«Қазақстан Республикасының билік органдарының қызметі мен түрлері»


Кіріспе
Біздің елімізде жаңа саяси және құқықтық жүйені қалыптастыру жүзеге асырылып отыр. Осыған орай, қоғамда заңгер мамандығына деген қызығушылық артып отырғаны мәлім. Еліміздің барлық жерлерінде заң факультеттері, ЖОО ашылып, ал бұның құқықтық климаттың жақсаруына, азаматтардың құқықтық мәдениеттерінің жоғарылауына ықпалын тигізері сөзсіз. Юриспруденцияны оқу адамға әбден толық жетілуге, өнегелі - құқықтық идеалды (арман-мұрат, мақсат-тілек) тудыруға, кәсіби-әдептілік ережелерін орнатуға, әлеуметтік ақиқатта еркін бағдарлауға және өзінің кәсіби міндеттерін орындауда мүмкіндік береді. Осылардың барлығын Рим заңгерлері мына сөздер арқылы былай көрсеткен: “жетекшілік ету, кеңес беру, құжаттардың формуласын құрастыру”. Юриспруденция қоғамдық ғылымдар жүйесіне кіреді, себебі философиямен, әлеуметтанумен, саясаттанумен қатар құқық пен мемлекетті зерттейді. Өз кезегінде, жүйе ретінде қарастырылатын юриспруденцияның құрамы бар. Заң ғылымдарының құрамына мемлекет және құқық теориясы, тарихи-заң ғылымдары, салалық, сала аралық және қолданбалы заң ғылымдары және халықаралық құқықты зерттейтін ғылымдар кіреді.
Мемлекет және құқық теориясының әдістемесі танымның барлық белгілі тәсілдерін өзіне жинақтап, сол арқылы өзінің пәнін құрады. Өз кезегінде, оның білімдерінің жүйесі салалық заң ғылымдарына қатысты әдіс ретінде қатысады. Сөйтіп, мемлекет және құқық теориясы барлық заң ғылымдары үшін негізгі әдістемелік ғылым бола отырып, юриспруденция жүйесінде ерекше орын алады.
Сондай -ақ мемлекет және құқық теориясы барлық салалық ғылымдар ортақ проблемаларды зерттейді, ал бұл жалпы мемлекет және құқық теориясының ұғымдары мен институттары арқылы салалық заң ғылымдарының ұғымдары мен институттары тұжырымдалатындығы туралы айтуға мүмкіндік береді.
Қазақстан Республикасының 1995 жылы 30 тамызда қабылданған жаңа Ата Заңы еліміздің тәуелсіз, демократиялық, құқықтық, зайырлы және егеменді мемлекет белгілерін бекітіп айқындап берді. Өз дамуын кеңейте түскен мемлекетте ерекше орын алатын орган жүйесі болып мемлекеттік аппарат табылады. Конституцияда мемлекеттік билік органдарының тармақтарының әрқайсысына кең өкілеттік берілген.
Қарастырып отырған курстық жобаның тақырыбы «Қазақстан Республикасының билік органдарының қызметі мен түрлері» деп аталады.
Курстық жобаның мақсаты - билік органдарының ұғымы, мемлекеттік аппарат ұғымы, нысандары, құрылымы, қағидалары туралы нақты әрі толық мазмұнын ашып беру.
Мемлекеттік билік органдары мемлекет алдындағы мақсаттар мен міндеттерді жүзеге асыру арқылы өз қызметін айқын көрсетеді. Қандай да болмасын мемлекеттің ең негізгі құрамды элементі - бұл аппарат болып табылады.
1 Мемлекеттік биліктің құқықтық табиғаты
1. 1 Билік жалпы әлеуметтік категория
Мемлекеттік кезеңге дейінгі әлеуметтік биліктің тек ру шегінде ғана таралуы, оның ғана ерік-жігерін білдіруі және қандық туысқандыққа негізделуі; қоғамдық түрде болуы, алғашқы қауымдық демократия мен өзін - өзі басқаруға орнатылуы, билік органдары ретінде алғашқы қауымдық қоғамның тіршілігіндегі барлық маңызды сұрақтарды шешетін рулық жиналыстар, ақсақалдар, көсемдер, әскер басылары және т. б. сол кездегі әлеуметтік биліктің ерекшелігі болып табылады.
Мемлекеттің пайда болу туралы сұрақ даулы болып келеді, себебі этнографиялық және тарихи ғылымдар осы туралы жаңалықтармен барған сайын толықтыруда. Мемлекеттік пайда болуы туралы көптеген теориялар бар, соның ішінде негізгілері мыналар болып табылады:
1. Теологиялық теория (Оның авторлары 13 ғ. Фома Аквинский, қазіргі замандағы Маритен, Мерсье) . Осы теорияны жақтаушылар мемлекетті құдай жаратты, құдайдың еркімен пайда болды және мәңгілік болған деп түсіндіреді. Жердегі тірішілік атаулының барлығы құдайдың еркімен туындаған, олай болса мемлекетте адамдарға жерде тәртіп орнату үшін құдайдың жіберген құралы. Мемлекеттің, мемлекеттік биліктің пайда болуын құдаймен байланыстыруды жақтайды. “Билік құдайдан (жаратушыдан) ” деген тезисті уағыздайды және қорғайды. Өзінің діни мазмұнына қарамастан, Ежелгі Иудейде пайда болған бұл теория, нақты болмысты бейнелейді (көрсетеді), атап айтқанда, алғашқы мемлекеттердің теократиялық нысандарын - абыздардың билігін, храмның рөлін, діни және әкімшілік орталықтардың арасындағы биліктің бөлінуін көрсетті.
2. Патриархалдық теория - мемлекеттің бүлінген, ыдыраған отбасынан пайда болғандығын қарастырады, ал монархтың билігін отбасы мүшелеріне билік жүргізетін әке билігінен туындатады. Ірі патриархалдық отбасының басшысы біртіндеп мемлекеттің басшысына - монархқа айналған. Бұл теория патшаның, монархтың шексіз билігін дәлелдеуге бағытталған теория, бұнда биліктің қайнар көзі жаратушыдан емес, тек отбасының басшысы, патриархтың шексіз билігі болған отбасы нысандарынан бастау алады деп түсіндіреді. Бұл теория Грецияда туындаған, Аристотелдің еңбектерінде негізі қаланды, бірақ ағылшын ғалымы Фильмердің еңбектерінде дамуын тапты.
3. Келісімшарттық теория - ХУП-ХУШғғ. кеңінен тарады. Голландиядағы оның жақтаушылары Гуго Гроций және Спиноза, Англияда - Д. Локк және Т. Гоббс, Францияда - Ж. -Ж. Руссо, Ресейде - А. Радищев болды. А. Радищевтың айтуы бойынша билік халыққа тиесілі, бірақта олар оны монархқа берген, соған қарамастан ол халықтың бақылауында болады деп ұйғарады. Келісімшарт теориясы бойынша мемлекет адамдар қатысатын келісімшарттың нәтижесінде туындайды, осыған сәйкес адамдар өз бостандықтарының, құқықтарының, биліктерінің біраз бөлігін мемлекетке береді, ал өз кезегінде мемлекет оларды қорғауға кепілдік береді.
4. Күштеу теориясы - мемлекеттік пайда болуының негізі күштеу, ереже бойынша, бір халықтың екіншісін жаулап алуымен - деп түсіндіреді. Жеңімпаз жаулап алған халықты билеу үшін, күштеп, зорлық - зомбылық жасап өзіне бағындыру үшін мемлекет құрады. Күштеу теориясы ХІХғ. Пайда болды, оның өкілі Л. Гумплович, К. Каутский, Е. Дюринг.
5. Психологиялық теория - мемлекеттің пайда болуын адам психикасының сезімдерінің көрінісі: бағынуға мұқтаждық, еліктеумен, алғашқы қауымдық қоғамның элитасынан байланыстылығын түсінумен, іс- әрекетті нақты варианттарының әділеттілігін мойындау - деп түсіндіреді. Наиболее яркими представителями Психологиялық теорияның аса көрнекті өкілдері Л. Петражицкий және Г. Тард болып табылады.
6. Органикалық теория. Өкілдері Г. Спенсер, Вормс, X. Прейс - бұл тірі организмнің мүшелері арасындағы тұрақты байланыстарға ұқсас бөлімдері арасындағы тұрақты байланысы бар организм, яғни мемлекет - биологиялық эволюцияның бір түрі болып табылатын әлеуметтік эволюцияның жемісі деп санайды. Мемлекет биологиялық организмнің бір түрі бола отырып, миы (басқарушылары) және оның шешімдерін орындайтын құралдары (бағынушылары) болады.
7. Мемлекеттің пайда болуының ирригациялық теориясы - олардың алғашқы деспотиялық нысандарының пайда болуын шығыс аграрлық облыстардағы ірі суландырғыш құрылыстарын салу қажеттілігімен байланыстырады. Бұл теория қазіргі неміс ғалымы К-А. Виттфогелдің еңбектерінде көрініс тапты.
8. Материалистік теория - мемлекеттің пада болуын әлеуметтік - экономикалық факторлармен, яғни жеке меншіктің пайда болуымен және қоғамның таптарға бөлінуімен байланыстырады. Бұл теорияның өкілдері - К. Маркс, Ф. Энгельс, В. Ленин - мемлекетті бір таптың екіншісіне үстемдігін сақтау және қолдау мақсатында, сондай -ақ қоғамның біртұтас организм ретінде өмір сүріп және қызмет етуін қамтамасыз ету мақсатында пайда болды деп санайды.
10. Мемлекеттің пайда болу нысандары. Мемлекеттің қалыптасуы - әр түрлі елдерде алуан түрлі жүрген ұзақ процесс.
Шығыста “азиаттық өндіріс тәсілі” сияқты нысаны кеңінен тарады (Египет, Вавилон, Үндістан, Қытай және т. б. ) . Бұл жерлерде рулық қауымның әлеуметтік - экономикалық құрылымы - қауымдық жер, ұжымдық меншік және т. б. тұрақты болып, ұзақ уақыт сақталды. Ежелгі Шығыста пайда болған алғашқы мемлекеттер, таптық кезеңге дейінгі мемлекеттер болды, сонымен қатар ауылдық қауымдастықтарды қанады және басқарды, яғни өндірісті ұйымдастырушылар ретінде қатысты. Афина мен Римде бұл процесс басқа тарихи жолмен жүрді, бұл елдерде құл иеленушілік мемлекет жеке меншіктің пайда болуы және қоғамның таптарға бөлінуі нәтижесінде пайда болды, Афина - бұл мемлекеттік пайда болуының нағыз классикалық нысаны, себебі мемлекет рулық қауымның ішінде туындаған таптық қарама - қайшылықтың нәтижесінде пайда болады. Римде мемлекеттің құрылуы құқықсыз, римдік рудан тыс өмір сүрген плебейлердің рим ақсүйектеріне - патрицийларға қарсы күресімен тездетілді. Ежелгі герман мемлекетінің пайда болуы ауқымды бөтен жерлерді (территорияларды) жаулап алып, осы жерлерге үстемдік ету рулық қауым бейімсіз болуымен байланысты болды. Барлық нысандағы мемлекеттердің пайда болуына түрткі болған 10-12 мың жыл бұрын өткен неолиттік революция болды, оның мәні өзінің мұқтаждығын қанағаттандыру мақсатында адам табиғаттан дайын өсімдікті және жануарларды иемденумен байланысты қарапайым еңбек құралдарымен тіршілік ету нысанынан табиғатты қайта жаңартуға және тамақ өндіруге бағытталған еңбекке өтуі, яғни иемдену экономикасынан өндіретін экономикаға өткен кезде болды. Сонымен, мемлекет сыртқы емес, ішкі факторлардың әсерінен объективті түрде туындайды. Мемлекет - бұл қоғамды білдіре отырып, осы қоғамды басқаратын және оның интеграциясын (құрылуын) қамтамасыз ететін арнайы басқару және мәжбүрлеу аппараты болатын бұқаралық биліктің саяси - аумақтық, егеменді ұйымы. [1]
Мемлекет оны рулық қауымның әлеуметтік билігінен ажыратуға мүмкіндік беретін мынадай негізгі белгілермен сипатталады:
1. Бұқаралық биліктің болуы.
2. Тұрғындарды аумақтық (территориялық) бөлу.
3. Салық жүйесі.
4. Егемендік. .
5. Құқық.
Мемлекеттік билік әлеуметтік биліктің ерекше түрі болып табылады. Бұл мемлекеттік мәжбүрлеуге сүйенетін субъектілердің арасындағы үстемдік пен бағынушылықтың саяси - бұқаралық қатынасы. Мемлекеттік биліктің ерекшеліктері мыналардан көрінеді:
1. Бұқаралық (көпшілік ) билік.
2. Аппараттық билік.
3. Легитимдік (заңды деп танылған) билік.
Мемлекет мәнін түсіндіру мемлекет және құқық теориясының негізгі міндеттерінің бірі болып табылады. Мемлекет мәні - бұл осы құбылыстағы оның мазмұнын, мақсатын, қызмет етуін анықтайтын негізгілердің біреуі.
Мемлекет мәнін анықтауда қолданылатын тәсілдер:
- таптық;
- жалпы әлеуметтік.
Мемлекет типі (түрі) тиісті тарихи дәуірде туындаған оның маңызды жақтары мен қасиеттерінің қатаң жүйесін білдіреді. Нақты тарихи дәуірде туындаған мемлекеттердің барлығының белгілері ортақ болып келеді. Мемлекеттердің типологиясы негізінен екі тәсіл формациялық және өркениеттік тәсілдер тұрғысынан жүргізіледі.
Мемлекет функциялары. Мемлекет механизмі
Мемлекет функциялары - бұл мемлекеттің мәнін және мақсат - міндетін білдіретін оның қызметінің негізгі бағыттары. Мемлекет функциялары оның оның мақсат- міндетімен байланыстырылған, оның мәніне тәуелді және оның өзгеруіне байланысты, басқа тәртіптегі мәнге өтуіне байланысты өзгеріп отырады. Сонымен, мемлекет функциялары - өзгеріп отыратын категория. Мемлекет функцияларының классификациясы:
а) әрекет ету ұзақтылығына байланысты тұрақты және уақытша;
б) маңызына байланысты - негізгі және қосалқы;
в) қоғамдық өмірдің қай сферасында жүзеге асырылуына байланысты - ішкі және сыртқы болып бөлінеді.
Мемлекет функцияларын жүзеге асыру нысандары - бұл мемлекеттің функцияларын жүзеге асыратын оның органдарының біртекті қызметі. Оны құқықтық және ұйымдық нысандарына бөлуге болады. Құқықтық нысандарына мыналар жатады: құқық шығармашылық, құқық қолданушылық, құқық қорғаушы. Ұйымдық нысандарға мыналар жатады: ұйымдық - регламенттеуші (реттеуші), ұйымдық, ұйымдық-идеологиялық. Мемлекет механизмі - бұл мемлекет міндеттері мен функцияларын жүзеге асыруға арналған мемлекеттік органдардың жүйесі. Мемлекеттік аппараттың, оның барлық бөлімдерінің мазмұнын қоғамдық өмірдің барлық сфераларының тиісті ұйымдастырылуын және тиімді қызмет етуін қамтамасыз етуге бағытталған басқарушылық, ұйымдастырушылық жұмыстар құрайды. Осы қызметтің нысандары көбінесе басқару кезінде заңдар, құқықтық механизмдер қандай мөлшерде пайдаланылатындығына байланысты, осыдан туындайтыны мемлекеттік аппараттың қызметінің мынадай нысандарын атауға болады:
) тікелей басқарушылық;
2) құқықтық нысандар.
Мемлекет механизмінің құрылымы мыналардан тұрады:
1) Мемлекеттік органдардан;
2) Мемлекеттік мекемелер мен кәсіпорындардан;
3) Мемлекеттік қызметшілерден;
4) Ұйымдастырушы құралдар мен қаражаттар, сондай -ақ мемлекеттік аппараттың қызметін қамтамасыз етуге қажетті мәжбүрлеу күштерінен тұрады. Мемлекеттік аппаратты ұйымдастыру және қызмет етуінің қағидалары - бұл мемлекеттік органдарды құру және қызмет етуіндегі алғашқы бастаулдар, идеялар, анықтайтын негізгі тәсілдер. Оларға мыналар жатады:
1) Адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарының басымдылығы қағидасы;
2) Демократизм қағидасы;
3) Биліктің бөлінуі қағидасы;
4) Заңдылық қағидасы;
5) Жариялылық;
6) Кәсіпқойлық қағидасы;
7) Алқалылық пен дара басшылықтың үйлесу қағидасы;
8) Сайланушылық пен тағайындалушылықтың үйлесу қағидасы;
9) Иерархиялылық қағидасы.
1. 2 Мемлекеттік биліктің түсінігі
Мемлекет нысаны- бұл басқару нысанынан, мемлекеттік құрылым нысанынан және саяси режим нысанынан тұратын қоғамның құрылымдық ұйымы.
Басқару нысаны - жоғарғы мемлекеттік билік органдарының құрамы, құрылу тәртібі және өкілеттіліктерінің арақатынасы. Басқару нысаны мынадай негізгі түрлерге бөлінеді: монархия және республика. Монархия - бұл тақ ұрпақтан ұрпаққа мұрагерлік жолмен берілетін, жоғарғы мемлекеттік билік бір адамның - монархтың қолында болатын басқару нысаны. Монархиялар шексіз - бұнда монарх бірден бір мемлекеттік билік органы болып табылады, және шектеулі - бұнда жоғарғы билік өкілеттіліктері монархпен және қандай - да бір монархтың билігін шектейтін басқа органның арасында бөлінген, болып бөлінеді. Шектеулі монархиялар өз кезегінде өкілді (дуалистік), бұл кезде монархта атқарушы билік, үкіметті құру құқығы, олардың алдында жауапты министрлерді тағайындау және ығыстыру құқығы, вето құқығы және парламетті шектеусіз тарату құқығы қалдырылған, және парламентарлық, бұнда монархтық құқықтық жағдайы біршама шектелген, өйткені мемлекет басшысы тағайындаған министрлер парламенттің сенім вотумына тәуелді болады, монархтың заңмен қарастырылған жағдайда ғана кідіртушілікті қажет етпейтін вето құқығы, парламентті тарату құқығы ғана қалдырылады, болып бөлінеді. Республика - бұл жоғарғы мемлекеттік билік нақты бір мерзімге сайланған органдарға берілгенн және сайлаушылары алдында жауап беретін басқару нысаны. Жоғарғы мемлекеттік билік органдарын сайлауға қатысу құқығы берілген тұрғындардың топтарына байланысты барлық республикалар ақсүйектік, автократтық және демократиялық болып бөлінеді. [2]
Демократиялық республикалар өз кезегінде мынадай болып бөлінеді:1) парламенттік, бұнда саяси өмірде шешуші рөл басында премьер -министр болатын парламент құрған үкіметке тиесілі болады; 2) президенттік, бұнда сайланған мемлекет басшысы, сонымен біруақытта үкіметтің басшысын тағайындайтын және үкіметті тарататын үкімет басшысы болады. ; 3) аралас, бұнда үкіметті президент пен парламент біріге отырып құрады. ҚР президенттік басқару нысандағы мемлекет болып табылады.
3. Мемлекеттік құрылым нысаны - бұл мемлекеттің құрамды бөліктерінің арасындағы, сондай - ақ олардың әрқайсысының мемлекетпен арасындағы өзара байланысын сипаттайтын мемлекеттің аумақтық құрылымы. Барлық мемлекеттер өз мемлекеттік құрылым бойынша жай және күрделі болып бөлінеді.
Жай (қарапайым) немесе унитарлы мемлекеттер - бұл біртұтас, бөлінбейтін мемлекет, өз ішінде жекеленген мемлекеттік құрылымдар болмайтын, жоғарғы органдардың бірыңғай жүйесі, заң шығарушы органдардың бірыңғай жүйесі, бірыңғай сот жүйесі, бірыңғай азаматтық және бір каналды салық жүйесі болады. Қазақстан Республикасы унитарлы аумақтық құрылымы бар мемлекет.
Күрделі мемлекет - бұл қандай да бір дербестілікті пайдаланатын жекеленген мемлкеттік құрылымдардан тұратын мемлекет. Күрделі мемлекеттерге империяларды, конфедерацияларды, федерацияларды, достастықтарды және қауымдастықтарды жатқызады.
Империялар -бұл күштеп құрылған, құрамды бөліктері жоғарғы биліктен тәуелділік дәрежесі әр түрлі болатын күрделі мемлекеттер. Империялардың ерекшелігі олардың құрамды бөліктерінде ешқашанда бірыңғай мемлекеттік - құқықтық мәртебесі болмағандығы болып табылады.
Конфедерациялардын империялардан айырмашылығы, олардың ерікті негізде құрылуы. Бұл белгілі бір тарихи кезеңде нақты мақсаттарға жету үшін құрылған мемлекеттердің уақытша одағы. Конфедерацияны құрған егеменді мемлекеттер халықаралық - құқықтық қатынастардың субъектілері болып табылады, өз азаматтығы, билік, басқару және әділсот органдарының жүйелері сақталады.
Федерация -бұл құрамды бөліктерінде қандай да бір мөлшерде мемлекеттік егемендік болатын және мемлекеттік құрылымдар болып табылатын күрделі, одақтас мемлекет; онда жоғарғы федералды органдар мен федералды заңнамамен қатар федерация субъектілерінің жоғарғы органдары мен заңнамалары болады; федерацияда екі каналды салық жүйесі пайдаланылады; формалды белгілерінің біреуі қос азаматтықтың болуы. Федерациялар аумақтық немесе ұлттық - мемлекеттік қағида бойынша орнауы мүмкін.
Достастық - бұл ортақ белгілерінің болуымен, нақты біртектілікпен сипатталатын мемлекекттердің ұйымдастырылған бірлестігі. Біріктіретін олардың белгілері экономикаға, құқыққа, тілге, мәдениетке, дінге қатысты болады. Достастық мүшелері - бұл толғымен тәуелсіз, егеменді мемлекеттер, халықаралық қатынастардың субъектілері.
Мемлекеттердің қауымдастығы - бұл қоғамның мемлекеттік ұйымға өтудегі ауыспалы нысаны. Қауымдастықтың негізінде көп жағдайда қауымдастыққа кіретін мемлекеттердің интеграциялық байланыстарын күшейтетін және конфедерацияға бірігуге септігін тигізетін мемлекеттік аралық шарт қаланады.
Саяси режим - бұл мемлекеттік билікті жүзеге асыратын тәсілдер мен әдістер жиыртыгы. Мемлекеттік билік жүргізудің әдістері мен тәсілдерінің жинақталуына байланысты саяси режимнің екі түрін ажыратуға болады:- демократиялық және антидемократиялық. Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, құқықтық, зиялы, әлеуметтік мемлекет деп жариялады.
2 Қазақстан Республикасындағы Мемлекеттік билік органдары
2. 1 Қазақстан Республикасының саяси жүйесі және мемлекеттік орган
Қоғамның саяси жүйесі - бұл нақты саяси функцияларды жүзеге асыратын мемлекеттік және мемлекеттік емес әлеуметтік институттардың жүйесі. Бұндай институттарға мыналар жатады: мемлекет, партиялар, кәсіподақтар және ядросы билікті басып алу, ұстап қалу және пайдалану болып табылатын қоғамдық өмірдің сол сферасына қатысатын кәсіподақтар мен басқа да ұйымдар мен қозғалыстар. Саяси жүйелердің түрлері: пайда болған қандай да бір әлеуметтік ортасының сипатына қарай тоталитарлық, либеральды-демократиялық және аралас саяси жүйелерге бөлінеді; өзара әрекет ету сипаты бойынша - ашық және жабық саяси жүйелерге бөлінеді. ҚР қазіргі уақытта саяси жүйесі демократиялық болып табылады. Қоғамның саяси жүйесіндегі мемлекеттің орны мен рөлі. Мемлекет саяси жүйеге саяси, территориялық (аумақтық), құрылымдық бірлестік ретінде кіреді және өз функцияларын басқа да әлеуметтік инстиуттармен, партиялармен, кәсіподақтармен, жергілікті басқару органдарымен бірлесе отырып атқарады. Ол саяси жүйеде жетекші орын алады.
Мемлекеттік орган - бұл мемлекеттік міндеттерді атқаратын және осы үшін тиісті биліктік өкілеттіліктер берілген ұйым немесе мекеме. Әр бір мемлекеттік органның: а) оның жедел басқаруында болатын мемлекеттік, қазыналық мүлкі болады; б) қаражаттары, банктегі есебі, бюджеттен қаржыландыратын қайнар көздері болады; в) өзіне белгіленген ұйымдық құрылымы, осыған байланысты қызметтік бағыныштылығы және қызметтік тәртібінің жүйесі болады; г) қажетті биліктік өкілеттілігі болады, осының негізінде лауазымды тұлғалар мен алқалы органдар заңды міндетті іс - әрекеттер жасайды. [3]
Мемлекеттік органдардың классификациясы:
1. Мемлекеттік қызметті жүзеге асыру нысаны бойынша мемлекеттік органдар өкілді, атқарушы- бұйырушы, соттық, прокурорлық және өзге де бақылау- қадағалау органдарына бөлінеді; .
2. Биліктің бөліну қағидасы бойынша - заң шығарушы, атқарушы және сот.
3. Қызметінің құқықтық нысаны бойынша - құқық шығармашылық, құқық қолданушылық және құқық қорғаушы.
4. Иерархия бойынша - республикалық және жергілікті.
5. Өкілеттіліктерінің мерзімі бойынша- тұрақты (әрекет ету мерзімін шектеусіз құрылатын) және уақытша(қысқа мерзімді мақсаттарға жету үшін құрылады) .
6. Құзырлығының сипаты бойынша - жалпы құзырлықтағы (үкімет) және арнайы құзырлықтағы (министрліктер) .
2. 2 Мемлекеттік билік органдарының түрлері және қызметі
Қоғам - адамдардың ұйымдасуы мен өмір сүруінің нысаны, соның шеңберінде материалдық және рухани игіліктер өндіріліп, тұтынылып және айырбасталып жатады, осының өзі белгілі бір тәртібі, адамдар арасындағы өзара қарым-қатынастардың орнықтылығы мен тұрақтылығын нығайтуға бағытталған, өз мүшелерінің мінез-кұлқын басқарудың, реттеудің және ықпал етудің ерекше құралдарының болуымен сипатталады.
Мемлекет - басқару функциясын орындайтын және соның көмегімен қоғамның тіршілік-тынысын қамтамасыз ететін, оған қажетті жағдайлар мен алғышарттар жасауға ұмтылатын адамзат қоғамын ұйымдастырудың айрықша нысаны.
Дамудың әрбір кезінде мемлекеттік органдардың орындайтын қызмет бабы және істері өзгеріп отырады. Мемлекет қоғамға қызмет етуі керек, оның мүдделері мен қажеттіліктерін қанағаттандыруға ықпал етуге, оның тіршілік етуіне қажетті жағадйларды қамтамасыз етуге тиіс. Бұл жағынан мемлекеттің мүмкіндігі зор. Орасан зор материалдық, адам, қйымдастыру ресурстарына, саяси-идеологиялық потенциалға, басқарудың, реттеудің және ықпал етудің әр алуан құралдарына иелік ете отырып, мемлекет экономиканың, әлеуметтік, рухани және басқа жағдайлардың дамуына оң әсер етіп, тұрақтылық пен тәртіпке қол жеткізуге, қоғамда қажетті моральдық- психологиялық ахуал қалыптастыруға оң ықпал ете алады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz