Қаржылық инвестиция есебі туралы ақпарат


Жоспар
Кіріспе
І Қаржы инвестициялар ұғымы
1. 1 Қаржы инвестициялар туралы жалпы түсінік.
1. 2 Қаржы инвестициялардың жіктелінуі.
ІІ Негізгі бөлім
- Бірлесіп бақыланатын шаруашылық серіктестіктердің, еншілестердің және тәуелді серіктестіктердің инвестициясының есебі.
- Бірлесіп бақыланатын шаруашылық серіктестіктің инвестициясының есебі.
ІІІ Қаржы инвестицияларды жетілдіру жолдары
3. 1 Қысқа мерзімді инвестициялардың ағымдағы құнын және ұзақ мерзімді қаржылық инвестициясын қайта бағалауын анықтау.
3. 2 ҚР қаржы инвестицияларды жетілдіру.
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
Кіріспе
Менің курстық жұмысымның тақырыбы «Қаржылық инвестиция есебі» болып табылады. Бұл тақырыпты таңдаған себебім, қазіргі кезде ҚР-ның экономикасына инвестицияны жұмылдыру, әсіресе отандық және шетелдік инвесторларды тарту өзекті мәселе болып отыр. Жалпы ҚР-ның экономикасын көтеру үшін белгілі бір бағытта ақша қаражаттарын салуды қажет етеді. Былай делінген: «Қазақстанда ең жоғарғы деңгейдегі осы заманғы клиникалар құру мен оларды басқару үшін шетелдік жетекші компанияларды тарту қажет» .
Қазақстандық бизнес қазірдің өзінде аяғынан нық тұрды, өзінің әлеуметтік жауапкершілігін пайымдай бастады және өз қызметін соған сәйкес құруда. Бұл істе ұлттық компаниялар мен ірі инвесторлар қайырымдылық шараларына, білім, денсаулық сақтау, спорт пен мәдениет жобаларына қаржы бөлу арқылы үлгі көрсетуде . . . ”, деп айтқандай еліміздің экономикасын жандандыру мақсатында құрылатын инвестициялық жобалардың маңызы зор.
Бұл курстық жұмысымның мақсаты І бөлімінде инвестиция туралы түсінік бере отырып, оның түрлеріне тоқталамын, ал ІІ бөлімінде қаржылық инвестиция есебін көрсете отырып, қысқа мерзімді инвестицияның ағымдағы құнын және ұзақ мерзімді қаржылық инвестицияның қайта бағалауын анықтау, есеп беруде инвестицияны ашып көрсету болып табылады.
Қаржылық инвестиция - ол акция, облигация және басқа да құнды қағаздар мен банктегі депозиттерге салынған салымдар.
Олар қысқа мерзімді (12 ай ішінде айналымда болатын) және ұзақ мерзімді (12 айдан астам мерзім) болып танылады.
Қаржылық инвистициялардын есебі ХҚЕС сәйкес №32 <<Қаржылық құралдар: танылып және ақпарат беру>>, №39 <<Қаржылық құралдар:мойындауы және бағалануы>>, және №2 ҰҚЕС стандартында қарастырылған.
Қаржылық инвистициялардың ақпараттау барысында бухгалтерлік есеп шоттарының жұмыс жоспарында 1 және 2 бөлімдерінде 1100-1150, 2000-2040 шоттар қарастырылған.
І Қаржы инвестициялар ұғымы
1. 1 Қаржы инвестициялар туралы жалпы түсінік.
Инвестицияның көзі болып жаңадан жасалған қосымша құнның, яғни таза табыстың пайдаланылмай сақталған бір бөлігі саналады. Басқаша айтатын болсақ, инвестиция көзі - жаңадан жасалынған құн немесе таза табыстың сақталатын бөлігі болып табылады. Шаруашылық субъектілері немесе кәсіпкерлер инвестицияны өзінің таза табысының есебінен, өзін-өзі қаржыландыру немесе ол үшін сырттан несие алу арқылы жасайды. Тағайындалу түрлері бойынша инвестициялар нақтылық және қаржылық инвестиция болып екі түрге бөлінеді.
Нақтылық инвестиция дегеніміз - шаруашылық субъектісіндегі белгілі бір материалдық, өндірістік қорлардың, яғни активтердің өсуіне, дамуына жұмсалыну үшін салынатын салымдар болып табылады.
Қаржылық инвестиция дегеніміз - акционерлік қоғамдар немесе мемлекет шығарған акцияларға, облигацияларға және басқадай құнды қағаздарға банктердің депозиттеріне салынған салымдар болып табылады.
Қазіргі өндіріс үшін ұзақ мерзімді факторлардың маңызын өсуі ерекше. Егерде кәсіпорын ойдағыдай жұмыс істейтін, өндіріс қуаттарын кеңейтетін, өзінің шығарған өнімдерінің бәсекеге жарамдылығын арттыратын және рынокта өзінің жайғасынын нығайтатын болса, онда капитал салу қажет және оны салу пайдалы. Сондықтан да оған инвестициялық стратегияны мұқият әзірлеп жоғарыдағы айтылған мақсаттарға жету үшін оны үнемі жетілдіріп отыруы қажет.
Кәсіпорынның инвестициялық екі біріктіруден анықталады: көлемі және ресурстар сипаты, сол сияқты нарыққа және бәсекеге жарамдылығы. Бұл екеуінің біріктілігін талдау кәсіпорының стратегиясын қисынға келтіруге мүмкіндік береді.
Қандай да бір кәсіпкер құрылысты салу үшін қаржы керек етеді. Мұндай жағдайда құрылыс нақты инвестицияның объектісі болып табылады.
Кәсіпкер бұл құрылысты қаржыландыру үшін өзінің акцияларын шығарып, басқа біреулерге сатуы мүмкін. Сөйтіп бұл мысалда кәсіпкердің құрылысқа салған салымы нақты инвестиция, ал қатысушының акцияны сатып алуға жұмсаған шығыны қаржылық инвестиция болып саналады.
Жоғарыда аталған инвестицияның қай түрінің болмасын алдына қойған мақсаты салым салған саланы, өндірісті дамыту, ондағы өндірілетін өнімдердің, дайындалатын бұйымдардың сапасын барынша жақсарту, яғни олардың халықаралық стандартқа сай етіп сыртқы рынокта сата алатын дәрежеге жеткізу, өндіріске жаңа техникалар мен технологияны қолдану арқылы табыс табу болып табылады.
Қаржылық инвестициялар иелену мерзіміне қарай мынадай категорияларға жіктеледі:
а) қысқа мерзімдік - иелену мерзімі бір жылға дейін;
ә) ұзақ мерзімдік - иелену мерзімі бір жылдан артық.
Жылжымайтын мүліктерге салынған ивестицияларды иеленуші субъектілер ұзақ мерзімдік ретінде есептейді.
1. 2 Қаржы инвестициялардың жіктелінуі.
Кәсіпорын қызметінің объектілеріндегі инвестициялар әртүрлі нысандарда жүзеге асырылады. Осымен байланысты инвестицияларды жіктеу жүргізіледі: (1. суретте көрсетілген) .
1. Қаржыларды салуға байланысты нақты және қаржылық инвестициялар болып бөлінеді
Нақты инвестициялар -өндіріс процесіне тікелей қатысатын материалдық инвестициялар (Мысалы: ғимараттарға, жабдықтарға және материалдар қорына және инвестициялар)
Қаржылық инвестициялар - қаржы құралдарына салымдар, басқа фирмалардың қызметтеріне қатысу үшін құқық және ісккер құқықтарына ие болу. (мысалы: акциялар мен басқа да құнды қағаздар)
2. Инвестициялауға қатысу сипаты бойынша тікелей және тікелей емес инвестициялар болып бµлінеді.
Тікелей инвестициялар -бұл инвестициялау және қаржы салу обьектілерін таңдауда инвестордың тікелей қатысуы болып табылады. Тікелей инвестициялауды негізінен инвестициялау механизмін жақсы білетінжәне инвестициялау обьектісі туралы нақты мәліметтері бар дайындалған инвесторлар жүзеге асырады.
Тікелей емес инвестициялар - басқа жақтардың (инвестициялық немесе қаржы делдалдары) жанама қатысуы арқылы жүргізілетін инвестициялауды айтамыз. Барлық инвесторлардың инвестициялау обьектісін тиімді таңдау және оны басқару үшін жеткілікті мамандығы болмайды. Мұндай жағдайда олар инвестициялық және басқа қаржы делдалдары шығаратын құнды қағаздарды сатып алады.
(1-сурет)
Инвестициялардың әртүрлі беллгілер бойынша жіктелуі
2.
инвестициялауға
қатысу сипаты бойынша
3.
инвестициялау
мерзімі
бойынша
4.
инвестициялық
ресурстардың
меншіктік
нысандары
бойынша
5.
аймақтық белгісі бойынша
3. Инвестициялаудың кезеңі бойынша қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді инвестициялар болып бµлінеді.
Қысқа мерзімді инвестициялар - бір жылдан аспайтын кезеңге капитал салу болып табылады. Мәселен, қысқа мерзімді депозиттік салымдар, қысқа мерзімді жинақ сертификаттарын сатып алу.
Ал ұзақ мерзімді инвестициялар бір жылдан жоғары кезеңге капитал салу болып табылады.
4. Меншік нысандары бойынша инвесторларды жеке, мемлекеттік,
шетелдік, және біріккен инвестициялар деп бөледі.
Жеке инвестициялар - бұл жеке тұлғалармен, сондай-ақ мемлекеттік емес меншік нысанындағы кәсіпорындармен жүргізілетін қаржы салымдары.
Мемлекеттік инвестицияларды бюджет қаржылары, бюджеттен тыс қорлар мен заем қаржылары есебіне орталық және жергілікті басқару және билік органдары, сонымен қатар жеке және заем қаржылары есебінен мемлекеттік кәсіпорындар мен мекемелер жүзеге асырады.
Шетелдік инвестициялар - бұл шетелдік азаматтармен, занды тұлғалар және мемлекетпен жүргізілетін капитал салымы.
Біріккен инвестициялар- бұл берілген ел мен шетелдік мемлекет субъектілерімен жүзеге асырылатын капитал салымы.
5. Аймақтық белгілері бойынша ел ішіндегі инвестициялар және
шетелдегі инвестициялар болып бөлінеді.
Ел ішіндегі инвестициялар (ішкі инвестициялар) - бұл берілген ел территориясында орналасқан объектілерді инвестициялауға қаржы салу.
Шетелдегі инвестициялар - бұл шетелдік инвесторлардың объектілерді инвестициялауға қаржы салуы.
ІІ Негізгі бөлім
- Бірлесіп бақыланатын шаруашылық серіктестіктердің, еншілестердің және тәуелді серіктестіктердің инвестициясының есебі.
Занды тұлға басқа кәсіпорындардың пакет акциясын, катысу үлесін алу арқылы қаржылық салымдарын жүзеге асыруы мұмкін. Салынған қаржылық салымдардың деңгейіне байланысты олар: не бақылаушы, не қаржылық немесе субъектінің басқа да саясатына едәуір әсер ететін болып белгіленеді.
Егер де инвестордың қатысу үлесі 50% және одан да көп болса немесе 50% және одан да көп дауыс беру құқы бар акциясы болса, онда ол қаржыландырылатын объекті бойынша оның бақылауында болатын және еншілес серіктестігі болып табылады.
Егер де инвестордың қатысу үлесі 20%-тен астам болса, бірақ оның дауыс беруге құқы бар акциясы 50%-тен аспаса, онда ол қаржыландырылатын объекті бойынша оның едәуір әсер етуінде болатын және тәуелді серіктестік болып табылады.
Егер де инвестордың қатысу үлесі 20% акциясынан аспаса, онда ол бірлесіп бақыланатын занды тұлға болып табылады.
Инвестицияның есебі 14 "Инвестициялар" бөлімшесінің шоттарында жүргізіледі, оның құрамына мынадай синтетикалық шоттар кіреді: 141 "Еншілес серіктестіктерге салынған инвестициялар", 142 "Тәуелді серіктестіктерге салынған инвестициялар", 143 "Бірлесіп-бақыланатын заңды тұлғаларға салынған инвестициялар", 144 "Басқа инвестициялар".
Бұл бөлімнің шоттары еншілес, тәуелді серіктестіктер мен бірлесіп бақыланатын заңды тұлғалардың акциялары мен жарналарындағы инвестициялардың нақты бары мен қозғалысы туралы мәліметті талдап қорытындылауға бағытталған.
141-144 шоттар активті және күрделі болып келеді. Талдамалы (аналитикалық) есеп инвестицияланған кәсіпорындар мен инвестициялар түрлері бойынша жүргізіледі.
Инвестицияларды есепке алу Бухгалтерлік есептің № 14 "Тәуелді шаруашылық серіктестіктерінің инвестициялық есебі" деп аталатын стандарты бойынша реттеледі.
Тәуелді шаруашылық серіктестіктердің инвестициялық есебі. Тәуелді серіктестік инвесторлардың едәуір ықпал етуінде болады және ол еншілес шаруашылық серіктестігі де, бірлесіп бақыланатын занды тұлғасы да бола алмайды. Субъектің қызметіне инвестор едөуір ықпал етеді, оның тек 20%-тен астам ғана дауыс беруші акциясы болса да. Тәуелді серіктестіктер өз инвестициясын жүзеге асыру үшін мына екі әдістің бірін пайдаланады:
- үлестік қатысу әдісі;
- құндық әдіс (немесе құн әдісі) .
- Үлестік қатысу әдісі -инвестицияларды иеленген мезетте сатып алу құнымен көрсетіп, кейінірек тәуелді шаруашылық серіктестіктерінің таза активтеріндегі өзгерістерде инвестордың үлесі мойындалуына байланысты олардың құнының өсуін (кемуін) есепке алу әдісі. Тәуелді шаруашылық серіктестігінің таза кірісінде (шығысында) инвестор үлесінің өзгеруі қаржылық-шаруашылық қызметтуралы есептегі табысқа (шығынға) жатқызылады.
Тәуелді шаруашылық серіктестігінің жинақталған таза табысының жалпы сомасынан тиісті дивиденттер инвестициялардың баланстық құнын кемітеді.
Егер де инвестордың салған инвестициясының баланстық құны тәуелді шаруашылық серіктестіктеріндегі алған зиянына тең немесе артық болса, онда бұндай зияндар келешекте есепке алынбайды. Инвестиция нольдік құны бойынша көрініс табады.
Тәуелді шаруашылық серіктестігінің активтерінің қайта бағалануына байланысты инвестордың үлесінің өзгеруі инвестициялардың баланстық құнын көтереді (кемітеді) және ол меншік капиталының бөлімшесінде көрсетіледі.
Инвестор өзінің тәуедді шаруашылық серіктестігінің таза табысыңда үлестік қатысын қайта жаңғырту үшін таза табыс пен таза шығындар тең болуы керек.
Егер де тәуелді серіктестіктің активтері қайта бағаласа, онда олардың баланстық құны да өзгереді. Баланстық құнның өсуі меншік капиталындағы төленбеген қосымша капиталда көрініс табады, ал егер де ол азайса, онда сол төленбеген қосымша капиталды азайтады.
Мысал. "Шығыс" ААҚ қоғамы "Темір" ААҚ-ның 33% және "Цемент" ААҚ-ның 28 % акциясын сатып алған, сол сатып алынған акцияға сәйкес олардың құны: 3110 мың тенге және 4600 мың тенге құраған.
"Шығыс" ААҚ сатып алғаннан кейін, бір жылдан сон, "Темір" ААҚ өзінің кейбір негізгі құралдарына 300 мың теңгеге қайта бағалауды жүргізген. Бірінші жылдың қорытындысы бойынша "Темір" ААК, 9900 мың тенге зиян шексе, ал "Цемент" ААҚ 5000 таза табыс тауып, 2000 теңге деңгейінде дивидендті жария еткен. Ал келесі жылы "Темір" ААҚ кейбір негізгі құралдарының бағасын 410 мың тенгеге түсірген, ал "Цемент" ААҚ керісінше, 500 мың тенгеге көтерген.
Екінші жылдың қорытындысы бойынша "Темір" ААҚ 1000 мың тенге таза табыс тауып, 200 мың тенгеге дивидендті жария еткен, ал "Цемент" ААҚ- 1500 мың тенге деңгейінде зиян шеккен.
Енді осы жасалған операцияларымен байланысты шоттар корреспоңценциясын қарастырып керейік.
Заңды тұлғалардан қалыптасқан баға бойынша акциялары сатып алынды:
-темір ААК-33% айналыстағыакциясы
-цемент ААК-28% айналыстағы акциясы
311
46
Темір ААК өзінің кейбір негізгі құралдарының объектілерінің қайта бағалаудың нәтижесінде үлестік қатысу сомасы артып, инвестицияның құны өскен.
Шығыс АКК үлестік қатысу сомасы қайта бағаланған сомаға өсіп, ол 99000 теңге құралған
Бірінші жылдық нәтижесі бойынша:
-инвестицияның құнының өсуімен бірге Шыңыс ААҚ үлесі да өскен, өйткені Цемент ААҚ үлесі 14 теңге құралған
-темір ААҚ шекендіктен, Шығыс ААҚ инвестициясының құны да азайған
Темір ААҚ шеккен Шығыс ААҚ -на тиесілі 3267000 теңге құраған
-цемент ААҚ-нан Шығыс ААҚ-на тиесілі, дивидент сомасына инвестиция құны азайды, Шығыс ААҚ-ның алатын дивидент сомасы 56теңге құраған
14
3209000
56
142
871
322
871
142
142
Шығыс ААҚ-ынд инвестициясында құны азайған, өйткені Темір ААҚ өзінің кейбір негізгі құралдарының құның арзандатқан.
-бұрындары жасалған қайта бағаланған сомасының шегінде
-бұрынғыдары артық жасалған сомасының шегінде 36300 теңге
99000
36300
542
845
142
142
Екінші жылдын нәтижесі бойынша
Темір ААҚ таза табысында Шығыс ААҚ қатыстық үлесі өсуіне байланысты инвестицияның құны өскен. Қатысу үлесі 33теңге құраған. Өткен кезенде зиян шеккендіктен, осы ағымдағы кезендегі инвестицияның өскен құны 001-баланстан тыс шоттағы есепке алынған.
Темір ААӨ Шығыс ААҚ алатын дивиденд сомасына инвестицияның құны азайтылды 66 теңге
Цемент ААҚ зиян шеккендіктен ондағы «Шығыс» ААҚ үлесі азаюына байланысты инвестицияның құны азайтылды.
272000
58000
66000
42
142
322
871
871
011
142
142
Құн әдісі - инвестицияны алу кезінде сатып алу құны бойынша көрсетілетін есептік әдіс. Инвестордың қаржылық-шаруашылық қызметінің нәтижелері туралы есепте инвестиция табысы тәуелді шаруашылық серіктестігінің жинақталған жалпы таза табысының сомасынан тиісті дивиденттердің мөлшері алынғаннан кейін барып мойындалады.
Инвестиция сатып алу құны бойынша есептелінеді, егер де инвестицияны жақын арада сату мақсатында алса немесе инвестицияланған кәсіпорын қатаң ұзақ мерзімді шектеулі жағдайында әрекет ететін болса, бұл соңғы инвесторға табысты беру қабілетін біршама төмендетеді. Мұндай шектеулерді тудыратын себептерінің қатарына: реттеуші органның бақылауында болса, сондай-ақ олар кәсіпорындағы дивидендтерді бөлудің саясатына араласса кәсіпорын өз қызметін, дивидендтерді (табыстарды) аударуға шек қойылған елдерде жүргізуі мүмкін. Сондай-ақ, саяси хал-ахуалдың өзгеруі кәсіпорынның шаруашылық қызметін жүзеге асыру туралы келісімдерде қарастырынған дивидендтерді төлеуге шектеулердің күшіне енуі және басқа да кедергілердің болуы мүмкін.
Егер де дивиденд инвестицияны алғанға дейін алынса, онда ол капиталды қайтарған болып саналады және инвестордың балансы сол сомаға азаяды.
Енді біз жоғарыда келтірілген мысалға қайтып ораламыз. Келесі жылдың (яғни екінші жылдың) наурызында "Темір" ААҚ - 35 теңгеге, ал "Цемент" ААҚ 5 теңгеге өз акцияларын сатқан.
Енді осы бойынша шоттар корреспонденциясын жасап көрейік.
Занды тұлғалардан, онда қалыптасқан бағасы бойынша акцияларға сатып алынды:
-Темір ААҚ - 33% айналыстағы акциясы
- Цемент ААҚ - 28% айналыстағы акциясы
311
46
37
186667
332
332
724
142
Келесі жылдың наурызында сатылған инвестиция көрініс табады:
-инвестицияның баланстық құнының сомасына,
-инвестицияны сатқан кездегі, оның келісімшарттық құнына.
752
85
332
332
142
723
Тәуелді шаруашылық серіктестік деген анықтамаға сәйкес келмеген күннен бастап, инвестициялар ұзақ мерзімді инвестицияны есептейтін есепке алу саясатына сәйкес есептелінеді.
Еншілес шаруашылық серіктестіктің инвестициясының есебі. Еншілес шаруашылық серіктестік - негізгі серіктестіктің бақылауында болатын серіктестік. Бұндай бақылау қаржыландыратын объектінің 50% астам акциясын тікелей немесе жанама емденсе жүзеге асуы мүмкін. Еншілес серіктестіктің көрсеткіштері негізгі серіктестіктің қаржылық есеп беруінде, біріктірілген (консолидалынған) есеп беруінде көрсетіледі, бірақ онда қабылданған есептік саясаты ескеріледі, сондықтан олар мына екі әдістің бірін пайдалануы мүмкін:
үлестік қатысу әдісі;
ұзақ мерзімді инвестицияны есептеу әдісі.
Негізгі серіктестік өзінің еншілес серіктестігіне инвестициясын бөліп, біріктірілген (консолидалынған) қаржылық есеп беруін жасайды, ол кезде барлық жергілікті және шетелдік еншілес серіктестіктерді өзіне енгізеді, тек ондағы мына жағдайларды қоспағанда:
егер де еншілес серіктестік жақын келешекте сату мақсатында алынған болса, онда олар оның уақытша бақылауында;
егер де еншілес серіктестік ұзақ мерзімді қатаң шектелген жағдайында әрекет ететін болса, бірақ бұл соңғы жағдай негізгі серіктестіктің қаражатын қайтару қабілетін төмендетеді.
Негізгі серіктестіктің біріктірілген (консолидалынған) есебіне енбей қалған жағдайда қаржылық инвестициясының есебі бойынша ескріледі (8- БЕС) .
- Бірлесіп бақыланатын шаруашылық серіктестіктің инвестициясының есебі.
Бірлесіп бақыланатын шаруашылық, серіктестіктің инвестицияны жүзеге асыруы - бірлесіп жасайтын қызметтің бір нысаны, онда бірлескен бақылау қызметін бекіткен кезде әрбір қатысушы шаруашылық серіктестікте өзінің қатысу үлесі бойынша топшылаған келісім-шартын жасайды.
Бірлесіп бақыланатын занды тұлғалар активтерді бірігіп алады, жасалған шығындарды таниды және алынған табысты анықтайды. Олардың әрқайсысы өз атынан мәміле жасай алады, ез қызметін қаржыландыру үшін капиталдарды тарта алады. Бұл кезде бірлескен қызметке қатысушылардың әрқайсысы қызмет нәтижесінде алынған олжадан өз үлесін алуға құқылы. Бірлесіп бақыланатын заңды тұлға басқа да бірлескен қызметтерді келесі нысанда жүзеге асыруына болады:
-бірлесіп бақылайтын өндіріс;
-бірлесіп бақылайтын активтер.
Бірлесіп бақылайтын өндіріс - занды тұлғаны құрмай тұрын, қатысушылар өздерінің жалпы шаруашылық мақсатына жету үшін активтерді пайдалануын топшылайды.
Әрбір қатысушы бірлесіп бақыланатын өндіріс бойынша өзіне тиесілі шығындарын алады және олар алдын-ала өнімді сатудан алынған табысты таратудың тәсілін қарастырып қояды. Осы процесстің барысында пайдаланған негізгі құралдардың, тауарлы-материалдық запастардың және т. б. активтердің құнын, әр қатысушы өз балансыңца ескереді.
Бірлесіп бақылайтын активтер - жалпы мақсат үшін алынған немесе салынған активтерді қатысушынар бірлесіп иелік етуді топшылайды. Бұл арада олардың негізгі қызметі үшін салынған активті барлық қатысушылар тендей пайдаланады. Әрбір қатысушының табысы олардың кәсіпорын экономикасына қосқан үлесі арқылы анықталады. Әрбір қатысушы өзінің қосқан үлесін басқа қатысушыларға сатуға, тегін беруге құқылы.
Төменде еншілес, тәуелді және бірлесіп бақынанатын серіктестіктерге салынған инвестициялар бойынша шоттар корреспонденциясы келтірілген.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz