Құқық бұзушылықтың алдын алу, құқықтық тәртіпті нығайту


МАЗМҰНЫ
- Бағдарламаның паспорты
- Кіріспе
- Қоғамдық тәртіп пен заңдылықтың жай-күйін талдау
- Бағдарламаның мақсаты мен міндеттері
- Бағдарламаны жүзеге асырудың негізгі бағыттары:5. 1. Азаматтардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қорғау
Құқық бұзушылықтың алдын алу, құқықтық тәртіпті нығайту
5. 2. Әлеуметтік-құқықтық құқық бұзушылықты алдын алу
5. 3. Кәмелетке толмағандар мен жастар арасында қадағалаусыз қалу және құқық бұзушылықтардың алдын алу
- 5. 4. Маскүнемдік пен қылмыстың қайталануының алдын алу5. 5. Есірткі қылмыстары мен нашақорлықтың алдын алу
5. 6. Қоғамдық орындарда және көшелерде қоғамдық тәртіп пен азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету
- 5. 7. Жол қозғалысы саласындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу5. 8. Заңсыз көші-қонды ескерту және жолын кесу5. 9. Табиғат қорғау заңнамасы саласындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу
Қылмысқа қарсы іс-қимыл
5. 10. Бөтеннің мүлкін ұрлау мен тонаулардың алдын алу
5. 11. Атыс қаруларының заңсыз айналымы саласындағы қылмыстардың алдын алу
5. 12. Құқық қорғау органдарының жұртшылық және азаматтармен ынтымақтастығы
5. 13. Құқық бұзушылықтар мен қылмыстардың алдын алуды ақпараттық және материалдық-техникалық қамтамасыз ету
- Қажетті ресурстар
- Бағдарламына жүзеге асыру бойынша іс-шаралар жоспары
- Бағдарламаның паспорты
- құқық бұзушылықтардың алдын алудың толық масштабты және тиімді жүйесін әрі қарай дамыту және жетілдіру;
- қылмыс және құқық бұзушылық жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою;
- құқық бұзушылықтың алдын алу және қоғамдық тәртіп пен қоғамдық қауіпсіздікті қорғаудың барынша жоғары деңгейін қамтамасыз ету саласында жергілікті атқарушы органдар мен мемлекеттік органдардың жауапкершілігін арттыру;
- нашақорлыққа, заңсыз көші-қонға қарсы іс-қимылды күшейту.
- азаматтардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз ету;
- құқық бұзушылықтарды мақсатты бағытталған әлеуметтік-құқықтық алдын алуды жүзеге асыру;
- қылмыс пен құқық бұзушылықтардың алдын алу және ескерту жүйесін жетілдіру;
-қылмысқа қарсы күреске азаматтардың қызығушылықтарын арттыру;
- қоғамдық қауіпсіздіктің тиісті жағдайын қамтамасыз ету;
- заңсыз көші-қөнға, лаңкестік пен діни экстремизм көріністеріне, есірткі бизнесіне, қылмысқа қарсы іс-қимыл бойынша құқық қорғау қызметінің тиімділігін арттыру;
- қылмысқа қарсы күресті тиісті ақпараттық және материалдық-техникалық қамтамасыз ету.
Бағдарламаны орындау мыналарды қамтамасыз етеді:
- құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету саласындағы құқық қорғау, мемлекеттік және атқарушы органдардың бірлескен іс-әрекеттерінің тиімділігін арттыру;
- құқыққа қарсы қол сұғушылықтан азаматтардың қорғаныш сезімдерін қалыптастыру;
- ұйымдасқан қылмысқа, есірткі бизнесіне, заңсыз көші-қоңға, лаңкестік пен діни экстремизм көріністеріне қарсы күресті күшейту;
-тұрғындардың құқық қорғау органдарымен ынтымақтастығын одан әрі дамыту, тұрғындардың құқықтық санасының деңгейін, оның құқық қорғау органдарына және жалпы мемлекетке деген сенімдерін арттыру.
2. Кіріспе
Шығыс Қазақстан облысы Көкпекті ауданында құқық бұзушылықтың алдын алудың 2011-2013 жылдарға арналған бағдарламасы «Қазақстан Республикасында құқық қорғау қызметі мен сот жүйесінің тиімділігін арттыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 17 тамыздағы №1039 Жарлығының 5-тармағы 8) тармақшасына және «Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 17 тамыздағы №1039 Жарлығын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 17 қыркүйектегі № 963 қаулысына, «Шығыс Қазақстан облысында құқық бұзушылықтың алдын алудың 2011-2013 жылдарға арналған өңірлік бағдарламасының жобасын әзірлеу бойынша жұмыс тобы туралы» Шығыс Қазақстан облысы әкімінің 2010 жылғы 3 қыркүйектегі №1-160ө өкіміне сәйкес және құқық бұзушылықтардың алдын алу және қылмысқа қарсы күрестің бұрын қолданыста болған республикалық және облыстық бағдарламаларына қатысты сабақтастық қағидаларын сақтай отырып әзірленген.
3. Қоғамдық тәртіп пен заңдылықтың жай-күйін талдау
Соңғы 3 жылдың ішінде 2008-2010 жылдар аралығында тіркелген қылмыстардың саны 174-тен 171-ге төмендеді, оның ішінді ауыр қылмыстар 24-тен 5-ке дейін. Сонымен қатар төмендегі санаттар бойынша елеулі төмендеу байқалды: қасақана ауыр дәрежелі денсаулығына зиян келтіру 7-ден 2-ге дейін, алаяқтық 7-ден 0-ге дейін, қорқытып алу 6-дан 1-ге дейін, бұзақылық 12-ден 6-ға дейін, суық қаруды заңсыз сақтау 6-дан 4-ке дейін, есірткі затын заңсыз сақтау 7-ден 5-ке дейін және мас күйінде жасалған қылмыстар 4-тен 3-ке дейін.
2010 жылдың қорытындысы бойынша 2009 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда Көкпекті ауданының аумағында жалпы қылмыстың 20%-ға төмендегені байқалады (185-тен 148-ге дейін), оның ішінде ауыр қылмыстар 77, 3%-ға (22-ден 5-ге), ауыр емес және орташа ауыр қылмыстар 11, 2%-ға (162-ден 140-қа) . Деңсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру 6-дан 2-ге, зорлау 4-тен 2-ге, бөтеннің мүлкін ұрлау 123-тен 117-ге, соның ішінде мал ұрлығы 14-тен 11-ге, сонымен қатар алаяқтық 9-дан 0-ге, тонаулар 7-ден 6-ға, қорқытып алу 6-дан 1-ге, бұзақылық 11-ден 6-ға дейін қысқарды. Сонымен қатар қоғамдық орындарда жасалған қылмыстар 13-тен 7-ге және мас күйінде жасалған қылмыстар 7-ден 3-ке дейін қысқарды.
2010 жылы тіркелген кісі өлтіру қылмысы 1-ден 2-ге, пәтер тонау 25-тен 37-ге, қарақшылық 1-ден 2-ге, топпен жасалған қылмыстар 29-дан 41-ге, бұрын сотталғандар жасаған қылмыстар 9-дан 11-ге және кәмелетке толмағандармен жасалған қылмыстар саны 24-тен 25-ке дейін өсуі байқалады.
Жалпы ауданның криминогендік жағдайы тұрақты болып қалуда.
Сонымен қатар, қабылданып жатқан шараларға қарамастан, жазалаудан бұлтартпауды қамтамасыз ету әлі тиісті деңгейде емес. Жыл сайын аудан бойынша жеке мүлікті ұрлау қылмысы 8%-ы, оның ішінде 25%-ы мал ұрлығының ашылмай қалып отыр, қылмыскерлердің басым бөлігі жасаған қылмыстары үшін жазаланбай, іздестірілуде жүр.
Заңсыз көші-қон бойынша құқық қорғау және мемлекеттік органдардың күш-жігері қажетті тосқауыл қоя алмай отыр.
Кәмелетке толмағандар қылмысын ескерту, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босап шыққан тұлғаларды әлеуметтік бейімдеу мәселелерін жергілікті органдар толық көлемде шешпейді.
Қоғамдық тәртіпті сақтау мен қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету тетігі одан әрі жетілдіруді талап етеді.
Заңдылық пен азаматтардың құқықтарын бұзу, қылмыстарды есепке алуды жасыруға жол беріліп отыр, бұл құқық қорғау жүйесінің мәртебесіне нұқсан келтіреді.
Осыны ескере отырып, ауданның құқық қорғау органдары қылмыстардың алдын алуға және қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге ерекше назар аудара отырып, қылмыстың барлық көріністері мен заң бұзушылықтарға қарсы күресті күшейтулері қажет.
- Бағдарламаның мақсаты мен міндеттері
Бағдарламаның мақсаты: Құқықтық тәртіп пен қоғамдық қауіпсіздікті сақтау деңгейін арттыру, құқық бұзушылықтың алдын алудың барлық жүйесін жетілдіру, қылмыстар мен құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою, құқық бұзушылықтың алдын алу және қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету саласында жергілікті атқарушы және мемлекеттік органдардың жауапкершілігін арттыру.
Бағдарламаның міндеттері:
- азаматтардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз ету;
- құқық бұзушылықтарды мақсатты бағытталған әлеуметтік-құқықтық алдын алуды жүзеге асыру;
- қылмыс пен құқық бұзушылықтардың алдын алу және ескерту жүйесін жетілдіру;
- қылмысқа қарсы күреске азаматтардың қызығушылықтарын арттыру;
- қоғамдық қауіпсіздіктің тиісті жағдайын қамтамасыз ету;
- нашақорлыққа, заңсыз көші-қонға қарсы күрестің тиімділігін арттыру;
- қылмысқа қарсы күресті тиісті ақпараттық және материалдық-техникалық қамтамасыз ету.
5. Бағдарламаны жүзеге асырудың негізгі бағыттары
5. 1. Азаматтардың құқықтарын, бостандықтары мен
заңды мүдделерін қорғау
Азаматтардың конституциялық құқықтарының бұзушылығын атап өтсек құқық қорғау органдары қызметкерлерінің тарапынан күштеп зорлық көрсету, тергеудің заңсыз әдістерін пайдалану болып табылады. Алайда азаматтың өміріне, денсаулығына, мүлкісіне кез-келген қол сұғушылық - бұл да конституциялық құқық бұзушылыққа жатады. Қылмыстың кез-келген фактісі бойынша оны ашуға және азаматтардың құқық бұзушылығын қалпына келтіру үшін барынша күш салу керек.
Құқық қорғау органдарының қызметінде заңдылықты нығайтуға және ең алдымен, қылмысты жасыру, азаматтардың арыздары мен өтініштерін қарастырудың белгіленген тәртібін бұзу фактілерін жоюға бағытталған құқық қолдану тәжірибесін жүзеге асырудың ашық және қағидатты саясатын жүргізуді жалғастыру қажет.
Жеке адамның құқықтары мен жауапкершілікке негізсіз тартудан іс жүргізу кепілдіктерін шынайы қамтамасыз ету құқық қорғау органдарының қызметі саласындағы демократшылдық, ізгілікті бағалау өлшемінің негізіне алынуы тиіс.
Мемлекет міндеттерінің бірі болып табылатын және құқық қорғау органдары, соттар, жергілікті басқару органдарының басымды міндеті ретінде белгіленген азаматтардың құқықтарын қорғау өзара байланысқан шаралар кешенін іске асыруды талап етеді.
Құқық бұзушылықтың алдын алу, құқықтық тәртіпті нығайту
5. 2. Әлеуметтік-құқықтық құқық бұзушылықты алдын алу
Нарықтық экономиканы дамыту, мемлекеттік және қоғамдық өмірді демократияландырудың заманауи жағдайларында қылмыстың алдын алу проблемасы өзекті мәселеге айналып отыр. Қылмыстық жазалау шараларын қолдану қылмысқа қарсы күресу үшін жеткіліксіз екені анық және құқықтық тәртіп проблемаларын тек полиция саласында ғана қарауға болмайды.
Халықтың жұмыспен қамтылу деңгейінің төмендігі қазiргi уақыттағы жалпы қылмыстылық себептерiнің бiрі болып табылады, ол барып белгiлі бiр айналысатын iсi жоқ және қылмыстық көңiл күйге бейім адамдардың мәдениетке қарсы топтар мен бiрлестiктер ұйымдастыруына әкелiп соғады. Жергілiктi атқарушы органдардың халықты, әсiресе жастарды, жұмыспен қамту, оларды қоғамдық жұмыстарға тарту, кәсiби даярлау және оқыту осы саладағы негізгі мiндеттерінің бiрi болып табылады.
Көптеген криминогендiк проблемаларды шешу үшiн елiмiзде жақсы материалдық қолдауы бар, жаңа әлеуметтiк-экономикалық негiзде қылмыстың алдын алудың жалпы жүйесiн құру жаңадан құру қажеттілігі туындады.
Учаскелiк полиция инспекторлары мен кәмелетке толмағандардың icтері жөнiндегi қызметтер, маскүнемдіктен, нашақорлықтан және уытқұмарлықтан мәжбүрлеп емдеуге арналған арнайы мекемелер, белгілi тұрғылықты жерi жоқ адамдарды әлеуметтік бейiмдеу орталықтары және басқалары сияқты профилактикалық құрылымдар айтарлықтай материалдық-техникалық нығайтуды қажет етедi.
Техникалық қадағалау және байланыс жүйелерін одан әрі дамытуды, патрульдеу кезінде көлік құралдары мен қызметтік жануарларды белсенді пайдалануды талап етеді.
5. 3. Кәмелетке толмағандар мен жастар арасында қадағалаусыз қалу және құқық бұзушылықтың алдын алу
Кәмелетке толмағандар арасында құқық бұзушылықтар мен қадағалаусыз қалудың алдын алу мәселесi ерекше көңiл бөлудi талап етедi, себебі аудандағы криминогендiк ахуалдың даму болашағы бүгінгi таңда жасөспiрiмдер және жастарға қатысты қолданылып жатқан тәрбиелiк-құқықтық шаралардың тиiмдiлігіне тiкелей байланысты.
Жоғары және орта оқу орындарында құғық қорғау бағытындағы жастар құрылымдары желiсiн қалпына келтiру және дамыту жөнiндегi шаралар кешенiн жүзеге асыру оқушылар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу мен оның жолын кесуде құқық қорғау органдарына жәрдем көрсетуге ықпал ететiн неғұрлым перспективтi бағыт болып табылады.
Кәмелетке толмағандар iстері жөнiндегi учаскелiк полиция инспекторларының, оның ішінде мектеп инспекторлары қызметi кадрлармен одан әрі нығайтуды қажет етедi.
Оқу орындары оқушылары жасайтын қылмыстар санының артуы соңғы жылдарға тән ерекшелік болып отыр. Осы проблеманы шешу жолдарының бiрi-жалпы білiм беретiн оқу орындарында мектептерге бекiтілген кәмелетке толмағандар iстерi жөніндегі учаскелiк полиция инспекторларын енгiзу тәжiрибесiн одан әрі тарату болып табылады. Осы лауазымдарға тағайындау кезінде алдын алу жұмыстарының тиімділігін арттыру үшін тәжірибелі педагог-ер адамдарға басымдық беру қажет.
Кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау, осы жас тобындағы қылмысты ескертудi қамтамасыз ету, олардың әлеуметтік-пайдалы қызметке қатысуын қамтамасыз ету үшін тек қана құқық қорғау органдарының ғана емес, сонымен қатар, жалпы барлық қоғамдық институттардың күш-жігері қажет.
Жас азаматтардың көкейкесті проблемаларының бірі- жұмыссыздық болып қалуда. Осы мақсатта жастар арасында кәсіби бағдарлау жұмыстарын күшейту, бос орындар туралы ақпараттармен алмасу үшін жағдайлар жасайтын бос орындар жәрмеңкелерін өткізу, еңбек нарығындағы сұранысты анықтау, жұмыссыз жастар мен әлеуетті жұмыс берушілер арасында байланыс орнату үшін ықпал ету қажет.
Жасөспірімдер мен жастар қылмысының проблемаларын шешуде басымдықтарды, қолжетімді спорт нысандары желісін кеңейту жолымен спортпен айналысуға жасөспірімдер мен жастарды тартуға беру керек.
5. 4. Маскүнемдіктің және қылмыстың қайталануының алдын алу
Алькагольді пайдаланудың өсуі, тұрмыстық маскүнемдіктің, әсіресе, жастар арсында кеңінен етек алуы, маңызды әлеуметтік проблемаға айналып отыр. Бұл проблеманы күшейтілген ішімдіктерді бөгетсіз және барлық жерлерде бөлшектеп және құйып сату ұшықтыруда.
Ағымдағы жылы ішкі істер органдарының алдын алу есептерінде: маскүнемдікпен сырқат деп танылған барлығы 379 адам, емдеуді қажет ететін және есірткіні медициналық емес жолмен пайдалануға жол берген 6 адам тұр.
Маскүнемдік, нашақорлық пен уытқұмарлықтың алдын алу бойынша мемлекеттік органдар тарапынан қолданылатын шаралар, осы санаттағы тұлғаларды мәжбүрлеп емдеуді жүзеге асыру бойынша қолда бар мекемелер саны жеткіліксіз.
Ішкі істер органдарының, әсіресе полицияның учаскелік инспекторларының алдын алу қызметінің басым бағыттары әкімшілік-құқықтық шаралармен әсер етуді қоса, жалпы және жеке алдын алу әдістерімен қылмысты ескерту, құқық бұзушылықтар мен қылмыс жасауы мүмкін адамдарды анықтау, олардың асоциалдық мінез-құлықтарын түзеу болып табылады.
Бас бостандығынан айыру орындарындағы адамдарды кәсіби даярлау және жаңа кәсіпке оқытуды ұйымдастыру, сондай-ақ аталған адамдардың тікелей түзеу мекемелерінде өндірістік және өзге де еңбек түрлерімен айналысу мүмкіндігін қарастыру қажет.
Бүгінгі таңда салауатты өмір салтын насихаттауда жұртшылық пен мемлекеттік органдарының қатысу үлесі әлі де төмен.
Осыған байланысты:
- маскүнемдік, алкоголизм және нашақорлықтың алдын алу жөніндегі жұмыстың жағдайына атқарушы органдардың жауапкершілігін арттыру және аталған жұмыстың тиімділігін арттыру бойынша бірқатар ұйымдастырушылық-практикалық шаралар қабылдау;
- спирттік ішімдіктер мен есірткі құралдарын пайдаланушы тұлғаларды анықтау үшін жоғары және орта оқу орындарының оқушыларын жүйелі тексеруді қамтамасыз ету қажет.
5. 5. Есірткі қылмыстары мен нашақорлықтың алдын алу
Шығыс Қазақстан облысының аумағы Оңтүстік-Батыс Азия мемлекеттерінен, бірінші кезекте Ауғаныстаннан Ресей және Еуропа елдеріне «ауыр» есірткі заттарының контарабандасы үшін транзиттік дәліз ретіндегі трансұлттық қылмыстар аумағы ретінде пайдалану жалғастырылуда.
2010 жыл ішінде Көкпекті ауданында есірткінің заңсыз айналымына байланысты 5 қылмыс тіркелген. Қабылданған шаралардың нәтижесінде заңсыз айналымнан 376, 7 грамм марихуана есірткі заттары алынды.
Істің нақты мән-жайын ескере отырып, нашақорлық проблемаларын шешу кезінде ең бастысы кәмелетке толмағандар және жастармен алдын алу жұмыстарын жүргізу керек. «Жастар есірткіге қарсы» және тағы басқа акцияларын белсендіру, мүдделі мемлекеттік органдар өкілдерін шақыра отырып, барлық мектептерде «дөңгелек үстелдер» өткізуді ұйымдастыру қажет.
Аудандағы мемлекеттік және үкіметтік емес ұйымдардың қызметін талдау Көкпекті ауданында нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрестің 2009-2011 жылдарға арналған өңірлік бағдарламасында алға қойылған мақсаттар мен міндеттердің жалпы орындалғанын көрсетті, оның нәтижесінде белгілі оң нәтижелерге қол жеткізілді.
5. 6. Қоғамдық орындарда және көшелерде қоғамдық тәртіп пен
азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету
Көшелерде және қоғамдық орындарда жасалатын құқық бұзушылықтардың алдын алуда құқық қорғау бағытындағы қоғамдық құрылымдар, әлеуетті мүмкіндіктерін тарту қажет.
Қоғамдық тәртіпті сақтауға қатысатын азаматтар құқығы мен әлеуметтік қорғалуын қамтамасыз ету, құқық тәртіпті қолдауға жұртшылықтың қатысуының, олардың белсенділігін арттыру үшін қосымша шаралар қабылдау қажет.
5. 7. Жол қозғалысы саласындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу
Соңғы 3 жылдың ішінде жол-көлік оқиғаларының төмендеуіне қарамастан, олардың жалпы саны әлі көп болып отыр: аудан жолдарында жылына мөлшері 20 жол-көлік оқиғалары болады, мыңда адамдар жарақаттанады және қаза болған.
Жолдардағы қауіпсіздік деңгейі бірнеше факторларға байланысты, негізінен жолдардағы қауіпсіздіктің жағдайына жол қозғалысына қатысушылар тәртібінің төмендігі анықтаушы фактор болып табылады.
Тағы да бір маңызды факторларға көше-жол желісі мен жол инфрақұрылымдары дамуы қарқынының артта қалуы, ол көлік санының күннен күнге өсу қарқынынан айтарлықтай артта қалып отыр. Жол жабынының сапасы және олардың өлшемдері бұрынғы қалпынша қалуда.
Жолдардың апат-қауіпі бар учаскелерін бөлу жолақтарымен кезең-кезеңмен жарақтауды бастау қажет, өйткені тас жолдарда орын алған жол көлік оқиғасының 10-нан 8-і қарсы қозғалысқа шығу себептерінен болады.
Жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз етудің негізгі бағыттарының бірі жол жағдайларын бақылау жүйесінің заманауи технологияларын және автоматтандырылған техникалық құралдарды пайдалану болып табылады.
Осыған байланысты республикалық тас жолдарда жылдамдықты өлшеу және жылдамдық режимін бұзушылықты анықтаудың құрылғыларын жабдықтау.
5. 8. Заңсыз көші-қонның алдын алу мен жолын кесу
Елiмiзге қылмыскерлер мен экстремистердiң, сондай-ақ қару-жарақпен, есiрткiнiң енуiне ықпал ететiн заңсыз көшi-қон қылмыстық шиеленiстi күшейте түсуде. Сондықтан осы бағыттағы құқық қорғау органдарының негізгі күш-жігері, олардың басқа мемлекеттік құрылымдармен өзара іс-қимыл жасасуы заңсыз көшi-қон арналарын жабуға, заңсыз еңбек эмигранттарды анықтауға бағытталуы тиіс.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz