеттілігі
Банктің ақша қаражаттарын заңсыз пайдаланудың қылмыстық-құқықтық және криминалистикалық сипаттамасы
Қазақстан Республикасы қылмыстық қүқығындағы қылмысты саралаудың жалпы түсінігі мен маңызы
Қадағалау сатысындағы іс жүргізу мәселелері
Пәндер