Қылмыскердің жеке тұлғасы туралы



Кіріспе 2
Қылмыскердің жеке тұлғасы 3
Қорытынды ... ... ... ... .13
Қолданылған әдебиеттер 14
Кез келген әрекеттің түрі, оның ішінде қылмыстық әрекет, көбінесе, қыл-мыскердің психологиялық ерекшеліктерімен түсіндіріледі. Қыл¬мыстық іс жүргізу заңы заттай дәлелді, айып¬талу¬шының жауапкершілігінің мәні мен дәрежесін айқындауды та¬лап етеді. Дегенмен, осы күнге дейін тәжірибеде айыпталушы тұлғасын сипаттайтын жағдайлар жетерліктей толық дәрежеде анықталмаған. Сон¬¬дықтан қылмыскер тұлғасының айрықша белгілерін айқындау криминологияның маңызды міндеті болып табылады.
Қылмыскер тұлғасын қылмыстық құқық, қылмыстық іс жүргізу құқығы, кримино¬логия мен криминалистика салалары да жан-жақты зерттейді. Қазіргі уақытта криминологиялық зерттеулерде қылмыскер тұл¬ғасының басты орындардың бірін алатыны шүбәсіз. Қылмыскер тұлғасын зерттеуде әлеуметтанулық аспект басым екенін бай¬қаймыз. Бірақ, тек әлеуметтанулық әдістер арқылы қылмыстық мінез-құлықты түсіндіруге болмайды; бірақ онсыз алдын алудың тиімді шараларын ұсыну мүмкін емес. Қылмыскер тұлғасы фило¬софиялық, әлеуметтанулық, психологиялық, этикалық және т.б. пәндердің аралық объектісі болуға тиіс.
Қылмыскер тұлғасының ерекшелігі мен мәнін ашуға және қылмыстық мінез-құлықты түсіндіруге көмек беретін барша ғылымдардың арасында криминологияның маңызы ерекше Ол қылмыскер тұлғасын түсіндіруге, оның қалыптасу проблемасын зерттеуге үлкен мән береді. Өйткені, тек осы мәселені шешу арқылы ғана адамның қылмыстық жолға не себепті түсетінін анықтай аламыз.
Криминалдық зерттеу барысында жеке тұлғаның әлеуметтік ортамен өзара қарым-қатынасын талдаудың маңызы зор, себебі қылмыстық әрекет жеке тұлғадан немесе оны қоршаған ортадан емес, олардың қарым-қатынасынан туындайды. Әлеуметтік орта¬ның қыл¬мыстық мінезге әсері күрделі болып табылады. Басқаша айтқанда, қоғам өмірінің әлеуметтік-экономикалық, саяси және мәдени аспектілері қылмыстық мінез-құлықтың қалыптасуына сырттай әсер еткенде қылмыскердің психологиялық ерек-шеліктері, оның ішкі мазмұны қалыптасады.

Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 13 бет
Таңдаулыға:   
ЖОСПАР

Кіріспе 2
Қылмыскердің жеке тұлғасы 3
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .13
Қолданылған әдебиеттер 14

Кіріспе

Кез келген әрекеттің түрі, оның ішінде қылмыстық әрекет, көбінесе,
қылмыскердің психологиялық ерекшеліктерімен түсіндіріледі. Қылмыстық іс
жүргізу заңы заттай дәлелді, айыпталушының жауапкершілігінің мәні мен
дәрежесін айқындауды талап етеді. Дегенмен, осы күнге дейін тәжірибеде
айыпталушы тұлғасын сипаттайтын жағдайлар жетерліктей толық дәрежеде
анықталмаған. Сондықтан қылмыскер тұлғасының айрықша белгілерін айқындау
криминологияның маңызды міндеті болып табылады.
Қылмыскер тұлғасын қылмыстық құқық, қылмыстық іс жүргізу құқығы,
криминология мен криминалистика салалары да жан-жақты зерттейді. Қазіргі
уақытта криминологиялық зерттеулерде қылмыскер тұлғасының басты орындардың
бірін алатыны шүбәсіз. Қылмыскер тұлғасын зерттеуде әлеуметтанулық аспект
басым екенін байқаймыз. Бірақ, тек әлеуметтанулық әдістер арқылы қылмыстық
мінез-құлықты түсіндіруге болмайды; бірақ онсыз алдын алудың тиімді
шараларын ұсыну мүмкін емес. Қылмыскер тұлғасы философиялық,
әлеуметтанулық, психологиялық, этикалық және т.б. пәндердің аралық
объектісі болуға тиіс.
Қылмыскер тұлғасының ерекшелігі мен мәнін ашуға және қылмыстық мінез-
құлықты түсіндіруге көмек беретін барша ғылымдардың арасында
криминологияның маңызы ерекше Ол қылмыскер тұлғасын түсіндіруге, оның
қалыптасу проблемасын зерттеуге үлкен мән береді. Өйткені, тек осы мәселені
шешу арқылы ғана адамның қылмыстық жолға не себепті түсетінін анықтай
аламыз.
Криминалдық зерттеу барысында жеке тұлғаның әлеуметтік ортамен өзара
қарым-қатынасын талдаудың маңызы зор, себебі қылмыстық әрекет жеке тұлғадан
немесе оны қоршаған ортадан емес, олардың қарым-қатынасынан туындайды.
Әлеуметтік ортаның қылмыстық мінезге әсері күрделі болып табылады. Басқаша
айтқанда, қоғам өмірінің әлеуметтік-экономикалық, саяси және мәдени
аспектілері қылмыстық мінез-құлықтың қалыптасуына сырттай әсер еткенде
қылмыскердің психологиялық ерекшеліктері, оның ішкі мазмұны қалыптасады.
Қылмыскер өзара қарым-қатынастың белсенді қатысушысы болғандықтан
криминология үшін аса маңызды тұлға болып табылады. Оның іс-әрекеті саналы
түрде жасалынады. Әлеуметтік жағдайдағы қылмыстық әрекеттердің өзара
байланыстары өте күрделі, олар қылмыскер тұлғасы арқылы іске асып,
қылмыстан көрініс табады. Мұндай заңға қайшы қылмыстылықтар тұлғаның
болмысында тұрақты із қалдырады, оның мінез-құлқына ерекше сипат береді.
Сонымен, қылмыскердің басқа адамдардан айырмашылығы неде деген сұрақ
туындайды.

Қылмыскердің жеке тұлғасы

Қылмыскер мен заңға бағынушы адамдардың болмысын зерттейтін салыстырмалы
психология мен әлеуметтану мынадай қорытынды жасаған: қылмыскер –
үрейленуі, өзіне сенімсіздігі, импульсивтілігі мен агрессивтілігі жоғарғы
деңгейдегі, қоғамдық құндылықтар мен тиімді қатынастардан шеттеген тұлға.
Ол заң және адамгершілік нормаларының талаптарын дұрыс меңгермеген, қоғам
мен оның құндылықтарынан, шағын әлеуметтік топтардан (отбасы, жұмыс ұжымы
және т.б.) сырт айналған, адам, оның әлеуметтік пайдалы бейімділігі төмен,
сол себептен шағын топтарда бейімделіп кету ол үшін аса қиындық тудырады.
Қылмыс көбінесе тек қылмыстық істердің жиынтығы ғана емес, соларды жасаған
адамдардың да жиынтығы. Әрине, қылмыстылықтың құрылымын зерттеген кезде
қылмыстық факторларды ғана емес, қылмыскерлерді де талдап қарастырады.
Қылмыстылықты әлеуметтік ортаның тұлғамен өзара байланысының шеңберінде
қарастырған жөн.
Айтылған белгілер қоғамға қарсы көзқарас және бағыт ұстанған қылмыскерді
қылмыскер емес тұлғадан айырады, ал олардың қабысуы белгілі бір тұлғаның
қылмыс жасауының тікелей себебі болып табылады. Олар дара болмыс көлемінде,
және биологиялық шартты ерекшеліктер негізінде пайда болады.
Қылмыстылықты зерттеген кезде екі амал қолданылады: әлеуметтік-
типологиялық және әлеуметтік-рөлдік. Бірінші амалда, ең алдымен, тұлғаның
әлеуметтік позициясы, соған сәйкес келетін әлеуметтік нормалары, оларды
қабылдауы мен орындауы зерттеледі. Яғни, әлеуметтік ықпалдардың объектісі
ретінде тұлғаның мінез-құлқының әлеуметтік себептелгендігіне басты назар
аударылады. Екінші амалда тұлға қоғамдық қатынастардың субъектісі, белсенді
қатысушысы ретінде қарастырылады. Әлеметтік-рөлдік амал адамға
криминогендік жағдай тудыратын факторларды айқындауға мүмкіндік береді. Бұл
факторлар тұлғаға құқыққа қайшы келетін міндеттер жүктейді, ал ол
міндеттерді адам тек құқыққа қарсы әрекеттерді жасағанда ғана атқара алады
(қарақшылықпен шабуыл жасау, тонау, адам өлтіру, зорлау немесе денеге зақым
келтіру қылмыстарында).
Қылмыскер тұлғасы келеңсіз қоғамдық құбылыстар мен процестердің даралық
нысанының көрінісі. Негізгі ереже – адам қылмыскер болып тумайды, ол өзінің
өмір жолындағы келеңсіз жағдайлардың себебінен қылмыскер болып қалыптасады.
Дегенмен, қылмыстық мінез әрдайым бұл ереже негізінде қалыптаспайды.
Қалыптасқан келеңсіз жағдайлар адамның ішкі рухани дүниесін, тұлғаның
психологиясын жаулап алып, адамға ықпал ететін қоздырғыштан өзінің
психологиялық табиғатына сай келетін факторларды таңдап, меңгереді. Әрбір
жеке адам өзін тұлға ретінде қалыптастырған қарым-қатынастардың ғана емес,
сонымен қатар өзінің жеке дамуы мен санасының жемісі болып табылады.
Объективті белгісіне қарай қоғамдық жағдайды адамдар әртүрлі қабылдап
бағалайды, ол әртүрлі әрекетті жасауға себеп болады. Демек, адамның әртүрлі
әлеуметтік құндылықтар мен өмір шындығына, нормалар мен институттарға,
өзіне және өз міндеттеріне, әртүрлі қоғамдар мен топтарға деген
позицияларының жүйесі тұлғаның сыртқы және ішкі ерекшеліктерімен
байланысты. Осы себептерден қылмыскердің болмысын әлеуметтендіруге және
психологияландыруға болмайды. Біріншісі - тұлға мінезінің қалыптасуына
ортаның тигізетін әсерінің өсуін, субъективті факторларды, психиологиялық
қасиеттерді, жағдайлар мен процестерді есепке алмай тұлғаны оның әлеуметтік
рольдері мен міндеттеріне бейімдеу, қоғамдық қарым-қатынастар жүйесіндегі
оның орны ретінде қарастырылады. Екіншісі – туындаған мәселенің тек
психологиялық факторларын ескеріп, олар қалыптасқан әлеуметтік орта мен
олар дамыған және әрекет жасаған жағдайларды есепке алмау. Криминология
әлеуметтік және психологиялық жағдайлардың түйісуінен және олардың бір-
бірімен байланысынан бастау алу керек.
Криминалогияның негізгі мәселелерінің бірі – ішкі тұлғалық себептерді
айқындау. Бұл себептер тұлғаның мотивтік өрісі ретінде сыртқы ортаның
қандай да бір факторларымен байланысып, тұлғаға криминогендік жағдай
тудыруы мүмкін. Яғни, қылмыс жасаған адамның бойынан өзіндік ерекшеліктерді
іздестіру қажет. Бұл дегеніміз – бір қылмыскерді екіншісінен айыратын, жеке
аспектіде тек осы жеке адамды ғана сипаттайтын ерекше, дара, қайталанбайтын
белгілер немесе қасиеттер. Қылмыскер тұлғасының маңыздылығы – оның қоғамға
қайшы әрекеттерінің ішкі алғышарты болып табылатын өзінің психикалық
құрылымы мен құқықтық маңызды мінез-құлқының ерекшелігінде. Қылмыскер
тұлғасын зерттеудегі мақсат – қылмыстық жауапкершілік қарастырылған
қылықтарды оның жасауының субъективті қажеттілігі мен мүмкіндігін
белгілейтін психологиялық қасиеттердің жиынтығын айқындау. Осыған
байланысты бірқатар сұрақтар пайда болып отыр: қылмысты жасауға тұлғаның
психологиясында не себеп болды? тұлғаның қандай психологиялық
ерекшеліктерінің негізінде адам қылмыс жасады? адамды қылмыс жасауға
итермелеген қандай да бір келеңсіз жағдай ма, әлде оның өзінің жеке ниеті
ме?
Қылмыскер тұлғасының криминогендік ерекшеліктерін қарастыру үшін тұлғаның
психологиялық, ішкі негізін құрайтын психикалық қасиеттерінің қылмыстық
мінез-құлықтың қалыптасуындағы рөлін түсіну керек, егер ол ерікті іс-
әрекетке қабілеті бар адамның өз ынтасымен болмаса, онда ешқандай сыртқы
жағдайлар құқыққа қайшы әрекеттің тікелей себебі бола алмайды. Әрбір адам
өзінің дамуы мен тәрбие алу кезеңдерінде өзінің қажеттіліктері мен
мақсаттарына жету үшін басқа адамдармен бірігуге ұмтылады. Бұл
бірлестіктерде адам белгілі бір позицияны, оның ішінде тәуелді және
бағыныңқы позицияларды алады. Бірақ заңға бағынушы адамдардың
қылмыскерлерден айырмашылығы сол, ондай адам жағдай ұнамсыз бола
бастағаннан топтан, көңіл қанағаттандырмайтын байланыстан шығып кетеді
немесе мұндай жағдайларға деген ішкі позициясын өзгертуге тырысады.
Субъектінің белгілі бір әрекет жасауы сыртқы жағдаймен байланысты
(объективті фактор) және субъектінің мақсаттарыда көзделеді, олардың біреуі
сана деңгейінде пиғылға айналады (субъективті фактор). Ондай мақсаттар
субъектінің өткен өмірлік тәжірибесінен жинақталады, ол тәрбиенің,
отбасының, белгілі бір әлеуметтік топтың ықпалының нәтижесі болып табылады.

Халықтың төлем қабілетінің төмендігі жеке адамның сұранымының
қанағаттандырылмауы қылмыс жасаудағы басты себептердің бірі болып тұр.
Бүгінгі күнгі материалдық-тауар құндылықтары мен қызметке деген сұраныс
және оларды іске асырудың мүмкіншілігі арасындағы айырмашылық әлеуметтік
келеңсіз зардаптарға әкеліп соғатыны бәрімізге мәлім. Бұл жерде қылмыстық
мінездің қалыптасуының кем дегенде екі жолын қарастырамыз. Тұтыну заттары
мен қызметтің тапшылығы халықтың психологиясына әсер етіп негативті
әлеуметтік жағдай қалыптастырады, осының барлығы халықтың қылмыстық
белсенділігін тудырады. Қызмет көрсетудің жетіспеушілігі зорлық-зомбылық
қылмысқа әсер етеді: тұрмыстық қызметтің нашар дамуы адамдар арасындағы
қатынастың қиындауына, әлеуметтік-психологиялық қақтығыстарға әкеледі.
Тұрмыстық қызметтің даму деңгейі төмен аймақтарда өткізілген зерттеулердің
нәтижесі көрсетіп отырғандай бұл саладағы қақтығыстар көбейіп кеткен.
Зорлық көрсететін қылмыскердің болмысы, әдетте, негізгі тәрбиелеу
жұмыстарының нашарлығын бейнелейтін әлеуметтендірудің төмен деңгейімен
түсіндіріледі. Мұндай тұлғаның мотивтік дәлеліне оның басшылық өкілдерімен
тұрақты қақтығысы, эгоцентризм, өзін-өзі ақтауы жатады. Алкоголь мен
есірткі қылмысты жандандыратын катализатор рөлін атқарады.
Қылмыстық ойдың пайда болу тетігін айқындау барысында қылмыстың жалпы
заңдылықтарын қылмыскер тұлғасын терең зерттеумен ұштастыруды қажет.
Тұлғаның тұрмыстық ортамен қарым-қатынастық құрылымын зерттеу оның мүшесі
болып табылатын әлеуметтік топтардың психологиясын білу, қоғам мен жеке
тұлғаның өзіндік және қоғамдық санасының байланыстарын анықтау үшін керек.
Көп жағдайларда адамның мінез-құлқы қоршаған ортаның нормаларымен
байланысты.
Қылмысты тұлғаның қоршаған әлеуметтік ортамен арадағы қарым-қатынастық
нормадан ауытқуы деп қарастыруға болады. Зорлық-зомбылық көрсету қылмысын
жасаудың себебі – әлеуметтік ортамен дұрыс қарым-қатынастың бұзылуы, күрт
шиеленіскен жағдайға алып келеді. Дау-жанжалдар туады және топтасқан
бұзақылық әрекеттер мен жаппай тәртіпсіздік оқиғасы жиі болып тұрады
(даулардың мұндай түрі психикасы тұрақсыз, құқықтық санасы, жалпы мәдениет
деңгейі төмен, тез қозатын, конформизмге бейім топтағы тұлғаларға тән. Жеке
адамның бұзақылық әрекеті эмоциялық белгі ретінде басқаларға үлгі болуы
мүмкін).
Криминология кісі өлтірген қылмыскердің басқа адамнан қатты тәуелді
екенін көрсетіп отыр. Мұндай қылмыскерлердің өмір жағдайына еркін
бейімделуі оңай мәселе емес. Кісі өлтіргені үшін сотталған адамдарды
зерттегенде олардың жартысы жастайынан ішімдік пен есірткі қабылдаған болып
шыққан. Олар жоғары агрессиялық күйді неше қайтара басынан өткерген.
Агрессивтік әрекет көбінесе қорқыту, ұрып-соғу, төбелесу арқылы жасалады,
ондай әрекет жеке тұлға мен қоғамдық тәртіпке қарсы бағытталады. Егер
қылмыскердің басым көпшілігі ерлер десек, олардың құрбандарының жартысынан
көбі – әйелдер. Үштен бір жағдайда қылмыскер мен оның құрбаны бірін бірі
танымайды немесе қылмыстың алдында ғана танысқан болып шығады. Олардың 30%
- туыстар, оның ішінде 8,6 % – ерлі-зайыптылар, қалғандары – таныстар,
туысқандар немесе көршілер. Көбінесе адам өлтіру қылмысы 20 мен 30 жастың
арасында жасалады.
Ерекше ауыр қылмыс жасап, сотталған топтың барлық мүшелерінің
жануарларға, балаларға, қарияларға, әйелдерге деген қатыгездік танытқаны,
ал бала кездегі агрессивтік қылық кейін есейе келе заңға қайшы және
қылмыстық әрекетке ұласқаны байқалады. Зерттелгендердің үштен бірі алғаш
рет 16-17 жасында сотталған. Қатыгездікпен адам өлтіріп сотталған 500
адамның ішінде 380-і сот-психиатриялық тексеруден өткен. 180 жағдайда
тексеруден өткен 180 адамның екісінің бірінде әртүрлі аномалиялар, сананы
құрсаулаған алкоголизм, есірткі пайдалану, психопатия, мидың органикалық
аурулары, шизофрения және т.б. байқалды.
Айыпталушының тұлғасын терең және толық зерттеу бірнеше өзекті
мәселелерді шешуге көмек береді:
1) жасалған қылмысты дұрыс саралау;
2) тергеу жұмыстарын жүргізу, әсіресе айыпталушыдан жауап алу кезінде
ауқымды көмек көрсететін тактикалық жолды таңдау;
3) қайта әлеуметтендіру мақсатында тұлғаға тәрбиелік ықпал жасау алғашқы
тергеуден басталып, тергеуші мен судьяның айыпталушының жеке ерекшеліктері
мен мінез-құлық динамикасын тереңінен тануына негізделуі керек.
Тергеуші айыпталушының жеке басының психологиялық ерекшеліктерін
зерттегенде қылмыстың себебі мен жағдайын анықтайды, оған байланысты барлық
мән-жайды жан-жақты қарастырады.
Криминологияда қылмыскер тұлғасын зерттеу бағдарламасы ерекше орын
алады. Бағдарламада мынадай факторлар қамтылады:
1) әлеуметтік-демографиялық. Бұған: жынысы, жасы, білімі, әлеуметтік
орны, мамандығы, рольдік шкала және т.б. жатады;
2) әлеуметтік-психологиялық. Бұған: интеллектуалдық, еріктік,
адамгершілік қасиеттер, мінездік белгілер және т.б кіреді;
3) психофизиологиялық. Бұған: темперамент, күш, жүйке жүйесіндегі
ерекшеліктер және тұлғаның патологиялық ауытқулары жатады.
Қылмыскер тұлғасын қарастырған кезде, мынадай ережелерді ескерген жөн:
1) заң бұзушының тұлғасы күрделі иерархиялық жүйе ретінде қарастырылуы
керек;
2) заң бұзушының тұлғасын оның іс-әрекетінен, оның әлеуметтік ортамен
қарым-қатынасынан танып білуге болады;
3) тұлғамен және оның іс-әрекетімен қоса индивидті қоршаған орта, оның
ішінде әлеуметтік микроорта зерттеудің міндетті элементі болып табылады.
Айыпталушының, кейіннен сотталушының болмысын психологиялық тұрғыда
зерттеу оның әрекеттері, эмоционалды-ерік өрістері, қасиеттері, ақыл-ой
әрекетінің жекелік ерекшеліктері негізінде қаланған оның ішкі әлемін,
сұраныстарын, талпыныстарын зерттеуді талап етеді. Қылмыстық процесс
шеңберінде сотталушының барлық психикалық ерекшеліктері қарастырылмайтыны,
тек қылмыстық іске тікелей қатысы бар ерекшеліктері ғана зерттелетінін айта
кеткен жөн. Айыпталушының психикалық ерекшеліктерін зерттеу қылмысты
зерттеудің құрамдас бөлігі ғана болып қалады.
Қоғамға қайшы мінез-құлықтың субъектісі ретінде қылмыскер тұлғасының
психологиясын ашу, оның психологиялық қасиеттерін талдау кешенді амалды
талап етеді. Бұл амал “тұлғаның қандай психологиялық қасиеттері қылмыстық
мінез-құлықтың пайда болуында қандай роль атқарады” деген ғылыми
дәлелденген қорытындыға сүйену керек, яғни, криминогендік тұлғаның мәнін
көрсететін қылмыскер тұлғасының психолгиялық құрылымының үлгісін құрастыру
қажет.1
Қылмыскер тұлғасының психологиялық құрылымына мыналар жатады: қажеттілік-
себептік факторлардың ерекшеліктері (қажеттіліктер, мүдделер, тұрақты
ниеттер және т.б.), мәндік-нормативтік жағдай (көзқарас, сенім, құндылық
бағдар, талаптар және т.б.); ақыл-ой ерекшеліктері (ақылының даму деңгейі,
ойлауының ерекшеліктері және т.б.); тәжірибесі (білімі, қабілеті, дағды-
әдеттері және т.б.); эмоционалдық қасиеттер, ерік, темперамент.
Тұлғаның ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қылмыскердің тұлғасының ұғымы және қылмыстық мінез – құлықтың ерекшеліктері
Қылмыскер тұлғасының ұғымы
Билiктi немесе қызмет өкiлеттi асыра пайдалану
Қылмыскердің жеке тұлғасы
Қылмыс субьектісі мен қылмыскер тұлғасы категорияларының арақатынасы және қылмыскер тұлғасы типологиясының мәселелері
Пайдакүнем қылмыскер тұлғасының криминологиялық сипаттамасы
Қылмыскердің әлеуметтік позицияларын және әректің зерделеу
«Криминология» пәнінен дәрістер
Кәсіпкерлік аясындағы қылмыстар
Зорлау қылмыстарын тергеу
Пәндер