Қазақстан Республикасындағы сайлау құқығы принциптері



І. Кіріспе... ... 3
ІІ. Негізгі бөлім
2.1. Қазақстан Республикасындағы сайлау құқығы принциптері
және сайлау жүйесінің дамуы ... ... ... .4
2.2. Жалпыға бірдей сайлау құқығы және тең сайлау құқығы принциптері ... ... ... ..8
Қорытынды ...11
Пайдаланған әдебиеттер тізімі ...12
Еңбектің жалпы сипаты. Мемлекет және қоғам өмірін демократияландыруда, саяси жүйені ырықтандыруда, азаматтардың белсенділігін арттыруда сайлау процесін және сайлау заңнамасын жетілдірудің маңызы үлкен. Сайлау заңнамасы және азаматтардың сайлауға қатысуы, сайлау процесінің әділ өтуі әрқашан да қоғам өмірінің демократиялығының өлшемдерінің бірі болған және бола береді де. Осы диссертациялық жұмыста сайлау процесінде ерекше орын алатын еліміздегі тәуелсіздік алғаннан кейінгі жылдары сайлау процестерінің, сайлау жүйесінің және сайлау органдарының даму эволюциясы қарастырылған.
Адамзат тарихында сайлау әрқашан ерекше орын алған және алып та келеді. Болашақта да сайлау қоғам өмірінің демократияландыру жолындағы негізгі тетіктердің бірі болып қала бермек. Мемлекеттің басшы органдарын сайлап қою ежелгі дәуірден жүзеге асып келе жатқан әдістердің бірі. Билікті сайлап қою демократиялық әдіс болса, билікті мұраға қалдыру және тағайындап қою авторитарлық әдіс болып келеді.
Әлемдік практикада сайлау процесі, сайлау заңдары үнемі даму үстінде болды. Сайлау билікке қол жеткізу және билікті ұстап тұрудың құралы ретінде үнемі қоғамдағы белгілі бір саяси-әлеуметтік күштердің ықпалымен дамып отырды. Біртіндеп сайлау принциптері мен сайлау жүйелері қалыптасты. Сайлауға басшылық жасайтын және оны жүзеге асыратын тұрақты мемлекеттік сайлау органдары құрылды.
1. Қазақстан Республикасының Конституциясы. 1995 жылғы 30
тамызда өткен референдумда қабылданды. - Алматы: "Жеті Жарғы".
- 48 б.
2. Қазақстан Республикасының Конституциясы. 1993 жылы 28
қаңтарда қабылданған. - Алматы: Қазақстан, 1993. - 52 б.
3. Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы кодекс. Қазақстан.
Алматы. 1994.-80 б.
4. Қазақстан Республикасының Қазақстан Республикасының сайлау туралы Конституциялық заңы. (1997 жылғы 19 маусымдағы, 1998 жылдағы 8 мамырдағы, 1998 жылғы 6 қарашадағы және 1999 жылғы 6 мамырдағы Конституциялық заңдармен өзгертулер мен толықтырулар
енгізілген ресми мәтін) - 3 басылымы. - Алматы. "Жеті Жарғы". 1999ж. -
1926.

Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 11 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны

І. Кіріспе... ... 3
ІІ. Негізгі бөлім
2.1. Қазақстан Республикасындағы сайлау құқығы принциптері
және сайлау жүйесінің дамуы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. ..4
2.2. Жалпыға бірдей сайлау құқығы және тең сайлау құқығы
принциптері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .8
Қорытынды ...11
Пайдаланған әдебиеттер тізімі ...12

Кіріспе
Еңбектің жалпы сипаты. Мемлекет және қоғам өмірін демократияландыруда,
саяси жүйені ырықтандыруда, азаматтардың белсенділігін арттыруда сайлау
процесін және сайлау заңнамасын жетілдірудің маңызы үлкен. Сайлау заңнамасы
және азаматтардың сайлауға қатысуы, сайлау процесінің әділ өтуі әрқашан да
қоғам өмірінің демократиялығының өлшемдерінің бірі болған және бола береді
де. Осы диссертациялық жұмыста сайлау процесінде ерекше орын алатын
еліміздегі тәуелсіздік алғаннан кейінгі жылдары сайлау процестерінің,
сайлау жүйесінің және сайлау органдарының даму эволюциясы қарастырылған.
Адамзат тарихында сайлау әрқашан ерекше орын алған және алып та
келеді. Болашақта да сайлау қоғам өмірінің демократияландыру жолындағы
негізгі тетіктердің бірі болып қала бермек. Мемлекеттің басшы органдарын
сайлап қою ежелгі дәуірден жүзеге асып келе жатқан әдістердің бірі. Билікті
сайлап қою демократиялық әдіс болса, билікті мұраға қалдыру және тағайындап
қою авторитарлық әдіс болып келеді.
Әлемдік практикада сайлау процесі, сайлау заңдары үнемі даму үстінде
болды. Сайлау билікке қол жеткізу және билікті ұстап тұрудың құралы ретінде
үнемі қоғамдағы белгілі бір саяси-әлеуметтік күштердің ықпалымен дамып
отырды. Біртіндеп сайлау принциптері мен сайлау жүйелері қалыптасты.
Сайлауға басшылық жасайтын және оны жүзеге асыратын тұрақты мемлекеттік
сайлау органдары құрылды.
Еліміздің Ата заңында "Қазақстан өзін демократиялық, зайырлы,
құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады деп көрсетілген.
Осында көрсетілген мемлекеттің демократиялық және құқықтық сипатын
қалыптастыруы көп жағдайда сайлауға, сайлау заңнамасының жетілдіруіне
байланысты. Демократиялық мемлекет билікті қалыптастыруда сайлауды негізгі
әдіс және құрал ретінде пайдаланады. Сондықтан демократиялық мемлекетте,
оның қоғамын құрайтын сайлаушылар деп аталатын халықтың белсенді тобы да
сайлау жүйесін және сайлау заңдарын мейлінше жетілдіре беруге мүдделі.
Құқықтық мемлекеттің белгілерінің бірі заңның үстемділігі. Мұны сайлауға
қатыстыратын болсақ, сайлау процесіндегі сайлау заңдарының үстемдігі деуге
болады.
Конституцияда сайлаудың рөлі мен орны, оны жетілдіре берудің тетігі де
жасалып қойылған. Республиканың түбегейлі конституциялық принциптерінің
бірі "мемлекет өмірінің аса маңызды мәселелерін демократиялық әдістермен,
оның ішінде Республикалық референдумда немесе Парламентте дауыс беру арқылы
шешу - деп ерекше атап өтілген. Осы түбегейлі конституциялық принциптегі
"демократиялық әдістер, оның ішінде Республикалық референдум" деген ұғымдар
ең алдымен сайлау арқылы жүзеге асады[1].
Бұдан туатын қорытынды Ата заңның мемлекеттік сипатын және оның
қызметінің түбегейлі принциптерін белгілейтін 1-бабында сайлаудың
конституциялық-құқықтық негіздері қаланып, қойылған. Сондықтан да сайлау
еліміздің қоғамдық-саяси өмірінің, мемлекеттік және қоғамдық-саяси
құрылысының ажырамас атрибуттарының бірі болып табылады.
2.1. Қазақстан Республикасындағы сайлау құқығы принциптері
және сайлау жүйесінің дамуы
Сайлау құқығы азаматтардың аса маңызды конституциялық құқығының бірі.
Сайлау құқығы саяси құқықтар институтына кіреді.
Сайлау құқығы Қазақстан Республикасы Конституциясының 33-бабының 2-ші
және 3-тармақтарында бекітілген. Конституцияның 33-бабының 2-тармағы былай
деп жазылған: "Республика азаматтарының мемлекеттік органдар мен жергілікті
өзін-өзі басқару органдарын сайлауға және оларға сайлануға, сондай-ақ
Республикалық референдумға сайлануға құқы бар".
Сайлау құқығы әр тұрлі мемлекеттік және қоғамдық ұйымдардың басшылары
мен өкілдерін сайлауға және оларға сайлануға қолданылады. Мемлекеттердің
басшы органдары Президенттер және Парламенттер сайланады. Барлық
мемлекеттерде дерлік жергілікті өкілді органдар сайланады және олар әр елде
әртұрлі атаулармен аталады. Қазақстанда өкілді органдар қазіргі кезде
мәслихаттар деп аталады. Сондай-ақ өзін-өзі басқару органдары да сайланып
қойылады.
Саяси партиялар мен қоғамдық ұйымдарда, діни бірлестіктерде сайлау
кеңінен қолданылады. Саяси партиялардың жоғаргы, жергілікті және бастауыш
ұйымдарының басшылары мен басшы құрамдары олардың жарғыларына сәйкес
негізінен сайланып қойылады. Қоғамдық және діни бірлестіктерде де сайлау
кеңінен қолданып олардың басшы және төменгі органдары сайлау арқылы
құрылады. Саяси партиялар, қоғамдық және діни бірлестіктердегі сайлаудың
ерекшелігі сонда, оларды "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы"
Конституциялық заң реттемейді. Саяси партиялар мен қоғамдық, діни
бірлестіктердегі сайлау процесін олардың өз жарғылары реттейді.
Мемлекеттік және мемлекеттік емес мекемелердің басшылары мен
қызметкерлерін сайлау да қолданыста бар. Әсіресе, жоғарғы оқу орындарының
басшыларын, декандары мен кафедра меңгерушілерін профессор-оқытушыларын
конкурс арқылы сайлап қою көбірек кездеседі. Бұл сайлаулар да "Қазақстан
Республикасындағы сайлау туралы" Конституциялық заңның шеңберінен тыс
өтетіндіктен олардың құқықтық негізі жетілмеген. Әр мекеме, ұйым өз
сайлауларын өздері жасап алған, немесе олардың жоғарғы органдары көрсеткен
ережелер бойынша сайлауды жүргізіп жатады. Мұндай сайлауларда заңсыздықтар
мен көзбояушылыққа да жол беріліп жатады. Осындай мекемелердегі сайлау ісін
мемлекеттің құқықтық реттеуінің кезі әлдеқашан келді.
"Сайлау құқығы" ұғымы құқықтық әдебиеттерде екі тұрде мәнде:
объективтік сайлау құқығы және субъективтік сайлау құқығы тұрінде
пайдаланады.
Объективті сайлау құқығы - мемлекеттік билік органдары және өзін-өзі
басқару органдарын сайлау процесі кезінде пайда болатын қоғамдық.
қатынастарды реттейтін құқықтық нормалар жүйесі.
Осы ұғым объективтік сайлау құқығының мемлекеттік билік органдары
Президент, Парламент, мәслихаттар және өзін-өзі басқару органдарына қатысты
екендігін білдіреді. Мұндай түсінік "Қазақстан Республикасындағы сайлау
туралы" Конституциялық заңнан туындайтындығы анық.
Объективтік сайлау құқығын бүдан кеңірек түсіндіретін ұғым да бар.
Белгілі Ресейлік ғалым В.Е. Чиркиннің жазуынша "Объективті сайлау құқығы -
конституциялық құқықтың бөлімі (оның сайлау құқығын реттейтін кейбір
нормалары қылмыстық құқыққа - сайлауға қатысты қылмыстарды жазалайтын,
әкімшілік құқыққа да - сайлау комиссияларын материалдық-техникалық
қамтамасыз ету сайлауға қатысты теріс қылықтарды әкімшілік жазаға тарту
т.б. жатады)".
Ресейлік тағы бір ғалым А.С. Автономовтың пікірі мынадай: "Объективтік
сайлау құқығы - бұл өкілді органдар мүшелерін және кейбір лауазымды
тұлғаларды сайлау процесін реттеуді мемлекеттік қамтамасыз ететін
нормалардың бірлігі". А.С. Автономовтың пікірі қысқаша және өзге сөздермен
берілген. Өкілді органдарға барлық мемлекеттердің парламенттері мен
жергілікті өкілді органдары және өзін-өзі басқару органдары кіретіндігі
белгілі. Ал лауазымды тұлғаларға Президент, Вице-Президент, Премьер-
министр, министрлер, әкімдер т.б. кіреді. Әлемнің барлық дерлік елдерінде
Президент және Вице-Президенттер сайланады.
Қазақстан Республикасының Конституциясы бойынша Президент "... ең
жоғарғы лауазымды тұлға". Ең жоғарғы лауазымды тұлға ретінде "Қазақстан
Республикасының Президентін Конституциялық заңға сәйкес жалпыға бірдей, тең
және тете сайлау құқығы негізінде Республиканың кәмелетке толған азаматтары
жасырын дауыс беру арқылы жеті жыл мерзімге сайлайды" деп жазылған ҚР
Конституциясында.
Лауазымды тұлға ретінде ауыл әкімдері мен аудан әкімдерін сайлау
туралы Елбасының Жарлығы шықты.
Бұрынғы Кеңес Одағы кезінде аудандық және қалалық халық соттарын
көпшілік сайлайтын.
Соттарды сайлау үрдісі қазіргі Қазақстанда да бар. Конституцияның 82
бабының 1-тармағына сәйкес "Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотының
Төрағасын, алқаларының төрағаларын және Жоғарғы соттың судьяларын
Республиканың Жоғарғы Сот Кеңесінің Кепілдемесіне негізделген Республика
Президентінің ұсынысымен Сенат сайлайды".
Осы айтылғандардың бәрі де объективті сайлау құқығғының кең мағыналы
да терең түсінік екендігін білдіреді. Ол туралы көзқарастардың әртұрлі
болғанымен олардың мағынасы бір мәнге сиятынын байқауға болады.
Енді субъективтік құқыққа келейік. "Субъективтік тұргыдан сайлау
құқығы - бұл нақты тұлғаның сайлау құқығы. Көбіне ол үшін сол мемлекеттің
азаматы болу, 18 жасқа толу, әрекет қабілеттілігі болу қажет".
Екінші бір автордың ойынша "субъективтік сайлау құқығы азаматқа
мемлекет кепілдік берген мемлекеттік органдарға және өзін-өзі баскару
органдарына сайлауына қатысу мүмкіншілігі, сайлау және сайлану құқығы болып
табылады".
Сонымен субъективтік сайлау қуқығының жеке азаматтық сайлау және
сайлану құқығы деп түсінуге болады. Азамат тек мемлекеттік органдар мен
өзін-өзі басқару органдарына ғана емес мекеме басшылығы, қоғамдық ұйымдар
сайлауларына да қатыса алады.
Субъективтік сайлау құқығын белсенді және бәсең сайлау құқығы деп
бөлінеді.
Белсенді немесе бәсең сайлау құқығының ұғымы "Қазақстан
Республикасыындағы сайлау туралы" Конституциялық заңда көрсетілген. Заңның
4-бабында 1."Жалпыға бірдей белсенді сайлау құқығы - Республика
азаматтарының тегіне, әлеуметтік, лауазымдық және мүліктік жағдайына,
жынысына, нәсіліне, ұлтына, тіліне, дінге көзқарасына, нанымына, тұрғылықты
жеріне немесе өзге де жағдаяттарға қарамастан, сайлауға дауыс беруге қатысу
құқығы".
Бұл жерде белсенді сайлау құқығының белгілері жан-жақты көрсетілген.
Ол белгілер белсенді сайлау құқығын қандай да бір себептермен шектеуге жол
белірмейтіндігін білдіреді. Заң белсенді сайлау құқығының негізгі мәні
неемесе өзегі "сайлауға дауыс беруге қатысу құқығы" екендігін анықтап
көрсетеді.
Заң әдебиеттерінде белсенді сайлау құқығының үгымы да әртұрлі
сөздермен түсіндіріледі. В.Е Чиркин "Белсенді сайлау - бұл қандай да бір
кандидатураны қолдап немесе ұсынған барлық кандидаттарға қарсы дауыс беру,
сайлау құқығы". А.Т. Ащеуловтың құрастыруымен шыққан оқулықта "Белсенді
сайлау құқығы сайлау құқығын білдіреді, немесе азаматтардың билік
құрылымдарын, сонымен қатар республикалық референдумға қатысу құқығын
білдіреді".
Қарап отырсақ белсенді сайлау құқығы да әртурлі сөздермен
түсіндіріледі. Түбінде олардың мағынасы бірдей болғанымен басшылыққа ресми
заңда берілген ұғымды алған жөн және ондай ұғымдарды заң әдебиеттерінде
әсіресе оқулықтарда да қолданысқа кіргізген дүрыс деп санаймыз. Бұл жерде
ресми заңдарға түсініктер сол ұғымдардың дәл мағынасын бермейтін кездер де
болатынын да еске алған дұрыс.
Конституциялық Заңда бәсең сайлау құқығы ұғымы да берілген. "Бәсең
сайлау құқығы Республика азаматтарының Қазақстан Республикасының Президенті
Қазақстан Республикасы Парламентінің, маслихатының депутаты немесе өзін-өзі
басқару органына мүше болып сайлану құқығы.
Бәсең сайлау құқығын шет елдері Конституциялық құқығы тұрғысынан әр
елдің өкілді органдарына, лауазымды тұлғаларына сайлану ерекшеліктеріне
қарай түсіндіруге болады. Себебі әр мемлекетте өкілді органдар лауазымды
тұлғалар, өзін-өзі басқару органдары әр тұрлі атаулармен аталады.
Сайлау құқығы туралы айтқанда сайлауға қатысуға құқығы азаматтар
туралы айтпауға болмайды. "Сайлауға сот іс-әрекетіне қабілетсіз деп
таныған, сондай-ақ сот үкімімен бас бостандығынан айыру орындарында отырған
азаматтар қатыспайды". Мұндай азаматтардың белсенді және бәсең сайлау
құқығы да жоқ екендігіне назар аударған жөн.
Сондай-ақ бәсең сайлау құқығы шектелген адамдар бар. "Қазақстан
Республикасының Президенттігіне, Қазақстан Республикасы Парламентінің,
соның ішінде партиялық тізімдер бойынша, мәслихаттардың депуттатығына
кандидат ретінде, сондай-ақ жергілікті өзін-өзі басқару органдарының
мүшелігіне кандидат болып тіркелу уақытына қарай сотталғандығы заңда
белгіленбеген тәртіппен өтелмеген немесе алып тасталған адам тіркеуге
жатпайды". Бұл жерде сотты болған адамдардың билікке өтіп кетуіне заңды
тосқауыл қойылып отыр.
Сайлаудың мақсаты және мәні туралы ұғымның маңызы үлкен. Сайлау не
үшін жүргізіледі? Сайлаудың мақсаты не? Сайлау кімдерге қызмет етеді?
Сайлау Заңнамасының мақсат мүдделері қалай? Деген сүрақтар сайлаудың мәнін
ашуға жәрдем етеді.
Сайлаудың негізгі мақсаты — сайлау процесі арқылы белгілі бір лауазым
иесін (Президент, әкім т.б.), өкілді органдар (Парламент, мәслихат)
депутаттарын, саяси партия өкілдерін, өзін-өзі басқару органдары мүшелерін
белгілі бір мерзімге сайлау, оларды заңды тұрде билікке әкелу.
Сайлаудың мәні — нақты кімді, қандай саяси партия өкілдерін өкілді
органдарға депутат ету, олар қандай таптың, әлеуметтік топтың, ұлттық
немесе әтникалық топтың өкілі және олар кімдердің мүддесін қорғайды деген
ұғымды білдіреді деп санауға негіз бар. Сайлаудың мақсаты жалпы сипатта
болса, сайлаудың мәні нақты - жалқы сипатта болады деп қорытындылауға негіз
бар. Сондай-ақ сайлаудың мәні сайлау қаншалықты демократияны орнықтыруға
және жетілдіруге бағытталғандығымен де анықталады. Демократия көпшіліктің
мүддесін білдіре отырып, азшылықтың да мүддесін қорғайтын процесс. Таза,
бүрмалаусыз өткен сайлау демократияның көрінісінің бірі. Сайлаудың таза
өтуі сол елдегі саяси режимге тікелей тәуелді. Фашистік, тоталитарлық,
авторитарлық режимдерде сайлаудың таза өтуі формальды нәрсе. Ондай режимдер
сайлауды өз мүддесі тұрғысынан жүргізеді. Демократиялық режимдегі
мемлекеттерде де сайлау әркезде бүрмалаушылықтар мен дауысты сатып алу
көріністері болып жатады. Бірақ ол кемшіліктер сайлаудың жалпы тазалығын
немесе әділдігін жоққа шығара алмайды[2].
Сайлау ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Сайлау құқығы принциптері
Сайлау жүйесі жайлы
Сайлау жүйесінің ұғымы
Қазақстан Республикасының сайлау құқығы және сайлау жүйелері
Конституциялық құқықтың жүйесі
Қазақстан Республикасындағы сайлау жүйесі
Қазақстан Республикасындағы сайлау құқығы мен сайлау жүйесінің түсінігі
Сайлау құқығының прициптері
Қазақстандағы сайлай жүйесі және оның ерекшеліктері
Сайлау алдындағы үгіт
Пәндер