«ҚР қылмыстық-атқару құқығы» пәнінен лекциялар


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
С. АМАНЖОЛОВ атындағы ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ
ЗАҢ ФАКУЛЬТЕТІ
ҚЫЛМЫСТЫҚ ҚҰҚЫҚ ЖӘНЕ ҚЫЛМЫСТЫҚ ІС-ЖҮРГІЗУ ҚҰҚЫҒЫ КАФЕДРАСЫ
«ҚР ҚЫЛМЫСТЫҚ-АТҚАРУ ҚҰҚЫҒЫ»
Пәнінен лекциялар
Оқушы
ассистент БӨКЕЙҚАНОВА ЖАННА ЕРМЕКҚЫЗЫ
Аға оқытушы БОРАНБАЕВ САҒЫТАЙ ИМАШЕВИЧ
Өскемен, 2007
1 тақырып Қылмыстық атқару құқығының ұғымы, мәні, мақсаты мен міндеттері.
- Мемлекеттің жазаны қылмыстық жазаны орындаудағы саясаты мен оның қылмыспен күресудегі орны
- Құқықтың саласы ретіндегі қылмыстық-атқару құқығы
- Қылмыстық-атқару құқығының принциптері
- Қылмыстық-атқару құқығы ғылымы
- Қылмыстық-атқару құқығы курсының пәні мен жүйесі
- Мемлекеттің жазаны қылмыстық жазаны орындаудағы саясаты мен оның қылмыспен күресудегі орны
Біздің мемлекетіміздің ішкі және сыртқы саясатының негізгі бағыттарын айқындайтын Қазақстан Республикасы Конституциясының 40-бабының 1-тармағы бойынша жоғары лауазымды тұлға Қазақстан Республикасы Президенті болып белгіленген. Сондықтан мемлекет саясаты біртұтас деп есептеледі. Сонымен қатар саясаттың бірлігін білдіретін жалпы мақсаттар күрделі иерархия оның жүзеге асырылуы мемлекеттік органдардың құлқы мен әрекетіне байланысты. Мемлекеттің бірыңғай саясаты қоғам мен мемлекет өмірінің әр саласында байқалады.
Қазақстан Республикасының Үкіметі: мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық саясатының, оның қорғаныс қабілетінің, қауіпсіздігінің, қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етудің негізгі бағыттарын әзірлейді және олардың жүзеге асырылуын ұйымдастырады (Қазақстан Республикасы Конституциясының 66-бабы) .
Осы бағыттардың бірі - қылмыспен күресу, қоғамдық тәртіпті, мемлекеттің қауіпсіздігін қамтамасыз ету болып табылады. Онда мемлекеттің қылмысты бақылап отыру міндеттері, принциптері, стратегиясы, негізгі бағыттары, түрлері мен әдістері айтылады.
Қылмыстық жазаны орындау саласын айтатын болсақ, ол қылмыспен күресу саясатымен тығыз байланысты, сондықтан мемлекет жүргізіп отырған әлеуметтік саясатпен белгіленеді. «Қылмыс саясаты» («Criminal politic») терминіні 1840 жылы Ансельмом Фейербах бірінші қолданған болатын. Ол оған қылмыс құқығы туралы заң шығару актілерін әзірлегенде мән беру рөлін көрсеткен. Сондықтан бұл терминді біздің пікірімізше кең мағынада «мемлекеттің қылмыспен күресу саласындағы саясаты» терминіменге тоқталу қажет. бірдей пайдалану орынды сияқты, әрине құқық қорғау органдарының алдына қойылған қызмет пен міндетке ерекше назар аударған жөн.
Қылмыс саясаты - қылмыспен күресу бағытын, түрлерін, онымен күресуге арналған мемлекет органдары қызметінің мазмұны мен міндеттерін белгілейді.
Жазалауда қылмыс саясатын шартты түрде дербес қылмыстық іс жүргізу, қылмыстық құқық, қылмыстық-атқару, пост-пенициарлық саясатқа бөлуге болады. Бұлардың тиісті салалар әрекетіне негізделетін бағыттары:
- қылмысты тез және толық ашуға, яғни заңды дұрыс пайдалануды, жазадан құтыла алмайтындықты және кінәсіз адамдарды жауапқа тартпауды қамтамасыз етеді;
- істелген қылмысты дұрыс саралау мен орынды да істегеніне сайма-сай жаза тағайындау;
- жазаны атқару;
- жазалау әсерінің жағымды жақтарын баянды ету;
Қылмыстық-атқару саясаты әлеуметтік саясатқа негізделгеніне қарамастан, азаматтардың қоғамға пайдалы мінез-құлықтарын баянды ету үшін кері мінез-құлық көрсетушілермен принципті түрде күресуді анықтау тиіс. а істегеніне сайма-сай жаза тағайындау;
тындықты және кінәсіз адамдардыағыты белгіле іпті қылықтармен күресуге бағыттайды деп есептелген.
зуменҚылмыстық-атқару саясаты жаңа мазмұнға ие, оның мағынасын әлеуметтік те қылмыстық та саясаттар сіңіре алмайды.
Қылмыс жазасын атқарудағы саясаттың мақсаттары мен принциптері едәуір тұрақты, себебі халықаралық қоғамдастықтардың қабылдаған ережесіндегі сотталғандармен айналысқанда, Халықаралық актілерге, ғылыми жетістіктерге сәйкес болуын талап етуге байланысты. Бұл Қазақстан Республикасының Конституциясының 17-бабында былай деп жазылған:
- Адамның қадір-қасиетіне қол сұғылмайды.
- Ешкімді азаптауға, оған зорлық-зомбылық жасауға, басқадай қатыгездік немесе адамдық қадір-қасиетін қорлайтындай жәбір көрсетуге не жазалауға болмайды.
Саясат пен құқық тығыз байланысты бола тұра қоғамдағы қолданылып жүрген рухани талаптарды ескерулері тиіс.
Халықаралық келісімдерде көрсетілгендей, адам құқық қорғауда және сотталғандармен айналысқанда жалпы ережелер мен принциптерін қорғау мәнділігі, сипаты барлық мемлекеттер үшін және елдегі қалыптасқан идеологиялық, криминологиялық себептерге қарамастан, бірдей белгіленеді. Мысалы, жазаны атқару саласындағы саясатқа сол елдегі қылмыс құрылысының құбылысы әсерін тигізуі мүмкін. Қылмыстың тұрақты бір дәрежеде болғанын қарап отырған бағытымызда негізінен ізгілікті болады. Дегенмен, қылмыстың өсуі, әсіресе зорлық түрінің қоғамдағы жағдайға кері әсерін тигізеді де әдетте қылмыспен күресу мәселелері қатал саяси және құқықтық шешімдер қабылдауға апарып тірейді. Жазаны орындау саласындағы саясатты құруға ықпалын тигізетін тағы бір фактор, - ол сотталғандармен кәсіби дәрежеде айналыса білу, жазаны өтегенде әлеуметтік зардабы аз болу үшін ғылыми ойдың жетістіктерін пайдалана білу. Ол үшін қылмыспен күресу проблемасын ғана жете тексерумен бірге (криминология, қылмыстық құық, қылмыстық-атқару құқығы) сонымен қатар сотталғандармен жұмыс істегенде педагогикалық, психологиялық мәселелері де туындайды.
Қылмыстық жазаны атқаруда саясат әр түрлі жағдайда, алдымен қолданылып жүрген заңдарда іске асырылады. Оның негізгі ережелері ел Конституциясында, қылмыстық-атқару кодексінде бекітілген. Жазаны атқару саясаты сонымен бірге құқық қорғау органдарының қызметі арқылы жүзеге асырылады, оларға бұл салада ұйымдастыру қызметі: Қазақстан Республикасы ІІМ, облыстардағы ішкі істер басқармасына, заңды түрде жазаны атқаруға міндетті мекемелер мен органдарға жүктелген.
ның қызметі арқылы жүзеге асырылады, оларға бұл салада ұйымдастыру қызметі: Қ. . 1. 2 Құқықтың саласы ретіндегі қылмыстық-атқару құқығы
Қылмыстық жазаны атқару саласындағы саясат спен күресу проблемасын ғана жете тексерумен бірге (криминология, қылмыстық құық, қылмыстық-атқару құқығы) сонымен қтың талабы - заңда жазаның мақсаты мен маңызын бекітудің қажеттілігіне себепші болу және жазаны орныдау тәртібін анықтау. Қарастырып отырған мәселенің Қазақстан Республикасы Конституциясында жарияланған негізгі принциптерін, әрекет бағытын, мемлекеттің стратегиясын барынша жеткілікті жазаны орындауда, сотталғандармен айналысқанда ғылыми негізделген түрлерімен және әдістерімен оларды қамтамасыз ету.
Жазаны атқару әрекеті құқықты әдейі реттеуді талап етеді де жеке құқық саласының бар екеніне жауап береді.
Құқықтың жеке саласы бар екенін үш жағдай белгілейді: құқықты ерекше реттеу пәнінің барлығы, құқықты реттеу әдісі, құқықтық нормалар жүйесі. Қылмыстық-атқару құқығы өз алдына жеке құқық саласы болып есептеледі, себебі ол жеке пәнімен, құқықтық реттеу әдісімен, нормалау жүйесімен белгіленеді.
Құқық саласының пәніне жазаны атқару мекемелері мен органдардың қызметіндегі жазаны атқару процесінде жұртшылықтың, жеке азаматтардың, мекемелер, кәсіпорын ұйымдары әкімшіліктерінің арасындағы қатынастарды реттеуде пайда болатын жағдайлар кіреді.
Сонымен, қылмыстық-атқару құқығының пәні болып қылмыстық жазаның барлық түрлерін атқару және мерзімді өтеудегі қоғамдық қатынастар есептеледі.
Құқық саласы өз алдына жеке сала екендігіне оның бүтін бір нормалар жүйесінде немесе бірнеше нормативтік актілерде дайындалуы куә. 1971 жылдан Еңбекпен түзеу кодексі қолданылуда, сондықтан қылмыстық-атқару жүйесі бар екендігіне күмәндануға негіз жоқ.
Қылмыстық-атқару құқығы жеке сала есебінде бола тұра, ол өзіне басқа да салалардан кірген кейбір нормаларды қабылдайды (қылмыстық, еңбек, азаматтық және т. б. ) . мұндай әдіс құқықтың басқа салаларында ең көп пайдаланылады. Бұл нормалардың құқықтың жаратылысына байланысты басқадай қарым-қатынасты да реттейтіндігін еске сақтау тиіс, солай болғандықтан, ол өзінің мағынасын өзгертеді. Сондықтан оларды таза күйінде құқықтың басқа салаларының нормалары деп есептемеу тиіс.
Сонымен, қылмыстық-атқару құқығы қылмыстық жазаны атқаруды жатқызуға болады.
айда болуы күтілуде. ермек. орындау Ережесі қабылданған болатын. жі - құқықтың дербес саласы және құқық саласының қылмыспен күресті реттейтін жалпы жүйесіне кіреді. Ол алдымен, осы жүйеге кіретін қылмыстық құқық, қылмыстық іс жүргізу құқықтарымен тығыз байланысты. Сол себепті қылмыстық-атқару құқығын қылмыстық және қылмыстық іс жүргізу құқығынан айыра білудің маңыз-мағынасы күшейе түседі.
Қылмыстық-атқару құқығы сот үкімін орындауды реттеуде қылмыстық іс жүргізу құқығымен, денсаулығына байланысты жазаны өтеуден босату, мерзімінен бұрын шартты түрде босату т. с. сияқтылармен тығыз байланысты. Сондай-ақ олар сотталғандардың құқықтық статусын Конституция құқығы бойынша; мекемелерді басқару саласындағы әкімшілік құқығын және де азаматтық, еңбек, отбасылық, қаржы және басқа да заңның салаларын реттеуге байланысты.
ның қызметі арқылы жүзеге асырылады, оларға бұл салада ұйымдастыру қыз1. 3 Қылмыстық-атқару құқығының принциптері
Принциптер дегеніміз - құқықтық сананың нұсқауы, негізгі ережелерімен құқық жүйесін құрудың бастамасы ғана емес, сонымен бірге құқық нормаларын іске асыруды білдіреді.
Қылмыстық-атқару құқығы принциптері - қылмыспен күресуді реттейтін құқықтың жалпы принциптеріне және оның салалық принциптеріне негізделіп сүйенеді.
Құқықтық принциптер негізіне жалпы адамгершілік бағалылықтар жатады. Ол көптеген Халықаралық актілермен, жекелеп айтсақ, 1948 ж. Жалпы адам құқы Декларациясымен және басқа да құжаттармен дәлелденеді. Бұларда жалпы құқықтық принциптер арақатынасын реттеу бекітілген. 1988 жылғы желтоқсанның 9-ында БҰҰ Бас Ассамблеясы бекіткен «Қандай да түрде болмасын ұсталған немесе қамаудағы барлық адамдарды қорғау принциптерінің жинағы 43/173 резолюциясы» кеңінен белгілі.
Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару кодексінің 6-бабында көрсетілгендей, бұл заңдылық баршаның заң алдындағы теңдігі, гуманизм, демократизм және жариялылық негізінде берілген.
Қылмыстық атқару принциптерін, жалпы салалық, салалық және құқық институционалдық принциптерін атап көрсетуге болады.
Жалпы құқықтық принциптерге кіретіндер: заңдылық, демократизм, гуманизм; сала аралықтарға - әділеттілік және жазаның болмай қалмайтындығы, заң жолында азаматтардың теңдігі; салалыққа - жазаны орындауда дифферециялау мен даралау, мәжбүр ету амалдарын тиімді пайдалану және түзеудің әсерімен жазаны біріктіру, жұртшылықтың жазаны орындауға қатысуы; - жазаны бір мекемеде өтеу, сотталғандардың әр түрлі категорияларын бөлек ұстау т. с. с.
Демократизм принциптері жаза орындайтын мекемелер мен органдар қызметінің жариялылық принципімен және жазаны атқару кезінде, ең бастысы тәрбие жұмысына, жұртшылықтың қатысу принципі және олардың жазаны атқару органдарының қызметіне бақылау жүргізумен тығыз байланысты.
Демократизм принципі бостандық пен сотталғандардың заңды мүдделерін қамтамасыз ету принциптерімен тығыз байланысты. Оның себебі, сотталғандар, яғни бас бостандығынан айыруға жазалағандар құқығына едәуір шек қойылғандықтан, олар мүдделерін қорғауға мұқтаж.
Өз кезегінде мұнда заңдылық, азаматтардың заң алдында теңдігі сияқты принциптермен тығыз байланысты. Қазақстан Республикасының Конституциясының 16-бабында көрсетілгендей, заңда көрсетілген реттерде ғана және тек соттың немесе прокурордың санкциясымен тұтқындауға және қамауда ұстауға болады. Заңдылық қағидасы құқық қатынастары субъектілерінің қылмыс жазасын атқаруда қылмыстық-атқару заңдарын нақты және қатаң сақтауда ғана іске асырылады.
Заң алдындағы азаматтардың теңдік принципі - «Заң мен сот алдында жұрттың бәрі тең» деп, Қазақстан Республикасының Конституциясының 14-бабының 1-тармағында бекітілген,
Қылмыстық-атқару құқығының гуманизм принципі тек қана мемлекеттердің шығарған заңдарында ғана емес, адам құқығы және сотталғандармен айналысу туралы көптеген Халықаралық актілерде бекітілген.
Қылмыстық-атқару құқығы салаларының ішінде жазаны орындауда дифференциялау мен жекешелендіру принципі олардың қылмысына, кінәсінің түріне, қылмысты өтеу кезіндегі тәртібіне байланысты қабылданған классификацияға сәйкес сотталғандарды бөлек ұстауды қамтамасыз етеді.
Жазаны атқаруды жекешелендіру топтық түрде емес, жеке өзгешелігіне негізделеді де, әр түрлі мағыналы жағдай жасау, шартты жаза мерзімінен бұрын шығаруға ұсыну, мәжбүрлеу құралдарын тиімді пайдаланумен бірге құқыққа бойұсынушылыққа себепші болу арқылы жеткізіледі.
Жоғарыда қарастырылғандай, қылмыстық атқару құқығының қағидаттары бір-бірімен өзара тығыз байланысты және олар жазаны өтеу процесінде жинақталып іске асырылуы тиіс.
ның қызметі арқылы жүзеге асырылады, оларға бұл салада ұйымдастыру қызм1. 4 Қылмыстық-атқару құқығы ғылымы
Қазақстан Республикасының қылмыстық-атқару құқығы ғылымы жаңадан көтеріле бастады. КСРО ыдырауына дейін қылмыстық жазаны ғылыми-зерттеу проблемалары ІІМ жүйесінде, негізінен Мәскеу қаласында топталған болатын. Қылмыстық-атқару құқығын Ресейдегі зерттеуді бағыттау орталығы Ресей Федерациясы ІІМ қарайтын Бүкілодақтық ғылыми-зерттеу институты болып есептеледі. Жазаны атқаратын жазалау органдары проблемаларын байыпты зерттеу Ресей Федерациясы ІІМ Академиясында жүргізіледі. Қылмыстық жазаны өтеу проблемаларын зерттеуде Рязань ІІМ-нің Жоғары мектебі алдыңғы қатардағылардың бірі болып есептеледі, сондай-ақ қазіргі кезде ІІМ-нің Уфадағы Жоғары мектебінде зерттеу жұмысы өріс алуда.
Қазақстанда қылмыстық жазаны орындау проблемалары Қазақстан Республикасы ІІМ №академиясының қылмыстық жазаны орындауды ұйымдастыру кафедрасында, Қазақстан Республикасы ІІМ Қарағанды заң институтының қылмыстық құқық және криминология кафедрасында ғылыми зерттеулер жүргізіледі, ал Қостанай заң институтында Шымкенттің заң колледжінде ғылыми зерттеу жұмыстары қолға алына бастады.
Қылмыстық-атқару құқық ғылымы құқық саласына сәйкес келгенімен, оның пәні қылмыстық-атқару құқығының маңызынан едәуір кең. Оған мемлекеттің қылмыстық жазаны атқару саласындағы саясаты, Қазақстанның қылмыстық-атқару заңының және жазаны атқару (мекемелер) органдарының даму тарихы, заң шығару жүйесі мен оның басталуы, мазмұны, қарастырып отырған құқық саласының құрылу нормасы, құқықтық қатынастар, шетелдердің қылмыстық-атқару құқығы, сотталғандармен айналысу туралы Халықаралық актілер кіреді.
Қылмыстық-атқару құқық ғылымы заң ғылымының әр түрлі салаларымен өзара тығыз байланыста. Ең алдымен өзара тығыз байланыс қылмыстық және қылмыстық іс жүргізу құқықтарымен жүргізіледі де, бұлардың пәні мен әдістерінің жақындығын білдіреді.
Конституциялық құқық ғылымы қылмыстық-атқару құқығы ғылымының негізі болып табылады. Басқа да құқық салаларының нормалары оның кейбір жалпы проблемалары азаматтық, еңбек, шаруашылық, әкімшілік құқықтарымен бірдей болады.
Қылмыстық-атқару құқығы мен криминология ғылымдары арасында тығыз байланыс бар. Кейбір елдерде бұл сала «Криминологияның» құрамды бөлігі «Пенология» оқытылады. «Пенология» атауы латынның «poena» - жазалау және «Logos» - ілім, яғни жазалау туралы ілім деп аталады. Қылмыстық-атқару құқығы ғылымында сотталғандардың жеке басын зерттегенде криминологияда талдау әдістері кең пайдаланылады. Бұдан басқа қылмыстық-атқару заңдарының ең басты міндеттерінің бірі - қылмыстың алдын алу, әсіресе қайталанба қылмыстың (рецидив) болмауын ескерту. Сондықтан, құқықтың бұл саласының кейбір нормалары мен институттары криминологиялық түрде негізделуі қажет, ол үшін мәжбүр ету амалдарын тиімді қолданумен бірге олардың заңды бұлжытпай орындауға жағдай жасау керек. Бұл мәселені шешу түзеу психологиясы мен педагогикасының өзара байланысына әкеледі. Біз бұдан аталған ғылым салаларының бірін-бірі байытып отыратынын байқаймыз.
Қылмыстық-атқару құқығы ғылымының әдістемелік негізі құқықтың жалпы теориясы болып есептеледі. Бұл ғылымның теориялық жағдайы, қағидаттары мен ұғым аппараты, зерттеу әдістерінің - барлығы құқық саласының негізі болып саналады.
Бұл саладағы ғылыми зерттеулерді үйлестіріп отыру мақсатында Қазақстан Республикасында қылмыстық жазаны атқару проблемасын зерттеу үшін Ғылыми орталық ашқан жөн болар еді.
ның қызметі арқылы жүзеге асырылады, оларға бұл салада ұйымдастыру қызметі: Қ
1. 5 Қылмыстық-атқару құқығы курсының пәні мен жүйесі
Қылмыстық-атқару құқығы курсы дәстүрлі Жалпы, Ерекше және Арнаулы бөлімдерге бөлінеді. Жалпы бөлімде қылмыстық-атқарудың құқықтық теориясы мәселелері үйретіледі: Қазақстан Республикасы қылмыстық-атқару заңдары; сотталғандардың құқықтық жағдайы; жазаны орындайтын мемлекеттік мекемелері мен органдардың жүйесі; жазаны орындау құқығының негізін реттеу. Жалпы бөлімге жаңа тарау енгізіледі. Ол - жазаны орындайтын мекемелер мен органдарда қызмет істеушілерге, сондай-ақ олардың құқықтық жағдайы, қауіпсіздігі мен қызметінде заңдылықты қамтамасыз етуге арналған.
Жазаны орындау мекемелері мен органдарының қызметкерлері алдын ала тергеу изоляторына қамауға алуды орындаумен тығыз байланысты болғандықтан, жалпы бөлімде көрсетілген проблемаларға арнайы тарау берілген.
Ерекше бөлім әр түрлі қылмыстық жазаны атқаруға арналған. Негізгі басты назар бас бостандығынан айыруды атқаруға бөлінген. Алдымен, сотталғандардың бас бостандықтарынан айырылғандарын жіктеу, еңбекті, режимді, сотталғандармен тәрбие жұмысын жүргізуді құқықтық реттеу, олардың материалдық-тұрмыс жағдайын қамтамасыз ету, медициналық қызмет көрсетумен қатар әр түрлі түзеу мекемелерінде жазаны өтеудің ерекшелік түйінді проблемаларына көңіл аударылған.
Екінші бөлімде жазаны қоғамнан бөлмей өтеу проблемалары, ал үшінші бөлімде жазадан босату және жазадан босатылған адамдарды әлеуметтік бейімдеу мәселелері қаралған.
Арнаулы бөлімде қылмыстық жазаны атқарудың халықаралық деңгейін ашып көрсетеді де халықаралық актілерге сипаттама береді.
2 тақырып Қазақстан Республикасының қылмыстық-атқару заңдары
2. 1 Қылмыстық-атқару заңдарының түсінігі, міндеті
2. 2 Еңбекпен түзету заңдарының реформасы ның қызметі арқылы жүзеге асырылады, оларға бұл салада ұйымдастыру қызметі: . 3
2. 3 Қылмыстық-атқару құқығының нормаларының түсінігі, мазмұны, түрлері мен құрылымы
2. 4 Қылмыстық-атқару құқық қатынастары
2. 1 Қылмыстық-атқару заңдарының түсінігі, маңызы, мақсаттары мен түрлері
Қылмыстық-атқару заңдарын тар мағынада - жазаны атқару процесі кезінде пайда болатын қоғамдық қатынастарды реттеуге және сотталғандарға ықпалды түзеу жазасын қолдану заңдар жүйесі деп түсіну керек.
КСРО ыдырағаннан кейінгі кезеңде Қазақстан заңгерлері қылмыстық жазаны атқаруды реттеудің өз жүйесін құрды.
Қылмыстық-атқару заңдары жазаны атқару заңдар нормасын жүйеге келтіру нәтижесінде пайда болды. Ол Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару кодексінен, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарынан, сондай-ақ жазаны және сотталғандарға қылмыстық-құқықтық ықпал етудің өзге де шаралары атқару мен өтеудің тәртібі мен жағдайларын белгілейтін нормативтік-құқықтық актілерден тұрады.
Сонымен, қылмыстық-атқару заңдары қылмыстық жазаның барлық түрлерін атқаруды реттейтін заңдардан құралады. Қылмыстық-атқару заңдарының мазмұны - олар орындайтын қызметтік рөлімен белгіленеді. Жазаны тиісті түрде атқару - қылмыспен күресудегі маңызды кезең. Түзеу мекемелерінің жүйесі қалай жұмыс істейтіні қылмыспен күрес жүргізетін мемлекеттік органдардың барлық бөлімінің жалпы күш салуының қорытындысына байланысты. Қылмыстық-атқару заңдары - мақсатқа жетудегі жаза алдында тұрған құқықтық бағдарлама қызметі: сотталғандарды түзеу және тәрбиелеу, сотталғандарды да, басқаларды да жаңадан қылмыс жасауын болдырмауды ескерту.
Қылмыстық-атқару заңдары - бірыңғай қылмыстық-құқық жиынтығынан тұрады. Сондықтан қылмыспен күрес жүргізуде бұл заңдардың мақсаты ортақ болып табылады. Егер де қылмыстық құқық нормалары жазалау мен қылмыстық жауапкершіліктің негізін және шегін белгілесе, ал қылмыстық-атқару құқығы нормалары сот үкімімен белгіленген жазаны атқару тәртібін реттейді.
Қазіргі қылмыстық-атқару заңдары, 1997 жылғы желтоқсанның 13-інде қабылданған Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару кодексінен тұрады. Ерекше ескерте кететін жағдай, бұл кодеске «Тәртіптік әскери бөлімде ұстау түріндегі жазаны атқарудың тәртібі мен жағдайлары» туралы арнаулы тарау енгізілген.
Жоғарыда көрсетілгеннен басқа да қылмыстық-атқару заңдар жүйесіне әзірше заң күші бар бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды ішкі істер органдарынан әкімшілік бақылау Ережесі, байқау комиссиялар туралы Ереже, кәмелетке толмағандар істерін қарайтын комиссиялар туралы Ереже және тағы да басқа нормативтік-құқықтық актілерді кіргізуге болады. Алдағы уақытта аталған нормативтік актілер Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару кодексіне сәйкес келтірілгенге дейін Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару кодексіне қайшы келмейтін бөлігінде қолданыла береді.
Сонымен бірге қылмыстық-атқару құқығының кең мағыналы да түсінігі бар, себебі жазаны атқару кезеңінде түзеу мекемелерінен және басқа да жазаны орындайтын мемлекеттік органдардан, олардың лауазымды қызметкерлерінен, қоғамдық ұйымдардан және діни концессиялардан күнделікті нақтылы қызмет істеуді талап ететін құқықтық актілер ереже, нұсқау түрінде т. с. с. болжаулар. Жоғарыда айтылғандай, қылмыстық-атқару заңдары кең мағынада барлық нормативтік актілердің жиынтығы болып есептелінеді. Бұлар сотталғандарға түзеу ықпалын қолданғанда және жазаны атқару процесінде пайда болатын, өзгеріп тұратын, яғни тоқтатылатын қоғамдық қатынастарды реттейді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz