Қазақстан Республикасындағы экологиялық проблемалар және оларды жоюдың құқықтық жағдайлары


Жұмыс түрі: Курстық жұмыс
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 29 бет
Таңдаулыға:
А. Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті
«Заңтану» секциясы
ХХІ-студенттердің ғылыми теориялық конференциясы
Тақырыбы: Қазақстан Республикасындағы экологиялық проблемалар және оларды жоюдың құқықтық жағдайлары
Жетекшісі: Магистр оқытушы Б. М. Омар
Баяндамашы: ЗҚТ-015 тобының студенті Б. Батанов
Түркістан 2012
Мазмұны
Кіріспе . . . 3
- Экологиялық проблемалардың түсінігі . . . 4
- Экологиялық проблемалардың пайда болу негіздері . . . 7
- Қазақстан Республикасының экологиялық проблемалары . . . 9
- Қоршаған ортаның экологиялық жай-күйі туралы, табиғат пайдалануды және қоршаған ортаны қорғауды мемлекеттік реттеу . . . 16
- Экологиялық білім беру . . . 21
Қорытынды . . . 24
Пайдаланған ідебиеттер тізімі . . . 26
Кіріспе
Экологияның күрт нашарлап кетуі адамдардың табиғатқа антропогендек әсерін болып отыр. Атмосферадағы көмірқышқыл газдардың концентрациясының артуына байланысты климат өзгеріп, температураның жоғарлауына әкеліп соғады.
Энергия көзі ретінде көмір, мұнай, табиғи газды пайдалану нәтижесінде және машиналардың көбейіп индустриялық революциясының өркендеуіне байланысты бұл процесс тезірек жүреді.
Жер планетасындағы атмосфераның температурасы артатын болса, планетаның көптеген бөліктерінде құрғақшылық болады, басқа жерлерде жаңбыр көп жауып, жерді топан су қаптайды. Полюстегі мәңгі мұздар еріп аралдар мен жағалауларды, мұхиттар мен теңіз сулары басып кетеді. Ауыл шаруашылығының өнімі нашарлап, халықтар мекенін тастап, күн көрістің қамымен басқа жерлерге көшеді.
Табиғатты қорғау мәселесі бүкіл дүниежүзілік проблемаға айналуда. Экологиялық проблема дегенде ең алдымен Арал, Балқаш, Каспий, Семей қасіреттері еске түседі.
Қазақстандағы тәуелсiздiк жылдары экологиялық қауiпсiздiктi қамтамасыз етудiң мүлде жаңа мемлекеттiк жүйесiнiң құрылуының және қалыптасуының, Қазақстан Республикасының қоршаған ортаны қорғау саласындағы атқарушы органдардың жақсы ұйымдастырылған және аумақтық таралған жүйесiн - қоршаған ортаны қорғау мен табиғат пайдалануды басқарудың жылдары болды. Бұл қоршаған ортаны қорғау және табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану саласындағы мемлекеттiк саясатты қалыптастыруды және дәйектi iске асыруды қамтамасыз еттi.
Алайда, Қазақстанда көптеген онжылдықтар бойы қоршаған ортаға төтенше жоғары техногендiк салмақ түсiретiн, табиғат пайдаланудың көбiнесе шикiзат жүйесi қалыптасты. Сондықтан әзiрге экологиялық жағдайдың түбегейлi жақсаруы әзiр бола қойған жоқ әрi ол бұрынғысынша биосфераның тұрақсыздануына, оның қоғамның тiршiлiк әрекетi үшiн қажеттi қоршаған ортаның сапасын оның қолдау қабiлетiн жоғалтуына апаратын табиғи жүйелердiң тозуымен сипатталады.
Жер бетінің түпкір-түпкірінде экологиялық жағдайдың нашарлауы барлық мемлекеттерді одан шығу жолдарын іздеуге мәжбүр етті. Сөйтіп, 100-ден астам мемлекеттерде қоршаған ортаны қорғауды басқаратын министрліктер, департаменттер мен агенттіктер құрылды. 1970 жж. бастап экологиялық дағдарыстан шығу жолдарын бірге іздестіріп, қажетті шараларды бірге жүргізу туралы келісімге қол жетті.
Табиғат қорғау проблемаларына арналған І халықаралық жиналыс 1971 ж. көкек айында Чехияда өтті. Бұл БҰҰ Еуропаның эконмикалық комиссиясының симпозиумы болатын.
1972 ж. 5-маусымда Стокгольм қаласында БҰҰ-ның қоршаған орта жөніндегі конференциясы ашылды. Осы күн Халықаралық ынтымақтастықтың басталу күні болып есептелетін конференция «Жер біреу» деген ұранмен өтті. Қазақстанда қоршаған ортаның проблемалары негізінен өткен жүзжылдықтың соңына қарай шиеленісе түсті. Бұл өнеркəсіптің шексіз өсуінің, ғылыми, əскери зерттеулерді жүргізуде табиғи ресурстарды ойланбай, қалай болса солай пайдаланудың, ел территориясына əскери полигондарды орналастырудың нəтижесінде болды. Қазіргі кезде де республика терең экологиялық дағдарысты басынан өткізуде. Экологиялық дағдарыстан шығу үшін шұғыл жəне батыл іс-қимылдар керек. 1. Экологиялық проблемалардың түсінігі
Адам өзінің консервативті биологиялық мәнінің және табиғаттан күн санап өсе түскен өгейсінудің арасындағы қайшылықтардың торында шырмалғандай күй кешуде. Өздері ойлап тапқан технологияны жақсы өмір сүру үшін тұрмыс құралдарын пайдалана отырып, табиғи сұрыптау мен түраралық бәсекелестіктің қысымынан үлкен дәрежеде құтылып отыр. Ол биологиялық түрлер санынан бірнеше есе асып, биологиялық тұтынуды қанағаттандыру үшін заттар мен қуат көздерін пайдалану көмегімен ондаған есеге арттырады.
- адам санының өсуі олардың биологиялық сапасының артуымен байланысты емес. Керісінше, тұқым қуалайтын аурулардың жұқпалы ауруларға бейімділілігі, срндай-ақ егде адамдардың созылмалы аурулары да кең етек алып отыр. Адамдардың экологиялық проблемары денсаулық проблемаларына көп ұқсап келеді.
- адамзат XX ғасыр өзінің тұтыну өркениетінің шегінде отыр. Экономика екінші қажеттіліктің үлкен санына жабысуының арқасында тұр. Осылардың бәрін қанағаттандыру қоршаған орта мен табиғатымызға артық техногенді салмақ түсіреді.
Адамзаттың экологиялық проблемалары әлеуметтік және экономикалық проблемалары өте тығыз байланысты. Аймақтық экологиялық проблемалары әлеуиеттік мүлік теңсіздіктері мен геосаяси сілкіністердің тікелей ошағы болып табылады. Осы проблемалардың көпшілігін тек қана экологиялық себептерге ғана емес, сонымен қатар экономика мен қоғамдық идеологиялық саясатқа да байланысты. Қазіргі таңдағы экология оларды кешенді түрде зерттеп және шешудің маңызды ғылыми негіздерін енгізуде.
Экологиялық зиян ұғымын белгілеу, оның жалпы сипаты мен ерекшеліктерін айқындау проблемасы бүгінгі таңда әлеуметтік және құқықтық зор мағынаға ие болып отыр. Әлеуметтік тұрғыдан алғанда ол қоршаған ортаның ауыр күйімен байланысты. Соңғы кездері қоғамдық экологиялық қатынастарға қол сұғудың әлеуметтік зияндылығының елеулі түрде өзгергені күмән тудырмайды, қайта ол келтірілген зиянның сипаты күрделене түсіп, іс жүзінде әр қырынан танылып отыр.
«Экологиялық құқық бұзушылық» және «экологиялық зиян» ұғымдарын теориялық тұрғыдан терең зерттеу қажеттілігіне 80-ші жылдардың басында белгілі ғалым С. Б. Байсалов назар аударған. Қазақстандық құқықтық әдебиетте экологиялық құқық бұзушылық үшін жауапкершілік мәселелері бойынша жекелеген зерттеулер шығып, онда қаралып отырған мәселенің кейбір аспектілері өз шешімін тапқан жоқ.
Ғылым ретінде қазіргі таңдағы экологияның міндеті: көптеген нақты материалдардың бірегей теориялық платформаға өзара қатынасын барлық қырынан көрсетіп, осы мәліметтерді бір жүйеге келтіріп, біріктіруі қажет.
Қазіргі кезде ғаламшардың экологиялық проблемасын түсіну үшін, экологияның жаңа идеологиясы мен әдіснамасын жасау үшін табиғатты пайдаланудағы тәжірибелік істерді, экологиялық білімді дұрыс ұйымдастыра білу қажет. Осы күнгі экологиялық жалпы міндеттерін ғылыми іс-тәжірибелік жоспарда ауқымды түсінік бойынша төмендегідей қалыптастыруға болады:
1. Ғаламшар табиғаты жағдайларының және оның ресурстарының жан-жақты диагностикасы, ортаның ластануы мен адамзат әрекетінен биологиялық қорлардың алынуына себеп адамның ісінен, антропогендік қысымға қатынасы бойынша биосфераның шыдамдылық шамасын анықтау;
2. Биосферасы ең маңызды өнім әлеуетінің себеп адамның ісінен қ бағалануының бар әдістеріне шолу . . . табиғатын кешенді түрде толығымен қалыпты өзгеруінің, сонымен қатар қоршаған ортаның аймақтық және ғаламдық жай-күйін, аймақтың және адамның ттолық әлеуметтік дамуының әр түрлі елдердің түрлі сценарийі негізінде болжауын жасау:
3. Табиғатты күштеп бағындыру идеологиясынан алшақтау, экспертизхм әдіснамасы мен жаңа идеологияны қалыптастыру, өнеркәсіп өркениетіне өтуге байланысты білімді, саясатты, техниканы, өндірісті, экономиканы экологияландыруға бағытталған шарашлар;
4. Оңтайландыру критерийлерін орындау - экологиялық өктемдік пен анағұрлым келісімді таңдау мен қоғмның әлеуметтік - экономикалық дамуының экологияға қарай бет түзеуі (бағдары) .
5. Адамзат қоғамының стратегиялық әрекетінің экономикасы мен технологиясы, табиғат шыдамдылығы шегінің экономикасына сәйкес шаруашылық қызметінің сипаты мен көлемін қалыптастыру ғаламдық экологиялық дағдарысты болдырмайды.
Көптеген ғалымдар экология ғылымының мәнін, мағынасын, салдарын әр түрлі түсінеді. Көбі экология ғылымың жаңа ғылымның саласына қосады. Эрнест Геккельден бұрын да ғылымдар экология жайлы өзіндік зерттеулер жүргізген. Әйтсе де оның бастауына неміс ғалымы Эрнест Геккель биологиялық экологияға берген анықтама тұрғысынан қарайды, ал шындығында XXI ғасырдың экологиялық проблемалары қатыспайтын бірде-бір ғылым саласы жоқ. Сондықтан да экология ғылымы ғылымдардың ғылымы сипатына айналды. Себебі, олар барлық ғылым салаларының нәтижесіндегі ғылым жетістіктерінің табиғаттың тепе-теңдігінің бұзуылуына жауапты бола отырып, оның шешімін табуға ат салысу керек. Бұл ғаламдық проблема.
Қазақ халқы ежелден-ақ табағат болмысын, оны бүкіл өзінің шаруашылығының дамуы мен қалыптасуының, тіршіліктің даму жүйесінің көне айналдырған. Қазақтың көшпелі өмірінің өзінде табиғатты пайдаланумен қатар, оны аялаудың, қорғаудың тамаша үлгілері қалыптасқан. Осы арқылы болашақ ұрпақ бойына табиғатпен етене жүруді сіңіріп отырған.
Қазіргі дүние жүзілік ғылыми-техникалық прогрес пен адам әрекеті табиғаттағы тепе-теңдікті бұзып, болашақ ұрпақтың алдына ғаламдық экологиялық проблемаларды тудыруда. Табиғаттың байлығын қажжеттілігімізге жүйелі жаратудың орнына, кейінгі жылдары оған жаппай үлкен қауіп тудыратын, ядролық, экологиялық, биологиялық қарулардың сыналуы, ормандардың аталуы, аң мен құстардың есепсіз жойылуы, адамның ақыл-ойын аздыратын арақ пен есерткінің таралуы осы экологиялық апаттың көзі болып табылады.
Шын мәнінде туған еліміздің экологиялық ақуалы қандай екенін көпшілік біле бермейді. Неге десеңіз, экологиялық ақпаратты игеру үшін экологиялық білім керек. Қазақстанның экологиялық ахуалына қысқаша талдау жасағанда мынаны байқауға болады.
Солтүстік Қазақстан бойынша құнарлы жерлердің 25-30% жарамсызданса, Павлодардағы ірі өндіріс орнының зиялды экологиясы айтпаса да түсінікті. Батыс Қазақстанда мұнай-газ өнеркәсібінің өнімдерімен ластану 2, 5 млн. га жайылымдардың деградацияға ұшырауы З млн. га жерді қамтып отыр. Семей полигоны жайлы көп айтылады, бірақ халыққа әкелген зардабы жайлы маңызды шешім табылған жоқ. Әсіресе, Азғыр мен Тайсойған полигондары қамтып отырған 1, 4 млн. га жер радиоактивті ластануда.
Ал Каспий теңізінің 268 млн. га жағалауы су астында қалып, олардың мұнай өнімдерімен ластануы одан ары етек алуда. Күрделі экологиялық шиеліністер Орталық Қазақстанды да қамтуда. Байқоңырдан ұшырылатын тәжірибелік космос кемелерінің сол жердің тұрғындарына әкелетін экологиялық апаты ондағы техногендік, өндірісте ластану, радиоактивтілік және ракета-космос қалдықтарымен (Бетпақдала) ластану топырақтың құнарсыздануына, жайылымдардың тозуына жоғары деңгейде әсер етуде. Оңтүстік Қазақстандағы экологиялық жағдайлар Арал өңіріне тән Әмудария мен Сырдария бассейнінің 2 млн. га жерін шөлге, жарамсыз жерге айналдырды. Сорға, тақырға айналған жерлер мен Арал табанындағы тұздар ғаламдық экология проблемаларын тудырып, экожүйелерді қайтымсыз бүлдіруде. Осы өңірдегі 300 млн. га сексеуіл ормандары құрып кетті. Шу-Мойынқүл, Балқаш-Алакөл, Ақдала аймақтарының да экологиясы мәз емес. Әсіресе, Қапшағай, Тасөткөлкел су қоймаларының салынуы, суды көп қажет ететін күріш, техникалық дақылдардың егілуі-суырмалы жерлердің азуына әкеліп соқты. Іле өзені суының 10-15% Қытай Республикасының алуы бұл өңірде қауіпті жағдайлар туғызуда. Шығыс Қазақстан жағдайында да экологиялық проблемалар жеткілікті. Түсті металлургия, вольфрам, қорғасын, мырыш өнеркәсіптері елді мекендер мен қала тұрғындарына апат әкелуде. Бүгінгі таңда Өскемен қаласы дүние жүзіндегі экологиялық бас қаланың қатарына жатады.
- Экологиялық проблемалардың пайда болу негіздері
Экологиялық проблемалардың пайда болу нысандары алуан түрлі. Ол адам мекендеген қоршаған табиғи ортадағы сан мен сапалық шығындар арқылы байқалады. Қоршаған ортаның немесе оның жеке объектілерінің ластануы; олардың бұзылуы немесе жойылуы; ортаның тозуы және оның компоненттері арасындағы экологиялық байланыстардың бұзылуы арқылы байқалады.
Сонымен, экологиялық проблемалардың негізгі түрлеріне: табиғи ресурстарды ластау, тоздыру, жою, бұзу, табиғи экологиялық ресурстарды бүлдіру жатады.
Қоршаған ортаны ластаудың негізгі түрлері-физикалық, химиялық, биологиялық ластау.
Физикалық ластау қоршаған ортаның физикалық өлшемдерінің температуралық-энергетикалық, толқынды, радиациялық өзгерістермен байланысты .
Химиялық ластау-қалыпты қоршаған ортада жоқ немесе оның табиғи құрамын қалпынан арттырып өзгертетін табиғи химиялық қасиеттерінің өзгеруі.
Құрамында қоршаған ортаға енген кезде оған тікелей немесе жанама түрде, қолма-қол немесе келешекте қоршаған ортаға зиян келтіре алатын заттарды немесе өнім улы зат болып табылады. Мысалы, мұнай өңдеу барысында жанар май жағылған кезде қоршаған ортаға құрамында физиологиялық тұрғыдан белсенді азот, сера, көміртегі бар газдар шығарылады, ал олар орталық жүйке жүйесіне әсер етеді, тұншықтыруға, қан қысымының түсіуіне әкеп соғады. Сонымен бірге, су, топырақ және атмосфералық ауа күйіндегі химиялық өзгерістер ақыр соңында жануарлар мен өсімдіктердің өзгеріуіне әкеледі.
Биологиялық ластану аз зерттелген ұғым. Сондықтан оның жалпы танылған түсінігі жоқ. Бұл жерде жануарлар санының табиғи қалыптан артып, көбеюі, сондай-ақ табиғи ортаға бұрын болмаған жануарлардың пайда болуы туралы айтылуда. Биологиялық ластау салдары адам үшін зиянды арам шөптердің, жәндіктер мен жануарлар санының күрт өсуі арқылы білінеді.
Табиғи ресурстардың жекелеген түріне қатысты олардың ластануы ұғымы арнайы құқықтық-нормативтік актілерді жан-жақты берілген.
Мысалы, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 16 маусымдағы №976 «Ластанған және бұзылған жерлерді алу қорғау және пайдалану тәртібі туралы қағиданың бекіту туралы» қаулысы бойынша антропагендік қызмет нәтижесінде қалыптық деңгейден асатын және жердің қор-экономикалық және санитарлық-гигиеналық құндылығын төмендететін, ауылшаруашылық өнімінің, қоршаған ортаның өзге объектілерінің сапасын, халықтың тұрмысын нашарлататын әртүрлі заттар мен организімдердің жерде жиналуын-жерді ластау деп ұғыну қажет.
Бүгінгі таңда қоршаған ортаға зиянды әсердің шектеулі өлшемдерін анықтау, сондай-ақ атмосфералық ауаны, сулар мен топырақты химиялық, физикалық және биологиялық сипаттамалар бойынша сапасын бағалау үшін эколгиялық нормалау жүйесі, яғни қоршаған орта сапасының нормативтерін белгілеу жүйесі қолданылуда.
Қоғамның экономикалық және экологиялық мүдделері арасындағы шын мәнінде қажетті ымыра ретінде бұл нормативтер қоршаған ортаның сапалы күйін мүмкіндігінше ғылыми негізде қамтамасыз етуге арналған.
Біздің республикамызда жүргізіліп жатқан өзгерістердің негізгі мақсаты -адам өмірін жақсарту, елімізді дағдарыстан шығару жəне əлемдік қоғамдастықта оның лайықты орын алуына жету. Сондықтан қазіргі қоғам жаңа сападағы мемлекет пен құқық, экономика мен экология құруға ұмтылуы тиіс.
Республикада экологиялық дағдарысты, туындататын бірнеше ошақтар бар.
Экологиялық жағдайды қиындата түсетін негізгі факторлар:
- өнеркəсіп өндірісінде зиянды қосындылардың ара салмағының жоғары болуы (түсті жəне қара металлургия, газ, мұнай өндіру салаларында, химиялық өндірістерде, т. б. ) ;
- əскери жəне ядролық полигондар (Семей полигоны) ;
- "Байқоңыр" ғарыш аймағындағы космостық (ғарыштык) станциялардың жұмысы;
- суармалы жерлерді игеру технологиясын күрт өсіру. Арал теңізінің жойылуға дейін бару себептерінің бірі - судың да сұрауы бар екенін ескермей, мақта, басқа да мəдени дақылдардың егіс көлемін есепсіз көбейту, су ысырабына жол беру салдарынан бірте-бірте Сырдария суының тартылуы,
тіпті жазғы маусымда өзен арнасының құрғауы, ал Амударияның теңізге жетпей кеуіп қалуы;
- пайдалы қазбаларды кейбір технологиялық процестерді сақтамай тағылықпен өндіру;
- энергетиканың дамуының зардаптары;
- жердің өзгеруі, жасанды тыңайтқыштарды шамадан тыс пайдалану, тоғайларды кесу, топырақ эрозиясы;
- өнеркəсіптік жəне тұрмыстық қалдықтар мен қоқыстардың көлемінің артуы;
- табиғатқа тікелей ықпал ететін əр түрлі өнеркəсіптік жəне шаруашылық объектілерін салу болып табылады.
3. Қазақстан Республикасының экологиялық проблемалары
Қазақстанда қоршаған ортаның проблемалары негізінен өткен жүзжылдықтың соңына қарай шиеленісе түсті. Бұл өнеркəсіптің шексіз өсуінің, ғылыми, əскери зерттеулерді жүргізуде табиғи ресурстарды ойланбай, қалай болса солай пайдаланудың, ел территориясына əскери полигондарды орналастырудың нəтижесінде болды. Қазіргі кезде де республика терең экологиялық дағдарысты басынан өткізуде.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz