Қылмыс ұғымы


Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 52 бет
Таңдаулыға:   

Кіріспе

Қылмыс ұғымы

Көптеген батыс еуропа елдерінің қылмыстық құқықтарында, қылмыстың формальді анықтамаларынв түсінік беруі орын аяса, отанымыздың қылмыстық құқықтарына тән, қылмыстық заңда, жазалау қатерімеч тыйым салынған мате-риалды-формальді анықтамадағы әрекет дәстүрлі түрде орын алғандығы белгілі.

Егер қылмыстың түсінігі формальді анықтамаға түсінік бере отырып қол сұғу-шылықтың құқыққа қарсы формальді белгілеріне сілтеме жасаса, ал материалды анықтамада формальді белгілерімен міндетті түрде бірге материалды - қоғамға қауіптіліқ әрекет немесе әрекетсіздік болып табылады.

Қылмыстың түсінігі Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексі 9-бабында берілген. Осы кодексте жазалау қатерімен тыйым салынған айыпты қоғамдық қауіпті әрекет (іс-әрекет немесе әрекетсіздік) қылмыс деп танылады.

Берілген анықтамаға сәйкес, қылмыс міндетті белгілерімен сипатталынады. Бұлар - қоғамға қауіптілік оның құқыққа қайшылығы, кінәлілік және жазалылық. Тек қана осы көрсетілген белгілердің жиынтығының болуымен ғана байланысты қол сұғушылық қылмыс болып табылуы мүмкін.

Қылмыстың бірінші белгісі - оның қоғамға қауіптілігі. Қоғамға қауіптілік - қылмыстың заңмен қорғалған қоғамдық қарым-қатынасқа нақты қауіптілікті тудыратын немесе зиянын тигізетін қылмыстың объективті белгісі (әрекет немесе әрекетсіздігі) .

Қоғамға қауіптілік қылмыстың нақты түрдегі сапалық белгісі болып табылады, яғни заң атқарушы тек осы қоғамға қауіптіліктің белгілерін аныңтаумен ғана байланысты әрекет немесе әрекетсіздіктің қылмыс қатарына жатқызуға болатындығын дәлелдеп көрсетеді. Қоғамға қауіптілік іс-әрекеттің қоғамдың қатынастарға зиян келтіруін немесе зиян келтіру қаупін туғызуы белгілерімен сипатталынады. Заң атқарушы, егер қол сұғушылыққа тыйым салуды міндетті түрде деп таба отырып, қауіп туғызған нақты әрекет немесе әрекетсіздікті әрқашан да қылмыс қатарына жатқыза бермейді.

ҚК 9-бабы екінші бөлігіне сәйкес «Осы кодекстің белгілері формальді болса да бар, бірақ елеулі маңызы болмағандықтан қоғамдық қауіпті емес, яғни жеке адамға, қоғамға немесе мемлекетке зиян келтірмеген және зиян келтіру қаупін туғызбаған іс-әрекет немесе әрекетсіздік қылмыс болып табылмайды».

Қылмыстың міндетті белгілерінің бірі болын құқыққа қайшылық - яғни қылмыстық заңмен тыйым салынған іс-әрекет немесе әрекетсіздік болып табылады. Қылмыстың формальді және материалды белгілері бір-бірімен тығыз байланыста болады. Адамның қылмыстық құқылық норма бойынша тыйым салған іс-әрекеттерді істеуін құқыққа қайшы деп табуға болады. Құқыққа қайшылық - қылмыстың формальді белгісі. Қылмыстық құқыққа қаншылықтың міндетті белгісі болып осы заңда көрсетілген іс-әрекетті істеген жаудайда нақты нормада көрсетілген қылмыстық құқықтық санкция белгілеген жазаның белгіді бір түрінің тағайындалуы болып табылады. Қылмыстың болуы туралы сөз тек қана, егер қылмыстық заңмен тыйым салынған әрекет бұзылса ғана болуы керек. Мысалы, Қазақстан Республикасы территориясында шетел валютасымен мәміле жасауға, валютаны қадағалау заңымен тыйым салынған, бірақ мұндан әрекет Кылмыстық кодексте қарастырылмаған. Сондықтан бұл қылмыс болып табылмайды. Заң шығарушы қылмыстың формальді белгісінің өсуіне байланысты қазіргі кезеңде ҚҚ9-бабы бірінші бөлігіне конституция нормасын енгізген (Конституцияның 77-бабы, 3-бөлігі 10-тармағы) қылмыстық заңды ұқсастығы бойынша қолдануға жол берілмейтіндігі. Басқаша айтқанда конституцнялық деңгейде белгіленген қағида заңда белгіленіп көрсетілмесе қылмыс жоқ.

Қылмыстың тағы бір міндетті белгісі - қылмыстық жазаланушылық болып табылады. Қылмыстың өзі қылмыстық заң жазамен тыйым салу әрекет немесе әрекетсіздік. Яғни жазалау қатерімен тыйым салу қылмыстың белгісі болады. Адам нақты бір қоғамға қауіпті әрекеті үшін қылмыстық жазаға тартылуы тиіс. Кейбір жағдайларда жазалау қатерімен тыйым салынған қылмыстық жазалау іске аспай қалуы да мүмкін. (Ескіру мерзімінің өтуіне байланысты қылмыстьгқ жауаптылықтан босату, рақымшылық ету т. б. ) бірақ бұл жағдайлардан жасалған әрекет қылмыс екендігін жоғалтпайды.

Негізгі бөлім

Қылмыс сипаттары

Қылмыс санаттары негіздеріне әр түрлі критерийлер жатқызылуы мүмкін. Біріншіден, қылмыс объектісі. Қылмыстық кодекстің Ерекше бөлімі қылмыс объектілеріне қатысты, қылмыстың қоғамға қауіптілігі мен бір немесе сол объектінің тегіне байланысты, маңыздылығына қарай (жеке адамға қарсы қылмыстар, отбасына және кәмелетке толмағандарға қарсы қылмыстар т. б. ) топталған. Санаттаудың маңыздылығы сол, нақты қол сұғушылықтың әлеуметтік-саяси мәнін дұрыс анықтауға мүмкіндік береді.

Қылмысты санаттаудың екінші критериі болып кінәнің нысаны болып табылады. Барлық қылмыстық әрекеттер жасалуына қарай қасақаналық және абайсыздық болып бөлінеді. Қылмысты қасақана немесе абайсыздықтың қатарына жатқызу заңды салдарға: қоғамға қауіптіліктің сипаты мен дәрежесін анықтауға ерекше маңыздылығын тигізеді (абайсызда жасалынған қылмыстар ауыр немесе аса ауыр деп табылуы мүмкін емес, қылмыстың қайталануы қасақана жасалған қылмыстарға тән, кінәнің қасақана нысандары қылмысқа дайындалу және қылмысқа оқталуда орын алады), жазалау (қасақана қылмыстар ережедегідей неғұрлым қатаң жазаланылады. Кейбір жағдайда қылмыс санаттарына қылмыстық ниет жатады, мысалы пайдақорлық (мүлікті тәркілеу Қылмыстық кодексте көзделген пайдақорлық мақсатта жасалынған қылмыстар үшін тағайындалуы мүмкін) .

3. Үшіншіден, қылмыс санаттарының негізін қоғамға қауіптілік сипаты мен дәрежесі құрайды. Осы критерийлер бойынша қылмысты санатқа бөлуді ҚК 10-бабында орын алған.

4. Барлық ҚК Ерекше бөлімінде көзделген әрекеттер сипатына және қоғамдық қауіптілік дәрежесіне қарай онша ауыр емес қылмыстарға, ауырлығы орташа қылмыстарға, ауыр қылмыстарға және ерекше ауыр қылмыстарға бөлінеді. Жасалғаны үшін осы кодексте көзделген, ең ауыр жаза екі жылға бас бостандығынан айырудан аспайтын қасақана жасалған әрекет, сондай-ақ жасалғаны үшін оғы кодексте көзделген ең ауыр жаза бес жылға бас бостандығынан айырудан аспайтын абайсызда жасалған әрекет онша ауыр емес қылмыс деп танылады.

Жасалғаны үшін осы кодексте көзделген ең ауыр жаза он екі жылға бас бостандығынан айырудан аспайтын қасақана жасалған әрекет ауыр қылмыс деп танылады.

Жасалғаны үшін осы кодексте он екі жылдаң астам мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза немесе өлім жазасы көзделген қисақана жасалған әрекет аса ауыр қылмыс деп танылады.

Қылмысты көрсетілген санаттарға бөлу маңызы зор. Қылмыс санаттары қылмыстық жауаптылыққа тарту мәселелерін, қылмысты дәрежелеуге, қылмыстық жауаптылықтан немесе жазадан босатуды, жаза тағайындауды дұрыс шешуге септігін тигізеді.

8. Онша ауыр емес қылмыстарға оқталғандық үшін қылмыстық ретгілік бой-ынша қылмыстық қудалау жоқ. Бірінші рет онша ауыр емес қылмыстар жасалғандық болса, қылмыстық жауаптылық пен жазаны жеңілдететін мән жайлар болып табылады. Қылмыстың жиынтығы бойынша жаза тағайындау кезінде кішігірім ауырлықтағы қылмыс қамтылса, онда түпкілікті жаза жеңілірек қатаң жазаны ауырырақ қатаң жазаға сіңіру жолымен тағайындалынады. Егер шартты түрде сотталған адам сынақ мерзімі ішінде онша ауыр емес қылмыс жасаған жағдайда, шартты түрде сотталудың күшін жою немесе оны сақтау туралы мәселені сот шешеді. Сәйкес шарттар бойынша бірінші рет кішігірім немесе орташа ауырлықтағы қылмыс жасаған адам қылмыстық жауаптылықтан босатылуы мүмкін; егер шын өкінуіне байланысты болса; жәбірленушімен татуласса; жағдайдың өзгеруіне байланысты; ескіру мерзімінің өтуі (кішігірім қылмыс жасағаннан кейін екі жыл) және бес жыл (орташа ауырлықтағы қылмыс жасағаннан кейін) айыптау үкімі оның занды күшіне енген күнінен бастап есептегенде, мынадай мерзімде орындалмаған болса, кішігірім ауырлықтағы қылмысы үшін сотталғанда - үш жыл; орташа ауырлықтағы қылмысы үшін сотталғанда - алты жыл өтсе жазаны өтеуден босатылады. Жазадан шартты түрде - мерзімінен бұрын босату сотталған адамға: мерзімінен бұрын босату сотталған адамға; кішігірім тағайындалған жаза мерзімінің кемінде жартысын өтегеннен кейін қолданылады, кішігірім немесе ауырлығы орташа қылмыс жасағаны үшін бас бостандығын өтеп жүрген адамдарға сот өтелмеген жаза бөлігін жеңілірек жазаның түрімен ауыстыра алады. Кішігірім немесе орташа ауырлықтағы қылмысы үшін бас бостандығынан айыруға сотталған адамдар жөнінде - жазаны өтегеннен кейін үш жыл өтуі бойынша; кәмелетке толмағандарға қатысты бір жылдың өтуі бойынша соттылық жойылады.

Бірінші рет кішігірім немесе орташа ауырлықтағы қылмыс жасағаны үшін сотталған кәмелетке толмаған адам, тәрбиелік әсері бар мәжбүрлеу шараларын қолдану жолымен қол жеткізуге болады деп танылса, сот оны қылмыстық жазадан босатуы мүмкін.

Ауыр қылмыс жасағандық үшін мынандай құқықтық салдарға әкеп соқтырады: қылмыстың қайталануын қауіпті немесе аса қауіпті деп табу; жазаны өтеуден шартты түрде мерзімінен бұрын босату, кемінде үштен екісін нақты өтегеннен кейін қолданылу (кәмелетке толмағандарға қатысты - жазаның кемінде жартысын) ; қылмыстық жауаптылықтан ескіру мерзімінің өтуіне байланысты босату, он жыл өткеннен кейін (кәмелетке толмағандарға қатысты - бес жыл) ; бас бостандығынан аныруға сотталғандарға, жазаны өтегеннен кейін алты жыл өтуі бойынша (кәмелетке толмарандарға қатысты - үш жыл) соттылығы жоқ деп танылады.

Аса ауыр қылмыс жасағаннан кейін, қылмыс қайталануын аса қауіпті деп табу; өлім жазасын немесе өмір бойы бас бостандығынан айыруды қолдану; жаза мерзімінің бір бөлігін, бас бостандығынан айыру жазасын өтеу кезінде түрмеде өтеу; жазаны өтеуден мерзімінен бұрын шартты түрде босату, жаза мерзімінің кемінде төрттен үшін (кәмелетке толмағандарға қатысты - үштен екісін) өтегеннен кейін: айыптау үкімі оның заңды күшіне енген күннен бастап есептегенде, аса ауыр қылмысы үшін сотталғанда - он бес жыл орындалмаған болса қылмыстық жауаптылықтан босату; бас бостандығынан айыруға сотталғандарға жазаны өтегеннен кейін сегіз жыл өтуі бойынша (кәмелетке толмағандарға қатысты - үш жыл) соттылығы жоқ деп танылады: аса ауыр қылмыс жасағаны үшін бас бостандығынан айыру сотталған адамдарға - ерекше режимдегі түзеу колонияларына тағайындалынады.

Қылмыстардың жиынтығы

ҚК-тің 12-бабының бірінші бөлімінде «Осы кодекстің түрлі баптарында немесе баптарының бөліктерінде көзделген, адам солардың бірде-біреуі үшін сотталмаған немесе заңмен белгіленген негіздер бойынша қылмыстық жауаптылықтан босатылмаған екі немесе одан да көп әрекеттерді жасауы» деген анықтама берілген.

Басқаша айтқанда, кінәлі тұлғаның жасаған қоғамдық қауіпті әрекеттерінің жиынтығы кезінде, қылмыстың екі немесе одан да көп құрамдары орын алады. Және де ескерілетін жай - кінәлінің жасаған істері ҚК Ерекше бөлімінің түрлі баптарында немесе бір баптың түрлі бөлімшелері мен пункттерінде қарастырылған қылмыстардың белгілеріне сай болуы керек. Тұлғаның біртекті әрекеттер жасауы, ол әрекеттердің кейбіреулері аяқталған қылмыс, қалғандары қылмыс жасауға даярлану, оқталу немесе бірлесіп қатысу сияқты болып бағаланса да - қылмыстардың жиынтығы болып табылады.

Қылмыстар жиынтығының екі түрі болады: идеалды - (идеальная) және нақты (реальной) .

Кінәлі тұлға өзінің бір ғана әрекеті арқылы, қылмыстық заңның әр түрлі баптары бойынша бараланатын екі немесе одан да көп қылмыс жасаған жағдайда идеалды - жиынтық орын алады. Қылмыстар жиынтығының бұл түрі ҚК-тің 12-бабының екінші бөлімінде тікелей қарастырылған. Идеалды жиынтық әрекеттермен қатар, әрекетсіздіктен де құралуы мүмкін. Идеалды жиынтық үшін кінәлінің жасаған істің бір-ақ рет орын алуының, әлде ол істің әжептәуір ұзақ уақыт аралығында жасалып келгендігінің еш әсері (маңызы) жоқ. Үйдің ішіндегі адамды өлтіру мақсатымен сол үйді өртеп жіберу - идеалды жиынтықтың айқын, нақты үлгісі. Бұл мысалда жалғыз әрекет арқылы бірден екі қылмыс жасалып отыр, яғни бөтен мүлікті қасақана жою немесе бұлдіру (ҚК І 87-бап 2-6өлім), әр кісі өлтіру (ҚК 96-бап) . Бұл жерде, кінэлі адамның үйдін ітіндегі кісіні өлтіру жөніндегі ннетінің болу-болмауы істің айқьшдаутысы болып табылады. Егер де кісі өлтіру жөнінде ниет болмаған жағдайда, бұл іс өзше тиісті жардайларға қарай бір ғана қылмыс ретінде бағаланады, атап айтқанда: бөтен мүлікті қасақана жою немесе бүлдірудің абайсызда адам өліміне әкеліп соқтыруы (ҚК 187-бап 3-бөлім) .

Тұлғаның өзінің әр түрлі әрекеттері арқылы қылмыстық заңның түрлі баптарына (бір баптың бөлімдері мен тармақтарына) сай келетін бірнеше қылмыс жасауы нақты жиынтық деп қарастырылады.

Мысалы, тұлға алдымен ұрлық, сосын қарақшылық шабуыл жасайды. Нақты жиынтықтың идеалды жиынтықтан айырмашылығы - тұлғаның жасаған қылмыстарының арасында уақыт үзілісінің болу-болмауында. Бұл үзіліс тіпті азғантай ғана болып, бір қылмысқа екінші қылмыс ұласып отыруы мүмкін. 3. Қылмыстар жиынтығының идеалды және нақты болып бөлінуінің теориялық қана емес практикалық тұрғыдан да зор маңызы бар.

Біріншіден, нақты жиынтықтың болуы, әдетте, қылмыс жасаған адамның қоғам үшін анағүрлым қауіпті екендігін дәлелдейді. Ал мұның өзі жаза тағайындау кезінде соттың неғұрлым қатал шара қолдануына әкеліп соқтырады, себебі алғашқы қылмыстың жасалуы екінші қылмыс үшін жаза тағайындау кезінде ауырлатушы жағдай ретінде танылуы мүмкін (ҚК 54-бап бірінші бөлім «а» тармағы) . Екіншіден, қылмыстық жауаптылыққа тартудың ескіру мерзімі идеалды және нақты жиынтық кезінде әр түрлі есептеледі.

Үшіншіден, нақты жнынтық заңмен қарастырылатын жағдайларда бірнеше мәрте жасаудың бағалаушы белгілерін құцүрауы мумкін (ҚК 175-бапқа қатысты 3-ескертуді қараңыз) . Ал идеалды жиынтық кезінде бұл жағдай мүлдем болмайды.

Қылмыстың қайталануы

Қайталану - қылмыстың бірнеше мәрте жасалуының бір түрі болып табылады. ҚК-тің 13-бабының бірінші бөліміне сәйкес ол «бұрын қасақана қылмысы үшін соттылығы бар адамның қасақана қылмыс жасауы. ҚК-тің осы бабының төртінші бөліміне сәйкес «Он сегіз жасқа толмаған адамның жасаған қылмысы үшін соттылығы, сондай-ақ осы Кодексте белгіленген тәртіп бойынша алынып тасталған немесе жойылған соттылық, қылмыстың қайталануын тану кезінде ескерілмейді: қылмыстардың қайталануы қылмыскердің қоғам үшін қауіптілігінің жоғары екендігін білдіреді, себебі оған алғашқы қылмысы үшін қолданылған жазаның мақсаты орындалмады. Қылмыстың қайталануының орын алуы кінәлі қылмыстық жауаптылыққа тартылар кезде міндетті түрде ескерілуі тиіс.

2. Казақстан Республикасы Жоғаргы Соты !994 жылгы 27 мамырда қабыл-даған № ! «Соттардың қайталанған қылмыстар туралы қылмьісты істерді қара-стыру тәжірибесі туральп> қаулысында бүрын болған соттьшықтар, бүған дейін тарайындалған және шын мәнінде өтелген жазалар, жазадан босатылу негіздері туралы мәліметтерді жан-жақты және мұқият тексеріп, сонымен қатар, сотғалу-шының жеке басы туралы басқа да деректерді) > анықтап, білу керектігін атап

көрсетті.

3. Жасалатын қылмыстардың снцатына қарай қайталану - жалпы және ар-

найы болып бөлінеді.

Жалпы қайталану - бүрын соттыдығы бар түлғаның кез келген жаңа қылмыс жасауы. Мысалы, алаяқтықұшін сотталған түлга бұзақылық жасауы мүмкін.

ЖалпьІ қайталанудың зандылықтұрғысынан маңыздылыры - оның қылмыстар-дың бағалануына эсерін тигізбесгген, жеке жауаптылықты анықгау мен жаз тағай-ындау кезіңце ескерілуінде (ҚК-тің 54-бабының ! бөлімінің «а» тармағы бонынща жалпы қайталану жауаптылық пен жазаны ауырлатушы жағдай болып табылады) . Егер де қьшмыспың қайталануы бүрынғы жасалған қылмыс үшін жазаны өтеу кезі-нде болса, жаза КК-тің 60-бабымеи үкімдердің жиьпғгығы үшін бекітілген ережепер бойынша тағайындалады. Егер бүрын жасалған қылмыс үшін сотталушы бас бос-тандығынан айыру жазасын өтеген болса, қайта жасаған қылмыс үшін бас бостан-дығынан айыру қатаң режнмдегі түзеу колоннясына тағайындалады.

Соттылығы бар тұлгнның үқсас немесе біртекті жаңадан қылмыс жасауы ар-найы қанталану болып таньмады.

Арнайы қайталанудың заидылық тұргысынан алғандағы маңыздьыығы мы-нада: біріншіден, ол заңмен қарастырылған жағдайларда бағалаушы немесе ерек-

Жалпы бөлім, -. --- _^_

ше бағалаушы жардай болып табылады (ҚК 170-бап 2-бөлім, 175-бап 3-бөлім, т. 6. ) . Екіншіден, жалпы қайталану сияқты, арнайы қайталануды да, сот егер, ол КК-тің

Ерекше бөл^мінде бағалаушы белгі ретінде көрсетілмесе, жауаптылық пен жаза-ны ауырлатушы жағдай ретінде ескереді. Үшіншіден, егер де арнайы қайталану сотталушының бүрын жасаған к^шмыс үшін жазасын өтеу кезінде болса немесе алгашқы қылмыс үшін субъект бас босғандығынан айыру түрінде жазасын өтеген болса, арнайы қайталану да жалпы қанталану сиякуы салдарра әкеліп соқтырады.

4. Қоғамдь[қ ңауттілігінің деңгейі бойынша қайталану қарапайым, цауіпті және өте қауіпті болып бөлінеді.

Қарапайым қайталану - бұл қауіпті және өте қауіпті қайталанудың белгілеріне

сәйкес келмейтін қайталану.

КК-тің 13-бабының екінші бөліміне сәйкес қылмыстық қайталануы төменде-

гідей жағдайларда қауіпті деп таньшады:

а) егер адам бүрын қасақана жасаған қылмысы үшін екІ рет бас бостандыгь!-нан айырура сотталған болса, осы адам қасақана жасаған қылмысы үшін бас бостандығынан айыруға сотталған жардайда;

б) егер адам бүрын ауыр қылмыс жасағаны үшін соттаяған болса, ол ауыр

қылмыс жасаған жардайда.

Қылмыстың қайталануы ҚК-тІң 13-бабының үшінші бөліміне сәйкес мына-

дай жағдайларда өте. у, ауіптІ деп танылады:

а) егер адам бүрын ауыр қыдмыс немесе ауырлығы орташа қасақана қылмыс жасағаны үшін кемінде үш рет бас бостандығынан айыруға сотталған болса, осы адам қасақана жасаған қылмысы үшін бас бостандығынан айыруға сотталған

жағдайда;

б) егер адам бүрын ауыр к^шмьіс жасағаны үшін екі рет бас бостандығынан айы-руға сотғалса немесе аса ауыр к&Ілмыс жасараны үшін сотғалған болса, осы адам

жасаған ауыр ңылмысы үшін бас бостаңдығынан айыруға сотталған жағдайда;

в) егер адам бүрын ауыр немесе аса ауыр қылмыс жасағаны үшін сотталған болса, ол аса ауыр қылмыс жасаған жағдайда.

5. Қылмыстың қайталануының қарапайым, қауіпті және өте қауіпті болып бөлінуінің зандылық түррысынан алғандары мағынасы - ҚК-тің 59-бабының екінші бөліміне сәйкес, қайталанудың қандай да бір түрі орын алранда, соттың жазаның мерзімі мен мөлшерін осы жасалран қылмыс үшін заң жүзінде көздел-ген ең қатал жаза түрінің ең жоғарры мерзімі мен мөлшерінің шегінен төмен та-Райындай алмайтьшдығында. !4-бап. Қылмысгық жауапқа тартылуға тиістІ адамдар

1. Есі дүрыс, осы Кодексге белгілепгея жасқа толран жеке адам ғана қылмыстың жауа-

пқа тартылуға тніс.

2. Қылмыс жасзғач адамдар шығу тегіне, әлеуметтіқ лауазымдық жэне мүліктік жаг-данына, жмнысына, нэсіліне, үлтына, тілінс, дінге көзқарасына, сеніміне, қоғамаық бірлестіктерге цатыстьтығыча, т^ргь^лықты жсріне немесс өзге де кез келген мэн-жайлар-га қарамастан заң алдында бірдей.

!. Қылмыстық жауапқа тек есі дүрыс жане заңның қойған талабы бойынша белпл) жасқа толған жеке Іүлғаны рана к^нлмысіық жауапқа тартура болады.

2. Қылмыс субъектісінің белгілері қандай? Егер қылмыс жа. саған жеке түлга-ның бойында, есі дұрыстьіқ, қылмыстыц заң тағайындаран жасқа жету сияк^ты

белгілер болса, ол өзінің жасағаны үшін қылмыстық жауап беруге қабілетті.

Қылмыстың субъектісі тек жеке тұлга ғана бола алатындыкы жөніндегі ереже Қылмыстық кодекстің бірнеше баптарынан туындайды. Мысалы, ҚР КК-нің 6, 7, 14-баптарында Қазақстан Республикасының азаматтары, шетел азаматтары

және азаматтыры жоқ түлғалар, қылмыстың және қылмысты жауаптылықтың субъектілері болу мүмкіндігі туралы айтылған. Қылмыстың ықтнмал субъекті-лері туралы жеке түлғалармен шектелуі, заңды түлғалардың, яғни кәсіпорындар-дың, мекемелердің, үйымдардың, партиялардың қылмыс субъектісі бола алмайтындығын білдіреді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
«ҚР қылмыстық құқығы (жалпы бөлім)» пәні бойынша оқу – әдістемелік кешен
Қaзaқстaнның қылмыстық құқығының бaстayлapы (қaйнap көздepі)
Қылмыстық іс қозғау пәнінен практиқалық (семинарлық) сабақтар
Қылмыс субъектісінің ұғымы мен белгілері
Арнайы субъектісінің мәні, ұғымы, белгілері
Қылмыс құрамының ұғымы
Қылмыс құрамының ұғымы және оның маңызы
Қылмыстық құқықтық ұғымы, белгілері
Қылмыс заты
Арнаулы субъектілердің қылмысқа қатысуы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz