ҚР әлеуметтік саясатын жүзеге асырудың ұйымдастырушылық-құқықтық механизмі


Жұмыс түрі: Дипломдық жұмыс
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 53 бет
Таңдаулыға:
ҚР әлеуметтік саясатын жүзеге асырудың ұйымдастырушылық-құқықтық механизмі.
Жоспар
Кіріспе
І. Мемлекеттің ішкі функциялыраның жалпы түсінігі . . . 2-4
Негізгі бөлім
І. Қазақстан Республикасы мемлекетінің ішкі функциялары . . . 5-63
§ 1. Экономикалық функция . . . 6-21
§ 2. Әлеуметтік функция . . . 22-42
§ 3. Қаржылық бақылау функциясы . . . 43-49
§ 4. Құқықтық тәртіпті, азаматтардың құқығы мен бостандығын қорғау функциясы . . . 49-57
§ 5. Экологиялық функция . . . 58-61
§ 6. Саяси функция . . . 62-63
Қорытынды . . . 63
Кіріспе
Ерте кезден-ақ адамдарды мемлекет дегеніміз не? және ол қандай қызметтерді атқаруы тиіс? деген сұрақтар қызықтырып келді.
Мемлекет дегеніміз-қоғамдық саяси ұйым. Ол қоғам және қоғамның топтары үшін өзінің басты әрі қажетті де негізгі функцияларын атқарады. Негізгі функциялар- бұл мемлекеттің қызметінің негізгі бағыттары.
Мемлекеттің мәні осы негізгі функциялардан көрінеді, ол өз қызметін әр түрлі бағыттарда жүзеге асырады олардың барлығы оның функциясы болып табылуы мүмкін.
Мемлекет функциялары әр адамдар ғана емес бүкіл қоғам үшін де өте маңызды. Мемлекет функцияларының жүзеге асырылуына қоғамның қанағаттанбауы әр түрлі елде әр дәуірде мемлекеттің құрылыстың революциялық жолдармен өзгеруіне алып келді:
90-шы жылдардың басында СССР-дің ыдырауынан кейін бұрынғы одақтық республикалар тәуелсіз мемлекеттерге, соның ішінде Қазақ ССР-і- Қазақстан Республикасына айналды және оның алдында үш маңызды міндеттер тұрды, әлі де тұруда:
1. Өзінің саяси және экономикалық тәуелсіздігін сақтау мен бекіту;
2. Нарықтық қатынасқа өту және бұл жағдайда адам мүддесі үшін қоғамның экономикалық, әлеуметтік-мәдени дамуын қамтамасыз ету;
3. Сыртқы саяси және сыртқы экономикалық міндеттерді өздігінен шешу.
Жоғарыдағы міндеттерді шешу үшін Қазақстан Республикасы көптеген функцияларды атқаруы тиіс: Олар:
- экономикалық, әлеуметтік, саяси, мәдени тәрбиелік, экологиялық, құқықтық тәртіпті, азаматтардың құқығы мен бостандығын қорғау, ғылым мен техниканы дамыту, қорғаныс және елдің қауіпсіздігін қамтамасыз ету, өзге елдермен қарым-қатынас жасау, бейбітшілік орнату т. б. көптеген функциялар.
Нарықтың экономикаға өту кезінде мемлекеттің рөлі- әлеуметтік аумақта дамуды, азаматтық және саяси тұрақтылықты қамтамасыз етуде қорғаныс пен қауіпсіздігінде, құқық бұзушылықпен, қылмыспен күресуінде, өзге елдермен қатынасқа түсуінде біршама өсті, бұл қоғам, мемлекет және адам үшін маңызды мәселелердің шешілуі еді.
Мемлекеттің атқаратын функцияларының біршамасы, онығырақ айтқанда «мемлекетіміздің ішкі функциялары» жайлы бұл жұмысымда сөз болмақ. Мемлекетіміздің ішкі функциясы жеке-жеке талдап жіктейтін болсақ әрине бірнеше томдық кітаптарды құрайтын еді, ал мұнда бұл функциялардың ішінде басты да маңызды 6 функциясы туралы қысқаша нақты түрде айтылып өтпек. Атап айтқанда бұл функциялар:
1. Экономикалық функция - Қазақстан экономикасының кешегі, бүгінгі хал-ахуалы, және атқарылуға тиісті экономикалық қызметтер туралы;
2. Әлеуметтік функция - елдің әлеуметтік ауқымы, әлеуметтік атқарылатын міндеттермен қатар білім беру, денсаулық сақтау шаралары, ғылым, мәдени-тәрбиелік функциялар мен әлеуметтік қамсыздандыру шаралары, жұмыссыздық проблемалары туралы;
3. Қаржылық - бақылау функциясы- елдің қаржы - салық саясаты, оларды бақылау әдістері мен жолдары, бақылауды жүзеге асыратын органдар туралы;
4. Құқықтық тәртіпті, азаматтардың құқығы мен бостандығын қорғау функциясы -құқықтық мемлекетіміздегі азаматтардың құқықтық жағдайы, құқықтық тәртіпті қамтамасыз етуді жүзеге асыратын органдар жүйесі туралы;
5. Экологиялық функциясы - республиканың экологиялық хал-жағдайы туралы, экологиялық зардаптарды болдырмау, жою және алдын-алу шаралары мен Республика экологиясының бүгінгі өзекті мәселелері жөнінде;
6. Саяси функция - ішкі саяси тұрақтылық пен мемлекеттің демократиялық қалыптасуы, азаматтық қоғамды орнатудың мәселелерін қоса алғанда елдегі саяси жүйе туралы;
Қазақстан Республикасы мемлекетінің ішкі функциялары.
Ішкі функцияларға еліміздің материалдық-техникалық базасын құрып-дамытуға бағытталған мынандай қызмет салалары кіреді:
- жеке адамның жан-жақты жетілуіне мүмкіндік туғызатын және оның құқықтары мен бостандықтарын нақты қамтамасыз ету үшін алғышарт жасайтын мәдени-тәрбие жұмыстары;
- әлеуметтік қызмет көрсету яғни адамдарға жан-жақты қамқорлық жасаудың ізгілікті саясатын жүзеге асыру;
- ата-заңымызда атап көрсетілгендей мемлекетіміздің қызметі бәрінен бұрын адам және адамның өмірі, оның құқықтары мен бостандықтарының мүддесіне сай құрылады;
- Конституцияға сүйене отырып күшті бақылау арқылы оның талаптарын орындауда, қоғамдық мемлекеттік құрылысқа, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарына, меншікке қол суғұшылық жолын кесуде көрінетін құқық тәртібін күзету және т. б.
Ішкі функциялар- бұл қоғамның ішкі өмірін басқарып-реттеудегі мемлекеттің бағытталған негізгі әрекеттері. Ішкі функцияның классификациясы мемлекеттік әрекет ету аумағына байланысты жүргізіледі. Әрбір мемлекет басқару формасына және мемлекеттік құрылымына тәуелсіз өзінің негізгі қатардағы экономикалық, әлеуметтік, қорғаушылық және бақылау міндеттерін жүзеге асырады.
Сонымен әрекет ету аумағына байланысты мемлекеттің ішкі функцияларын былай жіктейміз:
- Экономикалық функция
- Әлеуметтік функция
- Қаржылық-бақылау функциясы
- Құқықтық тәртіпті, азаматтардың құқығы мен бостандығын қорғау функциясы.
- Экологиялық функция
- Саяси функция.
1. Экономикалық функция- өндірісте және мемлекеттің даму экономикасының стратегиялық бағыттарының үйлесуінде көрінетін мемлекеттің ең басты маңызды функциясы.
Құқықтық мемлекетте нарықтық тауар қатынастарында экономиканы мемлекеттік реттеу әкімшілік әдістер арқылы емес, негізінде экономикалық әдістер арқылы жүргізіледі.
Экономиканы мемлекеттік реттеудің 2 әдісі бар:
1. Мемлекеттің әлеуметтік міндеттерін тиімді шешуге қажетті-оның және нақты қатаң салық саясаты, сонымен қатар қоғамның өндіргіш күштерінің дамуы үшін ұлттық өнімнің тиісті бөлігін баланс арқылы қайта бөлу;
2. Қоғамға табыс әкелетін экономиканың шаруашылық саласына ең қолайлы жағдайлар туғызу немесе құру.
Қазіргі уақыттағы құқықтық мемлекет мынадай экономикалық бағыттарды жүзеге асырады:
- қоғамның экономикалық өміріне толық ықпал ету. Яғни мемлекеттік бюджетті және оның кіріс шығысына бақылау жасау, мемлекеттегі экономикалық дамудың бағдарламасын құру, өнідіріс және ғылыми зерттеу бағдарламаларын қаржыландыру, өндіріске ынталандыру мақсатында өндірушілерге материалдық игілік пен жәрдем ақша бөлу;
Экономикалық процестерді мемлекеттік реттеуде мемлекеттік биліктің жоғарғы және жергілікті органдары мен арнайы мамандырылған ұйымдар қатысады.
Экономикаға сонымен қатар жергілікті органдар да ықпал жасайды. Жергілікті бюджетті толтыру үшін олар кәсіпкерліктің дамуына ықпал жасап, капиталдың келіп құйылуына әсерін тигізеді. Кәсіпкерлікті қолдай отырып және өз территориясына жаңа компаниялардың келуіне жағдай жасау арқылы өздерінің ифрақұрылымдарын дамытады, жұмыссыздық проблемаларын шешеді. Бұл міндеттерді атқару үшін салық механизмі құрылып қолданылады, құрылыстарға әсер бөлініп, жаңа өндірушілерді қаржыландыру үшін облигациялар шығарылады.
Қазіргі азаматтық қоғамда қандай мемлекеттік және шаруашылық басқару органдарының керектігін, олардың фукцияларының неден құрылатындығын, оларға қанша және қандай қызмет үшін ақы төлеуді тек шаруашылық бөліктер және еңбек ұжымдары шеше алады. Мемлекеттің экономикалық әрекеті сонымен қатар шаруашылық басқаруға қатыссыз экономиканың мемлекеттік секторларында да көрінеді. Бұл жерде мемлекет өндіріс құралының меншікті иесі, және материалдық игілік пен қызметтің өндірушісі болып табылады. Бұл сектордағы экономикаға әсер ету әдісі- елдегі экономикалық процестерді мемлекеттік реттеудің жалпы әдістерімен ерекшеленбейді.
Қазақстан экономикасы қазіргі кезде қиын күй кешуде. Осыдан біраз жылдар бұрын экономиканың дамымай тұралап қалуына әкеліп соққан әлемдік проблемалар тек Қазақстанның емес, Ресейдің де, ТМД елдерінің де экономикасын қаусыратып кеткен болатын.
Нарық реформасы қарапайым адамдарға да неліктен осыншама қиындықтар әкелді? Республикадағы күрделі экономикалық дағдарыс неліктен жалғасуда? деген сұрақтар шешімін таппай отырды. Ауыл шаруашылығының құлдырауы, өтем тану мәселесі, «өлі аймақтар» сұрағының орта түсуі, Кентау, Жаңатас сияқты өлі қалалардың көбеюі неліктен шешілмеуде? Неліктен нарықтық реформа ең алдымен халықтың басын бөлігі үшін нақты нәтижелер бермей жатыр?
Ауыр нарық реформасына, КСРО-ның құлауы және соның нәтижесінде ондаған жылдар бойы қалыптасқан жалпы одақтық нарықтың күйреуі, кеңестік кезеңнен кейінгі мемлекеттердің проблемаларын ұшықтырып жіберді. Теңдесі жоқ көлемде дамыған еңбекті территориялық бөлісу, өндірістік мамандану жүйесі мен коолерация күйреді. Одақтың орасан зор ауқымында мейлінше интенсивті дамыған, біздің кеуде соққан мақтанышымыз болған жоспарлы социалистік жүйенің бірегей табысы саналған мұндай байланыстар барлық елдердің экономикасында да бар. Өндірісті шикізат пен және құрақтыру бөлшектері мен жабдықтаудың лимиттер мен қарларды бөлудің алып жүйесі бір сәтте қираған кезде, орасан зор қиыншылықтар туды. Ондаған жылдар көлемінде қалыптасқан байланыстар жаңа егемен мемлекеттердің шекараларымен қиылып қалған соң мәселе бұрынғыдан да бірнеше мәртеге артты.
Мәселен бұрындары қалай еді?
Тбилисиде ракетаның жарылғыш басы дайындалды, Ереванда қанаты жасалды, Украина корпусын шығарды, Оралда сымдарын тартып, Қазақстанда отын құйды - сонан соң ғана біздің ұллтық қауіпсіздігіміздің кепілі болған ракета ұшатын. Енді бұның бәрі үзілді, біз өз отанымызбен қалдық. Басқа салаларда да солай- біреулерде отын, екіншісінде- металл, үшіншісінде - трактор, төртіншісінде - астық қалды. Тұтас нарық құрыды. Осының салдарынан бұрынғы барлық республикаларда экономикалық дағдарыс -өндірістің құлдырауы, тауар зәрулігі мен бағаның өсуі, жұмыссыздықтың артуы басталды. Экономика күйреуінің осы жағдайында біздің республикаға «нарық реформасын» бастау керек болды.
Сөйтіп Қазақстан бірнеше кезеңдерге бөлінген нарықтық реформаларға да келіп жетті. Бірінші кезең 1992-93 жылдар- Қазақстан өз егемендігін жариялаған уақыттан ұлттық валютаның кірген мерзім аралығы, ол 1992 жылы бағаны либерализациялаудан басталды. Одақтың бұрынғы республикаларындағы сияқты Қазақстандағы бағаны босату экономикадағы, әсіресе сыртқы саудадағы көптеген қиғаштықтарға әкеп соқты. Мәселен шикізаттың әлемдік бағасы біздің ішкі бағадан 2-3 есе артық болғандықтан, шикізаттық тауарлар шет елге кетті, сонымен бізге түскен ақша да сонда қалып отырды.
Басқа да өнім түрлеріне еркін баға жағдайында қуат көздеріне бағаны босату кідіріп қалғандықтан, үкімет өндіріс рентабельділігін (тиімділігін) қамтамасыз ету мақсатымен электр қуатының, мұнай және мұнай өнімдерінің бағасын уақ көтеріп отыруға мәжбүр болды. Өз күшінде энергияны тұтынушылар да өз (күйінде) өнімдерінің де бағаларын ақтарып инфляцияның жаңа айналымын тудырып отырды. Соның нәтижесінде Қазақстандағы бағаның өсімі бұрын-соңды болып көрмеген тұтыну тауарларының құны 1992 жылы 1991 жылмен салыстырғанда 3060 процентке (%) жетті.
Реформаның келесі кезеңі Қазақстанда 1992 жылдың қарашасында ұлттық валюта «теңгені» енгізумен және шетелдік көмекті кең көлемде тартумен байланысты. Осы кезеңде біздің елімізге тән макроэкономикалық саясат қалыптаса бастады.
Жағдайдың бақылаусыз дамуына жол бермеу үшін республика белгілі бір стратегиямен жүруге күш салды. Сонымен бірге Қазақстан бұрынғы одақтас республикалардың ішінде әлеуметтік-экономикалық даму мен дағдарыстан шапшаң шығудың шараларын жасаған бірден-бір мемлекет. Нарық экономикасы жолында реформаның кезеңдері мен оған қатысты нақты міндеттемелер белгіленген айқын жылжу мүмкін еместігіне үкімет көңіл болып отырды.
Біздің реформаның маңызды ерекшелігі - реформа салыстырмалы түрде тұрғындарға қатысы бойынша бірқалыпты сипатта болды. Мысалы: бірінші жарты жылдықта Қазақстанда Ресеймен бір мезгілде баланы босатқан жағдайда, біздің елде тұтыну тауарларын өндіруге, жалақыны өсіруге жәрдем көрсетілді. Осының арқасында Ресейге қарағанда тұрғындардың кірісі мен өмір сүру деңгейін күрт түсіріп жіберуге жол берілмейді. 1992 жылы Қазақстан мен Ресейдегі баға либерализациясы әкелген проблемаларды көре отырып, біздің реформа жолдаушылар: Қазақстанда әлеуметтік салаға негізделген нарық экономикасын құру қажет және экономиканы бірте-бірте және дәйекті өзгертуге бағдар жасау қажет деген қорытындыға келді.
1994 жылдағы республиканың экономикасы өте ауыр халде еді. Инфляция 2250 %-ке жетіп бірінші кезекте қаржылық-тұрақтылықты қамтамасыз ету, инфляцияны тоқтату қажет болды. Бұл нәтижеге 1996 жылы ғана қол жетті - инфляция - 29%, ол кейінірек 1997 жылдың аяғында 18 % болды. Сонымен бір мезгілде құрылымдық реформа мен жекешелендіру де жалғастырылып отырды.
Қазақстан Республикасының Президенті және Үкіметі арқылы жүргізіліп жатқан экономикалық саясаттарының стратегиялық мақсаттары болып экономиканың қарқынды өсуінің тұрақтылығына қол жеткізу және өндіріс орындарының нарықтық формада даму мен экономиканы структуралық қайта құру негізінде азаматтардың хал-жағдайын көтеру болып табылады. Нарықтық қатынастарды жасаудың проблемаға өзінің нақты үлгісін яғни әлеуметтік-экономикалық дамуды таңдады. Нарық құрылымын жасаудағы мемлекеттің басшылыққа алған басты әрекет ету бағыттарының бірі болып- жекешелендіру бағдарламасының жүзеге асуы еді. Меншікті қатынасты өзгерту экономиканың көптеген проблемаларының қайта жасалуына алып келді. Бұл:
- нарықтық қатынастың негізгі субъектісі ретінде ұйымдардың шаруашылық іс-жүргізу бостандығын және саудаландыруды;
- меншіктің барлық түрінің тең болуымен шаруашылық ұйымдардың, кәсіпкерлердің, барлық жұмысшылардың экономикалық әрекеттерінің нәтижесіне толық жауап бере алуы;
- экономиканың монополиясына қарсы саясат жүргізуді талап ететін өндірушілердің бәсекелестігін тудыру;
- бағаның еркін құрылуын, бағаның көп бөлігі нарықта еркін қамтылуы қажет, ұсыныс пен сұраныстың теңдестірілуі;
- мемлекетті, ұйым-мекемелердің шаруашылық істеріне тікелей қатысуына кедергі жасау, экономиканың ашықтығы, оның дүниежүзілік шаруашылық байланысқа кіруі т. б.
Қазақстандағы меншік қатынастарын реформалау 2 этаптан өтті:
1-ші этап: 1991-92 жылдардың аралығын қамтыды және ол сауда орындары мен қызмет аймағын сатуға, сонымен қатар мемлекеттік меншікті-кәсіпорындардың еңбек коллективтеріне беру мен негізделді. Бұл кезеңде 1500 ірі және 4000 -дай ұсақ кәсіпорындар экономиканың мемлекеттік емес секторына өтті. Яғни сауда саласындағы, ауылшаруашылығындағы, қоғамдық тамақтандыру мен тұтынушылық қызмет көрсетудегі әрбір бесінші кәсіпорын толық жеке меншікке айналып отырды.
2-ші этап: 1993 жыл мен 1996 жылдың басына дейінгі аралықты қамтыды. Бұл этапта барлық кәсіпорындарды жекешелендіру тәсіл-жүйе арқылы 4 топқа бөлінді:
- кіші кәсіпорындарды жергілікті аукциондар арқылы сату;
- ірі және орта кәсіпорындарды жаппай жекешелендіру;
- ірі кәсіпорындарды жеке жобалар арқылы жекешелендіру;
- ауыл шаруашылық аймағын және ауылшаруашылық өнімдерін жасау секторларын жекешелендіру;
Кіші жекешелендіруге сауда және қызмет саласында мамандырылған 200-дей қызметшілері бар кәсіпорындар жатты. Кіші жекешелендіруде 11 мыңдай объекті сатылды, ол сауда саласындағы, тұтынушылық қызмет көрсету, ауыл шаруашылығы мен ауыл шаруашылығы өнімін өндіру саласындағы жекешелендіруге жататын объектілердің 2/3-і бөлігін құрады. Бұл жекешелендіру 1996 жылдың соңына қарай аяқталды, бұл кезде жекешелендірілген объектілердің саны 14000-нан асып кеткен болатын.
Жаппай жекешелендіру-жекешелендіру сатысының екінші этапында қаралған болатын, және оның жүзеге асырылуы 1993 жылдың басында басталды. Ол жекешелендіру купондарын тарату мен 200-ден - 5000 адамға дейін жұмысшысы бар кәсіпорындарды жекешелендіруге негізделді. Бұл бағдарлама ішінде азаматтардың өздерінің купондарын арнайы инвестициялық қорға салуы, сонымен қатар акционерлік қоғамдардың акцияларын иеленуі қаралды. Бірақ жаппай купондық жекешелендіру біршама қабілетсіздігін көрсетті.
Республикада жеке жобалар арқылы 5000-дай жұмысшылары бар және мемлекеттік маңызға ие кәсіпорындар, мысалы: ірі өндірісті иеленетін немесе нағыз монополияға ие кәсіпорындар жекешелендірілді.
Бұл категорияда бізде 170 тен аса ірі кәсіпорындар кірді, яғни бұл қатынаста арнайы халықаралық тендерлер өткізіліп және басқаруға келісім-шарт құрылатын кәсіпорындар.
Ауылшаруашылық саласында 4000 дай кәсіпорын жекешеліндірілді. Мемлекеттік кәсіпорындар коллективтендірілуде, коллективтік шаруашылық мүшелері арасында жер бөлініп берілуде. Өте ірі ауылшаруашылық кәсіпорындары жеке жобалар бойынша жеке-жобалар бойынша жекешелендіру үстінде.
Негізінен алғанда Қазақстандағы бұл жекешелендірулер 1991 жылы нарықтық экономиканы ең алдымен заң-институционалдық жаңғыруларды жасау мен күшейтуге бағытталған реформалармен бір кезеңде басталды. Республикадағы жекешелендірудің заңдық базасы «Меншік туралы» және «Мемлекет меншігінен алу және жекешелендіру» туралы заңдармен негізделген. Бүгіндері республикада мемлекет меншігінен асудың жоғары деңгейіне қол жеткізілді.
Мысалы: 1991 жылға дейін мемлекеттік меншік 90 пайызды құраса, қазіргі таңда экономиканың жекеменшік секторы басып түскен. Жеке кәсіпорындардың үлес салмағы республика бойынша 20%-ті құрайды. Оның ықпалы өнеркәсіп, көлік және байланыстан басқа экономиканың өзге салаларында айрықша байқалып отыр. Ал республиканың жалпы ішкі өнімінде жеке сектор 50%-ті құрайды.
1997 жылы шағын жекешелендіру бағдарламасының шеңберінде кіші жекешелендіру нысандарын сату толығымен аяқталды. Тұтастай 1991 жыл мен 1997 жыл аралығында аукциондарда 17070 нысан сатылды. Мемлекетте бөлшек сауда, қоғамдық тамақтандыру және тұрмыстық қызмет көрсету нысандары толығымен жекеменшікке өткізілді. Сауда жүйесін мемлекет меншігінен асуды дамыту сауданың көтерме жүйесін жекешелендіру есебінен қарқынды жүргізілді.
Автотасымал толығымен 1991-1997 жылдары автокөлік кәсіпорындарынан ірілендіру жолымен 11 мыңдай автокөлік жекешелендірілді. Автомайқую стансаларын жекешелендіру жүзеге асырылып соның нәтижесінде барлық аймақтарда жанар-жағар май материалдарымен қамтамасу етуде бәсекелестік рыногы қалыптасты.
1997 жылы әлеуметтік сала: денсаулық сақтау, білім, мәдениет, туризм және спорт нысандарын мемлекет меншігінен алу бойынша жұмыс басталды. 1997 жылы жекеменшік иелерінің қолына осындай нысандардың 2900 ден астамы өтті, оның ішінде 312- денсаулық сақтау нысаны, білімнен-652, мәдениеттен-915, туризм мен спорттан-5, басқаларынан-1021 нысан.
Соңғы үш-төрт жылда ТМД кеңестігінде тек Қазақстанда ғана энергетика саласында кең ауқымды реформа жүргізілді. 1996-97 жылдары электр қуаты рыногын қалыптастыратын барлық электр станциялары негізінен сатып болды. 1997 жылы қуаттарды тұтынушыларға жеткізуші болып есептелінетін аймақтық қуат компаниялары басқаруға беріліп, ішінара жекешелендірілді. Ал 1992 жылы аймақтық қуат компанияларын сату аяқталды.
Кәсіпорындарды жекешелендіру олардың қызметіне жақсы әсер етті. Барлық кәсіпорындарда шығарылатын өнім көлемі артып, еңбек ақы төлемі тұрақтандырылды, әлеуметтік жағдай жақсара түсті. Қарапайым мысал: Өскемен титан-магний комбинатында (инвесторы-Бельгияның «Спешл-металлс» фирмасы) 1992 жылы шығарылатын өнім көлемі, 1994 жылмен салыстырғанда 5, 5 есе өскен. Мұнда әлеуметтік сала толық сақталып, жұмысшылар саны көбейген, орташа еңбекақы 2, 5 есе өскен.
Білгірлікпен ұйымдастырылған маркетинг пен менеджмент жұмысының негізінде кәсіпорындардың инвестициялық мүмкіндіктерін еселеп арттыруға мүмкіндік туғызды.
«Қазақстанның экономикасы таяу он жылдықта республиканы Орта Азияда Батыстың ең ірі әріптестері қатарына шығаратын елеулі әлеуетке ие екендігімен ерекшеленеді» деген пікірді Орта Азия бойынша Ұлыбритания сарапшысы Оксфорд университетінің экономика профессоры Леайке Кейзер 1997 жылы Караив халықаралық қатынастар институтында сөйлеген сөзінде білдірген болатын.
Қазақстандағы экономикалық реформалар шағын және орташа бизнес саласында дамуда. Шағын кәсіпкерлік экономика саласының басты жетекші буынына айналу үшін оған жол ашылып, мүмкіндіктер туғызылуда. Басталуыда бұл бағытта атқарылған істер (1994-96 ж. ж) . Үкіметтің арнайы қолдауының нәтижесінде жүргізіліп, бұл іске көптеген қаржылы несиелер жұмылдырылды.
Дәл қазіргі таңда:
- шағын кәсіпкерлік субъектілерді тіркеу тәртібі жеңілдетілді, ортақ жарғы үлгісі енгізілді, тіркеу жарнасы төрт есеге кемітілді.
- шағын кәсіпкерлік субъектілері үшін азық-түлік өнімдеріне берілетін сертификат алу жеңілдеді.
- Жылжымайтын мүлік пен жер бөлу құқың тіркеуге жеңілдіктер енгізілді.
- Мемлекет органдары тарапынан тексеруші, нұсқаушы жағдайлар қысқартылып, олар белгілейтін түрлі төлемдер азайтылды.
- өнеркәсіппен айналысатын шағын кәсіпкерлік субъектілеріне, қолданылатын бос жатқан жерлерді, бос тұрған мекемелер, яақталмаған құрылыстарды беру жүзеге асырыла бастады.
- Шағын кәсіпкерлік субъектілері үшін бухгалтерлік есептің жеңілдетілген жүйесі енгізілді
- Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің қаулысымен кәсіпкерлікпен айналысатын субъектілерге 2-ші деңгейдегі банктер арқылы кредиттің саласына қарай 10 проценттік несие беруді міндеттеді. Бұл арада несие берудің тәртібін жалпы экономикалық жағдайына қарай әр банкі өзі жетілдіреді.
- Шағын және орта бизнесті, шаруа қожалықтарын дамытуға және жаңа жұмыс орындарын ашуға несие кеңістігін кеңейту үшін Азия даму банкінен 100 млн. Ақш доллары көлемінде, Еуропалық қайта құру және Даму банкінен 50 млн. АҚШ доллары көлемінде қаржы жинақталды.
1998 жылдан бастап Республика үкіметі Қазақстанның 1998-2000 жылдарға арналған даму стратегиясын іске асыруға кірісті, шағын кәсіпкерлікті өркендету стратегиялық өзекті бағыттарының бірі ретінде құрамына енген.
Дамудың негізгі бағыттары болып белгіленді:
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz