Кәсіпорындағы ақша қаражаттарының есебі



Жоспар

Кіріспе

Бөлім 1 Ақша қаражаттарының жалпы сипаттамасы
1.1 Ақша қаражаттары туралы түсінік
1.2 Ақша қаражаттарының баламалары

Бөлім 2 Кәсіпорындағы ақша қаражаттарының есебі
2.1 Кассадағы ұлттық валютадағы ақша қаражаттары есебі
2.2 Ағымдағы банк шоттарындағы ұлттық валютасындағы ақша қаражаттарының есебі
2.3 Банктегі арнаулы шоттардағы ақша қаражаттарын есепке алу

Қорытынды
Кіріспе
Кәсіпорындар мен ұйымдардағы болып отыратын барлық үрдістердің құндық өлшемі болады. Ол ақшалай өлшем мен көрініс табады. Кәсіпорындардағы жүргізілетін барлық шаруашылық операциялар ақша қаражатының қатысуымен өтеді. Ақша қаражаты өте өтімді актив болып табылады. Активтердің ақшаға айналу жылдамдығы кәсіпорынның қаржы шаруашылық қызметіне айтарлықтай әсер етеді.
Ақша – бұл жалпыға ортақ эквивалент және ерекше тауар болып табылады. Ақшаның мәні оның атқаратын қызметтерінен көрінеді: төлем құралы, айналым құралы, қазына жинау құралы, дүниежүзілік ақша және т.б.
Менің бұл тақырыпты таңдаған мақсатым, қазіргі нарықтық экономика жағдайында кәсіпорындардағы ақша қаражаттарының қозғалысын дәл және уақтылы көрсету, сондай - ақ осы ақша қаражатының қозғалысына дұрыс бақылау орнату өте маңызды болып табылады.
Ақша қаражаттарының қозғалысының есебін жүргізудің негізгі мақсаты – кәсіпорындағы есеп жұмысының сапасын арттыру, есептеу жұмысының барысында қолданылатын құжаттардың қарапайым әрі түсінікті болуын, ұйымдағы болып жатқан шаруашылық үрдістерді құндық (ақшалай) өлшемде дұрыс көрсетуді қамтамасыз ету болып табылады.
«Ануар» ЖШС 2000 жылдың 4 маусымында Қазақстан Республикасының Әділет Министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен. Лицензия №457893356887. Лицензиясының мерзімі шектеусіз. «Ануар» ЖШС мекен-жайы: индекс 030000, Қарағанды қаласы, Н.Әбдіров көшесі 35/5. Шаруашылық субъектісінің басшысы Балтабаев Жанібек Мұсағалиұлы 12.05.1975ж., жеке бас куәлігінің нөмірі №013745685, ҚР – ның ӘМ 10.12.1998ж. берілген.
Кәсіпорынның негізгі мақсаты - табыс табу. «Ануар» ЖШС сусын түрлерін шығарумен айналысады. Кәсіпорын 2006 жылдан бастап халықаралық бухгалтерлік есеп стандартына көшті.Кәсіпорындар арасында қолма – қол және қолма – қолсыз ақшалай есеп айырысу операцияларына көп мән беріледі.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
1.А. Попова, М.Қ. Жұматов, Д.М. Нұрғалиев, А.Б. Омалиева. Кәсіпорындағы бухгалтерлік есеп. Оқу құралы. – Карағанды: ҚарМУ баспасы, 1998 ж.
2.В.К. Радостовец, Т.Ғ. Ғабдуллин. В.В. Радостовец, О.И. Шмидт. Кәсіпорындағы бухгалтерлік есеп. Алматы: Қазақстан-аудит орталығы, 2002 ж.
3.Қ.К. Кеулімжаев, З.Н. Әжібаева, Н.А. Құдайбергенов. Бухгалтерлік есеп принциптері: Оқу құралы-Алматы: Экономик С, 2003 ж.
4.В.Л. Назарова. Шаруашылық жүргізуші субъектілердегі бухгалтерлік есеп. Оқулық:Алматы-«Экономика» баспасы. 2005ж.
5.О.М. Жакупова. Бухгалтерлік есеп принциптері 2. Оқу-тәжірибелік құралы.-Қарағанды, 2003.
6.Ә.Әбдіманапов. Бухгалтерлік және қаржылық есеп принциптері (халықаралық стандарт) Алматы 2006 ж.
7. К.А. Китебаева «Принципы бухгалтерского учета I,II». Караганда 2006г.
8. Н.К. Нұрғалиева «Аралық қаржылық есеп» Қарағанды 2005ж.
9.Бюллетень бухгалтера, 2006, №3,4,5.
10. Файл бухгалтера. 2005г. №46
11. Стандарты бухгалтерского учета. 2003г, выпуск 1.

Пән: Бухгалтерлік іс
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 29 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны

Кіріспе
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3

Бөлім 1 Ақша қаражаттарының жалпы
сипаттамасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..4
1.1 Ақша қаражаттары туралы түсінік
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...4-6
1.2 Ақша қаражаттарының
баламалары ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ..7 -10
Бөлім 2 Кәсіпорындағы ақша қаражаттарының
есебі ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ..11
2.1 Кассадағы ұлттық валютадағы ақша қаражаттары
есебі ... ... ... ... ... ...11-18
2.2Ағымдағы банк шоттарындағы ұлттық валютасындағы ақша қаражаттарының
есебі ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... .19-23
2.3 Банктегі арнаулы шоттардағы ақша қаражаттарын есепке
алу ... ... ...24-28
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .29
Пайдаланылған әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
.30
Қосымшалар ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 31-37

Жоспар

Кіріспе

Бөлім 1 Ақша қаражаттарының жалпы сипаттамасы
1.1 Ақша қаражаттары туралы түсінік
1.2 Ақша қаражаттарының баламалары
Бөлім 2 Кәсіпорындағы ақша қаражаттарының есебі
2.1 Кассадағы ұлттық валютадағы ақша қаражаттары есебі
2.2 Ағымдағы банк шоттарындағы ұлттық валютасындағы ақша қаражаттарының
есебі
2.3 Банктегі арнаулы шоттардағы ақша қаражаттарын есепке алу
Қорытынды

Кіріспе
Кәсіпорындар мен ұйымдардағы болып отыратын барлық үрдістердің құндық
өлшемі болады. Ол ақшалай өлшем мен көрініс табады. Кәсіпорындардағы
жүргізілетін барлық шаруашылық операциялар ақша қаражатының қатысуымен
өтеді. Ақша қаражаты өте өтімді актив болып табылады. Активтердің ақшаға
айналу жылдамдығы кәсіпорынның қаржы шаруашылық қызметіне айтарлықтай әсер
етеді.
Ақша – бұл жалпыға ортақ эквивалент және ерекше тауар болып табылады.
Ақшаның мәні оның атқаратын қызметтерінен көрінеді: төлем құралы, айналым
құралы, қазына жинау құралы, дүниежүзілік ақша және т.б.
Менің бұл тақырыпты таңдаған мақсатым, қазіргі нарықтық экономика
жағдайында кәсіпорындардағы ақша қаражаттарының қозғалысын дәл және уақтылы
көрсету, сондай - ақ осы ақша қаражатының қозғалысына дұрыс бақылау орнату
өте маңызды болып табылады.
Ақша қаражаттарының қозғалысының есебін жүргізудің негізгі мақсаты –
кәсіпорындағы есеп жұмысының сапасын арттыру, есептеу жұмысының барысында
қолданылатын құжаттардың қарапайым әрі түсінікті болуын, ұйымдағы болып
жатқан шаруашылық үрдістерді құндық (ақшалай) өлшемде дұрыс көрсетуді
қамтамасыз ету болып табылады.
Ануар ЖШС 2000 жылдың 4 маусымында Қазақстан Республикасының Әділет
Министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен. Лицензия №457893356887.
Лицензиясының мерзімі шектеусіз. Ануар ЖШС мекен-жайы: индекс 030000,
Қарағанды қаласы, Н.Әбдіров көшесі 355. Шаруашылық субъектісінің басшысы
Балтабаев Жанібек Мұсағалиұлы 12.05.1975ж., жеке бас куәлігінің нөмірі
№013745685, ҚР – ның ӘМ 10.12.1998ж. берілген.
Кәсіпорынның негізгі мақсаты - табыс табу. Ануар ЖШС сусын түрлерін
шығарумен айналысады. Кәсіпорын 2006 жылдан бастап халықаралық
бухгалтерлік есеп стандартына көшті.Кәсіпорындар арасында қолма – қол және
қолма – қолсыз ақшалай есеп айырысу операцияларына көп мән беріледі.

Бөлім 1. Ақша қаражаттарының жалпы сипаттамасы
1.1. Ақша қаражаттары туралы түсінік
№7 Ақша қаражат қозғалысы туралы есеп Халықаралық Қаржылық Есеп Беру
Стандартына сәйкес, ал №4 Ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есеп
Бухгалтерлік Есеп Стандартына сәйкес жүргізіледі.
Қазақстан Республикасы Қаржы Министрлігінің жанындағы Бухгалтерлік
есеп және аудит әдістемесі департаментінің №4 Ақша қаражаттарының
қозғалысы туралы есеп - деп аталатын бухгалтерлік есеп стандартының
бірінші бабында: Кәсіпорындар мен ұйымдардың, яғни субъектілердің ақша
қаражаттарының қозғалысы туралы есебі осы деректі пайдаланушыларды түрлі
операциялық және инвестициялық қаржы қызметі бойынша есепті кезеңдегі ақша
қаражаттарының келіп түсуі, кірістелуі ол қаржылардың жұмсалуы туралы
ақпараттармен қамтамасыз етіп және оларға осы заңды тұлғаның, яғни
субъектінің қаржы жағдайындағы өзгерістерін бағалауына мүмкіндік береді
делінген. Ал осы стандарттың екінші бабында: Заңды тұлғалар, субъектілер
(банктер мен бюджеттік мекемелерден басқа) ақша қаражаттарының қозғалысы
туралы есепті осы стандарттың талаптарына сай жүргізеді және есепті
кезеңдегі қаржы нәтижелері есептемесінің құрамында (яғни сонымен бірге)
тапсырады делінген.
Ақша қаражаты деп – бұл субъектінің кассадағы және банктегі барлық
ақшасын айтамыз.
Барлық шаруашылық жүргізуші субъектілер өз ақша қаражаттарын банкі
мекемелерінің тиісті шоттарында сақтап және міндеттемелері бойынша
төлемдерін, әдетте, осы мекемелер арқылы ақшасыз нысанда, ал қажет жағдайда
Қазақстан Республикасының Ұлттық банкісінің нормативтік құжаттарымен
белгіленген шегінде нақты ақшамен есептесуді жүзеге асырады. Егер де заңды
тұлғалардың арасындағы төлем сомасы 9752 айлық есептік көрсеткіштен (АЕК)
асып түссе, онда олар тек ақшасыз тәртіпте айырысуларды жүзеге асырады. Бұл
келтірілген мәлімет заңды тұлғалардың арасындағы әрбір мәміле (контракт,
келісім – шарт) бойынша шартты түрде пайдаланылады. Егер де контракт сомасы
көрсетілген лимиттен асатын болса, онда төлем ақшасыз тәртіпте орындалуы
керек, тіптен олар жартылай орындалса да әрбір төлемнің сомасы 9752 АЕК-тен
аспауы керек.
Ақша қаражаттарын сақтау үшін және заңды тұлғалар арасында есеп айырысу
үшін Қазақстан Республикасының банк мекемелерінде банк шоттарын ашады.
Банк шоттары – бұл банк пен клиенттер арасындағы келісім – шарттың
қатынастарын көрсететін әдіс. Банк шоттары теңгемен де, шетелдік валютамен
де жүргізіледі және ол ағымдық, жинақтық және бухгалтерлік есеп шоттары
болып бөлінеді.
• Бухгалтерлік есеп шоттары – банк шоттары банктер мен ұйымдардың кейбір
операция түрлерін жүзеге асырады;
• Ағымдағы (есеп айырысу) және жинақ шоттары – бұл да банктік шоттар,
бірақ олар жеке және заңды тұлғалар үшін, сондай-ақ заңды тұлғаның
оқшауланған бөлімшелері үшін де ашылады.
Ағымдағы немесе бухгалтерлік есеп шоттарын ашқан кезде банк клиенттің
пайдасына түскен ақшаны қабылдауға, клиенттің клиентке немесе үшінші
тұлғаларға тиісті ақша сомасын аудару (беру) туралы ұйғарымын орындауға
және банктік шот шартында қарастырылған (ҚР АК 747 бап) басқа да
қызметтерді көрсетуге міндеттенеді.
Банктік шотты ашу үшін клиент банкке мынадай құжаттар ұсынады:
Қазақстан Республикасының Заңды тұлғалары – резиденттер мен олардың
жекелеген бөлімшелері (филиалдары мен өкілдіктері):
• Қаражат бөлушілердің (басшының, бас бухгалтердің) қойған қолдарының
үлгілері бар құжат және нотариалды куәландырыған, екі дана мөр
бедерлемесі;
• Клиенттің салықтық есепке (СТН) қойылған фактісін растайтын салық
қызметі органы берген құжаттың түпнұсқасы;
• Мемлекеттік тіркеуден (қайта тіркеуден) өту фактісін растайтын
(мемлекеттік тіркеу туралы куәлік, статистикалық карточка), уәкілетті
орган берген, белгіленген формадағы құжаттың көшірмесі;
• Фирмалар мен өкілдіктер үшін – Қазақстан Республикасы заңды тұлға
резиденті филиал немесе өкілдік басшысына берген сенімхаттың
көшірмесі;
• Жарғының (жекелеген бөлімшелер үшін–Ережелер) нотариалды
куәландырылған көшірмесі, не болмаса клиенттің үлгі жарғы негізіндегі
қызмет фактісін растайтын құжат;
• Банк белгілеген үлгідегі өтініш.
Шетелдік валютадағы қаражаттардың қолда бары мен қозғалысын есептеу
үшін субъектіге арнап ағымдағы (есеп айырысу) шоттар ашылуы мүмкін. Ол
сыртқы экономикалық қызметін жүзеге асыратын және өнімін валютаға сататын
субъект үшін ашады. Аккредивтер, чек (аванс) кітапшаларының шоттарын және
басқаларын субъектілер ақша қаражаттарын оқшаулап сақтау және тиісті
операцияларын жүргізу үшін ашады.
Субъект шоттарындағы қаражат олардың иелерінің әмірі бойынша есептен
шығарылады. Субъектінің рұқсатынсыз шоттағы қаражатты есептен шығаруға
соттың, мемлекеттік салық қызметінің рұқсатымен және қолданылып жүрген
заңдарды көзделген басқа жағдайларда ғана жол берілуі мүмкін.
Субъектілердің шоттарын төлем жасау, егер заңдарда өзгеше көзделмесе,
субъектінің басшысы белгіленген кезектілікпен жүзеге асады.
Қазақстан Республикасының аймағында ақшаны төлеу мен аударуды жүзеге
асыруда келесі әдістері:
• қолма-қол ақшаны аударуды;
• төлем тапсырманы ұсынуда;
• чектерді беруді;
• вексельдерді немесе олардың индоссаменттері арқылы беруді;
• төлем карточкасын пайдалануды;
• тікелей дебеттік банкі шоттарына аударуды;
• тапсырма-талап төлемдерін ұсынуды;
• инкассалық жарлығын ұсынуды пайдаланады.

1.2. Ақша қаражаттарының баламалары.
Кәсіпорындағы ақшасыз есеп айырысу мынадай негізгі нысандарда
жүргізіледі:
▪ төлем тапсырма;
▪ чек;
▪ вексель;
▪ төлем-талап тапсырма;
▪ ұлттық банктің құқықтық-нормативтік актілермен белгіленген басқа да
төлем құжаттары;
Төлем тапсырмаларымен есеп айырысу дегеніміз – ақша жіберушінің
тапсырмада көрсетілген сомада бенефициарлар (ақшалай қаражатты алушы)
пайдасына ақша аудару туралы қызмет көрсететін алушы-банкке тапсырады.
Ақша жіберуші төлем белгілеуі жолында атауды, негізінде ақша аудару
атқарылатын құжаттың нөмері мен ай-күні, жылын, сондай-ақ төлем
белгіленуінің коды жолында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банк
Басқармасының 2000 жылы 16 мамырындағы №195 қаулысына сай төлемнің кодтық
белгілерін көрсетуге міндетті. Сонымен қатар төлем тапсырмаларына
деректемелерді толтырғанда Қазақстан Республикасы Ұлттық Банк
Басқармасының 1999 жылы 15 қарашадағы №388 Қазақстан Республикасының
мемлекеттік сыныптауышын төлем белгілеудегі бірыңғай сыныптауышты қолдану
ережелері атты қаулысын басшылыққа алған жөн.
Төлем жасаушы банкке белгіленген нысандағы бланкілердегі төлем
тапсырманы ұсынады. Тапсырмаларға қоса төлем жасаушы банктің талап етуі
бойынша салынатын шот-фактуралары және төлемдердің мақсатын растайтын басқа
да құжаттары бірге тапсырылады. Төлем тапсырмалары жазылып берілген күннен
бастап 10 күн бойы күшінде болады (жазылған күні есепке алынбайды). Төлем
тапсырмалары төлем жасаушының шотында қаражат болғанда ғана орындауға
қабылданады. Төлем құжаттарын электрондық түрінде де, қағаз ретінде де
ұсынуы мүмкін. Бұл құжаттардың данасын әрбір банк өздері дербес анықтайды.
Негізінен алғанда, олар екі данада толтырылады, біріншісі банкте
қалдырылады да, оның электрондық көшірмесі бенефициарға жіберіледі, ал
екіншісі иесіне, яғни ақшаны жіберушіге қол қойылып, мөр басылып
қайтарылады.
Төлем тапсырмасын толтыру кезінде келесі реквизиттері (көрсеткіштері)
көрсетіледі:
• төлем тапсырмасының нөмірі;
• төлем тапсырмасының жазылған күні;
• жеке теңестірілген немесе теңдестірілген (идентификацияланған) коды
(ЖТК немесе ИИК);
• жіберуші мен бенефициардың банкі шоттарының нөмірі;
• бенефициардың коды (БК немесе Кбе) және жіберушілердің коды (ЖК немесе
КОд) – бұл кодтар екі символдан (белгіден) тұрады: біріншісі –
резиденттік белгісін, ал екіншісі – экономиканың секторын көрсетеді;
• бенефициар – аудару жасалған ақша кезде қаражатын алушы;
• банк алушы – банк атауы, аударылған ақшада, оның мекен-жайы
көрсетіледі;
• бенефициар банкісі – бенефициардың пайдасына келіп түскен ақша
қаражатын қабылдайтын банк жіберушімен жасалған келісім – шарттың
негізінде;
• жіберушілердің теңестірілген немесе теңдестірілген
(идентификацияланған) банктік коды (ЖТБК немесе ИИК) – филиаларалық
айналымдарының коды (ФАК немесе МФО);
• төлем арналымының коды – Қазақстан Республикасы Ұлттық Банктің
құқықтық-нормативтік актісімен белгіленген және соның негізінде
төлемдерді жүзеге асыратын кодтық белгілер, ал ол үш символдан
(белгілерден) тұрады;
• бюджеттік классификациясының (жіктемесінің) коды – салықтарды кері
қайтаруда қойылатын код;
• валюталанған күні – ақша қаражатын бенефициардың (алушының) банктік
шотына ақша қаражатын аударған күні төлем жасаушының ынтасымен
анықталады.
Чек дегеніміз – чек берушінің банк алушыға олардың арасындағы келісім
– шарт негізінде бұйрықта көрсетілетін соманы чек ұстаушыға төлеу жайлы
жазбаша бұйрық.
Қазақстан Республикасындағы чектерді қолданып, төлемдерді атқару
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банк Басқармасының 1998 жылы 5 желтоқсандағы
№266 Қазақстан Республикасы территориясында чектерді қолдану ережелері
қабылданды.
Вексель дегеніміз – оның иесінің белгіленген мерзім, яғни уақыт
бекіткен соң борышкердің ақша төлеуін талап ететін құқығын куәландыратын
жазбаша борыштың міндеттемесі. Вексельдің екі түрі бар: жай және аудармалы
вексельдер;
• Жай вексель дегеніміз – вексель берушінің вексель алушыға ақшалай
төлем жасауға міндеттемесін білдіреді.
• Аудармалы вексель дегеніміз – (тратта) кредитордың (трансаттың)
қарызгерлерге (трассатқа) белгілі бір соманы үшінші заңды тұлғаға
немесе жеке тұлғаға (ремитентке) төлеу жайлы жазбаша өкімі болып
саналады. Аудармалы вексельдің жай вексельден ерекшелігі -
аудармалы вексельде вексель ұстанушының төлеушіге вексельде
көрсетілген ақша сомасын үшінші бір адамға (эмитентке) төлеу
туралы жазбаша бұйрығын береді.
Төлем-талап тапсырмалармен есеп айырысу дегеніміз – бенефициар
(қаражатты алушы) тиелген өнім, орындалған жұмыс, көрсетілген қызмет үшін
төлеу туралы ақша жіберушіге талабы бар, көрсетілген талапты растайтын
құжаттар негізінде ұсынылатын есептік құжат береді. Бенефициар
бенефициардың банкісіне төлем тапсырмаларын және төлем-талап тапсырмалары
тізімін ұсынады, ол бенефициардың барлық деректемелерін толық толтырылуын
тексеріп,оны ақша жіберушінің банкісіне жөнелтеді. Бұл есеп айырысулар
төлеушінің акцепі (келісімі) бойынша немесе акцепсіз атқарылады. Төлем-
талап тапсырмасын төлеуші толығымен немесе бөліп төлеуге қарсылығын, оған
қызмет көрсететін банк төлем-талап тапсырма алғаннан бастап үш жұмыс күні
ішінде хабарлайды. Төлеуге немесе төлеуші алған төлем тапсырмасын тиісті
қолдар қойылған, мөр бедерлемесімен барлық данада рәсімдейді, оны қызмет
көрсететін банкке тапсырады.
Инкассалық өнім дегеніміз – ақша өндіру туралы сот шешімдері,
үкімдері, белгілеулері мен қаулылары немесе сот бұйрығы бойынша берілетін
орындау қағазының түпнұсқаулары тіркеліп, заңнамалық актілерде (сызба)
қарастырылған жағдайларда, осы өндірудің негізділігін растайтын
көшірмелерді қосып, сондай-ақ салық пен кеден қызметі органдарының
инкассалық өкімдері, оларға растаушы құжаттар тіркелмейді, бюджеттік
сыныптауыш код пен операция түрі көрсетіледі, ақша жіберушінің келісімінсіз
банк шоттарынан ақша алу үшін қолданылады.
Инкассалық өнім ақша жіберушінің банкісіне үш дана болып, ал
бенефициар банкісіне төрт данамен ұсынылады.
Бөлім 2. Кәсіпорындағы ақша қаражаттарының есебі
2.1. Кассадағы ұлттық валютадағы ақша қаражаттары есебі
Ақша қаражатын сақтау, қабылдау мен беру үшін әрбір шаруашылық
жүргізуші субъектінің кассасы болады.
Кассир – материалдық жауапты адам. Ол касса операцияларын жүргізу
тәртібімен таныс болуға тиіс. Осыдан кейін ғана оның материалдық толық жеке
дара жауапкершілігі туралы онымен шарт жасалынады. Егер еңбек ақы мен басқа
да төлемдерді беру үшін субъекті басшысының жазбаша бұйрығы бойынша басқа
адамдар тартылатын болса, онда бұлардың материалдық толық жеке дара
жауапкершілігі туралы олармен де шарттар жасалынады.
Кассадағы операциялар есебі – Кассадағы ұлттық валютадағы ақша
қаражаттары бөлімшесінің активті жинақтаушы шоттарында:
1010 – Кассадағы ұлттық валюта түріндегі қолма-қол ақша
1020 – Кассадағы шетел валютасындағы ақша қаражаттары шоттарында
жүргізіледі.
Кассадағы ұлттық валютадағы ақша қаражаттарының есебі Қазақстан
Республикасының Ұлттық банкісі бекіткен кассалық операцияларды жүргізу
тәртібіне сәйкес жүргізіледі (24 БЕС).
Ануар ЖШС кассасында наурыздың бірі күні төмендегідей шаруашылық
операциялар жүргізілді.
Сальдо (қалдық) 01.03.06. – 600 000тг.
№ Күні Операция мазмұны Дебет Кредит Сома
1 01.03.06 ККО-1.Дүкеннен 1010 6010 51200
түскен түсім 1010 3130 8192
жазылады.
ҚҚС.
2 ККО-2.Чек №378510
бойынша
Бухгалтерлік есеп1010 1040 98200
шоттарынан
іс-сапар
шығындары үшін
ақша алынды.
3 ШКО-3.Алимжановқа
есебі берілетін
материалдық 12502150 1010 57250
құндылықтар алуға
ақша берілді.
4 ШКО-4 Ахметовқа 3350 1010 14000
демалыс ақшасы
берілді.
5 ШКО-5. №6 төлем 3350 1010 40000
ведомосі бойынша
жалақы берілді.
6 ККО-3.Пайдаланылм
аған есепті 1010 12502150 500
соманы
Алимжановқа
кассаға өткізді.
7 ШКО-6.Рахимбековқ
а іс-сапар 12502150 1010 16700
шығындары үшін
ақша берілді.
8 ШКО-7.Әкімшілік
шығындарына ақша 7210 1010 110500
берілді.
9 ШКО-8.Материалдың1310 1010 7300
бағасы төленді.
ККО-4.Акционерлер
10 өз үлестерін 1010 5020 100000
ақшалай төледі.

600000+249900-245750=604150тг.
Сальдо (қалдық) 02.03.06. – 604150тг.
Кассаға ақша қабылдау кассаның кіріс ордерлері бойынша жүзеге
асырылады, оған бас бухгалтер мен кассир қол қояды. Кассаға ақша салған
жеке немесе заңды тұлғаларға бас бухгалтер мен кассир қол қойған ақшаны
қабылдағаны туралы түбіртек (квитанция) (ордердің қиынды бөлігі) беріледі.
Төлемдерге ақшаны қабылдаған кезде кассир Төлем таңбаларын анықтау
тәртібін басшылыққа алуға міндетті. Кассаға қабылданған теңге сомасы
жазумен жазылып, тиын сандармен (цифрмен) жазылады. Толтырылған кассалық
кіріс ордері қосымшада келтіріліп отыр.
Кассадан ақша беру кассаның шығыс ордерлерімен немесе басшы мен бас
бухгалтер қол қойған тиісінше рәсімделген төлем тізімдемелерімен ақша
беруге жазылған өтінішпен, шоттармен және басқа да құжаттармен рәсімделеді.
Жекелеген адамға кассаның шығыс ордері бойынша ақша берген кассир алушының
төлқұжатын немесе жеке басының куәлігін көрсетуді талап етеді. Оның атауы
мен нөмірін, оны кімнің және қашан бергенін ордерде көрсетеді. Алушы касса
ордеріне қол қояды және алған сомасын: теңгені жазумен, тиынды сандармен
көрсетеді. Толтырылған кассалық шығыс ордері қосымшада көрсетілген.
Жазылған касса ордерлері немесе олардың орнына жүретін құжаттар кіріс
және шығыс касса құжаттарын тіркеу журналында тіркеледі, ол кіріс және
шығыс касса құжаттарына жеке-жеке ашылады. Онда мыналар көрсетіледі: кіріс
және шығыс ордерінің толтырылған күні мен нөмері, кассаға түскен және
жұмсалған ақшалардың (жалақы, сыйлықтар, стипендиялар, іс-сапарға төленген
және басқа да шығыстар) нысаналы мақсаты көрсетіледі, егер ақша
қаражаттарын нысаналы мақсаты туралы директерді машинограмма түрінде алатын
болса, кіріс және шығыс құжаттарын тіркеу журналында тек құжаттың толтырған
күні, номері мен сомасы көрсетіледі.
Касса ордерлері бойынша ақшаны қабылдау мен беру тек олардың рәсімдеген
күнінде ғана жүргізіледі. Ордерді алған кассир басшы мен бас бухгалтердің
қолдарында; олардың дұрыс рәсімделуін; ордерлерде көрсетілген қосымшалардың
болуын тексеруге міндетті. Операциялар жүргізіліп болғаннан кейін ордерге
кассир қол қояды, ал оған тіркелген қосымша құжаттарға штамп басылады
немесе жазу мен: күнін, айы мен жылын көрсете отырып Алынды немесе
Төленді деп белгі соғады.
Касса операцияларының есебін кассир касса кітабында (ү.№КО-4)
жүргізеді, ол нөмерленуге, тігілуге және оған сүргі салынуға тиіс; ондағы
парақтар санын басшы мен бас бухгалтер қол қойып куәландырады.
Касса кітабының әр бір парағы тең екі бөліктен тұрады. Олардың бірін
(көлбеу сызық пен) кассир бірінші дана ретінде толтырады және ол кітапта
қалады; екіншісі (көлбеу сызықсыз) көшіргі қағаз арқылы бергі және сыртқы
бетін толтырады. Ол кассирдің есебі ретінде парақтың жыртпалы бөлігі болып
табылады. Касса операцияларының жазбалары парақтың жыртпалы емес бөлігінің
бет жағынан (Басталған күніне дейінгі қалдығы деген жолдан кейін)
басталады. Алдын ала парақтың жыртпалы бөлігі кітапта қалатын бөлігіне сай
келетіндей етіп парақты қиылатын сызық бойымен қойған кейін жазу үшін
жыртылатын парақтың бөлігін жыртылмайтын бөлігінің бет жағына салып,
парақтың жыртылмайтын бөлігінің сыртқы жағының көлбеу сызығы бойымен көлбеу
жазуды одан әру жалғастырылады.
Есеп бланкасы операциялар аяқталғанаға дейін бір күн бойы жыртылмайды.
Соның ішінде жалақыға деген жолдың бойында касса бойынша шығысқа есептен
шығарылмаған жалақыға арналған төлем тізімдемелері бойынша сомасы да
көрсетіледі.
Касса операциялары шағын болса, онда касса есебі 3-5 күнде бір рет
жасалуы мүмкін. Касса кітабында ақшаның кімнен алынғаны және кімге
берілгені жөніндегі құжаттың нөмірі, корреспонденцияланған шоты, сомасы
(кіріс, шығыс) көрсетіледі. Күн сайын жұмыс күнінің кассир берілген ақшаның
жиынтығын шығарды және күн аяғында қалдықты есептейді. Өшіру мен
ескертілген түзетулер енгізуге кітапта жол берілмейді. Түзетулерге кассир
мен бас бухгалтердің қол қойылуы керек.
Кассирдің есебінде корреспонденцияланған шоттарға белгі жасайды, содан
соң оның директоры 1010 – Кассадағы ұлттық валютадағы ақша қаражаттары
шотының дебеті мен кредиті бойынша машинограммаға немесе есеп регистрлеріне
көшіріледі.
Касса бойынша операциялардың, яғни 1010 шотының кредиті мен дебеті
есебін кассир жүргізеді. Регистрлерге жазулар бухгалтерияға кассир есебінің
түсуіне қарай жүргізіледі. Біріңғай бухгалтерлік есеп шоттарының сомасы
біріктіріледі. Айдың аяғында есепті айдан кейінгі бірінші жұлдызына
регистрлердегі қалдық шығарылады, ол кассирдің есебіне және бас кітаптағы
1010 шоттың қалдығына сәйкес келуге тиіс.
Кассаға ақша кірістелген кезде 1010 – Кассадағы ұлттық валютадағы ақша
қаражаттары шоты дебеттеліп, мына төмендегі шоттары кредиттеледі:
1040 - Ағымдағы банк шоттарындағы ұлттық валютасындағы ақша
қаражаттары шоты – кассаға есеп айырысу шотынан алынған сомаға;
1250 - Қызметкерлердің қысқа мерзімді дебиторлық берешегі
қызметкерлердің есебіндегі сомалар, жалақы, жетіспейтін сомалар, талан-
таражға түскен сомалар және т.б. бойынша кассаға өткізілген қарыздар;
6010 - Сатылған тауарлар мен көрсетілген қызмет үшін табыс;
Кассадан ақша берілген кезде 1010 – шоты кредиттеледі және мына
төмендегі шоттары дебеттеледі:
3350 - Еңбекақы бойынша қысқа мерзімді қарыздар шоты – кәсіпорын
қызметкерлеріне берілген еңбек ақысының сомасына;
1250 - Қызметкерлердің қысқа мерзімді дебиторлық берешегі шоты –
кәсіпорын қызметкерлерінің есебіне берілген сомаға;
1040 - Ағымдағы банк шоттарындағы ұлттық валютасындағы ақша
қаражаттары шоты – кәсіпорынның есеп айырысу шотына өткізілген, депозитке
салынған жалақы және басқа да түсімнің сомасына.
Ақшалай қаражат қозғалысын ішкі бақылау жүйесі – активтерді қорғау
субъектінің қаржылық саясатына сай болуын қамтамасыз ету; бухгалтерлік
шоттарда көрсетілген мәліметтердің шүбәсіз сенімділігін қамтамасыз ету үшін
жасалған саясат пен амалдар.
Ақшалай қаражатты оңай жасыруға, тасуға болады, оларды тиістілік
белгілері жоқ және олар айырбасталады. Ұрлық тәуекелі кейбір адамдардың
есеп жүйесіне қолы жетіп, ақшалай қаражатты күзетуге рұқсат алу
мүмкіндігіне тікелей байланысты. Ақшалай қаражаттың қозғалысын ішкі бақылау
мынадай функцияларды орындауы тиіс:
• ақшалай қаражатты жеке сақтау мен жеке есептеу;
• қолма-қол есеп айырысу жасалған операциялардың барлығын есептеу;
• кассада тек қажетті қалдықты сақтау;
• кассадағы қалдықты мезгіл-мезгіл тексеріп есептеу;
• ақшалай қаражатты физикалық бақылау.
-Түсімді бақылау.
-Ақшалай шығындарды бақылау.
-Есеп шоттардағы ақшалай қаражатты бақылау.
-Кассалық қалдықты салыстыру.
-Есептік (валюталық) шоттарды салыстыру.
-Кассадағы ақшалай қаражатты кассада деп, саналатын ақшалай қаражаттың
бар-жоғын айқындау және қатаң есептегі бланктерді ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ХҚЕС ЖАҒДАЙЫНДАҒЫ ҚЫСҚА МЕРЗІМДІ АКТИВТЕРДІҢ ЕСЕБІМЕН ТАДАУЫН ұЙЫМДАСТЫРУ
Ақша қаражаттар қозғалысының есебі
Ақша қаражаттарының жалпы сипаттамасы. Кәсіпорындағы ақша қаражаттарының есебі
Қысқа мерзімді активтер есебін зерттеу
Еңбек ақы бойынша диплом алды іс – тәжірибе
Ақша қаражаттары және есеп айырысу есебі
Ұйымдардағы шаруашылық операцияларын құжаттау
Кассадағы ақша қаражат есебі, оның құжатталуы
Ақша қаражатының түсінігі
Кәсіпорынның ақшалай кірістерінің аудиті
Пәндер